Мемлекеттің пайда болудың жаңа теорияладың өзетілігі мен ерекшелігі
Кіріспе 3
1тарау. Мемлекеттің пайда болуының объективтік заңдылықтары
1.1 Алғашқы қауымның рулық.тайпалық ұйымнан біртіндеп мемлекетке ауысуы 5
2тарау. Мемлекет пайда болудын негізгі теориялары
2.1 Патриархалдық теория 12
2.2 Шарттық теория 13
2.3 Теологиялық теория 15
2.4 Күштеу теориясы 16
2.5 Материалистік теория 17
2.6 Психологиялық теория 18
3тарау. Мемлекеттің пайда болудың жаңа теорияладың өзетілігі мен ерекшелігі
3.1 Инцесттік теория 20
3.2 Нәсілдік теория 20
3.3 Ирригациялық теория 21
3.4 Патримоналдық теоря 22
ҚОРТЫНДЫ 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 25

Мемлекет-қоғамдық дамудың өнімі. Мемлекет тарихи дамушы құбылыс. Қоғам дамыған сайын, мемлекетте, оның мақсаты, міндетті, құрылымы мен қызметті өзгереді. Осыған сәйкес, мемлекет ұғымы қоғамдық өмірдегі орны және мақсаты туралы көзқарастар да өзгереді. Мемлекет ұғымы туралы мәселе мемлекет сияқты күрделі болып табылады. Әртүрлі тарихи кезеңде ойшылдар мемлекет ұғымына анықтама беруге тырысты. Анықтама берген кезде, олар сол кезеңде болған және қандай да бір нақты мемлекеттің ерекшелігін білдіретін объективтік фактілерді қолданды. Мысалы, Аристотель мемлекетке келесідей анықтама көптеген рулар мен адамдардың бірігуі.
Ежелгі гректер мемлекетке келесідей анықтама берген, мемлекет-бұл азаматтардың барлық ақылы мен өнегейлік мүдделерінің шоғырлануы деп айтады. Цицерон да келесідей анықтама береді, мемлекет-бұл адам өмірінің жоғары дамуы емес, ортақ құқықтық бастаулар мен ортақ пайдаға біріккен адамдардың одағы. Орыс заңгерлерінің мемлекетке анықтама беруіне де назар аударуға болады. Мысалы, Н.М. Каркунов мемлекетті келесідей түсінді, мемлекет-бұл ерікті адамдарды мәжбүрлеп, билеуге бағытталған дербес қоғамдық одақ Е.Н Трубецкой болса, мемлекетті тек белгілі бір аумақ көлемінде дербес билейтін адамдардың одағы ретінде түсіндірді.
Г.Ф.Шершеневич пен Ф.Ф.Кокошкин мемлекеттің анықтамасын келесідей талқылайды, мемлекет-бұл бір билік астында және бір аумақ көлемінде адамдардың бірігуі. В.М.Хвостов, мемлекетті белгілі бір аумақта тұратын және жоғары билікке мәжбүрлеп немесе дербес бағынатын ерікті адамдардың одағы деп жазды.
Л.Гумпловичте мемлекетке анықтама берген, оның түсінігінше мемлекет-бұл белгілі бір қоғамдық тәртіпті сақтау үшін,, табиғи түрде пайда болған билеуші ұйым. Сонымен, ойшылдардың көбі мемлекетті әлеуметтік тұрғыда түсіндірді. Мемлекет туралы ілімде мемлекет ұғымына әлеуметтік тұрғыда ғана емес, сонымен қатар, заңи тұрғыда анықтама беруге тырысқан авторлар да бар. Мысалы, Г.Еленик мемлекетті қоғамдық құрылым және ерекше құқықтық құбылыс деп санады. Мемлекетті, ол бостандық пен құқыққа ие заңи субъектінің қасиеттері бар индивидтердің мақсатты түрде бірігуі деп анықтады.
Маркстік-лениндік ғылым мемлекеттің анықтамасын оның таптық табиғаты тұрғысынан түсіндірді. В.И.Лениннің айтуы бойынша, мемлекет-бұл бір таптың екінші тапты езгіде ұстау машинкасы, бағынышты таптарды бір таптың қол астында бағынышта ұстау машинасы.
XIX-ғасырдың ортасында заңи әдебиеттердің көбінде мемлекетке көзқарас таптық тұрғыдан түсіндірілді барлық қалған факторлар жоққа шығарылды.
М.С.Строгович пен С.А.Голунскийдің мемлекеттің мәні- ол арнайы мәжбүрлеу апппараттың көмегімен барлық қоғамға өз еркін күштеп беретін үстемдік тап, яғни мемлекет үстем таптың диктатурасы деп жазды.С.С.Алексеевтің редакциясымен шыққан «Мемлекет және құқық теориясы» атты еңбегінде мемлекетті келесідей түсіндірді, мемлекет-бұл арнайы күштеу аппараты бар және барлық елді тұрғындары үшін міндетті күші бар билікті жүргізетін экономикалық үстем таптың саяси билігінің ерекше ұйымы.

1. Фридрих Энгельс – великий мыслитель и революционер.
2. Ф.Энгельс. Происхождение семьи, частной собственности и государства.
3. Советский Энциклопедический словарь - М.: Советская энциклопедия,1989ж.
4. С.С.Алексеев. Государство и право. М.,1993ж.
5. С.С.Алексеев. Общая теория права. 1,2-том. М.,1981-82ж.
6. Л.Гумплович. Общее учение о государстве. СПб.,1910ж.
7. Д.Дидро. Шығ. М.,1939ж.
8. К.Каутский. Материалистическое понимание истории. 2-том: Государство и право
9. В.М.Корельский, В.Д.Перевалов. Теория государства и права. М.,1997ж.
10. М.Н.Коркунов. Лекции по общей теории права. СПб.,1894ж.
11. В.В.Лазарев. Общая теория права и государства. М.:
12. Р.З.Лившиц. Теория права. М.: БЕК,1994ж.
13. К.Маркс, Ф.Энгельс. Шығ. М., 2-басылым.
14. М.Н.Марченко. Теория государства и права. М.: Зерцало,
15. И.Б.Новицкий. Римское право. М.,1993ж.
16. Ж.-Ж.Руссо. Об общественном договоре. М.,1938ж.
17. Ж.-Ж.Руссо. О причинах неравенства. СПб.,1907ж.
18. Г.Спенсер. Основание социологии. 1,2-том. II. СПб.,1908ж.
19. В.Н.Храпанюк. Теория государства и права. М.,1993ж.
20. З.М.Черниловский. Хрестоматия по всеобщей истории государства и
21. А.Б.Венгеров. теория государства и права. 1,2-том. М.,1996ж.
22. А,Ибраева. Общая теория государства иправа. А.,2000ж.
23. С.А.Комаров. Общая теория государства иправа. Саранск.,1994ж.
24. Теория государства и права. Отв.ред. В.М.Королский. М.,1997ж.
25. А.Ф.Черданцев. Теория государства и права. Курс лекции.
26. Теория государства и права. Курс лекции под.ред.
27. Курс лекции по теории государства и права.
28. В.Л.Куланов. Юридический словарь общеобязательных категорий и терминов.
29. А.Ибраева. Мемлекет және құқық теориясы. А.,1997ж.
30. Қ.Д.Жоламан. Мемлекет және құқық теориясы. А.,2005ж.
31. Қазақстан Республикасының Конституциясы
32. Маркс К., Энгельс Ф. «Таңдамалы шығармалары» Алматы, 1981ж
33. Маркс К., Энгельс Ф. «Коммунистік партияның манифесі» Алматы, 1981ж
34. С.Өзбекұлы. «Көшпелі қазақ өркениетіндегі құқық» 2002ж
35. Т.Ағдарбеков, «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы, 2003ж
36. Жоламан Қ.Д., «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы, 2007ж
37. С.Өзбекұлы, Ө.Қожабаев, «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы, 2006ж

Мазмұны
Кіріспе 3
1тарау. Мемлекеттің пайда болуының объективтік заңдылықтары
1.1 Алғашқы қауымның рулық-тайпалық ұйымнан біртіндеп мемлекетке ауысуы 5
2тарау. Мемлекет пайда болудын негізгі теориялары
2.1 Патриархалдық теория 12
2.2 Шарттық теория 13
2.3 Теологиялық теория 15
2.4 Күштеу теориясы 16
2.5 Материалистік теория 17
2.6 Психологиялық теория 18
3тарау. Мемлекеттің пайда болудың жаңа теорияладың өзетілігі мен ерекшелігі
3.1 Инцесттік теория 20
3.2 Нәсілдік теория 20
3.3 Ирригациялық теория 21
3.4 Патримоналдық теоря 22
қортынды 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 25
Кіріспе
Мемлекет-қоғамдық дамудың өнімі. Мемлекет тарихи дамушы құбылыс. Қоғам дамыған сайын, мемлекетте, оның мақсаты, міндетті, құрылымы мен қызметті өзгереді. Осыған сәйкес, мемлекет ұғымы қоғамдық өмірдегі орны және мақсаты туралы көзқарастар да өзгереді. Мемлекет ұғымы туралы мәселе мемлекет сияқты күрделі болып табылады. Әртүрлі тарихи кезеңде ойшылдар мемлекет ұғымына анықтама беруге тырысты. Анықтама берген кезде, олар сол кезеңде болған және қандай да бір нақты мемлекеттің ерекшелігін білдіретін объективтік фактілерді қолданды. Мысалы, Аристотель мемлекетке келесідей анықтама көптеген рулар мен адамдардың бірігуі.
Ежелгі гректер мемлекетке келесідей анықтама берген, мемлекет-бұл азаматтардың барлық ақылы мен өнегейлік мүдделерінің шоғырлануы деп айтады. Цицерон да келесідей анықтама береді, мемлекет-бұл адам өмірінің жоғары дамуы емес, ортақ құқықтық бастаулар мен ортақ пайдаға біріккен адамдардың одағы. Орыс заңгерлерінің мемлекетке анықтама беруіне де назар аударуға болады. Мысалы, Н.М. Каркунов мемлекетті келесідей түсінді, мемлекет-бұл ерікті адамдарды мәжбүрлеп, билеуге бағытталған дербес қоғамдық одақ Е.Н Трубецкой болса, мемлекетті тек белгілі бір аумақ көлемінде дербес билейтін адамдардың одағы ретінде түсіндірді.
Г.Ф.Шершеневич пен Ф.Ф.Кокошкин мемлекеттің анықтамасын келесідей талқылайды, мемлекет-бұл бір билік астында және бір аумақ көлемінде адамдардың бірігуі. В.М.Хвостов, мемлекетті белгілі бір аумақта тұратын және жоғары билікке мәжбүрлеп немесе дербес бағынатын ерікті адамдардың одағы деп жазды.
Л.Гумпловичте мемлекетке анықтама берген, оның түсінігінше мемлекет-бұл белгілі бір қоғамдық тәртіпті сақтау үшін,, табиғи түрде пайда болған билеуші ұйым. Сонымен, ойшылдардың көбі мемлекетті әлеуметтік тұрғыда түсіндірді. Мемлекет туралы ілімде мемлекет ұғымына әлеуметтік тұрғыда ғана емес, сонымен қатар, заңи тұрғыда анықтама беруге тырысқан авторлар да бар. Мысалы, Г.Еленик мемлекетті қоғамдық құрылым және ерекше құқықтық құбылыс деп санады. Мемлекетті, ол бостандық пен құқыққа ие заңи субъектінің қасиеттері бар индивидтердің мақсатты түрде бірігуі деп анықтады.
Маркстік-лениндік ғылым мемлекеттің анықтамасын оның таптық табиғаты тұрғысынан түсіндірді. В.И.Лениннің айтуы бойынша, мемлекет-бұл бір таптың екінші тапты езгіде ұстау машинкасы, бағынышты таптарды бір таптың қол астында бағынышта ұстау машинасы.
XIX-ғасырдың ортасында заңи әдебиеттердің көбінде мемлекетке көзқарас таптық тұрғыдан түсіндірілді барлық қалған факторлар жоққа шығарылды.
М.С.Строгович пен С.А.Голунскийдің мемлекеттің мәні- ол арнайы мәжбүрлеу апппараттың көмегімен барлық қоғамға өз еркін күштеп беретін үстемдік тап, яғни мемлекет үстем таптың диктатурасы деп жазды.С.С.Алексеевтің редакциясымен шыққан Мемлекет және құқық теориясы атты еңбегінде мемлекетті келесідей түсіндірді, мемлекет-бұл арнайы күштеу аппараты бар және барлық елді тұрғындары үшін міндетті күші бар билікті жүргізетін экономикалық үстем таптың саяси билігінің ерекше ұйымы.
А.В.Малько мен Н.И.Матузовтың мемлекетке берген анықтамасы келесідей, мемлекет-бұл белгілі бір аумақ көлемінде нақты таптық, жалпы адамзаттық, діни, ұлттық және басқа да мүдделерді жүзеге асыратын саяси биліктің ұйымы.
В.Н.Храпонюк болса мемлекетті келесідей түсіндіреді, мемлекет-бұл белгілі бір аумақ көлемінде өз билігін тарататын және бұл үшін арнайы аппаратты бар барлығына міндеті нормативтік актілерді шығаратын, мемлекеттік егемендікке ие қоғамның саяси ұйымы.
Мемлекет анықтаманың әртүрлілігі ең алдымен мемлекеттің өзі күрделі көп қырлы тарихи өзгермелі құбылыс болуына негізделген. Мемлекет анықтамасы мемлекет не? деген сұраққа жауап беруі керек.

1.1 Алғашқы қауымның рулық-тайпалық ұйымнан біртіндеп
мемлекетке ауысуы
Адамзаттың даму сатысының ең алғашқы кұрылымы алғашқы қауымдық кұрылыс болып саналады. Дүние жүзіндегі барлық халықтар осы сатыны бастарынан кешірді. Жалпы адамның пайда болуы туралы ғылымда осы күнге дейін екі пікір қалыптасқан. Біріншісі - креационизм, екіншісі эволюция теориясы. Креационизм (латын тілінен аударғанда - жасау) бүкіл әлемнің барлығын, соның ішінде адамды да аяқталған күйінде құдайдың жаратуымен түсіндіреді. Құран, Библия сияқты касиетті кітаптар осы теорияны уағыздайды. Мысалы, қасиетті Құран-кәрім былай дейді: Ол: Бол деген күні бола кетті. Оның сөзі шын (әнғам сүресі, 73-аят). Көктер мен жердің кілттері Оның иелігінде... жер бүтіндей Оның уысында (зүмәр сүресі, 63, 67 аяттар). [1,15-17бб].
Эволюция теориясы жалпы әлемнің жердің пайда болуын Үлкен Жарылыс теориясымен түсіндіреді. Эволюционистердің пайымдауы бойынша әлемдік кеңістікте осыдан 9-18 миллиард жыл бұрын тығыз массалы, температурасы триллион градус болған әлемдік дүниедегі материяның үлкен Жарылысы болған. Соның нәтижесінде ұзақ уакыт аралығында шашыраған атомдар мен молекулалар планеталар мен жерді қалыптастырды. Келе-келе дамудың барысында молекулалар бір-бірімен қосылып, қарапайым өмірдің пайда болуына себепші болды. Миллион жылдар өте олар күрделі өмірдің формаларын қалыптастырды. Бірақ, жарылыс жасап, басқа күрделі зат немесе өмір пайда болады дегенге сену қиын. Осыған байланысты жер бетінде адамдардың пайда болуы туралы мәліметтер де бір-біріне қарама-қайшы келеді. Көптеген тарихи әдебиеттерде адамзаттың тарихы осыдан 2,6 миллион жыл бұрын бастағаны тілге тиек етіледі [2,91бет].
Алғашқы қауымдық құрылыстың даму эволюциясының өзіне тән ерекшеліктері бар. Алғашқы қауымдық құрылыстың экономикалық негізін барлық ру мүшелерінің өндірістік құрал-жабдыққа коғамдық меншігі құрады. Өнім жинайтын егістіктер, балық, аң аулайтын жерлердің бәрі ру мүшелерінің еркін пайдаланатын меншіктерінде болды. Сонымен қатар өндіргіш күштердің әлсіз, дамымаған жағдайларына байланысты алғашқы адамдар жеке адам болып өмір сүре алмады. Табиғи апаттар, жыртқыштарға жем болу қаупі олардың бастарын біріктіріп, тамақ тауып жеуге мәжбүр етті. Коллективтік түрде өндірілген өнімдер бәріне ортақ болды және теорияда бұл көрініс өзара - реципроктлы деп аталынды. Екінші ерекшелігі - редистрибуция - жиналған барлық өнімдердің ру, қоғам мүшелері арасында тепе-тең болып бөлінуі. Осылай коллективтік түрде өнімді пайдалану олардың ынтымақтастығын арттырып, бір-біріне деген қамқорлықтарын күшейтті. Ешкімнің үстемдігі болмағандықтан қауымның мүшелері барлық иеленетін құрал-жабдықтарды теңдік дәрежесінде пайдаланған. Бұл - коллективтік өндірістің алғашкы тұрпаты, әлбетте, өндіріс құрал-жабдықтарын қоғамдастырудың емес, жеке кісінің әлсіздігінің нәтижесі болды.
Алғашқы қауымдық құрылыс рулық-тайпалық катынастарды топтастырумен қатар бұл шеңбердің талаптарына сай келмейтін көзқараспен әрекеттерді әдепсіз, қауіпті деп жариялады. Бір сөзбен айтқанда коғамдық сана-сезімімен өмір сүріп күнелтті. Тайпа, - деп жазды Ф.Энгельс, - басқа тайпадан келген шет адам жөнінде де, өзі жөнінде де адамның ең барып тұрған шегі болып қала берді: тайпа, ру және олардын мекемелері қасиетті және қол сұғуға болмайтын нәрсе болды, табиғаттың өзі орнатқандай жоғарғы өкімет болды, әрбір адам өз сезімдері, ақыл-ойы мен істейтін істер жағынан оған сөзсіз бағынышты күйде қала берді. Сол заманның адамдары бізге қаншама айбарлы болып көрінсе де, олардың бір-бірінен ешбір айырмасы жоқ еді, олар Маркс айтқандай, алғашқы қауым тұтастығынан кіндігі әлі ажыраспағанды[4,296бет].
Мұндай пікірді соңғы кездерде дүние жүзі ғалымдарының зерттеулері де растап отыр. Алғашқы адамдар орман-тоғайларда топ-топ болып өмір сүрген. Алғашында олар өсімдіктердің жемістерімен және тамырларымен көректенген, ал келе-келе аңшылық кәсібін меңгеруді үйренген. Соның нәтижесінде алғашқы адамдардың еңбек құралдары да жетіле түскен, ал соңынан садақты ойлап тапқан. Қауымдық құрылыстың ең алғашқы ұясы - ру болып саналады. Ру дегеніміз - қандас топтардан құралған және қоғамдық меншікті бір болып пайдаланылатын, әйел жағынан тұқым жалғасатын коллектив (матриархат). Себебі тайпа ішінде шектеусіз жыныс қатынастары үстем болған алғашқы қалып болды, сондықтан әрбір әйел әрбір еркектің еркінде болып, сондай-ақ әрбір еркек әрбір әйелдің еркінде болды. Мұндай жағдайда баланың шешесі белгілі де, әкесі белгісіз болып қала береді. Ары қарай Ф.Энгельс тұқымның таралуы шеше жағынан ғана анықтала алады...-деп атап көрсетті. Бірнеше қандас рулар тайпа құрады. Ру басында қауым жиналысында сайланған көсемдер мен ақсақалдар билік жүргізді. Егер олар ру мүшелерінің сенімдерін ақтамаған болса, жиналыста ру мүшелері, қайта, кері шақыруға хақылары бар болады. Қауымдық биліктің және қауымдық жалпы пікірдің рөлі орасан зор беделге ие болған еді. Қоғамда моральдық билік үстемдік етті. Себебі қауымды басқаруға негізінде күшті, ақылы жетілген көсемдер сайланды. Мәні жағынан алып қарағанда алғашқы қауымдық құрылыстағы билік потестарлық (билік, өкімет) болып қалыптасты. Бұл билік қоғамды бедел арқылы басқарумен қатар күш колдану әрекеттерін де тиімді пайдаланып отырған, (мысалы, рудан қуу, кажет болса жеп қою). Потестарлық биліктің мемлекеттік биліктен айырмашылығы күш қолдану бүкіл ру атынан жүргізіледі.
Табиғаттың эволюциялық дамуы барысында осыдан 10-15 мың жыл бұрын жер бетінде климат күрт өзгерістерге ұшырайды адамның тамақ тауып жеуін, өмір сүруін қиындықтарға ұшыратады. Соның нәтижесінде олар миграция арқылы қолайлы аумақтарға қоныс аударуға мәжбүр болды. Бұл процесс жердің климаты, мегафаунасына байланысты адамдарды арнайы шаруашылықпен айналысуға мәжбүрледі. Ендігі уақытта жерді өндеумен қатар мал өсіру қалыптасты. Осылай адамзат тарихында еңбектің бөлінуі басталды. Соның нәтижесінде өндірістік экономика қалыптасып, дами келе, қосымша өнімнің пайда болуына себепші болды. Қолөнер, өндеу мен мал өсіруден бөлінеді. Осылай мамандандырылған адамдар тобы арасында айырбас әрекеттері кең етек жая бастайды. Өндірістен пайда болған қосымша өнім біртіндеп жеке отбасы мен көсемдердің қолында шоғырланады. Қауым сайлаған ақсақалдар мен көсемдердің орнына енді жаңа, бұрын болмаған байлар мен күштілердің билігі үстем болды
. Бұл кезде коғамдағы әйелдің беделі төмендеп, ол тек ғана үй шарауашылығында қызметші ғана ретінде рөл атқарады. Енді қауымның бірігіп еңбек етуінің қажеттілігі жойылды. Осының нәтижесінде рулық қауымдық қатынастар ыдырап, патриархалды семья пайда болды. Еңбектің бөлінуі еркектің экономикалық жағдайының рөлін арттыра түсті, семьядағы шаруашылық қызметінің беделі жоғарылады, жеке меншіктің иесі болды. Ал мұның өзі, -- деп атап көрсетті Ф.Энгельс, - ежелгі ру құрылысында жік салды: жеке семья руға қатер туғыза, қарсы тұратын күшке айналды.. Бұрын соғыста қолға түскен жауынгерлерді өлтіріп тастап отырған болса, енді оларды құлдыққа айналдырып, жұмысқа күштеп салып, олардың қосымша өндірген азығын пайдалану қолайлы болды. Міне, осылай қоғам құлдар және құлиеленуші таптарына бөлінді. Соның нәтижесінде әлеуметтік, таптық қақтығыстар пайда болды.
Бұрын алғашқы қауымдық кұрылысты басқаруға ғана бейімделген ақсақалдар мен көсемдердің және қауымның кеңесі енді тапқа бөлінген қоғамды басқаруға ешқандай мүмкіндігі болмайды. Құлдарды бағындырып жұмыс істету үшін басқа мекеме қажет болды. Ол мемлекет еді.
Осылай алғашқы қауымдық құрылыс даму барысында бір-біріне қарсы болған таптарды қалыптастырып, олардың мүдделері таптық сипатқа ие болды. Таптар пайда болған қоғамда мемлекет пайда болады. В.И.Ленин таптардың анықтамасын былай деп түсіндіреді. Таптар деп адамдардың үлкен топтары, қоғамдық өндірістің тарихи белгілі бір системасында олардың алатын орнына қарай, өндіріс құрал-жабдықтарына олардың (көбінесе заңмен бекітіліп қалыптасқан қатынасына қарай, еңбекті коғамдық жолмен ұйымдастырудағы олардың рөліне қарай, ал олай болса, қоғамдык байлықтан олардың алып отырған үлесінің мүшелеріне және ол үлесті алу әдістеріне қарай айрылатын топтары аталады. Таптар дегеніміз - адамдардың мынандай топтары: қоғамдық шаруашылықтары белгілі бір укладына олардың алатын орындарына айырмашылық болуының нәтижесінде олардың бір тобы екіншісінің еңбегін иемденіп кете алады [5,16бет].
Көптеген ғасырлар бойы адамдар тек табиғаттың даяр өнімдерін жинап, қорек етіп өмір сүргендіктен еңбек өнімділігі төмен болған. Алғашқы қауымдық қоғам экономикасы өзара байланысты екі бағытта дамыды: еңбек құралдарын жетілдіру және еңбекті ұйымдастыру тәсілдері мен әдістерін жетілдіру. Осылардың барлығы біртіндеп еңбек өнімділігінің артуына әкелді.
Алғашқы қауымдық құрылыстың әлеуметтік негізі - ру, яғни туыстық байланыстардың дәнекер болуына және шаруашылықты бірлесіп жүргізуіне негізделген адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі болды. Бұл қоғамда қауымдық билік өмір сүрген. Ру өміріне қатысты аса маңызды мәселелердің барлығы ересек ру мүшелері қатысатын рудың жалпы жиналысында қаралып, әділ шешімін тауып отырған. Жедел басқаруды жүзеге асыру үшін ру жиналысында көсемді сайлаған. Көсем ру қамын ойлайтьн, басқару қабілеті бар, рудың аса құрметті мүшесі болуы керек болды. Бұл лауазымның сайланбалы ғана емес ауыстырмалы болуы да көсемге ешқандай артықшылықтар берілмегендігін білдіреді. Ол басқалардан өзінің беделділігімен, ақылдылығымен және әдет-ғұрыптарды білетіндігімен ғана ерекшеленген. Дамудың бертін кезеңдерінде бірнеше ру экономикалық, әскери немесе дипломатиялық мәселелерді шешу үшін бірігіп, бір тайпаны құраған. Тайпа өз руларының атынан өкілдік ететін ақсақалдар кеңесімен басқарылған. Осы кеңес ауыстырмалы лауазымды тайпа көсемін сайлаған. Бұлардың билігі әлеуметтік биліктің негізін құраған. Еңбек құралдарының нашар дамуы, еңбек өнімділігінің төменгі дәрежесі бірлесіп өмір сүру, өндіріс құралдарына ортақ меншік, жиналған өнімді теңдік негізінде бөлу қажеттігі туындатты. Бұл билік табиғаты мен алғашқы қауымдық қоғам нормаларына мәнді әсер етеді.
Алғашқы қауымдық құрылыстың ұзақ, үздіксіз дамуы үрдісінде, оның сапалық тұрғыдан қайта жаңару үшін бірте-бірте алғышарттар жасала басталды. Еңбек құралдарының жетілдірілуі мүмкіндіктеріне қарай адамдар барған сайын жаңа өндірістік дағдыларға ие бола бастады, еңбек құралдары артты, қоршаған әлем туралы жаңа білімдер қалыптасты. Жабайы жануарларды қолға үйрету және мал шаруашылығының пайда болуы, сонымен байланысты малшылардың шығуы, ет, сүт, тері, жүн өндіру маңызды дәуір болды. Байлық жинауға алғашқы мүмкіндіктер жасалды. Жаңа жетілдірілген еңбек кұралдары, металл соқалар, жерді жыртып өңдеу арқылы, егіншілікке көшудің себептері болды. Осылардың барлығы өндірістегі мамандануға әкелді. Егер бұрын еңбек бөлінісі табиғи сипатты білдірсе: еркек, әйелдер, қарт адамдар, балалар әртүрлі еңбек түрлерімен айналысса (өздерінің жас мөлшері мен мүмкіндіктеріне сәйкес), өндірісті мамандандыру қоғамдық еңбек бөлінісіне алып келді.
Әр халықтың нақтылы тарихи тұрмыс жағдайы қоғамдық өмірдің рулық жүйесінің ыдырау процесіне және мемлекеттің пайда болуы мен оны басқаруға әсер етпей қоймады. Мұндай жағдайлар тіпті көршілес және этникалық жағынан жақын халықтардың арасында әркелкі болғандықтан да қаралатын үрдістердің нысанының, қарқынының және соның салдарының бірдей болуы туралы әңгіме етудің өзі артық. Шартты түрде мемлекеттің пайда болуының батыстық және шығыстық моделі деп бөлуге болады. Бұл екі моделдің бір-бірінен елеулі айырмашылығы бар. Ф.Энгельстің "Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің пайда болуы" деген еңбегінде, сондай-ақ көлемді монографиялық және оқу әдебиеттерінде толық жазылған, оның бірнеше варианты бар, олардың әрқайсысының осы үрдіске шешуші ықпал ететін түрлі факторлар басым [6,398б.]. Отбасыларындағы өндіріс құралдарының арқасында қосымша өнім жинақталады немесе басы артық мүліктер жинақталады. Отбасылық жеке меншік рулардың ұжымдық меншігін ығыстыра бастады.
Экономиканың дамуы, жеке меншіктің пайда болуы, өз кезегінде отбасылық қатынастарда төңкеріс жасады. Өйткені, мал шаруашылығында, егіншілікте, қолөнер өндірісінде, саудада ер адамдар еңбек етті, және олар қоғамдық өндіріске үстемдік етуші жағдайға ие болды,олар әйелдердің еңбегін екінші кезекке ығыстырып шығарды. Ер адамдар жеке меншікке ие бола отырып, оларды мұрагерлік бойынша балаларына беруге ұмтылды. Топтық некелесу жұптық некелесуге орын берді, отбасы пайда болды. Туған анасы мен туған әкесі деген ұғым санаға енді. Дегенмен, жұптық неке толық еркін болды, "ажырасу" еш жақ үшін тұрақсыз әкелді. Одан өзге, жұптық неке кезінде қайтыс болған ерлі-зайыптының бірінің мүлкіне ру иелік етті. Сондықтан, одан ары қарайғы уақытта жұптық неке патриархалдық отбасымен алмасады, ендігі жерде ері немесе әкесі билік етеді, әйелдер үшін некесіз байланыстарға тиым салады, мүлікке әкеліп туыс тарапынан билік етеді. Өйікені, адам өмір сүруін ұстап тұруға қажетті өнімдерден гөрі көп өнім өндіретін дәрежеге жетті, осы өзіндік "басы артық өнімді" сіңіру мүмкіндігі пайда болды, бұл оның еңбегінің қосымша өнімі болып саналды. Тайпалар арасындағы тоқтаусыз соғыста қолға түскен тұтқындарды ендігі жерде өлтірмейтін болды, оларды құлдарға айналдыру арқылы, езгіге салып қойды [7,98б.]. Мәселен, адамдарды бірінші рет - еріктілер мен құлдарға, қанаушылар мен қаналушылар топтарына бөлінуі болды. Басқалай айтсақ, топтық қоғам пайда болды. Жинақталған мүлік біркелкі бөлінбеді. Негізінен ол ру басылары мен атақты адамдардың, әскери басылардың колында шоғырланды. Және олжанның көп бөлігін тайпалар арасындағы соғыстарда солар басып алып, құлдарды солар әкелді. Еркін адамдар арасындағы теңсіздік осылай пайда болды, уақыт өте келе байлар мен кедейлер таптарына бөлінді. Күшейе түскен мүліктік теңсіздік кедей тайпаластарын қанауға, тіпті байлар оларды өгізге салуына, карыз етіп, құлдыққа салудың пайда болуына әкелді. Дегенмен, рулық тайпалық ұйымдарда өмір сүрген билік пен басқарудың қоғамдық сипаты бірден жоғалып кеткен жоқ. Ф.Энгельс "әскери демократия" деп атаған бұл ұйым рулық құрылыстың қоғамдық билігінен өсіп шықты және ежелгі халық билігін жүргізудің ерекше және тарихи соңғы үлгісі болып саналады. Халық санының өсуімен, ру тайпаларының ірі тайпа одақтарына бірігуі негізінде халық болып бірте-бірте қалыптасады және "әскери демократия" органдары жүйесі бірте-бірте қалыптасады, тайпа одақтарының әскери көсемдері (король, князь) шығады, көсемдер кеңесі, халық жиналысы жұмыс жасайды. Байлықтардың жинақталуы соғысты пайдалы іс жасады. Ендігі уақытта соғыстар тұтқын құлдарды тонау және басып алу мақсатында жүргізілді. Соғыс, - деп жазды Ф.Энгельс - бұрын аумақты ұлғайту үшін жасалса, ендігі уақытты тонау үшін ғана жүргізіледі, тұрақты кәсіпшілікке айналады. Үздіксіз соғыстардың күшеюі кезінде соғыс көсемдерінің рөлі күшейді. Әрбір әскери көсемнің төңірегінде әскерилердің тұрақты топтары қалыптасты - бұл олардың жасақтары болатын. Көсемдер оларды әскери қазына және құлдардың еңбектері есебінен ұстады. Әскери көсем осы жасақтарымен өз тайпалар одағының аумағын күнделікті қорғады, сонымен бірге, көршілеріне шабуыл жасап, ер адамдарды құлдыққа әкеліп салды, бірақ та халықтың негізгі бөлігі өз шаруаларымен айналысты - мал бақты, егін салды және қолөнермен айналысты. Әскери көсем іс жүзінде тайпада, одақта басты тұлға болды, ол рулық старшиндардың тайпа кеңейіп екінші кезекке ысырды. Халық жиналысы әскери ер адамдардың жиналысына айналды. Әскери көсем бұрынғысынша аталмыш тайпа одағының бүкіл халқы болып емес, халық жасақтары, яғни әскерлер сайлайды.
Бірте-бірте әскер көсем сайлау заңды актіге айналады немесе өзінің әскери жасақтарына сүйене отырып, өзінің, сол сияқты өзінің мұрагерлерінің қайта сайлауын қамтамасыз етеді. Әскери көсемдер мұрагерлікпен берілетін монархтарға айналады және олардың билігі (өкіметі) моральдық беделге емес, жасақтардың әскери отрядтарына сүйенеді. Соған байланысты, -деп атап өтеді Ф.Энгельс "мұрагерлікпен берілетін королдік биліктің және мұрагер ақсүйектердің негіздері қаланады".
Таптық қоғамның қалыптасу үрдісі үшін "әскери демократия" соған тән болып табылады, ол әртүрлі халықтардың тарихында өзінің ерекшелігіне ие болды, бірақ та ол барлық елдерде көптеген жүз жылдарда қалыптасты. Дегенмен, таптық қоғамның қалыптасуының аяқталуымен, қандық туыстық байланыстарға негізделген қоғамдық билік ұйымдары, тіпті әскери демократия" үлгісінің өзінде, антогонистік таптар қарама қайшылықтары алдында қорғансыз болып қалды. Қанаушылар таптарының мүдделерінің, сондай-ақ олардың жеке мүдделерін қорғай алатындай, қанауға қарсы шыққандардың басым көпшілігінің басып жаншып тастайтындай мекеме қажет болды. Мемлекет осындай мекеме болды.Осылайша қоғамның таптарға бөлініп, екіге жарылуымен алғашқы қауымдық құрылыстың қоғамдық билігі рулық -тайпалық ұғымға ұласып, ол қоғамның барлық мүшелерінің ортақ ерлік -жігерін білдірді және ол экономикалық тұрғыдан үстемдік етуші канаушылар табының қолында шоғырланған мемлекеттік билікпен алмасады Өндіргіш күштерді дамыту және одан еңбегінің өнімділігін артыру, ақыр сонында мемлекеттің пайда болуына, алғашкы қауымдық құрылыстың ыдырауына, қоғамның антогонистік таптарға бөлуіне және мемлекеттің пайда болуына әкелгенін атап көрсетті. Таптар пайда болған кезде-деп жазды В.И.Ленин-барлық жерде, әрқашанда және бірге осы бөліністің өсуімен және нығаюымен, ерекше институт - мемлекет пайда болды. Бұдан көзделетіндей, "мемлекет" - объекті түрде бітімге келе алмайтын таптық қайшылықтардың бітімге келмеушілігінің көрінісі және өнімі болып саналады.
Мемлекет пайда болғанға дейінгі кезеңдегі әлеуметтік биліктің негізгі белгілеріне мыналарды жатқызуымызға болады: әлеуметтік билік тек ру шеңберінде таралып, оның еркін білдіреді және қандас туыстыққа негізделеді;
- ол тікелей қоғамдық болып, алғашқы қауымдық демократия, өзін-өзі басқару бастамасында кұрылады;
- алғашқы қауымдық қоғамның барлық маңызды мәселелерін шешу кезінде билік органдары ретінде ру жиналыстары, көсемдер және әскери басшылар танылады.
Ешқандай қоғамдастық өз ішіндегі мүшелеріне қатысты тәртіп ережелерінсіз өмір сүре алмайды. Сондықтан да осындай тәртіп ережелерін бекітетін, өндірістік қатынастарды, отбасылық, туыстық және т.б. қоғамдық байланыстарды реттейтін әлеуметтік нормалар жүйесі қалыптасады. Әлеуметтік нормалар дегеніміз
- адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршіліктерін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, әлеуметтік-экономикалық негізде айқындалған, сана-сезім еркімен қалыптастырылған адамдардың мінез-құлық ережесі. Әлеуметтік билік пен мемлекет пайда болғанға дейінгі кезең нормаларының ерекшеліктері олардың шын мәнінде рулардың, тайпалардың әлеуметтік
- экономикалық бірлігін көрсетіп кана қоймай, оларды қамтамасыз өте отырып адамдар өміріне тікелей араласатындығында. Мемлекет пайда болғанға дейінгі кезеңде өмір сүрген нормалардың өздеріне тән мынандай белгілері болған:
- алғашқы қауымдық қоғамдағы қатынастар - әдет-ғұрыптармен, яғни тарихи қалыптасқан, бір ұрпақтан екінші ұрпакқа беріліп, дәстүрге айналған әрекет тәртібі нормаларымен реттеліп отырған;
-жазбаша түрде бекітілмесе де, адамдар әрекеті мен санасында өмір сүрген;
- негізінен дәстүрге айналу күшімен, сондай-ақ сендіру және мәжбүрлеу (рудан аластау) шараларымен қамтамасыз етіліп отырған;
- барлық ру және тайпа мүшелерінің мүдделерін білдірген.

Мемлекеттің пайда болуы қоғамның ішкі дамуымен тығыз байланыстағы құбылыс болғандықтан, ондағы заң, философия және саясаттану ғылымдарының өмір сүру барысында әр түрлі теориялар пайда болған. Сонда да болса мемлекет пен құқық табиғатын, олардың пайда болу себептері мен бастаулары туралы тартыстар әлі де болса жалғасын табуда. Осы сұрақтар төңірегінде адамдар ерте кезден бастап ойлана бастаған. Осындай теориялардың көптігін олардың ізін салушылардың өмір сүрген тарихи жағдайларының ерекшелігімен және өздерінің ұстанған идеологиялық және философиялық бағыттарының әр түрлілігімен түсіндіруге болады.
Мемлекет деген күрделі саяси ұйым. Мемлекет пайда болғаннан кейін ол туралы көптеген тұжырымдамалар мен теориялар қалыптасты. Олардың барлығы бір-біріне мүлдем ұқсамайды және мемлекетті әртүрлі плюралистік мағынада түсіндіреді. Ойшылдардың әр ғасырда ұсынған идеялары негізінде таптық мүдделер мен теория пайда болған қоғамның тарихи жағдайларына, заман талабына байланысты қалыптасқан.
Мемлекет пен құқықтың шығуы туралы түрлі теориялар осы құбылыстардын пайда болуын түрліше түсіндіреді. Рулық қауым құлдырап, жеке меншік пайда болып, қоғам екі тапқа - қанаушы және қаналушы таптарға бөлінген соң, олардың арасында шешілмейтін қайшылықтар, ымырасыздық орын алады. Сол екі тап нәтижесіз, тоқтаусыз күресте бірін-бірі жойып жібермеуі үшін рулық биліктің орнына жаңа саяси құрылым - мемлекет пайда болды. Мемлекет аталған қайшылықтарды шешу үшін емес, кедей тапты байлардың еркіне көндіріп, оны қанауға, езуге жадай туғызу үшін құрылған. Сондықтан қандай да мемлекет болсын тек қанауды мақсат тұтып, бай, үстем таптың игілігіне көздеп, мүддесін корғайды. Социалистік мемлекет те таптық мемлекет. Бірақ ол саны жағынан қоғамның басым көпшілігін құрайтын еңбекші таптың мүддесін корғайды. Енді мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік.
2.1 Патриархалдық теория
Патриархалдық теория - мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндереді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған. Отбасы басшысы - әке, мемлекеттің басшысы - монарх.
Бұл теорияның өкілі және дамытқан зерттеушісі Аристотель, оны жақтаушылар орта, жаңа ғасырларда болды ол Р.Фильмер, Н.Михайловский, Ш.Уалиханов, Борнганк, Вольтман.
Бұл теорияның мәні бойынша монрахтың билігі әке билігінің жалғасы болып табылады. Мысалы, Аристотельдің түсінігі бойынша мемлекет бірнеше отбасы қастақтарынан құралады және мемлекеттегі басқару отбасы билігінің жалғасы болып табылады. Ол былай деп жазады: Әр отбасында патша ретінде рудың ақсақалдары басқарған сияқты, келешекте де отбасының өз мүшелерімен туысқандар салдардан таралып орналасуы патшаның басқаруында болады. Осы идеяны Ш.Уәлиханов та айтқан. орданың ертедегі ру басының бел ұрпағы ретінде манаптар алғашында патриархалдық семья ақсақалы есебінде билік құрған, бірақ ол билік келе-келе шектен асып, ақырында, құл иеленушінің құлдарға жүргізетін рахымсыз қатал озбырлығына айналған - деп атап көреткен қазақ ойшылы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz