Республикалық және жергілікті шығыстарды талдау арқылы ондағы туындаған мәселелерді анықтап, олардың шешу жолдарын қарастыру



КІРІСПЕ 3
1.МЕМЛЕКЕТ ШЫҒЫСТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 5
1.1 Мемлекет шығыстарының қалыптасу алғышарттары 5
1.2 Мемлекет шығыстарының экономикалық мәні 7
1.3 Шетел тәжірибесіндегі мемлекеттік шығыстар
2.МЕМЛЕКЕТ ШЫҒЫСТАРЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1 Мемлекеттік шығыстарды қаржыландыру механизмі 13
2.2 Республикалық және жергілікті бюджет шығыстарына талдау 16
3. МЕМЛЕКЕТ ШЫҒЫСТАРЫНЫҢ ЖҰМСАЛУЫНДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ 24
ҚОРЫТЫНДЫ 26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 28
Қазақстан Республикасы шоғырландырылған бюджетінің шығыстары жергілікті бюджеттердің, республикалық бюджеттің шығыстарынан және Ұлттық қордың шығыстарынан тұрады. Көптеген функционалдық топтар бойынша шығыстар жергілікті және республикалық бюджеттен жүзеге асырылады, сол уақытта Ұлттық қордан республикалық бюджетке ҚР Президенті айқындайтын мақсаттарға нысаналы трансферттерді қаржыландыру жүзеге асырылады.
Мемлекеттік шығыстар – мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құрамы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекеттің экономикасы тікелей шығыстарға қатысты.
Курстық жұмыс мемлекет шығыстарының теориялық жағын қарастырып қоймай, практикалық жақтарын қамтиды. Мемлекеттік шығысқа байланысты сауалдардың бәрі, олардың маңыздылығы мен қаншалықты атқарылғандығына байланысты қаралады, себебі әрбір бөлініс үдеріс кезеңінде бұлардың экономикалық қарым-қатынастардағы орны өзгеріп отырған. Нарық жағдайында ақша, несие және қаржы шаруашылығында көптеген құрлымдық өзгерістер болып жатыр. Осының бәрі өндіріс құрал-жабдықтарына әртүрлі меншіктің пайда болуы негізінде іске асырылып жатыр. Осының нәтижесінде мемлекеттік шығындардың өзара салмағы басқаша қалыптасты, әлеуметтік сфералардың жұмыс әрекеттері де өзгерді. Бұрын шаруашылық жүйесінде әр мемлекет әлсіз әлеуметтік сфераларды мүмкіндігінше қаржыландыруды қарастырған, ал қазір сол жүйелердің тиімсіз тармақтарына қаржыны азайтып, тиімді жақтарын қаржыландыру үстінде.
1.Б С.Әкімбеков, А.С.Баймұхаметова, У.А.Жанайдаров. Бюджет жүйесі туралы Қазақстан Республикасының заңы. Астана-2014.
2. Сәбден О. Экономика: таңдамалы еңбектері: оқу құралы. – Алматы: Экономика инт-ты, 2011.
3.Финансы, деньги, кредит. Учебник. Под. Ред. О. В.Соколовой. - М.: ЮРИСТ, 2014.
4.Шеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов Н.С., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. / Жалпы редакциясын басқарған Ө.Қ. Кеденов – Ақтөбе, «А-Полиграфия», 2013.
5. Омирбаев С. М. Государственный бюджет. – Учебник, 2011.
6.Қаржы-қаражат. 2013 жыл №5
7.Жолдасова, Г. Экономика негіздері: оқу құралы / Г. Жолдасова.- 2-бас.- Астана: Фолиант, 2011
8.Мельников В.Д. Государственное финансовое регулирование экономики Казахстана. – А., 2015
9.Мельников В.Д. Основы финансов: Учебник. – Алматы: ТОО «Издательство LEM», 2012.
10.Мельников В.Д., Ли В.Д. Қаржының жалпы курсы: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2014.
11.Берстембаева Р. Финансы зарубежных государств, А. 2014
12.Бюджетная система России: Учебник для вузов/ Под ред. проф. Г.Б. Поляка. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2013.
13.Финансы. Учебник для вузов. Под. Ред. М В. Романовского. - М.: Перспектива/. ЮРАИТ, 2014.
14.Ілиясов Қ.Қ. Қаржы: Оқу құралы. – Алматы:2011жыл
15.Экономикалық теория. - АСТАНА; Кәсіпкер болу оңай ма? Пол Хокен,- Алматы Білім,2013
16. А. Г. Грязнова, Е.В. Маркина, М. Л. Седова. Финансы – Учебник: Финансы и статистика, 2012.
17.Рынок ценных бумаг / Под ред. В.И.Галанова, А.И.Басова. М.: Финансы и статистика, 2013 .
18.ҚР-сы Қаржы Министірлігінің статистикалық бюллетені
19.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жылдық есебі, 2016 жыл
20.Фадейкина Н.В., Апсалямов Н.А., Азылканова С.А. Современная бюджетная политика Казахстана – Новосибирск: СИФБД, 2014.
21.Смағұлова Р. О., Мәдіханова Қ. Ә., Тұсаева Ә. Қ., Сатыбалдиева Ж., Қаржы, ақша айналымы және несие оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2008.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1.МЕМЛЕКЕТ ШЫҒЫСТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 5
1.1 Мемлекет шығыстарының қалыптасу алғышарттары 5
1.2 Мемлекет шығыстарының экономикалық мәні 7
1.3 Шетел тәжірибесіндегі мемлекеттік шығыстар 10
2.МЕМЛЕКЕТ ШЫҒЫСТАРЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ 13
2.1 Мемлекеттік шығыстарды қаржыландыру механизмі 13
2.2 Республикалық және жергілікті бюджет шығыстарына талдау 16
3. МЕМЛЕКЕТ ШЫҒЫСТАРЫНЫҢ ЖҰМСАЛУЫНДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ 24
ҚОРЫТЫНДЫ 26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 28

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы шоғырландырылған бюджетінің шығыстары жергілікті бюджеттердің, республикалық бюджеттің шығыстарынан және Ұлттық қордың шығыстарынан тұрады. Көптеген функционалдық топтар бойынша шығыстар жергілікті және республикалық бюджеттен жүзеге асырылады, сол уақытта Ұлттық қордан республикалық бюджетке ҚР Президенті айқындайтын мақсаттарға нысаналы трансферттерді қаржыландыру жүзеге асырылады.
Мемлекеттік шығыстар - мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құрамы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекеттің экономикасы тікелей шығыстарға қатысты.
Курстық жұмыс мемлекет шығыстарының теориялық жағын қарастырып қоймай, практикалық жақтарын қамтиды. Мемлекеттік шығысқа байланысты сауалдардың бәрі, олардың маңыздылығы мен қаншалықты атқарылғандығына байланысты қаралады, себебі әрбір бөлініс үдеріс кезеңінде бұлардың экономикалық қарым-қатынастардағы орны өзгеріп отырған. Нарық жағдайында ақша, несие және қаржы шаруашылығында көптеген құрлымдық өзгерістер болып жатыр. Осының бәрі өндіріс құрал-жабдықтарына әр түрлі меншіктің пайда болуы негізінде іске асырылып жатыр. Осының нәтижесінде мемлекеттік шығындардың өзара салмағы басқаша қалыптасты, әлеуметтік сфералардың жұмыс әрекеттері де өзгерді. Бұрын шаруашылық жүйесінде әр мемлекет әлсіз әлеуметтік сфераларды мүмкіндігінше қаржыландыруды қарастырған, ал қазір сол жүйелердің тиімсіз тармақтарына қаржыны азайтып, тиімді жақтарын қаржыландыру үстінде.
Қазір Қазақстан Республикасы дамыған 30-елдің қатарынан орын алу үшін әр түрлі жүйелерді орындауға тырысуда. Мемлекет шығыстарын ұйымдастырып, орындалуында да біршама нәтижелерге жетті. Мемлекет өз экономикасын көтеру үшін әр түрлі ресурс (табиғи, ақшалай) көздерін тиімді пайдалану жақтарын дамытып және олардың бөліну, атқарылу процесінде қатты қадағалаушылық орнатуы қажет.
Осыған орай бұл курстық жұмыста мемлекет шығыстарының өзгеруі, қысқартылуы туралы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің атқарылу қызметтері мен оларды дамыту жолдары жазылған.
Мемлекеттік шығыстардың экономикалық мәні мен мазмұны жан-жақты ашылып, шығыстардың атқаратын негізгі қызметтері көрсетілген.
Курстық жұмыстың бірінші тарауында бюджет жүйесіне оның экономикалық рөлі мен құрлымына түсінік берілген.
Ал екінші тарауында мемлекеттік және жергілікті шығыстарға талдау көрсетілген. Онда мемлекеттік шығыстардың пайыздық және ақшалай көрсеткіштері берілген. Осы мәліметтерді негізге ала отырып, мемлекеттік бюджеттің орындалу деңгейі, әр жыл сайынғы өсуі немесе кемуі жөнінде талдау жасалынған.
Үшінші тарауда Қазақстан Республикасының мемлекеттік шығыстарының жұмсалуын тиімді жетілдіру жолдары қарастырылған.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі мемлекеттік шығыстар болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты - республикалық және жергілікті шығыстарды талдау арқылы ондағы туындаған мәселелерді анықтап, олардың шешу жолдарын қарастыру. Сонымен қатар мемлекеттік шығыстардың экономикадағы атқаратын рөлі мен қызметін, мемлекеттік шығыстардың қазіргі кездегі экономикалық жағдайын ашып көрсетуді мақсат етеді.
Курстық жұмыстың негізгі міндеттері:
мемлекеттік шығыстардың теориялық тұрғыда аспектілерін зерттеу;
шығыстардың қалыптасу алғышарттарын қарастыру;
шетел тәжірибесіндегі мемлекеттік шығыстардың қалыптасуы мен ерекшеліктерін анықтау;
мемлекеттік шығыстардың қаржыландыру көздерін зерттеу;
мемлекеттік шығыстарға талдау жасау;
шығыстардың жұмсалуындағы проблемалардың шешу жолдарын іздеу.

1.МЕМЛЕКЕТ ШЫҒЫСТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Мемлекет шығыстарының қалыптасу алғышарттары

Мемлекеттің шығыстары - бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақшалай шығындары. Экономикалық категория ретінде олар коғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, коғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ішкі жалпы өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді. Мемлекеттің шығыстары мемлекеттің қаржылық саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржылық қатынастардың бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және тағы да басқа функцияларымен тікелей байланысты. Шығыстар ұғымының қос мағынасы бар:
- Ақшалай қаражаттарды олардың мақсатты арналымы бойынша пайдалану, яғни ақшалай қаражаттары айырбас үдерісінде тікелей рәсуалау. Бұл жағдайда шығыстардың құрамына түпкілікті табыстардың есебінен жүзеге асырылатын өндірістік және өндірістік емес сфера кәсіпорындары мен ұйымдарының, халықтың шығыстары кіріктіріледі, ал жалпы қоғамдық өнім үш қорға: орын толтыру қорына, қорлану қорына, тұтыну қорына ыдырайды.
- Айырбас үдерісінде қаражаттарды нақтылы жұмсаудан бөлгіштік сипаттағы шығыстарды ажырата білген жөн, бұл шығыстар қаржы арқылы қалыптасады: жалпы мемлекеттік қорларды пайдаланған және кәсіпорындардың қорларын мақсатты арналым бойынша бөлген кезде; ақшалай шығыстар барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің түпкілікті табыстарын қалыптастырудың негізі болып табылады [1].
Бұл екі аспект шығыстар ұғымының оның шығындар ұғымына түрленген кездегі қарама-қайшылық пен күрделілікті қамтып көрсетеді: егер шығыстар түпкілікті рәсуаны, тұтынуды қажет ететін болса, шығындар есепке жатқызылатын келешектегі табысты немесе пайданы күтудегі шығындарды білдіреді. Экономика дамуының түрлі кезеңдерінде мемлекеттің рөлі, оның функциялары мен қызмет саласы өзгеріп отыратындықтан, бұған сәйкес мемлекеттің жасайтын шығыстарының құрамы мен көлемі тиісінше өзгеріп отырады. Мемлекет шығыстарының құрамына мемлекеттік бюджеттің, мемлекеттік бюжеттен тыс қорлардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, өндірістік және өндірістік емес сфералар мекемелерінің шығыстары кіреді.
Мемлекеттік сектордың кәсіпорындары шығыстарының құрамына мыналар кіреді:
өндірістік, шаруашылық-пайдалану қызметімен байланысты шығындар;
ұлғаймалы ұдайы өндіріске (негізгі және айналым капиталдарына) жұмсалатын шығындар;
бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төленетін төлемдер, көтермелеу және ынталандыру қорларына аударылатын аударымдар.
Шығындардың бірінші тобы капиталдардың толық айналымымен байланысты және өндіріс шығындарының орнын өтеу болып табылады және шартты түрде шығыстарға жатады. Сондықтан кәсіпорындар бойынша мемлекеттің шығыстары шығыстардың eкінші және үшінші топтарын кіріктіреді. Баска категориялардың арасында мемлекет шығыстарының жайы мемлекеттік меншіктің маңызымен және мемлекеттің қазіргі жағдайындағы рөлімен анықталады. Мемлекет өндіріс құралдарының иесі болып табылады, өндірістік үдерістердің ұйымдастырушысы болады, жалпы қоғамдық өнімді жасауға және бөлуге қатысады және өзінің функциялары мен міндеттеріне сәйкес мемлекет шығыстарының жүйесі арқылы қоғамдық қажеттіліктердің едәуір бөлігін канағаттандырады. Реформалау кезеңінде Қазақстан экономикасында мемлекеттік сектордың үлесі шұғыл төмендегімен, бірақ меншіктің, ақшалай ресурстардың едәуір үлесі мемлекеттің қарамағында қалады. Дамыған рыноктық экономикасы бар елдерде мұның өзі дамыған рыноктық қатынастарға сай келеді. Сондықтан мемлекеттің шығыстары категориясы тұрақты экономикалық қатынастарды бейнелеп көрсетеді және келешекте өзінің маңызын сақтайды [2].
Мемлекет шығыстарының басым бөлігі қоғамдық тауарларды, игіліктерді және қызметтерді өндіруге немесе олармен халықты қамтамасыз етуге бағытталады, бұл мемлекет шығыстарының рөлін айқындайды. Әлеуметтік мәдени мақсаттарға, қорғанысқа, құқықтың тәртіпті қорғауға, басқаруға, мемлекеттің инфрақұрылымдық кәсіпорындары мен ұйымдарының өніміне және қызметтеріне жұмсалатын шығыстар мемлекет, сонымен бірге экономиканың рыноктық секторы тарапынан рыноктық тауарлармен және қызметтер көрсетумен қамтамасыз етуге қосымша ретінде халықтың жалпы қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс. Бағыттары мен мақсатты арналымы бойынша шығыстардың барлық түрлерінің жиынтығы мемлекет шығыстарының жүйесін құрайды. Мемлекет шығыстарының басым бөлігі мемлекеттік бюджетке орталықтандырылған немесе мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағында болатын қоғамның таза табысы есебінен жүргізіледі. Олар сондай-ақ өнімнің өзіндік құнына кіріктірілетін амортизация сомаларымен өтелуі мүмкін, бұл ақша мемлекеттік шаруашылықтың өндірістік капиталдарын көбейту үшін қарастырылған күрделі жұмсалымдарға бағытталады. Мемлекет шығыстарының бір бөлігі салықтық төлемдер, қарыздардан түсетін түсімдер түріндегі халықтың қаражаттары есебінен жабылады. Мемлекет шығыстарын қаржыландыру үшін негізгі өндірістік капиталдарды көбейту және техникалық жетілдіру мақсаттарында және кейін кәсіпорындардың табыстарынан өтелетін банктердің ұзақ мерзімді кредиттері тартылады.
Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастыруға оларды болжау, сондай-ақ оларды қаржыландыру мен қаражаттарды пайдаланудың катаң тәртібін белгілеу арқылы қол жетеді. Сондықтан мемлекеттің шығыстарын ұйымдастыру қағидаттарының бірі жоспаршылық болып табылады. Ұлттық шаруашылықты баланстандырылмалы дамыту және халықтың әлеуметтік жұмыс деңгейін арттыру мақсатында мемлекет өндірістік және өндірістік емес сфералары, салалар, экономикалық аудандар арасында жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлуге және қайта бөлуге қатысады. Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың мақсатты сипаты мемлекеттің қаражаттарын катаң белгілі бір шараларға пайдалануды талап етеді. Жоғарыда келтірілген анықтамалар мемлекет шығыстарының қалыптасу алғышарттары болып табылады да, олардың экономикада маңызды орын алуына негіз болады.

1.2 Мемлекет шығыстарының экономикалық мәні

Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастырудың қажетті қағидаты оларды жабудың бюджеттік, кредиттік және меншікті көздердің оңтайлы үйлесуі болып табылады. Бұл қағидат мемлекет шығыстарын ортақ қаржыландыру үдерісін білдіреді. Мемлекет шығыстарының жеке түрлері экономикалық маңызы мен мазмұны жағынан бірыңғай емес. Шығындарды қаржыландырудың көздеріндегі, нысандарындағы және әдістеріндегі айырмашылықтар осыған байланысты болады.
Мемлекеттің шығыстарын шектеудің аса маңызды критерийі материалдық өндіріс пен ұлттық табысты жасау үдерісінде олардың қатысы болып табылады. Осыған сәйкес мемлекеттің шығыстары экономикалық мазмұны бойынша үш негізгі топқа бөлінеді:
материалдық өндіріспен тікелей байланысты шығыстар;
қызметтің өндірістік емес сферасындағы шығыстар;
мемлекеттік резервтерді жасауға жұмсалатын шығыстар [3].
Шығыстардың бірінші тобы мемлекеттің шаруашылық қызметімен шарттасылған және ұлттық табысты жасаумен байланысты. Мемлекет шығыстарының екінші тобы қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты өндірістік емес сфераға жұмсалатын қаражаттар: ең алдымен оқу-ағарту мен денсаулық сақтау мекемелерін ұстауға, ғылым мен мәдениетті дамытуға, тұрғын үй мен мәдени-тұрмыстық құрылысқа, қызметкерлерді әлеуметтік сақтандыруға, сонымен бірге қоғамның барлық мүшелерін әлеуметтік қамсыздандыруға бағытталады. Мемлекет сондай-ақ қаражаттарды қорғанысқа, мемлекеттік аппаратты ұстауға және мемлекеттік органдардың қызметімен байланысты басқа шараларға жұмсайды. Материалдық емес сфера мұқтаждарына жұмсалатын шығыстар тұтыну қорына түсетін ұлттық табыстың бөлігі болып табылады. Алайда өндірістік емес сферадағы шығындардың өсуі ақырында қоғамдық өндірістің өсу және оның тиімділігін арттыру карқынында білініп көрінеді. Бұған білікті кадрларды даярлау, ғылым жетістіктерін өндіріске енгізу, материалдық өндіріс сферасының жұмыскерлеріне медициналық қызметті көрсетуді қамқорсыз ету есебінен қол жеткізеді. Мемлекеттің шығыстарын қорлану қоры мен тұтыну қоры арасында оңтайлы бөлу мемлекеттің экономикалық саясатының аса маңызды міндеті болып табылады. Қорлану қоры мен тұтыну қорының ара салмағы өзгерді: соңғы жылдары тұтыну қорының өсу қарқыны қорлану қорының өсу қарқынынан асып түсті. Тұтыну мен қорлануға пайдаланылатын ұлттық табыстағы тұтыну қорының үлес салмағы Қазақстанда 86 пайызға жуығын құрайды [4]. Үшінші топтың мемлекет шығыстары мемлекеттік резервтерді жасау мен молықтыруға салатын шығындар төтенше жағдайлар кезінде, мысалы, дүлей апаттар кезінде, өндірістік, сондай-ақ өндірістік емес сфералардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, ысыраптарды өтеуге және кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды және халықты тауарлармен, азық-түлікпен жабдықтауды қамтамасыз етуге арналған. Мұндай резервтерді орталықтандырылмаған тәртіппен, яғни жеке әрбір кәсіпорын мен ұйымдар үшін жасау ұтымды болмас еді. Оларды жасаудың орталықтандырылған тәртібі олардың қажетті мөлшерін салыстырылмалы төмендетуге және бұл резервтерді неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Предметтік (мақсатты) белгісі бойынша мемлекеттің шығыстары экономикаға, әлеуметтік мәдени шараларға, ғылымға, қорғаныс пен басқаруға жұмсалатын шығыстарға бөлінеді [5].
Аумақтық белгісі бойынша мемлекеттің шығыстары экономикалық өңірлер бойынша бөлінеді. Мұндай сыныптау өндіргіш күштерді орналастыруға және ұлттық шаруашылықтағы үйлесімдіктерді жетілдіруге белсенді ықпал жасауға мүмкіндік береді.
Салалық белгісі бойынша материалдық өндіріс сферасында мемлекеттің шығыстары өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шарушалығына, көлік пен байланысқа, саудаға, жабдықтау мен дайындауға жұмсалатын шығындарға бөлінеді; өндірістік емес сферада білім беру, ғылым, денсаулық сақтау мен дене шынықтыру, әлеуметтік сактандыру мен әлеуметтік қамсыздандыру, қорғаныс, басқару шығындары болып бөлінеді [6].
Мемлекеттің шығыстары қаражаттарды ең жоғары тиімділікпен пайдаланған жағдайда мемлекеттік қажеттіліктерді неғұрлым толық қамтамасыз етуі тиіс. Осыған байланысты шаруашылық жүргізудің ерекшеліктерімен анықталатын мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың екі әдісі бар:
1. Шаруашылық есептегі кәсіпорындар мен ұйымдарды қаржыландыру меншікті ресурстар, банк кредиттері есебінен және жетіспеген бөлігі бюджеттік қаражаттар есебінен жасалынады.
2. Бюджеттік тәртіппен ерекше құжаттардың - қаржылаңдырудың дара жоспарларының негізінде әлеуметтік-мәдени шаралар, мемлекеттік билік пен басқару органдарын ұстау, қорғаныс шығындары қаржылаңдырылады. Бюджеттік тәртіппен қаржыланатын мекемелер мен ұйымдар бюджеттік деп аталады [7].
Ерекше жағдайларда әдіс ретінде айналысқа қолма-кол ақша шығару және кредиттік эмиссия есебінен (қолма-қол ақшасыз) эмиссиялық қаржыландыру қолданылады. Бағдарламалар мен шараларға, халықты әлеуметтік қорғауды камтамасыз етуге және басқа мақсаттарға берілетін нысаналы мемлекеттік қаржылық көмектің нысаны - бюджеттік қаржыландырудың мынадай нысандары қолданылады: демеу қаржы, субвенциялар, субсидиялар
Демеу қаржылар кезінде ақшалай қаражаттар қайтарусыз тәртіппен бюджет пен бюджеттік қорлардан кәсіпорындар мен ұйымдардың зияндарын жабу үшін, сондай-ақ төменгі бюджеттерді баланстау үшін бөлінеді. Бұл нысан ауыл шаруашылығы өнімінің бағаларындағы айырманы өтеу, жеке өнімдер мен тауарлардың әлеуметтік қолайлы бағаларын қолдау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың зияндарын жабу, театр, ойын-сауық және басқа да ұйымдардың шығындарын ішінара өтеу түрінде тараған болатын.
Субвенциялар - халықты әлеуметтік қолдауды камтамасыз ету жөніндегі бағдарламалар мен шараларға және басқа мақсаттарға нысаналы мемлекеттік каржылық көмектің нысаны; мақсатты пайдалану бұзылған жағдайда қаражаттар қайтарылуға жатады.
Субсидиялар - үлестік негізде белгілі бір шараларды каржыландыруға бюджеттік, бюджеттен тыс және арнаулы қорлардың қаражаттары есебінен ақшалай және натуралдық нысандағы жәрдемақылар [8].
Аталған нысандар қалыпты жүзеге асырған жағдайларда трансферттік қаржыландырудың түрін қабылдайды. Трансферттер деп кең мағынада бюджеттен және бюджеттен тыс қорларды белгілі бір қажеттіліктерді қаржылаңдыру үшін қаражаттарды қайта бөлу кезінде оларды өтеусіз және қайтарусыз беруді айтады. Әдеттегідей, бұл әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру бойынша төлемдер, жұмыссыздық бойынша, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және т.б. жүйесін ұстауға берілетін жәрдемақылар.
Айтарлықтай дәрежеде мемлекеттің шығыстары мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік сатып алу - акциялардың елу және одан көп пайызын немесе мемлекетке жататын акциялардың бақылау пакетін мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың және олармен қосылма заңды тұлғалардың қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы [9].
Мемлекеттік сатып aлy сферасындағы мемлекеттік монополия тек қана мемлекеттік органдардың және мемлекеттік кәсіпорындардың заңнамалық актілер негіздемесінде, сондай-ақ бәсекені енгізу ұлттық қауіпсіздік, құқық тәртібі, қорғаныс және қорғаныс-өнеркәсіп кешені мүдделерінің ұғынысы тұрғысынан қолайсыз болатын жағдайларда қызметтің шаруашылық жүргізілетін сферасы.
Мемлекеттік сатып aлy үдерісін реттеу мына кағидаттарға негізделеді:
сатып алуға пайдаланылатын ақшалай қаражаттарды оңтайлы және тиімді жұмсау;
мемлекеттік сатып aлy үдерісіне қатысу үшін барлық әлеуетті жеткізушілерге тең мүмкіндіктер беру;
әлуетті жеткізушілер арасында адап бәсеке;
мемлекеттік сатып aлy үдерісінің жариялылығы [10].
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шығыстардан жұмсалатын қаржылары мемлекет экономикасында маңызды рөл атқарады. Сонымен қатармемлекеттік шығыстардың жұмсалуы әлем эконмикасында да орын алып, шетел тәжірибесіндегі шығыстардан өзіндік сипаттамаларымен ерекшеленеді.

1.3 Шетел тәжірибесіндегі мемлекеттік шығыстар

Мемелекеттік шығыстар мемлекеттік бюджет есебінен жүргізіледі. Мемлекеттік бюджет - бюджет жүйесінің бірінші буыны болып табылады. Демек, ақша қаражаттарының басты орталықтандырылған қорын қалыптастыру, қайта бөлу қызметінде қалыптасқан экономикалық қатынастарды көздейтін мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Дамыған елдердің ұлттық табыстың 40%-ға жуығы мемлекеттік бюджет арқылы қайта бөлінеді.
Құл иеленушілік заманында мемлекеттік қаржы есебінен шығыстар негізінен соғыс жүргізуге, суландыру құрылыстарын салуға, мемлекеттік аппараттарды ұстап тұру үшін жұмсалған. Феодалды дәуірде мемлекеттік шығыстар қалалар салуға, мемлекет басшыларының сәнді бұйымдар сатып алуына жұмсалған. Капитализм заманында мемлекеттік шығыстардың басым бөлігі әскери мақсаттарға, теміржолдардың салынуына жұмсалды. XIX ғасырдың екінші жартысында кейбір мемлекеттерде, әсіресе Германияда мемлекеттің шығыстары әлеуметтік мақсаттарға жіберілді. Жалпы бұл кездері мемлекет шығыстарының көлемі үлкен болмады. 1848 жылы АҚШ-та олар 48 млн. доллар болды. 1890 жылы мемлекет шығыстары АҚШ-та ЖІӨ-нің 7%-ын құраса, Ұлыбританияда 9,2%, Францияда 12%, Германияда 13,2% құрады [11].
Шетелдерде уақыт өте келе мемлекет шығыстарының басым бөлігі әлеуметтік мақсатқа жұмсалатын болды. Бұл мақсатта 1960 жылы АҚШ мемлекет шығыстарының 20% ғана жұмсаса, 1995 жылы бұл көрсеткіш 47%-ға дейін жеткен. Сөйтіп 90-жылдардың соңында жалпы көлемі 1,5 трлн. доллар қаржыны әлеуметтік мақсатта жұмсаған [12].
Мемлекеттік шығыстардың жұмсалуында екінші орынды экономикалық мақсаттарға жұсалатын қаражат алады. Оларға тұрғын үй құрылысы, табиғи ресурстарды өңдеу, ауыл шаруашылығы, транспорт, ғылым жатады. Бұл шығындар 90-жылдардың ортасында барлық мемлекеттік шығындардың 25-27% құрады.
Үшінші орынды әскери мақсаттарға жұмсалатын шығындар алады. Бұл шығындар Германия, АҚШ, Франция сияқты елдерде мемлекеттік шығыстардың 2-2,5% құраса, Жапоняда бұл көрсеткіш 10%-ға дейін жетеді.
Төртінші орынды мемлекеттік борышқа қызмет етуге жұмсалатын шығындар алады. АҚШ-та 90-жылдардың соңында мемлекеттік қарыз ЖІӨ-ң 60%-ын алды. Жапонияда ондай шығыстар 20% құрайды. Жыл сайын мемлекеттік қарыздарды өтеуге АҚШ 230 млрд. доллар жұмсайды.
Бүгінгі күні мемлекет кәсіпкердің, сатып алушының, тұтынушының, кредитордың, борышкердің, ұйымдастырушының функцияларын атқарады. Мұндай сыныптамаларға сәйкес мемлекеттік шығыстар да мінездемеледі. Мемлекет кәсіпкер ретінде мемлекет шығыстарынан инвестицияға 3-30% бөлінеді.
Жалпы мемлекеттік шығыстар екі тарауға бөлінеді:
1. Тауарлар мен құралдар сатып алу
2. Трансферттер [13].
АҚШ-та 1959 жылдан 1995 жылға дейін мемлекеттік шығыстар 116,6 млрд. доллардан 2,4 трлн. долларға дейін өсті, соның ішінде тауарларды сатып алуға 1,14 трлн. доллар кетсе, трансферттік төлемдерге 1 трлн. доллар жұмсалды.
Жапония унитарлы мемлекет бола отырып, екі деңгейлі бюджеттік жүйені қолданады, ол жүйе мемлекеттік және жергілікті басқарушы органдарының бюджеттерінен құрылады. Бюджеттің кірістері мен шығыстары бөлім, тарау және параграфтар бойынша жіктеледі. Кірістер 7 бөлім, 11 тарау және 43 параграф бойынша жіктелсе, шығыстар 13 бөлім, 41 тарау және 242 параграф бойынша жіктеледі. Жапонияның бюджеттік жылы 1 сәуірден басталып 31 наурызға дейін жалғасады.
Канаданың қаржы жүйесі өз құрылымы бойынша жеке және өзара байланыста болатын звеньялардың классикалық схемаға ұқсайды және өзіне бюджеттік жүйені, арнайы қорларды және мемлекеттік кәсіпорындардың қаржыларын қосады. Сонымен қатар, оның бюджеттік жүйесінде федеративтік мемлекеттерге тән бірнеше ерекшеліктері бар. Бюджет жүйесінің бірінші деңгейінде - федералдық бюджет, ол федеративтік үкіметпен құрылады және жүзеге асырылады. Екінші деңгейде - үш аймақтың және он провинциялардың бюджеттері. Үшінші - жергілікті өкілетті органдардың бюджеттері - 5000 муниципалдық ұйымдары, оған қоса: қалалар, ауылдар, тауншиптер, графстволар, арнайы қызметі бар аудандар кіреді. 2000 жылғы наурызда Канада Үкіметі мемлекеттік шығыстарды басқарудың жаңа тұжырымдамасын енгізді, оған сәйкес мемлекеттік шығыстарды басқару бірінші кезекте сапалы қызметтер көрсетуге және нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған болуы тиіс. Көп жылғы реформалардың нәтижесінде 2003 жылдан бастап өзара байланысты әрі тығыз интеграцияланған басқару және жоспарлау жүйелері: шығыстарды басқару жүйесі, Басқару тиімділігінің жүйесі, ресурстар мен нәтижелерді басқару құрылымы және Тәуекелдерді басқару жүйесі енгізілді. Шығыстарды басқару жүйесі Канада Үкіметі жұмысының түйінді элементі болып табылады. Шығыстарды басқару жүйесі жақсы жұмыс істеген жағдайда ғана тиімді және жауапты Үкімет болуы мүмкін. Шығыстарды басқару жүйесінің негізгі мақсаттары: жалпы фискалдық бақылау, ресурстарды тиімді бөлу, қызметтің тиімділігі, операциялық тиімділік және парламенттік бақылау [14].
Шетел тәжірибесінде мемлекет шығыстарының жіктелуі де, жұмсалуы да Қазақстан Республикасының мемлекет шығыстарынан өзгешеленеді. Жалпы мемлекет шығыстарының теориялық аспектілерін осылайша сипаттауға болады.

2. МЕМЛЕКЕТ ШЫҒЫСТАРЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

2.1 Мемлекеттік шығыстарды қаржыландыру механизмі

Мемлекет пен аймақтың әлеуметтік бюджеті әлеуметтік саясатты қаржыландырумен байланысты, яғни, басты құраушысы халықтың әлеуметтік топтарын қосатын және әлеуметтік салалардың дамуы.
Халықты әлеуметтік қорғау салаларында мемлекеттің бюджеттік саясатының маңызды міндеттері болып елдің мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктерін жұмысбастылық, еңбекақы, табыстар мен әлеуметтік қызметтер саласында қаржылай қамсыздандыру табылады.
Өтпелі экономикалы Қазақстанға бұл міндеттер елдің халқының ең аз мөлшердегі әлеуметтік кепілдіктерін республикалық, аймақтық және жергілікті бюджет арқылы қаржылай қамтамасыз ету ретінде қатысады.
Халықтың әлеуметтік қорғауын қаржыландыру өмірдің қиын жағдайына тап болған, кембағал азаматтарға әлеуметтік көмектерді ұйымдастыруға бағытталған бюджет ресурстарының жиынтығын қосады. Өтпелі кезеңде бұл міндеттер мемлекеттік және жергілікті басқарудың барлық деңгейіндгі Қазақстан халқының әлеуметтік көмектер қызметін қалыптастырумен байланысты.
Мемлекеттің және аймақтардың әлеуметтік бюджеті сондай-ақ, әлеуметтік ортадағы салалардың маңызды қолдау мен қаржыландыруға ағымдағы және күрделі шығындардың жиынтығын қосады: білім, мәдениет, өнер және жаппай ақпарат құралдары, денсаулық, дене шынықтыру мен спорт, әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық.
Әлеуметтік ортадағы салалар қатарының салықтық-қаржылық саясатының ерекшеліктері табиғи монополияның бар болуымен байланысты: жолаушылар көлігі, байланыс, тұрғын үй-коммуналды шаруашылық. Бұл салаларда кәсіпорын-монополистерінің қызметтерін мемлекеттік реттеу қажет: кәсіпкерлік қызметтерді шектеу, бағаны реттеу, тарифтер, алынған пайдалар, өндіріс ауқымы, қызмет саласы. Батыс Еуропаның көптеген елдерінде қызметтер саласында табиғи монополиялар мемлекеттік меншіктің және мемлекеттік кәсіпкерліктің объектісі болып табылады: пошта, телевидение, өндіріс және халықты газбен қамту, электроэнергия, теміржол мен әуе көлігі. АҚШ-та, Жапонияда аталған салаларда (поштаны қоспағанда) табиғи монополистердің - жеке компанияларының қызметтерін мемлекеттік реттеу кеңінен қолданылады [15].
Алайда қаржылық механизмнің неғұрлым маңызды ерекшеліктері әлеуметтік орта салаларында қызметтің нарықтық емес секторын қаржыландырумен шақырылған. Бұл салалардың қызметтері мөлшерлері жағынан маңызды мемлекеттік секторлар мен бюджеттік қаржыландырудың, болуымен, олардың ұйымдары мен мекемелерінің жұмысына жәрдемақша бөлдірумен байланысты. Осы салалардың қаржылық ресурстарының көздері болып кәсіпорындар мен халықтың әлеуметтік төлемдері және салықтық түсімдері табылады.
Өзінің қасиеті жағынан таза қоғамдық игіліктерге едәуір жақын қызметтер, қоғамдық секторларда жүргізіледі және мемлекеттік бюджеттен (мемлекеттік мектептер, коледждер, жоғары оқу орндары, ұлттық және муниципалдық мұражайлар, кітапханалар, мемлекеттік медициналық меке-мелер) қаржыландырылады, негізінен тегін ұсынылады.
Аралас-қоғамдық игіліктер болып табылатын қызметтер жеңілдікте ақылы негіздегі жеке коммерциялық емес немесе мемлекеттік ұйымдармен ұсынылады, аралас мемлекеттік-нарықтық қаржыландырудың объектісі болып табылады, оның ішінде мемлекеттік тікелей және жанама жәрдем ақша.
Нарықтық экономикалық жағдайда әлеуметтік-мәдениет кешенің қаржыландыру механизмі одан басқа едәуір дәрежеде бағытталған немесе ымырашыл нарықтық экономика қағидаларындағы немесе әлеуметтік нарықтық шаруашылық қағидаларындағы мемлекеттің саясатына байланысты. Әлеуметтік ортаның қатысты бұл, бірінші жағдайда әлеуметтік-мәдениет қажеттіктерді қанағаттандыру басымдылығы нарыққа берілетіндігін, ал мемлекет тек нарықтық негізде кімнің қажеттіктері қанағаттандырылмағандарды сақтандыратынын білдіреді [16].
Аймақтық және жергілікті әлеуметтік бюджеттерді қалыптастыруда жалпы ұлттық бюджеттің жәрдемақысы маңызды рөлді атқарады, оның ішінде мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру. Сөйтіп, демократиялық мемлекет қоғамдық ресурстарды тең құқылы дауыс беру негізінде көпшіліктің еркіне сәйкес саяси механизм арқылы қоғамдық таңдауды бөледі, көп дәрежеде әлеуметтік әділдік қағидасына жауап береді. Салықтық механизм-трансферттік төлемдер жүйесімен-тұтынушылар мен өндірушілердің жәрдем ақша, сондай-ақ, әлеуметтік қызметтерді тегін және жеңілдіктерді ұсыну әртүрлі әлеуметтік топтар мен ұрпақтар арасында табыстарды қайта бөлу механизмін ұсынады. Алайда мемлекеттің қаржылық-салық саясатында әлеуметтік әділдік қағидасын абсолютизациялау салық салудың шкаласының ілгерілеуі мен шекті салық мөлшерлемесінің өсуіне әкеледі, бұл ресурстарды бөлуді нарықтық механизмін экономикалық нәтижелілігін төмендетеді. Бұл салық салудың неғұрлым үйлесімділік шкаласына көшуді шекті мөлшерлеменің төмендеуін талап етеді, ол өз кезегінде тауар мен қызмет өндірісінің нәтижелігінің өсуін ынталандыруға мұрсат береді. Демек, салық салу жүйесі нарықтық экономикада экономикалық нәтижеліліктің балансы мен қоғамда әлеуметтік әділдік қамтамасыз ету тиіс.
Әлеуметтік саланың маңызды қаржылық саясатты құраушы болып салық жеңілдіктерінің жүйесі болып табылады, оған кіретіндер: салық жеңілдіктері (табысқа салынатын салықтан белгілі шығындарды шегерулер), салықтық несиелер (салықтың есептелінген сомасынан шегерулер), салық демалыстары (салық төлеуді кейінге қалдыру), салық салудан толық және жартылай босату. Салықтық жеңілдіктер жүйесі әлеуметтік қызмет салаларының кеңінен қолданылатын, мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық емес ұйымдарға салықтық жәрдем ақша ұсыну жолымен, әлеуметтік салаларды жанама мемлекеттік қаржыландыру тәсілдері болып табылады.
Әлеуметтік қызмет салаларында мемлекеттің қызметтері мен қызмет түрлері оның секторына байланысты ажыратылады. Мемлекеттің неғұрлым кең қызметтері нарықтық емес секторларда ұсынылған, онда мемлекет білім, денсаулық сақтау, мәдениет өндірісінің қызметтерін қаржыландырады және тікелей ұйымдастырады және тегін және жеңілдікті қызметтерді көрсету есебімен азаматтардың табыстарын қайта бөледі. Нарықты және коммерциялық емес секторларда жеке коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың қызметтерін реттеу мен жәрдем ақша беру қызметіне ие болады, сондай-ақ, мемлекттің қажеттіліктері үшін тауар мен қызметтерді сатып алу, оның ішінде мемлекеттің әлеуметтік бағдарламалары мен әлеуметтік ваучерлер механизмі арқылы.
Мемлекеттік социализмнің қаржылық жүйесі, соның ішінде әлеуметтік салаларды қаржыландыру, елдің қорғанысына, орталықтанған күрделі салымдарға, кіріссіз кәсіпорын мен бөлшек баға дотация, тұрғын үй-коммуналды шаруашылық пен әлеуметтік-мәдениет кешеннің қаржыландырудың қалған қағидасымен мемлекеттік шығындардың жоғары үлесімен сипатталады [17].
Әлеуметтік салаларды қаржыландырудың аймақтық жағынан келу қажеттігі бірқатар факторлармен, оның ішінде маңыздысы болып қызмет аясында еңбек нәтижесімен мінез ерекшеліктері, әлеуметтік салаларды басқаруды демократиялау, маңызды айырмашылықтар есебінің қажеттілігі: табиғи-климаттық, әлеуметтік-демографиялық, ұлттық-мәдени және Қазақстан аймақтарындағы басқа да жағдайларды көрсетеді.
Аймақтық әлеуметтік саясатты қаржыландырудың маңызды ерекшеліктері аймақтардың әлеуметтік өркендеуін жеке қаражаттары есебінен мемлекеттік субсидиялаумен аумақтардың әлеуметтік салаларының өркендеуімен үйлестіру болып табылады. Аумақтың дербес өркендеуінің көзі болып жергілікті салықтар, жинаулар, мемлекеттік меншіктің және кәсіпорындардың табыстары, еркімен қаржыландыру мен заңды тұлғалар мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономика жағдайындағы өндіріс шығындарының есебін ұйымдастыруды жетілдіру
Мемлекеттің аймақтардың дамуын реттеуі басқарудың екі
Мемлекет бюджетінің шығыстары
Қаржы және бюджет комитеті
Шетелдердегі бюджетаралық қатынастар саясаты
Заңды тұлғалардың салық салынатын объектілері
Салықтық есепке алу ережесі
Ұлттық қордың қалыптастырылуы мен пайдаланылуының тиімді перспективаларын анықтау
Қазақстан Республикасындағы бюджет саясаты және оның қызметтері
Мемлекеттік бюджеттің ақшалай кірістері
Пәндер