Зейін Шашкиннің «Доктор Дарханов» романындағы штрих пен деталь


Зейін Шашкиннің «Доктор Дарханов» романындағы штрих пен деталь
«Сөз өнеріндегі сұлу нәрсе - қайталанбайтын нәрсе. Суреттіліктің сұлулығы да суреттің сонылығында, жаңалығында жатса керек» деген екен Зейнолла Қабдолов. Ал «мұндай сұлулыққа қалай жетуге болады?» деген сұраққа «деталь арқылы» деп жауап береді [1] .
Деталь - өмірдің екшеп алынған бір көріністері, характерді, тірішілік бедерін ашуға көмектесетін құбылыс [2] .
«Теңіздің қасиеті тамшыдан танылады» деген қанатты ұғым бар. Ауа райын байқау үшін далаға шығу шарт емес, алақандай әйнектен қарап аңғаруға болады . . . деталь да, теңіз қасиетін танытар тамшы, ауа райын аңғартар кішкене терезе . . . секілді, бір алуан кесек көріністі немесе күрделі шындықты ұтымды танытар бірер соны сөз немесе тың сурет - дерек қана» [1] .
Қоғамдық-әлеуметтік, адамгершілік-этикалық мәселелерді көркемдік тұрғыдан сомдауы жағынан сүбелі де сүйекті туынды болып есептелетін «Доктор Дарханов» романын парақтай отырып, тақырып бойынша мынадай мысал келтіре кетсек: «Көптен ел аралап көрмеген маған бәрі таңсық. Сол колхоздың бірнеше үйін аралап, тұрмыс-халімен таныстым. Ең алдымен менің көзіме түскені тазалық жағы. Ежелгі қазақтың әдет-салты: жерге отыру, сулық, майлық, қолмен ет жеу . . . » [3] . Мұнда жазушы ХХ ғасырдағы еуропаның мәдениеті жете қоймаған ауыл өмірін ғана емес, ежелден келе жатқан қазақ халқының дәстүрін де суреттеген. Бірақ оны бір бетке шұбалтпай, бір ғана сөйлемге сыйғызған. Тұжырымды, нақты келтірілген сөздер колхозшылардың жайдары, бейқам мінезін ашық көрсете білген. Сонымен бірге, дәрігер, ұлтының жанашыры ретінде бұл өңірге замана талабына сай жағдай жасалуы қажеттігін де ескерте кеткен. Шығарманы оқуды әрі қарай жалғастырғанда, Нияз Дарханов пен Сусанна Михайловна арасында жүрген диалогта тағы бір штрих кездезтірдік: «Талай жұмыртқалаған тауықты әтеш қана үйрете алады». Бұл сөйлемде бір емес, бірнеше маңызды ой жатыр. Біріншіден, талай кеудесін керген ақылсызды, бір ғана ақылды сөз, тың жаңалықпен басуға болады десе. Екіншіден, адамды жасына емес, басына қарап бағала дейді. Үшіншіден, әр істің, әр ойдың негізі өткеннен, даналар мен ғалымдардың, жақсылардың хатынан, асыл жолынан алынады дейді. Осы тектес әзіл мен сынға толы сөз Алексей Иванович Кравцовтың жиынға жиналған қауым ортасында өзінен бұрын тос көтеруге икемделген жуан қазақ Шортанбаевқа айтқаны да жоғарыдағы мысалдармен қатар жүреді: «Әкеңнен бұрын тұзаққа мойныңды сұқпа!»[3] . Кейіпкердің ашық, ақкөңіл де кірпияз мінезі халқымыздың «әке тұрып, ұл сөйлегеннен без» деген ұлағатты ұғымын алға тартып тұр. Сонымен бірге, жастарға үлкенді құрметте, орныңды біліп сөйле дегендей.
«Әдебиеттегі деталь - суреткердің шабытты еңбегінің нәтижесі, аса сирек ұшырасатын сәтті табысы. Мұнда аз ғана сөз айқын суретке айналады да, шалқар шындықты танытады, көл-көсір мағынаға ие болады, сол арқылы оқырманды қызық сезімге бөлеп, қызықтыра жетелеп әкетеді. » - деп жазады Зейнолла Қабдолов өзінің «Сөз өнері» атты еңбегінде. [1] Сондай терең ойлы, астарлы, мағыналы мысалдардың бірі: «Әдетте, анкетаға қарап, бастық:
«Әскерде болған . . . Павлодарда емханада істеген . . . шет елге қашқан жоқ, «таза адам» деп тастай береді» [3] . Бұл романдағы жазушы өмір сүрген уақыттағы қара бұлтты, көлеңкелі күндер көрінісін анық ашатын сөздер. «Таза адам» бейнесі ғасырдағы көзі ашық, көкірегі ояу жандардың нақақтан-нақақ жазаға ұшырағанын, тентіреп тыныш жер іздегенін байқатса, одан алдыңғы тіркестер сол кездегі ел ішін аралаған өзара сенімсіздікті дәлелдейді. Бір ғана сөйлем ішіне сыйған ғасыр шындығы: зиялы қауым өкілдерінің қаншама жылдық адал, қажырлы еңбек өтелінің бұлыңғырланып, бұрмаланған кездерін тайға таңба басқандай етіп көрсетіп тұр. Ізін суытпай тағы да бір мысал ұсынайық: «Ақ бас шалдарда үн жоқ. Бірі қолымен басын тіреп, енді бірі қалғып-шұлғып, көңілсіз де салқын тыңдайды . . . «Тәйір, осы да жаңалық болып па? Талай естігеміз» деп менсінбеген, не мезі болған кісінің кескіні. Шалдардың ішінде тыным таппай жыбырлап отырған әнеугі мен келген күнгі көзілдірікті тапал; біресе қағазына үңіліп, жазған боп, біресе көршісіне алақанын қалқалай сыбырлап, мазасызданып отырғаны беп-белгілі»[3] Осыншама шынайылық тек шеберге тән қасиет болар. Оқып отырып, өзіңді сол жиналған адамдардың арасында жүргендей сезінесің. Өйткені бұл жағдай бәріміздің де басымыздан өткен. Кейде қызыға, әр сөзін тыңдап, тың жаңалық іздейсің; кейде, қашан аяқталатынын тосып, өзге нәрсені ойлап отырасың. Енді бірде, қайта-қайта оқылған баяндаманы жаттап алғандай болып, тағы да өзгеріссіз сол мәселе көтеріліп отырғандай сезінесің. Бірақ әдептілікті сақтап, амалсыз тыңдайсың. Мұндағы әр деталь сол кездегі оқымысты қауымның өкілдерін кескіндеп тұр: «ақ бас шал», «жыбырлаған көзілдірікті тапал», «қалғып-шұлғыған шал». Сіз бұл сөздерді түсінгенде, мырс етіп күлетініңізге сеніміміз кәміл. Өйткені деталь оқырманға дәл беріліп тұр.
«Детальдың басты бағалылығы - дәлдігінде. Дәлдік деген не? Дәлдік - шындыққа жанасымдылық. Әдетте, осылай түсіндіреміз. Жоқ, бұл жеткіліксіз. Сөзбен жасалған суретке көз алдыңызда жан бітіп, тіріліп түрегелсе, сіз оны жансыз сурет емес, тура жанды нәрседей қабылдасаңыз, кітап беті қатар түзеген әріп қана емес, қым-қиғаш қимылға айналып кетсе, сіз бұл қимылға енжар қарамай, еліге тербеліп қалсаңыз, - детальдың дәлдігі сол!» [1] деген З. Қабдолов. Мәселен: «Аздан соң пыс-пыс еткен, иесінің өзі сияқты домалақ сары самаурынды көтеріп Сағиланың шешесі келді де: «Мылжыңдап, баланың басын ауыртып, қайдағыны айтасың, одан да сырқырап жатқызбайтын буыныңның ауруын сұрасайшы!» - деп күйеуін зекіп тастады» [3] . Денесіндегі артық салмақтан қозғалысы ауырлаған, «пысылдап» келе жатқан «домалақ» әйел немесе көп сөзді «мылжың» шал көз алдыңызға келді ме?! Қандай дәлдік десеңізші. Бір ғана сөз бұл адамдардың бар болмысы мен мінезін, қаншама жылғы ортақ өмірден кейінгі өзара қарым-қатынасын көрсетіп тұр. «Орнын тапса, ойнамайтын сөз жоқ»[1] - дейді Зейнолла Қабдолов. Ал сол сөзді қайда, қалай қолдану тек жазушының қолындағы іс: «Мөп-мөлдір жарқыраған айдын көл. Тұп-тұнық. Бетінде бір әжім жоқ»[3] . «Әжімсіз» адамды білуші едік. Ал «әжімсіз» көлді көріп па едіңіз? Ия, шынымен де, таңданарлық тапқырлық. Су бетінің тақтадай тегістігі жазушының ойына үлбіреген ару қыздың жүзін елестетсе керек. Бірақ, шығармасында оқырманның көңіліне лезде қонатын оған қарама-қарсы сөзді қолданады. Бұл сөз романда кейін тағы кездеседі: « Сусанна Михайловнаның қартайғысы келмейді . . . зәресі ұшатыны - әжім . . . дәл жатарда . . . денесіне қарап, салбыраған бос тері іздеп, әр жерін шымшылап ұстап көріп, көңілі жай табады»[3] . Мұндағы сөздердің бәрі де деталь. Тек мұнда жасы келіп, өзінің сүйіктісінің назарынан тыс қалудан қорққан әйел бейнесі келтірілген. Әрине, қартайғанда адамның терісі салбырамағанда қайтсін?! Торсылдаған сұлу дене адамға мәңгіге берілмейді ғой! Дегенмен сол сұлулық болмаса, әйелдерге қаншама ақын-жазушылар өз шығармаларын арнамас еді. Жігіттер күшіктей қыз соңынан ермес еді. Мұны жазушы романын арқау етіп қана дәлелдейміз: «Жүсіп аяғын алшаң басып, кейде озып алдына шығып, кейде соқпақ артына түседі, иесінің соңынан ерген күшік тәрізді»[3] Еркек затының жағымпазданып, мәймөңкелеп, жүрекке кілт іздейтін әдеті. Сүйгеніне қол жеткізу үшін, күнде қарауылдап, қорып, сәл алыс кетсе өзге біреу іліп кететіндей алдын айналшықтап, қыздың ығырына тиіп, өзінің қадірін кетіретін жанның көрінісі айна қатесіз берілген.
Көркем шығарма бір-біріне сіресе тұтасып тұрған ылғи ғана детальдан құралады десек, ағат айтқан болар едік. Әр детальды қабылдау үшін оқырманға, белгілі дәрежеде дайындық керек. Бұл ретте, деталь кейде авторлық баяндаудың суретке айналған түйіні секілденіп те кетеді. Қалай болғанда да, әйтеуір, деталь - затты шындықтың бір қыры арқылы бар сырын тұтас, түгел және бірден, шапшаң танытатын нақты штрих. [1] Мәселен, Нияз Дазіловичтің тубинститутқа барып, директорына жолыққанда, түйген ойы: «Уақыт алып қайтеміз, жазып әкелсе, пікір айтармыз. Ар жағын өзі біледі, не қылса, о қылсын»[3] . Өзімен замандас дәрігерлер жайлы мұндай түйінді ой нені нұсқап тұр? Өз міндетіне селқос қарайтын «сен тимесең, мен тиме, бадырақ көз» деп, жаңалықтан ат тонын ала қашатын дәрігерлер қауымын айтып тұрған жоқ па?! Қараңғылық шырмауынан құтылуға бар күшін салып, емделушілерінің қамын ойлаған дәрігердің жолына неге кедергі жасап отыр? Ол да болса, елдегі ғылымның дамуы халықтың көзін ашады дегені шығар. Дегенмен, ғылымның нақтылықты сүйетіні бар. Оны Дархановтың бастығы осы сапарға шығар бұрын айтқан сөзінен байқаймыз: «дәлелдей алмасаң, рақым күтпе»[3] . Бір ғана сөйлем. Ал сол сөйлемнің ішіне ғалым атанған қаншама оқымысты азаматтардың өмірі сыйып кеткенін айтпайсыз ба?! Кез келген жаңалық, үлкен кедергілер, келіспеушіліктер, қарсылықтар арқылы ашылады. Сонда, дәлеліңді дұрыс келтіріп, көп алдында өз баяндамаңды алға тартып шықпасаң, орындалмаған арман болып қалып қояды. Осы тектес «қағаз бетіндегі қарапайым сөздерді сырлы суретке айналдырар, сол арқылы суреттеліп отырған құбылысқа эмоциялық жылылық, эстетикалық күш дарытар деталь . . . » [1] жазушы шығармасында көптеп кездеседі. Біз олардың ішінен өткен ғасыр суреті бола алатын, жүрегімізге жақын тигендерін таңдап алдық. Зейін Шашкиннің сөз өнерінің алтын сандығына үңіліп бақтық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz