Дүниеге көзқарас және оның тарихи формалары



Кіріспе
І.Мифтердің дүниеге келуі
ІІ.Сциентизм кезеңі
ІІІ.Атеистік көзқарастар
Адам басқа тіршіліктерге қарағанда ерекше пенде: ол өзін бүкіл Дүниеден бөліп алып, оған қарсы қоя алады. Менің осы Дүниедегі орным қандай? Мен бұл өмірге не істеу үшін келдім? Адамды Құдай, я болмаса «Үлы мәртебелі Табиғат» неге жаратты? Бұл Дүниені адам танып, түбіне жете алар ма екен? Мені жағапай қоршаған табиғат неге шексіз, әртүрлі және сондай әсем? Ертең-ақ бүл әсем Дүниені өлер шағымда қалайша қиып кетемін? Егер мен бұл Дүниеге уақытша ғана келсем, онда бұл өмірдің мәні неде?, - деген осындай және мыңдаған басқа сұракгар адамның ойына оқтын-оқтын келеді. Әрбір адам өзінің ой-өрісі, өмірден алған тәжірибесі, жалпы мәдениетінің деңгейіне қарай бұл сауалдарға жауап беріп, өзіне тән дүниеге деген көзқарас қалыптастырады.
Алайда қайсыбір Дүниеге деген көзқарасты философияға жатқызуға болмайды, өйткені соңғыға тек қана абстрактілік ой-өріс дамуының негізінде Дүниені ұғымдармен бейнелеу түрі жатады (abstractio — латын сөзі, ой арқылы заттың, құбылыстың әртүрлі жактарын бір-бірінен бөліп алып қарау). Олай болса, философия — Дүниеге деген дамыған көзқарас түрі.
Тарихи дүниеге деген көзқарастың тұрпайы түрі алғашқы қауымдық қоғамның шеңберінде Дүниеге келеді. Оны біз мифология дейміз (mithos — грек сөзі, баян, аңыз, logos — грек сөзі, ілім деген магына береді).
Миф — табиғат, қоғам және адам жөніндегі алгашқы тұрпайы фантастикалық түсініктер (phantasia — грек сөзі, қиял, елес). Алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік дамудың тым төмендігі, адамның табиғаттың әртүрлі күштеріне қарсы тұра алмауы, сонымен қатар өзінің өмірге деген қажеттіктерін өтеу жолындағы сол табиғат құбылыстарын сезіну және түсіну іңкәрі — мифтердің Дүниеге келуінің қайнар көзі болып табылады.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Адам басқа тіршіліктерге қарағанда ерекше пенде: ол өзін бүкіл Дүниеден бөліп алып, оған қарсы қоя алады. Менің осы Дүниедегі орным қандай? Мен бұл өмірге не істеу үшін келдім? Адамды Құдай, я болмаса Үлы мәртебелі Табиғат неге жаратты? Бұл Дүниені адам танып, түбіне жете алар ма екен? Мені жағапай қоршаған табиғат неге шексіз, әртүрлі және сондай әсем? Ертең-ақ бүл әсем Дүниені өлер шағымда қалайша қиып кетемін? Егер мен бұл Дүниеге уақытша ғана келсем, онда бұл өмірдің мәні неде?, - деген осындай және мыңдаған басқа сұракгар адамның ойына оқтын-оқтын келеді. Әрбір адам өзінің ой-өрісі, өмірден алған тәжірибесі, жалпы мәдениетінің деңгейіне қарай бұл сауалдарға жауап беріп, өзіне тән дүниеге деген көзқарас қалыптастырады.
Алайда қайсыбір Дүниеге деген көзқарасты философияға жатқызуға болмайды, өйткені соңғыға тек қана абстрактілік ой-өріс дамуының негізінде Дүниені ұғымдармен бейнелеу түрі жатады (abstractio -- латын сөзі, ой арқылы заттың, құбылыстың әртүрлі жактарын бір-бірінен бөліп алып қарау). Олай болса, философия -- Дүниеге деген дамыған көзқарас түрі.
Тарихи дүниеге деген көзқарастың тұрпайы түрі алғашқы қауымдық қоғамның шеңберінде Дүниеге келеді. Оны біз мифология дейміз (mithos -- грек сөзі, баян, аңыз, logos -- грек сөзі, ілім деген магына береді).
Миф -- табиғат, қоғам және адам жөніндегі алгашқы тұрпайы фантастикалық түсініктер (phantasia -- грек сөзі, қиял, елес). Алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік дамудың тым төмендігі, адамның табиғаттың әртүрлі күштеріне қарсы тұра алмауы, сонымен қатар өзінің өмірге деген қажеттіктерін өтеу жолындағы сол табиғат құбылыстарын сезіну және түсіну іңкәрі -- мифтердің Дүниеге келуінің қайнар көзі болып табылады.
Әрбір халық өзінің дүниеге келу жолында әртүрлі мифтерді ойлап шығарды. Дүниенің пайда болуы мен тәртібі, жақсылық пен жамандық, көркемдік пен түрсіздік, адам өмірінің мәні мен құндылығы т.с.с. сұрақтардың жауаптары халықтар аңыздарында әртүрлі дәрежеде берілген. Ол жағалай қоршаган табиғаттың ерекшелігіне және соған сәйкес қалыптасқан халық тірліне байла- нысты болса керек.
Бірақ тереңірек қарасақ, әртүрлі халықтардың дүниеге қойған сұрақтары, ізденістерінің бір-біріне ұқсас жақтарын да көруге болады. Олар: Дүние қалай пайда болды? Кім адамды тудырды? Адам неге өледі? Адамдардың сөйлейтін тілдері неге әртүрлі? Аспан мен жер неге бір-бірінен бөлінген? т.с.с.
Әрине, бұл сұрақтарға берілген жауаптар бүгінгі адамдарды қанағаттандырмайды, оған ол тұрпайы болып көрінеді, өйткені мифтерде табигаттың қүбылыстары сиқырлы күштер арқылы түсіндіріледі. Мифтер -- адамзаттың балалық тарихындагы туындылары. Сол кездегі адамдар мифтердегі айтылатын сиқырлы күштерге өзінің ықпалын тигізе алатынына кеміл сенді. Сонымен олар жағалай қоршаған ортаны, табиғаттың зор күштерін қиялдық жолмен түсінуге және игеруге тырысты.
Жалпылай келе, әртүрлі халықтардың мифтерін белгілі бір топтарға бөлуге болады. Мифтердің ең үлкен бөлігінің бірі космогоннилық (cosmos -- грек сөзі, әлем, genesis -- грек сөзі, дүниеге келу, пайда болу) аңыздар. Оларда көбінесе Дүниенің алғашқы жағдайы хаос (chaos -- грек сөзі, шексіз шашылган бытыраңқы дүние) арқылы көрсетіледі. Сиқырлы құдіретті күштің іс-әрекеті арқылы хаос жер мен көкке бөлініп, Дүниеге тәртіп келіп, әртүрлі табиғаттың құбылыстары дүниеге келеді.
Дүниеге деген жалған көзқарас ретінде мифтің қандай ерекшеліктерін атап өтуге болады?
Біріншіден, миф алғашқы пайда болған қоғамдық сананың формасы ретінде өзінің ішінде болашақта дүниеге келетін өнер, дін, саясат, мораль сияқты құбылыстардың элементтерін бойында сақтайды. Сондықтан мифті ғалымдар қоғамдық сананың синкретникалық түрі деп есептейді (synkretismos -- грек сөзі, қосылған, араласқан, бөлінбеген деген магына береді).
Екінші ерекшелігі -- мифтегі адам мен табиғаттың бірлігі, жағалай қоршаган ортаны антропоморфинзациялау, адамның өзіндік мәндік қасиеттерін бүкіл табиғатқа таратуы, табиғатгың құбылыстары мен заттарын олардың адам сияқты жаны, ойы, сезімі, іңкәрі бар деп түсінуі. Мысалы, жерге нәр беретін аспаннан жауған нөсердің мифте Құдайлардың жыныс қатынасынан шығатыны жөніндегі қияли ойлары.
Үшіншіден, мифте әлі ғылыми ұғымдар жоқ, онда қоршаган орта, әлеуметтік қатынастар көркем сөз арқылы бейнеленеді.
Әлемнің пайда болуы жөнінде кейбір Шығыс халықтарының аңыздарында антропоцентрлік көзқарас та кездеседі (antropos - грек сөзі, адам, centrum -- латын сөзі, орта, әртүрлі қатынастардың бір жүйеге қосылатын нүктесі). Бұл мифтер: Дүниеден бұрын алғашқы еңгезердей адам болған, ал ол өлген кезде оның денесінен Дүние жаратылады, -- деген пікір айтады.
Көне заманда күн мен ай, аспан мен жүлдыздар жөніндегі аңыздар адамдардың өмірінде кең орын алган. Күннің сәулесінің жер бетіндегі тіршіліктің өміріне тигізетін шешуші рөлі сол заманда-ақ анықталып, Күн Құдайы негізгі табынатын құдайлардың біріне айналған. Сонау көне заманда пайда болған дөңгелек күнге ұқсатылып жасалған. Мысалы, біздің ертедегі бабаларымыз аспанға (тәңір, қытайша -- тян) табынып: Жер мен тіршілікті, адамды жаратқан -- сол аспан Құдайы, -- деп есептеген.
Жағалай қоршаған ортадағы өзгерістер, қайталау үрдістері, жыл маусымдарының, күн мен түннің ауысып отыруы, жер сілкіну, дауыл, топан су, т.с.с құбылыстар көне мифтерде жүлдыздар мен планеталардың орналасуымен, солардың ықпалымен түсіндірілді. Аспандагы жұлдыздардан тұратын фигуралар жердегі ахуалды, болашақта болатын оқиғаларды анықтайды, -- деп есептелді. Бүгінгі астрологиялық болжамдар (astron -- грек сөзі, жүлдыз) сол көне замандағы пайда болган мифтерге сүйенеді.
Көп халықтардың мифтерінде ерекше орынды әйел Құдай алады (қазақтың Үмайы, гректердің Деметрасы, т.с.с). Әйел Қүдай -- құнарлықтың, жер бетіндегі тіршіліктің әміршісі. Ол -- аңшыларга сәттілік әкелетін, жер мен мал шаруашылығында мол өнім тудыртатын Құдай.
Әлемдегі Қүдайлар мен адамдардың қарым-қатынастарына арналған мифтердің де орны бөлек. Ертедегі халықтардың мифтерінде әрбір табиғат құбылысын тудыратын өз Құдайлары болды. Мысалы, үнді халқы өз мифологиясында 3000-нан аса Құдайлардың бейнесін жасады. Құдайлар грек мифологиясында да өте көп.
Біріншіден, Құдайлар -- мәңгілік жандар, ал адам болса уақытша Дүниеге келеді. Өйткен себебі -- Қүдайлар алғашқы мәңгілік табиғат заттарынан жаратылған, ал адам болса ол -- бір мифтерде Құдайлардың саздан жаратқан пендесі, екіншілерде -- Құдайдың сөзінен пайда болған. Бірақ, дегенмен қайсыбір миф адамға егер сол адам өзінің ізгі өмірімен, тазалығымен құдай- лардың мейірімін туғызса кішкентай да болса мәңгілік өмір сүру мүмкіншілігін қалдырады.
Екіншіден, аспандағы Құдайлардың өмірі жердегі адамдардың өміріне өте ұқсас. Құдайлар да адамдар сияқты күледі, жылайды, қуанады, өкінеді, ғашық болады, т.с.с. Оны біз мифтегі социоморфизациялаудың нәтижесі деп түсінуіміз керек (societas -- лат. сөзі, қоғам, morphe -- грек сөзі, форма, түр).
Әрине, мифтердің пілдей бөлігі - батырлар хиқаялары (Қобы- ланды, Шора, Алпамыс, т.с.с.). Батырлар -- бұрынғы заманда өмір сүрген бабалар, олар өздерінің өжеттігімен, зор күш-қуатымен ерекше бейнеленеді. Олар өздерінің ғажап істерімен халыққа жасаған ізгі жақсылықтары арқылы адамдарды неше түрлі қиындықтардан аман-есен алып шығып, бақытты өмірге жетелейді.
Мифологиядағы тағы бір ерекшелік -- ол адамның жан дүниесін, сезімдерін ерекше Құдайдың іс-әрекетінен шығаруы. Бұл сонау көне заманда пайда бола бастаған діннің, адамның өз ішкі рухани өміріне үңіліп, таным жолына қоя бастағанының кепілі болып табылады. Мысалы, грек мифологиясындагы кейіпкерлер ғашық сезіміне шомылса, ал Афродита: Ғашықтық -- Құдайдың ісі, -- деп түсінеді. Егер еске түсіру Құдайы -- Мнемосина көмек берсе, адам есіне өткен оқиғаларды түсіреді, егер Муза Құдайлары көмектессе, онда адамға шабыт бітіп, ол өнерде шығармашылық туындыларын жасайды.
Сонымен мифология, қай халық болмасын, оның мәдениетінің түп нұсқасы ретінде бүгінгі заманға дейін сақталып, қазіргі жазушылар мен күйшілердің, мүсіншілер мен өлеңшілердің шабыт қиялын оятып, шығармашылығына зор әсерін тигізеді. Және әр заманның өкілдері мифтегі мазмұнға өз уақытына сәйкес баға беріп, осы уақытқа шейін ашылмаган сыр іздейді. Мысалы, Прометей жөніндегі мифті алсақ, ол Зевсті алдап, адамдарға от әкеліп, оның қалай пайдалану керектігін түсіндіріп, әртүрлі қолөнерге үйретті. Өз еркіне көнбегені үшін Зевс оны Колхидадағы биік таудың тасына шынжырлап тастады. Күндіз үлкен бүркіт келіп, оның бауырын шұқып жейді, ал түнде оның бауыры бұрынғы қалпына келіп үлгереді, келесі күні бүркіт тағы да ұшып келеді... Тарихтағы Ренессанс дәуірінен бастап осы уақытқа шейін Прометей кейпі өнер адамдарының, философия, әдебиет қайраткерлерінің шығармаларында әртүрлі ойларды туғызып отыр (renaissance -- француз сөзі, қайта туу). Солардың басымы -- Прометейді адамды сүюдің, риясыздықтың, ізгіліктің, ержүректіктің нышаны десе, соңғы кездегі адамзаттың экологиялық дағдарысқа келіп тірелуі, рухани азғындауы Прометейдің кейпіне кейбіреулердің керісінше қарап, оны Құдайдың көрсеткен алғашқы жолынан тайдырушы, тәкаппарлықтың белгісі деп түсінуде.
Келесі гректің Сизиф жөніндегі мифін алсақ, (Sisyphus -- латын сөзі, адамның аты), онда оған берілген Құдайдың жазасы: үлкен тасты домалатып, таудың басына шығарып орнату керек. Бірақ ол тас таудың басында орнықпай төменге қарай домалап кетеді. Ал Сизиф болса тағы да төменге түсіп, оны жоғарыға итеруге тиіс... Бірақ XX ғасырда өмір сүрген француз ойшысы А.Камю, бұл гректің мифінен адамның Құдайдың өзіне парапарлығын байқаган. Күнбе-күн үлкен тасты таудың басына шығарып, қайта- қайта төменге домалаған тасқа бара жатқан шағында ол көкке көз жіберіп, Құдайдың әділетсіз жазасына қанша қиналса да, өзінің көнбегенін көрсетеді...
Бүгінгі өмірде ғылым мен техниканың, гуманитарлық пәндердің дамуына қарамастан (humanitas -- латын сөзі, адамгершілік, адамзат), мифтерге сену, олардың жаңа түрлерін тудыру осы уақытқа шейін жалғасып келе жатыр. Мысалы, адамдардың ғарыштағы басқа саналы пенделерге кездесуге деген бітпес іңкәрі неше түрлі аспаннан ұшып келген тарелкалар жөнінде, ондагы жандардың адамға ұқсас екені, жер қызының ғарыштан келген жігітке гашық болғаны жөніндегі мифтерді атап өтуге болады. Сонымен бүгінгі таңда, сонау мыңдаған жылдар өткен замандағы сияқты, қазіргі мифтің мазмұнынан біз жоғарыда көрсетілген антропоморфизациялауды байқаймыз.
Әсіресе қазіргі замандағы әлеуметтік-экономикалық қиындықтар, адамның рухани өмірінің өзегін құрайтын құндылықтардың күрт өзгеруі қогам өмірі жөнінде, билік басында отырған адамдар, олардың отбасылары, өмір салты жөнінде неше түрлі мифтерді тудырып отыр. Әрине, оларды тудыратын -- халық, бұл мифтерде адамдардың жақсы өмірге деген іңкәрі, өмірдегі болып жатқан көп әділетсіздіктерді қабылдамауы байқалады.
Уақыт өте келе мифологияның шеңберінен дін бөлініп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия пәні және дүниеге көзқарас
БОЛМЫС ПЕН ОЙЛАУДЫҢ ЖАЛПЫ ФОРМАЛАРЫ
Философия пәні және оның қоғамдық міндеттері
Философия, оның пәні. Философия тарихы
Философия, оның пәнi және қоғамдағы ролi
«Философия көзқарас ретінде»
Философия және дүниеге көзқарас
Философиядағы сана мәселесі
Философияның мәні мен мақсаты
Диалектиканың жалпы болмыстың өзі процесс
Пәндер