ҚР статистикалық агенттігі негізінде мейрамхана және қонақ үй бизнесі дамуының болжамы


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Алматы технологиялық университеті
Экономика және бизнес факультеті
БОӨЖ 15
Тақырыбы: ҚР статистикалық агенттігі негізінде мейрамхана және қонақ үй бизнесі дамуының болжамы.
Орындаған: Иманберді Д. Қ.
Рд и Гб 16-11
Қабылдаған: Исаков Ерлан
Алматы, 2017
Қазіргі таңда туризм саласы көптеген дамыған және дамушы елдердің экономикасында басыңқы рөлдерін бірін атқарады . Қазақстан Республикасы туризм саласын дамыту да өзінің қолайлы климаттық жағдайына, қайталанбас мәдени ескерткештіріне және т. б. факторларына байланысты ерекше мүмкіндіктерге ие. Бірақ, өкінішке қарай, бұл мүмкіндіктер көбіне өз деңгейінде қолданылмай жататындығын байқаймыз. Сондықтан да, елімізде заман талабына сай жасалған инфрақұрылымдық кешендер мен халықаралық стандарттарға сай туристік нысандардың орналастыру секторларын ұйымдастыра білу өте-мөте қажет. Әсірісе, қонақ үй бизнесі туризм саласының ең маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Себебі, қонақ үй саласы туристтің демалалыс кезеңіндегі баспана, тамақтану, жеке бастың қауіпсіздігі, денсаулық сақтау сияқты бірінші кезектегі қажеттеліктерін толықтай қамтиды. Жоспарлы экономика кезеңінде қонақ үй шаруашылығын жүргізу тек мемлекет тарапынан арнайы талаптер мен шарттар бойынша ғана жүргізілгені белгілі. Ал, кейін еліміз Тәуелсіздік алғаннан соң, туризм саласын бизнес ретінде қарастыру мәселесі алға тартылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н. А. Назарбаевтің «Қазақстан-2030» халқына жолдауында туризм саласының дамуы тарихи-мәдени және табиғи қорларды игерумен қатар экономикалық шешімдерді қабылдауда басты бағыттардың бірі болып табылатынын анықтап көрсетті. Бүгінде Қазақстанда қонақ үй бизнесінің дамуына барлық жол ашылып, мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп отыр.
Әсіресе, қонақ үй бизнесі жаңа жұмыс орындарын ашу мүмкіндігіне ие, мемлекет қазынасын толтыруда маңызды рөл атқара алатын көпфункционалды сала екенін естен шығармаған жөн. Қонақ үй бизнесіне ерекше назар аударудың тағы бір себебі- шет мемлекеттер тарапынан инвесторлардың отандық туризмді дамытуға шақыра алу. Яғни, бұл дегенеміз мемлекетеміздегі аймақтық әр түрлі туристік фирмалар, қонақ үйлер, мейрамханалар шетелдік ірі компаниялармен серіктес болуына мүмкіндігінің ашылуы. Сондай-ақ, әлемдік деңгейдегі атауы брендке айналған «Hilton Garden Inn», «Radisson SAS Astana», «Rixos», секілді қонақ үйлердің ашылуы шетел туристерінің арасында Қазақстанның «сыртқы имиджін» қалыптастыруда маңызды рөл атқаратындығын атап өтерлік жайт. Сонымен қатар, шетел инвесторларының тікелей қолдауымен ашылған қонақ үйлер халықаралық стандарттаға негізделіпқызмет атқаратын ескерсек, бұл қонақ үйлер сырттан келетін туристтердің қойған талаптарына сай келеді.
Төменде шетелдер келген 2010-2013 жылдар аралығындағы щет ел туристтерінің Қазақстанға келу көрсеткіштері көрсетілген.
1-кесте. Қазақстан Республикасына шет мемлекеттерден келген туристтер саны.
Кесте деректеріне үңілсек, Қазақстанға келген шетелдік қонақтардың саны әр жылдары салыстырмалы түрде көбінесе бір деңгейде болғанын байқаймыз. Шетел мемлекеттерінен келген туристің біраз бөлігі еліміздің бас қаласы Астана мен Алматы қалаларында, индустриялық жағынан маңызды болып есептелетін Атырау, Ақтау қалаларында қонақтаған. 2011 жылы Астана, Алматы қалаларында шетел қонақтарының қарқынды ағымы байқалды. Себебі, дәл осы жылы елімізде Қысқы Азия ойындары өткен болатын. Содан бері елімізге келген шетел туристерінің ең жоғары көрсеткіші (594161 келуші ) әлі күнге дейін қайталанған жоқ.
Жоғарыда аталып өткен қонақ үйлер 4-5 жұлдызды деңгейлі болып келгендіктен, бағасы өте жоғары болып есептеледі. Сондықтан, бұл қонақ үйлердің шет елдерден келген іскер азаматтар мен отандық бизнесмендер немесе қоғамда «жоғарғы класс» деп аталатын топ өкілдерің арасында кеңінен танымал болуы заңдылық. Алайда, шетел азаматтары тарапынан, әсерісе, 90-жылдары шетел мамандарынан Қазақстанның «Алтын Адам», «Ұлы Жібек Жолы», көне Түркістан, Тараз қалалары, Ұлытау, Ордабасы сынды көптеген тарихи жерлер мен мәдени мұраларға қызығушылық ояна бастады. Бірақ, өкінішке қарай, кез келген отандық немесе шетелдік турист осындай елді мекендерге саяхаттап барған кезде төмендегідей мәселелермен бетпе-бет кездесуі мүмкін:
-аймақтардағы инфрақұрылымның дамуының төмен көрсеткіші;
-теміржол, әуе жолы бағыттарының жиілігінің төмендігі;
-жоғары деңгейдегі сервис қызметіндегі кадрлардың жетіспеушілігі;
- шетел қонақтары үшін визаны алу, тіркеу сияқты іс-қағаз мәселелерінің шешілу ұзақтығы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz