Web беттерін құрудағы JavaScript-ің мүмкіндіктері және электрондық басылымдарды жасау технологиясы
Кіріспе
1.тарау. Web беттерін құрудағы JavaScript.ің мүмкіндіктері және электрондық басылымдарды жасау технологиясы
1.1. Web беттерін құрудағы JavaScript.ің мүмкіндіктері
1.1.1. Web беттерін құрудағы JavaScript
1.1.2. JavaScript шамалары.
1.1.3. JavaScript .ің негізгі операторлары.
2.1. Электрондық басылымдарды жасау технологиясы және оларға
қойылатын талаптар
2.тарау. HTML тіліндегі JavaScript.і оқытудың электрондық лабораториялық практикумын жасау және пайдаланудың әдістемесі
2.1 JavaScript лабораториялық жұмыстары
2.2 Электронды лабораториялық практикумды жасау және
пайдалану әдістемесі.
Қорытынды ... ...71
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ...72
Қосымша.

Интернет технологиясының қарыштап дамуына байланысты , оның ықпалы тек қана адамдардың қызмет және үйрену жақтарында бейнеленіп қана қалмастан, барған сайын өмірдің әр саласына ішкерілей сіңіп бара жатыр. Интернетті қолдану арқылы адамдар көптеген ақпараттарға дэл әрі тез ие болып, өзара пікір алмастыру орайы барған сайын кеңеюде, сайттар да барған сайын көбеюде. Кейбір сайттардың пайдаланылу мөлшері күніне неше жүзмың ретке жетсе, кейбір сайттар керісінше құлазып түрады. Бұндағы себепке үңілсек, жоғары қарсы алынуға ие сайттарда мәлімет қайнары мол болудан тыс, оның жобалануының эдемілігі де адамдарды өзіне баурайтын маңызды фактор. Сол себепті сайт жобалаудың техникасын игеру үшін бастапқы білімдерден бастап үйрену керек.
Бұл жұмыста web бетінің анықтамасы, маңыздылығы көрсетілген жэне JavaScript жөнінде мәлімет беріліп, JavaScript тілін пайдалану арқылы web бетін құру мәселесі сөз болады.
Дипломдық жұмыс екі тараудан тұрады. Бірінші тарауда Web беттерін құрудағы JavaScript-ің мүмкіндіктері, айнымалылар, негізгі операторларына және электрондық басылымдарды жасау технологиясымен, жасау үрділеріне көңіл бөлінген.

1. Луис Аргерих «JavaScript программирование», Санкт-Петербург 1998 ж.
2. Банкью Чой «JavaScript и Web дизайн», Москва 1998 ж.
3. Джон Костел «JavaScript», Новосибирск 2001 ж.
4. Кен Эдгард «Профессиональное JavaScript», Москва 2002 ж.
5. Джеймс Мур «HTML и JavaScript», Санкт-Петербург 2001 ж.
6. Деван О' Дейл «JavaScript программирование» 2-е издание, Мурманск 2003 ж.
7. Хариш Рабат «JavaScript программирование», Москва 2004 ж.
8. Крис Дипат «Программирование в JavaScript», Санкт-Петербург 2005 ж.
9. Майкл Кей «Справочник программиста» 2-издание, Москва 2004 ж.
10. Парик Сани «Профессиональное программирование в JavaScript» 2-издание, Санкт-Петербург 2006 ж.
11. Голонов М.С. «Основы JavaScript», Санкт-Петербург 2006 ж.
12. Деркочов М.С. «Справочник по JavaScript», Санкт-Петербург 2006.
13. К.З. Халыкова, Г.А. Абдулкәрімова «Педогогикалық информатика», Алматы 2007 ж.

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе
1-тарау. Web беттерін құрудағы JavaScript-ің мүмкіндіктері және
электрондық басылымдарды жасау технологиясы
1. Web беттерін құрудағы JavaScript-ің мүмкіндіктері
1.1.1. Web беттерін құрудағы JavaScript
1.1.2. JavaScript шамалары.
1.1.3. JavaScript –ің негізгі операторлары.
2.1. Электрондық басылымдарды жасау технологиясы және оларға
қойылатын талаптар
2-тарау. HTML тіліндегі JavaScript-і оқытудың электрондық
лабораториялық практикумын жасау және пайдаланудың әдістемесі
2.1 JavaScript лабораториялық жұмыстары
2.2 Электронды лабораториялық практикумды жасау және
пайдалану әдістемесі.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .71
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 72
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..73
Кіріспе
Интернет технологиясының қарыштап дамуына байланысты , оның ықпалы
тек қана адамдардың қызмет және үйрену жақтарында бейнеленіп қана
қалмастан, барған сайын өмірдің әр саласына ішкерілей сіңіп бара жатыр.
Интернетті қолдану арқылы адамдар көптеген ақпараттарға дэл әрі тез ие
болып, өзара пікір алмастыру орайы барған сайын кеңеюде, сайттар да барған
сайын көбеюде. Кейбір сайттардың пайдаланылу мөлшері күніне неше жүзмың
ретке жетсе, кейбір сайттар керісінше құлазып түрады. Бұндағы себепке
үңілсек, жоғары қарсы алынуға ие сайттарда мәлімет қайнары мол болудан тыс,
оның жобалануының эдемілігі де адамдарды өзіне баурайтын маңызды фактор.
Сол себепті сайт жобалаудың техникасын игеру үшін бастапқы білімдерден
бастап үйрену керек.
Бұл жұмыста web бетінің анықтамасы, маңыздылығы көрсетілген жэне
JavaScript жөнінде мәлімет беріліп, JavaScript тілін пайдалану арқылы web
бетін құру мәселесі сөз болады.
Дипломдық жұмыс екі тараудан тұрады. Бірінші тарауда Web беттерін
құрудағы JavaScript-ің мүмкіндіктері, айнымалылар, негізгі операторларына
және электрондық басылымдарды жасау технологиясымен, жасау үрділеріне көңіл
бөлінген.
Екінші тарауда HTML тіліндегі JavaScript-і оқытудың электрондық

қарастырылған. Бұл тарауда жалпы скриптмен жұмыс істеуге арналған бірнеше
мысалдар қарастырылған.
1 ЖОБА ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МӘСЕЛЕЛЕРДІ АНАЛИТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ
ТЕХНИКАЛЫҚ ІСКЕ АСЫРУ АРҚЫЛЫ НЕГІЗГІ ШЕШІМДЕРДІ ЖАСАУ.
1.1 Техникалық тапсырманы талдау
1.1.1 Жүйені құрудың мақсатқа лайықтылығының детальды негіздері мен
мүмкіндіктері
JavaScript -ің тегі VBScript деп аталады, SUN корпорациясы әйгілі Java
ортасын шығарған соң Netscapt корпорациясы SUN корпорациясының Java туралы
үғымдарын енгізіп,өздерінің әуелгі LiveScript тілін қайталай жобалап, оның
атын JavaScript деп өзгертті.
JavaScript тілі объектіге негізделген (object - based) және оқиға
қозғағыш (Event Driven) скрипт, сценариялық скрипт деп атаудағы себебіміз
сол әдеттегі программалау тілдеріне ұқсамайды. Оны алдын-ала компиляцяға
жіберудің керегі жоқ, тек HTML текстіне кірістіріп, клиенттік браузермен
интерпретация жүргізсе болғаны. Ондықтан оны өңдеу, өзгерту аса қолайлы.
HTML құжатын тікелей ашып, ондағы JavaScript кодтарына өңдеу жүргізіп,
өзгерістен кейінгі жаңа нәтижені браузер арқылы көруге болады. Қазіргі
кезде ең көп қолданылатын браузерлер, яғни Internet Explorer жэне Navigator
түгелімен JavaScript тілін қолдайды.
1.2 Web беттерін құрудағы JavaScript
Жоғарыда айтып өткендей, JavaScript тілі объектіге негізделген, (Event
Driven) оқиға қозғағыш әрі қауіпсіздік функциясы бар сценариялық тіл.
JavaScript программалық бөліктеу әдісі арқылы программалауды жүзеге
асырады. Басқа да сценариялық тілдер сияқты, JavaScript тілі де бір түрлі
түсініктемелік (интерпретивтік) тіл болып, ол қарапайым пайдалану
(development) процессін қамтамасыз етеді. Ол Java, HTML тілдерімен бірге
web бетте көп обьктіге сілтеме жасау, web клиентпен интерактивті
(interactive) сұхбат жүргізу қатарлы функцияларды жүзеге асырып, осы арқылы
клиенттік тұрғы ( client side ) қолданбалы программасын пайдаланады.
JavaScript тілі HTML құжатына кірісу арқылы іске асырылыды,оның пайда болуы
HTML дің жетіспеушіліктерін толықтырды.
JavaScript тілінің негізгі қүрылымдық формасы
JavaScript тілінің негізгі қүрылымдық формасы С , C++,Delphi тілдерімен
негізінен қарайлас,бірақ ол бұл тілдер сияқты компиляцияны қажет етпейді де
программа орындалып жатқанда біртіндеп интерпретацияланады. JavaScript тілі
HTML тэгтерімен бірге қолданылыды, клиенттің өңдеуіне өте қолайлы.
Оқиға (event) дегеніміз web бетте белгілі бір операция жасалғаннан
кейінгі пайда болған эрекетті меңзейді, мысалы: тышқанды басу, терезені
қозғалту,менюді таңдау қатарлылардың бәрі де оқиға балып табылады. Оқиға
туылған соң JavaScript клиенттің енгізуіне өзі тікелей жауап қайтара алатын
болып,\үеЬ сервистік программалаудан өтуді қажет етпейді.
JavaScript тілінің қарапайымдылығы мына екі жақтан бейнеленеді:
біріншіден,ол Java тілінің негізгі өрнектері мен басқару элементтеріне
негізделген қарапайым әрі компакты программалық тіл болғандығы себепті,
Java тілін үйрену үшін аса жақсы өткел болып саналады.Екіншіден,оның
айнымалылыр типі ережесі қатаң деректер типін істетпейді.
JavaScript тілі қауіпсіз тіл.Ол жергілікті қатқыл дисктың жолашықтығына
рүқсат етпейді,деректерді серверге сақтауға мүмкіндік бермейді, web
құжаттарын жойылудан және өңделуден сақтайды.Онда тек қана браузер арқылы
ақпараттарға шолу жасау немесе динамикалы интерактивтілік (interactive
)жүзеге асырылып,осы арқыылы деректердің жоғалуынан өнімді түрде сақтануға
балады.
JavaScript тілі тек қана браузерге сүйеніп?эдетте операциялық ортамен
қатыссыз болып келеді.Компьютерде JavaScript-ті қолдайтын браузер болса
болғаны,ол жүмыс істей береді. Азғантай программамен көп жүмыс істей алу
-JavaScript тілінің ең үлкен артықшылығы болып табылады. 7) JavaScript пен
Java үқсамайды
Айта кетуге тиісті бір жәйіт, JavaScript пен Java қарамаққа ұқсастау
болып келгенмен,бәрібір екі басқа тіл болып табылады. Java болса JavaScript
тіліне қарағанда элде қайда күрделі программалау тілі,ал JavaScript болса
недәуір қарапайым сценариялық тіл. JavaScript тілін қолданушы адам
программалық шеберлікке онша мэн бермесе де болады,сол себепті Java-нің
көптеген функциялары JavaScript тілінде қолдауға ие бола алмайды.
JavaScript тілінде жазылған скриптерді іске қосу үшін не істеу қажет?
Сізге ең алдымен JavaScript-пен жұмыс істеуге мүмкіндігі бар браузер қажет,
мысалы Netscape Navigator или Microsoft Internet Explorer. Осы екі
браузердің кеңінен таралып барлығына танымал болғанынан бастап, адамдардың
көпшілігі JavaScript тілінде жазылған скриптермен жұмыс істеу мүмкіндігіне
ие болды.
1.3 JavaScript шамалары.
Айнымалылар деректерді сақтау үшін қолданылады. Сценариде айнымалылар
идентификатор көмегімен беріледі. Идентификатор латын алфавитінің әрпінен
басталуы тиіс. Кейіннен латын алфавитінің әріптерінен, сандарынан тұратын
тізбек берілуі мүмкін, мысалы, testi, _my_test, test_l. Айнымалы типі онда
сақталған мәліметтерге тәуелді болады. Деректер типі өзгерген кезде
айнымалы типі де өзгереді. Айнымалыны var операторынының көмегімен
анықтауға болады. Мысалы: var test1
Бұл жағдайда test1 айнымалысының типі анықталмаған және айнымалыға
белгелі бір мәнді меншіктегенннен кейін айқындалады.
Оператор var айнымалының инициализациясы үшін де қолдануға болады,
мысалы, оның конструкциясы келесі түрдегідей болады:
var test2=276
Тest2 айнымалысы анықталып жатыр және оған 276 мәнді меншіктелініп
жатыр. Айнымалы мәні меншіктеу операторының орындалу нәтижесінде өзгереді.
Меншіктеу операторы программаның кез-келген жерінде қолданылады, сонымен
қатар тек мәнді ғана емес, және айнымалы типін де өзгенрте алады. Меншіктеу
операторы келесі түрдегідей болады:
а=b
мұнда а – белгілі бір мәнді бергіміз келетін айнымалы; b – айнымалының жаңа
мәнін анықтайтын өрнек. Сценариде келесі айнымалылыра сипатталған болсын:
var n=3725
var x=2.75
var p=true
var s="Орындалуға тиым салынады"
n және х айнымалылары number типіне ие, р айнымалысының типі — логикалы, s
айнымалысы string типінде болады. JavaScript – те тұтынушымен анықталған
барлық стандартты функциялар үшін function типі анықталған. JavaScript-те
объектілер object типінде болады. Переменные типа object типіндегі
айнымалыларды жиі объектілер деп атайды, олар объектілерді сақтай алады.
Литералдар.
Программа операциялайтын қарапайым мәліметтер литералдар деп аталады.
Литералдар өзгере алмайды. Литералдар ондық және сегіздік, он алтылық
типте берілуі мүмкін.
Ондық түрдегі бүтін типті литерал ондық сандар тізбегіндегі түрде
таңбамен және таңбасыз жазылады. Мысалы: 15, 123, -156, +3567.
Он алтылық сандар 0-9 аралығындағы сандар мен а, b, с, d, e, f.
әріптерінен тұрады. Оналтылық сандар сан алдында Ох символдарымен жазылады.
Мысалы: 0x25, 0xa1,0xff.
Сегіздік сандар 0-7 аралығындағы сандардан ғана тұрады және де нолден
басталып жазылады. Мысалы: 03, 0543, 011.
Нақты литералдың жазылуы математикадағы нақты санның жазылуынан
ерекшеленеді, үтірдің орнына нүкте жазылады. Мсыалы: 123.34, -22.56.
Сонымен қатар нақты сандарды жазу үшін экспоненциалды форма деп
аталатын ұғымды қолдануға болады, мысалы, 0,000000273 санын 2.73x10 ~7
түрде көрсетуге болады. Мұндай жазбада көбейту таңбасы және 10 саны е
әрпімен ауыстырылады.
Бүтін және нақты мәндерден басқа JavaScript тілінде логикалық мәндер
кездеседі. Мұнда тек екі логикалық мәндер кездеседі: ақиқат және жалған.
Біріншісі true-мен , екіншісі— false-пен беріледі.
Жолдық литерал бір немесе екі тырнақшағы алынаған символдар тізбегі
ретінде келеді. Жолдық литералдың мысалы ретінде: ‘book’ немесе “book”.
Өрнектер.
Өрнектер литералдардан, айнымалылардан, операция таңбаларынан және
жақшалардан тұрады. Өрнектің есептелуінің нәтижесінде сан болып табылатын
жалғыз мән пайда болады. Ол сан болуы мүмкін немесе символ, немесе
логикалық мән болуы мүмкін. Өрнекет қолданылатын мәндер инициализацияланған
болуы тиіс. Егер де өрнектерді есептеген кезде анықталмаған немесе
инициализацияланбаған айнымалы кездессе, онда қателік туады. JavaScript-те
анықталмаған мәнді белгілеу үшін null литералы бар. Егер де айнымалыға null
мәні меншіктелсе онда айнымалы инициализацияланған болып саналады.
Өрнектер операция белгіленуі мен операндтардан тұрады. Мысалы, а*b
формуласында а и b операнд болып табылады, ал операция белгіленуі - *
таңбасы болады.
Операциялар унарлы және бинарлы болып екіге бөлінеді. Өрнектер +А
түрінде жазылады, егер + - унарлы операцияның белгіленуі болса, немесе А+В,
егер + - бинарлы операцияның белгіленуі.
Өрнектің есептелетін мәнінің типіне байланысты арифметикалық,
логикалық, жолдық деп бөлуге болады.
Арифметикалық өрнектепр төмендегі кестеде көрсетілген операцияның
орындалуының салдарынан болады.
Операция Название
+ Сложение
- Вычитание
* Умножение
Деление
% Остаток от деления целых чисел
++ Увеличение значения операнда на единицу
-- Уменьшение значения операнда на единицу
Операторлар өрнекте солдан оңға қарай есептеледі. JavaScript тілінде
солжақтағы және оңжақтағы операндтарға орындалатын арифметикалық әрекеттер
туындайтын операторлдар анықталған. Қысқартылған деп аталатын операциялар
келесі түрде көрсетілед.
Оператор Эквивалентный оператор присваивания
X += Y X = -X+Y
X -= Y X = X-Y
X *= Y X = X*Y
X = Y X = XY
X %= Y X = X%Y
Қатынас операциялары кез келген типтегі операндтарға
қолданылады. Операция нәтижесі – логикалық салыстыру true, және кері
жағдайда false. Салыстыру операцияларын келтірейік:
• (меньше);
• = (меньше или равно);
• == (равно);
• != (не равно);
• = (больше или равно);
• (больше).
! операциясы логикалық типтегі операндатарға қолданылады. Келесі
кестеде логикалық операциялар көрсетілген:
А В A&&B AB
true true true true
true false false true
false true false true
false false false False
Операция приоритеттері өрнекте операциялар қандай кезекте
орындалатынын анықтайды. Келеі төмендегі кестеде операция приоритеттері
көрсетілген:
Название Обозначение
Инкремент ++
Декремент --
Отрицание !
Унарный минус -
Умножение *
Деление, остаток от деления , %
Сложение +
Вычитание -
Сравнение , , =, =
Равенство ==
Неравенство ! =
Логическое И &&
Логическое ИЛИ
Присваивание =, +=, -=, *=, =, %=, ! =
1.4 JavaScript –ің негізгі операторлары.
Тармақталу алгоритмдері
1. Меншіктеу тәсілдері
Келесі мысалда:
var х = 1;
var у;
у = (х += 2) + 1;
у айнымалысының мәні 4, ал х айнымалысының мәні – 3. Мынадай тізбекті
түрдегі меншіктеулерді де пайдалануға болады :
x = y = z = t = өрнек;
Мұнда бірнеше айнымалының бәріне бір ғана мән меншіктеледі.
++ және -- операциялары тек айнымалыларға тіркеледі, оларды
өрнектерге қосып жазуға болмайды.
2. Информация енгізу
Alert функциясы информацияны экранға шығару үшін керек. Ал информация
енгізу үшін prompt функциясы қажет:
prompt(“жазу", “келісім бойынша енгізілетін мән"); мұнда экранға ішінде
екі батырмасы бар терезе шығады.Біз жазба мәліметті енгізу жолына жазамыз
да, ОК басамыз. Сонда терезе жоқ болады да, терезеге енгізілген мәліметтер
шығады.
Ол мәнді мысалы, айнымалыға меншіктеуге, артынан басқа командаларда
пайдалануға болады. Егер Cancel батырмасын шертетін болсақ, онда prompt
функциясы арнайы null мәнін қайтарады (бұл "null“ сөз тіркесі емес, яғни
бос жол ("") емес, мәліметтің арнайы мәні).
Мысалы:
var str = prompt("2 х 2 қанша болады?", "5");
if (str == "4") alert (“Дұрыс! Жауабы, әрине 4!");
else alert(“Әзілді түсінсең ғана, ол қалжыңға айналады!");
Осы скрипті іске қосқанда экранға суреттегі терезе шығады.
Егер 4 санын енгізіп, ОК батырмасын шертетін болсақ, скрипт жұмысы
төмендегі суреттегідей болып жалғасады.
Егер енгізу өрісінде 5 санын қалдырсақ (не 4-тен басқа кез келген сан
енгізсек), экранға төменгі суретте көрсетілген хабарлама шығады:
3. Шартты команда
Шартты команданың жалпы жазылу түрі :
if (шарт) команда1;
else команда2;
Мысалы:
if (а b) с = а;
else с = b;
Мұнда шарт тексеріледі. Егер ол ақиқат болса, онда команда1 атқарылады,
әйтпесе — команда2 орындалады. Мына кодтардан соң:
х = 1;
if (х == 1) у = 10;
else у = 20;
х += у;
х айнымалысы 11 мәніне ие болады.
Мына командалардан соң:
х = 1;
if (x != 1) у = 10;
else у = 20;
х += у;
х айнымалысы 21 мәніне тең болады.
Шартты команданы қысқа түрде else тармағынсыз жазса да болады:
Жалпы түрі Мысал
if (шарт) команда1 if (х 0) х = -х;
Мына кодтардан кейін:
х = 1;
у = 10;
if (x = = 1) у += 10;
х += у;
х айнымалысы 21-ге тең болады.
Ал мынадай кодтардан соң:
х = 1;
у = 10;
if (х != 1) у += 10;
х += у;
х айнымалысы 11-ге тең.
4. Ауыстырғыш
Жалпы түрі:
if (шарт1) ком1;
else if (шарт2) ком2;
else if (шарт3) ком3;
...
...
...
else комN;
Мысалы:
if (Day == 1) NameDay = "Дүйсенбі";
else if (Day == 2} NameDay = "Сейсенбі";
else if (Day == 3) NameDay = "Сәрсенбі";
else if (Day == 4) NameDay = "Бейсенбі";
else if (Day == 5) NameDay = "Жұма";
else if (Day == 6) NameDay = "Сенбі";
else if (Day == 7) NameDay = "Жексенбі";
else NameDay = "қате";
Мысалы:
var str = prompt("Сколько будет 2 x 2?", "5");
if (str == null) alert("He стали вычислять?.. Зря!");
else if (str == "4") alert("Гениально! Ответ и правда 4!");
else alert("Шутка хороша,когда ее понимают!");
JavaScript тілінде арнайы switch конструкциясы бар, оны Netscape
Navigator және Internet Explorer браузерлерінің 4-нұсқасынан кейінгілері
түсінеді. Ол Си және Java тіілдеріндегі осы командаға сәйкес келеді
Жалпы түрі
switch (өрнек)
{
case вариант1: командалар break;
case вариант2: командалар break;
...
default: командалар
}
Мысалы:
switch (Day)
{case 1: NameDay = "Дүйсенбі"; break;
case 2: NameDay = "Сейсенбі"; break;
case 3: NameDay = "Сәрсенбі"; break;
case 4: NameDay = "Бейсенбі"; break;
case 5: NameDay = "Жұма"; break;
case 6: NameDay = "Сенбі"; break;
case 7: NameDay = "Жексенбі"; break;
default:NameDay = "қате";
}
Мұнда switch (өрнек) мәні case сөзінен кейінгі қайсы мәнге тең болса,
сол жол орындалады. Онан кейінгі break командасы басқаруды switch сөзінен
кейінгі жолға береді. Егер break командасы жоқ болса, онда варианттарды
тексеру жалғаса береді. Default нұсқасы (ол болмауы да мүмкін) өрнек мәні
case сөзінен кейінгі бірде бір мәнге сәйкес келмеген кезде орындалады.
5. Логикалық операциялар
Шарт ретінде логикалық өрнектер де жазыла береді, ондайда келесі
логикалық операциялар қолданылады:
Белгіленуі Сипаттамасы
Мысалы
= = Тең
x+1==8
!= Тең емес
str !=”yes”
Үлкен
x*y5
= Үлкен немесе тең
d=0
Кіші
num10
= Кіші немесе тең
bonus=5
&& Логикалық ЖӘНЕ 1
x && x 10
Логикалық НЕМЕСЕ
x== 1 x == 10
! Логикалық ТЕРІСТЕУ !
(1 x && x 10)
6. Блок
Жүйелік жақшаға алынған командалар тізбегі {команда1; команда2; ...}
бір команда секілді орындалады. Бұндай күрделі команда құрама немесе блок
деп аталады. Жақшадан } кейін ; символы қойылмайды. Блок арқылы
орындалатын шартты команда мысалдары:
Шағын емтихан программасын жасайық. Емтихан бес сұрақтан тұрады. Бір
дұрыс жауапқа бір балл беріледі. Нәтижесінде 2-ден 5-ке дейінгі бір баға
қойылады:
- баға = 2, егер дұрыс жауаптар саны 3-тен аз болса;
- әйтпесе баға = дұрыс жауаптар саны.
Мұның программасы төмендегідей болады:
HTML
HEAD
TITLEЭкзамен по логическим выражениямTITLE
HEAD
BODY bgcolor=white text=black
H1Экзамен по логическим выражениямH1
HR
SCRIPT language=JavaScript
!--
var bonus =0; Счетчик верных ответов.
var num =1; Номер вопроса.
var question; Вопрос.
1-й вопрос.
question = "Вопрос " + num + ". Верных
ответов = " + bonus + ".\nЕгер х=5,то 1х
&&&& х10 равно true или false?";
if(prompt(question," true")=="true") bonus++;
num++;
2-й вопрос.
question = "Вопрос " + num + ".Верных ответов
= " + bonus + ".\nЕгер х=5, то !(lx &&&&
x10) равно true или false?";
if(prompt(question, " true")=="false") bonus++;
num++;
3-й вопрос.
question = "Вопрос " + num + ". Верных ответов
= " + bonus +".\nЕгер х=5, то х != 5 равно
true или false?";
if(prompt(question," true")=="false") bonus++;
num++;
4-й вопрос.
question = "Вопрос " + num + ".Верных ответов =
" + bonus + ".\nЕгер х=5, то x++ != 5 равно

5-й вопрос.
question="Вопрос "+num+".Верных ответов="+bonus+
".\nЕгер х=5,то ++x !=5 равно true или false?";
if(prompt(question, "true") == " true") bonus++;
Показ результата в окне alert,
if(bonus 2) bonus = 2;
alert("Ваша оценка за работу: " + bonus);
--
SCRIPT
РЭкзамен закончен!
BODY
HTML
Ескерту. Браузерлердің NN және IE төртінші нұсқасынан кейінгілері
үшін экранға бір & символ орнына екі && символын жазу керек.
7. Арифметикалық және тіркестік өрнектерді шарт ретінде пайдалану
if командасының шарты ретінде логикалық операциялардан бөлек
арифметикалық және тіркестік өрнектерді де жазуға болады. Мұнда егер өрнек
мәні 0-ге немесе бос мәнге"" тең болса, ол жалған, ал қалған жағдайда
ақиқат болып саналады.
8. Логикалық тип мәндері
JavaScript тілінде айнымалылар логикалық типтегі мәндерді қабылдай
алады. Мұндай тип true және false тәрізді екі түрлі мән қабылдайды.
9. Қиын шарттар
Құрамына арифметикалық және тіркестік (строковые) өрнектер кіретін
шарттар алғашқы кездерде қиындықтар туғызады. Оларды түсіну үшін алдымен
шарттар құрамындағы арифметикалық және тіркестік өрнектер мәнін есептер алу
керек, сонан соң барып олардың мәні логикалық true және false мәндерімен
салыстырылады.
Қасқыр және крокодил сияқты тіркестік константа-лар және де 25
және 3.14 тәрізді сандық константалар-дың барлығы да логикалық true мәніне
сәйкес келеді. Сәйкесінше, олардың логикалық терістеу мәндері false болады.
10. Балама мән енгізу
Егер екі балама мәннің бірін таңдап алу керек болса, онда prompt
функциясын пайдалану керек :
Бірақ бұдан гөрі қарапайым әрі жеңіл тәсіл бар — ол confirm функциясын
пайдалану:
confirm("жазу");
Бұл функция былай істейді.Экранға екі батырмасы бар терезе шығады:
Егер ОК батырмасын шертсек, confirm функциясы true мәнін қайтарады,
ал егер Отмена (Cancel) батырмасы шертілсе – false мәні қайтарылады.
Олардың орнына соларға эквивалентті Enter және Esc пернелерін де
пайдалануға болады.
Мысалы:
if(confirm("Хлеба и зрелищ?")) alert("Смотри сейчас, а кушай
после!");
else alert("И, словом, тот хотел арбуза,\n" + "А тот
соленых огурцов.");
Осы кодты орындағанда, экранға оң жақ суреттегі терезе шығады. Сонан
соң ОК батырмасы шер-тілсе, сол жақ терезедегі мәнді шығарады, ал Отмена
басылса, оң жақ терезедегі мән шығады.
2 ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМ
2.1 Жасалған техникалық тапсырмада көрінетін жобаланатын жүйеге
қойылатын техникалық- пайдалану талаптарының негізі
2.1.1 Электрондық басылымдарды жасау технологиясы және оларға
қойылатын талаптар.
Электрондық оқулықтарды құру құралдарын жіктеу
Электрондық оқулықтарды құру құралдарын, мысалы, тағайындау және
орындау функциясы, техникалық қамтамасыз етуге талаптар, қолданылу
ерекшеліктері сияқты көрсеткіштерді қамтитын құрама белгілерін қолдана
отырып, топтарға бөлуге болады. Көрсетілген белгілерге сәйкес келесі жіктеу
мүмкін болады:
- дәстүрлі алгоритмдік тілдер;
- жалпы міндеттің аспапты құралдары;
- мультимедиа құралдары;
- гипермәтіндік және гипермедиа құралдары;
Төменде әрбір белгіленген топқа қысқа шолу мен ерекшеліктер
көрсетіледі. Мұнан былай техникалық база ретінде біздің елімізде кең
тараған және университет қарамағында бар IBM сәйкестігіндегі компьютерлер
айтылады.
Дәстүрді алгоритмдік тілдер
Тікелей бағдарламалау құралдарымен құрылған электрондық оқулықтардың
өзіндік ерекшеліктері:
- орындау стильдерінің әр түрлілігі ( түстер палитрасы, интерфейс,
ЭО құрылымы, материал беру тәсілі және т. б.);
- сүйемелдеу мен модификация қиындығы;
- көп еңбек және уақыт жұмсау;
- аппараттық шектеулердің болмауы, яғни қолда бар техникалық
базаға бағытталған ЭО құру мүмкіндігі.
- Жалпы міндеттің аспапты құралдары
Жалпы міндеттің аспапты құралдары (ЖМАҚ) маманданған
бағдарламашы емес пайдаланушыларға арналған ЭО құруға арналған. ЭО жобалау
кезінде қолданылатын ЖМАҚ, қағида бойынша, келесі мүмкіндіктерді қамтамасыз
етеді:
- ЭО құрылымының реттелуі (формирование)
- енгізу, мәтінді редактрлеу және форматтау (мәтіндік редактор);
- статикалық иллюстративтік бөлім дайындығы (графикалық редактор);
- динамикалық иллюстративтік бөлім дайындығы (дыбысты және
анимациялы фрагменттер);
- басқа өңдеу құралдардың қолданылуымен жүзеге асқан орындалатын
модульдердің қосылуы және т. б.
Жалпы міндеттің аспапты құралдарының артықшылықтарына мыналар жатады:
- маманданған бағдарламашы емес адамдардың да ЭО құру мүмкіндігі;
- ЭО жасау мерзімі мен көп еңбек қажеттілігінің елеулі қысқаруы;
- бағдарламалық қамтамсыз ету мен компьютерлерге қойылатын
талаптың төмендігі.
Сонымен қатар ЖМАҚ-та бірнеше кемшіліктер де бар:
- достастық емес интерфейс алыста;
- мультимедиа және гипермедиа жүйелерімен салыстырғанда
мүмкіндіктердің аздығы;
- қашықтықтан оқыту бағдарламасын құру мүмкіндігінің болмауы.
Ресейде көптеген отандық ЖМАҚ бар: Адонис, АосМикро, Сценарий, ТесСис,
Интегратор және басқалар.
Мультимедия құралдары
Жаңа ақпараттық технология пайда болғанға дейін эксперттер көптеген
эксперименттер жасай отырып, материалды меңгеру әдісі мен қабылданған
білімді біраз уақыт өткеннен кейін еске түсіру қабілеті арасындағы
тәуелділікті айқындады. Егер материал дыбыспен болса, онда адам оның
көлемінің шамамен ¼ есіне сақтайды. Егер ақпарат визуальды түрде берілген
болса – шамамен 13. Әсерлерді құрамдастыру (көру мен есту) кезінде есте
сақтау жартысына дейін көтерілген, ал егер адам үйрену процесіне белсенді
қимылда болса, онда материалды меңгеру 75% дейін көтерілген.
Сонымен, мультимедия интерактивті өнімде – мәтін, қозғалмайтын
бейнелер (суреттер мен фотосуреттер), қозғалатын бейнелер (мультипликация
және бейне) және дыбыс (сандық және MIDI) сияқты ақпараттың бірнеше берілу
тәсілдерінің жиынтығын білдіреді.
Аудиоақпарат өзіне сөз, музыка, дыбыстық эффектілерді қосады. Мұнда ең
маңызды сұрақ ақпарат тасымалдаушының көлемі болып табылады. Аудиоақпаратты
бейнеақпаратпен салыстырғанда, бейнеақпаратта қолданылатын элементтер саны
елеулі көп болады. Бәрінен бұрын, мұнда статикалық бейнетізбенің
элементтері кіреді, оларды графика (салынған бейнелер) және фото деп екі
топқа бөлуге болады. Бірінші топқа әр түрлі суреттер, интерьерлер,
графикалық режимдегі символдар жатады. Екіншісіне – фотосуреттер және
сканерленген бейнелер.
Динамикалық бейнетізбе әрқашан статикалық элементтердің (кадрлар)
ретінен тұрады. Мұнда үш типті элемент ерекшеленеді: кәдімгі бейне
(секундына шамамен 24 фото), квазибейне (секундына 6-12 фото), анимация.
Бейнетізбені мультиорта құрамында қолдану аудионы қолданғанға қарағанда
көптеген маңызды мәселелерді шешеді. Олардың ішіндегі маңыздысы мыналар
болып табылады: экранның рұқсат етілген қабілеттілігі, түстер саны, сонымен
қатар ақпарат көлемі.
Мультимедия өнімінің басқа ақпараттық ресурстардан өзіне тән
айырмашылығы едеуір үлкен ақпараттық көлем болып табылады, сондықтан
қазіргі уақытта бұл өнімдердің негізгі тасымалдаушылары стандартты
сыйымдылығы 640 Мбайт CD-ROM оптикалық дискісі болып табылады. Кәсіби
қолданулар үшін басқа да құралдар қатары бар (CD-Worm, CD-Rewritaeble, DVD
және т.б.), бірақ олардың құны өте қымбат.
Электрондық оқулықтың екі түрі бар: жабық электрондық оқулық және
Интернет оқулық. Біріншісі, тәуелсіз және тұрақты болып табылатын пәндік
облыста дәстүрлі оқулыққа айналған. Ол жеке дербес компьютерде немесе
локальді желіде қолданылады. Автормен құрылып, версиялары бар және
дискеттер мен компакт дискілерде таратылады. Интернет оқулық - ол ашық
оқулық. Ол сытрқы ақпарат көздеріне сілтейді және глобальді желінің
серверлерінің бірінде орындалады.
2.1.2 Электрондық оқу басылымына қойылатын жалпы талаптар
1. ЭОБ-ның объектісі ғылыми негізделген фактілер, тұжырымдар мен
ережелердің сонымен қатар берілген оқу курсында оқытылатын
объекттердің құбылыстар мен үрдістердің қатынастары мен қасиеттерінің
жиынтығы болып табылатын сандық, мәтіндік, графикалық аудио,
видео және басқа оқыту ақпараты болу керек.
2. ЭОБ оқу мақсаттарына тікелей сәйкес келмейтін, яғни оқу курсының
мазмұнына жатпайтын және пайдаланушының назарын өзіне аудартатын және
оқу мақсаттарына қызмет етпейтін ақпаратты қамтымау керек.
3. ЭОБ әртүрлі мамандықтар үшін олардың типтік оқу жоспарлары мен
бағдарламаларына сәйкес қолдануға мүмкіндік беру керек.
4. ЭОБ-да интерфейс көрнекті, түсінікті, бірмәнді және қолданушы қате
іс-әрекеттер жібермеу үшін ЭОБ-ның түгел және оның бөлек бөліктерінің
функцияларының логикасын түсінуге көмектесетін түрінде келтірулі керек.
5. ЭОБ-да имитацмалық компьютерлік моделдер
оқылатын объектілер, үрдістер мен құбылыстардың құрылымын және
параметрлерін беру және өзгерту, сонымен катар, сыртқы әрекеттердің
имитациясы үшін ыңғайлы құралдармен жабдықталу керек. Компьютерлік
моделдермен өзара-әрекет мәселелері білім алушыны оның
көмегімен шешілетін дидактикалық есептердің мазмұнынан көңілін
бөлмеуі керек.
6. ЭОБ жабық та, ашық та ортада қолданылу мүмкіндіктеріне ие болу
керек. ЭОБ жабық ортада жылжымалы ақпаратты тасушыларда
орналасуы және жеке алынған компьютерде немесе локальды компьютерлік
желіде атқарушы программалар сиякты жұмыс істеу мүмкіндігіне ие
болу керек. ЭОБ ашық ортада глобалды компьютерлік желілерде орналасады және
жұмыс істеу үшін программа-браузерлерді қолданады.
7. ЭОБ қосымша программалық құралдарды талап етпейтін операциялық
жүйенің, соның ішінде ашық кодты операциялық жүйелердің нұсқасын ескере
автоматты түрде орнатуының мүмкіндігіне ие болу керек.
Орнату комплектінде мемлекеттік немесе халықаралық стандарттарына
сәйкес ЭОБ-ның тәуелсіз жұмысы үшін барлык қажет шрифтер, драйверлер және
программалар пакеттері болу керек.
8. ЭОБ тұрақсыздандыру әрекеттер болмағанда (электр
өшуі, операциялық жүйенің істен шығуы) берілген режимде функциясын
жасау керек және тұрақсыздандыру әрекеттермен шақырылатын ауытқулар
болғаннан кейін ЭОБ-ның жұмысын жалғастыруды камтамасыз ететін
қабілеті болу керек. ЭОБ қолдану процесінде ЭОБ-ға қажет
өзгерістер мен кемшіліктерді енгізуді оңайлату және сынақтан
кейін бағдарламаның алғашқы кодын өзгертпей ЭОБ-ның мазмұнын жетілдіру
мүмкіндіктері болуы керек, сонымен қатар оқу материалы мен статистикалық
деректерге рұқсатсыз қолжетпек болдырмауы керек.
2.1.3 Электрондық оқу басылымынының құрамына қойылатын талаптар
ЭОБ-нын құрамына: титул, тақырыптама, мазмұны, утилиталар, көмекші
және құжаттама енгізілу керек.
1. Титулда ЭОБ-ның шығу мәліметтері орналасады. Шығу
мәліметтеріне койылатын талапта сәйкес тарауда келтірілген.
2. Тақырыптамада ЭОБ-ның құрылымы мен барлық семантикалык оқу
бірліктерінің аттары көрсетілуі керек.
3. Мазмұнда ЭОБ-ның мақсаттары және есептеріне қатысты және сол арқылы
білімдердің қорытынды бақылауын өткізуге кажет барлық оқу
материалы берілуі керек. Оқу материалы ғылыми терминологияны
пайдаланып түсінікті, дәл, толық және қарама қайшылықсыз жазылуы
керек.
4. Утилиттер пайдаланушыларды тіркеу, статистикалық деректерді
шығару, мазмұнды қарау, оқу траекториясын анықтау және сонымен оқыту,
ағымдағы, аралық, белестік және қорытынды тестілеуді жүргізу үшін
арналган.
5. Көмекші элементі ЭОБ-ның жұмысын басқару бойынша ақпарат және ЭОБ-
ның іске қосылу моментінен бастап іске қосылуын қамту керек.
2.1.4 Электрондық оқу басылымының мазмұнына қойылатын талаптар
ЭОБ-ның контенті үш деңгейлі бөліктерге бөліну керек:
1-деңгей - модулдер. 2-деңгей - блоктар. 3-деңгей - сабақтар.
1. Модул блоктан блокқа өскен сайын мағыналы байланыстары бар логикалы
байланыскан блоктар тізбегінен тұратын электрондық оқу
басылымындағы ірі синтактикалық, семантикалық және прагматикалық оқыту
бірлігі.
2. Блок сабақтан сабаққа өскен сайын мағыналы байланыстары бар логикалы
байланысқан сабақтар тізбегінен тұратын электрондық оқу
басылымындағы орташа синтактикалық, семантикалық және прагматикалық оқыту
бірлігі.
3. Сабақ минималды синтактикалық, семантикалық және прагматикалық оқыту
бірлігі және ол бірнеше оқу элементтерінен тұрады. Сабақтағы міндетті
оқыту элементтері болып теориялық материал, мысалдар, тапсырмалар, сұрақ-
жауаптар және тестілер есептелінеді, ал міндетті емес элементтерге
оқыту ақпаратын меңгеру, түсіну және еске сактауға себебін тигізетін
және ақпараттық тығыздықты қаматамасыз ететін анықтамалық,
графика, аудио және видео жатады.
4. Теориялық материал тандап алынған оқу курсы бойынша мазмұны түсінікті,
нақты, толық және қарама-кайшылықсыз болатын көкейкесті ақпаратты
камтуы тиіс және бұрын өткен сабақта кабылданған білімді
кайталамай өздігінен оқу, тапсырманы жасау және білімді бақылау үшін
жеткілікті болуы керек. Теорияда мәтіндердің астын сызу және түсін
өзгерту сияқты арнаулы дидактикалық құралдарды қолдану керек.
5. Мысалдар теорияның жеке маңызды аспектерін жаттығуды
орындау, есепті шешу, сұрактарға жауаптар тағайындау және т.б.
түріндегі детальды талдауын қамтамасыз етуі керек.
6. Тапсырмалар оқытылатын объекттер, үрдістер мен
кұбылыстарының ішкі байланысын анықтауға. олардың әртүрлі
сыртқы әсерлер кезіндегі функционалдық қасиеттерін зерттеуге және
жаттығуларды орындау мен есептерді шешудегі практикалық машықтарын
калыптастыруға бағытталу керек. Тапсырмалардың тұжырымдамасында
аткарылатын іс-әрекеттердің реті мен күтілетін нәтижеге және олардын
берілу формасына койылатын талаптарға түсініктемелер болуы керек.
7. Сұрақ-жауаптар білімді меңгеру үшін және практикалық
жұмыстарды орындау машықтарын қалыптастыруға бағытталған болу керек.
Сұрақтар білім алушылардың танымдык іс-әрекетін жетілдіру үшін қиындық
деңгейі, сипаты және жауаптардың берілу формасы бойынша түрленуі керек.
8. Тесттерде сұрақтар және арасында бір дұрыс және бірнеше дұрыс емес
жауаптар болу керек және дұрыс жауапты таңдау кезінде карапайым табу
әдісін қолданбау үшін мағынасын түсінбей жауап беретін сұрактар болмауы
керек. Дұрыс емес жауаптар өздерінің мазмұны бойынша білім алушы оқу
материалын терең білгенде ғана дұрыс жауапты тандап алу үшін дұрыс
жауапка жақын болуы керек. Тесттер білім алушылардың іс-
әрекеттері мен жауаптарындағы әдеттегі қателіктер туралы ескертулер
және сол қателіктерді жібермеу мен түзету туралы түсініктемелер қамтуы
мүмкін.
9. Анықтамалық оқу материалына қатысты және жаттығуларды
орындау, есептерді шешу мен тәжірибе өткізуге, курстық дипломдық жүйе
т.б. жұмыстарды дайындау бойынша мәтіндік, кестелік, графикалық және
басқа оқу-әдістемелік мәліметтер камту керек.
10. Графика, аудио және видео оқу курсында оқытылатын объекттер, үрдістер
мен құбылыстардың ең маңызды жақтарын және жағдайларын ашу және көрсету
үшін қажетті қосымша дидактикалық материалдарды келтіруге арналған.
11. Тезарус ЭОБ-ң пән аймағына байланысты терминдер және қысқартулар
сөздігін қамту керек.
2.1.5 Электрондық оқу басылымының оқыту элементтеріне қойылатын
талаптар
Оқыту элементтеріне: Теория, Мысалдар, Тапсырмалар, Сұрақтар,
Тестілер, Тезарус, Анықтамалық, Графика, Аудио және Видео
жатады.
1. Оқыту элементі Теория оқылатын сабақтың теориялық
материалдарының гипермәтінді сипаттауына қолжетпек жасауына
мүмкіндік беру керек.
1. Оқыту элементі Мысалдар мысалдардың сипаттамасы мен олардың
түсініктеріне қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.
2. Оқыту элементі Тапсырмалар ағымды сабақ бойынша жаттығуларға және
есептерге, сонымен қатар оларды орындау мен шығаруға байланысты
көмекке қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.
3. Оқыту элементі Сұрақтар ағымды сабақ бойынша тест жүргізуге дейін
жауаптары интерактивті берілетін және тексерілетін сұрақтарға
қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.
4. Оқыту элементі Тестілер оқытудың ағымды бірлігі бойынша білім
бақылауды өздігінен жүзеге асыру үшін арналған тестілеу құралына

- сабақ деңгейінде – ағымдағы білім бақылау;
- блоктар деңгейінде – аралық білім бақылау;
- модульдер деңгейінде- белестік білім бақылау;
- ЭОБ-ы деңгейінде –қорытынды білім бақылау.
5. Оқыту элементі Тезарус ЭОБ-да кездесетін және олардың анықтамаларына
гипермәтіндік сілтемелері терминдер және қысқартулар сөздігіне

6. Оқыту элементі Анықтамалық ағымды сабақ бойынша анықтамалыққа

7. Оқыту элементі Графика, Аудио және Видео қосымша дидактикалық
материалдарға қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.
8. Оқыту элементі Графика схемаларға, сызуларға, суреттерге,
фотосуреттерге және бейнелерге, соның ішінде анимацияларға қолжетпек
жасауына мүмкіндік беру керек.
9. Оқыту элементі Аудио оқылатын сабаққа қатысты негізгі ұғымдарды,
фактілерді, тұжырымдарды және ережелерді дыбыстауға қолжетпек жасауына
мүмкіндік беру керек.
10. Оқыту элементі Видео оқылатын сабаққа қатысты объектілердің,
үрдістер фрагменттерінің және құбылыстардың қасиеттері мен
қатынастарын және сабақты оқып үйрену үшін қажет атақты ғалымдардың,
саясаткерлердің және басқа тұлғалардың сұхбатын көрсететін фильмдерге

2.1.6 Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар:
1. Жан-жақтылығы.
2. Iзгiлiктiлiк. Онда кез келген орындаушы өзiне қажеттi бiлiмдi ала
алады.
3. Бейiмдiлiгi. Ұсынылып отырған оқу материалы барлық орындаушылар
үшiн бiрмәндi болуы керек. Бiрақ оқу материалы әр түрлi формада
берiлуi мүмкiн.
4. Модульдiк. Кез келген электрондық оқулықты дәстүрлi оқулықтар
негiзiнде құрылымын жасақтау.
5. Экономикалық тиiмдiлiгi. Аталған оқулыққа сұраныс көп болуы қажет
және сәйкес түсетiн пайданы да қарастыру қажет.
6. Тұтынушыға бағдарлау.
2.2 Электронды оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды
ескерген жөн:
1. Белгілі бір пәнге байланысты дайындалған оқулықтың сол пәннің типтік
бағдарламасына сәйкес болуы;
2. Электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға
қатысты дәріс конспектісін қамтитын негізгі, зертханалық және
тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша, материалдарға
анықтама, библиографиялық көмекші, аралық және қорытынды бақылау
сұрақтарынан тұратын тест, материалдарды дайындауда пайдаланылған
әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуы;
3. Электронды оқулықтың кәдімгі оқулықтардың мазмұндарын қайталамауы,
яғни берілетін тақырыпқа қатысты ақпараттың нақты әрі қысқа берілуін
ескеру керек;
4. Белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық
болмауы тиіс;
5. Бiр қатардағы мәтін 62-65 таңбадан аспауы тиіс;
6. Оқулықты шектен тыс иллюстрациялық, анимациялық тұрғыдан көркемдеу
пайдаланушыға кері әсерін тигізуі мүмкін.
Беттің компановкасына қойылатын талаптар
HTML мен CSS тілдерінде бейнелеу құралдары жиынтығының әжептәуір
шектелгеніне қарамастан, автор мен редакторда ЭО безендіруді бүлдіруге аз
емес мүмкіндіктері бар. Дизайнның негізгі қағидаларының бірі былай
айтылады: Неғұрлым қарапайым болса, соғұрлым жақсы:
● Әрбір бөлімге – бір беттен артық емес
● Беттегі визуалды элементтер санын минимумға дейін қысқартыңдар
және оқырманның назары оның ең маңызды бөліміне
бағытталатындай жасаңдар
● Тақырыптарды тек тікелей міндеті бойынша пайдаланыңыз
● Ұқсас ақпараттарды бірге орналастырған тиіс
● Безендіру басылымның барлық беттері үшін бірдей болуы керек.
Бейнелеуге қойылатын талаптар
● Электрондық басылымың ішіне артық бейнелер салмаңдар.
● Бейнелерді түсіндіретін мәтінмен толықтырыңыз.
● Графикалық файлдардың көлемін шектеңіз.
● Қолданушылар әр түрлі рұқсат етілген манитормен жұмыс істейтінін
ескеру керек.
● Барлық оқырмандарда графиканы бейнелеу сол түстік рұқсат етілім
арқылы іске асатынына сенбеу керек.
3 ЖҰМЫС ҚҰЖАТЫ
3.1 Қосымшаның жұмысын сипаттау.
HTML тіліндегі JavaScript-і оқытудың электрондық лабораториялық
практикумын жасау және пайдаланудың әдістемесі
2.1 JavaScript лабораториялық жұмыстары
1-зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: JavaScript объектілері.
Жұмыстың мақсаты: JavaScript объектілерімен жұмыс істеуге үйрету.
Теориялық материалдар:
1. Объект түсінігі. Тәсілдер мен қасиеттер
Объект — бұл мәліметтер мен функциялар жиынынан тұратын бірыңғай
конструкция немесе, JavaScript терминологиясында, қасиеттер мен тәсілдер
жиыны.
Функция = тәсіл (метод).
Айнымалы = қасиет (свойства).
Инкапсуляция термині қара жәшік ретінде қарастырылатын объектінің
ішкі құрылымын жасыру деген сөз. Объектінің қасиеттері белгілі болып
саналады, яғни олар - сырттан қол жеткізуге болатын айнымалылар. Бірақ бұл
функциялар қалай құрылған, олар қандай алгоритммен жұмыс істейді, ол туралы
программалаушыға айтылмайды. Программалаушы немесе объектіні тұтынушы адам
объектінің қосымша ішкі функциялары мен айнымалылары бар ма, олар қол
жеткізуге болатын қасиеттер мен тәсілдермен қалай байланысқан, ол жағын
білмейді.
Объект және объектінің бір данасы (экземпляры)
Мысалы, нақты телевизор — бұл JavaScript терминологиясында объект
емес, ол объектінің бір данасы (экземпляры). Объект болып зауытта нақты
өнім шығаруға арналған құжаттамалар комплектісі саналады. Конвейерден шығып
жатқан барлық телевизорлар бейнелерінің қасиеттері бірдей және оларды
басқаратын тәсілдер де бірдей экземпляр болып табылады.
Программалауда да осылай. Объект — бұл шаблон, құжаттар жиыны.
Объектінің бір данасы (экземпляры) — ол оның жұмыстық көшірмесі ғана.
Объект интерфейсі және объектінің ішкі құрылымы
Rectangle объектісін қарастырайық. Ол мынадай информацияны сақтайды.
Rectangle объектісі
Объект тіктөртбұрыштармен жұмыс істеуге арналған. Объектінің бір
данасын жасау үшін былай жазу керек:
var х = new Rectangle(a,b);
Мұндағы х Rectangle объектінің бір данасы (экземпляры).
а мен b тіктөртбұрыш ені мен биіктігі.
new сөзі бір дана жасау үшін керек.
Объектінің бір данасы жасалған соң, келесі тәсілдер мен қасиеттерді
пайдалауға болады:
Қасиеттер Сипатталуы
width Тіктөртбұрыш ені
height Тіктөртбұрыш биіктігі
Тәсілдер Сипатталуы
square() Тіктөртбұрыш ауданы
perimeter() Тіктөртбұрыш периметрі
radius() Сырттай сызылған шеңбердің радиусы
Пайдалану мысалы:
var p =х.perimeter(); Периметрді есептеу
var r = x.radius(); Сырттай сызылған шеңбердің
var m = x.width; радиусын есептеу
if(x.height m) Үлкен қабырғасын есептеу
m = x.height;
Мұнда объект интерфейсі келтірілген, яғни объектімен қатынасуға қажет
информация берілген.
Мұнда square, perimeter, radius функция-ларының программалық кодтары
келтірілмеген. Басқаша айтқанда, объектінің ішкі құрылымы көрсетілмеген.
Жұмыс кезінде тек интерфейсті пайдаланып, оның ішкі құрылымын қажет етпеуге
болады.
Объект интерфейсі – бұлар пайдалануға болатын объектінің
айнымалылары мен функциялары.
Объектінің ішкі құрылымы — программалау тілінде объектінің ішкі
айнымалылары мен функцияларын сипаттау.
JavaScript тілінде Rectangle объектісінің х экземпляры-ның қасиеттері
мен тәсілдері жазылады:
x.height; x.perimeter();
Жалпы жазылу форматы мынадай болады:
экземпляр_аты.объект_қасиеті_не_тәс ілі_
Нүкте - сатылы бөлу таңбасы: ол атасын баласынан (тегін
мұрагерінен) бөліп тұрады.
Date объектісі
JavaScript тілінің ішкі объектілерін қарастыруды өте пайдалы болып
саналатын Date объектісінен бастайық. Бұл объект күн-ай мерзімімен
(датамен) және уақытпен жұмыс істеу үшін керек.
Объект экземплярын жасау үшін (Date объектісі-нің ғана емес, одан
басқасының да) JavaScript тілінде new түйінді сөзі қолданылады:
var now = new Date();
Енді now айнымалысы Date объектісі экземпляры болып табылады да,
ол үстіміздегі дата мен уақытты береді.
Жалпы экземпляр жасау былай орындалады:
var айнымалы = new Date(параметрлер);
Келесі параметрлерді көрсетуге болады:
1- Мысал
var now = new Date();
var birthday =
new Date(1954,1,8);
var bell = new Date(2003,
0,14,12,20,0);
Date объектісі экземпляры құрылғаннан кейін, оның ішкі мәліметтерін
көруге болады, оны өзгерту мүмкіндігі де бар. Ол үшін көптеген тәсілдер
бар, олардың тізімі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz