Ара шаруашылығының маңызы



І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Ара шаруашылығының маңызы ... ... ... .5
2.2. Бал ара шаруашылығы туралы Қазақстан Республикасының заңы ... ..6
2.3. Табиғи бал жəне ара шаруашылығының өнімдерін ЕврАзЭҚ елдері аумағында жəне (немесе) тараптар арасында тасымалдау (орнын
ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар ... ... ... ... ... ... ... . 9
2.4. Бал аралардың, жабайы аралар және жоңышқа аралары жапырақ кескіштердің ТМД на импорты бойынша ветеринарлық талаптар ... ... ... .10
2.5. Бал араларын темір жол, әуе көлігімен тасымалдау ережелері ... ... ... .12
2.6. Ара шаруашылық нысандарын тасымалдау кезінде инфекциялық және инвазиялық аурулардан сақтаудағы профилактикалық, санитариялық . гигиеналық шараларын белгілеу ... ... ... ... .14
2.7. ЕврАзЭҚ елдеріне бал мен бал өнімдерін әкелуге рұқсат етілмейтін жағдайлар және ара өнімдерін қайта өңдеуші кәсіпорындарда мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүргізу тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.8. Ара өнімдерін қайта өңдеуші кәсіпорындарда мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүргізу тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.9. Омартаға ветеринариялық паспорт беру ережелері ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.10. Араны тасымалдау барысында ветеринарлық санитарлық бақылау...23
2.11. Жасанды балды анықтау ... ... ... ... ... 24
ІІІ. Өзіндік зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
IV. Қорытынды ... ... ... ... ... .34
V. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ..35
Тіркемелер
Жануарлар Қазақстан Республикасының заңы бойынша темір жол, су көліктері арқылы тасымалдау, автокөлік және әуе көлік арқылы тек қана жұқпалы аурулардан таза шаруашылықтан алынған, клиникалық тексерістен өткен жануарлар ғана, ал табындық және қолданылатын жануарлар, диагностикалық зерттеулерден, өңдеуден өткен соң ғана жіберіледі. Басқа аудандарға сатылуға жіберілетін табындық жануарларды профилактикалық оқшауға қояды, ол мерзімде диспансеризация өткізіледі. 3 күннен кем емес аралықта жануарлар тасымалдау кезіндегі азықтандыру режиміне бейімдеу керек.
Темір жол, су, авто көлік, әуе жолдары арқылы жұқпалы аурулар кездескен шаруашылықтан әкелінген жануарларды тек клиникалық өзгерістен соң тасымалдауға болады.
Жөнелтуші жануарларды клиникалық тексерістен өткізу керек. Жануарлардың дене қызуы төмен не жоғары болса, әлсіз және арық, соған қоса жануарларда әр түрлі жарақаттар болса, тасымалдауға рұқсат берілмейді.
Тасымалдау кезінде жануарларды күтіп бағып, жұмыс істей білетін жолсеріктерді дайындап қою керек. Тасымалдау алдында жануарлар санына, тасымалдау уақытына, қашықтығына байланысты азықтар мен суды, төсеніштерді, ыдыстарды, шелектерді т.б керекті заттарды дайындап қою керек.
Тасымалдау кезінде ауру және жұқпалы ауруларға күмән туған жағдайда жануарларды тасымалдау кезінде, ветеринарлық инспекторлар міндетті түрде тез арада ауру жануарды бөлектеп алады, ауру малдар табылғаны туралы ауданның бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторына хабар беріп, ветеринария саласында қолданылатын нормативті құқық актілеріне сәйкес шаралар қолданады.
Ауру жануарлар тасымалданған вагондарға, кемелерге, қайықтарға, ұшақтарға, автокөліктерге және алаңдарға, платформаларға, қораларға, сонымен қатар ауру жануарлармен жанасқан аспаптарға, қызмет етушылердің киім, аяқ киімдеріне, ветеринария саласында қолданылатын нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, міндетті түрде дезинфекция жүргізеді. Транзит кезінде малдар ауыратын болса, мейлі олар үй жануарлары болсын ветинспектор ауру мал бар вагондары, ұшақтарды тоқтатып, ұшақ ішін барлығымен дерлік өңдейді.
1. Бутко М.П. и другие «Ветеринарная санитария на транспорте» Москва, Колос, 1986.
2. Даулетбаев К.Д. «Государственный ветеринарный надзор на границе и транспорте Р.К.» -Алматы, Алатау, 1997.
3. Поляков А.А. «Ветеринарная санитария» - Москва, Колос,1979
4. Поляков А.А. и другие «Руководство по ветеринарной санитарий» - Москва, Колос.1986
5. Песков П.Г. и другие «Ветеринарно-санитарный надзор на транспорте» - Москва, Колос, 1969
6. Поляков А.А. «Ветеринарная дезинфекция» - Москва, Колос,1975.
7. Третьяков А.Д. «Ветеринарное законодательство» Том 1,2,3,4. –
Москва, Колос, 1973,1981,1988.
8. Телеуғали Т.,Қырықбай С. «Мал дәрігерлік-санитарлық сараптау және мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы мен стандарттау негіздері» - Алматы, Бастау, 1998.
9. Ярных В.С. «Аэрозольная дезинфекция» - Москва, Колос, 1988.
Есенғалиев, Ғ.Ғ., Кушалиев, Қ.Ж., - Мемлекеттік шекарадағы және көліктегі мал дәрігерлік - санитарлық қадағалау, - Орал, 2002.
10. «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы» Астана, 2003.
11. «Шекарадағы және көліктегі ветеринариялық санитариялық бақылау», Бегенова А.Б, Астана 2008 ж.
12. «Қазақстан Республикасының ветеринариялық заңнамасы» 2 том, Астана 2005ж.
13.Бутко М.П., Шупляков И.Д., Тарасенко Т.А., Любаков Н.П.«Ветеринарная санитария на транспорте» М.: «Агропромиздат, 1988г.
14.Даулетбаев К.Д., Акатов Ж.Б., Косжанов Б.М., Жанузаков Н.Ж.«Государственный ветеринарный надзор на границе и транспортереспублики Казахстан» Алматы, «Алатау», 1997г.
15.З.Елемесов К.Е., Шуклин Н.Ф. Ветеринарно-санитарная экспертиза, стандартизация и сертификация продуктов». Том 1,2 Издательский дом«CREDO», Алматы -2002г.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ:

І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1. Ара шаруашылығының маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2.2. Бал ара шаруашылығы туралы Қазақстан Республикасының заңы ... ..6
2.3. Табиғи бал жəне ара шаруашылығының өнімдерін ЕврАзЭҚ елдері аумағында жəне (немесе) тараптар арасында тасымалдау (орнын
ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар ... ... ... ... ... ... ... .. 9
2.4. Бал аралардың, жабайы аралар және жоңышқа аралары жапырақ кескіштердің ТМД на импорты бойынша ветеринарлық талаптар ... ... ... .10
2.5. Бал араларын темір жол, әуе көлігімен тасымалдау ережелері ... ... ... .12
2.6. Ара шаруашылық нысандарын тасымалдау кезінде инфекциялық және инвазиялық аурулардан сақтаудағы профилактикалық, санитариялық - гигиеналық шараларын белгілеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.7. ЕврАзЭҚ елдеріне бал мен бал өнімдерін әкелуге рұқсат етілмейтін жағдайлар және ара өнімдерін қайта өңдеуші кәсіпорындарда мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүргізу тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.8. Ара өнімдерін қайта өңдеуші кәсіпорындарда мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүргізу тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.9. Омартаға ветеринариялық паспорт беру ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ..23
2.10. Араны тасымалдау барысында ветеринарлық санитарлық бақылау...23
2.11. Жасанды балды анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
ІІІ. Өзіндік зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
IV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
V. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
Тіркемелер

І.КІРІСПЕ

Жануарлар Қазақстан Республикасының заңы бойынша темір жол, су көліктері арқылы тасымалдау, автокөлік және әуе көлік арқылы тек қана жұқпалы аурулардан таза шаруашылықтан алынған, клиникалық тексерістен өткен жануарлар ғана, ал табындық және қолданылатын жануарлар, диагностикалық зерттеулерден, өңдеуден өткен соң ғана жіберіледі. Басқа аудандарға сатылуға жіберілетін табындық жануарларды профилактикалық оқшауға қояды, ол мерзімде диспансеризация өткізіледі. 3 күннен кем емес аралықта жануарлар тасымалдау кезіндегі азықтандыру режиміне бейімдеу керек.
Темір жол, су, авто көлік, әуе жолдары арқылы жұқпалы аурулар кездескен шаруашылықтан әкелінген жануарларды тек клиникалық өзгерістен соң тасымалдауға болады.
Жөнелтуші жануарларды клиникалық тексерістен өткізу керек. Жануарлардың дене қызуы төмен не жоғары болса, әлсіз және арық, соған қоса жануарларда әр түрлі жарақаттар болса, тасымалдауға рұқсат берілмейді.
Тасымалдау кезінде жануарларды күтіп бағып, жұмыс істей білетін жолсеріктерді дайындап қою керек. Тасымалдау алдында жануарлар санына, тасымалдау уақытына, қашықтығына байланысты азықтар мен суды, төсеніштерді, ыдыстарды, шелектерді т.б керекті заттарды дайындап қою керек.
Тасымалдау кезінде ауру және жұқпалы ауруларға күмән туған жағдайда жануарларды тасымалдау кезінде, ветеринарлық инспекторлар міндетті түрде тез арада ауру жануарды бөлектеп алады, ауру малдар табылғаны туралы ауданның бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторына хабар беріп, ветеринария саласында қолданылатын нормативті құқық актілеріне сәйкес шаралар қолданады.
Ауру жануарлар тасымалданған вагондарға, кемелерге, қайықтарға, ұшақтарға, автокөліктерге және алаңдарға, платформаларға, қораларға, сонымен қатар ауру жануарлармен жанасқан аспаптарға, қызмет етушылердің киім, аяқ киімдеріне, ветеринария саласында қолданылатын нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, міндетті түрде дезинфекция жүргізеді. Транзит кезінде малдар ауыратын болса, мейлі олар үй жануарлары болсын ветинспектор ауру мал бар вагондары, ұшақтарды тоқтатып, ұшақ ішін барлығымен дерлік өңдейді.
Жұқпалы аурумен ауырған жануарлар болған вагондардан, кемелерден, қайықтардан, ұшақтардан, автокөліктерден мал нәжісімен және қолданылған төсенішін жол бойына тастауға, нәжіс және төсеніш тастауға рұқсат етілген стансаларда да тыйым салынады. Бұндай вагондар, қайықтар, кемелер, ұшақтар нәжісімен және құрал-аспаптарымен бірге, жануарлар түсіріліп болған соң, ветеринарлық-санитарлық өңдеуге жіберіледі.
Бал арасы - бал, балауыз өндіру үшін және ауылшаруашылық дақылдарын тозаңдандыру үшін өсірілетін аса кең таралған тұқым. Қазіргі бал арасы қолға үйретілген жануар деп қарастырылады. Бал аралары планетада адамнан көп және бұрын пайда болған, қазіргі кездегі бал арасының көптеген формалары адамның қатысынсыз дамиды. Бал аралары барлық қоғамдық насекомдар сияқты үлкен қауымдастық - семья құрып тіршілік етеді. Жеке ара өздігінен тіршілік ете алмайды.
Біздің еліміз бен шет елдер медицина мамандығы мен диетологтар витаминдер мен минералдық заттарға бай гүл тозаңына едәуір ынта қоюда.
Оңтүстік аудандардың арнайы кәсіпке бейімделген ара өсіруімен шұғылданатын ұжымдардың тауарлы өнімінде аналық аралар едәуір орын алады Олардың өсірілуі жыл сайын сан жағынан артып келеді. Мысалы, еліміздің ара өсіретін шаруашылықтарында жыл сайын 32,5 мыңға жуық аналық аралар жұмыс атқарады.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 Ара шаруашылығының маңызы

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық мекемелері энтомофильдік ауыл шаруашылық өсімдіктерді егіп-өсірудің аса маңызды агро тәсілдерінің бірі ретінде аралармен тозаңдандыруды барлық агрономиялық ұсыныстарға және технологиялық карталарға енгізуде, бүкіл егістікте егіп өсірілген осындай дақылдарды аралармен тозаңдандыруды, сондай-ақ энтомофильдік дақылдарды аралармен тиімді тозаңдандыруды ұйымдастыруда ауыл шаруашылық мекемелерінің, шаруашылықтардың басшылары мен мамандарының жауапкершілігін күшейте түсуге міндетті.
Ара шаруашылығының халық шаруашылығына қажеттілігі тікелей омарталардан алынатын бірқатар құнды өнімдермен (ара балы, балауыз, ара желімі, тозаң, аналық ара сүті және ара уы) ғана шектеліп қана қоймайды.
Энтомофильдік дақылдардың буынаяқтылар арқылы тозаңданатындар тиімді тозаңдатқыштар ретінде бал аралары ауыл шаруашылық өндірісінде де елеулі қызмет атқарады. Озық агротехникамен ұштастыра отырып, оларды бунақденелілермен алмастырып тозаңдандыру - осы дақылдардың өнімділігін, тұқымы мен жемісінің сапасын арттырудың маңызды қоры болып табылады. Оңтүстік аудандардың арнайы кәсіпке бейімделген ара өсірумен шұғылданатын ұжымдардың тауарлы өнімінде аналық аралар едәуір орын алады. Олардың өсірілуі жыл сайын сан жағынан артып келеді. Мысалы, еліміздің ара өсірілетін Шығыс және Оңтүстік Шығыс аймақтарындағы шаруашылықтарында жыл сайын 32,5 мыңға жуық аналық аралар жұмыс атқарады. Біздің елімізде 375 мыңнан астам ара отбасы бар, соның ішінде 266 мыңы жеке шаруашылықтардың үлесіне жатады. Қазақстан ара шаруашылығын өркендетудің орасан зор мүмкіндіктерін жеткілікті пайдалана алмай келеді. Республиканың орасан зор аймақтарындағы табиғи жағдай аралардың бал жинауына және оны жетекші бағытта өркендеуіне өз ықпалын тигізеді.
Елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді одан әрі арттыру жөніндегі мәселелерді шешуде ара шаруашылығына да едәуір орын беріледі. Омарталардың тікелей өнімдерін өндіруді арттыру қажеттілігімен бірге араларды энтомофильдік дақылдарды тозаңдандыру ісінде пайдаланудың да пайдасы аз емес. Бал өндіру көбінесе ара отбастарының өнімділігін арттырудың және әр отбасыдан жиналған балды еліміз бойынша орташа есеппен 20 кг-ға дейін жеткізудің нәтижесінде көбейтілуге тиіс. Ауыл шаруашылығының өзге де салалары сияқты, ара шаруашылығы өндірісті күшейту, еңбек өнімділігін арттыру және өнімнің өзіндік құнын төмендету бағытында өркендей түспек. Мұнда ара шаруашылығын тиімді түрде орналастыруға және оның жергілікті табиғи-экономикалық жағдайларға, шірнелі өсімдіктер базасының ерекшеліктеріне және энтомофильдік дақылдарды тозаңдандыру жөніндегі ауыл шаруашылығының жетекші салаларының сұранымына сәйкес арнайы кәсіпке бейімдеуге айрықша көңіл бөлген жөн. Пайдаланылмай жатқан жабайы өсетін шірнелі өсімдіктерге өте бай аумақты жері бар биік таулы аудандарының ара фермалары мен ара өсіретін ұжымдары бал өндіруге, ал теңіз жағалауларының ойпат жерлеріндегі, тау бөктеріндегі аудандардың шаруашылықтары энтомофильдік дақылдарды тозаңданырумен ұштастыра отырып, аналық араларды және пакеттік отбастарды жаппай өндіру кәсібіне бейімделуге тиіс.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық Министрлігі кезінде қарамағындағы ара шаруашылығының қаншама қанатын кең жайғандығына ара шаруашылығы басқармасы құрылуы және оның осы орталық өндірістік басшылығын арттыруы дәлел. Қазақстанның ара шаруашылық тәжірибе станциясы, Республикадағы ірі ғылым орталығы болғандықтан және оған қоса осы саланың дамуына тікелей қатысуына байланысты, ол маңызды мәселердің тікелей шешуші күші екені даусыз.

2.2 Бал ара шаруашылығы туралы Қазақстан Республикасының заңы

Осы заң ара шаруашылығы өнімін өндіру, бал араны қорғау, пайдалану және молықтыру, оларды ауыл шаруашылық дақылдарын және барлық тозаңдандырылатын флораны тозаңдандыру үшін тиімді пайдалану, ара шаруашылығының, сондай-ақ өсімдік шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін жағдай жасау, бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін сақтау кепілдіктерін қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды реттейді.
Жалпы ережелер
1-бап.Осы заңда пайданылатын негізгі ұғымдар
Осы заңда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1 )Бал ара шаруашылығы - ауылшаруашылығы өндірісінің саласы,оның жұмыс істеу негізі, эндомофильді өсімдіктерді тозаңдандыру мен олардың өнімділігін арттыру, бал ара шаруашылығы өнімдерін алу үшін бал араны өсіру, ұстау және пайдалану болып табылады;
2) Бал ара шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган -Қазақстан Республикасының берілген өкілеттіктер шегінде бал ара шаруашылығы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органы;
3) Бал ара ұясы - бал ара ұясында немесе үйшігінде жұмыскер бал аралардан, еркек бал аралардан және аналық бал арадан тұратын тұтас биологиялық бірлік;
4) Бал ара бал ұясы - бал ара бал ұясын ұстауға арналған құрылыс;
5) Омарта - бал арасымен қоса белгілі бір жерде орналастырылған бал ара ұялары және бал ара шаруашылығымен айналысуға қажетті мүлік;
6) Тұрақты омарта - бір жыл бойы тұрақты жерде орналастырылған омарта;
7) Көшпелі омарта - орнын ауыстырып тұру арқылы бал жинау көздерінің немесе энтомофильді өсімдіктер алабында орналасқан омарта;
8) Асылдандырушы шаруашылық - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган аттестаттаған белгілі бір асыл тұқымды бал ара ұяларын жаңа асыл тұқымды бал араларының ұрықтанған аналықтарын өсіру мен сатуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субьект;
9) Асыл тұқымды бал ара ұясы - өзінің тұқымдық белгілерінің ұрпағына тұрақты түрде беретін таза тұқымды, жоғары сыныпты бал араларының өнімділігі жоғары ұясы;
10) Аналық бал ара - бал ара ұясының толықтырылуын қамтамасыз ететін ұрғашы бал арасы;
11) Бал ара тұқымдары - адамның белгілі бір шаруашылық және табиғи жағдайларындағы шығармашылық қызметінің ықпалымен қалыптасқан,саны жағынан өсіру үшін өз-өзіне жеткілікті,шаруашылық және асыл тұқымды құндылығы бар жалпы тектес бал ара ұяларының тұтас тобы;
12) Бал ара шаруашылығының өнімдері - бал ара жинаушылық және физиологиялық қасиеттері арқасында алынған өнімдер, сондай ақ бал араның өзі;
13) Балауыз тетік - бал ара ұяларының негіздері басылып жасалған тиісті мөлшердегі жасанды түрде дайындалған жұқа балауыз жапырақтары;
14) Бал ара ұяларының зиянкестері - бал араларын жеу мақсаты үшін өлтірілетін немесе балды ұрлау және бүлдіру арқылы бал ара ұясына зиян келтіретін жануарлардың, құстар мен жәндіктердің жекелеген түрлері;
15) Омартаның ветеринарлық төлқұжаты - ветеринария саласындағы уәкілетті орган белгіленген нысандағы құжат,онда бал арасы ұяларының орналасқан жері, иесі, саны, бал аралары ауруларының профилактикасын, емдеуді және диагностикасын жүргізу мақсатында өткізілген ветеринариялық өңдеудің мерзімдері мен сипаты көрсетіледі;
16) Бал ара ұяларын тасымалдау - бал ара ұяларын бал жинауға және энтомофильді өсімдіктерді тозаңдандыруға шығару;
17) Бал арасын қорғау құралдары - иммундық-биологиялық, биологиялық өсімдіктен алынатын, химиялық, химиялық-фармацевтикалық және бал ара шаруашылығында пайдаланылатын басқа да ветеринариялық препараттар;
18) Энтомофильді өсімдіктер - насекомдармен тозаңданатын өсімдіктер.

2-бап. Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңдары
1. Қ.Р. бал ара шаруашылығы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясында негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе,халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Ара балы мен бал арасы өнімдері:
ЕврАзЭҚ қатысушы елдердің аумағына ауылшаруашылық және үй жануарларының жұқпалы ауруларынан таза, әкімшіліктік аумақтардағы экспорттық сауда үшін бекітілген шаруашылықтардан шығарылған ара балы мен бал арасы өнімдерін әкелуге рұқсат етіледі, сонымен бірге :
- әкімшілік аумақтарда соңғы 3 жылдың ішінде шошқаның африкалық обасынан;
-әкімшілік аймақтарда соңғы 6 айдың ішінде аусылдан;
-шаруашылықтардың аумақтарында соңғы 3 жылдың ішінде америка мен еуропа шірінділерінен,нозематоздан.
Құрамында гендік инженерияның пайдалануымен шығарылған немесе басқа да генетикалық өзгерту көздерінен алынған азықтармен азықтанбаған бал араларынан алынған ара балы мен бал өнімдері ЕврАзЭҚ елдеріне бал мен бал өнімдерін әкелуге рұқсат етілмейді:
- химиялық заттармен, иондық немесе улльтракүлгін сәулемен өңделген;
- органалептикалық көрсеткіштері өзгерген немесе сыртындағы буып түйген зат бұзылған ;
-құрамында табиғи немесе синтетикалық эстрогендік, гормональдық заттар, тиреостатикалық препараттар, антибиотиктер, пестицидтер және басқа дәрілік заттар бар.
Құрамында бал және бал өнімдерінен тұратын тағамдар, нәтижесінде тіршілікке қабілетті патогендік микрофлора болмайтына кепілдік беретіндей өңдеуден өту керек. Экспортер елдің құзырлы мемлекеттік қызметі адамдарға тағам ретінде жарамды болып танылған бал және бал арасы өнімдері шектеусіз еркін сатуға босатылады.
Бал және бал арасы өнімдерінің микробиологиялық, химия- токсикологиялық және радиологиялық көрсеткіштері ЕврАзЭҚ мемлекеттерінің қолданыстағы ветеринарлық және санитарлық ережелеріне, нормаларына сай болу керек.
Ыдыстар және буып түю материалдары бір ақ рет қолданылады және гигиеналық талаптарға сай болу керек.
Азық-түлік тағамдары мен оның шикізаттарын тасымалдайтын көлік түрлеріне белгіленген тәртіпте санитарлық төлқұжаты болу керек.
Көлік түрлері экспортер елдің талаптарына сәйкес залалсыздандырылады және дайындалады.
Осы талаптарда көрсетілген шарттардың орындалуы экспортер елдің мемлекеттік ветеринарлық дәрігері қол қойған және экспортер елдің және орыс тілдерінде толтырылған ветеринарлық сертификатпен толығымен расталуы керек.
ЕврАзЭҚ елдеріне ара балын түсіру тек қана импортердің ЕврАзЭҚ елдерінің орталық ветеринарлық органының рұқсатын алғаннан кейін ғана іске асырылады.
ЕврАзЭҚ елдерінің орталық ветеринарлық органы ветеринарлық мамандарын шаруашылықтарды қадағалауды және ЕврАзЭқ елдерінде құрамында бал және бал арасы өнімдері бар тамақ түрлерін шығаратын кәсіпорындарды аттестациялау құқығын өзінде қалдырады.
Ара өнімдерін қайта өңдеуші кәсіпорындарда мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүргізу тәртібі
Ара өнімдерін қайта өңдеуші кәсіпорындарда мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың жүргізетін міндеттері:
-қайта өңдеуге келіп түскен немесе қалыпталған ара өнімдерінің шыққан тегін, түрлік жатқызылуын және өнім шығарылған аймақтың ветеринарлық санитарлық ережелердің сақталуын бақылау;
-келіп түсетін ара өнімдерін түсіру кезінде, қоймаға қоюда және сақтаудағы ветеринариялық санитарлық ережелердің сақталуын бақылау;
-сапасыз өнімдердің берілген қорытындыға сәйкес қолдануына немесе утильденуіне бақылау жүргізу;
-бөлмелерге, жабдықтарға, құралдарға және көліктік заттарға дезинфекция және де дизинсекция, дератизация жүргізуді бақылау;
- кәсіпорыннан шығарылған өнімдерге, ветеринариялық санитариялық бағалануы нәтижиесі бойынша, анықталған үлгідегі ветеринариялық жолдаушы құжаттарды беру.

2.3. Табиғи бал жəне ара шаруашылығының өнімдерін ЕврАзЭҚ елдері аумағында жəне (немесе) тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар
ЕврАзЭҚ елдері аумағына жəне тараптар арасында енгізуге жəне тасымалдауға, аймаққа бөлу тəртібіне сəйкес əкімшілік шаруашылықтан, ара шаруашылығынан алынған табиғи бал мен ара өнімдері жатады жəне ол шаруашылықтар 3 ай бойы американдық шірік, европалық шірік, нозематоздан т.б. ауылшаруашылық жануарлардың індеттік аурулардан бос болу керек. ЕврАзЭҚ елдері аумағына енгізуге келесі өзгерістері бар бал өнімдері жіберілмейді: ораманың бүтіндігі бұзылған, органолептикалық, физико-химиялық өзгерістері бар; құра- мында табиғи немесе синтетикалық, эстрогендік гормоналдық заттар, тиреостатикалық препараттар бар. Табиғи бал мен ара өнімдерінде келесі дəрілік заттардың қалдықтары болма- уы керек: хлорамфеникол, хлорфармазин, колхицин, дапсон, диметридазол, нитрофурандар, ронидазол жəне кумафос - 100 мкгкг жəне амитраз 200 мкгкг аспауы керек. Жəне бал өнімдерінде ара шаруашылығында емдеуге арналған басқа да препараттардың қалдықтары болмауы тиіс, өндіруші міндетті түрде ара шаруашылығын өңдеуге арналған пестицидтердің барлық түрлерін көрсетуі тиіс. Бал өнімдерінің химико-токсикологиялық (ауыр металдар мен пестицидтер) жəне радиологиялық көрсеткіштері кедендік аумағында белгіленген ветеринарлық-санитарлық талаптарға немесе ережелерге сай болуы керек.
Ара балы немесе одан жасалған өнімдер жіберілмейді: ораманың бүтіндігі бұзылған, органолептикалық, физико-химиялық өзгерістері бар; құрамында табиғи немесе синтетикалық, эстрогендік гормоналдық заттар, тиреостатикалық препараттар бар. Табиғи бал мен ара өнімдерінде келесі дəрілік заттардың қалдықтары болмауы керек: хлорамфеникол, хлор- фармазин, колхицин, дапсон, диметридазол, нитрофурандар, ронидазол жəне кумафос - 100мкгкг жəне амитраз 200 мкгкг аспауы керек. Жəне де бал өнімдерінде ара шаруашылығында емдеуге арналған басқа да препараттардың қалдықтары болмауы тиіс, өндіруші міндетті түрде ара шаруашылығын өңдемелеуге арналған пестицидтердің барлық түрлерін көрсетуі тиіс. Бал өнімдерінің химико-токсикологиялық (ауыр металдар мен пестицидтер) жəне радиологиялық көрсеткіштері кедендік аумағында белгіленген ветеринарлық-санитарлық талаптарға немесе ережелерге сай болуы керек.
2.4. Бал аралардың, жабайы аралар және жоңышқа аралары жапырақ кескіштердің ТМД на импорты бойынша ветеринарлық талаптар

ТМД елдеріне әкелуге ауылшаруашылық және үй жануарларының жұқпалы қауіпті аурулардан таза, экспорт үшін бекітілген сату шаруашылықтарынан, әкімшіліктік аумақтардан шығарылған сау бал аралардың, жабайы аралардың жанұяларына, аналықтарына және жоңышқа аралары жапырақ кескіштердің личинкаларына рұқсат беріледі, сонымен бірге:
-шошқаның африкалық обасы елдің аумағында соңғы 3 жыл бойы;
-аусыл елдің аумағында соңғы 12 ай бойы;
Бал шығаратын аралар үшін:
-акариоз, американдық шіріме, европалық шіріме, нозематоз, варроатоз соңғы 2 жыл бойы және араның басқа жұқпалы ауруларына соңғы 8 ай бойы 5км радиуста
Жабайы аралар үшін:
- локустакароз, нозематоз, грегариноз, критидиоз, аспергиллез, аскосфероз, сферуляриоз, спироплазмоз және басқа бактериоздар, жіті параличі, кашмир вирусы,энтопокс вирусы және миаздар, және кенелер жоқ кезде, шаңдақта өсіп-өнетін, өсіруге дайындалған қораларда, сонымен қатар меллитобий, браконид, құрғақ жемісті оттықта - соңғы 2 жылбойы
Жоңышқа аралары-жапырақ кескіштері үшін:
-аскофероз, бактериоз және хальцидакокондарының сона мен көкшыбын балапандарамен залалдануы 0,05% аспаған жағдайда коккандарды жинайтын жылдары.
Мемлекеттік ветеринарлық қызметтің бақылуында, ХЭБ ұсыныстары, ветеринарлық қадағалаудың барлық ережелері әр уақытта, кемінде 2 жыл бойы, зат өнімдерін шығаратын округтерінде орындалуға тиіс.
Экспорттаушы елдердің мемлекеттік ветеринарлық зертханаларының клиникалық және зертханалық зерттеулерінің теріс нәтижелері болса, онда аралар мен жабайы аралар жұқпалы аурулардан қолайлы болып табылады.
ТМД елдеріне тасымалдағанда аралардың, жабайы аралардың жанұяларын іріктеу жұмыстары 30 күн қалғанда, аналықтарына 1-3 күн қалғанда жүргізіледі. Іріктелген бал шығаратын аралар, жабайы аралардың жанұялары және аналықтары ТМД елдеріне тасымалданар алдында, экспорттаушы елдердің мемлекеттік ветеринарлық қызметінің барлық уақытта клиникалық бақылауында болады. Жоңышқа аралары жапырақ кескіштердің личинкаларын іріктеу кезінде, әрбір жіберуші шаруашылықтың тазалығы ескеріле отырылып жүргізіледі. Гендік инженерлік әдістер пайдалану арқылы алынған немесе басқа генетикалық өзгеріске айналған көздер арқылы алынған, құрамында шикізат өнімдері бар азықпен азықтандырылмаған ТМД елдеріне экспортқа шығаруға іріктелген жәндіктер болуы қажет.
Контейнерлер, азықтар және дайындық орама заттары бал шығаратын аурудан таза жерлерден және ауру аралармен, жабайы аралармен бірге болмаған жерлерден дайындалуы, таза шаруашылықтан шығарылуы қажет.
Дайындық алдында бал шығаратын аралар, жабайы аралар, жапырақ кескіштердің жоңышқа араларының орама заттары залалсыздандырылады.
Көліктер экспорттаушы елдердің қабылдаған ережелеріне сәйкес залалсыздандырылады және дайындалады.
Экспорттаушы елдің мемлекеттік ветеринарлық инспекторының қолын қойып және экспорттаушы елдердің тілінде және орыс тілінде дайындалған, диагностикалық зерттеулердің атқарған күні көрсетілген, бекітілген ветеринарлық сертификат осы талаптарды орындау үшін, жағдай жасайды. Жоңышқа аралары жапырақ кескіштердің кокондарының партияларының сертификатына рентгенограмманың үлгілері қоса тігіледі.
ТМД елдерінің орталық ветеринарлық органдары өздерінің ветеринарлық мамандары арқылы, тасмалданар алдында тексеру жұмыстарын жүргізуге және ТМД елдерінде экспортталатын, тасымалданатын іріктелген заттарға тексеру жүргізуге құқығы болады.
Импорттаушы елдерден алынған аралардың жанұялары, омарталары тиісті орынға келгеннен кейін, залалсыздандырылған ұяларға ауыстырылады және 2 ай бойы, ара бағатын омарташылардың бақылуында оңаша таза орында омартада карантинде болады. Әрбір 10 күн сайын жанұялар тексеріліп, біраз тобы бөлініп алынады, оларды мемлекеттік ветеринарлық зертханаларда жұқпалы ауруларының қоздырғыштарына сынама алып тексереді. Карантиндегі аралардың жанұяларына, омарталарына мыналар рұқсат етілмейді:
- залалсыздандырылмаған, бекітілген негізгі омарталардың қолданылған ұяларын, құрал-жабдықтарын пайдалануға.
Негізгі омарталардан ауыстырылған аралардың балапан құрттарын орналастыруға алынған аралардың жанұялары, омарталары жылыжайға жіберіледі.
Аралардың жанұялары жағдайының бағасын, олардың фирмаларының тасымалдау мерзімінің гарантиялық талаптарының ұрықтандыру белсенділігімен өлшенеді: 2 жетідегі 100 дайын гүлшоғырына ұрықтандырғанда, бір бөлікте жаратылысы әртүрлі ара жанұяларын орналастыруға болмайды. Аралардың пакеттерін және олардың ұяларын тексеру үшін ашуға, тапсырушы фирманың және жергілікті ветеринарлық қызметінің өкілінсіз рұқсат етілмейді. Жоңышқа аралары жапырақ кескіштердің личинкаларының кокондары әкелінгенде, олардың әрбір контейнерлерінен сынама алынады, кокондарға инкубациялық сынама жүргізіледі. Тапсырушылар жағынан осы көрсетілген талаптарға сай емес, материалдар түскен жағдайда, орындаушыларға рекламация жазылып жолданылады.

2.5. Бал араларын темір жол көлігімен, әуе көлігімен тасымалдау ережелері

Араларды темір жол көлігімен тасымалдау ережелері. Бал араларын тасымалдау нормативтiк құқықтық актiлерiне сəйкес атқарылады. Тасымалдау мерзімі мен тізімін жөнелтуші тағайындайды. Араларды омартада фанер жəшіктерінде көктемгі, жазғы, күзгі кезеңдерде тасымалдайды. Жабық вагондарда тасымалдағанда, омартамен жəшіктерді бірнеше қабатта орналастыра- ды, желдету тесіктері жабылмайды, əрі-бері жүріп тұру үшін орын қалдырады, жəшіктерді тақтайшалармен шегелейді. Төртдіңгекті омартаға арту нормасы - 100-120 дана, 6-рамалы қаңқалы жəшікке - 200; бірқаңқалыға - 380 көп емес. Оптималды температурасы 8 ֯С, ауыспалы кезеңде сыртқы ауа температурасы 10 ֯С аспайтын кезде тасымалдайды. Вагондарда мұнай өнімдері, өзге жағымсыз иісті заттар, химиялық заттар болмауы керек. Шайқалыс, соққы, діріл араларды мазасыздандырады, осы жайтты артып, түсіру кезінде естен шығармауы шарт. Өзімен бірге саңылауларды жабу үшін, жолсерік балшық, ермексаз, термометр, түтіндіргіш, шелек, тор жабынды, шеге, балға, қапшық алып жүреді.
Араларды əуе көлігімен тасымалдау үшін жəшіктер қолданады (пакеттер). Ара - жанұяларын көлемі 320х520х420 немесе 475х290х360 мм фанерден жасалған жəшіктерде тасымалдайды. Ара аналықтарын арнайы көлемі 135-40х40 мм болатын сопақша келген ағаш жəшік торларда тасымалдайды. Тордың жоғарғы жағы фанерден жасалған қақпақпен жабылған. Торға 100-150 дана жəшіктер сыяды. Араларды брезенттен жасалған қаптарда жəне ауа өткізбейтін ыдыс-қораптарда тасымалдауға болмайды. Бір жүк орны 1000х500х500 мм, салмағы 17 кг аспаған жөн. Орама ешбір зақымсыз жəне рейка, планка, ұстайтын жері болу керек. Араларды ішкі жабдықтау арашыларға жүктеледі. Жолда пакеттерді ашуға тыйым салынады. Əрбір пакетте жөнелтуші жөнелтушінің бекеті, жөнелтушімен қабылдаушының мекен-жайы, сонымен қатар Тірі аралар, Жоғары, Күннің көзінде ұстамау сияқты ескертетін жазулар жазады. Пакеттер əуежайға, кем дегенде 2 сағат ішінде жеткізілу керек. Ауа райы ыстық кезінде араларды көлеңкелі жерде ұстап, ал ұшақтың ұшуына бір сағат қалғанда жүктеген жөн. Жалпы аралар əуежайда 12 сағаттан артық болмауы керек. Ыстық ауа райы кезінде (20 ֯С жоғары) аралар ұзақ күтуден өліп қалуы мүмкін, ал төменгі температурада суықтан қатып қалады. Соққы, қатты вибрация аралардың қозуына əкеледі. Сондықтан арту, түсіру кезінде ережелерді ұстанған жөн. Ара сақталған жабдық зақымдалған жағдайда қуысты мақта, қағазбен жапқан дұрыс. Пакеттерді айналдыруға болмайды. Еркін ауа алмасу жағдайын ескереді. Пакет жəне торларға басқа жүктерді салуға болмайды. Пакеттерді ұшу барысында соққыдан сақтау үшін киіз, кенеп қолданады. Ара салынған пакеттерді ұшақ кабинасына немесе жүк тасымалдау жеріне салады, бұл жағдайда оларды соңында артады. Ара тасымалданатын ұшақ іші таза, жуылған, желдетілген болады. Онда химиялық материал, жағымсыз иісті заттар болмау керек, себебі ара өлімі болуы мүмкін. Тасымалдау жəне уақытша қоймаларда сақтау кезінде температура 14- 18 ֯С, ылғалдылық 85% болу керек. Ұшақ амалсыз тұрып қалған жағдайда ара салынған пакеттерді түсіріп, қоймаларға жеткізеді. Араларды жүк жəне жануарлар ұшақтарымен тасымалдайды, барлық жағдайда оларды экипаж бен жолаушылардан оқшаулау керек. Араларды үлкен партиялармен тасымалдаған жағдайда оларға арашы-жолсерік бекітіледі. Жолсеріксіз тек қысқа қашықтыққа жəне аз партиялар жіберіледі. Арашы-жолсерік өзімен балшық, пластиллин алғаны жөн, олар пакеттер зақымдалған жағдайда қуыстарды бітеуге қажет. Балшық болмаған кезде кенеп жəне т.б. заттармен жабады, жолсерік өзімен бірге термометр, шелек, тор, шеге, балға, түтіндеткіш жəне басқа да ұсақ жабдықтарды алады. Араларды, кем дегенде 20 күнге азық қорымен қамтамасыз етеді. Таулы аймақтар, тайга жəне басқа да əуежайлары жоқ аудандарға араларды пакеттерге салып, ал ара ұяларын жинақы түрде (оларды сол орында жинайды) тасымалдайды. Жөнелтуші қабылдаушыға жеделхат арқылы ұшақтың ұшқаны жөнінде, рейс нөмері, араларды жөнелткен күнін, уақытын хабарлайды.
2.6. Ара шаруашылық нысандарын тасымалдау кезінде инфекциялық және инвазиялық аурулардан сақтаудағы профилактикалық, санитариялық - гигиеналық шараларын белгілеу
Балды аралар әр қилы ауруларға шалдығады. Олар жұқпалы емес және жұқпалы болып бөлінеді. Жұқпалы емес аурулардың өрбуіне көбінесе ара отбасын қоректендіру мен бағып-күту жағдайларыньщ бұзылуы септігін тигізеді. Жұқпалы емес аурулардың арнайы қоздырғыштары болмайды. Сондықтан өрбіген ауру бір отбастан екінші сау отбасқа жұқпайды. Жұқпалы аурулардың шығу тегі өсімдіктер (бактериялар, вирустар, шірітуші саңырауқұлақгар) және жануарлар (амеба, нозема, споралары, варроз және акарапис кенелері) дүниесіне саятын ауру жұқтыргыш микроорганизимдер мен жәндіктер. Егер аурулар өсімдік дүниесі қөздырғыштарынан өрбісе, онда оларды инфекциялық аурулар деп атайды. Бұларға европалық және американдық шіріме, дорба тәрізді, тасты жөне әкті ұрығы жатады. Егер ауруларды қоздыратын жәндіктер болса, оларды инвазиялық аурулар деп атайды. Бұларға амебиоз, нозематоз, акарапидоз, варроатоз ауруларын жатқызуға болады. Жұқпалы аурулар ауру отбастардан сау отбастарға ауру жұққан омарталардан аман-сауларына таралады.
Ара аурулары ара өсіру шаруашылығына елеулі зиян келтіреді. Шірімеге душар болған өтбастардың бал өнімділігі 20-80 %, ал нозематозбен ауырғанда 50-65% кемиді. Егер дер кезінде тиісті шаралар қолданылмаса, онда ауруға душар болған ара отбастары әлжуазданып, өлім-жітімге ұшырайды. Ара өсіру шаруашылықтарына аралардың улы химикаттармен улануы, шіре токсикозы және басқа жұқпалы емес аурулар көп зиян келтіреді.
Ауруға қарсы күресуде алдын алу (дауалау) шараларының мәні зор, олар ара отбастарының белгілі бір ауруларға қарсы төзімділігін арттыруға бағытталуы тиіс. Сондықтан, омарталарда үнемі төзімді отбастарды ұстау және оларға жақсы шіре жинау үшін қолайлы жағдайлар туғызу, сондай-ақ ауруларға төзімді отбастарды іріктеп алып, өсіріп көбейту қажет. Аурулардың алдын алудың міндетті шарты ұяларды жаңарту, кәрі аналықтарды жыл сайын алмастыру, ұялар мен құрал-саймандарды дезинфекциялау, омарталарда мал дәрігерлік-санитарлық және гигиеналық ережелерді сактау.

Жұқпалы емес аурулар
Суық тиген ұрық ара ұясы шамадан тыс сууына байланысты өрбитін ауру. Аурудың нәтижесінде дернәсілдер мен қуыршақгар өлім-жітімге ұшырайды. Ауру кебінесе көктемде немесе салқынның қайталануы және күзде сыртқы ауа температурасы төмендеген кезде, аралар шеткі рамкалардағы ұрықты ашық тастап үй-жайға жиналғанда байқалады. Бұл ауру көбінесе әлжуаз отбастарда кездеседі. Аурудың негізгі белгісі -- шеткі рамкаларда немесе ұяның төменгі жағында өліп қалған ұрықтардың көптігі. Ауруды бірден байқау киын. Оны аралар қақпақтарды кеміре бастағанан немесе ауруға шалдыққан ұрығы бар қуыстарды тазарта бастағаннан кейін анықгауға болады. Өлген ұрықгың түсі әуелі қоңыр, одан соң күнгірттенеді.
Аурудың алдын алу үшін ұяларды жылу сақтайтындай етіп мұқият жабдықтау арқылы барлық ұрықты жылыту және отбасы күшіне қарай ұяларды дер кезінде қысқарту кажет.
Шіре токсикозы -- шіре балынан пайда болатын ара отбастарының ауруы. Аралар шірені табиғатта шірне жинауға мүмкіндік болмаған кезде жинайды. Ауру қыста және жазғы кезенде өтуі мүмкін. Жазда шіремен ең әуелі жинаушы аралар, одан кейін дернәсілдер уланады. Қысқы кездегі улану белгісі -- іш өту және аралардың жаппай өлім-жітімге ұшырауы. Ішектегі патологиялық өзгерістердің және балда шірненің болуы негізінде ауру анықталып, диагноз қойылады.
Аурудың алдын алу үшін ұяларды қысқа жинау алдында балды шіренің бар-жоғын тексеру қажет. Осындай балды байқасымен алып тастайды, ал отбастарға сапасы жақсы гүл балын немес 8-10 килограмнан қант шырынын (судың 1 бөлігіне қанттың 2 бөлігі) береді. Аралардың айналып шып тазаруын өте ерте өткізеді. Отбастарды таза, жылу тиісті деңгейінде сақталатын ұяларға ауыстырады.
Шірне токсикозы -- жинаушы аралардың улы өсімдіктердің (тамырдәрі, қазанақ, уқорғасын, рододендон және басқалары) шірнесінен улануы. Ауру көбінесе білінбей өтеді, өйткені аралардың басым көпшілігі ұядан тыс жерлерде өліп қалады. Ауру аралар ұяның түбінде жатады немесе соның қасында жорғалап жүреді. Отбасы көрінер-көзге әлжуазданады. Бұл ауру улы өсімдіктердің гүлдеуіне сәйкес өрбиді.
Аурудың алдын алу реті де омарталарды улы өсімдіктер өсетін үлкен алаптардан қашық орналастырган жөн. Шірне токсикозымен күресу үшін жас шірнесі бар кәрездерді алып тастап, олардың орнына сұйық қант шырынымен рамкаларды қою керек.
Тозаң токсикозы -- жас қоректендіруші аралардың ауруы, улы өсімдіктерден жиналған тозаңмен уланудан пайда болады (күшала шөп, сімелек, қазанақ, тамырдәрі және басқалар). Ауру мамырда жиі, маусымда, шілдеде сирек өтеді және аралар өлім-жітімге көп ұшырайды. Ауырған аралардың құрсақ жағы кеуіп кетеді, ішегі сарғыш түсті қою затпен толады. Ауру ұзаққа созылмайды.
Тозаң токсикозымен күресу үшін отбастарға сұйық қант шырынын береді, жас тозаңы бар кәрездерді алып тастайды.
Химиялық токсикоз - ауыл жөне орман шаруашылықтарында қолданылатын улы химиялық заттармен аралардың улануы кезіндегі ара отбастарының ауруы. Органикалық емес, органикалық-синтетикалық (хлор-органикалық және фосфор-органикалық) жөне өсімдік пестицидтеріне бөлініп танылады. Тағайындалуына байланысты улы химикаттар бірнеше топқа болінеді. Олар: инсектиңидтер, гербицидтер және фунгицидтер. Инсектицидтер -- зиянды бунақценелілерді құрту үшін, гербицидтер - арамшөптерді, ал фунгицидтер - өсімдіктер саңырауқұлақ ауруларымен ісүресу үшін қолданылады.
Аралар үшін неғұрлым қауіптісі -- инсектицидтер. Бұл органикалық емес жөне хлорорганикалық препараттар (гексахлоран, гептахлор және тағы баскдлар).
Әсер етуіне қарай инсектицидтерді ішектік, жанасу, кешенді және жүйелі (өсімдік ішіндік), фумиганттық деп айырады.
Осы кезде қолданылып жүрген инсектицидтердің ішінде аралар үшін неғұрлым улысы ішек және жанасу әсерінің препаратгары. Олармен жұмысшы аралар ғана емес, сонымен қатар жас ұшпайтын аралар мен ара ұрығы зақымданады. Өйткені тозаң мен шірне уланады. Ішектік улар тобына фтор, барий препараттары жатады. Олар аралар үшін өте қатерлі. Жанасу улары аралардын жүйке жүйесін закымдайды. Бұл топтың ішіндегі тым қауіптісі - ауыл шаруашылығында кеңінен қолданьшып жүрген гексахлоран препараты. Минералдық майлар мен сабын ерітіндісі аралар үшін онша кауіпті емес.
Фумиганттық инсектицидтер аралар ағзасына газға айналған күйде тыныс алу жүйесі арқылы енеді. Улардың бұл тобы аралар үшін онша қауіпті емес, ейткені ашық ауадағы удың шоғырлануы жедел азаяды. Ішек, жанасу және фумиганттық (гексохлоран т.б.) сияқгы кейбір улар мезетте өсер ететінін ескерген жөн. Улардың араларға әсер ету ұзақтығы сыртқы температураға, ауаның ылғалдылығына және желдің күштілігіне байланысты. Күннің қызуы, желдің күшті соғуы немесе жаңбырдың қатгы жаууы, препарат улылығының әлсіреуіне әсерін тигізеді. Гербицидтер мен фунгицидтер аралар үшін өсімдікті өңдеғеннен кейінгі 5 сағат ішінде қауіпті келеді.

Инфекциялық аурулар
Европалық шіріме - жұмысшы аралардың, аталық пен аналықтың, көбінесе жас дернәсідердің жұқпалы ауруы. Европалық шірменің қоздырғыштары гүл тозаңында, ескі ластанған кәрездерде, балда жыл бойына сақталады; 15-20 минут суда кайнатып ұстау; хинозолдың 2 пайыздық ерітіндісі оларды 10 минуттың ішінде құртып жібереді. Дернәсілдердің ағзасына қоздырғыштар қорекпен бірге түседі.
Ауру белгілері. Ауырган дернәсілдер қуыста табиғи күннің өзгертеді, өзінің маржан түрінен айырылады, күңгірттенеді және сарғыш тартады, олардың жұка терісінен қеңірдектері көрініп тұрады. Одан кейін дернәсіл қарауытып, қабақ түзе отырып кебеді, ал қабықтың өзі ұяның іргелерінен оңай бөлінеді.
Аурудьң таралуы. Қоздырғыш сау отбасқа қаңғырма аралармен, аталық аралар және ара өсіруші арқылы әкелінеді.
Аурудың алдын алу. Омартада күшті, ауруға неғұрлым төзімді отбастарды ұстау, оларға қоректі мол беру және аралар үшін шіре жинауға қолайлы жағдай туғызу қажет. Сақтандыру мақсатымен көктемде және күздігүні отбастарға антибиотиктермен бірге қант шырынын береді, ұяларды алмастырады.
Күресу шаралары. Ауру байқалысымен омартаға карантин қояды, ауруға: шалдыққан араларды табу үшін омартаның бүкіл ара отбасын қарап тексеріп шығады. Мұндай отбастардың ұяларын қысқартады, оларды жылуды мұқият сақтайтындай етіп жабдықгайды. Араларды сульфамид препараттарымен (норсульфазолдың натрий тұзы, сульфантрол және т.б.) немесе антибиотиктармен (биомицин, стрептомиңин, тетрациклин, эрит- ромицин, террамицин және т.б.) емдейді. Бір литр шырынға есептегенде (судың 1 бөлігіне қанттың 1 болігі) натрий норсульфазолын 1-2г, сульфантроллы 2г, антибиотиктерді 400-500 мың ед мөлшерінде береді. Жылы шырынды оттықтарға немесе кәрездерге құяды және түнге қарай отбастарға аралардың екі көршілес арасындағы кеңістігіне 100-150 мл есебінен қояды. Емдік үстеме қоректі 5-7 күн өткеннен соң ара отбастарының толық сауығуына дейін кайтадан қайталайды. Қатты залалданғанда отбастарды басқа жаққа ауыстырады.
Американдық шіріме -- ларве бацилласы тудыратын аралардың есейген дернәсілдерінің жұқпалы ауруы. Қолайсыз жағдайларда қоздырғыш химиялық және физикалық әсерлерге өте төзімді спораны түзеді. Ларве бацилласының спорасы табиғатга ондаган жыл бойы сақталуы ықтимал. Суда қайнатқан кезде қоздырғыш 13 минуттан кейін жойылады. Формалиннің, карбол қышқылының ерітінділері оған нашар әсер етеді. Қоздырғыш ара отбасында ұзак уақыт тіршілік ете алады (гүл тозаңында, кәрездерде, балда). Дернәсілдердің мүшелеріне қорекпен бірге түседі. Ауру белгілері куыстарды жапқаннан кейін көп ұзамай байкалады. Американдық шірмемен көбінесе жабық қуыстардағы есейген дернәсілдер залалданады. Кейде ол жас қуыршақгарға да жұғуы мүмкін. Аурудың күшеюіне ауаның жоғары температурасы, жинайтын шірненің болмауы және араларды нашар жағдайда ұстау себепкер болады.
Инфекцияның негізгі көзі -- ауырған жөне өлім-жітімге ұшыраған дернәсілдер, залалданған қорек. Ауырған сау отбасқа ауру ұры аралар, каңғыма аралар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ара шаруашылығының өнімдерінің түрлері,сипаттамасы және ол өңімдердің пайдалану салалары
Қазақстандағы мал шаруашылығы
Балды өсімдіктер
Бал өнімдерінің сапасы және оның адам денсаулығына тигізетін пайдасы
Құс өсіру бойынша кәсіби стандарт
Қазақстандағы мал шаруашылығының қалыптасуы
Ара шаруашылығы. Балды ветеринариялық санитариялық сараптау
Орман шаруашылығының экономикалық тиімділігі жайлы ақпарат
Нарық талабына сай мал шаруашылығының мамандануы
Бал араларын өсіруге арналған омарталарға қойылатын ветеринарияылқ талаптар,бал араларын күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары тақырыбында жазылған
Пәндер