«Тамақ өнімдері өндірісінің технологиялық жабдықтары» оқу әдістемелік материалдар
1 Глоссарийлар
2 Дәріс оқулықтар
3 Практикалық және зертханалық сабақтар
4 Студенттердің өздік жұмысы
2 Дәріс оқулықтар
3 Практикалық және зертханалық сабақтар
4 Студенттердің өздік жұмысы
Ет өнеркәсібінің технологиялық жабдықтары деп әртүрлі технологиялық операцияларды атқарып өткізетін машиналар мен аппараттарды атайды.
Технологиялық машиналар жалпы және арнаулы деп бөлінеді. Біріншісіне – механикалық, гидромеханикалық, жылу- массаалмасу процестері жатады. Мысалы – ұсақтау, сепарациялау, қайнату, кептіру және т.б.
Екіншісіне- құлаққа тандыру, малдың терісін сыдыру және т.б.
Технологиялық жабдықтарең бірінші:
1. Машиналарға
2. Аппараттарға бөлінеді
Басқа да технологиялық жабдықтар кездеседі, мысалы: тетіктер, ағрегаттар, ағынды желілер олар қосалқы операцияларды атқарады.
Бірақ ТЖ курсы ең бірініші машиналар мен аппараттар қарастырылады.
Машиналар мен аппараттардың айырмашылығы олардың құрылымдық формасына байланысты болады:
Ең қарапайым машиналар өзінің құрылымдық формасына қарай минумум үш негізгі бөлімнен тұрады:
1. орындаушы ( немесе ) жұмысшы механизмнен;
2. беріліс беретін (немесе жетекші) механизмнен;
3. Қозғалтқыш механизмнен (электроқозғалтқыштан, іштен жану және жылу двигателдерінен).
Аппараттар ең бірінші: орындаушы (немесе жұмысшы) органнан немесе жұмысшы камерадан тұрады (қозғалтқыш және беріліс механизмі, кей жағдайда қосымша жұмысшы механизм түрінде немесе мүлдем жоқ болады).
Машиналар және аппараттардың классификациясы
Құрылымы бойынша машиналар келесі түрлерге бөлінеді: (автоматтану дәрежесі бойынша)
1. жай қарапайым машиналар
2. жартылай автоматтар
3. автоматтар.
а.) Жай қарапайым машиналар үш бөлімнен (тораптан) тұрады, біреуі жұмысшы механизм болып табылады. Олар бір нақты технологиялық операцияны орындауға арналған.

Пелеев А.И. «Технологическое оборудование мясной промышленности». М.: Пищевая промышленность, 1971
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3 деңгейлі СМЖ құжаты ОӘК ОӘК.042-16.1. 0903 –
2013
ПОӘК ______ 200__ ж.
бағдарламасы Тамақ № ___ басылым
өнімдері өндірісінің
технологиялық жабдықтары
ПӘНІНІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ТАМАҚ ӨНІМДЕРІ ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТАРЫ
5В072700 - Азық-түлік өнімдерінің технологиясы мамандығына арналған
ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей
2013
Мазмұны
1 Глоссарийлар
2 Дәріс оқулықтар
3 Практикалық және зертханалық сабақтар
4 Студенттердің өздік жұмысы
5. Глоссарий
Технологиялық жабдықтар – технологиялық процестерді жүзеге асырады, оларға
машиналар, агрегаттар, қондырғылар, құрылғылар және т.б. жатады.
Автоматтандырылмаған машиналар (қарапайым машина) – машиналар тікелей
адамның қатысуымен жүзеге асады. Машинаны қосу, шикі затты жүктеу адам
қолымен атқарылады.
Автоматтандырылған машиналар – машиналар адамның қатысуысыз жұмыс істейді,
адам тек автоматты аспаптар көмегімен машинаның жұмысын басқарады.
Жартылай автоматтандырылған машиналар - машиналар тікелей адамның
қатысуымен жүзеге асады, машинға шикі затты жүктеу немесе машинаны қосу
көмекші құралдармен немесе автоматты түрде жүзеге асады.
Машинаның қуаты - өнім өндірудегі машинаға қажетті энергия
Мерзімді әрекетті машиналар - машинаға шикізат материалы жүктеледі де,
белгілі уақыт ішінде өңделіп болған соң, машинадан дайын өнім алынады да,
машинаға жаңадан шикізат жүктеледі.
Өнімділік – жабдықтардың уақыт бірлігінде өнім өндіру мөлшері.
Технологиялық желі - өндірістегі барлық технологиялық процестер және
көмекші операцияларды рационалды орындалуы, транспорттық және технологиялық
жабдықтардың техникалы және экономикалық негіздемелерінің байланысуы,
бақылау құралдары, ақпарат және т. б. , болып табылады
Үздіксіз әрекетті машиналар - машинаға шикізатты жүктеу және одан дайын
өнімді алу үздіксіз болады (бір уақытта, бірақ машинаның әртүрлі
нүктелерінде өткізіледі.).
Араластыру - сусымалы, сұйық және газ тәрізді орталарды тығыз жанасуға
келтіру процесі.
Кесу - ұсақтау процес кезінде бөлшектерге белгілі бір пішін берілетін
болса.
Престеу процесі - материалдарды қысыммен өңдеу.
Процестің жылдамдығы - процесс нәтижесінің уақыт бірлігіне қатынасы.
Процестің қарқындылығы - процестің жылдамдығын аппараттың бетіне қатынасы.
Сұрыптау процесі - сусымалы қоспаларды әртүрлі фракцияға ажырату.
Сүзу процесі - қатты бөлшектерді ұстап қалатын, ал сұйықты өткізіп
жіберетін кеуекті бөгеттер жәрдемімен суспензияларды ажырату.
Ұсақтау - механикалық күштердің әсерімен қатты денелерді бөлу процесі.
Тұндыру - әртекті жүйелерді ауырлық күштiң әсерiнен ажыратуы.
Центрифугалау - сұйық әртекті жүйелерді ортадан тепкіш күш әсерімен
ажырату.
Эмульсия – бір сұйық ішінде онымен араласпайтын екінші сұйық бөлшектері
таралғаннан пайда болған әртекті жүйелер.
Сусымалы қоспаларды әртүрлі фракцияға ажырату сұрыптау процесі деп аталады.
2. ДӘРІС ОҚУЛАР.
Дәріс 1. Технологиялық жабдықтар туралы түсінік.
Дәріс жоспары.
1) Анықтамалар (жабдықтар, машиналар мен аппараттардың құрылымы)
2) Жабдықтарға қойылатын талаптар
3) Жіктелуі
Ет өнеркәсібінің технологиялық жабдықтары деп әртүрлі технологиялық
операцияларды атқарып өткізетін машиналар мен аппараттарды атайды.
Технологиялық машиналар жалпы және арнаулы деп бөлінеді. Біріншісіне –
механикалық, гидромеханикалық, жылу- массаалмасу процестері жатады. Мысалы
– ұсақтау, сепарациялау, қайнату, кептіру және т.б.
Екіншісіне- құлаққа тандыру, малдың терісін сыдыру және т.б.
Технологиялық жабдықтарең бірінші:
1. Машиналарға
2. Аппараттарға бөлінеді
Басқа да технологиялық жабдықтар кездеседі, мысалы: тетіктер, ағрегаттар,
ағынды желілер олар қосалқы операцияларды атқарады.
Бірақ ТЖ курсы ең бірініші машиналар мен аппараттар қарастырылады.
Машиналар мен аппараттардың айырмашылығы олардың құрылымдық формасына
байланысты болады:
Ең қарапайым машиналар өзінің құрылымдық формасына қарай минумум үш
негізгі бөлімнен тұрады:
1. орындаушы ( немесе ) жұмысшы механизмнен;
2. беріліс беретін (немесе жетекші) механизмнен;
3. Қозғалтқыш механизмнен (электроқозғалтқыштан, іштен жану және жылу
двигателдерінен).
Аппараттар ең бірінші: орындаушы (немесе жұмысшы) органнан немесе
жұмысшы камерадан тұрады (қозғалтқыш және беріліс механизмі, кей жағдайда
қосымша жұмысшы механизм түрінде немесе мүлдем жоқ болады).
Машиналар және аппараттардың классификациясы
Құрылымы бойынша машиналар келесі түрлерге бөлінеді: (автоматтану дәрежесі
бойынша)
1. жай қарапайым машиналар
2. жартылай автоматтар
3. автоматтар.
а.) Жай қарапайым машиналар үш бөлімнен (тораптан) тұрады, біреуі жұмысшы
механизм болып табылады. Олар бір нақты технологиялық операцияны орындауға
арналған.
Мысалы:
Еткескіштер- ұсақтауға; араластырғыш – араластыруға және т.б.арналған.
б) Жартылай автомат: бірнеше бөлімдерден (беріліс беретін құрал, қозғалыс
беретін құрал) және жұмысшы органдарынан тұрады. Мұнда автоматтық цикл
бойынша, жұмысшының көмегі арқылы бірнеше технологиялық операцияны
орындалады.
3. Автоматтарда бірнеше бөлімдерден (беріліс беретін құрал, қозғалыс
беретін құрал) және жұмысшы органдарынан тұрады. Мұнда барлық операциялар
(негізгі және қосымша) автоматтық цикл бойынша, жұмысшының көмегінсіз
орындалады.
Барлық ТЖ жұмыс циклінің құрылымы бойынша:
1. Толасты түрде жұмыс істейтін машиналар мен аппараттарға;
2. Толассыз (үзіліссіз) түрде жұмыс істейтін машиналар мен аппараттарға
бөлінеді.
Сондай-ақ жартылай толассыз түрде жұмыс істейтін машиналар кездеседі, бірақ
олар сондай көп емес.
Ет өндірісіндегі технологиялық жабдықтардың жіктелуі
(классификациясы)
Профессор Пелеевтың А.И. ұсынысы бойынша барлық технологиялық жабдықтар
алты негізгі топқа бөлінеді:
1. Еткомбинаттарындағы көтергіш - тасымалдағыш жабдықтар:
1.1. Аспалы жолдармен конвейерлер және оларға қызмет көрсететін жабдықтар
мен тетіктер.
1.2. Еден үстінде тұрақты орнатылған және жылжымалы көтергіш - тасымалдағыш
жабдықтар.
1.3. Ет өнімдерін және әр түрлі шикізаттарды, мысалы: (ішек, май, фарш)
құбырлар арқылы тасымалдайтын аспаптар яғни сораптар, щприцтер.
2. Мал мен құсты союға арналған жабдықтар кіреді:
2.1. Тері сыпыратын машина
2.2. Жүн және қауырсын жұлатын
2.3. Ішек өңдейтін машина
3. Етті механикалық түрде өңдейтін машиналар ет өнімдерін жуатын машиналар:
3.1. Етті бөлшектеп кесетін және өте ұсақ түрде майдалап кесетін машиналар
(аралар, мүлік шабатын, басты екіге бөлетін, мал ұшасын үлкен кесектерге
бөлетін таспалы аралар).
3.2. Жуғыш барабандар және басқа жуғыш машиналар, жартылай мал ұшасын
жуатын машиналар.
3.3. Араластырғыш машиналар немесе бұлғауыш машиналар (фарш араластырғыш
машиналар)
4. Бөлу, өлшеу және қалыпқа келтіру жабдықтары.
4.1. Ет өнімдерін пресстейтін машиналар.
4.2. Графитациялық және ортадан тепкіш күштер арқылы бөлетін машиналар мен
аппараттар.
4.3. Котлет формалайтын, тұшпара шығаратын, май құйатын, фарштарды буып-
түйетін, консерві қалбырларын толтыратын машиналар және т.б.
5. Ет және өнімдерін Жылу арқылы және диффузия арқылы өңдейтін жабдықтар.
5.1. Ет пісіретін қазандар; колбаса, ет, шұжық пісіретін, қуыратын
қаптайтын камералар және пирожок қуыратын автоматтар.
5.2. Ет тұздайтын аппараттар мен тері тұздайтын аппараттар.
6. Консервы заводтардың жабдықтары.
Технологиялық жабдықтарға қойылатын негізгі талаптар
1. Машиналар мен аппараттар өте сапалы өнімді шығаруы керек.
2. Машиналар мен аппаратқа кірген шикізаттан шыққан өнім арасындағы массалы
айырмашылық өте аз болуы керек.
3. Машиналардың жұмысты атқаратын құралдары артық түрде қажамау, үгілмеуі
керек.
4. Машиналар мен аппараттардың жұмыс атқаратын құралдары тек қана тот
алмайтын материалдардан жасалынуы қажет.
5. Машиналар мен аппараттардың конструкциялық құрылғы өте жеңіл шұғыл түрде
ажыратылып қайта жиналуы керек.
6. Машиналар мен аппараттардың конструкциялық құрылғысында жуатын құрал
немесе кісі қолы жетпейтін соңылаулар, шұнқырлар болмауы керек.
7. Машиналар мен аппараттардың құрамына кіретін электроаспаптардың ішіне су
тимеуі керек. Сондықтан ондай аспаптар герметикалық түрде орналасуы керек
немесе су кіріп кететін жерінде тұрмауы керек.
8. Машиналар мен аппараттар қауіпсіздік технологиясының талаптарына сәйкес
болуы шарт.
Бақылау сұрақтары:
1. Машина және аппарат дегеніміз не?
2. Мерзімді әрекетті машиналар қалай жұмыс істейді?
3. Үздіксіз әрекетті машиналар қалай жұмыс істейді?
4. Автоматтандырылмаған машиналар (қарапайым машина) қалай жұмыс істейді?
5. Жартылай автоматтандырылған машиналар қалай жұмыс істейді?
6. Автоматтандырылған машиналар қалай жұмыс істейді?
7. Өнім өндіру бойынша негізгі операцияларды орындайтын жабдықтар қалай
жұмыс істейді?
8 Соңғы операцияларды жузеге асыруға арналған жабдықтар қалай жұмыс
істейді?
Қолданылған әдебиеттер.
Пелеев А.И. Технологическое оборудование мясной промышленности. М.:
Пищевая промышленность, 1971.
Дәріс 2. Ет өндірісіндегі технологиялық жабдықтардың негізгі параметрлері.
Дәріс жоспары.
1) өндірістік жұмыстың ырғағы, оның технологиялық белгілері
2) технологиялық процесстің жылдамдығы немесе оның кинетикалық жылдамдығы
3) машинаның жұмыс құралының ішіндегі өнім жылдамдығы
4) машинаның өнімділігі (шын мәніндегі) (M ист., Мо, Мшт, Мв )
5) машинаның қозғалтқышының қуатты жатады.
1. Жұмыс ырғағы деп өнімнің бір данасын (дана, тонна, кг, м3) өңдеп
шығаруға жұмсалған уақыт мерзімін (с, мин, час) атайды.
Өндірістік жұмыс ырғағын келесі формуламен есептейміз:
m = 3600Мдана., немесе m = 60Мдана.
3600 және 60 – уақыт коэффициенті.
Мдана – машинаның даналық өнімділігі, данасағат.
Өндіріс тактісіне (ырғағы) келесі қасиеттер жатады:
- өнімді даналап өңдейтін машиналардың тактісі есептелініп анықталады;
- бітеу қабатта немесе көлемде өнім өңдейтін машинаның тактісі, ереже
бойынша анықталмайды;
- такт өнімідлікке кері шама болып табылады.
2. Процестің кинетикалық жылдамдығы. Ол өнімді өңдеу қарқындылығын
сипаттайды.
Қарқындылық деп:
- процесті жүргізуге арналған материал, шикізат және энергия шығындарының
аз болуын,
- процестің ағындылығын (поточность),
- процесс жүрген уақытта жұмысшы органның ішіндегі өнімнің жоғары
жылдамдықта қозғалуын,
Кинетика жылдамдығын келесі түрдегі теңдеумен анықтаймыз:
(* = LR
мұнда L – процесстің қозғаушы күші; R –процесс кедергісі.
Мысалы: жылулық процесстер үшін
(* = LR = QF·(, джм2с (I-3), немесе
(* = k·F·(t·((F·( (I-4),
мұнда
Қысқартылғаннан кейін (F·() аламыз:
(* = k·(t = (tR , мұндағы k = 1R, джм2с
Ең басты кезең - жылулық процестегі кинетикалық жылдамдықтың өлшемі. Басқа
процестермен бірдей өлшем бірлікте болуы үшін оны - Джм2с, дұрысырағы Вт =
Джс.
Онда жылдамдықтың өлшем бірлігі - Втм2
Қозғалыс кинетикасы - белгілі бір аудан арқылы өнімге берілетін жылу
ағыны (вт) арқылы анықталады. Немесе, белгілі бір аудан (м2) арқылы өнімге
бірлік уақытта с) берілетін жылудың мөлшері (дж) бойынша анықталады.
Процестер:
- массаалмасу;
- сұйық біртекті емес ортада бөлгенде
- пресстегенде
кинетика жылдамдығы келесі теңдеумен анықталады.
(* = LR = GF·(,
кгм2с
мұнда G – масса, кг.
Бірақ, әр нақты жағдай үшін әртүрлі физикалық мәні бар.
Әр процестің қозғаушы күші әртүрлі болады:
Массалмасу үшін - (* = GF·( = (СR – концентрациялар айырмашылығы.
Бөлу процесі үшін - (* = GF·( = ((R – тығыздықтар айырмасы
Пресстеу процесі үшін - (* = GF·( = (РR – қысымдар айырмасы.
Теңдеу түрінде жассақ:
- (* = GF·( = (СR
- (* = GF·( = ((R
- (* = GF·( = (РR
2. Машиналардың жұмысшы органы ішіндегі өнімнің қозғалыс жылдамдығы
(().
Бұл біріншіден өңделетін өнімнің түріне байланысты болады. Егер өнім
сұйық , созылмалы тұтқыр , сусымалы ұсақталған болса (сұыйық май түрінде,
ет фарышы, шыжық және т.б.) және үздіксіз әрекетті машинада өңделінетін
өнім көлемі бойынша болса қозғалыс жылдамдығы қысым немесе арын функциясы
бойынша немесе Торичелли формуласы, анықталады.
( ( (2·(((( немесе ( ( (2·g·H
түбір астынан шығарсақ (( = (2(2
Н = (22g
Бұл жылдамдықты өнімділіктен табылған функция бойынша (ағынның)
үздіксіз ағынның теңдеуімен анықтауға болады
( = М0f = 4·M0(·d2 мс
В) Егер өнім даналы болса (мал ұшасы, пакеттегі өнімдер, жәшік, фляга,
шыны ыдыс) және үздіксіз әрекетті машинада бір уақытта өңделіп және,
конвейерлерде, таспалы тасымалдағыштарда, элеваторларда тасымалданса
тасымалдау жылдамдығын келесі формуламен анықтауға болады.
( = Мшт.·L, мс,
Осы жағдайда, яғни, егер өнім даналы болса, тасымалдау жылдамдығы
технологиялық жабдықтардың жұмысшы органдарының жылдамдығына тең келуі
керек. Бұл жылдамдықты келесі негізгі формула бойынша анықталады:
Технологиялық жабдықтардың нақты өнімділігі
Өнімділік :
1) процестің кинетикалық жылдамдығымен;
2) Өнімнің машинаның жұмысшы органының ішіндегі қозғалу жылдамдығы;
Бірінші жағдайда нақты өнімділік деп аталады.
Екінші жағдайда өткізгіштік қабілеті деп аталады:
1. Жылулық жабдықтар үшін
Нақты өнімділік бөлінбеу теңдеуі арқылы анықталады.
Мнақ.= F·(* = F·QF·( = Q(, джс = вт
Яғни, нақты өнімділік дегеніміз - жылуалмасу аппаратының өнімге жылу беру
қабілеті.
2. Масса алмасу процесі жүретін жабдықтарда
- сұйық және қатты фазаны тығыздықтар айырмасы әсерінен ортадан тепкіш
немесе гравитациялық өрісте ажырату немесе
- престеу, яғни, құрғақ немесе қабыршақ өнім алу үшін сұйық фазаны бөлу
үшін, нақты өнімділік төмендегідей анықталады
Мист.= F·(* = F·GF·( = G(, кгс
Өнімді көлемде өңдеу кезіндегі үздіксіз әрекетті машиналардың өнімділігі
Өткізу қабілетін де (немесе көлемдік өнімділігі) бөлінбеу теңдеуімен
анықтайды
М0= f·( м3с
Өткізгіштік қабілеті дегеніміз - бұл ТЖ өзі арқылы белгілі бір көлемдегі
бастапқы өнімді өткізу қабілеті.
1) өнім бітеу көлемде қозғалады,
2) жұмысшы органның жылдамдығына тең жылдамдықпен қозғалады, және
3) жұмысшы органның жылдамдығына тең емес жылдамдықпен қозғалады.
4) бұл теңдеу сұйық және тұтқыр –пластикалық өнімдер үшін де пайдаланылады.
5) егер теңдеңдеуді 3600 көбейтсек онда сағаттық өнімділік шығады
М0= 3600· f·( м3час
6) егер теңдеуді өнімнің тығыздығына ( көбейтсек – ТЖ массалық сағаттық
өнімділігі алынады.
МВ = 3600· f·(·( кгчас
Бұл теңдеу барлық Үсіз Ә машиналардың барлығына да (волчоктар, ҮӘ
куттерлер, ҮӘ шприцтер, насостар, транспортерлерде және т.б.)
пайдаланылады.
Өнімді көлемде өңдеу кезіндегі мерзімді әрекетті машиналардың өнімділігі
МӘ машинаның көлемдік өнімділігі машинаның жұмысшы камерасының
уақытқа қатынасына тең.
М0 = 3600 V·(·((( = 3600 G((, кгчас
Сондай-ақ МӘ және ҮӘ машиналар үшін бір формула модификациясы қолданылады
М0 = V( = f· Н·n·( = 0,25 (·D2·H·n·( м3с
Бұл физикалық түрде, ал инженерлік түрге енгізсек онды (а = 1,2-
1,5қуаттың қор коэффициентіне көбейтіп, ауысу коэффициентіне 1000 және
машинаның жетекші механизмінің ПӘК бөлу керек.
N ( P·(·(а1000·(, кВт
Бақылау сұрақтары:
1. Жұмыс ырғағы дегеніміз не?
2. Даналық өнімділік қалай анықталады?
3. Теориялық өнімділік дегеніміз не қалай анықталады?
4. Технологиялық жабдықтың нақты өнімділігі қалай анықталады?
5. Мерзімді әрекетті аппараттың өнімділігі қалай анықталады?
6. Машинаның қуаты қалай анықталады?

Пищевая промышленность, 1971
Дәріс 3. Cұрыптау жөне іріктеу жабдықтары
Дәріс жоспары:
1. Сұрыптау процесі.
2. Сұрыптау тәсілдерінің сипаттамасы.
3. Електерді есептеу
Тамақ өнеркәсібінде көптеген сусымалы шикізаттарды өндіріс орындарында
сапасы бойынша немесе геометриялық өлшемдеріне, пішініне, сондай-ақ газ
және сұйық орталарда тұну жылдамдығына, магнитті қасиеттеріне қарай
ажырату қажет болады. Мысалы, сыра қайнату және спирт өндірісінде астықты
алдын-ала басқа заттардан тазартады; ұн тартатын диірменде ұнды кебектен
ажыратады, кейбір кезде сусымалы материалды металды қоспалардаң ажыратады.
Сусымалы қоспаларды әртүрлі фракцияға ажырату сұрыптау процесі деп
аталады.
Сұрыптаудың үш түрі бар:
- гидравликалық,
- ауа күшімен
- және механикалық күштер көмегімен.
Гидравликалық сұрыптау кезінде сусымалы заттар түйіршіктерінің белгілі
сұйықта тұнбаға шөгу қабілеті пайдаланылады.
Ауа қозғалысында түйіршіктердің ауырлық күші немесе ортадан тепкіш
күштері әсерінен жіктелінуі сепарация деп те аталады.
Механикалық жіктеу кезінде сусымалы шкізаттар електерден немесе
торлардан өтеді. Фракциялардың ірілігі тор көзді електердің көздерінің
өлшемдеріне байланысты.
Сусымалы шикізаттар тор көзді електе болінгенде екі фракция алынады:
тор көздерден өткен түйіршіктерден және елек үстінде калған түйіршіктерден.
Електердің тор көздерінің пішіндері әр түрлі болып келуі мүмкін.
Сусымалы шикізаттарды көптеген фракцияларға жіктеу үшін тор көздерінің
өлшемдері әр түрлі електер пайдаланылады
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында көкөністерді өңдеу мынадай
технологиялық төртіп бойынша жүргізіледі: өнімдерді іріктеп олардан
шіріген, бұзылған өнімдерді ажыратады. Сондай машинаның бірі маркасы МКП-2
тамыр жемістерін тазалайты машина. Машина жетекші және жетектегі біліктері
бар рамадан тұрады. Машина жетегі шынжырлы берілістен, ирек тісті
редуктордан, муфтадан жөне электрқозғаушыдан кұрастырылған. Роликті
шынжырлы транспортердің бір шетіндегі кабылдау шанағынан түскен тамыр
жемістер роликтер арқылы айналдырып жылжиды. Транспортердің екі жағында
тұрған операторлар транспортер үстіндегі тасымалданған өнімнен
жарамсыздарын алып тастайды.
Машинаның екінші жағындағы көлбеу наушаға түскен өнім тұтынушыларға
немесе қоймаларға жөнелтіледі.Осыдай тәртіппен жұмыс істейтін маркасы МПО
машинасы үлкен қоймаларда картопты іріктеуге пайдаланылады. Машина өнімді
тор көзді синтетикалық жіптерден тоқылған сиымдылықтарға өлшемдейді.
Електерді есептеу
Егер сусымалы материал барабавды елек бетімен қозғалып еленсе материал
түйіршігіне ортадан тебу күші мен ауырлық күші әсер етеді.Ортадан тебі
күшінің мөлшері барабанның айналу жылдамдығымен тығыз байланысты болады.
Барабанның айналым жылдамдығы аз болса материал барабанның ішінде еленбей
кдлады. Сондықган ортадан тебу күші ауырлық күшінен көп болады.
m·ω2 R m·g·fм
мұндагы m - елек бетіндегі өнім түйіршігінің массасы,кг; ω -барабанның
айналым жиілігі,1с; R - елек радиусы,м; g – еркін түсу үдеуі,мс2; fм -
түйіршік пен елек бетінің арасындағы үйкеліс коэффициенті.
Барабанның айналым жиілігі ω = 2π·n ескере отырып жогарыдағы тендеуді
былай жазуға болады
m·(2π·n) 2 R m·g·fм
Егер електі барабан көлбеу орнатылған болса, онда жоға-рыдағы
формула былайша жазылады:
n = 1,8 cosα√gfм πR
Електің теориялық өнімділігін төмендегідей теңцеумен
анықгауға болады
МВ = F·υ·ρ·φ кгс
мұндағы Ғ0 - електің тор көздерінің ауданы; υ - өнімнің електен өту
жылдамдығы;
φ - елек бетін пайдалану коэффициенті; ρ өнімнің көлемдік тыгаздығы.
Елек тесіктерінің ауданын мына формуламен анықгауға болады
F = k·πD·H м2
мұндағы k - елек тор көздерінің тесіктерінің өлшемдеріне байланысты
коэффициент k = 0,5 – 0,8;
Өнімнің елек көздерінен өту жылдамдығын мына фор-муламен анықгалынады
υ = (1 – Кпр)2 R·n2π мс
Бақылау сұрақтары:
1. Елеу мәні дегеніміз не?
2. Електер, олардың сипаттамалары және оларды дайындау әдістері?
3. Електік анализ теориясының негіздері қандай?
4. Електердің ПӘК және електердің анализдерінің нәтижелері графиктік және
математикалық түрде қалай көрсетіледі?
5. Елеуге арналған машиналар қандай белгілеріне байланысты жіктелінеді?

Дәріс 4. Өнімдерді ұсақтауға арналған машиналар.
Дәріс жоспары.
1. Ұсақтау түрлері.
2. Ұсақтау машиналарының жіктелуі.
3. Еттартқыштар, куттерлер диірмендер.
4. Ұсақтағыштарға қойылатын талаптар.
Ұсақтау деп механикалық кұштер әсерiнен материалдардың бөлшектерге
бөлiну процесiн айтамыз.
Егер бөлшектердiң өлшемдерiне белгiлi бiр пiшiн берiлмей
ұсақталса оны ұнтақтау немесе ұсақтау деп, егер бөлшек өлшемдерiне белгiлi
бiр пiшiн берiп кiшiрейсе оны кесу деп атайды.
Қолдану аймағы бойынша ет кескiш машиналар қалыпты және қатырылған кұйдегi
еттi, ферменттi майлы шикiзаттарды және т.б. өнiмдердi ұсақтау ұшiн
қолданады.
Кескiш механизмге шикiзатты тасымалдау әдiсi бойынша:
-механизацияланған көтергiшпен;
-деңгейлерiнiң әртүрлiгi бойынша шикiзатты өздiгiнен тасымалдау.
Цилиндрлерiнiң орналасуы бойынша келесi тұрлерге бөлiнедi:
-көлденең цилиндрлi
-қиғаш цилндрлi
Цилиндрлердiң iшкi қабаттарында тiк немесе спираль тәрiздi кедiр-
бұдыр қабырғалары бар. Олардың болуы өнiмнiң өс бойынша орналасуын қамтиды.
Шнек пен қабырғалар арасындағы саңылау
2 мм-ден ұлкен болмауы керек.
Пiшiнi бойынша шнектер конусты және цилиндрлi болып бөлiнедi.
ґндiрiсте цилиндрлi шнектер көп тараған.
Орамдарының ойылғанына қарап келесi тұрлерге бөлiнедi:
-тұрақты адымды шнектер;
-басы аз адымды, ал аяғына қарай жай азаятын адымды шнектер.
Ет кескiш машиналарының негiзгi сипаттамасы торлардың диаметрi болып
келедi. Машиналардың кескiш органында пышақтармен торлардың тұрлерi болады.
Әртұрлi пышақтар мен торлар бiрiгiп кескiш жұбын құрайды. Торлар саңылауы
25, 20, 13, 9, 6, 4, 3, 2 мм болады. Кескiш механизмдегi кескiш жазықтықтар
неғҰрлым көп болса, өнiмнiң кесiлуi соғұрлым ұсақ болады.
Машиналардағы пышақтар формасы бойынша : крест тәрiздi немесе көп
қырлы болып бөлiнедi.
Көп қырлы пышақтардың кемшiлiгi: қырларының көптiгiнен араларында бос аудан
азаяды да, ол жерден ет аз өтедi, яғни көп шығарылуына керi әсер етедi. Ал
араларын ұлкен қылып ашу ұшiн, пышақтың қырларын жiңiшке қылып жасайды,
олардың төзiмдiлiгiн көтеру ұшiн қырларының Ұшына қатаңдық сақинасын
кигiзедi.
Кесу мүмкіншілігі дегеніміз – бірлік уақытта пышақтармен кесілген бет
, кгсағ
мұндағы: F- кескiш механизмнiң кесу мұмкiншiлiгi, м2сағ;
F1- бiр бiрлiк массадағы шикiзаттың ұсақталуынан алынған
өнiмнiң меншiктi ауданының бөлiгi, м2 кг;
- механизмнiң кескiш мұмкiншiлiгiн пайдаланатын
коэффициент.
Жұқа ұсақтау ұшiн келесi машиналар қолданылды:
- Әртұрлi пiшiндi және орақ тәрiздi пышақтары әртұрлi орналасқан толассыз
және мерзiмдi әрекеттi куттерлер.
- Әмбебап куттерлер. Бұл куттерлерде алдын-ала және соңғы ұсақтау мен
араластыру операциялары қоса өткiзiледi.
- Ет және ет өнiмдерiн жұқа ұсақтауға арналған әртұрлi құрылымды машиналар.
Қазiргi куттерлердiң жаңа тұрлерi жоғары өнiмдiлiктi машиналар болып
табылады. Бұл куттерлерде алдын-ала волчокта ұсақталған өнiммен қатар,
мұздатылған iрi ұлкен кесектi өнiмдi алдын-ала және соңғы ұсақтап,
араластыруға болады. Оларды пiсiрiлген, қақталған шұжық өнiмдерiнiң
өндiрiсiнде фаршты дайындау ұшiн қолданады.
Әмбебап куттерлер ет тартқышты, араластырғышты, куттердi,
микроҰсақтағышты толығымен алмастыра алады. Ал олардың кейбiреулерi
қалыптайтын, вакуумдейтiн және пiсiру құрылғысымен жабдықталған. Олар
жоғары өнiмдiлiктi процестi автоматтандырылған жұйемен басқарумен, пышақты
бiлiк пен тостағанның жетектi құрылғысының ұлкен диапазонды өзгермелi
айналыс жылдамдығымен жабдықталған.
Ет және ет өнiмдерiн жұқа ұсақтау ұшiн толассыз әрекеттi машиналар
қолданылады. Мерзiмдi әрекеттi машиналарға қарағанда олардың келесi
артықшылықтары бар: жоғары өнiмдiлiктi, ағынды жұйеге қосу мұмкiндiгi бар,
жоғары дәрежелi ұсақтау қабiлетiлiгi және т.б.
Ет және ет өнiмдерiн жұқа ұсақтауға арналған машиналар ұсақтағыш
механизмiнiң құрылысына байланысты келесi тәртiппен жiктеледi:
1) роторлы ұсақтағыштар
2) көп пышақты ұсақтағыштар
3) көп дискiлi ұсақтағыштар
4) барабанды ұсақтағыштар
5) комбинирленген ұсақтағыштар
Роторлы ұсақтағыштар - ұсақтағыш механизмiндегi қозғалатын статордан
және айналмалы ротордан тұратын машиналарды жатқызуға болады. Көп пышақты
ұсақтағыштар – айналмалы барабанның немесе тұрықтың iшiндегi бiлiкте
құрастырылатын әртұрлi пiшiндi пышақтардан тұрады. көп дискiлi
ұсақтағыштардың бұлардан айырмашылығы: олардың ұсақтағыш механизмi – көп
тiстi дисктер жиынтығы немесе тiзбектей орнатылған көп тесiктi торлар жұбы.
барабанды Ұсақтағыштар ұлкен жылдамдықпен айналатын перфорленген барабаннан
құралған. Ал комбинирленген ұсақтағыштар – жазық, цилиндрлi, конусты тор
тұрiнде орындалған жеке пышақ және пышақтардың жұбынан құралады.
Машиналарға қойылатын талаптар
1) Ұсақтағыштардың барлық механизмдерi шикiзатты өңдеу кезiнде
талап етiлген ұсақтау дәрежесiн қамтамасыз ету керек, өнiмнiң сапасы мен
құндылығы сақталуы керек және шикiзат шығыны аз болуы керек.
2) Ұсақтау кезiнде ет сөлiн қысып шығаратын сығу кұшi көп болмауы
керек.
3) Жұмысшы аймаққа майлайтын майлар, қалдықтар тұспеуi керек.
4) ґнiмiне жанасатын бөлшектердi коррозияға берiк материалдардан
дайындау керек.
5) Жұмысшы механизмдердiң конструкциясы тез шешiлiп, тез жиналуы
керек, шикiзаттар пен өнiм қалдықтарын алып тастауға және санитарлық өңдеу
жұргiзуге қолайлы болуы керек.
6) Электроқозғағыштар, қосқыш аппатура, реттегiш аспаптар гуметикалық
жәнеи су өтпейтiн қаптамамен қапталған болуы керек, электроқоздырғыштар
және электро аппаратура жерлендiрiлген болуы керек.
Бақылау сұрақтары:
1. Ет өндiрiсiндегi жұқа ұсақтауға арналған машиналардың қолданылуы.
2. Жұқа ұсақтауға арналған машиналардың тұрi, құрылысы және өнiмдiлiгi
бойынша классификациясы.
3. Ет және ет өнiмдерiн жұқа ұсақтауға арналған машиналардың жұмысшы құралы
және олардың құрылымдық ерекшелiктерi.
4. Бiр винттi қоректендiргiш құрылғының максималды және минималды
өнiмдiлiгi.
5. Роторлы ұсақтағыштың өткiзу қабiлеттiлiгi.
6. Ет және ет өнiмдерiн жұқа ұсақтауға арналған машиналарды құрастыру
ерекшелiктерi.

Дәріс 5. Өнімдерді илеу және араластыру машиналары.
Дәріс жоспары.
1. Араластыру тәсілдері.
2. Араластырғыштардың түрлері
3. Фаршараластырғыштар.
Материалдарды араластыру үшін әртүрлі араластырғыштар, миксерлар және
жұмысшы органдардың көмегімен компоненттерді ыдыстың барлық көлемінде
біртекті етіп араластыратын құрылғылар қолданылады. Араластыру процесі
тамақ және ет–сүт өндірісінде әртүрлі эмульсия және суспензия, сонымен
қатар жентектелген ет, қамыр, тәттілер массасын дайындауда кеңінен
қолданылады.
Сұйық орталарды араластырудың негізгі үш тәсілі болады:
1) механикалық - әртүрлі құрылысты араластырғыштар жәрдемімен;
2) пневматикалық - сығылған ауа немесе инертті газдар жәрдемімен;
3) циркуляциялық - насостар немесе соплалар жәрдемімен.
Ауамен және циркуляциялық араластыру тәсілдері жоғары тиімділікті
болып келеді, бірақ мынадай кемшіліктері бар:
1) салыстырмалы түрде көп энергия шығыны;
2) ауамен араластырғанда тамақтың ашу тотығу мүмкіншілігі немесе оның
жылжымалық фазасының булану мүмкіншілігі.
Араластырудың тамақ өндірісіндегі кең тараған тәсілі – механикалық
араластыру. Механикалық араластыру әртүрлі құрлысты қалақтары бар
араластырғышпен рамалы, қалақты, пропеллері, турбиналы, жалпақ қалақты
т.б. жүргізіледі.
Араластыру тәсілдерін, ыдыстың немесе араластырғыштың түрін,
конфигурациясын, қалақшалардың формасы мен қозғалыс жылдамдығын
араластырылатын массаның жағдайына, түріне және басқа факторларға
байланысты таңдайды.
Сұйықта барлық массаның қозғалысында араластыру жүрмейді, сондықтан
ыдыстың қабырғасында қозғалмайтын қалақшалар орнатады (1 сурет)
Кеңінен қолданылатын тағы бір түрі қалақшалары көлденең, тігінен және
көлбеу орналасқан комбинирленген рамалы құрылысты араластырғыштар (2
сурет).
Араластыру процестің жүру сапасы - араластырудың тиімділікпен
қолданылуында және оның жүруі үшін қойылған мақсаттың орындалуында, сонымен
қатар араластыру сапасы араластырғыш құрылғылар мен аппараттың құрылысына
және араласатын сұйыққа берiлетiн энергия шамасына байланысты болады.
Фаршараластырғыштар екіге бөлінеді:
- барабанды,
- қалақшалы
Фаршараластырғыш келесідей негізгі жұмысшы органдардан тұрады:
тұрқыдан, араластырғыш астаудан, қақпақтан, араластырғыш шнектер мен
жетектен. Тұрқы пісіріл қосылған қаңқадан тұрады, барлық жағынан
облицовалық қаңылтырлы темірмен қапталған. Қаңқа ішінде араластырғыш
шнектер орналасқан және жетектер буынтықты және цилиндрлі тісті
берілістерден тұрады, бұларға айналыс сыналы белдік арқыл
электрқозғалтқыштан беріледі. Тұрқыға арластырығыш астау бекітілген, оның
ішінде екі араластырғыш шнек орналасқан. Фаршараластырғыштың шнекттері
жетекші және жетектегі шнектер болып бөлінеді. Оларға айналыс
электрқозғалтқыштан сыналы белдік арқылы буынтықты беріліске беріліп одан
жетекші шнектен жетектелуші шнекке цилиндрлі тісті берілістер көмегімен бір-
біріне беру арқылы жүзеге асырылады. Қаңқаның басқа бүйір қабырғасында
фаршты түсіріуге арналған люк орналасқан, ол фарш түсіруге арналған. Люктың
шетшеті нығыз жабылуы үшін резеңке салынған және ол арнайы тұтқа арқылы
бекітіледі. Араластырғыш астауды үстінен қақпақ арқылы жабады. Араластырғыш
астау және қақпақ 9Т18НХ маркалы болаттан дайындалған. Фаршараластырғыш
басқару пульт көмегімен жүзеге асырлады. Фарш машинананың араластырығыш
астауына қолмен немесе арнайы құрал жабдықтардың көмегімен арнайы
компоненттерді қоса отырып жүктеледі. Араласқан фарш люкті ашу арқылы
түсіріліп алынады.
Араластырғыш өнімділігі :
;
мұндағы t=45мин – араластыру процесінің ұзақтығы .
tмин – қосалқы операциялардың ұзақтығы .
G – бір жолғы толтыра артудың массасы көпшілік науада
араластырғыштың өнімінің кг да
G=V∙ρ;
мұндағы ρ – араластырғыштың өнім тығыздығы, кгм3 т.е. еттің
ұсақталған тығыздығының зырылдауық есіктердің диаметрі шарбақта 3 мм ρ=1070
кг м3 , ([3]оқу табл.. 3-37).
Өзінді тексеруге арналған сұрақтар
1. Араластыру дегеніміз не?
2. Араластырғыштарды таңдау.
3. Сұйық орталарды араластыру әдістері.
4. Механикалық араластырғыштар.
5. Олардың жұмыстарының негіздері және құрылғылары.
8 Фаршараластырғыштар
7. Араластыру тиімділігін бағалау.
Ұсынылатын әдебиет:

Дәріс 6. Жуу машиналары мен қондырғылары.
Дәріс жоспары:
1.Жуу процесіне әсер ететін факторлар.
2. Көкөніс жуатын машиналар
3. Ыдыс жуатын машиналар.
4. Негізгі есептеулері
Тамақтану кәсіпорындарында көкөністер, жемістер, ет, балық, асханалық
құралдар мен ыдыстар және басқа сиымдылықтар жуылады.
Жуу процесі 2 түрлі тәсілмен жүргізіледі:
- гидравликалық
- және гидромеханикалық.
Гидравликалық тәсілде өнімнің сыртқы бетін жуу су ағынымен, ал
гидромеханикалық процесте су ағынынан басқа жуу машиналарындағы жұмысшы
органдардың әсерімен жуылады.
Жуу процессіне екі үлкен фактор әсер жасайды:
1. үлкен қысыммен соққан судың әсері және
2. механикалық әрекеттер.
Олар келесі үш топтан тұрады:
1. щеткамен тазалау
2. ірі кесекті өнімдердің аударылып аунап бір-біріне үйкелісу, бір-біріне
қажалу
3. қатпарлар арқылы немесе қабырғалар арқылы ірі-кесек өнімдердің үйкеліп
сырғанау, қажалу ығысылу тәсілдері болады.
Жылу мен салқын судың, будың энергиялық шығынын азайту үшін қатты
кірлеген өнімдер мен тағамдар алдын-ала суға малынады, бұдан кейін өнімнің
үстіне тозандатып су шашылады.
Жуғыш машиналарға қойылатын техникалық талаптар
1. олар әбебап болу шарт
2. су мен энергияның шығыны аз болу керек
3. жуған өнім бұзылмау керек, оның массасы азаймау керек
4. өнім жуғыш машинаның ішіне механикаландырылған түрде түсіп шығуы керек
5. жуғыш машиналарды құрастырғанда немесе жобалағанда стандартты бөлшектер
мен тораптардан құрастыруы шарт
6. жуғыш машиналардың өлшемдері және массасы тым үлкен болмауы керек.
Жуғыш машиналардың жіктелуі.
1. Жұмыс істеу цклына байланысты 2 топқа бөлінеді
а) толасты және б) толассыз
2. Жуғыш машиналардың жуынатын өнімі бойынша келесі топтарға бөлінеді:
а)малдын жартылай ұшаларын жуатын машиналар
б)малдың ұшаларын жуатын машиналар
в)кесек өнімдерді жуатын машиналар
г) көкөніс жеміс жидектер жуатын машиналар
д)жұмыртқа жуатын машиналар
е)әр түрлі ыдыстарды жуатын машиналар.
Тамақ өндірісі кәсіпорындарында ең бір қиын жұмыстардың бірі адыс-
аяқтарды жуу. Жуу процесінің негізгі операциялары болып ыдысты тамақ
қалдықтарынан тазалау, жуу ерітінділерімен жуу, бір немесе екі рет шаю және
кептіру. Ыдыстар тамақ қалдықтарынан су ағындарының көмегімен тазаланады.
Ыдыс жуатын машиналар 5 топқа бөлінеді:
а) шыны банкі жуғыш машиналар
б) темір, қаңылтыр банкілерді жуғыш машиналар
в) шұжық ілетін таяқтарды жуатын машиналар
г) алюминді тазиктерді жуатын машиналар
д) лоток, жәшік, бөшке және тағы басқа ыдыстарды жуатын машиналар.
3. Жұмыс құралы бойынша жуатын машиналар келесі 5 топқа бөлінеді:
а) барабанды жуғыш машиналар
б) щеткалы жуғыш машиналар
в) ұрғыш жұмыс құралдары бар жуғыш машиналар
г) білікті жуғыш машиналар
д) суды тозаңдатып, шашыратып жуатын машиналар.
Құбырдан аққан сұйықтың шығыны Бернулли теңдеуінің көмегімен анықталады
НГ + НСТ + Н0 = const
мұнда, НГ – геометриялық арын, , м;
НСТ – статикалық арын, м;
Н0 = υ2g – жылдамдық арыны, м.
Көкөністерді тербелмелі жуу машиналарының өнімділігі
мұнда - шнек орамдарының арасындағы қима ауданы,
- өнімнің орташа жылдамдығы
- өнімнің тығыздығы
- жұмысшы камерасын өніммен толтыру коэффициенті.
Өзінді тексеруге арналған сұрақтар
1. Жуу процесі неше түрге бөлінеді?
2. Жуғыш машиналарға қандай талаптар қойылады?.
3. Жуу машиналары қалай жіктеледі?
4. Ыдыс жуу машиналары неше топқа бөлінеді?
5. Көкөністерді тербелмелі жуу машиналарының өнімділігі қалай анықталады?

Дәріс 7. Әртекті орталарды ажыратуға арналған машиналар.
Әртекті жүйе екі және оданда көп фазалардан құралған болады. Бұл
фазалардың біреуі дисперсионды немесе сыртқы фаза болып, оның ішінде басқа
фазалардың бөлшектері таралған болады. Бұл таралған бөлшектерді дисперсті
немесе ішкі фаза деп атайды.
Механикалық ажыратудың келесі түрлері бар:
- Гравитациялық өрісте бөлу немесе тұндыру.
- Ортадан тепкіш күш немесе үдеумен центрифугалау және сепараттау немесе
ажырату немесе тазала.
- Сүзу.
- Пресстеу.
Механикалық ажыратуға түсетін тамақ өнімдеріне келесі өнімдер жатады:
- Әртекті сұйық геторогенді жүйе (яғни эмульсиялар мен суспензиялар, мысалы
қан, май эмульсиясы);
- Колойдды дисперсті жүйе (яғни пластиналы немесе сусымалы денелер, мысалы
ет, еттегі май шыжығы).
Әртекті жүйелерді ажырату процесінде ең негізгісі ол тұну жылдамдығы.
Гравитациялық өрісте қатты немесе жұмсақ фазаны тұндыру жылдамдығы Стокс
формуласы бойынша анықталады
(с = d2·((1 - (2)·g18·(, мс
Сұйық әртекті жүйелерді гравитациялық күш өрісінде бөлуге арналған
аппараттарға:
- түндырғыштар,
- майсүзгіштер,
- бөлгіштер,
- сүзгіштер
- құмтұтқыштар (песколовки) жатады.
Бұл жабдықтардың барлығының да констурукциясы қарапайым болып келеді. .
Тұну процесi негiзiнен ауырлық, ортадан тепкiш, электростатикалық
және акустикалық күштердiң әсерiнен өткiзiледi.
Майға арналған тұндырғыштың төмендегідей ерекшеліктері бар:
- тұндырғыш – бұл тік екісатылы цилиндрлік резервуар;
- тұндырғыштың биіктігі мен (H) диаметрі (D) бір –біріне жақын 1-1,2 яғни
диаметрі мен ұзындығы бір-біріне тең;
- резарвуардың конусты түбі бар және бу немесе ыстық сумен қыздыруға
арналған жылулық жейдесі бар;
- тұндырғыштың сиымдылығы 0,85; 1,5 и 2,3 м3 құрайды;
- тұндырғыштар бу, су беруге арналған түтікшемен жабдықталады.
Сорпаға арналған тұндырғыштар:
- сорпаны қабылдауға,
- оны тұндыруға және майын бөліп алуға,
- сорпа мен майын жеке бөліп алуға арналған.
Конструкциясы бойынша екіге бөлінеді:
А) Майды цилиндрлік бөлгіш тұндырғыш;
Б) Майды конусты бөлгіш тұндырғыш.
Суспензия және эмульсияларда ортадан тепкiш күш әсерiмен ажырату
процесiн центрифугалау деп атайды. Бұл процесте тұнба және сұйық фаза
фугат пайда болады.
Центрифугалар жұмыс істеу принципіне байланысты төмендегі түрлерге
бөлінеді:
1) Мерзімді әрекетті;
2) Жартылай үздіксіз әрекетті;
3) Үздіксіз әрекетті.
Ажырату факторына байланысты:
1) Егер Ка3500 қалыпты центрифуга;
2) Егер Ка3500 аса жоғары центрифуга.
Барабанның орналасуына байланысты:
1) Горизонтальды; көлбеулі; тік.
Барабанды бекіту тәсіліне байланысты:
1) Тік тұрушы;
2) Аспалы.
Өзінді тексеруге арналған сұрақтар
1. Сүзу процесінің мәні қандай?
2. Сүзуге арналған аппараттардың жұмысшы органдары.
3. Сүзу кезінде туатын кедергіні жеңуге кеткен қысым неден пайда болад?
4. Сүзу процесінің қарқындылығын сипаттайтын шама және сүзу
аппараттарының өнімділігін анықтау формулалары қандай?
5. Сүзу процесі жүретін режимдер қандай?
6. Процестің жылдамдығын қандай формуламен анықтауға болады.
7. Сүзу кезінде құрылымдық кеергіні қалай анықтауға болады?

Дәріс 8. Өнімдерді қысыммен өңдеуге арналған машиналар.
Дәріс жоспары:
1. Престеу. Престеудің мақсаттары.
2. Шыжықтан майды сығып алуға арналған пресстер.
3. Шыжықтан майды сығып алуға арналған престердің есептеулері.
4. Шприцтер. Олардың жұмыс істеу принциптері.
5. Негізгі есептеулері.
Сыртқы күштердiң әсерінен материалдарды қысымымен механикалық
өңдеудейтін жабдықтарды престеу деп атайды. Процестi жетiлдiру, ол
материалдардан сұйық фракцияларды неғұрлым көбiрек бөле отырып, бөлiнген
сұйықтық пен нығыздалған қалдықтың сапасын жоғарлатумен анықталады. Жалпы
престеу мынандай мақсаттарды көздейдi:
- қатты денеден сұйықты ажырату;
- пластикалық материалдарды қалыптау (формалау);
- сусымалы материалды нығыздау;
- материалдарды тесiктерден сығып шығарып, қажеттi пiшiндi өнiм алу
(экструзия);
Қатты денелерден сұйықты сығып шығару екi мақсатты көздейдi:
бiрiншiден, сұйық бағалы компонент ретiнде (шырын, өсiмдiк майлары, және
т.б.) қатты денеден ажыратылып алынады; екiншiден, сұйық бағасыз компонент
ретiнде (iрiмшiктен) ажыратылады. Бұл кезде бiртектi сұйық және бiртектi
нығыздалған қалдық (брикет пiшiндi) алынады. Ол өнiмнiң көлемiн кiшiрейтiп,
жеңiл тасымалдануына және көп сақталуына мүмкiндiк бередi. Бұл жағдайда
материалдың процестi жетiлдiруде берiлген параметрлерi немесе алға қойған
мақсаты өлшемдерi мен формасына және қажеттi технологиялық талаптарының
қанағаттануымен анықталады.
Шыжықты престеу кезінде екі түрлі процесс жүреді: қатты фазадан
(шыжықтан) сұйық фазаның (майдың) бөлінуі және қатты бөлшектердің бірігіп,
күнжараның брикет тәрізді (гидравликалық престерде) немесе әртүрлі
формаларға айналуы
Шыжықты престеу кезінде процестің жақсы жүруі негiзгi мынандай
факторларға тәуелді: шыжық құрамындағы шикізаттардың түріне, вакуумды-
горизанталды қазанда пісірілу режиміне, құрылымына, шыжықтың
температурасына, престеу уаќытына, қысым шамасына, шыжықтың майлылығы мен
ылғалдылғына және ең соңында престің жасалу құрылымына байланысты.
Шыжықтан сұйық фракцияларды бөлiп алуда центрифугалар және
экстракциялауға қарағанда, эксплутациялық және экономикалық артықшылығы мен
меншiктi энергия шығыны жағынан престеу тиiмдi. Бірақта өнiмнiң
технологиялық құрылымы мен ерекшелiгiн ескере отырып, престеу процесi
шыжықтағы майдың мөлшерi 25-6 % аралығында болған кезде қолданылған тиiмдi
деп саналады.
2-сурет. Шыжықтан майды сығуға арналған пресс сұлбасы:
1 – шанақ; 2 – тұрқы; 3 – тасымалдаушы шнек; 4 – қабылдағыш тор;
5 – пышақ; 6 – сақина; 7 – тор; 8 – престеушi шнек; 9 – зеерлi цилиндр; 10
– сомы; 11 – торлы конус; 12 – түп; 13 – мойынтiрек торабы; 14 –
шынжырлы берiлiс; 15 – тұғыр; 16 – бәсеңдеткiш; 17 –
электрқозғалтқыш; 18 – сына-қайысты берiлiс.
Шыжық шанаққа 1 тиеліп, шанақтан цилиндрлі тұрқының 2 ішінде
орналасқан бойлық ойықтар арқылы жетекпен айналмалы қозғалысқа келетiн
тасымалдаушы шнекпен 3 бір мезгілде тасымалданып, ұсақтау механизiмiнде
ұсақталады. Ұсақталған шыжық престеуші бөлмешiкке өтiп, престеушi шнектiң 8
iшкi диаметрлерiнiң жүрiс бойынша үлкеюiне байланысты престеледі, зеерлі
цилиндрдің 9 iшкi бетiндегi бойлық тесiктер мен тұрқыдағы 2 тесіктер
арқылы шыжықтан бөлiнген сұйық фракция престiң астында орналасқан түпке 12
ағып, одан ары қарай келесi өңдеулерге жiберiледi. Престелген шикiзат
тұрқының 2 шығар аузындағы конусты тор 11 арқылы сыртқа шығады.
Олай болса престің кескіш механизімінің өнімділігінің кесу
мүмкiншiлiгiн, кез-келген ет кескiш машиналар сияқты, профессор А.И.
Пелеевтiң әдiстемесi бойынша былай табуға болады:
, кгсағ
мұндағы: F- кескiш механизмнiң кесу мүмкiншiлiгi, м2сағ;

- механизмнiң кескiш мүмкiншiлiгiн пайдаланатын
коэффициент.
Кескiш мүмкiншiлiгi дегенiмiз - бiрлiк уақытта пышақтармен кесiлген
бетi (ауданы).
м2сағ;
мұндағы п-пышақтың айналу саны, айнмин;
к-пышақтың қырлар саны (к=4)
f -бiр айналымдағы пышақпен кесiлген аудан, м;
i -кесiлген жазықтықтар ауданы, м2
Ет және сүт өнеркәсiбiнде дозалап толтыратын машиналар көп
қолданылады. Қысым әсерiмен қабықшаны механикалы жолмен толтыратын
машиналар тобына шприцтердi жатқызады. Шприцтер шұжық қабықшасын тартылған
етпен, сонымен қатар сүт өнеркәсiбiнде балқытылған сырды жасанды қабықшамен
толтыруда қолданылады.
Өндiрiсте пневматикалық, гидравликалықжәне механикалықжетектi, тiк
және көлденең ығыстырғыш құралы бар поршендi шприцтер қолданылады.
Поршендi шприцтiң жұмысшы цилиндрiнде фарш аздап деформацияланады,
сондықтан шприцтеу сапасы жоғары.
Поршендi шприцтер құрылғыдан шығарда жоғары қысым жасайды, сондықтан
оларды көбiнесе жартылай қақталған және шикiдей қақталған шұжықтарды
қалыптау үшiн қолданылады.
Поршендi шприцтердiң кемшiлiктерi:
• өнiмдiлiктерi төмен;
• жұмысшы цилиндрдiң жүктелуi және вакуумды өңдеудiң күрделiлiгi;
Оларды болдырмау үшiн арнайы қоректендiргiш құрылғы қарастырылады.
Бiрақта оларды орнатқанда фарш қосымша деформацияға ұшырайды. Бұл фарштың
сапасына керi әсерiн тигiзедi.
Шприцтiң секундықөнiмдiлiгi:
, м3с;
f – ығыстырыш арқылы өнiмнiң еркiн өту ауданы;
х0 – массаның өстiк жылжуының нақты жылдамдығы;
Шприц ығыстырғыштарының электрқозғалтқыштарының қуаты:
кВт
( - ығыстырғыш тудыратын тегеурiннiң қысымы, Па;
(а - қуаттың қор коэффициентi,
(1 - ығыстырғыштың механикалықП°К-i.
Вакуумдi-сорапқа арналған электрқозғалтқыштың қуаты:
А - вакуумдi-сораппен айдалатын 1 м3 ауаны сығуға жұмсалатын энергия
шығыны; максималды мәнi А=45000 Джм3;
(2 – сораптың механикалықПӘК-i, (2=0,8
Бақылау сұрақтары:
1. Престудің негізгі мақсаты қандай?
2. Қысыммен өңдейтін жабдықтар қалай жіктеледі?
3. Кесу мүмкіншілігі қалай анықталады?
4. Шыжықтан майды сығып алуға арналған престің жұмыс істеу принципі қандай?
5. Шприцтердің жұмыс істеу принципі қандай?
6. Неігізгі есептеулері?
Ұсынылатын әдебиет:
4.1.1. Пелеев А.И. Технологическое оборудование мясной промышленности.
М.: Пищевая промышленность, 1971.
4.1.2. Ш. Тілегенов, Күзембаев, Н. Өсеров Тамақтану кәсіпорынының
жабдықтары Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының
Республикалық баспа кабинеті, 1999 ж., 253 бет.
4.1.3. Сурков В.Д., Липатов Н.Н., Золотин Ю.П. Технологическое
оборудование молочной промышленности. М. Легкая и пищевая
промышленность, 1983. – 431с.
4.1.4. Ивашов В.И. Технологическое оборудование мясной промышленности
Часть 1. М. Колос 2001 – 552 с.
Дәріс 9. Тамақ өндірісінде қолданылатын сүзгілер.
Дәріс жоспары.
1. Сүзу негіздері.
2. Сүзгі-престер.
Сүзгілер сүзу бөгеттері арқылы екі бөлікке бөлініп, оның бір бөлігіне
суспензия құйылады. Осы екі бөліктің екі жағындағы қысымдар айырмасының
әсерінен сұйық сүзу бөгеттерінің кеуктерінен өтіп, олардың бетінде қатты
бөлшектер ұсталынып қалады. Сонымен суспензия таза с ү з і н д і және
ылғалды т ұ н б а ғ а ажыратылады. Кейбір кезде қатты бөлшектер сүзу
бөгетінің кеуектерінде ұсталынып, тұнба пайда болмайды. Осындай қасиеттерге
байланысты сүзу процесі екі түрге бөлінеді:
1) Тұнба пайда болу жолымен түсу;
2) Сүзу бөгетінің кеуектерін толтыру (бітеу) арқылы сүзу.
3) Аралық.
Тамақ өнеркәсібінде тұнба пайда болу тәсілі қант заводтарында
қанағаттарылған шырынды, сыра заводтарында ірікпені, ашықты зауыттарында
ашытқы массаларын сүзуде қолданылады.
Сүзу процесінің қозғаушы күші - қысымдар айырмасы болып табылады. Іс
жузінде сүзу процесі үш түрлі режимде өткізіледі:
1) тұрақты қысымдар айырмасында
2) тұрақты жылдамдықта
3) процес жылдамдығының және қысымдар айырмасының өзгеруінде .
Өндірісте сүзу процесін төмендегі қысымдар айырмасында өткізеді:
1) Суспензияның гидростатикалық қысымы әсерінен МПа
2) Вакуум әсерінен МПа
3) Қысылған газ (ауа) әсерінен МПа
4) Суспензия поршенді немесе ортадан тепкіш насос жәрдемімен берілсе
МПа
Сүзу процесінің өнімділігі және алынатын сүзіндінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz