Ана тілі сабағында оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу



1.Пікір ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1.бет
2.Аннотация ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2.3.бет
3.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4.9.бет
Ана тілі ақыл ой дамуының негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
I.тарау
1.1.Ана тілін оқытудың мақсаты, міндеттері мен оған
қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10.13.бет
1.2.Патриоттық тәрбие берудің басым бағыттары ... ... ... ... ... ... .14.18.бет
1.3.Ұлттық құрсулықтарды сабақта ұтымды пайдалану ... ... ... ... 19.22.бет
II.тарау
2.1.Көркем шығармалар түрлерін оқытуды елжандылыққа
тәрбиелеудің маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23.33.бет
2.2.Тіл дамыту ой дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34.37.бет
III.тарау
3.1.Сыныптан тыс оқу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38.39.бет
3.2.Сыныптан тыс жұмыстар маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40.41.бет
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42.бет
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .43.бет
Кіріспе
Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы.
Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілі қасиетті қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. Ана тілі – бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі.
Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізден, әжеміз бен атамыздан біле бастаймыз.
Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңеді. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады.
Сондықтан кез келген мемлекет өзінің аумағында салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды.
Еліміз Қазақстан Республикасы егемен ел атанды. Ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды. Президентіміздің 2003 жылғы 15 қарашадағы жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің күні ретінде атап өтілетін болды.
Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді.
Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз.
Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.
1.1.Ана тілін оқытудың мақсаты, міндеттері мен оған қойылатын талаптар
Қазақ тілі оқыту мақсаттары үш топқа біріктіріледі.
1. Білім беру мақсаттары: оқушыларға ана тілі туралы ғылымның негіздерін беру; тілдің қоғам өміріндегі маңызын аша көрсетіп, оны меңгерудің өндірісте, қоғам өмірінде аса қажетті екендігін түсіндіру; оқушының ана тілінен жақсы білім алуына мүмкіндік туғызу; тілдің қатынас құралы екендігіне көздерін жеткізу; түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылар¬дың ауызша, жазбаша тілдерін дамытып, онымен қаруландыру; оқушылар¬дың тіл мәдениетін қалыптастыру; өздігінен сөйлей, жаза білуге жол ашу.
2. Тәрбиелік мақсаттар: оқушылардың тілдік құбылысқа көзқа-расын қалыптастыру; тілдің адам қоғамымен бірге жасасып, өмір сүретінін, қоғам үшін қажетті қарым-қатынас құралы болатындығын түсіндіру; тілдің жан-жақты дамуына жасалып отырған жағдай қазақ тіліне мемлекеттік дәреже беру актісімен дәлелденіп, оқушылардың сенімін арттыру, көздерін жеткізу; оқушылардың салт-дәстүр сезімдерін қалыптастыру, қазақ тілі сабақтарында еңбек тәрбиесін уағыздап, еңбек ардагерлері жайындағы мағлұматтар арқылы еңбекке баулу.
3. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту: ана тіліне деген қызығушылықты арттыру; оқушылардың байқағыштық, елес-болжамдық, ес, ойлау, сөйлеу қабілеттерінің дамуына жол ашу; оқушылардың тілдік проблеманы өздері шеше алатындай дәрежеде үйрету; тіл фактілеріне, құбылыстарына жан-жақты, жинақты түрде қарау қабілетін, өз бетімен тіл фактілерін талдау іскерлігін қалыптастыру.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Назарбаев Н. Қазақстан – 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы.
2.Кенжалин Ж. Ұлт рухын ұлықтаған ұрпақпыз. – Алматы, 2005.
3.Шаяхметова М. Жоғары білім беру жүйесінде болашақ педагог маманның этникалық толеранттылығын қалыптастырудың моделі // Ұлт тағылымы. -Алматы, 2009.
4.«Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006
2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы». Қ.Р. Президентінің Жарлығы Астана, Ақорда, 2006 ж. қазанның 10-ы. №200
5. А.Қ.Құсайынов Білім және Реформа. Алматы 2006.
6.Жастарға отаншылдық тәрбие берудің кейбір өзекті мәселелері. //Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ хабаршысы. – Түркістан, 2006

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жаркент гуманитарлық - техникалық колледжі

Тақырыбы: Ана тілі сабағында оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу
(қазақ тілі мен оқыту әдістемесі, каллеграфия пәнінен курстық жұмыс)

Мамандығы: 0005000
Біліктілігі: 0105013
Тобы: 412
Орындаған:_______________
Жетекшісі: К.Б.Құрабалдиева

Жаркент 2016 ж
Мазмұны:

1.Пікір ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 -бет
2.Аннотация ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2-3-бет
3.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4- 9-бет
Ана тілі ақыл ой дамуының негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
I.тарау
1.1.Ана тілін оқытудың мақсаты, міндеттері мен оған
қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10-13-бет
1.2.Патриоттық тәрбие берудің басым бағыттары ... ... ... ... ... ... .1 4-18-бет
1.3.Ұлттық құрсулықтарды сабақта ұтымды пайдалану ... ... ... ... 19-22-бет
II.тарау
2.1.Көркем шығармалар түрлерін оқытуды елжандылыққа
тәрбиелеудің маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23-33-бет
2.2.Тіл дамыту ой дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34-37-бет
III.тарау
3.1.Сыныптан тыс оқу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38-39-бет
3.2.Сыныптан тыс жұмыстар маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..40-41-бет
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .42-бет
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .43-бет

Жаркент гуманитарлық-техникалық
колледжінің 412-топ студенті
___________________ Қазақ
тілін оқыту әдістемесі пәнінен
Ана тілі сабағында оқушыларды
патриоттық рухта тәрбиелеу
тақырыбы бойынша жазған
курстық жұмысына

Пікір
Білім алушы өзіне берілген тақырыпта кең және ауқымды ізденіс зерттеу жұмыстарын жүргізген.
Ана тілі сабағында патриоттық тірбие беру атты өзекті мәселе бойынша ________________________ курстық жұмысына жоспар құрған.
Өз ойын жоспарға сай жүйелі бандаған.
Жұмыс тақырыбының заман талабына сай озық тәжірибеге негізделіп,
ғылыми тұрғыда нақты мысалдармен дәлелдеп жазылған.
Өз Отанын сүйетін, елін, жерін қадірлейтін жан- жақты тұлға тәрбиелеудің маңыздылығы күн тәртібінен еш уақытта түспейді, ұрпақ тәрбиесі ұлттың, мемлекеттің ең басты мәселесі. Бала біздің болашағымыз екендігін, сабақта тәрбиелеу мақсатын жүзеге асырудың мәнін ашып көрсеткен.
Жұмыстың баяндау тілі анық, ойы дәлелді . Стильдік жағынаан дұрыс, емле, тыныс белгі тұрғысынан сауатты орындалған.
Жазу мәдениетті, жұмыс рәсімдеуі талапқа сай.

Курстық жұмыстың жетекшісі:
______________ К.Б.Құрабалдиева

Бағасы:____________________

Аннотация

1.Зерттеу тақырыбының көкейтестілігі
Біздің отанымыз - Қазақстан. Ендеше жастарымыз осы мемлекеттің мүддесін қорғайтын патриоттары болу керек. Отанын сүйетін,елін құрметтейтін, өз отбасын қадірлейтін, өзін-өзі сыйлай білетін ұрпақ тәрбиелеу-ең өзекті мәселе. Отанды сүю елдің символдары : Көк байрағы гимні, Елтаңбасы еліміздің әрбір азаматы үшін қасиетті саналуы тиіс - қымбат екенін білу - баланың ес білген кезінен басталуы тиіс. Отанға қызмет ету әрбір жеке тұлғаның тарихтағы орны мен еңбегінен, олардың өшпес өнерінен ғұламаларымыздың өсиеттерінен үлгі алған, солардан рухтанған жастарымыздың патриоттық күшімен өлшенеді біздің азаматтарымызда бір - біріне дегне жанашырлық, дем беру , жақсылыққа қуана білу, бір - біріне бағалау, бір - біріне деген құрмет сезімдері, ұғымдары мықты болуы шарт Патриоттық сезім тұлғаның тектілігі мен туындап, тәрбие арқылы жетіліп, патриоттық сана түрінде қалыстасады.
2.Зерттеу мақсаты:
Қазақ тілі , әдебиет сабақтарында оқушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастырып, өз ұлтының қасиеттерін бойына сіңіріп, қастерлеп, қадір тұтып, қорғай білуге дайын тұруға, Отанына адал болуға тәрбиелеу.
Зерттеу міндеттері:
А) тақырыпқа сай мәтіндерді, сөйлемдерді талдау;
Ә) Отан, ел, бейбітшілік тақырыбындағы мәтін, сөйлемдерді іріктей білу;
Б) Ана тілі , халық тарихы , өнегелі, адамдар туралы мәтіндер бойынша жұмысты жүргізудің озық іс - тәжірибесін меңгеру;
В) Инновациялық технологияларды ұтымды пайдалана отырып, оқушының патриоттық сезімдеріне әсер ететін әңгімелер жүргізу;
Г) Ойбөліс , пікірлесу , шағармашылық жұмыстар арқылы оқушылардың патриоттық рухта тәрбиелеудің маңыздылығын үнемі естен шығармау;
Ғ)Ұлттық салт - дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.
3.Зерттеу нысанасы
Жалпы патриоттық сезімнің қайсысының болсын қалыптасуы отбасынан бастауыш мектептен бастау алатыны белгілі . Сондықтан отбасындағы патриотизмге тәрбиелеу ана тілін үйрету, ұлттық мінез - құлық қалыптастыру, ұлттық салт - дәстүрді сақтау, шыққан ата тегін білу және сезінуден басталып, халқын сүйіспеншілік , тарихи дәстүрлерді сақтау , туған жеріне , Отанына деген сүйіспеншілік болып қалыптасады. Сондықтан ана тілі сабақтары оқушылардың басты патриот болып қалыптасуына басты әсер ететін пәнде болғандықдан курстық жұмыстың зерттеу нысанасы ретінде алынды.
4.Зерттеу пәні
Бастауыш мектептегі ана тілі , әдебиеті пәндерін зерттеу пәні ретінде алынып, тәрбиенің, білімнің іргетасы қаланатын - бастауыш мектеп болғандықтан , бала бойына Отанды сүю , елін , жерін қадірлеуге тәрбиелеудің жолдарын , әдіс тәсілдері нысанаға алынып, зерттеу жүргізілді.
5.Зерттеу болжамы
А)Оқушылардың патриоттық түсініктерін қалыптастырып, нағыз патриот ретінде тәрбиелеуге сабақтың әр кезінің дұрыс жоспарлауға байланысты;
Ә)Мәтіндерді дұрыс іріктей білу керек;
Б)Инновациялық технологияны ұтымды пайдалану жолдарын игеру керек;
В)Шығармашылық жұмыстарға тарту - оқушы белсенділігін арттырады.

Кіріспе
Ана тілі дегеніміз - сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы.
Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілі қасиетті қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. Ана тілі - бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі.
Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізден, әжеміз бен атамыздан біле бастаймыз.
Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңеді. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады.
Сондықтан кез келген мемлекет өзінің аумағында салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды.
Еліміз Қазақстан Республикасы егемен ел атанды. Ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды. Президентіміздің 2003 жылғы 15 қарашадағы жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің күні ретінде атап өтілетін болды.
Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді.
Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз.
Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. "Өнер алды - қызыл тіл" деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.
1.1.Ана тілін оқытудың мақсаты, міндеттері мен оған қойылатын талаптар
Қазақ тілі оқыту мақсаттары үш топқа біріктіріледі.
1. Білім беру мақсаттары: оқушыларға ана тілі туралы ғылымның негіздерін беру; тілдің қоғам өміріндегі маңызын аша көрсетіп, оны меңгерудің өндірісте, қоғам өмірінде аса қажетті екендігін түсіндіру; оқушының ана тілінен жақсы білім алуына мүмкіндік туғызу; тілдің қатынас құралы екендігіне көздерін жеткізу; түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылар-дың ауызша, жазбаша тілдерін дамытып, онымен қаруландыру; оқушылар-дың тіл мәдениетін қалыптастыру; өздігінен сөйлей, жаза білуге жол ашу.
2. Тәрбиелік мақсаттар: оқушылардың тілдік құбылысқа көзқа-расын қалыптастыру; тілдің адам қоғамымен бірге жасасып, өмір сүретінін, қоғам үшін қажетті қарым-қатынас құралы болатындығын түсіндіру; тілдің жан-жақты дамуына жасалып отырған жағдай қазақ тіліне мемлекеттік дәреже беру актісімен дәлелденіп, оқушылардың сенімін арттыру, көздерін жеткізу; оқушылардың салт-дәстүр сезімдерін қалыптастыру, қазақ тілі сабақтарында еңбек тәрбиесін уағыздап, еңбек ардагерлері жайындағы мағлұматтар арқылы еңбекке баулу.
3. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту: ана тіліне деген қызығушылықты арттыру; оқушылардың байқағыштық, елес-болжамдық, ес, ойлау, сөйлеу қабілеттерінің дамуына жол ашу; оқушылардың тілдік проблеманы өздері шеше алатындай дәрежеде үйрету; тіл фактілеріне, құбылыстарына жан-жақты, жинақты түрде қарау қабілетін, өз бетімен тіл фактілерін талдау іскерлігін қалыптастыру.
Қазақ тілі пәнінің міндеттері: 1) Толық сауатты адамдар даярлау; 2) оқушылардың творчестволық күштерін, танымдық қабілетін, өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Қазақ тілі және пәнаралық байланыс
Қазақ тілі мен басқа пәндер арасында, әсіресе, әдебиет, орыс және шетел тілі пәндерінің арасында, сондай-ақ тарих, география т.б. пәндері арасында тығыз байланыс болады. Бұл байланыс көбінесе тіл ұстарту мақсатында жұмсалады. Өйткені бағдарламада тіл ұстарту жұмысы тіл мен әдебиет пәндеріне ортақ. Бұл ортақтық мектепте бүкіл оқу мерзімі уақытында тіл ұстарту жұмысының жүйесін жасауға, оқушылардың сөздік қорын байытуға, олардың сөйлеуіндегі қателерді түзетуге мүмкіндік береді. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында мәнерлеп оқу кезінде оқушылар жіберген қателерді үнемі түзетіп отыруға (дауыс ырғағын дұрыс қоя білу т. б.) жол ашылады.
Орыс және шетел тілімен байланыстылығы, алдымен, грамматиканы оқытудан байқалады: ана тілі мен орыс және шетел тілдерінде кездесетін ортақ грамматикалық ерекшеліктерді, ережелерді байқауға мүмкіндік туады. Ана тілі грамматикасы орыс және шет ел тілдерінің сәйкес, ұқсас грамматикалық заңдарын игеруге септігін тигізеді. Екі тілдің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты салыстырып ұғуға мүмкіндік береді. Орыс және шетел тілдерін оқу тіліміздегі басқа тілден енген сөздердің түп-төркінін білуге жәрдемдеседі.
1.2.Патриоттық тәрбие берудің басым бағыттары
Оқушылардың бойындағы патриоттық сезімдерін арттыру
Қай кезде де халқымыз өзінің болашағы - жастар тәрбиесіне кө - ңіл бөліп отырған. Ұлт пен ұлыс - тың аманатын арқалаған жас өскін - ді тәрбиелеудің жолдары мен амал - дары да сан тарау. Солардың ішін - де шешуші рөл атқаратын тәлімі мен тәрбиенің бір түрі - жастарды патриотизм үлгісінде тәрбиелеу ма - ңызды іс саналады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Қа - зақ - стан-2030" стратегиялық бағ - дар - - ламасында:
"Жастарды қазақ - стан - дық патриотизмге шығарма - шы - лық жағынан дамыған жеке тұл - ға ретінде тәрбиелеу қажет. Бү - гіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек", - деп ерекше мән беріп тоқталған бола - тын.
Осыған байланысты тәрбие сағаттарының ең негізгі мақсаттарына төмендегілер кіреді. Бірінші - танымдық, екінші - тәрбиелік, үшінші - дамытушылық.
Балаларға ел сүйгіштік, ата-ананы сүю, Отанды сүю, мәселесінде қандай шығармалар оқығанын, қандай шығармаларды оқуды ойлап жүргендігі жайындағы пікірлері жөнінде әңгімелер өткіздім.Бұл әңгіменің барысында шәкірттер өздерінің оқыған шығармаларын атады. Ауыз әдебиетінен мысалы: Қобыланды батыр, Алпамыс батыр т.б.шығармаларында - қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі атап көрсетіледі. Ал Махамбеттің Жұмыр қылыш күйі, шығармалары, әсіресе, Баймағанбет Сұлтанға айтқаны, Ереулі атқа ер салмай, Ұл туса, Әй, Махамбет жолдасым. Патриоттық тақырыпқа оқыған шығармаларынан І.Есенберлиннің Көшпенділер, М.Мақатаевтың өлеңдерін де атап өтті.
Патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, мектеп оқушыларының бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарытуда халқымыздың біртуар ұлы, ержүрек қолбасшы,жазушы, Қазақстанның Халық Қаһарманы батыр Б.Момышұлы ағамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттерінің және ерлікке толы шығармаларының алатын орны ерекше.
Бұлай екпін түсіріп айтуының өзі қазіргі еліміздің саяси-әлеу - мет - тік, экономикалық тұрғыдан тәуел - сіздікке жетіп отырған тәуелсіз мемлекеттігіміздің тұрақтылығын сақ - тап, оны болашаққа аманат етуді көздейді. Міне, осы тұрғыдан келсек, мемлекеттік дәрежедегі мә - селе білім беру саласында пат - риот - тық cезімде тәрбиелей оқыту мәсе - лесінің өзектілігі әрқашан да маңызды болып қалмақ.
Қазіргі таңда Қазақстан Респуб - ли - касының әлеуметтік-эконо - ми - ка - лық даму барысында саяси-идео - ло - гиялық, мәдени тұрғыдан жаңаруы - на сай жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру үкіметіміздің жаңа стра - тегиялық бағдарламасының басым бағыт - та - ры - ның бірі болып саналады. Елі - міз - дің географиялық орналасуы мен ұлттық-этникалық ерек - - ше - лігіне орай оқушыларға ха - лық - тық дәстүрге негізделген баба - лар рухына сай тәрбие жүйесін құру қажеттілігі қазақстандық білім саласының маңызды проблема - ла - ры - ның бірінен саналады.
Педаго - ги - ка тарихына үңілсек, Отанға де - ген сүйіспеншілік, оны жүзеге асы - ру - дың жолдары туралы айтылған тұ - жырымды ойлар жетіп арты - ла - ды. Ертедегі грек және рим ойшыл - дары - ның (Платон, Цицерон, Арис - тотель, т.б) еңбектерінде тәрбие идея - лары көрініс береді.
Қазақ елінің ғасырлар бойы қалып - тасқан отансүйгіштік тәлім дәс - түрлерін, әдіс - тері мен құралдарын жинақтап, оны бүгінгі оқушы тұлғасын қалып - тастыруда ұтымды қолдану - уақыт талабы.
Зерттеуші ғалымдардың, педа - гог - тардың тұжырымдары бойынша, жас ұрпақты отан - сүй - гіш - тік - ке бау - лу - да баға жетпес педаго - ги - калық құ - рал - батырлардың қаһармандық бейнесі және оның қазақ ауыз әдебиетінде, тарихында, көркем шы - ғармаларда сомдалуы болып та - бы - лады десек, одан қазақ батыр - ла - ры - ның бойындағы елдік қасиет - тер - дің жиынтығы да, азамат - қа тән адам - гершілік болмысы "сегіз қыр - лы, бір сырлылық" та, шешенге тән алымдылық та, данаға тән білгір - лік те, биге тән көсемдік те, әулие - ге тән көрегендік те табы - лады.
Сөзіміз дәлелді болу үшін Ер Төс - тік - тің қаһармандығын, Бекет ата - ның бойындағы әулиелігін, Исатай батырдың ел бастаған билігін, Сырым батырдың шешен - дігін, Б.Мо - мышұлының батыр - лы - ғын ай - туға болады. Тамыры терең пат - риот - тық тәрбиенің көзі ұлттық тарихымызда осылай жалғасып кете береді.
Президент Н.Назарбаев "Қа - лың елім - Қазағым" жина - ғын - да "...Қазақстанда тұратын әрбір адам өзін осы елдің перзенті сезін - бейінше, оның өткенін біліп, бо - лашағына сенбейінше біздің жұмы - сымыз ілгері баспайды..." және "Біз қазақстандық патрио - тизм - ді Отанын, жері мен суын шек - сіз сүю, халқының өнеге-дәс - түрін, әдет-ғұрпын, елдің тарихын құрмет тұту, мүддесін көздеп, бостандығы мен құқын қорғау, әр адамның күш-жігерін ел бірлігін нығайтуға, аза - маттық татулықты баянды етуге және ұлтаралық тату - лықты тұрақ - тандыруға жұмсау" деп жазған еді.
Қазақстан - көп ұлтты мем - ле - кет. Демек, жас ұрпақтың бойын - да ұлттық патриотизммен бірге қа - зақстандық патриотизмді қа - лып - тас - тыру ерекше маңызға ие.
Қазақ - стан - ның әрбір азаматы ұлты мен дініне қарамай татулық пен бірлік - тің туын жоғары көтере білсе - патриотизмнің негізі сол болмақ. Елбасы өзінің "Тарих толқынында" кі - табында: "Ұлттық бірліксіз пат - риотизм деген жансыз бірдеңе ғана болып қалады", - деп ұлттық бір - лік - ке ерекше мән береді. Бірлік пен татулықтың маңызына хал - қы - мыз да бейжай қарамаған. "Бірлік болмай, тірлік болмас", "Төртеу түгел бол - са, төбедегі келер, алтау ала болса, ауыздағы кетер", "Ын - ты - мақсыз - ел оңбас" деп, жас ұрпақ - тың санасына сіңіріп отырған.
Отансүйгіштік сезімі туа біте пайда болатын қасиет. Сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады.
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет - осы мемлекеттің өркендеп өсуі,халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру.
Қазақстанды Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Мұның басты шарттарының ой-пікірі Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан- 2030 Жолдауында біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады деп нақты көрсеткен болатын.
2010-2013 жылдар Қазақстан үшін елеулі тарихи оқиғаға толы жыл болды. Бұл жылдары біз дамыған әлем мемлекеттерінің қатарында басымызды жоғары көтеріп, аяғымыздан нық тұрып өз күшімізбен қуатымызды әлем алдында көрсете алдық. Еуроппадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төраға етіп көптеген мемлекеттердің арасындағы саяси шиеленістерді шештік. 1-2 желтоқсан аралығында Елордамыз Астана қаласындағы самиттің тарихи маңызы өте зор, себебі болашақ - ұрпақтың көкірегінде патриоттық сезімнің алаулап ұшуына үлкен септігін тигізді. 7-ші қысқы Азия ойындары халықтың спортқа деген қызығушылығын, салауатты өмір салтын ұстанатын, рухы таза - бойы әсем, жігері берік ел екендігін көрсетті.
Осы тарихи оқиғаларға байланысты сыныбымда Ай дидарлы , ару Астана тақырыбындағы тәрбие сағаты өткізілді.Эстетикалық тәрбие ала отырып , оқушылар бойында Отаны үшін мақтаныш сезімі , Отанына адал еңбек ету құлшынысы пайда болды. Сабақта Астана туралы слайдтар көрсетілді , олар Астана туралы әнмен көркемделді. Астананың гүлденуімен қатар ,Елбасымыздың Астанымыздың гүлденуіне қосқан орасан зор үлесі атап көрсетілді. Астананы көрген оқушылардың алған әсерлері тыңдалды.
Еліміздің туын желбіреткен қазақстандық спорт тарландары тақырыбындағы тәрбие сағатында азаматтық - патриоттық , құқықтық және полимәдениеттік тәрбиесі іске асты.
Үш тұғырлы тіл байқауы да оқушылырдың танымдылығы мен дамытушылығын арттыра қоймай , патриоттық сезімдерін оятты.
Азиада аламаны , Бейжін олимпиадасындағы Қазақстан спортшыларының табысы тақырыбындағы тәрбие сағаттары да оқушылардың бойында спортқа деген қызығушылығын арттырып қана емес, олардың патриоттық сезімдерін дамытты деп ойлаймын.
Отанымыз аумағының бүтіндігін сақтау,халықтың тыныштығын алатын лаңкестермен қарсы ұйымшылдықпен күрес, мемлекеттерге қауіп төндіретін кез келген сыртқы және ішкі күштерге қарсы тұрудың өзі жастардың отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді.
Сондықтан Тілім менің - тірлігімнің айғағы тақырыбында өткен жарыс сабағы да оқушылардың білімін ұштап қана қоймай, әлеуметтік - мәнді қасиеттерін қалыптастырды.
Қазіргі уақытта қоғамның дамуына байланысты оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу және дамыту міндеттері барған сайын күрделеніп бара жатыр. Басты міндеттің бірі: орта мектепті бітірген оқушы өмірге белсене араласа отырып, ғылымның шапшаң дамуына ілесуі, ашылған жаңалықтарды өздігінше оқып меңгеру, оларды өзі қызмет ететін салаларына қатыстыларын іс жүзіне асыра білуі, өмірде қолдана алуы. Сонымен қатар оқушылар мектеп қабырғасында жүріп - ақ әлемдік құрылым қалыптасуының негізгі ғылыми ұстанымдарын, ойлаудың әдіс-тәсілдерін,Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм, танымның заңдылықтарын игеруі тиіс.
Оқушылардың патриоттық сезімін арттыру мақсатын көздеген тәрбие сағаттарында әр түрлі жаңа әдістемелік технологияларды қолданып өткізу тиімді.
Интерактивті тақтаны қолдана отырып , оқушыларды жай тыңдаушы ғана емес , сол тәрбие сағатын өткізуге үлесін қостырып , ал ол үшін қосымша материалдар оқып , іздеп , оны жолдастарына жеткізе білуге баулу , өз еңбегінің үлесі бар екенін сезіндіру мақсаттары тәрбие жұмыстарында көптеп орын алды. Сол себепті тәрбие сағаттарында оқушылар жай тыңдаушы ғана болмай , белсенділік қабілеттерін , ізденімпаздық қабіліеттерін арттыра алады.
Қазақстандағы экологиялық проблемалар, Оны шешудің жолдары, Қазақстан экономикасының даму барысы қай сатыда ? тақырыбында өткен тәрбие сағаттарын, Ауыл экономикаы қалай дамуда ? тақырыбындағы пікірсайыс өткізгенде оқушылар белсене атсалысты.
Патриотизм дегеніміз - Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық - мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз-жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді.
Желтоқсан лебі тақырыбындағы тәрбие сағаты оқушылардың жас ерекшелігіне қарай баяндама тыңдалып , диафильм көрсетіліп , сөзжарыс түрінде өтті.
Табиғат, адам ,қоғам. Олардың байланысы тақырыбындағы тәрбие сағаты да патриоттық тәрбиемен байланысты болды.
Қазақстандық патриотизмнің арқауы қазақ мемлекетіне деген сүйіспеншілік, ұлтына сенімі, нанымы,саяси көзқарасы, т.б. қарамастан, әрбір қазақстандық өзі өмір сүріп, күн көріп отырған мемлекетін-Отаным деп тануы, оның негізін салып отырған қазақ ұлтына сыйластық,оның заңдарында бас ию, рәміздеріне құрмет, жетістігіне сүйсініп, мақтану, кемшіліктерін болдырмаудың жолын қарастыру қазақстандық патриотизмнің белгілері .
Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, отансүйгіштіктің керемет үлгілерін көреміз. Бүгінгі күні егеменді ел болып, қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы.Тарихи мәліметтерден байқайтынымыздай, жоңғар шапқыншылығы кезі мен одан бертіндегі ұлт азаттық көтерілісін алып қарасақ , ондағы батырлардың ешқайсы бүгінгідей (кеңес дәуірдегідей) жүйелі патриотизмге тәрбиелеудің тезіне салынбаған.Бірақ елін, жерін, Отанын қорғауда жанын, тәнін аяп қарап қалмаған. Осындай көптеген тарихи тәжірибелерден, сол кездегі отбасы тәрбиесіндегі отансүйгіштік сезімнің қалыптасуына отбасындағы тәрбиенің ықпалын елемей қоюға болмайды.
Қорыта айтқанда, оқушылармен осы жоғарыда баяндалғандай тағы да басқа әдістерді қолдана отырып, оқушының көкейіне осындай іс - әрекеттерімен ой сала білсек, үлгі көрсетсек заманға сай, қоғамға керекті азамат отансүйгіш, елсүйгіш азамат елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз.

1.3.Ұлттық оқулықтарды сабақта ұтымды пайдалану
Елбасымыз өзінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі Назарбаев университетінде студенттерге оқыған дәрісінде: Интернет кітаппен қарым-қатынасты, отандық және әлемдік әдебиетті алмастыра алмайды, осылардың негізінде, жалпы, адамдық құндылықтар қалыптасады, - деп атап өткендей, қай кезде болсын оқулық әр елдің бі­лім беру жүйесіндегі бәсекеге қабілеттіліктің нышаны болып табылады. Сондықтан ұлттық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігі бәсекеге қабілетті оқулықтарды әзірлеуге байланысты деп атап өткен еді.
Тәуелсіздігімізді алған жылдардан бас­тап бүгінде оқушыларымыз төл оқулықтарымызбен білім алуда.
Еліміз Тәуелсіздік алған алғашқы жыл­дары білім беру саласындағы басты мәселелердің бірі - отандық төл оқулықтар да­йындау мәселесі күн тәртібіне қойылып, 1996 жылғы қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін дайындаудың және басып шығарудың мақсатты бағдарламасын әзірленді. Аталған бағдарлама басқару органдарының, ғылымизерттеушілік, педагогикалық жә­не авторлық ұжымдардың, баспалардың рес­публикадағы мектептерге жаңа буын оқулықтарын әзірлеу, басып шығару және ендірудегі үйлестіру қызметі мен стратегиясын анықтайтын басты құжат болып табылады. Осы бағдарламаға сәйкес, кезең-кезе­ңі­мен оқулықтар оқу процесіне енгізілді.

Алғашқы төл оқулықтарымызды оқу про­цесіне енгізу барысында көптеген кем­ші­лік кездесіп, отандық оқулықтардың са­па­сын жақсарту үшін нақты шаралар қа­был­дауды қажет етті.

Осыған байланысты Білім және ғылым министрлігі оқу әдебиетін басып шы­ға­ру­дағы әлемдегі дамыған елдердің, атап айт­сақ, Ұлыбритания, АҚШ, Ресей, Жапония, Оң­түстік Корея, Сингапур тағы басқа ел­дер­дің тәжірибелеріне талдау жасады. Тал­дау нәтижелерінің негізінде оқулықтарды мем­лекеттік сараптамадан өткізу жұмысы ұйымдастырылды. 2005 жылы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мем­ле­кеттік бағдарламасына сәйкес, негізгі мақ­са­ты оқу әдебиетінің сараптамасын, сы­нақ­тан өтуін және мониторингін ұйым­­­­дас­тыру болып табылатын Оқулық рес­­пу­бликалық ғылыми-тәжірибелік ор­талығы құрылды.

Одан бері 15 жылдан астам уақыт өтсе де, оқулықтарды жаңартып, толықтыру жұмысы бір толастаған емес. Оқулық жасау ісі техникалық жағынан, ең негізгі сапасы жағынан болсын көш ілгері алға жылжыды. Қазіргі оқулықтың алғашқы оқулықтармен құрылымының кемелденуін, оқулыққа берілген иллюстрациялар сапасының артуын, техникалық көркемделуі жағынан әлдеқайда жоғары екендігін ұстаздар қауымынан жиі естіп жүрміз.

Бүгінде оқулықтану және кітап басып шы­ғару саласында біршама сапалы ілге­рі­леу болуда: сарапшылар жұмысын ұйым­дас­тырудың нормативтік-құқықтық базасы жетілдірілді; оқу әдебиеттерін әзірлеу про­цесін әдістемелік және әдіснамалық қам­та­масыз ету мәселелері қайта қарас­ты­рылып, өзектендірілді, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен­дер­ді әзірлеудің бел­гілі бір жүйесі, оқу­лық­танудың отандық мек­тебі қалыптасты, оқу­лық әзірлеу­ші­лер­ге талаптар бекітілді; оқу­лық әзірлеу үшін бә­секелі орта қа­лып­тасты; білім беру ұйым­дары әр пән бо­йын­ша бірнеше бала­ма­лы оқулыққа дейін таң­дау мүмкіндігіне ие болды; оқу әде­­биеттерін әзірлеу, сараптама жасау, сы­нақтан өткізу және мониторинг жасау жұ­мыс­тарын ұйымдастырудың тәртібі анық­талды.

Бүгінде сын пікірлердің толастамауының бас­ты себебі оқулық жазудың қиын­ды­ғынан болар. Себебі оқулық жазу бір күн­нің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басатуыш мектепте әдебиеттік оқу сабағында оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Әдебиеттік оқу сабағында ұлтжандылық сезімін қалыптасыру
Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағы арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу
Әдеби туындыны бастауыш мектептің оқу - тәрбие процесінде пайдалану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің теориялық және әдістемелік негізін жасау
Көркем шығарманы бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негізін жасау
Бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарма арқылы патриотизмін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің ерекшелектері
Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері
Көркем шығарма арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің педагогикалық мүмкіндіктері
Ұлттық құндылықтарды тасымалдаушы ретінде жеке тұлғаны қалыптастырудағы білім мен тәрбие берудің рөлі
Пәндер