Аудиторлық қызметті ұйымдастыру


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
:
Жоспар: Кіріспе
:
: 1
Жоспар: Аудиторлық кызметтің теориялык негіздері
:
: 1. 1
Жоспар: Аудиторлық қызметтің мәні мен мазмұны
:
: 1. 2
Жоспар: Аудиторлық қызметтің сатылары мен функциялары
:
: 1. 3
Жоспар: Аудиторлық кызмет туралы заң
:
:
Жоспар:
:
: 2
Жоспар: Аудиторлық қызметтің түрлерін жіктеу
:
: 2. 1
Жоспар: Аудиттын турлері жане мані. мазмуны
:
: 2. 2
Жоспар:

Аудиторлық қызметтiң негiзгi принциптерi және аудиттiң

стандарттары

:
: 2. 3
Жоспар: Аудиторлық қорытынды жасау
:
:
Жоспар: Қорытынды
:
:
Жоспар: Пайдаланылған адебиеттер
:

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының егемендік алып, нарықтық экономикаға көшуі қоғамдық өмірдің барлық жағынан өзгеруіне әкелді. Елде кәсіпкерлік қызметтегі әртүрлі субъектілердің ара қатынастарын реттейтін жаңа экономикалық институттар туындау қажеттігі пайда болды. Оның ішінде аудиторлық институтқа деген қажеттілік өзгеше болды. Оның басты мақсаты - бухгалтерлік және салықтық есептілікте көрсетілетін ақпараттардың шынайылығын бақылауды қамтамасыз ету. Ақша-қаражаттарын қолдану бойынша, заңды объектілерде сауда операциялары мен инвестицияларды жүзеге асыру бойынша мәліметтер тәуелсіз аудитор көмегімен объективті түрде расталады. Аудиторлық қызмет деп аудит жұмысын ұйымдастыру мен әдістемелік жағынан қамтамасыз ету, аудиторлық тексеруді іс жүзінде орындау және басқа да аудиторлық қызметті көрсету түріндегі кәсіпкерлік қызмет.

Аудитке деген қажеттілік меншік құқығы мен кәсіпорынды басқару бөлінген кезде пайда болады. Бірақ осындай аудитты жүргізуге деген заң талаптары жоқ кезде де қаржылық есеп беру аудитіне тән белгілі басымдылықтар болады.

Меншік иелену құқығына негізгі өзгерістер енгізу процессі, егер бұрынғы есеп берулер екі жеке серіктес шаруашылықты жүргізудің жаңа объектісін құру үшін өз бизнесін біріктірген кездегідей деген ескерту болмаған аудиторлық қорытындыны сақтаса ғана қамтамасыз етілуі мүмкін. Үшінші жақта бағытталған қаржыландыруды беру туралы өтініш тексерілген есеп берулермен дәлелделінуі мүмкін. Аудит өзінің кәсіби қызметінде адалдық, обьективтілік, кәсіби құзыреттілік, құпияны сақтай білетінділік, тәуелсіздік, жинақылық, мұқияттылық, ғылымиялық, нақтылық, жариялық, демократияшылдық принциптерді басшылыққа алу керек.

Аудитор өзінің кәсіби міндетін орындау барысында қоғамдық сенімді қолдау әрі нығайту ретінде адалдық, обьективтілік және тәуелсіздік

принциптерінің талаптарын сақтауы, өзіне сеніп тапсырған жұмысты мінсіз әрі адал орындалуын талқылауда білдіретін пікірінің обьективтілігі мен тәуелсіздігін сақтауы керек.

Аудит теориясы және оны басқару ғылымының бар ережесімен әрекет етудің нұсқасын құптайды немесе одан бас тартады. Ол белгілі бір бастапқы мәліметтермен құрылған теориялық базаның ғылыми шынайылығын немесе жалғандығын көрсетіп береді.

Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер, сақтандыру компаниялары, көлік және коммерциялық ұйымдар мүлікті пайдалану, жұмыстар мен қызмет көрсетуді орындау, коммерциялық операцияларды ақша қаражаттары мен инвестициялардың замын жүргізу бойынша сан алуан келісім шарттық қатынастарға түседі, қажетті ақпаратты алудағы мәмілеге қатысушылар арасындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор ғана дәлелдей алады. Сондықтан кез келген ұйымда аудитордың қызметі қажет болады.

Курстық жұмыстың мақсаты. Курстық жұмыстың мақсаты -аудиторлық қызметті ұйымдастыру, оның мазмұны мен ерекшеліктерін ашып көрсету болып табылады.

Осы мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:

-Аудиторлық қызметтің мәні мен мазмұнына талдау жасау;

-Аудиторлық қызметтің сатылары мен функцияларын қарастырып анықтап корсету

- ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заң және ҚР -ғы аудиторлық қызметті реттейтін басқа да нормативті - құқықтық актілерге шолу жасау.

- Аудит түрлері мен аудиторлық қызмет пен аудитордың түрлерін жіктеп корсету;

- Аудиторлық қызметтің негізгі принціптерін және стандарттарын карастыру;

- Аудиторлық қортынды жасау

Курстық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы. Аудит қазіргі таңда ҚР мемлекеттік мекемелерінде және де барлык кәсіпорындарында қолданысқа ие. Сонымен қатар барлық мекеменің жыл ішінде жасаған есеп жұмыстарын тексеріп, анықтап және кәсіпорын жұмысына бағыт бағдар беріп отырады. Аудитор кәсіпорындарда, аудиторлық ұйымдарда және әкімшіліктерде тағы сол сияқты ұйымдарда тексеру барысында курстык жұмыстың ақпараттарын пайдалана алады.

Курстық жұмыстың көлемі және құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1Аудиторлық кызметтің теориялык негіздері

1. 1 Аудиторлық қызметтің мәні мен мазымұны

Аудит нарықтық экономика жағдайында барлық шаруашылық процесіне қатысушылардың қызметінде маңызды роль ойнайды. Ол анық ақпаратпен қамтамасыз етеді, серіктестер арасындағы сенімділікті қалыптастыруға септігін тигізеді, оңтайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу мен кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлейді, сондай-ақ қаржылық жағдайды тұрақтандыруға, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін арттыруға және тұтастай қоғамның әлеуметті-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

Аудит дегеніміз ол - шаруашылық табыстылық операцияларының заңдылығын тесеріп, әр түрлі меншіктегі кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің дұрыстығын анықтап, арнайы төлем арқылы бақылау, тексеру, түсініктеме беру сараптау қызметін көрсету.

Аудит - дербес, тәуелсіз аудит мамандарының кәсіпкер ретінде келісім-шарт бойынша тапсырушылардың шаруашылық-табыстылық есебін, бухгалтерлік есеп көрсеткіштерін тексеру арқылы анықтап, экономикалық талдау жасап, қажет болған жағдайда сараптау жүргізіп, аудиторлық қорытынды жасау және әр түрлі түсініктеме қызметін көрсету. Себебі, аудит жұмысының көлемі-объектісі, шаруашылық субъектінің қалауында толық немесе бір бөлімін аудиттік тексеруді тапсыру тапсырушының еркінде.

Аудиттің негізгі мақсаты - аудиторлық қорытынды жасау. Тапсырушының өз тарапынан төлем жасап, аудит жасатудағы бірден бір мақсаты аудит қорытындысын алу. Себебі, тек аудит қорытындысын алған шаруашылық субъектілерінің есебі басылымға шығады.

«Аудит жұмысы» үлкен мемлекеттік қызмет атқарады. Өйткені аудит тексеру барысында кәсіпорынның табыс пайда сомасы салық нақты анықтамадан қанша сома салық төлеу керек екенін, «салық есебінің» дұрыс жүргізілгенін аудиторлық тексеру арқылы анықтайды.

Аудиттің мазмұнын қарастыру барысында аудит анықтамасының көбісінде аудитті тексеру деп анықтаған. Қазіргі кезде шаруашылық субъектілері өз тарапынан «салық есебін» жүргізуге мәжбүр, оған қоса тек қана «салық есебіне» аудиттік тексеру жүргізіп, аудиторлық қорытынды алуға мәжбүр. Аудиттің бақылау жасауға құқысы жоқ, тексеру деген түснік дұрыс келеді. Тек ішкі аудитті ұйымдастыру барысында ғана арнайы бақылау жүргізілуі тиіс.

Қазіргі кезде аудиторлық тексеруді аудит фирмасы немесе жеке аудиторлар жүргізеді. Аудитті тексеру барысында аудитор бухгалтерлік есептің заң талабына сәйкес, нормативтік ереже нұсқауды дұрыс қолдана жүргізілгенін анықтайды. Бухгалтерлік есеп мәліметінің дұрыстығын анықтау үшін «алғашқы есеп» есеп құжаттарын тексереді. Одан кейін аналитикалық және синтетикалық есеп кестелерінің дұрыстығын тексереді.

Аудитор бухгалтерлік есепті жақсы білетін, есеп заңын және нормативтік құжаттарды, салық есебінің ерекшеліктерін білетін жетік білімді маман болуы керек.

«Аудитті» экономикалық талдау деп анықтайды. Себебі тиянақты аудиторлық қорытынды жасау үшін кәсіпорын ақпаратына экономикалық талдау жасау өте қажет. [1]

1. 2 Аудиттің сатылары және негізгі функциялары

Аудит және оның процедурасы эволюцияның үш сатысынан (стадиясынан) өтті: растаушы аудит, жүйелі-бағдарламалы аудит, тәуекелге негізделген аудит. Бастапқы аудит бухгалтерлік құжаттар мен есеп берулерде көрініс тапқан операциялардың шындыққа жанасымдылығын тексеру және растаушы түрінде болды.

Растаушы аудитте негізінен бухгалтерлік құжаттар мен есеп берудің формаларын дұрыс жасау мәселелері қарастырылады, сол себепті де бұл кезең «кітапты аудиттеу» деп аталады. Аудиттің мұндай кезеңі тексеруді жүргізу кезінде аудиторлар әр шаруашылық операцияны тексеріп және дәлелдеп, бухгалтермен қатар өз есебіне алу тізімін құрады. Басқаша айтқанда мұндай аудитті есепті жүргізу немесе есепті қалпына келтіру деп атауға болады. Жүйелі бағытталған аудит шаруашылық операцияларды бақылайтын тұтынушы жүйесін бақылауды көздейді. Бұл кезде аудитор ішкі бақылауға негіз ұстайды. Ол оған жан-жақты тексеру санын қысқартуға және осы жүйеге сенуге мүмкіндік береді. Себебі ол есептегі қате мен дұрыссыздықты уақытында анықтап, оларды жою жөнінде шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Аудитке жүйелі-бағдарламалы тәсілдеме батыс елдерінде 1960 жылдардың соңында пайдаланыла бастады әрі аудиторлар сараптаманы іштей бақылаудың негізінде жүргізді. Бұл операцияны бақылайтын жүйені қадағалауға мүмкіндік берді. Егер іштей бақылау жүйесі тиімді жұмыс істейтін болса, онда егжей-тегжейлі тексерудің қажеті болмайды, өйткені нормалардың бұзылуы мен қателерді анықтау ісінде іштей бақылау жүйесіне белгілі бір деңгейде сенім білдіруге болады. Аудиторлық фирмалар кеңес беру қызметіне, аудиторлық рәсімді нысандауды жүзеге асыруға және болатын тексерулердің сапасын арттыра түсуге көп көңіл бөлетін болды. Аудиттің жүйелі-бағдарламалы тәсілін жетілдіруге қарамастан, оның өз кемшіліктері бар. Мысалы, жүйелі-бағдарламалы аудит әкімшілікті ешкім бақыламайтын жағдайда қызметкерлердің үстінен бақылау жүргізуді жүзеге асырады. Бұл арада аудиттің процедурасы басқарушы - инвесторларды емес, керісінше персонал - менеджерді алдап тұр ма, жоқ па, соны анықтауға бағдарланған.

Тәуекелге негізделген аудит - бұл кәсіпорынның жұмыс жағдайына, негізінен оның қызметіндегі тар әрі қиын межеріне қарай тексеруді іріктеп жүргізетін аудит. Аудиттің бұл түрі жұмысты тәуекелі жоғары шаруашылық операцияларда шоғырландыруға және тәуекелітөмен салалардағы тексеруді қарапайымдандыруға мүмкіндік береді. Ол тексеру немесе кеңес беру барысында болуы мүмкін тәуекелдікті ескерту және оның алдын алуға бағдарланған. Тәуекелдік аудиттің айырықша маңызы - аудитордың немесе аудиторлық фирмалар өз беделін жоғалту және клиенттен айырылып қалудың ықтималдығында ғана емес, сонымен бірге, аудиторлық компаниялардың арасындағы қатаң бәсекелестікте, ірі айып-пұл мен моральдық зиянда, осы аталған қателерге ұрынып қалудың ықтималдығында болып тұр. Мәселен, мұндай жағдай үшінші бір тұлғаға немесе клиентке елеулі материалдық зиян шектіруге себеп болатын аудитордың ықылассыз және бұрыс қорытынды шығаруынан болады. Кәсіби беделден айырылу қаупі нақты аудитордың немесе аудиторлық компанияның толық күйреуімен бірдей десе де болады. Сондықтан да ЖШС-нің қызметін жан-жақты кешенді тексеруді жүргізуге мұқият дайындалып, басты назарды кадрларды іріктеуге бағдармаларды жасауға, алдағы жұмысты жоспарлауға және т. б. аудару қажет.

Аудитор орындайтын функциялар жүйесі ұдайы даму үстінде болады, оған жаңа бағыттар, атап айтқанда, К. Ш. Дүйсембаевтің еңбегінде келтірілген функциялар мен қосалқы функциялар тізбесі қосылады. Кәсіби аудиттің осы заманғы даму кезеңінде оның бақылаушылық, басқарушылық, ақпараттық, тәрбиелік және әлеуметтік функциялары көкейкесті мәселеге айналып отыр. Оның үстіне, халықаралық стандарттар талабы мен оның даму тенденциясына сәйкес аудиттің жекелеген функциялары мен қосалқы функцияларының атауларын нақтылау ұсынылып отыр. [2]

Аудит ауытқудың, артық шығындар мен ысыраптың алдын алу үшін оңтайлы басқарушылық шешімдерді уақтылы анықтауы қажет. Бұл субъектілер қызметінің қаржылық жағдайы мен қаржылық нәтижелерін, іскер белсенділігін болжау ретіндегі аудиттің жаңа қосалқы функцияларының пайда болуымен шарттасылған. Тәуелсіз қаржылық бақылау қабылданған этикалық және құқықтық нормаларды сақтау арқылы тәрбиелік және әлеуметтік функцияларды орындайтын. Оған қоса, нарықтық қатынастардың даму жағдайындағы кәсіби аудит кемшіліктерді анықтаудың, резервтерді ашудың және ұлттық экономиканың нақты секторларында шаруашылық жүргізудің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды негіздеудің маңызды құралына айналып отыр.

Аудиторлық қызмет тәуелсіз аудиторлар немесе аудиторлық ұйымдар жүргізетін сыртқы аудит түрінде, сонымен қатар қызметі аудиторлық бақылауға алынатын ұйымның мамандандырылған бөлімшесі жүргізетін ішкі аудит түрінде жүзеге асырылады. Аудиттің екі түрінің де жалпы түпкі мақсаттары көбінесе сәйкес келеді - ол бақылау.

Сыртқы аудиттің басты міндеті - тексеру жүргізілген ұйымның дайындап тапсырған қаржылық қорытынды есебінің шындыққа сәйкестігін айқындау, оның белгілі бір кезеңдегі қызметінің нәтижесін және қаржылық жағдайын бағалау. Сыртқы аудит кезең сайын сырттан шақырылатын аудиторлар немесе әр түрлі аудиторлық ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Аудиторлық қорытынды есеп негізінен жоғарғы тұрған ұйымдарға, акционерлерге, кредиторларға және тағы басқаларға арналған. Бұл қорытынды есепті ішкі аудиторлар да өз жұмысында қолданады.

Ішкі аудитті сыртқы аудитпен салыстырғанда табиғаты, мән-мағынасы, тағайындалуы мен ұйымдастырылуы өзгеше болып келеді. Ең алдымен ескерілетіні, ішкі аудит қызметі (немесе, оны кейде ішкі ревизия қызметі, ішкі бақылау қызметі деп те атайды) ұйым ішінде құрылған бөлімше бола отырып, оның қызметін бағалау және тексеру бойынша жүйелі әрі күнделікті, жұмысты атқарады. Ішкі аудиттің басты мақсаты - басқару мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ету. Бұл үшін ішкі аудит кәсіпорын басшылығын дұрыс басқару шешімдерін қабылдау үшін жасалған талдаудың нәтижелерімен, белгілі бір бөлімшенің қызметіне баға берумен, ұсынастармен және уақтылы дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Айырмашылық салалары
Ішкі аудитор
Сыртқы аудитор
Айырмашылық салалары: Масштабы
Ішкі аудитор: Менеджмент анықтайды
Сыртқы аудитор: Заңдар анықтайды
Айырмашылық салалары: Жолдары
Ішкі аудитор: Бухгалтерлік жүйенің тиімділігіне және менеджментті нақты және маңызды ақпаратпен қамтамасыз ететіндігіне кепілдеме береді
Сыртқы аудитор: Акционерлерге ұсынылатын қар-жылық қорытынды есеп әділетті әрі дұрыс көзқарасты білдіретін-дігіне сенімді қамтамасыз етеді
Айырмашылық салалары: Жауапкершілігі
Ішкі аудитор: Менеджменттің алдында
Сыртқы аудитор: Тапсырыс берушілердің алдында

1 кесте. Ішкі аудит - кәсіпорынға қызмет көрсету аясында жүргізілетін ішкі бақылау жүйесін талдау үшін менеджмент арқылы анықталатын қызмет.

Ішкі аудиттің көмегімен бақылау және талдау іске асырылады, сонымен қатар жүйелерді жақсартуға, жетілдіруге ұсыныстар беріледі. Оларға қызметтердің мынадай түрлері тән:

1. Активтердің қабылдануы мен есептен шығарылуының заңды болғанына және осы активтердің тиімді түрде пайдаланылуы мен сақталуы қамтамасыз етілгеніне көз жеткізу керек

2. Міндеттемелердің ұйымның тек құқықтық операцияларына ғана қатысты бар екендігін растау.

Ішкі және сыртқы аудиттің негізгі айырмашылықтары. Қазіргі кезде ішкі аудиторлардың өзінің айналысатын қызметін бухгалтерлік есеп саласы ретінде тану тенденциясы байқалуда. Өзінің жұмыс көлемі оларға үлкен болып көрінетіндіктен, олар өз кезегінде аудиторлық жұмыспен байланысты қызметпен қатар басқа да әр түрлі қызметпен айналысады.

Ішкі және сыртқы аудиттің мақсаттарының әр түрлілігіне қарамастан, оларға жету жолдары көп жағдайда ұқсас келеді. Ішкі аудитордың жұмысы сыртқы аудиторлық процедуралардың мерзімі мен дәрежесіне, сипатына өзгерістер енгізу үшін қолданылуы мүмкін. Әрине, сыртқы аудитор өзінің аудиторлық пікірі үшін толық жауапкершілікті ішкі аудиторда сондай дәрежедегі тәуелсіздік бола алмайтындықтан ғана мойындамайды.

«Ішкі аудиторлардың тәуелсіздігі сыртқы аудиторлардың тәуелсіздігінен өзгеше болып келеді. Ішкі аудиторлардың тәуелсіздігі олардың ұйым ішіндегі беделімен, яғни атқаратын қызметімен және бағынуымен, сонымен қатар әділеттілігімен анықталады. Сыртқы аудиторлар үшін тәуелсіздік клиент-фирманың, оның басшылығы мен иелерінің алдында қандай да бір міндеттемелердің немесе оларға бағытталған қаржылық қызығушылықтың жоқтығымен анықталады. »

Ішкі аудитті жүргізу әдістемесі. Аудит процесі бірнеше негізгі кезеңдерге бөлінуі мүмкін. Төменде аталған кезеңдер кез-келген аудиторлық тексеруге, оның ішінде ішкі аудитке де (оның ерекшеліктерін есепке ала отырып) тән:

  • алдын-ала жоспарлау;
  • тәуекелдікті бағалау;
  • аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын жасау;
  • аудитті жүргізу;
  • аудиттің нәтижелерін құжаттық рәсімдеу және бағалау;

Алдын-ала жоспарлау. Алдын-ала жоспарлаудың құрамына тексеру жүргізіп жатқан объект жөнінде толық мәлімет алу, аудиттің объектісіне қолданылатын нормативтерді және есеп стандарттарын, құқықтық міндеттемелерді талдау, аудиттің негізгі тәуекелдіктері мен міндеттерін алдын-ала анықтау, басқа да аудиторлық құрылымдар тарапынан қажетті көмекті бағалау кіреді. Аудиттің объектісі жөнінде толық мәлімет алу үшін аудиторлар алдымен осы объект жайлы тұрақты ақпараттарды зерттейді.

Тәуекелдікті бағалау. Аудиторлық тексерулерді жоспарлау мен оларды жүргізу үшін қажетті ресурстарды анықтаудың негізі болып табылатын кәсіпорынның қандай да бір бөлімшесіне тән тәуекелдіктерді жүйелі түрде бағалау процессі. Мұндай бағалаулар ішкі аудиторлық қызметтің басшыларына аудиттің қандайда бір объектісінің «тәуекелдігін» есепке ала отырып тексерулерді жоспарлауға мүмкіндік береді. Тәуекелдікті бағалаудың қажетті алғы шарты болып аудиттің объектісінің сипаттамасын алу саналады. Объекті жөнінде құжатталған ақпараттың массиві операциялардың әр түрлі типтерін, ақпараттық алмасуларды ішкі бақылау сауалдарын, жұмысқа тартылған қызметкерлерді, қолданылып жүрген бухгалтерлік есеп шоттарын қамтиды.

Аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын жасап шығару. Ішкі аудит қызметі жұмысының жоспары кем дегенде жылына бір рет жүргізілетін тәуекелдіктерді бағалаудың негізінде жасалуы керек. Жоспарды жасаған кезде жоғарғы басшылардың ұсыныстарын ескеру қажет.

Операциялық аудит - жүйесінің жұмысын жетілдіру мақсатымен басқарудың әр түрлі кезеңдеріндегі ұйымдастыру қызметін тәуелсіз және жүйелі түрде бағалау. Мұнда басты назар ішкі бақылау жүйесі жұмысының және кәсіпорын қызметтері жұмысының сенімділігіне аударылады. Қаржылық қорытынды есеп аудитімен салыстырғанда операциялық аудит бірыңғай емес. «Операциялық аудит» термині «басқару аудиті» терминіне ауысады. Мүмкін бұл операциялық аудиттің қандай да бір шаруашылық жүйесінің қандай да бір кіші жүйелерінің өнімділігі мен тиімділігін анықтау үшін қажет етілуінен шығар.

Э. А. Аренс, Дж. К. Лоббек операциялық аудит пен қаржылық қорытынды есеп аудиті арасында үш негізгі айырмашылықтарды келтіреді:

  • аудиттің тағайындалуы;
  • қорытындылардың ұсынылуы;
  • операциялық аудит саласына қаржылық емес салалардың қосылуы.

Операциялық аудит тек бухгалтерлік ақпаратты пайдаланумен ғана шектелмейді, өйткені оның шеңберінде кәсіпорынның өндірістік, қаржылық, сатып-өткізу қызметіне, ұйымдық құрылымына, ішкі бақылау жағдайының бағалануы жүзеге асырылады. [3]

1. 3 ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заң және ҚР -ғы аудиторлық қызметті реттейтін басқа да нормативті - құқықтық актілер

"Аудиторлық қызмет туралы" заң Казақстан Республикасына ауди-торлық қызметті жүзеге асыру процессінде мемлекеттік органдардың, занды және жеке тұлғалардың, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың арасында туындайтын қатынастарды реттейді. Ол 6 тармақтан және 25 баптан тұрады. Олар:

1-тармақ. Жалпы ережелер (1-4 баптар) .

2-тармақ. Аудитор, аудиторлық ұйымдар, аудиторлар палатасы (5-8 баптар) .

3-тармақ. Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау және ауди-торлық қызметті лицензиялау (9-13 баптар) .

4-тармақ. Аудиторлық қызметті жүзеге асыру (14-16 баптар) .

5. тармақ. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері (17-20 баптар) .

6-тармақ. Аудиттелінетін субъектілердің құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері (21-25 баптар) .

Қазақстан Республикасьшың "Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы"-31 қыркүйек 1995 ж. №244, "Сақтандыру қызметі туралы"18 желтоқсан 2000 ж., №126-11, "Инвестициялық қорлар туралы"7 шілде 2004 ж., №576-2, "Табиғи монополиялар туралы"9 шілде 1998 ж., №272-1, "Акционерлік қоғам туралы" 13 мамыр 2003 ж. №415-2, "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы" 22 сәуір 1998 ж. №220-1 заңдарымен жоғарыда аталған субъектілер аудитін жүргізудің ерекшеліктері айқындалған. Қазақстан Республикасының "Шетелдік инвестициялар туралы" заңында-27 желтоқсан 1994 ж. №25 266-ХІП (өзгертулерімен және толықтыруларымен) 23 бетте шетелдіктердің қатысуымен құрылған кәсіпорындардың аудиторлық қорытындыны міндетті түрде меншік иелеріне, мемлекеттік статистика және мемлекеттік бақылау органдарына дайындап тапсыруы белгіленген. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің 1995 жылғы 28 маусымдағы №161 бұйрығымен бекітілген №33-ші "Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығын есептеу және бюджетке төлеу тәртібі туралы" ереже нұсқау (өзгертулерімен және толықтыруларымен) Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асырушы резидент емес заңды тұлғалардың салық органдарына міндетті түрде декларацияда керсетілген мәліметтердің дұрыстығы (сенімділігі) туралы аудиторлық қорытынды дайындап тапсыру шарттарын анықтайды.

4. Аудиторларды кәсіби аттестациялау жүйесі және ҚР аудиторлық қызметті аттестациялау жүйесі және ҚР аудиторлық қызметті лицензиялау.

Қазақстан Республикасы үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы қаулысымен (өзгертулерімен және толықтыруларымен) аудиторлық қызметті лицензиялау Ережесі бекітілді. Осы қаулымен лицензия беру тәртібі мен шарттары, сондай-ақ аудиторлық қызметті лицензиялауға қойылатын квалификациялық талаптар белгіленді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудиторлар палаталарының өкілеттігі
Аудиторлық қызметті жүзеге асыру
Аудиттің заңды жауапкершілігі мен оны құқықтық реттеу
Қазақстанда аудитті нормативтік-құқықтық реттеу («Маңғыстау мұнай газ» акционерлік қоғамының қызметі мысалында)
ҚР дағы аудиттің даму тенденциясы
ҚР аудиторлық қызымет, жалпы стандарттарды және нормативтік құқықтық актілерді, аудитор құқықтары мен жауапкершілігін ашып көрсету
Аудитке ілеспе қызметтер
Аудит туралы ақпарат
Аудиттің негізі, мақсаты және мәселелері
ҚР қаржылық бақылау жүйесін, аудиторлық қызмет пен аудиттің түрлерінің жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz