Қарағанды қаласы «Шығыс» базарына сатуға түскен шошқа шел майының сапасын анықтау
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР ...
АНЫҚТАМАЛАР..
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР.
І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ...3
ІІ. Ғылыми әдебиеттерге шолу ... ... ... ... 5
2.1. Майлы бағыттағы шошқа тұқымдары. Шошқаларды ұстау гигенасы ... ..5
2.2. Майлардың биологиялық ролі. Тұтыну нормалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
ІІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... .
3.1. Сынама алу ... ... ... ... ... .13
3.2. Сезімдік зерттеулер ... ... ..14
3.3. Технохимиялық зерттеулер ... ... ... ... 16
3.4. Сойыс өнімдерінен трихинеллез және цистицеркоз ауруларын анықтау.18
IV. ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР...
4.1. «Шығыс» базарына сипаттама ... ... ... ... ... .22
4.2. Зерттеу нәтижелері ... ... ... ...23
V. Қорытынды ... ... ... ... ...26
VI. ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР ... ... ... ... ... 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... 30

Еліміздің алдына қойған ірі мақсаттарының бірі – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында атап көрсеткеніндей, еліміздің ауылшаруашылық саласындағы шығаратын өнімдері халықаралық стандарттарға сай болып, әлемдегі бәсекеге ең қабілетті 50 елдің қатарына қосылу бағдарламасы болып табылады. Қазіргі таңда мал шаруашылығының санын арттырып, сапасын жақсарту мақсаты агроөнеркәсіп кешенін дамытудың ең басты мәселесі болып отыр. Осыған байланысты мал шаруашылығындағы өзекті мәселе – жоғары сапалы мал өнімдерін алу.
Ветеринариялық санитариялық сараптау - малдан алынатын тағамдық өнімдерді және шикізаттарды, сонымен қатар өсімдік, балық, ара шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық зерттеудің әдістерін және оларды ветеринарлық санитарлық бағалауды оқытатын ғылым.
Халықты етпен қамтамасыз ету мәселесін шешу барысында мал шаруашылығының тез жетілетін саласы ретінде шошқа өсіруді дамытудың маңызы зор.
Шошқа еті мен майы тағамдық құнарлылығы мен дәмдік қасиеттерімен ерекшеленеді. Мәселен, 1 кг шошқа етінде 2500 ккал, ал сиыр етінде - 1500 ккал энергия бар. Шошқаның тұтас етінде орташа алғанда 52 пайыз бұлшық ет, 38 пайыз май және 10 пайыз сүйек ұлпалары бар. Ет өнеркәсібінің бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтьшың және басқа да ғылыми-зерттеу мекемелерінің зерттеулеріне қарағанда шошқа еті бағалы белоктарға, барлық аминқышқылдарына, минералдық заттар мен В тобының витаминдеріне бай. Адам ағзасын ауыстырылмайтын май қышқылдарымен қамтамасыз етудің маңызды көзі - тері май ұлпасы-қыртыс май жоғары тағамдық құнарлылығымен бағаланады. Қыртыс майдың бұндай тағамдық қасиетінің үлкен практикалық мәні бар, сондықтан да ол елеулі мөлшерде (20-25 пайыз) әртүрлі шұжықтарға қосылады.

1. В.А.Макаров, В.П.Фролов, Н.Ф.Щуклин «Ветсанэкспертиза с основами технологий и стандартизации продуктов животноводства» М.: Агромпромиздат 1991г. с 438-444
2. Сенченко Б.С. Ветсанэкспертиза сырья животного и растительного происхождения. Ростов на Дону. 2001
3. Шуклин Н.Ф., Тлеугалиев Т.М. и др. Частная ветсанэкспертизапродуктов животноводства - Алматы, Кайнар, 1988.
4. Шуклин Н.Ф., Тлеугалиев Т.М., и др. Экспертиза качества и методы консервирования продуктов и животного сырья – Алматы: Кайнар, 1993
5. Шуклин Н.Ф., Елемесов К.Я., Кырыкбайулы С.К. «Ветеринарно- санитарная экспертиза, стандартизация и сертификация продуктов » т.1,2 Алматы, 2002-2003 ж.
6. Житенко, П.В. Ветеринарно- санитарная эксперитиза продуктов животноводства / П.В. Житенко, М.Ф. Боровков М.; Колос, 2000»
7. Макаров В.А., Боровков М.Ф., Ермолаев А.П. и др. Практикум по ветсанэкспертизе. Учебное пособие – М.: Агропромиздат, 1987
8. Ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын сараптау және бақылау, Смағұлов А.Қ., Сағындықов Қ.А., Төреханов А.Ә, Алматы,2005.
9. Ветеринариялық-санитариялық сараптау практикумы, С. Қырықбайұлы., Т.М.Тілеуғали, Алматы,2007.
10. Шуклин Н.Ф., Елемесов К.Я., Кырыкбайулы С.К. «Ветеринарно- санитарная экспертиза, стандартизация и сертификация продуктов » т.1,2 Алматы, 2002-2003 ж.
11. Ветеринариялық-санитариялық сараптау, Дүйсембаев С.Т. Алматы-2013 ж.
12. Ветеринариялық-санитариялық сараптау практикумы. Қырықбайұлы С., Телеуғали Т.М., Майқанов Б. Алматы-2013 ж.

Жоспары:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
АНЫҚТАМАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
ІІ. Ғылыми әдебиеттерге шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2.1. Майлы бағыттағы шошқа тұқымдары. Шошқаларды ұстау гигенасы ... ..5
2.2. Майлардың биологиялық ролі. Тұтыну нормалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...9
ІІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.1. Сынама алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
3.2. Сезімдік зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
3.3. Технохимиялық зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
3.4. Сойыс өнімдерінен трихинеллез және цистицеркоз ауруларын анықтау.18
IV. ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4.1. Шығыс базарына сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
4.2. Зерттеу нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
V. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
VI. ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 30
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл курстық жұмыста келесi стандарттарға сiлтеме жасалынды
МемСТ 7269-79 Ет. Сынама алу әдісі.
МемСТ 7269-79 Ет. Сынама алу әдісі және органолептикалық әдіспен ет балаусалығын анықтау.
МемСТ 23392-78 Ет. Еттің балаусалығын микроскопиялық және химиялық зерттеу.
МемСТ 9792-73 Қабылдау тәртібі. Сынама алу партиясын анықтау.
МемСТ 16020-70 Союға арналған мал. Терминдер мен анықтамалар.
МемСТ 18157-88 Сойылған малдан алынған өнімдер. Терминдер мен анықтамалар.
ГОСТ 18236-85 Шошқа етінің қайнатылған өнімдері. Техникалық шарттар.
ГОСТ 18256-85 Шошқа етінің қақтала пісірілген өнімдері. Техникалық шарттар.
ГОСТ 18255-85 Шошқа етінің қақтала қайнатылған өнімдері. Техникалық шарттар
ГОСТ 17482-85 Шошқа етінің пісірілген және қуырылған өнімдері.
ГОСТ 7597-55 Шошқа еті. Саудаға сату үшін жіліктеп бөлу
ГОСТ 12513-67 Экспортқа арналған жарты ұшадағы мұздатылған шошқа еті.
ГОСТ 7269-79 Ет. Сынамалар сұрыптаудың әдістері мен тазалығын анықтау
ГОСТ 23392-78 Ет. Жас еттіліктің химиялық және микроскопиялық зерттеу әдістері
ГОСТ 26668-85 Тамақ және дәм өнімдері. Микробиологиялық талдау
ГОСТ 16594-85 Шошқа етінің шикілей қақталған өнімдері.
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл курстық жұмыста анықтамаларына сәйкес келесi атаулар қолданылды:
Май - мал организміне негізгі күш-қуат беретін зат, ол жылу балансын реттеуге және бұлшықет энергиясының қалыптасуына өте қажет.
Дәрумендер - азық - түлік өнімдерінде, жем шөпте шағын мөлшерде ғана кездесетін, ал адам мен жануарлар организміндерінің дұрыс қалыптасып, қалыпты тіршілік етуі үшін өте қажет төмен молекулалы органикалық заттар.
Ферменттер - белоктық зат, ол организмдегі түрлі химиялық реакцияларды тездетуші.
Стандарттау - бұл қызмет бағытын жетілдіру шарттарын белгілеу, нормалау, ережелеу, сипаттау, орындау міндеті және ұсынылатын, белгілі бір бағаға сәйкес келетін сапасы бар тауарды тұтынушы сатып алу құқын қамтамасыз ету, сонымен бірге қауіпсіздік және еңбектің талапқа сай болу құқығын қамтамасыз етеді;
Стандарттау мақсаты - қандайда бір аумақта ұтымды реттеу дәрежесіне жету, белгіленген жағдайды, талапты, қазір бар, жоспарланған немесе потенциалды тапсырмаларды шешу нормасы кең және көп ретті пайдалану.
Сынағыштама (пробирка) - зерттелетін затты салып, я сұйықты құйып зерттеу жұмыстарын жүргізетін шыны, я басқа материалдан жасалған, әртүрлі көлемді ұзыншалау ыдыс;
Шәкіл (шкала) - әртүрлі бағалаулар жүргізу үшін қолданылатын түсінік, мысалы етті, сүтті, балды және т.б.өнімдерді бағалау, я әртүрлі зертханалық құралдар мен ыдыстарды белгілі мөлшерде бөліп белгілеп қою, т.с.с.
БЕЛГIЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Курстық жұмыста төмендегідей белгілеулер мен қысқартулар пайдаланылды:
МемСТ - мемлекеттік стандарттар;
ТШ - техникалық шарттар;
АҚ - амин қышқылдары;
ҰМҚ - ұшпалы май қышқылдары;
кг - килограмм;
г - грамм;
мг - миллиграмм;
мг% - миллиграмм пайыз;
мкг - микрограмм;
л - литр;
мл - миллилитр;
мл% - миллилитр пайыз;
мкм - микрометр;
ккал - килокаллория;
кал - каллория;
мкал - милликалория;
рН - реакция ортасы;
% - пайыз;
0С - Цельсий градусы;
0 Т - Тернер градусы;
н. - нормальді, қалыпты;
т.б. - тағы басқалар;
т.с.с.- тағы сол сияқтылар;
І. Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы. Еліміздің алдына қойған ірі мақсаттарының бірі - Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында атап көрсеткеніндей, еліміздің ауылшаруашылық саласындағы шығаратын өнімдері халықаралық стандарттарға сай болып, әлемдегі бәсекеге ең қабілетті 50 елдің қатарына қосылу бағдарламасы болып табылады. Қазіргі таңда мал шаруашылығының санын арттырып, сапасын жақсарту мақсаты агроөнеркәсіп кешенін дамытудың ең басты мәселесі болып отыр. Осыған байланысты мал шаруашылығындағы өзекті мәселе - жоғары сапалы мал өнімдерін алу.
Ветеринариялық санитариялық сараптау - малдан алынатын тағамдық өнімдерді және шикізаттарды, сонымен қатар өсімдік, балық, ара шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық зерттеудің әдістерін және оларды ветеринарлық санитарлық бағалауды оқытатын ғылым.
Халықты етпен қамтамасыз ету мәселесін шешу барысында мал шаруашылығының тез жетілетін саласы ретінде шошқа өсіруді дамытудың маңызы зор.
Шошқа еті мен майы тағамдық құнарлылығы мен дәмдік қасиеттерімен ерекшеленеді. Мәселен, 1 кг шошқа етінде 2500 ккал, ал сиыр етінде - 1500 ккал энергия бар. Шошқаның тұтас етінде орташа алғанда 52 пайыз бұлшық ет, 38 пайыз май және 10 пайыз сүйек ұлпалары бар. Ет өнеркәсібінің бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтьшың және басқа да ғылыми-зерттеу мекемелерінің зерттеулеріне қарағанда шошқа еті бағалы белоктарға, барлық аминқышқылдарына, минералдық заттар мен В тобының витаминдеріне бай. Адам ағзасын ауыстырылмайтын май қышқылдарымен қамтамасыз етудің маңызды көзі - тері май ұлпасы-қыртыс май жоғары тағамдық құнарлылығымен бағаланады. Қыртыс майдың бұндай тағамдық қасиетінің үлкен практикалық мәні бар, сондықтан да ол елеулі мөлшерде (20-25 пайыз) әртүрлі шұжықтарға қосылады. Шошқа еті мен қыртыс майының қорытылуы 90-98 %-ға дейін жетеді. Шошқа еті жақсы консервіленеді, оны тұздау мен қақтау бұл тағамның құнарын арттыра түседі. Шошқа етінен шұжықтардың әртүрлі сорттары, сан еттері, ветчина, рулеттер, буженина, грудинка, корейка жөне т.б. жоғары сапалы тағамдардың өте мол ассортименті дайындалады.
Шошқа еті мен майының жоғары тағамдық қасиеті дүниежүзінің көптеген елдерінде шошқа еті пайдаланудың үлес салмағының артуына себепші болып отыр. Мәселен, ет балансында шошқа етінің үлесі Данияда -69, ГФР-да -65,9, Польшада -60,5% болып отыр.
Шошқаны сойған кезде, оның майы мен етінен басқа терісі, қылшығы, ішек-қарны, қаны сияқты өнеркәсіпке қажетті көптеген бағалы шикізаттар алынады.
Базар зертханасында шошқа өнімдерін санитариялық сараптаудың мақсаты, халыққа балауса, жоғары сапалы шошқа өнімдерін сату болып табылады. Сондықтан базар жағдайында шошқа шел майының ветеринариялық санитариялық көрсеткіштерін, сапасын анықтау ерекше өзекті мәселе болып есептеледі.
Жұмыстың мақсаты: Қарағанды қаласы Шығыс базарына сатуға түскен түскен шошқа шел майының сапасын анықтау. Осы мақсатқа жету барысында келесі тапсырмаларды алдымызға қойдық:
oo Сатуға түскен шошқа ұшасынан сынама алу;
oo Алынған сынамалардың сезімдік көрсеткіштерін анықтау;
oo Алынған сынамаларды зертханалық тексеру;
oo Шошқа шел майының санитариялық сапасын анықтау.
Сезімдік және зертханалық зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, зерттелген өнімдерге ветеринариялық санитариялық баға беру.
ІІ. Ғылыми әдебиеттерге шолу
2.1. Майлы бағыттағы шошқа тұқымдары. Шошқаларды ұстау гигенасы. Майлы шошқалардың маңдайы кең, тұрқы терең де кең болып, қысқалау тұмсығы сәл имектелген, мойны қысқа, иықтары етті, толық, арқа мен жоны түзу және кең, саны толық, жақсы дамыған, аяқтары қысқа, мықты, тік қойылған, тұяқтары мықты болады. Тұрқының ұзындығы кеуде орамына тең келеді. Ет шығымы -- 48-52%. Жас шошқаның еті қызғылт, кәрі малдың еті қызыл түсті. Еті жұмсақ, талшығы ұзын және жіңішке. Тері астындағы май (қоңдылығына байланысты өте көп жиналуы мүмкін) ақ, кейде қызғылт, жұмсақ, іш майы да жұмсақ, ақ түсті келеді. Еркек шошқаның (қабанның) майы да, еті де қатты, жағымсыз иісті болып келеді. Жаңа сойылған малдың еті сақталған етке қарағанда әдетте қалың қою түсті болып келеді. Сондай-ақ екі рет мұздатылған немесе жұмысқа пайдаланылған мал еттері де қою түсті келеді. Еттің иісі де құрамындағы ұшпа май қышқылдарына байланысты әр түрлі болып келеді. Әсіресе жағымсыз иіс қабаннан қатты сезіледі.
Халықты етпен қамтамасыз етуде шошқа шаруашылығының алатын орны ерекше. Басқа үй малдарымен салыстырғанда, шошқа ұрпақ-әрбіту мерзімінің қысқалығымен, ұрпағының көп болуымен және шапшаң өсетіндігімен ерекшеленеді. Елімізде шошқаның жергілікті тұқымын жетілдіру мен жаңа тұқымын шығаруда шетелдерден әкелінген түұқымдарын (Англия, Дания, Ирландия, т.б.) англияның ірі ақ тұқымды шошқасы Беркшир шошқасын орташа ақ шошқа, ірі қара шошқа, салпаңқұлақ ақ шошқа, Ландрос, дюран шошқасы, гемпширлік шошқа, т.б. жергілікті қолтұқымдарымен бұдандастырын, шошқаның етті, етті-майлы бағыттағы тұқымдары алынды. Осымен қатар шағылыстыру процесіне шошқаның жабайы түрі -- Орта Азия қабандары да қатыстырылды. Осындай әдіспен Қазақстанда алғаш рет шошқаның "Жетісу" тұқымы алынды. Жетісу шошқасы -- етті-майлы тұқым. 1978 жылы Қазақ ғылым академиясының эксперименттік биология институты шығарған. Авторлары: В.А. Ли, П.А. Еськов, С. Қалдыбаев.
Жетісу шошқасы - етті-майлы шошқа тұқымы.
Ірі ақ және Кемерово шошқаларының мегежіні мен ортаазиялық жабайы шошқа қабанын будандастыру арқылы 1978 жылы Эксперименттік биология институтында (қазіргі "Биоген" жабық ационерлік қоғамы) шығарылған. Оңтүстік Қазақстанның табиғи жағдайына бейімделген, дене бітімі мықты. Қабаны 270 -- 300 кг; мегежіні 232 кг тартады. Орта есеппен 10,2 торай береді. Бордақыланған торай 196 күндігінде 100 кг тартады. Әр кг үстеме салмаққа 3,87 азық өлшемі шығындалады.
Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында өсіріледі.
Кемерово шошқасы - етті-майлы шошқа тұқымы.
Жергілікті сібір шошқасын ірі ақ шошқа, Беркшир шошқасы, ірі қара шошқа тұқымдарымен будандастыру арқылы 1960 ж. Ресейдің Кемерово облысында шығарылған. Қабаны 280 - 300 кг, мегежіні 220 - 230 кг тартады. Бір ретте 10 - 11 торай табады. 193 күн бордақыланған торай 100 кг тартады. Қазақстанда Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында Кемерово шошқасын өсіретін фермалар бар. Жетісу шошқасын шығаруда пайдаланылды.
Ландрас шошқасы -- бекон (қақталған жас шошқаның еті) алу үшін өсірілетін шошқа тұқымы.
20 ғасырдың 1-жартысында Данияның жергілікті майлы бағыттағы шошқа тұқымының мегежінін ағылшын ақ шошқасының еркегімен шағылыстыру арқылы шығарылды. Ландрас шошқасы еркегінің (қабандарының) орташа салмағы 250 -- 350 кг, мегежіндері 200 -- 240 кг. Жақсы бекон алу үшін 20 кг-дық торайды салмағы 90 кг-ға жеткенше 180 күнге дейін бордақылайды, ол тәулігіне орташа есеппен 683 г салмақ қосады.
Ландрасшошқасы Швеция, Норвегия, Финляндия, Англия, АҚШ, Канада, Жаңа Зеландия, Австралия және Бразилияда таралған. Ол КСРО-ға Даниядан (1927), Швециядан (1948, 1961, 1964), Англиядан (1957), Канададан (1960) әкелінді. Асыл тұқымды Ландрас шошқасының дене бітімі мықты, етті, қабандарының салмағы 340 -- 360 кг, мегежіндері 220 -- 260 кг. Мегежіндері 10 -- 12 торай туады. Торайлардың салмағы 25 кг-ға жеткенде бордақылауға қояды. Қазақстанда Алматы облысы Талғар ауданында "Бекон" ЖШС, Іле ауданында "Бекон", Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында "Сомир-2" шаруа қожалықтарында өсіріледі.
Ірі ақ шошқа - тез жетілетін тұқым.
Жергілікті кеш жетілетін шошқаны қытай және көп торайлы неаполитан, португалия шошқаларымен күрделі будандастыру арқылы 19 ғасырда Англияда шығарылған. КСРО-ға Англиядан әкелінген бұл тұқым селекция нәтижесінде түбегейлі өзгеріп, отандық ірі ақ шошқа тұқымы пайда болды. Мұның тегінен айырмашылығы - сүйегі мықты, торайды көп табады, әр түрлі табиғи жағдайға көнбісті. КСРО-да өсірілетін шошқа санының 86%-ы осы тұқымның үлесіне келеді. КСРО-да Ірі ақ шошқаның етті, етті-майлы және майлы түрі өсіріледі. Сүйек бітімі ірі, тұрқы ұзын, аяғы етсіз тік, жоны жұмыр әрі жалпақ, кеудесі кең әрі омыраулы, терісі мен түгі қалың әрі жылтыр, түсі ақ. Әр түрлі табиғат жағдайына көнбісті, тез жерсінеді. Қабаны 300 - 350 кг, мегежіні 200 - 250кг тартады. Бір торайлағанда салмағы 1,2 - 1,4 кг 10 - 12 торай табады. Екі айлығында енесінен бөлінген торайдың салмағы 18 - 19 кг болады. Бұл тұқым бордақылаудың қай түріне де жарамды. Ет үшін жеделдетіп бордақылағанда 6 айға дейін әр торай ота есеппен тәулігіне 770 г қосып, 100 кг тартады. Қосқан салмағының әр килограмына 3,9 - 4 азық өлшемі жұмсалады. Ұрпағына өз қасиетін жақсы береді. КСРО-да таза күйінде өсірілген және басқа шошқа тұқымдарын жақсартуға пайдаланады. Қазақстанның шошқа өсіретін шаруашылықтарында көбіне мұның будандары өсіріледі.
Шошқа шаруашылығы дүниежүзілік ет өнімінің 40%-ға жуығын береді, қазір оның саны 0,8 млрд-тан асып отыр. Ірі қарамен салыстырғанда күй талғамайтындықтан және тез өсіп-өнетіндіктен бұл шаруашылық адамдар тығыз қоныстанған аймақтарда кең тараған. Дүниежүзіндегі шошқа санының жартысына жуығы Азияға, оның ішінде, ең алдымен, Қытайға келеді. (Азияның кандай елдерінде шошқа мүлдем өсірілмейді, оның себебі неліктен?) Сонымен қатар АҚШ, Бразилия, Германия, Ресей, Польша елдерінде де шошқа шаруашылығы жақсы дамыған. Шошқа малдарына арналған фермаларда, әсіресе ірілендірілген комплекстерде, олардан аз шығынмен мол өнім алу үшін ерекше көңіл ветеринариялық-профилактикалық шараларға аударады. Малдардың ветеринариялық профилактикасы жалпы және арнайы шаралардан тұрады. Бұл прафилактиканың негізі - жалпы санитарлық-гигиеналық шаралар болып саналады, яғни ветеринариялық-санитарлық және зоотехникалық-гигиеналық нормативтер мен ережелерге сүйеніп, шаруашылықтың мәдениетті түрмен дамуын қамтамасыз ету.
Санитарлық-гигиеналық тұрғыдан жоғарғы мәдениетті шаруашылық берік азық қоры болып, зоогигиеналық талаптарға сәйкес тұрғызылған мал қоралары мен, малдардың физиологиялық ерекшеліктеріне ылайықталған технологиямен және ветеринариялық-санитарлық объектілермен қамтамасыз етілген болуы керек. Шошқа шаруашылығындағы жұмыстардың ритімді (жүйелі) жүріп, жиі мал тобының алмасуы, механикаландырылған және автоматизацияланған процесстердің қолданылуы т.б. ұйымдастыру және ветеринариялық профилактикаға белгілі бір шамалы әсерлер тигізеді. Сондықтан ветеринариялық-санитарлық және гигиеналық шаралар шошқа өнімдерін өндірудегі технологиялық процесстерге кіріп, алынатын өнімдердің тиімділігі және сапасы ветеринариялық құжаттың талаптарына сай болуы керек.
Шошқаның, барлық топтарына арналған құнарлығы жағынан толық та қуаттылығы жоғары болуы қажет. Азық қуаттылығын анықтау кезінде, жоспарланған өнім өндіруді малдың тірілей салмағын, физиологиялық жағдайын ескерген жөн. Бұл жағдайлардың барлығын азықтандыру мөлшеріне ескеру қажет. Шошқа әсіресе протеин деңгейіне өте мұқтаж келеді. Бір азық өлшемін деп қорытылатын протеин мөлшері 100 - 110 г деңгейінде болуы қажет. Шошқалардың протеинге деген қажеттілігі азықтағы алмаспайтын амин қышқылдарының мөлшеріне байланысты болады. Дәндік азықтар кұнарлығы мен қоректік жағынан ең құнды азық болып саналады. Олар протеиндік қоректілігі басым бұршақ, тұқымдастар, энергетикалық коректілігі басым астық, тұқымдастар дәніне бөлінеді. Мал азығына пайдаланылатын негізгі астық тұқымдастарға арпа, жугері, бидай, сулы, қара бидай, тары, сорго жатады. 12 пайыздық алғалдылықта олардың құрамында 9 - 13 пайыз протеин, 1,5-2 пайыз май, 2-3 пайыз клечатка, 65 пайыз крахмал, 2-3 пайыз күл болады. Органикалық заттары 70 - 90 пайызға қорытылады. Қабандарға кажетті рацион қыс айында кабандар рационында 2,5 - 3,5 кг жем болуы керек. Олар негізінен астық тұқымдастардан күнбағыс сығындысы не шроттан, сонымен аздап ылғалды азықтан және 0,3 - 0,5 кг шен ұнтағынан тұрады. Жазда қабандар жеммен қоса көк балаусаны әсіресе жоңышқа, эспарцет, бұршақты емін - еркін жей алуы керек не жайылымға шығарылады.
2.2. Майлардың биологиялық рөлі. Тұтыну нормалары.
Майлар адамның тағамдық рационының керекті құрылымдық бөлшегі болып табылады. Бұлар қуат көзінің, қосымша тағамдық заттардың, ұлпалар құрамына кіретін пластикалық материалдың зат алмасу үрдісінде су жеткізуші, биологиялық белсенді заттар (дәрумендер, простогландар, қанықпаған май қышқылдар, стеариндер және т.б) көзінің рөлін атқарады. Майлар организмді суып кетуден сақтайды. Сатылуға май шикізаты (суыған, суытылған немесе мұздатылған күйде) және қорытылған майлар жібереді. Шикі май деп сойылған жануарлардың май ұлпасын (іш май, бүйрек маңындағы, құйрық, тері асты және т.б.) айтады. Мал түріне байланысты майлар сиыр, қой және шошқа майына бөлінеді. Қорытылған майды шикізатынан және сүйектерден алады. Ол сиырдікі, қойдікі, шошқанікі, құстікі, аңшылық - кәсіптік жануарлардікі, сүйекті, жинақталған болады. Шикі май сақтауға тұрақты емес, өйткені оның құрамында ақуызды заттар, ферменттер, көп мөлшерде су бар. Бұған байланысты тағамдық мақсатта қорытылған майлар шығарылады.
Қай ұлттың тағамдарын алсақ та майсыз жасалмайды. Себебі май барлық азықтардың негізгі нәрі, ең негізгі құнары. Ал тағамдық майлар - қолданылу жиілігіне байланысты ең жоғарғы орындағы майлар.
Майлар жоғары калориялы тамақ өнімдері болып табылады. Организмде 1 г май тотыққанда 37,7 кДж немесе 9,3 ккал энергия бөлінеді. Майлар жылу бөлумен қатар маңызды физологиялық мәнге ие. Майлардан адам организмі қажетті май қышқылдарын, витаминдер, фосфатиттер және басқа заттар алады. Биологиялық жағынан өсімдік майлар құнды болып саналады, олардың құрамында қанықпаған май қышқылдары - линол және арахидон болады. Бұл май қышқылдары атеросклероз ауруын тудыратын заттардың түзілуін тежейді. Майлар жеткілісіз мөлшерде қабылданса, организмнің суық пен инфекциялық ауруларға қарсы тұру қабілеті төмендейді.
Май құрамында тіршілікке қажетті полиқанықпаған май қышқылдары (арахидон, линол, линолен) бар, олар организмдегі қалыпты көмірсу-май алмасуын қамтамасыз етеді.
Майлардың биологиялық ролі. Жануар текті және өсімдік азықтарымен ағзаға түсетін тағамдық майлардың құрамына негізінен нейтралды майлар, сондай-ақ, фосфолипидтер мен стериндер кіреді. Ағзаға сырттан түскен майлардан ішектің қабырғасында қайта синтезделуі (ресинтез) нәтижесінде ағзаның майына ұқсас май түзіледі.
Майлар, көмірсулармен қатар негізгі энергия көзі - ағзада 1 г май тотыққан кезде 37,6 кДж (9 ккал) энергия береді. Майлар, сондай-ақ, құрылымдық элемент ретінде цитоплазманың және жасуша қабықшасының құрамына кіріп, гормондардың синтезделуіне қатысып белгілі бір дәрежеде пластикалық та роль атқарады.
Майлармен бірге ағзаға майда еритін А, Д, Е және К дәрумендері түсіп отырады. Майлар осы дәрумендердің еріткіштері болып, олардың жақсы сіңуіне ықпал етеді. Майлардың биологиялық құндылығы олардың құрамында, тамақтанудың алмастырылмайтын факторы ретіндегі көп қанықпаған май қышқылдарының (ПНЖК) болуымен де анықталады. Оларға жататындар линол, линолен, арахидон қышқылдары. Оларды витамин Ғ деп атайды.
Қанықпаған химиялық байланыстары көп болғандықтан, қанықпаған май қышқылдарының (ПНЖК) химиялық активтілігі қаныққан май қышқылдарына қарағанда жоғарылау.
Көп қанықпаған май қышқылдары (ПНЖК), жасуша мембраналарының, дәнекер тіндерінің, миелин қабықшаларының түзілуіне қажетті құрам бөлігі ретінде пайдаға асады және олар қан тамырларының созылғыштығын арттырады, өткізгіштігін азайтады, тромбозға тосқауыл болады, липотроптық және атеросклерозға қарсы қасиеттері бар, простагландиндердің синтезделуіне, В тобындағы дәрумендердің және холиннің алмасуына қатысады, ағзаның өсуі мен қорғаныс механизмдерін жақсартады, бала туудың қалыпты функциясын қамтамасыз етеді, улы және канцерогенді факторларға ағзаның төзімділігін арттырады.
Май жылуды нашар өткізеді, сондықтан ағзаны суықтан сақтайды, оның үстіне едәуір серпімділік қасиетінің болуына байланысты амортизациялық қызмет атқарады. Майлар тағамның дәмін жақсартады және ұзақ уақыт тоқтық сезімін береді.
Майлармен бірге ағзаға маңызды роль атқаратын қосылыстар-фосфолипидтер және стериндер түседі.
Фосфолипидтер жасуша мембраналарының құрамына кіреді. Олардың гипохолестеринемиялық және липотроптық әсері бар. ОЖЖ дамуы үшін қажет. Ағзаға қажеттілігі тағамның құрамында түсетін алдыңғы өнімдерінен немесе фосфолипидтердің ыдырау өнімдерінен эндогенді снтез арқылы қанағаттандырылады.
Стериндер - жоғары молекулалы бір атомды спирттер. Олар бүйрек үсті және жыныс бездері гармондарының, өт қышқылдарының, Д-дәруменінің синтезделуіне қатысады. Ең маңыздысы холестерин. Ол жоғарыда айтылғандармен қатар, мембраналардың өткізгіштігін реттеуге қатысады. Холестерин бауырда синтезделеді. Зат алмасуы бұзылған кезде ол атеросклероздың дамуына қатысатын фактор ретінде болуы мүмкін.
Майларды тұтыну нормалары. Майлардың орташа тәуліктік қажеттілігі белоктардың қажеттілік нормаларына жақын. Ер ададар үшін ол 70-154 гтәулік ( 1,0-2,2 гкг) аралығында, әйел адамдар үшін 60-102 гтәулік (1,0-1,8 гкг).
Жас адамдарға майлардың қажеттілігі жоғары (2-ші кесте). Жұмыс ауырлығы артқан сайын, жүкті әйелдер және бала емізетін әйелдерге және суық климаттық зонада тұратын адамдарға оның қажеттілігі жоғарылайды, ол егде жаста және ыстық климат жағдайында төмендейді.
Майлар тәуліктік рационның калориясының орта есеппен 30 % шамасын қамтамасыз етуі қажет. Зоналар бойынша ажыратқанда: оңтүстік аудандар үшін-27-28 %, солтүстік аудандар үшін 35-40 %.
Май рационының биологиялық құндылығы жетіспейтін өмірлік маңызды құрам бөліктерімен бірін-бірі толықтыратын, жануар текті майлар мен өсімдік майларын араластырып қабылдағанда жоғарылайды. Үлкен адамдардың рационына 70 % жануар текті 30 % өсімдік майларын кіргізгенде оптималды болып саналады. Өйткені қанықпаған май қышқылдарының негізгі бөлігі өсімдік майларында.
Үлкен адамдарға КҚМҚ (ПНЖК) қажеттілігі 3-6 гтәулік (рационның клориясының 3 %), фосфотидтердің қажеттілігі 10 гтәулік.
Үлкендерге қарағанда майлардың қажеттілігі балаларға 2-3 есе жоғары. Бір жасқа дейін олардың қажеттілігі белоктардың қажеттілігінен едәуір жоғары-6,5-5,5 гкг дене массасына (3-ші кесте) және 7 айлық жасына дейін жануар текті майлармен берілген. Бір жастан асқан балалар үшін майлардың қажеттілігі белоктардың қажеттілігімен бірдей. Бұл жағдайда жасына байланысты өсімдік майларының үлесі біртіндеп өсе береді: 7 айдан-3 жасқа дейін 10 %, 4-6 жаста - 15 %, 7-10 жастағыларда және одан да үлкендерде - 20 %.
ІІІ. Негізгі бөлім
3.1. Сынама алу. Жануар майларын сараптау жолдама құжаттарын тексеруден басталады. Шикі майға, сонымен қатар қорытылған майға ветеринарлық анықтама немесе ветеринарлық куәлік болуы керек. Егер аңшылық - кәсіптік жануарлар майы әкелінсе, онда бұл құжаттарда әдеттегі аймақтың инфекциялық аурулардан сәттілігі және мал денсаулығының жағдайы туралы мәліметтерден басқа бұл майдың шығу тегі көрсетілуі қажет. Сонымен қатар кәсіптік жануар түрі, ауланған уақыты мен орны көрсетіледі. Бұл жануарлардың айтылуы шектелген жағдайда рұқсат қағазы (лицензия) көрсетіледі. Ет өнеркәсіптері шығаратын қорытылған майға сапа куәлігі жазылуы тиіс. Осыдан кейін ыдысын қарау және зертханалық зерттеуге сынама алу жүргізіледі. Сынама алу. Майдың сапасын тексеру үшін әр партиядан 10% қорап бірлігі алынады, бірақ 5 бірліктен кем емес (бөшке, жәшік). Партия деп түрімен сұрыпы бір, шығарылу мерзімі бір және бір сапа туралы құжатымен тіркелген майдың әртүрлі көлемін айтады. Сыйымдылығы 500 гр аспайтын тұтынушылық ыдысына құйылған май партиясынан, әр 100 гр оралымнан бір оралым алынады. Шығару өнеркәсібінде сынамаларды майды цистернаға төгер алдында әрбір қабылдағыштан, тұндырғыштан немесе жинағыштан алады. Егер де кем дегенде бір көрсеткіш нәтижесі қанағатсыз болған жағдайда қайтадан екі еселенген оралым бірліктер санын немесе сол партияның екі еселенген сынама көлемін тексереді. Қайталап өткізілген зерттеу нәтижелері қорытынды нәтиже болып саналады және түгел партияға жайылады. Әрбір алынған оралым бірлігінен бір реттік сынама алынады. Бұл үшін арнайы сынама алғыштар (щуптар) қолданады: сұйық консистенциясы майлар үшін түтікті (диметр 25 мм) немесе цилиндрлік (металл шыбығына жалғасқан 60х100 мм цилиндр); мазь тәрізді және тығыз консистенциялы майлар үшін кескіні бар түтікті; қатты майларды алу үшін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz