Грамматикалық ойларды қолдану әдіс- тәсілдері



Мазмұны
Пікір ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1.бет
Аннотация ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2.бет
Кіріспе бөлім
1.1Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану арқылы тілдік құзіреттілікті дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2Мәтінмен жұмыс,грамматикалық тапсырмалар орындау
1.3Рөлдік ойындарға негізгі талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.12бет
Негізгі бөлім
2.1Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарын ойын арқылы меңгертудің жолдары.Қазақ тілі сабақтарында пайдаланатын ойын түрлері
2.2Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуда ойын арқылы оқыту жаңа технологияларын қолдану ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3Екінші сабақта өтілетін қазақ тілі сабақтарында қолданылатын ойын түрлерін ұйымдастырудың жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29.бет
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Кіріспе
«Егеменді еліміздің ертеңі бүгінгі жаса ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»
Н.Ә.Назарбаев
«Білімді ұрпақ болашақтың кепілі », демекші,қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты саясатының бірі.Білім мен ғылымның ел дамуына оңтайлы әсер ету үшін демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үлестіре алу міндеті туындап,білімге,бүкіл оқу әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда.Сондықтан ұстаз іс әрекетін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі.Мұғалім өз білім білігін, оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруы және жаңа педагогикалық технологияны меңгеруі тиіс.
......Жаңа ақпараттық технология мұғалімдердің өз жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрін түбегейлі өзгертуге,оқушылардың жеке қабілеттерін дамытуға, оқытудағы пән аралық байланысты күшейтуге,оқу процесін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс істеуге шексіз мүмкіндік туғызады.
Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау,халықаралық,ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу.........
......егер технологияларды басқалардан алуға ғана сүйенгетін болсақ,біз өзіміздің технологиялық артта қалушылығымызды сол күйінде тұмшалап,технологиялық және ғылыми тұрғыда дамыған елдерге тәуелділікте боламыз.Сондықтан бізге өз ғылымымызды дамыту керек.
....Бәсекеге қабілетті технологиялар инновациялық экономиканың өзгі ретінде өздігінен пайда бола қоймайды.Бұл ұзақ үдеріс,ғылыми зерттеулердің,күрделі де шығынды эксперименттердің және ақыр аяғында,ғалымдардың идеялық нұрлануының қиындықпен келетін жемісі...Н.Ә.Назарбаев
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс істеуге шексіз мүмкіндік туғызады.
Бүгінгі таңда технологиялар өз қолдауларын тауып,оқу үрдісінде қолданылуда.Технология бұл қандай да бір жұмысты,өнерді шеберлікпен іске асыру жиынтығы.
Қолданылған әдебиеттер

1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.
2.Қазақстан Республикасы Президентінің халқына жолдауы.
3.«Білімдегі жаңалықтар» журналы, 2003жыл.
4.«Мектеп директоры» журналы, 2010 ж.
5.«Мектеп директорының орынбасары», 2011 ж.
6.«12-жылдық білім беру», 2010 ж.
7.«Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде» М.М.Жанпеисова, Алматы, 2002.
8.«Бастауыш сыныпта оқыту. Барлық пәндер бойынша» журналы 2014ж.
9.«Бастауыш мектеп» журналы 2013ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жаркент гуманитарлық - техникалық колледжі

Тақырыбы:Грамматикалық ойларды қолдану әдіс- тәсілдері
(қазіргі қазақ тілі мен оқыту әдістемесі, каллеграфия пәнінен курстық жұмыс)

Мамандығы:0005000 Бастауыш білім беру
Біліктілігі:0105013 Бастауыш білім беру мұғалімі
Тобы:412
Орындаған:
Жетекшісі:Құрабалдиева К.Б

Жаркент 2017 ж
Мазмұны
Пікір ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1-бет
Аннотация ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2-бет
Кіріспе бөлім
1.1Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану арқылы тілдік құзіреттілікті дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2Мәтінмен жұмыс,грамматикалық тапсырмалар орындау
1.3Рөлдік ойындарға негізгі талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-12бет
Негізгі бөлім
2.1Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарын ойын арқылы меңгертудің жолдары.Қазақ тілі сабақтарында пайдаланатын ойын түрлері
2.2Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуда ойын арқылы оқыту жаңа технологияларын қолдану ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
2.3Екінші сабақта өтілетін қазақ тілі сабақтарында қолданылатын ойын түрлерін ұйымдастырудың жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 9-бет
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30-бет

Аннотация
Курстық жұмыстың мақсаты:
Оқушылардың қазақ тілі пәнінен білімдерін грамматикалық ойындар арқылы жетілдіру,топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту деңгейін,олардың өз көзқарастарын дәйектеп,тұжырымдап айта алу дағды ерекшеліктерін зерделей отырып іс - тәжірибе барысымен ұштастыру.

Курстық жұмыстың өзектілігі:
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілге деген қызығушылығын арттыру,ойын барысында оқушылардың бір- бірімен дұрыс қарым- қатынас орнатудың жолдарын іздестіру.

Курстық жұмыстың нәтижесі:
Бастауыш сынып оқушыларының грамматикалық ойындар арқылы сабаққа қызығушылығын арттырып,білімдерін кеңейттім.

Кіріспе
Егеменді еліміздің ертеңі бүгінгі жаса ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында
Н.Ә.Назарбаев
Білімді ұрпақ болашақтың кепілі , демекші,қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты саясатының бірі.Білім мен ғылымның ел дамуына оңтайлы әсер ету үшін демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үлестіре алу міндеті туындап,білімге,бүкіл оқу әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда.Сондықтан ұстаз іс әрекетін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі.Мұғалім өз білім білігін, оқытудың әдіс тәсілдерін үн емі жетілдіріп отыруы және жаңа педагогикалық технологияны меңгеруі тиіс.
... ..Жаңа ақпараттық технология мұғалімдердің өз жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрін түбегейлі өзгертуге,оқушылардың жеке қабілеттерін дамытуға, оқытудағы пән аралық байланысты күшейтуге,оқу процесін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс істеуге шексіз мүмкіндік туғызады.
Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау,халықаралық,ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу ... ... .
... ..егер технологияларды басқалардан алуға ғана сүйенгетін болсақ,біз өзіміздің технологиялық артта қалушылығымызды сол күйінде тұмшалап,технологиялық және ғылыми тұрғыда дамыған елдерге тәуелділікте боламыз.Сондықтан бізге өз ғылымымызды дамыту керек.
... Бәсекеге қабілетті технологиялар инновациялық экономиканың өзгі ретінде өздігінен пайда бола қоймайды.Бұл ұзақ үдеріс,ғылыми зерттеулердің,күрделі де шығынды эксперименттердің және ақыр аяғында,ғалымдардың идеялық нұрлануының қиындықпен келетін жемісі...Н.Ә.Назарбаев
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс істеуге шексіз мүмкіндік туғызады.
Бүгінгі таңда технологиялар өз қолдауларын тауып,оқу үрдісінде қолданылуда.Технология бұл қандай да бір жұмысты,өнерді шеберлікпен іске асыру жиынтығы.

Кіріспе бөлім
1.1Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану арқылы тілдік құзіреттілікті дамыту
Ойын балалар үшін шындық. Ал шындық қоршаған ортадан да қызық, бала үшін қызықты болу түсінікті, өйткені онда өзіндік іс-әрекеті көрінеді.Бала ойын әлемінде өмір сүреді, оның ізі шындық өмірге қарағанда терең қалады.Ойын баланың мінез-құлқының қалыптасуына, психикалық процесс кезіндегі гармониялық жетілуіне әсер етеді. Қазіргі нарықтық жағдайымызда болашақ ұрпағымызды білімді, мәдениетті, саналы етіп тәрбиелеуде егеменді елімізде қазақ тілін оқыту өмірлік зор маңызға ие болып отыр.
Қазақ тілін үйрету барысында оқушыларды қазақ елінің салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен, мәдениетімен таныстыру,оларды жан-жақты дамуына, тілге деген көзқарастарын қалыптастыруға көп көмегін тигізеді. Қазақ тілі де басқа ұлт өкілдеріне шет тіл болып саналғандықтан, қазақ тілін оқыту арқылы оқушыларды интернационализм рухына, ұлттық патриотизмге тәрбиелеуге жол ашады.Олар өз ұлтын сүюге, өзге ұлттарды сыйлауға, құрметтеуге үйретеді.
Қазақ тілін үйрету процесінде ана тілі басты рөл атқарады. Егер оқушы өз тілінде грамматикалық құбылыстарды, олардың ерекшеліктері мен айырмашылығын, дыбысталу жүйесін білмесе немесе түсінбесе ол қазақ тілін оқығанда түсінбейді. Ана тілі мен салыстырып оқуды күнделікті практикадан көріп жүрміз. Оқушылар қазақ тілін оқи отырып өз ана тілінің негізінде өзге тілді саралап үйренеді.
Тілді үйрену негізінде ана тіліндегі ойды жеткізу тәсілдерін тереңірек ұғынады. Қазақ тілі оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету, ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқу өте маңызды. Оған мұғалімнен көп кәсіби шеберлікті талап етеді. Ең алдымен оқушы өз ана тілін жетік білуі керек. Егер өз тілін жетік білмесе, оған қазақ тілін үйрету, яғни, меңгеру өте қиынға соғады. Себебі, екі тілді салыстыра отырып қана оқушы тіл құбылыстары мен айырмашылықтарын саналы түрде меңгере алады. Салыстыра отырып, ол қазақ тілін тез меңгереді.
Әдістеме ғылымы әрқашан білікті мамандардың өзіндік сабақ беру шеберлігімен дамып, жаңарып отырады. Яғни, әдістеме көп жылдар бойы ұстаздық қызметтегі тәжірибемен күнделікті сабақ беру процесімен тығыз байланысты.
Өз мамандығын шын сүйетін, өзі оқытатын пәнін жақсы көретін мұғалім әрбір сабағын ерекше дайындықпен және үнемі ізденіс үстінде жүргізеді. Оқушылардың ынтасын арттыру, пәнге қызығушылығын дамыту, білімді берік те саналы жеткізу жолында жаңаша әдіс-тәсілдерді ізденіп қолданады.
Қазіргі кездегі қоғамдағы өзгерістер білім беру жүйесіне де ықпал ететіні сөзсіз. Мұғалімге білімді біржақты формада емес, оқушылардың оқуын басқару, бағыт-бағдар көрсетіп, жол сілтеп, кеңес беріп отыру қызметін жүктейді. Қазақ тілі пәні бойынша оқушы ереже немесе ұғымдар анықтамасын тек жаттап алғаннан гөрі, оларды іс-жүзінде саналы түрде қолдана алуы қажет. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық түрлі мәселелер, қағидалар меңгертілуі тиімді болып табылады.
Қазақ тілін оқыту - қиын да қызықты жұмыс. Қазіргі кезде қазақ тілін оқытатын мамандарға қойылатын талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы және терең білім беру, олардың ойлау, көру қабілеттерін жетілдіру. Уақытты дұрыс пайдалану, әртүрлі әдістерді қолдану, сабақты мазмұнды да қызықты өткізу мұғалімнің жеке басынын интелектісін, оқу іс әрекетін, өтілетін тақырып мазмұнын аша білу. Сонымен жеке тұлғаны дарынды, білімді де білікті етіп шығару мұғалімнің педагогикалық шеберлігі.
Оқушынын ойлау қабілетін байытуға игі ықпал ететін, жаңаша оқытудың бір түрі - модульдік технология. Бұл білім мазмұны мен оған меңгеру технологиясын біріктірген тұтастай жүйе.
Технология - гректік өнер, шеберлік ғылым деген сөзінен шыққан, яғни, шеберлік туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.
Ал технологиялық оқыту түсінігі педагогика саласында 1995 жылдан бастап пайдалана басталды.
Қазақстанда осындай технология үлгісін М.М. Жанпейісова ұсынады.
Модульдің ерекшелігі мен басты мақсаты әр баланың жеке тұлға ретінде қабілетін ашу және дамыту, сол үшін жағдай жасау. Ол үшін тіл үйрену, оқушыны қызықтыру, белсенді сөздік қорын жасау және тіл ортасын ұйымдастыру.
М.М. Жанпейісованың модульдік технологиясында ерекше орын алатыны - ойын. Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әртүрлі белсенді жұмыс түрлерін (топтық, жеке және жұппен, ұжыммен жүргізілетін жұмыстар, пікірталастар, диспуттар) қолдану оқытудын міндетті шарты болып табылады. Сондықтан сабақтарымда ойын түрлерін жиі қолданамын. Өз іс-тәжірибемде бастауыш сыныптарда өтетін сабақтар көрнекіліксіз, ойынсыз өткен емес. Қай сабақ, қай тақырыпқа болмасын, тиімді көрнекілікті, ойынды ойластырып, алдын-ала дайындауға тырысамын. Оған бейімделген оқушы сабақтын қызықты түрде өткенінің нәтижесінде тақырыпты жеңіл игеріп, оңай еске сақтайды, оқуға деген қызығушылығы арта түсіп, оқуға ынтасы артады.
Сабақта диалогтік бөлімінің оқу модуліндегі қазір кеңінен қолданыла бастаған ойын түрлері: Қарлы кесек, Брейн-ринг, Даналық ағашы, Бақытты сәт, т.б. ойындар оқушылардын қызығушылығын арттырады.
Мысалы Табиғат, Еңбек тақырыптарында, Даналық ағашы ойынын жиі қолдансам, Тазалық, Денсаулық тақырыптарына Аквариум техникасы деген ойынды өткізу тиімді деп білемін. Себебі, үш топқа бөлінген оқушылар өз көз қарасын ортаға салып, қорғауға тырысады, мұғалімнің берген проблемалық тапсырмаларын орындау үстінде оқушы Өзім Мендеген сезімін, қабілетін қалыптастырады.
Мәтінмен жұмыс, грамматикалық тапсырмалар орындауда Қатесін тап ойынын қолданамын. Ойын шарты: берілген тапсырманың қатесін табу. Қателер тақырыпқа байланысты әртүрлі болады. Бұл жағдайда оқушы тақырыппен толық танысып, зерттеу жұмысын жүргізеді, өз ой-пікірін ортаға салып, өз көзқарасын қорғайды.
Мәтінмен жұмыс Ұшқырлар, Сиқырлы сандық, Қызықты шеңбер, Сурет арқылы мәтін құрастыр, Сөз тіркестерінен ситуация құра, Мені дұрыс түсін, Даналық ағашы ойындары арқылы өтеді.
Бұл ойындардын барлығы сайыс түрінде өтеді, ұпай сандары арқылы бағаланады. Ойын қызық және тартымды болуы үшін ойынға керекті материалдарды көрнекі, түрлі-түсті түрде дайындаған дұрыс. Бағалау парақтары, топтардың нөмірлері, жетондар, фишкалар т.б. ойынға керекті заттар түрлі-түсті қағаздардан дайындалады. Әрине, оқыту технологияларының қайсысын болмасын қолдану, оқушыны осындай ойындарға бейімдеу, қызықтыру оңай іс емес. Ал оқытушыдан білімділікті, еңбекқорлықты, үлкен шығармашылық пен жаңашылдықты, мол дайындықты қажет етеді. Оқушылардың қызығушылықпен ойнайтын ойындарының бірі - рөлдік ойындар. Рөлдік ойындар кез келген оқу процесінде оқушыларды жаттықтыруда, игеру қабілетін арттыруды ұтымды қызмет атқарады. Тілдік қарым-қатынастағы жаттығуларды одан әрі қалыптастыруда рөлдік ойындардың қосар үлесі қомақты. Рөлдік ойындар белгілі бір мақсатта, тілді меңгеруге деген ынтызарлықты оята отырып, орындаушылық қабілетке де жетелейді. Әсіресе бастауыш сыныптарда қолданылатын рольдік ойындар: Телефон арқылы сөйлесу, Дәрігердің қабылдауында, Танысу, Кітапханада, Қонақта, тағы да оқушылардың сүйіп ойнайтын ойыны- мұғалімнің рөлі.
Сонымен оқу процесінде ойын ойнау аса маңызды. Рольдерде ойнау оқушы үшін пайдалы, себебі ол өзінің үйренген білімін өзі өскен ортада,нақты ситуацияларда, өз өмірінде қолдана алады. Оқушы тез және ұтымды сөйлеуге үйренеді. Ойлау бірте-бірте қазақшаға ауыса бастайды.Ойын ойнау кезінде бұрынғы сөздер,грамматикалық материалдар қайталанады.
Сондай ақ бастауыш сыныптарда қазақ халқының балаларға арналған ұлттық ойындарын тіл дамыту сабақтарында,ойын шарттарын өзгертіп қолданамын. Мысалы: Айгөлек, Түйілген орамал, Оқтау тартыс, Жүзік салмақ, Ақ сандық, Көк сандық. Бұл ойындар баланың тілге деген қызығушылығын арттырады.
Ойын баланың көңілін өсіріп, ойын сергітіп қана қоймай, сонымен қатар оның таным түсінігін арттырады. Балалар ойын арқылы бір бірімен тез тіл табысып, жақсы ұғысады, бір бірінен ептілікті, тапқырлықты үйренеді.
Оқытып тәрбиелеудегі негізгі мақсат - оларды мектептегі оқуға, ұйымшылдыққа, еңбек етуге даярлау, олардың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту. Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын түрлері оқушының ойлау белсенділігін қажет етеді.
Әр сабақтарда ойын түрлері орнымен қолданып оны қызықты ету арқылы жас бүлдіршіндердің білімге ынта ықыласын, пәнге сүйіспеншілігін қалыптастыруын көздейді. Ойында балалардың сабақ үстінде шаршамауы үшін, әр берілген негізгі ұғым түсініктерін беріп меңгерту мақсатында жүргіземін. Ойын арқылы оқушы өз бетімен жұмыс істеуге, өздігінен қорытынды жасауға үйренеді.
1.2Мәтінмен жұмыс,грамматикалық тапсырмалар орындау
Қазіргі білім беру саласында жүріп жатқан ізгіліктендіру бет бұрысының барлығы болашақ ұрпақтың білімділігі мен олардың рухани байлығын әлемдік өркениетке жеткізуге бағытталған. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Балаларды Отанды,туған жерді,өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды аса жауапты да қадірменді парызы деген пікірі әр ұстаздың жүрегінде жүруі тиіс қағида.
Сондықтан да барлық ұстаздар бала тәрбиесімен қатар сапалы білім беруге де маңыз беріп,өз жұмыстарының болашақ үшін қаншалықты қажеттілігін ұдайы сезінуі тиіс.Осы орайда білім босағасын аттаған бала үшін бастауыш білімнің берері де мол болмақ.
Білім туралы Заңда Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жеңа технологияларын енгізу,білім беруді ақпараттандыру,халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу-деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген.
Бұл міндеттерді шешу үшін Білім негізі -бастауышта қағидасын басшылыққа ала отырып,бастауыш сыныптан бастап Әдебиеттік оқу пәнін тиімді оқытып,үйретудің сапасын арттыру,мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастырып, оқушының ауызша да жазбаша да байланыстырып сөйлеу іскерлігін шыңдауда мұғалімнің ізденісі,жаңа тәжірибе,жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Бастауышта мәтінмен жұмыстың маңызы-оқушылардың ойлау қабілетін арттыруға,сөйлеу шеберлігін қалыптастыруға,адами ізгі,эстетикалық тәрбие беруге,әдеби және тарихи деректерді түсіну болып табылады. Бастауыш сыныптарда Әдебиеттік оқуоқулығында мәтін бес түрлі қызмет атқарады.
1.Мәтін оқушыға білім береді.
2.Мәтін-оқуға үйрету құралы.
3.Мәтін оқушының ойын дамытады.
4.Мәтін тәрбиелік міндеттерді шешеді.
5.Мәтін арқылы оқушылардың тіл байлықтары дамиды.
Мұғалім оқу үрдісінде нұсқаушы,ұйымдастырушы ролінде болып,дамыта оқытуда оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде көрсетпей,онымен бірлесіп,жалпы іс-әрекетті ұйымдастыру арқылы,алға қойған міндеттерді түсіндіре отырып,олардың шешу тәсілдері мен жолдарын бірге іздестіреді.
2-сыныптың Әдебиеттік оқу пәнінде бала армандары сияқты өзіңнің арманын жазу, Кітап-досым деген тақырыпта өз ойларын жазу,құстарға тілек жазу, Қожанасырға хат жазу,Айға барсам,... деген тақырыпта шығарма жазу,теңіз бен өзенді салыстыру, Бақыт сөзіне топтастыру жасау сияқты тапсырмалар оқушының ой-пікірлерін еркін жеткізіп,ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отырады.Баланың тереңде жатырған ойын дамытып,сөйлеуге үйретеді. Оқушы білім тереңіне қарқынды ой еңбегін қажет ететін осындай тапсырмаларды орындау арқасында өзі жетеді.Оқушылардың ой-шапшаңдығы,сөз байлықтары дамып,шығармашылық қабілеттері артады.Мысал келтіререр болсам:
Фараби: Егер мен Айға барсам,барлық жақсылықтарды жинап теріп,жер бетіндегі адамдарға сыйлар едім
Мансур: Егер менің сиқырлы таяғым болса,адамдарда емдеп,жазатын дәрі ойлап табар едім деген сияқты балалардың тамшыдай ойлары кім-кімге де ой салары анық.
Әдебиеттік оқу пәні бастауыш сыныптағы негізгі пән,адамгершілікке,имандылыққа,туға н жерді қастерлеп,сүюге,ата-ананы қадірлеуге,еңбекқор болуға,адам бойындағы жақсы қасиеттерге баулып,бабалар өмірін үлгі ете отырып,оқушылардың шығармашылық қабілеті мен танымдық қабілеттерін дамытудың арнасы.Сондықтан өмірдегі түрлі оқиғаларды көркем образдар арқылы сөзбен бейнелеп, баланың өмірді нақты түсінуіне септігін тигізіп,қоршаған ортаға бейімдеу мәтін арқылы көрініс табатындықтан,мәтіндерге шығармашылық жұмыстар жүргізу барысында әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланған жөн. [1]
1.Мәтінмен таныстыру барысында мұғалім қосымша материалдарды,көрнекі құралдарды пайдаланып отырады.Мәтін мазмұнына сәйкес салынған суреттер,сөз жұмбақтар, Ахмет ата ағашын немесе Ыбырай ата ағашын қандай бұтақтармен толықтырар едіңдер?,- деп ой тастап,олардың өмір жолын,өлеңдерін білу мақсатында олар жайлы деректер жайлы білімдері толықтырылады.Сабақ тақырыбын сөзжұмбақ не ребус арқылы шығарып немесе мысалы,Артық сөзді тап ойыны арқылы,білім,кітап,оқу,мектеп,Ыбыра й деген сөздерді шығарып алып,осы сөздерді естігенде көз алдарыңа нені елестетеді?- деп,оқушыларға ой тастатып,тірек сызба арқылы тақырыпты ашып,белсенді іс-әрекет жасалады.Осындай проблемалық сұрақтарға өз ойын жазуда эссе жазу әдісін қолданған тиімді.Тақырыпты қорытындылар кезінде қолыңа қалам ұстатып,жазуды үйреткен,оқытып,білім берген ұстазыңа деген құрметтеріңді қалай жеткізер едіңдер?- деп оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға,ойын жинақтауға,өздігінен еркін сөйлеуге ерік беруге болады. Эссе арқылы оқушы өз ойын тудырып,пікірін,көзқарасын,ой қорытындысын жазуға төселеді,балаға өз ойын жазуда ізденіс тудырады.
Оқушылардың мәтіндермен таныстырудың өзіндік ерекшеліктері болады.Мәтіннің мазмұнын түсіндіру үшін кіріспе әңгіменің маңызы өте зор.Мысалы,Е.Өтетілеуұлының Отан өлеңін оқымас бұрын,атамекен,туған жер,Отанымыз - Қазақстан Республикасы туралы кіріспе әңгіме жүргізгеннен кейін оқушылар мәтіннің мазмұнымен танысады.Өлеңнің мазмұнын ашу тұрғысында проблемалық оқыту технологиясын қолдану мақсатында оқушыларға бағыт беріледі:
-осы шығармада Отанды неліктен атамекен дейміз? деген сұраққа жауап іздеу барысында оқушылар әңгіменің мазмұнын ашады.
Мәтіндерді оқығанда бірнеше бөліктерге бөліп,әр бөлімдерге жоспар құрып,әр бөлімді әр балаға бөліп айтқызып,қосымша сұрақтар беріп,оқиға жан-жақты талданса, балаларда әр сөзге мән беріп,түсініп оқып,айтуға дағдыланады әр бөлімнің қай жерден аяқталатынын біледі және бір бөлімдегі ойды,екінші бөлімдегі оймен байланыстырып үйренеді.Оқушылардың өздерін қатыстыра отырып, Алатау өлеңі бойынша төмендегідей жоспарда әңгіме желісі өрбиді.
1.Отан-ата-баба мекені.
2.Отан-туып өскен жеріміз.
3.Отан-асырап қолдаушы.
4.Отан-туған ел.
Мазмұны ашылып болған соң,ой-толғаныс туындайды.
2.Оқылған шығарманың көлемі қандай болсын,оны оқушының қаншалықты меңгергендерін байқау үшін мәтін бойынша қорытынды әңгіме жүргізіледі.Бұл жұмыс түрлі жолдармен
ұйымдастырылады.Оқушылардың білімін бекіту,оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының әртүрлі стратегияларын тиімді пайдалануға болады. Ой толғаныс сабақты қорыту кезінде Бес жолды өлең құрастыру әдісі арқылы бала өзін жеңімпаз,қиын шыңды басып өтуші ретінде сезінеді.Мысалы, балалар Е.Өтетілеуұлының Алатау өлеңіне мынадай бес жолды өлең құрастырды:
Не? Алатау
Қандай?Биік,көрікті.
Қайтеді?жатады,сылдырлайды,қарайды
Алатау бүкіл әлемге мәлім.
Алатау-тау атасы.
Оқушының сөздік қорының молаюы - оның ойлау қабілетінің дамуы деген сөз .Ол баланың рухани дүниесінің,іскерлік дағдыларының қалыптасуына ықпал етеді.Мысалы М.Гумеровтың Көк кептер әңгімесін оқыта отырып,мәтіндегі оқиғаны, мәтін кейіпкерлерін атап,ол кейіпкерлер не істеді,оқушының ол кейіпкерге пікірін айтқызу және Нүсіпбек пен Аймағанды Венн диаграммасы арқылы салыстырып,достық,жолдастық мақал-мәтелдер айтқызып,мәтіннен түсінгенін сызбаға түсіре отырып, Автор орындығы немесе Ыстық орындық, Соңғы сөзді мен айтайын ... стратегиялары арқылы сұрақ бергізіп әңгіменің идеясын ашып,қорытындыласақ, оқушының қабілетін арттыруға үлкен мүмкіндік берері сөзсіз.
Оқыған шығарманы қорыту кезінде тиімді әдіс-тәсілдердің бірі өлең мазмұнын әрі қарай қалай жалғастырар едің деп немесе әңгімедегі кейіпкерлер туралы не айтар едің және оларға мінездеме беріңдер деген тапсырмалар беріліп,ал Шығарма кестесін толтырып,шығарманың аты,авторы,оқиға кезеңі,оқиға орны,басты кейіпкер,шығарманың негізгі идеясы,шығармаға сәйкес келетін мақал-мәтелмен шығарманы түйіндеп, мәтінді қорытындыласақ,қоршаған ортаға дұрыс көзқарас қалыптастырып,ойын дұрыс айтып,дәлелді сөйлеуге дағдыланады.Сонымен қатар шығарманың мазмұнын қорыту барысында ондағы кейіпкерлерге қарапайым түрде мінездеме беру,мәтіндегі көркем сөздер мен сөз тіркестерін талдау,көркемдік қасиеттерін таныту,сол әңгімеге байланысты суреттер салу,көрме ұйымдастыру т.с.с жұмыстар жүргізіледі.Т.Қажыбаевтың Әдеп әңгімесінен кейін оқушы мынадай эссе жазды: Маған бұл әңгіме ұнады.Аянның қылығын оқып қатты ұялдым.Ал Арман нағыз әдепті азамат екен.Үлкенді сыйлау меніңше жүрегіңмен жасалатын іс,ал оны білмейтін баладан не күтуге болады?Балалар,енді мұндай жағдайды қайталамайық,кішіпейіл болайық дегім келеді,-деп жазған.Сабақты қорытындылаудың тағы бір әдісі Бір жұлдыз,бір тілек деп алып,бір-біріне ұсыныс пен тілек айтады.Қорыта келгенде жаңа технологияның пайдасы өте зор.Оқушылар сабаққа белсене қатысады.Оқушының ақыл-ойы дамиды,өзіндік дүниетанымы қалыптасады,әр алуан тапсырмалар оқушының сабаққа ынтасын және жауапкершілігін арттырады. [2]
Әдебиеттік оқу сабағында мәтін мен мәтінді дұрыс түсіндіре білу,бастауыш сынып оқушысының сөздік қорын байытудың таптырмас құралы деуге негіз бар.Мәтін мазмұнын игерту,талдау,сөздік қорын дамытады,ақыл-ой белсенділіктерін,шығармашылық қиялын арттыруда өткізген сабағыма тоқталайын.
Сабақтың тақырыбы:Еңбекпен ел-көгерер.
1.Білімділік:
Оқушыларға еңбек адамгершілік құндылығы туралы,еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру,адам бойындағы қасиеттер еңбек арқылы келетінін ашып әңгімелеу.
2.Дамытушылық.
Оқушылардың еңбек етуге қызығушылықтарын арттыру,сөйлеу дағдыларын, сұрақ-жауап арқылы тіл байлықтарын,ой-қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік.
Оқушыларды еңбекқорлыққа,ұқыптылыққа,сауаттылы ққа,еңбек сүйгіштікке, еңбек адамдарын құрметтеуге,қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: еңбек туралы мақалдар,шарлар,слайд,дөңгелектер,т апсырмалар,оқушылар еңбектерінен көрме.
Сабақтың түрі:жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру,
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық,топқа бөлу.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
- Үйге берілген тапсырма Олақ қыз және Б.Үсенбаев Ісмер қыз өлеңін мәнерлеп оқып,мазмұнын айту.
- Балалар,еңбекқор адам деп қандай адамдарды айтамыз?
- -Міне,сендердің де еңбекқор бала екендеріңді көріп отырмыз,Олай болса,топтық жұмыс жасаймыз.
- 1-топ Еңбекқорлар еліне саяхат жасап, көрмені таныстырады;
- 2-топ Б.Үсенбаевтың Ісмер қыз өлеңін мәнерлеп оқып беріп,мазмұнын айтады.
- 3-топ Олақ қыз әңгімесінен көрініс көрсетеді.
- Әр топ өз тапсырмаларын қорғайды және бағаланады.
ІІІ.Өткен сабақты қайталау.
Қызығушылықтарын ояту.
-Сонымен екі қыз қандай?Венн диаграммасы арқылы салыстырайық.
-Адамның бойында қандай қасиеттер болғанда жетістікке жетеді екен?
-Олай болса,адамдар қандай қасиеттер арқылы қандай биік шыңға жетті екен осы туралы Еңбекпен ел көгерер деген әңгімеден оқып білеміз.
IV.Жаңа сабақ.Мағынаны таныту.
-Адам өмірінің жалғасып келе жатырғаны үшін, бүкіл жер бетінде мекендеп отырғаны үшін де еңбекке борышты.Еңбек арқылы адамның қолы,басы,миы жетілді.Іс үстінде шебердің қолы-қолына жұқпайтынын көріп таң-тамаша қаламыз.Мүсінші мен суретшінің қолы өнердің ғажап туындыларын дүниеге әкелді.Ал музыканттардың қолы шектер арқылы сиқырлы үн төгеді.Міне біз осы еңбекті қадірлей білуіміз керек.
2.-Енді топтық жұмыс жасаймыз.
1-топ Еңбекпен ел көгерер әңгімесін әр абзац бойынша бөліп оқыту,мазмұндау және жоспар құрады.
2-топ Ішке-сыртқа әдісі бойынша бір жағына жақсы қасиеттерді,екінші жағына жаман қасиеттерді тізіп жазып шығады.
3-топ Шығарманы талқылау кестесін құрады.
Аты Авторы Оқиға кезеңі Оқиға орны
Шығарманың басты кейіпкері Негізгі идеясы Себебі
Шығармаға сай келетін мақал-мәтел
-Енді әр топ өз тапсырмаларын қорғайды.Оқушылар бағаланады.
2.Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
V.Ой-толғаныс.
-Балалар,сонымен Еңбекпен ел көгерер дегеннің мағынасын қалай түсінесіңдер
-Сонымен балалар,біз бүгінгі сабақта не білдік,мына сөйлемді толықтырыңдар?
-Мен бүгінгі сабақта ... ... ...
-Енді қайтадан Еңбекқорлар еліне саяхатқа аттанамыз.
-Бір-бірімізге тілек айтып,еңбекқорлар елін безендіреміз.(Оқушыларға стикерлер үлестіріліп беріледі,олар бір-біріне тілек айтып,іледі)
Оқушылар бағдаршаммен бағаланады.
VII.Үйге тапсырма: Еңбекпен ел көгерер әңгімесін оқып, мазмұнын айту.

1.3Рөлдік ойындарға негізгі талаптар
Ойын -- балалардың тілді үйренуге деген сенімін оятады. Рөлдік ойындарда барлық балаларға бірдей рөл тиеді де,бір-бірімен міндетті түрде қарым-қатынасқа түсіп,сөйлеседі. Балалар белсенді жұмыс істеп, бір-біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият тындап, өздерін және бір-бірін бағалайды, ал тәрбиеші тек бағыттаушы болады. Рөлдік ойындардың негізгі талаптары Ойын балалардың тілге деген қызығушылығын арттыруы қажет. Сонымен қоса, ең бастысы балалар өздеріне лайықты рөлді өзі тандап алған жөн.Сонда ғана олардың ойыны да, тілі де нанымды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерте жастан ағылшын тілін оқытудың маңызы және ерекшеліктері
ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Оқушыларға ағылшын тілін оқытудың маңызы
Сөйлеу әрекетінің құрылымының көрінісі
Академиялық жазу түсінігі
Жазу - жазбаша мәтін жасауға бағытталған сөйлеу әрекетінің бір түрі
Оқушылардың шетел тілі сабағында аударма құзыреттілігін қалыптастыру ерекшелігі
Қазақ тілі сабағының түрлері
Бір тілдегі мәтінді екінші тілдегі мәтінмен ауыстыратын тілдік операция
Шет тілі оқыту әдістемесі
Пәндер