Қарахан Әулетінің мемлекеті



1 Қарахан мемлекеті
2 Қарахан мемлекетінің құрылуы
Қарахан Әулетінің мемлекеті Қарахан қағанатының билеушілері. Қарахан Әулетінің шығу тегі жөнінде зерттеушілердің пікірі әртүрлі. Олардың біреуі ұйғырлардан, екіншісі яғмалардан, үшіншісі қарлұқтардан, төртіншісі жікілдерден шыққан дегенге саяды. Қытай ғалымы Гың Шымин бұл әулет «ислам тарихы материалдарында» Афрасияб (Алып Ер Тоңға) есімімен сәйкестендірілетіндігін де атап көрсетеді. Батыс зерттеушілері Қарахан Әулетінің тегі – қарлұқтардың билік жүргізуші тобы» деп қарайды. Қарахан Әулетінің негізін қалаушы – Сатұқ Бұғра Қарахан ( ӘулиеАта). Олөлген соң билік Мұсаға (Мұса ибн Абдәл-Кәрім) тиді. 998 ж. оныңұлы Әбілхасан Әли ибн Мұса таққаотырды. 1041 жылы Қарахан қағанаты Батыс және Шығыс Қарахан қағанаты болып екіге бөлінді. Батыс Қарахан қағанатында Әли ибн Мұсаұрпақтары, Шығыс Қараханқағанатында Хасан Боғра хан ұрпақтары билік жүргізді. Олардың билігі 13 ғасырдың бірінші ширегіне дейін жалғасты.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Қарахан мемлекеті
Қарахан Әулетінің мемлекеті Қарахан қағанатының билеушілері. Қарахан Әулетінің шығу тегі жөнінде зерттеушілердің пікірі әр түрлі. Олардың біреуі ұйғырлардан, екіншісі яғмалардан, үшіншісі қарлұқтардан, төртіншісі жікілдерден шыққан дегенге саяды. Қытай ғалымы Гың Шымин бұл әулет ислам тарихы материалдарында Афрасияб (Алып Ер Тоңға) есімімен сәйкестендірілетіндігін де атап көрсетеді. Батыс зерттеушілері Қарахан Әулетінің тегі - қарлұқтардың билік жүргізуші тобы деп қарайды. Қарахан Әулетінің негізін қалаушы - Сатұқ Бұғра Қарахан ( Әулие Ата). Ол өлген соң билік Мұсаға (Мұса ибн Абд әл-Кәрім) тиді. 998 ж. оның ұлы Әбілхасан Әли ибн Мұса таққа отырды. 1041 жылы Қарахан қағанаты Батыс және Шығыс Қарахан қағанаты болып екіге бөлінді. Батыс Қарахан қағанатында Әли ибн Мұса ұрпақтары, Шығыс Қарахан қағанатында Хасан Боғра хан ұрпақтары билік жүргізді. Олардың билігі 13 ғасырдың бірінші ширегіне дейін жалғасты.
Қарахан мемлекетінің құрылуы. X ғасырдың орта шенінде Жетісу аумағында және Шығыс Түркістанның (Қашғардың) бір бөлігінде әлеуметтік құрылымы біршама дамыған, өзінен бұрынғы мемлекеттік құрылымдардың кептеген әлеуметтік институттарын табиғи түрде өзіне жинақтаған Қарахан мемлекеті пайда болды. Мемлекеттің басында болған түрік әулетінің этникалық атрибуциясы әлі де толық айқындалмай қалып отыр, ал алғашқы Қарахандар туралы әңгімелер жартылай аңыз сипатында болып келеді. Қарахан мемлекетінің құрылуында және алдыңғы тарихында қарлұқ конфедерациясының тайпалары зор рөл атқарды, бұл конфедерацияға қарлұқтармен бірге жікілдер мен яғма кірді. X ғасырда яғманың бір бөлігі қарлұқтармен бірге Жетісуда, Нарыннан оңтүстікке таман мекендеді. Кейінірек, XI ғасырда яғма анағұрлым солтүстікке таман -- Іле өзенінің алқабын- да өмір сүрді. Ал осы алқапта Ыстықкөл өңірінің солтүстік аудандарынан кәшіп келген жікілдер қоныстанды. Жікілдер Тараз маңында, Құяста, Барсхан сыртында, Жікіл мекенінде және т.б. өңірлерде шоғырлана қоныстанған бірнеше топ болды.
Қарахан мемлекетінің құрылуы батыста Жетісудан Испиджабқа дейінгі және шығыста Қашғарға дейінгі ұлан-байтақ аумақта болған саяси оқиғалармен, сондай-ақ Қарлұқ қағанатының ыдырауымен байланысты еді. Жетісуды және көршілес өңірлерді мекендеген қарлұқтардың, жікілдердің, яғмалардың Саманилерге қарсы, сондай-ақ шығыстан дүркін- дүркін шабуыл жасаған тоғыз-ғұздарға қарсы ұзаққа созылған әрі табанды күресі Қазақстан аумағының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы түрік тайпалары тобының этникалық-саяси тұрғыдан топтасуымен қоса жүрді, олардың ішінде қарлұқтар басты рөл атқарды. 840 жылы қарлұқтардың жетекшісі, Испиджабты билеуші Білге Кұл Қадырхан қаған атағын қабылдап, сол арқылы жоғарғы өкіметті алуға хақысы барын мәлімдеді. Нақ сол жылы Саманилер Испиджабты бағындырды. Білге Құл Қадыр-хан өлгеннен кейін қағанаттағы билік ушін күресте оның екі баласы суырылып шықты: Базыр Арслан-хан Баласағұнды, ал Оғұлшақ Қадыр-хан Таразды билей бастады. Таразды саманилік Исмаил ибн Ахмад басып алғаннан кейін (893 ж.) Оғұлшақ, тегінде аз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарахан мемлекеті жайлы
Қарахандықтар мемлекетінің қалыптасуы
Қарахан мемлекеті Қазақ ССР тарихы
Қарахан мемлекетінің құрылуы және оның территориясы
Қарахандар мемлекетінің негізін қалаушы
Қараханн мемлекетінің негізін салушы хан
Қарахан мемлекеті, жер аумағы, этникалық құрамы, шаруашылығы, саяси құрылысы, мәдениеті
Қарахан мемлекеті - ертедегі мемлекет
Қарахан мемлекеті туралы
Қарахандар мелекетінің құрылуы
Пәндер