Қоян ауруларының қысқаша тарихы
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... .3
ІІ. Әдеби шолу ... ... ... ... ... ... ..
2.1. Қоян ауруларының қысқаша тарихы. Қоздырғышына сипаттама ... ... 5
2.2. Қоян етінің сапасын сараптау ... ... ..6
ІІІ. Негізгі бөлім..
3.1. Миксомотоз ауруы кезінде қоян етін ветеринариялық . санитариялық сараптау ... ..8
3.2. Геморрагияық ауру кезінде қоянның сойыс өнімдерін ветеринариялық . санитариялық сараптау ... ... ..9
3.3. Пастереллез кезіндегі қоян ұшасы мен ішкі органдарын ВСС ... ... ... .12
3.4. Кокцидиоз кезінде қоян ұшасы мен ішкі органдарын ВСС ... ... ... ... ..13
3.5. Сальмонеллез кезіндегі қоянның сойыс өнімдерін ветеринариялық . сараптау ... ... ... ... ..14
3.6. Қоянның сойылғаннан кейiн ұшасы мен iшкi органдарын тексеру...15
3.7. Өнеркәсіптік өңдеуге жататын қоян еті және оны зиянсыздандыру әдістері ... ... ... ... 17
3.8. Әртүрлi ауруларға шалдыққан қояндардың еттерiн ветеринариялық. сараптау ... ... ... .18
3.9. Қоянды сою және терісін сыпыру. Қоян қоңдылығы ... ... ... ... ... ... ...21
ІV. Қорытынды ... ... ... ... .22
V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ...24
Тіркемелер

Қазіргі нарық экономикасы Қазақстанда өсірілетін қоянның тұқымдық құрылымына, олардың таралуына, бас санына және өнімділік параметрлеріне белгілі бір талап қояды, олардың мемлекет экономикасының құрылымындағы рөлін және мәнін өзгертеді. Тұқымды емес аз өнімді қоян саны елеулі көбейіп, біздің республикада шығарылған және ауа райға бейімделген тұқымдар саны азайып бара жатыр. Республикадағы бағытталған ғылыми және асыл – тұқым жұмысының нормативті базасының жоқтығы және соған байланысты асыл тұқымды қоян өнімділігінің төмендегендігі анықтау ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу актуалдығы мен қажеттілігін тудырады.
Ет өнімін өндіру өндірістерінде технологиялық қайта жабдықталу шаралары, өндірістік үдерістерді түгелдей механикаландыру және автоматтандыру, әртүрлі өнімдерді қайталап өңдеуде үздіксіз-тұрақты желілер құру, шағын цехтарды көптеп ашу жоғары деңгейде жүргізілуде. Адамзаттың тамақтануында ет өнімдерінің сапалылығы өз бетімен өзекті мәселе бола тұра, оның өндірістегі техникалық санитарлық-гигиеналық ережесімен тығыз байланысты екенін естен шығармау керек.
Қоян етінде адам ағзасына керекті көп заттар бар. Олар: ақуыз, липидтер мен майлар, көмірсу минералды заттар, витаминдер т.б., осы көрсетілген компоненттер адам ағзасына тез сіңіріледі.
Шикізатты дайындау кезінде аса көп көңіл технологиялық факторларға бөлінеді. Өйткені онда шикізатты дайындау кезіндегі өнімнің сапасын, өндіру процессін және дайын өнімді сақтау процесстері жүреді.
Қоян етінің сапасы әртүрлі факторларға байланысты болады. Онда малдың тұқымы, жасы, жынысы, қоңдылығы, малды азықтандыру тәсілі т.б. кіреді. Қоянды сойғаннан кейін етте болатын автолитикалық процесстер еттің сапасына және оның жарамдылығына үлкен әсер етеді. Қоян еті мен субөнімдерді төмен температурада суықпен қамтамассыз ету, бұзылудың алдын алу үшін өте қолайлы әдіс болып табылады.
Қоян еті деликатес және диеталық тағам ретінде белгілі. Еуропа елдерінің асханасында ол кеңінен пайдаланылады. Біздің елімізде өсірілетін ак-селерат-қояндар 4 айға дейін анасы¬ның сүтімен қоректенеді. Сондықтан, оның еті әрі жұмсақ, әрі дәмді болады. Соны¬мен бірге зерттеу жұмыстары көжек¬тер¬дің жеті айға дейін бойларына зиянды заттарды жинамайтынын көрсетіп отыр.
Жалпы алғанда ет тағамдары құра¬мын¬дағы белоктың мөлшері мен биологиялық құндылықтарымен баға¬ланады.

1. «Ветеринариялық-санитариялық сараптау» Дүйсембаев С.Т. Алматы, 2013
2. «Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии и стандартизации продуктов животноводства» В.А.Макаров, Москва, 1991
3. «Мал шаруашылығы шикізаттарын ветеринарлық санитарлық сараптау» пәні бойынша зертханалық-тәжірибелік сабақтарды өткізуге арналған әдістеме. Инирбаев А.Қ., Әділбеков Ж.Ш. Астана -2006
4. «Ауыл шаруашылық өнімдерін сапасын сараптау және бақылау»
Смағұлов С.Қ. Алматы 2005
5. «Технология продуктов убоя животных» П.В Житенко, Москва Колос
1984
6. «Ветеринарно-санитарная экспертиза стандартизация и сертификации продуктов». Под редакцией академика НАН РК профессора К.Е. Елемесова, засл. Деятеля науки РК профессора Н.Ф.Шуклина – Алматы - 2002.Том І.Изд. «Credo»
7. «Качество мясо и мясопродукта». Ю.Ф. Заяс – Москва - 1981. Изд. «Легкая и пищевая промыщленность»
8. МСТ 779-55 «Жартылай және ширек ұшадағы сиыр еті». Техникалық шарттар.

Жоспары:
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
ІІ. Әдеби шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1. Қоян ауруларының қысқаша тарихы. Қоздырғышына сипаттама ... ... 5
2.2. Қоян етінің сапасын сараптау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
ІІІ. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.1. Миксомотоз ауруы кезінде қоян етін ветеринариялық - санитариялық
сараптау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
3.2. Геморрагияық ауру кезінде қоянның сойыс өнімдерін
ветеринариялық - санитариялық сараптау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
3.3. Пастереллез кезіндегі қоян ұшасы мен ішкі органдарын ВСС ... ... ... .12
3.4. Кокцидиоз кезінде қоян ұшасы мен ішкі органдарын ВСС ... ... ... ... ..13
3.5. Сальмонеллез кезіндегі қоянның сойыс өнімдерін ветеринариялық -
сараптау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
3.6. Қоянның сойылғаннан кейiн ұшасы мен iшкi органдарын тексеру...15
3.7. Өнеркәсіптік өңдеуге жататын қоян еті және оны зиянсыздандыру
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
3.8. Әртүрлi ауруларға шалдыққан қояндардың еттерiн ветеринариялық-
сараптау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
3.9. Қоянды сою және терісін сыпыру. Қоян қоңдылығы ... ... ... ... ... ... .. .21
ІV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Тіркемелер
Кіріспе
Қазіргі нарық экономикасы Қазақстанда өсірілетін қоянның тұқымдық құрылымына, олардың таралуына, бас санына және өнімділік параметрлеріне белгілі бір талап қояды, олардың мемлекет экономикасының құрылымындағы рөлін және мәнін өзгертеді. Тұқымды емес аз өнімді қоян саны елеулі көбейіп, біздің республикада шығарылған және ауа райға бейімделген тұқымдар саны азайып бара жатыр. Республикадағы бағытталған ғылыми және асыл - тұқым жұмысының нормативті базасының жоқтығы және соған байланысты асыл тұқымды қоян өнімділігінің төмендегендігі анықтау ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу актуалдығы мен қажеттілігін тудырады.
Ет өнімін өндіру өндірістерінде технологиялық қайта жабдықталу шаралары, өндірістік үдерістерді түгелдей механикаландыру және автоматтандыру, әртүрлі өнімдерді қайталап өңдеуде үздіксіз-тұрақты желілер құру, шағын цехтарды көптеп ашу жоғары деңгейде жүргізілуде. Адамзаттың тамақтануында ет өнімдерінің сапалылығы өз бетімен өзекті мәселе бола тұра, оның өндірістегі техникалық санитарлық-гигиеналық ережесімен тығыз байланысты екенін естен шығармау керек.
Қоян етінде адам ағзасына керекті көп заттар бар. Олар: ақуыз, липидтер мен майлар, көмірсу минералды заттар, витаминдер т.б., осы көрсетілген компоненттер адам ағзасына тез сіңіріледі.
Шикізатты дайындау кезінде аса көп көңіл технологиялық факторларға бөлінеді. Өйткені онда шикізатты дайындау кезіндегі өнімнің сапасын, өндіру процессін және дайын өнімді сақтау процесстері жүреді.
Қоян етінің сапасы әртүрлі факторларға байланысты болады. Онда малдың тұқымы, жасы, жынысы, қоңдылығы, малды азықтандыру тәсілі т.б. кіреді. Қоянды сойғаннан кейін етте болатын автолитикалық процесстер еттің сапасына және оның жарамдылығына үлкен әсер етеді. Қоян еті мен субөнімдерді төмен температурада суықпен қамтамассыз ету, бұзылудың алдын алу үшін өте қолайлы әдіс болып табылады.
Қоян еті деликатес және диеталық тағам ретінде белгілі. Еуропа елдерінің асханасында ол кеңінен пайдаланылады. Біздің елімізде өсірілетін ак - селерат-қояндар 4 айға дейін анасы - ның сүтімен қоректенеді. Сондықтан, оның еті әрі жұмсақ, әрі дәмді болады. Соны - мен бірге зерттеу жұмыстары көжек - тер - дің жеті айға дейін бойларына зиянды заттарды жинамайтынын көрсетіп отыр.
Жалпы алғанда ет тағамдары құра - мын - дағы белоктың мөлшері мен биологиялық құндылықтарымен баға - ланады. Қоян еті қой, сиыр етіне қарағанда белокка әлдеқайда бай. Әрі онда май құрамы төмен болады. Барлық еттердің ішінде қоян еті өзінің сіңім - ділігі, дәмділігі, жұмсақтығы жағынан бірінші орын алады.
Құрамындағы май мен холестерин - нің төмен болуынан қоян етін диетолог - - тар асқазан-ішек, өт, бауыр, аллергия, қан қысымы ауруларына шалдық - - қан науқастарға ұсынады. Қоян етін тұ - рақты пайдалану ағзадағы май алмасуды жақсартады. Сонымен бірге, қоян еті тез сіңірілетіндіктен ол ұшқыштарға, сүңгуірлерге, спорт - шыларға диеталық та - ғам ретінде бе - ріледі. Қоян етінде ағ - заны радиациядан тазартатын қасиет бар. Сондықтан, көбіне денсау - лық - қа зиянды кә - сіп - орын - дардың жұ - мыс - шыларына шипалы тағам ретінде ұсы - нылады.
ІІ. Әдеби шолу
2.1. Қоян ауруларының қысқаша даму тарихы. Қоздырғышына сипаттама.
Миксомотоз европалық үй қоянының аса қауіпті ауруы ретінде 1896 жылы Оңтүстік Америкада байқалды. Оны тұңғыш рет 1898 жылы Санарелли сипаттады. 1950 жылдан бастап миксомотоздың вирусын Австралияда шектен тыс көбейіп, егіндік пен жайылымдыққа зор шығын әкелген қояндардың арасында әдейі індет тарату үшін қолданылды. Басында бұл аурудан қояндардың 99% дейін өлгенімен, кейін оларда вирусқа төзімділік пайда болып, өлім көрсеткіші 25 %-ға дейін кеміді. 1952 жылы Францияда миксомотоздың вирусы қояндарға қарсы қолданылып, ауру Европаға жайылды. Қазір миксомотоз қоянның қауіпті ауруының біріне айналды.
Қоздырушысы - Myxoma leporipoxivirus шешек вирустарының тұқымдастығына жатады, құрамында ДНҚ бар, қояндар мен тиіндердің фиброматозының қоздырушысымен бірге лепориксивирустар туыстастығын құрайды. Фиброматоздың вирусымен антигендік құрамы өте жақын, сондықтан олар айқыш иммунитет тудырады. Миксомотоздың вирусы эфирге, формалинге, сілтілерге сезімтал. 55°С-та 25 минутта өледі. Сыртқы ортада 8-10°С-та 3 айға дейін, өлекседе 7 күн, топырақта қыс мезгілінде - 10 апта, 15-20°С-та кептірілген қоян терісінде 10 айға дейін, 50% глицерин және мұздатылған күйінде 2 жылдан артық сақталады.
Пастереллез - мал мен кейбір жабайы жануарлар қаның қағындыратын Pasteurella микробтары тудыратын жұқпалы жіті жүру. Бұл індет ерте заманнан белгілі болғанымен, оның жұқпалы екендігін өткен ғасырдың аяғында 1880 жылы Луи Пастер дәлелдеді. Бұл ғалым осы ауруға шалдыққан тауықтарды зерттеп, олардың денесінен бөліп алынған микробтарды бірінші болып жасанды қоректе өсірді. Сондықтан Пастердің құрметіне себіндіде өсірген ауру қоздырғышы пастерелла деп, ал ауру пастереллез деп аталып кеткен. Аурудың аса бір көрнекті белгілері өкпенің фибринді қабынуы, тері асты шел мен ет аралық шелдің көлемді домбығуы, кілегей қабық пен сірі қабықтарда көптеген қанталаулар, сондықтан да пастереллезді геморрагиялық септицемия дейді
Қоздырушысы. Ауруды Pasteurella туыстығына жататын, грам-теріс, қозғалмайтын, спора түзбейтін, жеке-жеке, кейде жұптанып, сирегірек қысқа тізбек түрінде орналасатын бактериялар шақырады. Ауру мал мүшелеріндегі пастереллалар сопақша болады да, метилен көгі немесе Романовский- Гимза әдісімен биполярлы боялады.
Қоян сальмонеллезі - жіті өтетін, ішек-қарынның, бауыр мен талақтың зақымдануымен сипатталатын ауру. Бұл қоздырғышты 1885 жылы американдық мал дәрігерлер Сальмон мен Смит обадан өлген шошқалардың органдарынан бөліп алған. Қазіргі уақытта сальмонеллалардың 2000-нан астам серологиялық варианттары белгілі. Олардың барлықтары Salmonella туысына, Enterobacteriaceae тұқымдастығына жатады.
Қоздырғышы. Сальмонеллалар - ұштары дөңгеленген, ұзындығы 1-4 мкм, ені 0,3-0,8 мкм болатын ұсақ таяқша. Жағындыларда бактериялар жекеленіп немесе ретсіз орналасады, қозғалмалы (Salmonella pullorum-gallinarum-нан басқалары), спора мен капсула түзбейді, Грам тәсілімен негативті боялады.
2.2. Қоян етінің сапасын сараптау
Нарыққа түсірілген қоян етін міндетті түрде сараптау жүргізеді. Нарыққа түскен еттің тексерілген, тексерілмегенін оған тәуелсіз сараптау жүргізу арқылы тексереді.
Ет комбинаттарында сараптаудан өтіп таңба басылған қоян еті фирмалық дүкендерге таратылуға жіберіле береді. Нарықта қоян еті және субөнімдері таратылғанда, тек дені сау малдардан таратылады. Қоян етінің сараптауын нарықта, ветеринарлық тәжірибесі бар немесе инспекторлық тәжірибесі бар дәрігер ғана тексереді. Нарықтың территориясына сатуға түскен ет және ет өнімдері міндетті түрде нарықтың сараптау лабораториясында вет-санитарлық бақылаудан өтеді.
Жеке тұлғалармен немесе кәсіпорын сатушыларымен сонымен қатар, басқа елдерден таңбаланып әкелінген қоян еті қайта сараптаудан өткізуге жіберіледі. Мемлекеттік ветеринарлық қызмет құжаттары және сәйкес таңбасы бар ет өнеркәсібінде сараптаудан өткен қоян еті қайта санитарлы бақылаудан өткізілмейді.
Мемлекеттік қадағалау органдары мұндай жағдайда сауда гигиенасы жағдайларын, таңбаларды және құжаттарды бақылаумен шектеледі. Ал сауда ережелері бұзылған жағдайда немесе өнімнің сапасына күдік туған кезде, сонымен қатар таңба дұрыс басылмаған жағдайда жалпы негіздерге сүйене отырып, қайта сараптауды жүргізеді.
Нарықта сараптау үшін таңбасы бар бүтін, жартылай, ширек ұшалар ұсынылады (паринхиматозды органдарымен). Төртбұрышты таңбасы бар қоян еті нарыққа түскен кезде жалпы негіздерге сүйене отырып, ұшаларының ішкі органдары және бастары сараптаудан өткізіледі. Дөңгелек таңбасы бар ет түскен кезде оның балғындығына және жарамдылық мерзіміне аса мән береді. Органолептикалық көрсеткіші бойынша күдікті ет зертханалық тексеруге жіберіледі. Ет кәсіпорындарында дайындалған, дайын ет өнімдері және еттің жартылай фабрикаттары, нарыққа сатуға, тек қана өнімнің қауіпсіздігін дәлелдейтін құжаттары болған жағдайда ғана жіберіледі. Нарықта бір күн бойы сатылмаған және базардан тыс мұздатқышта сақталмаған қоян еті келесі күні қайтадан сараптауға жіберіледі. Базарда сатуға және сараптауға, бөлшектенген, кептірілген еттер, ет фарштары және жартылай фабрикаттар сатылуға жіберілмейді. Сатуға әкелінген ет және субөнімдерінің иесі, бекітілген талапқа сәйкес ветеринарлы анықтама көрсетуі тиіс. Ветеринарлық анықтама берілген уақыттан бастап, ет және ет өнімдерін 3 тәулік бойы ғана жарамды деп есептейді. Бұл құжат әр шрифттармен, сиялармен, жазулармен толтырылса және мөрі болмаса немесе мөрі анық қойылмаса, қол қойылмаған болса, ветеринарлық дәрігердің аты-жөні толық жазылмаған болса, бұл құжат жарамсыз болып табылады. Егер сатуға ветеринарлық құжаттары жоқ ет және ет өнімдері жеткізілсе, сәйкес құжаты көрсетілмегенше оларды санитарлы камераға қойып қояды. Егер ветеринарлық куәлік немесе ветеринарлық анықтама көрсетілмесе, ет және ет өнімдері зертханалық тексеріске жіберіледі немесе иелеріне қайтарып беріледі. Ұшаларға және ішкі органдарына санитарлы бағалауды және сараптауды ережеге сәйкес жүргізеді. Сараптау және зертханалық тексеру жүргізу үшін үлгі алуды Тағам өнімдерін зертханада тексеру үшін, қала әкімшілігімен бекітілген ережелерге сәкес жүргізіледі.
ІІІ. Негізгі бөлім
3.1. Миксомотоз ауруы кезінде қоян етін ветеринариялық - санитариялық сараптау
Үй қоянының миксомотозы (Myxomatosis cuniculorum) - көздің коньюктивасы мен қабақтарының қабынып, басының, сыртқы жыныс мүшелері мен дененің басқа да телімдерінің теріасты шелінің домбығуымен сипатталатын, жіті өтетін аса жұғымтал ауру.
Індеттік ерекшеліктері. Миксомотозға үй қояны өте сезімал. Жабайы қояндардың кейбір түрлері жеңіл ғана ауырады. Ауру қоздырушысының бастауы - үй және жабайы қояндар. Вирус буынаяқты жануарлар арқылы механикалық жолмен беріледі. Сонымен қатар, жанасу арқылы да беріледі.
Дерттенуі. Тері арқылы енген вирус 48 сағат өткенде сөл арқылы сөл түйіндеріне жетіп, 72 сағаттан соң қанға жетіп, кейіннен көкбауыр мен бауырда орын тебеді. Бұл ағзалардың паренхимасында жедел көбецген соң виремия қайталанып, нәтижесінде тері мен кілегей қабықтарда зақымданған ошақтар пайда болады. Ауру қосалқы инфекциялармен асқынғанда жоғары тыныс жолдарының жіті катары өрбиді. Аурудың жасырын кезеңінің соңында қан сарысуында антиген-антидене-комплемент кешендері пайда болады.
Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі 3-11 тәулік. Ауру жіті өтеді. Ауырған қоянның көзінен бастапқыда кілегейлі, кейіннен іріңді сора ағады. Қабақтары, құлақтарының түбі, бұты, арқасы мен басқа телімдері жіті домығуға ұщырайды. Домбыққан телімдерінің мөлшері 3-4 см, терісі қатпарланып, құлақтары салбырап, қоянның бас пішіні арыстанға ұқсайды. 9-11 күн өткенде ауру шегіне жетіп, қоян өте жүдеп, пысылдап дем алып (ринит), тынысы жиілеп, қырылдайды (пневмония), кілегейлі қабықтары бозғылт тартады. Әдетте ересек қояндар 10-14 күн, ал көжектер 5-6 күн өткенде өліп қалады. Кейде ауру 2-4аптаға созылғанымен, ақыры жайсыз болады.
Миксомотоздың кәдімгідей емес түрі де кездесіп, ауырған қоян күйзеліске ұшырап, ыстығы көтеріліп аппетиті жоғалғанымен миксомотозға тән симптомдар байқала қоймайды. Мұндай жағдайда қоянның құлағы, қабағы мен терісінде бөрітпелер пайда болып, 3-4 аптадан кейін жазылып кетеді. Індет процесінің соңында вирустың уыттылығы төмен штаммдардың пайда болуына байланысты ауру жеңіл өтіп, жасырын кезеңі ұзара түседі.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Миксомотозға тән патолого-анатомиялық өзгерістер: бастың, мойынның, бұттың, сирақтардың тері асты шелінің жалқақтануы. Микроскоппен қарағанда жалқақты экссудатта эозинофильді гранулоциттер, гистиоциттік торшалар жартылай бөліну сатысында болады. Оларды миксомалық торшалар деп аайды. Бұл торшалардың цитоплазмасында элементарлық денешіктер болады. Жалқақтанудан басқа миксомотоз кезінде сөл түйіндері мен көкбауыр қанға кернеліп, ұлғаяды. Өкпе көбінесе домбығып, қабыну ошақтар кездеседі.
Дауалау және күресу шаралары. Миксомотоз кезінде иммунитет қалыптасады. Ауруға қарсы телімді вакцина жоқ. Шоуп фибромасының вирусынан даярланған вакцинаны миксомотозға қарсы пайдалануға болады.
Сау шарушылықта аурудың алдын алу үшін жалпы ветеринариялық - санитариялық сақтық шараларын жүргізеді. Ауру қаупі төнгенде миксомотоздан сау емес шаруашылықтар мен елді-мекендермен қатынасты шектейді.
Сойылғаннан кейiнгi анықтау. Жалқыаяқты iсiктер әр түрлi мүшелерiнде және жалқыаяқты сарысу ұша бетiнде, терi acты клетчаткаларында байқалады. Лимфа түйiндерiнде қан көбейiп, үлкейедi. Көк бауыры үлкейген, қан жиналған, өкпесi iсiнiп, қан құйылған.
Санитариялық бағалау. Миксомотозбен ауырған қояндарды союға жібермейді, ұшалары, iшкi органдары және терiсi жойылады. Ауру қоянның ұшасына, мүшелеріне немесе қанына жанасқан өнімдерді, орын жайын, құрал-жабдықтарын қайнатып залалсыздандырылады. Миксомотозбен ауырған жануар сойылған алаңды ыстық 2% күйдіргіш натрий немесе калий ерітіндісімен залалсыздандырады. Жұмысқа пайдаланылған құралдарды 5% кальцийленген содада 20-30 минут қайнатады. Арнайы киімдерді автоклавта 10-20 минут қайнатып залалсыздандырады. Ауру қоянмен жұмыс жасаған және союға қатысқан адамдар 1 апта бойы дәрігер қарамағында болады. Терілерді залалсыздандыру оқшауланған жерде хлорпикринмен 2 ай көлемінде өңдейді, хлорпикрин болмаған жағдайда терілерді өртеп жібереді.
3.2. Геморрагияық ауру кезінде қоянның сойыс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау
Үй қояндарының вирустық геморрагиялық ауруы (бұдан әрі - ҮҚВГА) ("некрозды гепатит", "геморрагиялық пневмония") - қояндардың жіті өтетін аса жұғымтал ауру, барлық органдарда әсіресе бауыр мен өкпеде геморрагиялық диатез кенеттен пайда болу құбылысымен сипатталып ауыр жағдайда, жылдам өтеді және ірі қояндардың арасында өлім-жітім 70-90 процентке жетеді. Табиғи жағдайда 1,5 айлық жастан асқан үй қояндары, (тұқымдастығы әр түрлі) көбінесе ауруға бейімдірек келеді. Аурудың таралуы 70-80 процентке, ал өлімі 90 процентке дейін жетеді. Үй қояндарының вирустық геморрагиялық ауруына диагноз клиникалық белгілеріне, патологоанатомиялық өзгерістеріне, зертханалық тексерістердің нәтижелеріне және індеттанулық деректерді ескеру арқылы қойылады. Егер тексеру нәтижесіз болса, онда ветеринариялық органдардың рұқсаты бойынша, биосынама қойылады. Ауру және ауырып жазылған қояндар ауру қоздырғышының таратушылары болып саналады. Тексеру бойынша анықталды: эксперимент үшін ауру жұқтырылған қояндар инекциядан кейін 2-3 күнде, ал сонымен бірге болған клиникалық сау қояндар 5-6 күнде өледі. Індет қоздырғышының берілу факторлері ластанған азық, төсеніш, топырақ, су арқылы және ҮҚВГА-нан қолайсыз аймақтағы шаруашылықтан келіп түскен ауру жануарлардың түбіті мен терілері және теріден істелген шикізаттары арқылы беріледі. ҮҚВГА-ның эпизоотологиясының өзіне тән ерекшелігі бар. Ауру қоздырғышына - салмағы 3,0-3,5 килограмм тартатын ересек қояндар, тұқымына, жынысына қарамастан ерекше бейімдірек келеді.
ҮҚВГА-на диагноз қойғанда, мына аурулардан ажырату керек: пастереллез, сальмонеллез, колибактериоз, оспа, миксоматоз, эймериоз, улану, күн өту және ыстық өту.
ҮҚВГА-на диагнозды нақтырақ анықтап қою үшін, патологиялық материалдардың сынамасын таңдай білу керек: өлген қоянның паринхиматозды органдарынан, сойылғанына небәрі 2-3 сағат өтпеген, бауырды алған дұрыс осыдан кейін диагноз қою міндетін атқаратын, рұқсаты бар мемлекеттік ветеринариялық зертханаға тексеруге жібереді.
Зертханада тексеру кезінде мынадай серологиялық реакциялар қояды: гемагглютинация реакциясы, гемагглютинацияны тежеу реакциясы, комплементті ұзақ байланыстыру реакциясы, иммуноферменттік анализ реакциясы және электрондық микроскопия.
Үй қояндарының вирустық геморрагиялық
ауруларының алдын алу жөніндегі іс-шаралар:
oo үй қоянын өсіретін шаруашылықтардың басшылары мен ветеринариялық мамандары, қояндарды тасымалдау, қабылдау және оның шикізат өнімдерін өңдеу кәсіпорындарының басшылары аурудың алдын алу үшін, жалпы ветеринариялық-санитариялық сақтық шараларын қатаң сақтауға міндетті.
oo үй қоянын өсіретін шаруашылықтардың, басқа шаруашылық субъектілерінің ветеринариялық мамандары, қоян өсіруші-әуесқойлар, елді мекендерде, шаруашылық субъектілерінде мемлекеттік ветеринариялық қызмет көрсететін мамандар, ветеринариялық арнаулы шаралардың жоспарында көрсетілгеніндей (профилактикалық егулер, диагностикалық зерттеулер) жүргізуге керек, қояндардың геморрагиялық вирустық ауруының алдын алу, сақтандырудың жағдайын жасайды және қояндарды үнемі бақылауды қамтамасыз етеді.
ҮҚВГА-на қарсы жоспарлы профилактикалық егу жұмыстарын жүргізеді, сонымен қатар дайындау мекемелерінің, қоймалардың, базалардың және терісі бағалы аңдардың тері-шикізаттарын сақтайтын тоңазытқыштарына және өңдейтін мекемелердегі қояндардың иммунизациялық егу жұмыстарына көңіл аударады.
Үй қояндарының шикізаттарымен жұмыс істегенде, ветеринариялық және санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтайды, өндіріс орнынан шаруашылықтың залалсыздандырмаған қалдықтарының шығуына жол берілмейді.
Азықтар мен тері шикізаттарының бір қоймада сақталуына болмайды.
Үй қояндарының және оның шикізаттарын тасымалдағаннан кейін, автокөлікті міндетті түрде тазалап жуып және оған дезинфекция жасалынады.
Үй қоянының вирустық геморрагиялық ауруына
күдік туғанда атқарылуға тиісті іс-шаралар:
1) ҮҚВГА-на күдік туғанда аудандық (қалалық) бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторға хабарлауға;
2) қояндардың және оның өнімдерін сатып таратуды, тоқтата тұрудың шарасын жасауға;
3) жануарларды бағып күтуші адамдардың және көліктің кіріп-шығуына шектеу қоюға;
4) қояндарды шаруашылықта топтастыруға, және жаңадан сырттан әкелуге, тасымалдауға болмайды;
5) және басқа да ауруды таратпаудың тиісті шараларын қарастыруы керек.
Карантиндік шаралар
ҮҚВГА жөнінде мәліметтер алынғаннан кейін, шаруашылық субъектілеріне "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 27-тармағына сәйкес шектеу қойылады.
1) Үй қояндардың вирустық геморрагиялық
ауруын жою шаралары
2) қояндарды және оның өнімдерін: тері, түбіт, мүлік және қоянның азықтарын кіргізуге және шығаруға;
3) үй қояндарын қайтадан топтастыруға;
4) үй қояндарының шоғырлануына байланысты жүргізілетін көрмелер және басқа шаралар ұйымдастыруға;
5) қояндарды және оның сойылған өнімдерімен сауда саттық жасауға;
6) қоян өсірушілердің жануарларды айырбастауына;
7) қояндарды шағылыстыратын пункттердің жұмыс істеуіне;
8) ауру қояндар орналасқан және оның өлексесі жатқан жерден азықтық жем-шөп дайындауға және олармен қояндарды азықтандыруға;
9) қояндарды базарлардан, қоғамдық тамақтандыру орындарынан, елді мекендерден алынған залалсыздандырылмаған тағам, өсімдік қалдықтарымен азықтандыруға;
10) қоян өсірушілердің жиналыстарын, кеңестерін өткізуге тыйым салынады.
Сойылғаннан кейiнгi анықтау. Ас қорыту, тыныс алу органдарында және бауырда, көк бауырда, бүйректе, жүректе нүктелi сызықты қан құйылуы байқалады. Өкпесi iсiнiп, қызыл-қошқыл түстi дақтармен, кесiндiсiнде ұйытылмаған қан күңгiрт түстi болады. Бауыры үлкейген, босаң, сары-қоңыр түстi, ұйымаған қаны көп. Лимфа түйiндерi ұлпалы, күлгiрт түстi.
Санитариялық бағалау. Ұшасын, iшкi органдарын және терiсiн утилге жiбередi. Ауру қояндарды және туғанына 2-ай болмаған қояндарды қан шығармай сою әдісімен өлтіріп терісімен қоса утильге жібереді, ересек дені сау қояндарды қолайсыз пункттің өзінде шаруашылықта етке сойылады, аурудың таралмауы қамтамасыз етіліп, ветеринариялық-санитариялық шаралардың ережелері сақталады және аудандық (шаруашылықтың) бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының бақылауымен жүргізіледі, қояндардың ұшаларын, етін қайнатқан соң қолайсыз әкімшілік аймағының аумағында шексіз пайдалануға болады, және басы, аяқтары, ішкі ағзаларын, қан және басқа өнімдерін күні бұрын дайындалған дезинфекциялық заттармен өңделіп утильдейді, өртейді немесе 1,5-2 метр тереңдікте қазып көмеді. Серуендеу алаңдарына, жабдықтарға, сою пункттеріне және жануарлар орналасқан шаруашылық субъектілері мен қоян ұстайтын азаматтардың қора-жайларына мұқият механикалық тазарту және дезинфекция жүргізіледі. Қолайсыз пунктте дайындалған қояндардың терілерін екі қабат тығыз залалсыздандырылған матамен орап қаттағаннан кейін, қоймалар мен тоңазытқыштарда ұстамастан тікелей ветеринариялық куәлік толтырып, залалсыздандыру және өңдеу үшін өңдеу кәсіпорындарына жібереді.
3.3. Пастереллез кезіндегі қоян ұшасы мен ішкі органдарын ВСС
Пастереллез - қоян қанын қағындыратын Pasteurella микробтары тудыратын жұқпалы жіті ауру.
Пастереллез ауруына ірі қара, шошқа, қой, үй қояны, құстар және жабайы өгіздер, ешкілер, шошқалар, бұғылар, бұландар, ақбөкендер, киіктер шалдығады. Ауру жас қоянға және ересек қоянға бірдей қауіпті, дегенмен ауруға тән белгілер айрықша ересек малда кездеседі. Пастереллалар тыныс жолдарының, ас қорыту жүйесінің кілегей қабықтарын үнемі мекендейді. Организмде резистентіліктің әлсіреуі кезінде санитарлық жағдайлар сақталмағандықтан, суыққа шалдығудың, шаршап - қалжыраудың, аштыққа ұшыраудың, жем шөпте витаминдердің жетіспеуі салдарынан, тағы басқа стресс себептер әсерінен микробтардың патогендігі күшейіп, олар ауру тудырады.
Пастереллез жиі негізгі зардапты асқындырады, мысалы а витоминоздарды. Адамдарға жұғу ықтималдығы да өте жоғары. Бiрақ адамдарға жұғу фактiлерi мен оның клиникалық көрiнiсi әлi толық зерттелмеген. Түбегейлi жiктелуi, дифференциалдық диагноз қою белгiлерi де жоққа тән. Көп жағдайларда бұл ауруға шалдыққандар өлiмге ұшырап жатады.
Пастереллез - ұлпаны зақымдайтындықтан ол емге ырық бере қоймайды. Әсiресе, бұл ауруды антибиотиктермен емдеу нәтиже бере бермейдi. Аурудың жануарлар арқылы адамға жұғуы әбден мүмкiн. Мәселен, өлген жануар денесiн ұстаған адам пастереллез жұқтырып алуы ықтимал. Бұл iндет сирек тарайды. Жануарлардан жұғатын болғандықтан халқымыз бұрынырақта бұл ауруды да оба деп атаған.
Аурудың негізгі көзі - сырқат қояндар мен бактериотасымалдаушылар. Адамдар инфекцияны ауру малды, құсты сойып, етін жіліктегенде, оны тазалап, өндеу кезінде, сонымен қатар ауру малдың тырнап, тістеуінен де жұқыруы мүмкін. Пастереллездің жасырын кезеңі 1 - 7 күн. Клиникалық айқындалуына сәйкес пастереллезді 3 топқа бөлуге болады. Терілік түрі (көп таралған түрі ), әртүрлі ауру малдың тырнап, тістеуі нәтижесінде таралады. Ауру қабыну түрінде басталады ( ісіну, қызыару) және денеде субфебрилдік қызу ( 37,1 ден 37,6), айқын токсикалық синдром және қан кернеуі, дененің қызаруы байқалады.
Сойылғаннан кейiнгi анықтау. Аурудың қатаң не өте қатты өтуiне байланысты серозды-фибриндi не iрiңдi плеврит, өкпенiң крупозды қабынуы және өкпе, жүрек, бауыр, бүйрек және лимфа бездерiнде нүкте не сызықшалы қан құйылу байқалады. Кеуде қуысында геморрагиялы сарысу жиналады. Аурудың созылмалы түрiнде өкпеде iрiңдi не шiрiген ошақтар, бауырда көптеген шiрiген ошақтар, бүйрек топырақ тәрiздес, ақ-боз түрлi ұсақ шiрiген бөлiктер.
Санитариялық бағалау. Егер бұлшық етте, ішкә мүшелерде инфильтраттар мен сему өзгерістері табылған жағдайда ұшаны ішкі мүшелерімен бірге утильдейге жібереді. Ал, егер органолептикалық көрсеткіштері сау қоянға тән болып, пастерллезге тексеру нәтижесі теріс болса, ұша мен ішкі мүшелерді пісірілген шұжық дайындауға жібереді. Пастереллалар табылған жағдайда етті қайнату арқылы залалсыздандырады немесе консерві дайындауға жібереді. Ауру қояндардың ішкі мүшелерін утильдейді. Терілерін алғашқы өңдеу орындарында 1% тұзды қышқыл ерітіндісінде немесе 20% ас тұзы ерітіндісінде 48 сағат бойы дезинфекциялайды. Сою - бөлшектеу алаңдарын және бөлмелерді ыстық 2% күйдіргіш натрий және хлорлы әкпен залалсыздандырады. Құрал-жабдықтарды 10 минуттан кем емес 2% кальцийленген содада қайнатады.
3.4. Кокцидиоз кезінде қоян ұшасы мен ішкі органдарын ВСС
Қояндар кокцидиозбен тұқымына қарамастан ауырады. 2 - 4 айлық көжектер неғұрлым ауру жұқтырғыш келеді.
Аурудың себептері. Қоздырғыштары - кокцидийдің 7 түрі. Олардың бірі - Eimeria stidae бауыр кокцидиозын қоздыра отырып, баырдың өт өзегінде тоғышарлық етеді. Қалғандары - E. perforans, E. media, E. magna, т.б. кокцидиоздың ішектік формасын қоздыра отырып, ішекте тоғышарлық етеді. Қояндарда кокцидиоздың көбінесе аралас - бауырлық және ішектік формасы болады.
Аурудың таралуы. Қоян кокцидиозының ауру ошағы - ауру немесе ауырып жазылған көжектер, сақа қояндар - паразит тасығыштар. Көжектер ауруды кокцидий ооцистерімен ластанған қора-қопсы, клеткалар, жем-шөп, су, бағып-күту ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz