Қазақ әдебиетіндегі терме жанрының қалыптасуы мен дамуы туралы
1. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ТЕРМЕ ЖАНРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
2. ХІХ ғасырға дейінгі қазақ ақын.жырауларының мұралары
3. Термешінің терме айтудағы мақсаттары

Қазақы сөз арнау дәстүрі түрлі жанрлық, тақырыптық сипатымен өзге түрік халықтарына қарағанда өте бай. Ең бастысы байырғы рухани құндылықтарымыз таза, бастапқы пішінін жоғалтпай бүгінгі күні жалғасын тауып отыр. Қазақы сөз арнау заман өзгерісіне байланысты тақырыптық жағынан түрленіп, мазмұны тереңдеп, өлең жүйесі күрделеніп отырды. Бұл заңды құбылыс.
Қазақ ұлтының өзіне ғана тән бірнеше сөз арнау дәстүрі бар. Толғау мен терме соның бір көрінісі. Халқымыз ықылым заманнан келешек тағдырына алаңдаушылық білдіргені тарихтан мәлім. Келешек тағдыры дегенде елді, жерін, ұрпақ тәрбиесін, тілін, дінін айтып отырмыз. Осы қасиеттердің ұрпақ санасына сіңіріп, атадан балаға мирас қылып қалдыру дәстүрге айналған. Осы мақсатта терең мәнді терме, толғаулар өмірге келді.
Толғау мен терменің табиғатын ажыратуға арналған тұңғыш зерттеу Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» атты еңбегі болды. Аталмыш еңбегінде ғалым толғау мен термеге анықтама беріп, ара жігін ажыратуға талпыныс жасайды. «Толғау- қысқасын айтқанда, іш қазандай қайнаған уақытта шығатын жүректің лебі, көңіл құстың сайрауы, жанның тартатын күйі», - дейді ғалым. [1.104]. Демек, іш қазандай қайнағанда ойға ерік беріліп, күрмеуі қиын мәселелердің шешімі табылады. Яғни философиялық ой қорытудың ұлттық үлгісі толғауда анық байқалады.
«Терме (яки түрлі өлнеңдер). Терме деп ат қойылудың мәнісі: бұл түрлі шығармалар бір нәрсенің жайынан сөйлеп тұрмай, көп нәрсені теріп сөз қылып өтеді. Көп нәрсені сөз қылғанда, әрқайсысына айналып, баяндап жатпайды. Түрлі шөптің басын шалып, оттап, тоқтамастан желге қарай тартып бара жатқан мал сияқты. Терме айтушылары түрлі нәрсені сөз қылып, бірақ ешқайсысына айналмастан, кідірместен ілгері қарай сырғи береді,»- дейді А.Байтұрсынов. [1.124].
«Терме» атауының өзі туынды сөз. «Тер» етістік болса, оған «ме» болымсыз етістің жұрнағы жалғану арқылы зат есім жасалып тұр.

Пайдаланған әдебиеттер
1. Байтұрсынов А. Ақ жол. Алматы. Жалын. 1991ж.
2. Майлықожа. Дүние-ай… Шымкент. «Шымған», 1993 ж.
3. Бетбаев А. Шу толқындары. Шу. 1991 ж.
4. Абылкасымов Б. Жанр толгау в казахской устной поэзии. Алматы. 1984г.
5. Базар жырау. Шығармалары. Алматы, «Жазушы», 1986 ж.

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ТЕРМЕ ЖАНРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
Қазақы сөз арнау дәстүрі түрлі жанрлық, тақырыптық сипатымен өзге түрік
халықтарына қарағанда өте бай. Ең бастысы байырғы рухани құндылықтарымыз
таза, бастапқы пішінін жоғалтпай бүгінгі күні жалғасын тауып отыр. Қазақы
сөз арнау заман өзгерісіне байланысты тақырыптық жағынан түрленіп, мазмұны
тереңдеп, өлең жүйесі күрделеніп отырды. Бұл заңды құбылыс.
Қазақ ұлтының өзіне ғана тән бірнеше сөз арнау дәстүрі бар. Толғау мен
терме соның бір көрінісі. Халқымыз ықылым заманнан келешек тағдырына
алаңдаушылық білдіргені тарихтан мәлім. Келешек тағдыры дегенде елді,
жерін, ұрпақ тәрбиесін, тілін, дінін айтып отырмыз. Осы қасиеттердің ұрпақ
санасына сіңіріп, атадан балаға мирас қылып қалдыру дәстүрге айналған. Осы
мақсатта терең мәнді терме, толғаулар өмірге келді.
Толғау мен терменің табиғатын ажыратуға арналған тұңғыш зерттеу Ахмет
Байтұрсыновтың Әдебиет танытқыш атты еңбегі болды. Аталмыш еңбегінде
ғалым толғау мен термеге анықтама беріп, ара жігін ажыратуға талпыныс
жасайды. Толғау- қысқасын айтқанда, іш қазандай қайнаған уақытта шығатын
жүректің лебі, көңіл құстың сайрауы, жанның тартатын күйі, - дейді ғалым.
[1.104]. Демек, іш қазандай қайнағанда ойға ерік беріліп, күрмеуі қиын
мәселелердің шешімі табылады. Яғни философиялық ой қорытудың ұлттық үлгісі
толғауда анық байқалады.
Терме (яки түрлі өлнеңдер). Терме деп ат қойылудың мәнісі: бұл түрлі
шығармалар бір нәрсенің жайынан сөйлеп тұрмай, көп нәрсені теріп сөз қылып
өтеді. Көп нәрсені сөз қылғанда, әрқайсысына айналып, баяндап жатпайды.
Түрлі шөптің басын шалып, оттап, тоқтамастан желге қарай тартып бара жатқан
мал сияқты. Терме айтушылары түрлі нәрсені сөз қылып, бірақ ешқайсысына
айналмастан, кідірместен ілгері қарай сырғи береді,- дейді А.Байтұрсынов.
[1.124].
Терме атауының өзі туынды сөз. Тер етістік болса, оған ме болымсыз
етістің жұрнағы жалғану арқылы зат есім жасалып тұр.
Сонымен, ғалымның сөзіне назар аударсақ термеде бір ғана нәрсе айтылмай,
онда бірнеше мәселе қатар айтылып, өлең сөздің ауқымы кеңейе түспек екен.
Демек, термеде ортақ түйін болмайды. Түйін болмаған соң ой қорытылмайды.
Осы жерде терменің мақсаты не деген сауал туындайды. Ұрпаққа терең тәрбие
беру, ұлттық құндылықтарды бойына сіңңіру дәстүрге айналғандығы мәлім.
Өйткені ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық қндылықтарды сақтайтын сол ұрпақ
емес пе? Олай болса ұрпақтың бойына осындай қасиеттерді сіңіру бірінші
орынға қойылғаны анық. Демек, дидактикалық сарынға құрылған терменің басты
мақсаты келешек ұрпақтың санасын ұлттық құндылықтарды сақтауға,
қастерлеуге, бойына сңіруге бағытталған деп айтуға толық негіз бар.
Мәселен, Майлықожа ақын:
Бұл дүние кімге жолдас ойлап тұрсаң,
Тірлікте бенде жүрер күліп-ойнап.
Жақсылар, бір құдайға құлшылық қыл,
Өтерін дүниенің жүргін ойға ап,- [2.17]
деп бес күндік мейрамға мастанбай, өткен күннің мәнділігіне көңіл бөлуді
насихат етеді.
Термені де, толғауды да өмірге әкелетін жыраулар, ақындар. Олардың
арасында ұқсастықтардың болуы сондықтан деп білеміз. Зерттеу барысында
терме мен толғаудың арасында бірнеше ұқсастықтар бар екендігін аңғардық.
Біріншіден, терме мен толғаудағы насихат, дидактика, философиялық түйін
заман құбылысымен жымдаса айтылып отырады. Мысалы, Хандық дәуірдегі
жыраулар толғауларындағы басты тақырып елдік, ерлік өресінде жырланып
отырса, ХІХ ғасырдағы ақындарда отаршылдықтың ызғарын жырлау негізгі
тақырып болды. Ал ХХ ғасырдағы тарихи өзгерістер мен сол өзгеріс тұсындағы
адамдардың әрекеті осы кезеңдегі ақындардың негізгі лейтмотивіне айналды.
Ол – жалпы халықтық ояну. Екіншіден, екі жанрда ортақ тақырыптар баршылық.
Жаман мен жақсы, адалдық пен арамдық, адамның әр кездегі қылықтары,
әрекеттері т.б.
Мысалы, Майлықожа ақында:
Бай-мырзалар жегізді мерекесін,
Жақсы ауылға тоқтамай көре өтесің,
Үй басына үлесіп жеген пара,
Қысқартты қыдырлының берекесін, - десе, [2.19]
Осы күнгі жерлес ақынымыз Аяз Бетбаев:
Алғаны пәре болады,
Қалтаға тиын салады,
Қоғамның етпей жұмысын,
Жайына бәрі қалады.
Қылмысы кейін ашылып,
Қураған шөптей солады, - дейді ақын. [3.27]
Екі ақын екі бөлек ғасырда өмір сүрсе де қоғамды жегідей жеп отырған
парақорлықты басты нысанаға алып отыр. Ал бұл проблема Шортанбай, Дулат
ақындарда да жырланады. Тегінде терме мен толғауда көтерілетін тақырыптар
өзара жуық болғандықтан олардың ара жігін ажырату қиынға соғады. Белгілі
әдебиетші ғалым Б.Абылқасымов Жанр толгау в казахской устной поэзии атты
еңбегінде толғауды жан-жақты саралап, оны жанрлық жағынан талдап кетті.
[4]. Ендігі кезекте терме жанрының табиғатын ашу, оның басты белгілерін
анықтау, ғылыми тұжырым жасау қажет екендігін айтып өтпекпіз.
ХІХ ғасырға дейінгі қазақ ақын-жырауларының мұраларын толғау деп атап
жүрміз. Ал терме атауы ХІХ ғасыр ақындарының шығармаларына байланысты атала
бастады. Бірақ соған қарап ХІХ ғасырға дейін қазақ сөз өнерінде терме
болған жоқ деген ойдан аулақпыз. Өйткені ғайыптан ешнәрсе пайда болмайды.
Оның алғашқы бастамасы болуы шарт. Олай болса терменің шығу төркінінде
қандай да бір бастама болуы тиіс. Егер А.Байтұрсыновтың толғау жайлы берген
анықтамасына сүйенер болсақ, ХҮ – ХҮІІІ ғасырдағы жыраулардың толғауларының
басым бөлігі толғаудан гөрі термеге жақын. Мәселен, Бұхар жыраудың Тілек
деп аталатын толғауы бір нәрсе төңірегінде айтылмай, бірнеше мәселені
қамтып кетеді. Бірақ соған қарамастан Тілекті толғау деп атап жүрміз. Осы
сияқты мысалдар баршылық. Демек, терме, толғау жанрлары ғасырлар бойғы даму
сатысында тақырыптық, жанрлық жағынан кірігісіп, өздерінің бастапқы
ерекшелігінен ажырап қалған. Яғни, сыртқы пішіні мен мазмұны өзара
үйлесіп, бастапқы кездегі терме толғау деген атауды иеленіп кеткен. Әрине,
бұл біздің нақты кесіп, пішкен тұжырымымыз деп айтудан аулақпыз. Осы жерде
қазақ жырауларының байырғы мұраларын терең талдап, олардың шығармаларын
жанрлық жағынан екшелеу қажет деген ойға келеміз.
Сонымен, терме жанрының пайда болу кезеңі толғаумен тұспа-тұс келеді.
Өйткені әйгілі Базар жыраудың:
Сөз асылын теріп айт,
Ақын болсаң бал таңдай, - [5.23] деп айтқанындай ақын-
жыраулар сөздің мәйегін қалқып, асылын теріп тыңдаушысын жалықтырмауды
ойластырған. Сол сияқты:
Семізін сөйле сөзіңнің,
Мың жылқының ішінде
Он жылғы қысыр байталдай, - дейді жырау. [5.23].
Термешінің терме айтудағы мақсаттарының бірі тыңдаушысына ой салу. Өмір
сүрудің оң-солын үйрету. Мұнда терең философиялық талдау болмайды,
қорытынды мен түпкі ой байламы да кездеспеуі мүмкін. Бірақ айтушының
өмірлік тәжірибесінен алынған үлгі, насихат терменің өн бойында кездесіп
отырады. Әдетте термешілер не артық?, не пайда? деген риторикалық
сұрақтар қоя отырып, сол сұрақтарға жауап іздеуде өмірлік тәжірибеден жиған
ойларын ортаға салады.
Базар жырау не артық? деген сауалға жеті артықтың атын атап, түсін
түстеп кетеді. Мәселен, қаба жалды берік артық, баса киген бөрік артық,
мақтасы қалың көрпе артық, бір көруге көркі артық, аққа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz