Қаржыландыру және қаржы менеджменті


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қаржы менеджменті

Қаржы менеджменті - компанияның, кәсіпорынның, ұйымның ақша айналымын, қаржы қорларының құралуы мен пайдаланылуын басқару жүйесі.

Қаржы менеджментінің нысандары:

- қаржы саясаты;

- басқару әдістері;

- қаржы құралдары;

- қаржының тұрақтылығы;

- қаржы өсуін қамтамасыз ету жолында басқарушылық шешімге қатысушы және осы шешімдерді нақты жүзеге асырушы адамдар. Қаржы менеджменті қаржы жүйесінің барлық буындарын қамтиды және нарық жағдайында басқару құрылымының аса маңызды құрамдас бөлігі ретінде әрекет етеді.

Қаржы менеджментінің негізгі - болашақта қаржы қорларын тиімді пайдалану факторларын талдауға негізделген, қаржы қызметтерінің іс-қимыл бағытын айқындайтын қаржы саясаты.

Тиісті қаржы саясатын жасау үшін қажетті қаржы талдауының көздері ретінде мемлекеттік қаржы органдарының ресми есептемелері, нарықтық мекемелік құрылымдардың (банктердің, инвестициялық компаниялардың, тауар, қор және валюта биржаларының) ақпараты, статистикалық деректер, сала аралық және ел аралық салғастырмалар, компаниялардың сыртқы тұтынушылар үшін дайындалған қаржылық-бухгалтерлік есеп-қисабы пайдаланылады.

Тиімді қаржы менеджменті көздейтін мақсаттар:

- компания қызметінің пайдалыэкономикалық нәтижесін молайту;

- оның экономикалық әулетін арттыру;

- шығынды мейлінше азайту;

- пайданы барынша көбейту;

- рыноктың бәсекелестік қабілетін қамтымасыз ету;

- қаржыландырудың қолда бар көздерін тиімді пайдалану;

- жаңа көздерді тарту;

- компания активтерінің құрылымын оңтайландыру;

- компанияның қаржылық тұрақтылығын қамтымасыз ету;

Қаржыны басқару әдістері нақты-тарихи сипатта болады және макродеңгей мен микродеңгейдегі экономикалық қатынастардың дамуына қарай өрбиді. Дамыған нарықтық қатынастар жағдайында қаржыны басқарудың мынандай әдістері қолданылады:

- болжау

- жоспарлау

- қаржыландыру

- несиелендіру

- өзін-өзі қаржыландыру

- салық салу

- сақтандыру

- лизинг

- траст

- факторинг

- Кепілзат

- қаржылай ынталандыру

- санкциялар қолдану

Қаржы менеджменті қаржы құралдарының көмегімен іске асырылады, оларға мыналар жатады:

бастапқы құралдар - ақшалай қаражат, дебиторлық және кредиторлық берешек;

қысқа мерзімді қаржы жұмсалымы - акциялар мен облигациялар;

қосалқы құралдар - опциондар, фьючерстер, фарвардтық келісім-шарттар.

Компанияда қаржыны арнайы құрылған қызметтер басқарады, оларға, әдетте, қаржы жөніндегі вице-президенттер не қаржы директорлары басшылық жасайды. Қаржы қызметінің құрылымына қаржыны талдаумен, болжам жасаумен және жоспарлаумен, несие саясатымен, ақшалай қаражатты және қысқа мерзімді қаржы жұмсалымдарын басқарумен, салық салумен және мемлекеттік реттеуші органдармен өзара қарым-қатынасты жолға қоюмен, инвестициялық қызметпен, сондай-ақ, компанияның бухгалтерлік есеп-қисабын жасаумен айналысатын бөлімшілер кіреді.

Қаржыландыру - қажетті қаржы қорларымен қамтымасыз ету.

Кәсіпорындарды, салаларды, жалпы экономиканы, әлеуметтік аяны, аймақтарды өркендетуге, елдің ұлттық қорғанысын қамтымасыз етуге, қоғамдық өмірдің басқа да салаларын дамытуға жұмсалатын шығындарды өтейді. Кәсіпорындардың, түрлі деңгейдегі бюджеттердің, бюджеттен тыс қорлардың, жекеше инвесторлардың қаражаты басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады. Қаржыландыру көлемі жоспарланған шығыстардың және оларды қамтымасыз ету көздерінің негізінде айқындалады. Коммерциялық кәсіпорындардың қаржы қорлары мен өзара қаржылық қатынастар кәсіпорынның бизнес-жоспарында көрсетіледі.

Сметалық қаржыландыруда тұрған мекемелер мен ұйымдарды ұстауға және ұлғайтуға жұмсалатын шығындар негізінен республикалық немесе жергілікті бюджеттердің есебінен жұмсалады. Ұйымдардың ақшалай қаражатының нақты нысаналы мақсатына қарай жалақыны қаржыландыру ұзақ мерзімге пайдаланылатын заттарды сатып алуды, жалдауды, көлік шығындарын, күрделі жөндеуді, күрделі құрылысты, өзге де ағымдағы шығындарды қаржыландыру болып бөлінеді. Қаржыландыру жоспарлылық, қаражаттың нысаналы мақсатқа жұмсалуы, барлық деңгейдегі бюджеттерден.

Ақша - жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ақша барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қамтамасыз етеді.

Ақша тауар өндірісі мен тауар айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде пайда болды. Алғашқы кезде бір еңбек өнімі екінші еңбек өніміне тікелей айырбасталған. Кейінірек айырбас сауда дамуының барысында құнның жай формасының орнына құнның толық және жайылыңқы формасы келді. Одан әрі өндіс пен айырбастың дамуы нәтижесінде тауарлар арасынан бір тауар бөлініп шығып, басқа тауарлар осы тауарларға айырбасталды. Құнның ең жоғары ақша формасындағы жалпыға бірдей балама рөлі бір таурдың екіншісіне тиді, яғни ерекше тауар түрі - ақша пайда болды. Осы кезде әр түрлі тайпалар мен халықтар арасындағы ақша ретінде ішкі және сыртқы сауда-саттықтың басты заттары болып табылатын тауарлар бөлініп шықты. Ақша рөлін кейбір халықтарда (гректер, римдіктер, славяндар, монғолдар, т. б. ) мал, ертедегі Русьте, Скандинавияда - аң терісі, Қытайда - шай, Абиссинияда - тұз атқарды. Қазақстанда ішкі сауда-саттық жүргізу үшін жалпыға бірдей балама ретінде тоқты немесе саулық қой пайдаланылды. Бертін келе тауар өндірісі мен тауар айырбасының дамуы және халықтар арасындағы қарым-қатынастың ұлғаюы нәтижесінде ақша рөлі түрлі металдарға ауыса бастады. Өйткені металл (әсіресе, алтын, күміс) өзінің табиғаи қасиетінің арқасында ақша рөлін атқаруға өте қолайлы болды. Алтын мен күмістің жылпыға бірдей балама рөлін атқаруына байланысты құнның жалпылық формасы ақша формасымен айырбасталды. Ол кез-келген тауарға айырбасталды.

Б. з. б. 3 ғасырдағы хуннулар ақша орнына күміс пышақты пайдаланып келсе, б. з. 1 ғасырында салық есебіне алтын, күміс құймаларды алып тұрған. Ақ ғұндар бір бетіне пехлеви, екінші бетіне эфталит (түркі-руни) жазуы бар теңгелер (б. з. 5 - 6 ғ. ) жасап, сауда айналымына кіргізген. Қазақ елі (қазақ халқы құрған негізгі тайпалар) баба түркілер Ұлы Жібек жолына орналасқандықтан ақша жасау, оны айналымға енгізуді өмір қажеттілігі деп тым ерте қолға алған. 6 - 8 ғасырларда билеуші рулардың таңбасы қашалған, рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелер құя бастаған. Сырдарияның орта алабында өмір сүрген тайпалардың қола теңгелері, 6 - 8 ғасырлардың 1-жартысына дейінгі аралықты қолданылған. Бұл теңгелерде Ашиде әулетінің рәмізі болған арыстан бейнеленген. Мұндай теңгелерді Суяб, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда болған. Сонымен қатар Отырар маңындағы қалаларда да түрлі теңгелер жасалған. Біріншісі, сәл ұмтылып, секіргелі тұрған арыстан бейнеленген мыс теңгелер; екінші бетінде садақ және шаршы түрінде түркілердің тайпалық таңбасы (дүниенің төрт бұрышын мегзеген рәміз) бейнеленген. Екіншісі, үшбұрыш таңбалы (түркінің ана әулетінің таңбасы) теңгелер. Мұнда соғды жазуымен жазылған сөздерді бедері өшкендіктен ғалымдар күні бүгінге дейін оқи алмай келеді. Бұлардың да бір бетіне арыстан бейнесі салынған.

Б. з. 704 - 766 жылдары Таразда құйылып, айналымға енген теңгелердің бетіне "Түргеш қаған теңгесі" немесе "Түркінің көк ханының теңгесі" деген анықтама жазулар бар. Бұл - тайпалық дәрежедегі теңге емес, бүкіл мемлекет дәулетін, мүлкін, ел ырысын куәландыратын кепілдеме. Осы сияқты 6 - 8 ғасырлар аралығына жататын мыс, қола, күміс теңгелер Суяб, Ақбешім қалаларында да шығарылып тұрған. Испиджаб қаласында арнайы теңге сарайы болған.

Бұдан кейінгі кезеңде Қарахан әулеті билік құрған тұста Қазақстан және Орта Азияда сауданың күшті дамуына байланысты ақша шығару, ақша айналымы да кең етек алды. Әсіресе, мыс, күміс ақшалар көптеп шығарылды. Соның ішінде Тараз, Испиджаб теңгелері ел экономикасында ерекше міндет атқарды. Ол дәуірдегі мыс, күміс, алтын ақшалар өзінің салмағы бойынша алтынмен бағаланып, сауда айналымына енді.

Монғол жаугершілігінің алғашқы кезінде (1220 - 50) Қазақ жерінде жалпы сауда қатынасы құлдырап кетті. Соның салдарынан ақша қатынасы да құлдырады. Ақыры монғол билеушілерінің бас пайдасы үшін, халықтан купчур салық жинап, хан қазынасын толтыру үшін 1251 жылғы Құрылтай шешімімен алтын динарлар шығарыла бастады. Бұл теңгелердің құрамында алтын 50 - 60% қана болды. Алтын мөлшердің көп болмауы оның құнын сол кездегі нақты сауда тауарының құнымен жақындастыру еді. Салмағы мол алтын ақшалармен қымбат тауарларды мол мөлшерде сатып алса, салмағы аз, майда алтын ақшалармен ұсақ тауарларды сатып алатын етіп ақшаны айналымға түсіріп тұрған. Ұсақ саудаға арналған сыртына күміс жалатқан мыс теңгелердің салмағы 6 - 8 грамм болды. Бетінде "Мөнгү хани" (хан теңгесі) деген жазуы болды. Бұл ақша 13 жыл бойы үзбей шығарылды. Қазақстанның оңтүстік және батыс аудандарына осы Отырар ақшасы мол тарады. Сол заманда Отырар ақшасымен деңгейлес Ақмалықта шығарылған теңгелер де ғалымдардың назарын аударып отыр.

1271 жылы Масудбек реформасы ақша айналымында жаңа кезең ашты. Бұл реформа бойынша алтынды ақша орнына қолдану мүлдем ьоқтатылып, салмағы 2 грамм, тазалығы 78 - 81% күміс ақшалар айналымға кіргізілді. Бүкіл күміс ақшаларды Қазақстанның Тараз, Кенже қалаларында шыңдау әдісімен әзірлеп, 1271 жылдан 14 ғасырдың басқа кезеңіне дейін айналымда болды.

1321 жылы жүргізілген Кебек хан реформасының да үлкен маңызы болды. Ол бүкіл мемлекет атынан "Кебек хан теңгесін" айналымға енгізді. Ақшаның салмағы 8 грамм. Күмістен шыңдап жасалған. "Кебек хан теңгесі" Қазақстанның Испиджаб, Тараз, Отырар, Сығанақ қалаларында әзрленді.

Өзбек хан, Жәнібек хан, Бердібек, Наурызбек, Қазыр хандардың атынан шығарылған Алтын Орда теңгелері Жетісу - Түркістаннан Еділ жағалауына дейін кең тарады.

Бұдан кейін 1428 жылы енгізілген Ұлықбектің ақша реформасы Орта Азия және Қазақстан жеріндегі халықтар арасында кеңінен белгілі болды.

16 ғасырда Отырардың мыс теңгелерң, Иасының (Түркістанның) күміс теңгелері Оңтүстік Қазақстан жерінде сауда айналымында өз міндетін атқарып келді. 6 ғасырдың соңы - 17 ғасырдың басында Қазақ хандарының атымен өндірілген мыс ақшалар болды. Бұл ақшалардың дизайндықшеберлігі жоғары дәрежеде болғанымен Қазақ хандығында сауда ісін бір жолға қоюда, халықтың басын біріктіруде үлкен міндет атқарды. Еліміз егемендік алғаннан кейін 1993 жылы Қазақстан Республикасының жаңа ақшасы шығарылды. Ақша әр алуан қызмет атқарады: тауарлар мен әр түрлі қызметтердің құнын көрсетеді, айналым құралы, төлем құралы ретінде пайдаланылады, сол сияқты қор жинау және сақтау құралының рөлін атқарады. Ақша өнімді шығаруға кеткен шығынды өлшеуге, еңбекті сан және сапа жағынан бақылауға мүмкіндік береді. Ақша белгісіне алтын, күміс ақшалар орнына айналымда пайдаланылатын, бірақ құны жоқ банкноттар, қағаз ақшалар, құны толықпаған металл теңгелер, тағы басқа жатады. Ақша қағаз ақша құнды қағаз түрінде шығарылады. Ақша шығару ісін орталық банктер жүргізеді. Қолма-қол ақшасы айырысуға қызмет ететін және өзінің көлемі жағынан банкноттық есеп айырысудан әлдеқайда көп болып келетін депозиттік-чектік эмиссияны коммерциялық банктер шығарады. Әр елде ақша шығару жүйесі сол елдің заңына сәйкес қалыптасады, ол банкнот шығару тәртібін, эмиссия мөлшерін, оны қамтамасыз ету нормасы мен әдістерін анықтайды. Қазақстан Республикасында ақша шығару, олардың айналымын ұйымдастыру және оны айналымнан шығару ісін тек Қазақстан Ұлттық банкі жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық банкі банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың шығарылуын қамтамасыз етеді, қолдағы ақша қаражатын сақтау, инкассациялау тәртібін белгілейді. Ұлттық банктің ақша шығаратын банкнот фабрикасы бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қысқа мерзімді міндеттемелер
Қаржы менеджменті
Менеджмент қызметі
Қаржы менеджментінің даму эволюциясы
Қазақстан музейлерінің дамуы
Ұлтаралық корпорациялардың қаржылық менеджменті
Кәсіпорынның қаржы басқаруы
Қаржылық менеджменттің эволюциясы
Коммерциялық банктердегі қаржылық менеджментті жетілдіру
Шағын және орта бизнестің қаржы менеджментін ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz