Регенерация



Кіріспе

1.Регенерация туралы
2.Жойылған мүшелердің қалпына келуі
3.Трансплонтация

Қорытынды
Ағза онтогенезінде көптеген дене жасушалары табиғи не патологиялық жағдайларға байланысты ескіреді не бұзылады. Олар жасушалардың бөлінуі нәтижесінде үнемі қалпына келіп отырады, себебі онсыз кез келген ағза біртүтас жүйе ретінде тіршілік ете алмайды. Оны регенерация деп атаймыз. Сонымен, регенерация деп ағзаның жарақаттанған не жойылған ұлпалары мен мүшелерінің қалпына келуін айтамыз. Оның физиологиялық регенерация және репаративтік регенерация деген 2 түрі белгілі.
Физиологиялық регенерация дегеніміз қалыпты тіршілік жағ-дайларында ескірген не бұзылған құрылымдарының оліп қалып не түлеп түсіп отыруы және олардың қалпына келуі. Мысалы, шаянтәрізділер мен жәндіктердің қуыршақтары өздерінің қатты хитин қабатын тастап, түлеп өседі. Сол сияқты, жылаңдар да жылына бір рет түлеп отырады, қүстардың қауырсыңдары түсіп, оның орнына жаңа қауырсындар пайда болады. Сүтқоректілер мен адамдар терісінің эпителий жасушаларының түлеп түсуі, ішектердің сілемейлі қабығының жасушаларының түлеуі т.б. осыған мысал бола алады. Қанның қызыл түйіршіктері — эритроциттер күніне 1 пайыз мөлшерінде ауысып отырады. Шаштың, тырнақтың өсуі, үй жануарларының түктерінің түлеуі т.б. физиологиялық регенерацияға мысал бола алады.
Репаративтік регенерация дегеніміз әр түрлі патологиялық жағдайларда жойылған не жарақаттанған мүшелердің қалпына келуі болып табылады. Репаративтік регенерация әр түрлі жануарларда түрліше деңгейде байқалады. Қарапайым ағзалардың (ішек-қуыстылар, құрттар) кез келген жасушаларынан жаңа дара өсіп дами алады. ІПаяңтәрізділер жойылған қол-аяқтарын, мұртшаларын, көздерін қалпына келтіре алады. Қосмекенділер жарақаттанған қол-аяқтарын, құйрығын және кейбір мүшелерін қалпына келтіреді.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1.Регенерация туралы
2.Жойылған мүшелердің қалпына келуі
3.Трансплонтация

Қорытынды

Кіріспе
Кейбір ағзаларға тән ғажайып қасиет бар. Ол қалпына келу процесі, яғни регенерация. Негізінде регенерация барлық дерлік ағзаларда байқалады, бірақ әрқайсысында әртүрлі. Кейбіреулерінде анық, айырмашылықтарымен байқалады, ал кейбіреулерінде олай емес. Қалпына келу, негізінен тіршілік үшін өте маңызды процесс. Тірі ағзаның бүтіндігін, былайынша сақтап тұру мүмкін емес процесстерге жатады. Бірақ-та, сол бүтіндігі бұзылған жағдайда ағза тез арада регенерация процесін жүргізсе, оның өмірі айтарлықтай жеңілдейтін еді...

Ағза онтогенезінде көптеген дене жасушалары табиғи не патологиялық жағдайларға байланысты ескіреді не бұзылады. Олар жасушалардың бөлінуі нәтижесінде үнемі қалпына келіп отырады, себебі онсыз кез келген ағза біртүтас жүйе ретінде тіршілік ете алмайды. Оны регенерация деп атаймыз. Сонымен, регенерация деп ағзаның жарақаттанған не жойылған ұлпалары мен мүшелерінің қалпына келуін айтамыз. Оның физиологиялық регенерация және репаративтік регенерация деген 2 түрі белгілі.
Физиологиялық регенерация дегеніміз қалыпты тіршілік жағ-дайларында ескірген не бұзылған құрылымдарының оліп қалып не түлеп түсіп отыруы және олардың қалпына келуі. Мысалы, шаянтәрізділер мен жәндіктердің қуыршақтары өздерінің қатты хитин қабатын тастап, түлеп өседі. Сол сияқты, жылаңдар да жылына бір рет түлеп отырады, қүстардың қауырсыңдары түсіп, оның орнына жаңа қауырсындар пайда болады. Сүтқоректілер мен адамдар терісінің эпителий жасушаларының түлеп түсуі, ішектердің сілемейлі қабығының жасушаларының түлеуі т.б. осыған мысал бола алады. Қанның қызыл түйіршіктері -- эритроциттер күніне 1 пайыз мөлшерінде ауысып отырады. Шаштың, тырнақтың өсуі, үй жануарларының түктерінің түлеуі т.б. физиологиялық регенерацияға мысал бола алады.
Репаративтік регенерация дегеніміз әр түрлі патологиялық жағдайларда жойылған не жарақаттанған мүшелердің қалпына келуі болып табылады. Репаративтік регенерация әр түрлі жануарларда түрліше деңгейде байқалады. Қарапайым ағзалардың (ішек-қуыстылар, құрттар) кез келген жасушаларынан жаңа дара өсіп дами алады. ІПаяңтәрізділер жойылған қол-аяқтарын, мұртшаларын, көздерін қалпына келтіре алады. Қосмекенділер жарақаттанған қол-аяқтарын, құйрығын және кейбір мүшелерін қалпына келтіреді. Сүтқоректілер мен адамдардың күрделі мүшелері толық қалпына келе алмайды, дегенмен бұл оларда репаративтік регенерациялану болмайды деген сөз емес. Сүтқоректілер мен адамдардың әр түрлі ұлпалары түрліше дәрежеде қалпына келеді, мысалы тері, сілемейлі қабық эпителийі жоғары дөрежеде регенерацияланса, дөнекер ұлпалар бір-шама томенгі дәрежеде, ал шеміршек және нерв үлпасы нашар регенерацияланады.

Регенерация процесі тіршіліктің әр түрлі құрылым деңгейлерінде байқалады -- жүйелік, мүшелік, үлпалық, жасушалық және жасушаішілік. Олардың бәрінің негізі болып жасушаішілік құрылымдардың жаңаруы (регенерациялануы) саналады. Жасушаішілік регенерацияның мынадай түрлері белгілі: молекулалық регенерация; органоидішілік регенерация; органоидтық регенерация -- органоидтардың санының кебеюі (цитоплазманың гиперплазиясы). Жасушаішілік құрылымдардың қалпына келуі және олардың гиперплазиясы сүтқоректілер мен адамның барлық мүшелерінің регенерациялануының ең негізгі әмбебап формасы болып саналады. Ол жасушаның маңызды бір бөлігі өліп қалған жағдайда қалған органоидтардың көбеюі арқылы қалпына келуі (шынайы жасушаішілік регенерация) не жасуша түгел өліп қалған жағдайда көрші жасушаның органоидтар санының көбеюі арқылы жүзеге асуы мүмкін.
Регенерацияның негізгі көзі туралы екі түрлі пікір айтылып жүр:
1)резерв жасушалар теориясы -- маманданған ұлпалар мен мүшелерде жіктелмеген (дифференцияланбаған) камбий жасушалары болады (ствол жасушалары, жасушалар бастамасы). Олардың актив белінуінің және жіктелуінің нәтижесінде мүшенің жарақаттанған не жойылған бөлігі қалпына келеді және толық қызметі қалыптасады;
2)маманданған ұлпалар мен мүшелерде жіктелмеген (дифференцияланбаған) жасушалар болмайды, ал регенерация көзі болып патологиялық процесс жағдайларында мүшенің жоғары дәрежеде жіктелген жасушаларының қайтадан көбею қасиетіне ие болып бөлінуі, жіктелуі саналады
.

Регенерация нәтижесі әр түрлі болуы мүмкін:
1) регенерация нөтижесінде жойылған не жарақаттанған мүше не ұлпа толық қалпына келеді, оны типтік регенерация немесе гомоморфоз деп атайды.
2) регенерация нәтижесінде жойылған мүшеден езгеше бір мүше не бұрынғы мүше толық емес, жартылай қалыптасуы мүмкін. Оны гетероморфоз деп атайды.
3) кейде сүтқоректілер мен адамдарда регенерация нәтижесінде жарақаттанған мүше бетінде оған жат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зат алмасудың типтік бұзылуының патологиясы
Регенерация үдерісінің реттелуі
Зат алмасудың типтік бұзылуының патологиясы жайлы мәлімет
Дегидратациялау әдістер
Зат алмасудың типтік бұзылуының патологиясы жайлы ақпарат
Зат алмасудағы типтік бұзылу патофизиологиясы
Зат алмасудың тиіптік бұзылуының патологиясы
Зат алмасудың типтік бұзылыстары
Оптикалық талшық түрі
Жануарлар организмдерінің бейімделу процесі
Пәндер