Өтебай Қанахинның «Құдірет» романында «Әйел» концепциясының берілуі



Когнитивтік лингвистика құрылымдық лингвистикаға жаңаша өзгеріс енгізу негізінде қалыптасты. ХХ ғасырдың соңында бұл ғылым тілдің адамзат танымдық әрекет арқылы қалыптасқан ақпарат адам санасында жан-жақты арналармен толығады. Бірақ когнитивтік лингвистикадағы басты зерттелетін нысан – зат – тілдік формада көрініс табатын сол ақпараттардың тек бір бөлшегі ғана. Көптеген ғалымдар когнитивтік лингвистиканы жаңа ғылыми парадигма деп сипаттайды. Парадигма – тіл ғылымында, әсіресе функционалды грамматикада соңғы кезде жиі қолданылып жүрген ғылыми термин. Ал оның «ғылыми зерттеу әдістемесі» ұғымымен байланысты қолданысы қазақ тіл біліміне де ене бастады (Э.Оразалиеваның докторлық диссертациясын [117], Ж.Манкееваның ғылыми мақаласын [118] т.б. қараңыз). Жалпы зерттеуші-ғалымдардың пікірінше, когнитивистикалық әдіс тілдік және тілдік емес әрекеттердің барлығын басқарып, кейде жадыда сақтау, қабылдау және эмоциялық құрылымдарда көрініс табады. Сондықтан да, тіл ғылымында когнитивтік әдіс еркін қолданылады. Оның айқын дәлелін мәтінді интерпретациялау барысында, оның дұрыс/бұрыстығын ажыратып, өңдеу барысында байқауға болады. Себебі, когнитивтік лингвистика тілдік санада дүниенің бейнесін тұтас құруға, тілдік сананың құрылымын модельдеуге бағытталады. Соның нәтижесіндегі дүние туралы тұтас (концептуалды) түсініктің қалыптасуы үш деңгейдегі психикалық көріністің өзара қатынасынан туындаған нәтижеге байланысты деп анықталған. Олар – сезімдік қабылдау деңгейі, түсінік қалыптастыру деңгейі, ойдың тілдік көрінісі. Санада жүретін бұл әрекеттердің нәтижесі, белгілі бір ақпараттардың жиынтығын тудырады да, сол ақпараттар концепт жүйесін қалыптастырады.
Тіл мен адамның ойлау сабақтастығы арқылы тану әрекеттерін зерттейтін когнитивтік ғылым негізі, яғни қазіргі тіл ғылымын концептуалды сипатта қарау бағыты тілдің модельденуін, белгілі бір контекстегі ойдың модельденуін көздейді.
Когнитивтік ғылымның басты мәселесі – адамның білімін жүйелеу. Сондықтан да, осы мәселені шешетін фактор ретінде ішкі құрылымдарды тереңінен басқаратын ойлау әрекеті негізгі қызмет атқарады.
«Концепт дегеніміз – ұлттық дүниетанымның ықшам да, терең мағыналы дүниетаным құндылықтарын айқындайтын тілде көрініс тапқан күрделі бірлік. Әр ұлттың концептілер жүйесін дүниетаным құндылықтары құрайды. Концептілер бір-бірімен тығыз байланыста болып, бір-бірінен туындап отырады. Әр қоғамның даму кезеңдерге сәйкес тіл мен мәдениет иелерінің абстрактілі концептілерді танып түсінуінде өзгерістер болғанымен, негізгі мәдени, дүниетанымдық мәні өзгеріссіз ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады, «концепт – бұл ақиқат әлемі туралы адамның мәдени-шартты түсінігін бейнелейтін «идеалды әлемнің объектісі, концептіні мәдени категориялардың әсерінен туған вербалды ұғым ретінде түсінеді, концепт – бұл адамзаттың ақыл-ой жемісі және ондағы құбылыстар мен болмыстар идеалды. Ол тек тілге ғана емес, адам санасына тікелей қатысты , концепт – адам санасында танылған, бейнеленген білімді айқындайды»
Тілімізде «Әйелдің аты – әйел» деген қалыптасқан тіркес бар. Аталған тіркесті қазақ халқы бір жақты ұғынбайды.
Біріншіден, әйел – әлем жаратылысындағы тіршіліктің алғашқы бастауы, өмір әкелуші, ұрпақ жалғастырушы, дәстүрлі құндылықтарды өндіреді, соған орай әйел– ана, әйел – әдемілік, әйел – нәзіктік, әйел – сұлулық, әйел – сезімталдық, әйел – сыпайылық, әйел – әдеп, әйел – үйлесім, әйел – жарасым... деп танимыз. Мысалы: «Қыз күнінде бәрі жақсы, жаман қатын қайдан шығады?» - деп неге айтты десең бұрынғылар. Қыз, әйел атаулының жаны нәзік, сезімі тұрлаулы, мінезі жұмсақ, пейілі ақ, көңілі пәк, қылығы назды, ақылы салмақты боп келсе ғой, шіркін!» [1,109]
« - Қыз деген сұлулықтың символы ғой. Қарап тұрсам, қыздар мен гүлдердің тіршілігі бірдей сияқты боп көрінеді, мысалы, маған...» [1,124]
Екіншіден, әйел – төменгі әлемнің, күнәның, опасыздық пен жамандықтың, ретсіздіктің символы. Орыс тілінде «әйел» сөзінің жағымсыз түптөркіні бар, себебі онда щина жұрнағынан жасалған сөздердің бәрі көзге ілмеу, менсінбеу, жек көру сияқты жағымсыз бағаға, коннотацияға ие. Мысалы, женщина, деревенщина, казенщина, групповщина, чертовщина, обломовщина т.б. Қазақ мәдениетінде де әйелге қатысты жағымсыз коннотациядағы ассоциациялар кездеседі. Әйелге байланысты әсіресе ауызекі тілде көп қолданылатын шүйкебас, төмен етекті, шөпжелке, ұрғашы сияқты кемсіту мағынасындағы сөздер бар. Мысалы: «Сұр жылан сияқты өзінде жөнді ұсқын да жоқ, әшейін жабы құрсақ, көбелек көңіл көп ұрғашының бірі екен ғой... «Қызықққанға қисық аяқ та сұлу боп көрінеді» деген осы-ау?! Қит етсе көзіне жас келе қалады екен, өзінің. «Аяр әйел жылап қорқытады» деген рас білем. Мұнан өткен долыны көрсем бұйырмасын. Осындай періге жұғысып жүрген өзім де...» [1,293]
1. Қанахин Өтебай «Құдірет»: роман. – Алматы: Жазушы, 1979. – 344 бет.
2. Бұралқыұлы Мұстапа «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі». – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2008. – 680 бет.
3. Кеңесбаев Ісмет «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі». – Алматы: ҚазАқпарат, 2007. – 356 бет.
4. Кеңесбаев Ісмет «Фразеологиялық сөздік». – Алматы: «Арыс» баспасы, 2007. – 800 бет.
5. Смайлов а. «Әйел» концептісін қалыптастыратын тұрақты тіркестердің лингвомәдени сипаты.автореферат – Алматы, 2008. – 29 бет.
6. Сүлейменова Э.Д. «Тіл білімі сөздігі». А 1998
7. Кенжебаев А.Ә. «Әйел» прозасындағы әйел образының ерекшелігі.автореферат – Алматы, 2000. – 24 бет.
8. Әбуталиева А.Ә. «Қазақ тарихи романдарындағы әйел бейнесінің жасалу ерекшеліктері» .автореферат – Алматы, 2006. – 30 бет.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Филология факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Өтебай Қанахинның Құдірет романында Әйел концепциясының берілуі
Курстық жұмыс

Тексерген:

Қостанай

Өтебай Қанахинның Құдірет романында Әйел концепциясының берілуі

Когнитивтік лингвистика құрылымдық лингвистикаға жаңаша өзгеріс
енгізу негізінде қалыптасты. ХХ ғасырдың соңында бұл ғылым тілдің адамзат
танымдық әрекет арқылы қалыптасқан ақпарат адам санасында жан-жақты
арналармен толығады. Бірақ когнитивтік лингвистикадағы басты зерттелетін
нысан – зат – тілдік формада көрініс табатын сол ақпараттардың тек бір
бөлшегі ғана. Көптеген ғалымдар когнитивтік лингвистиканы жаңа ғылыми
парадигма деп сипаттайды. Парадигма – тіл ғылымында, әсіресе функционалды
грамматикада соңғы кезде жиі қолданылып жүрген ғылыми термин. Ал оның
ғылыми зерттеу әдістемесі ұғымымен байланысты қолданысы қазақ тіл
біліміне де ене бастады (Э.Оразалиеваның докторлық диссертациясын [117],
Ж.Манкееваның ғылыми мақаласын [118] т.б. қараңыз). Жалпы зерттеуші-
ғалымдардың пікірінше, когнитивистикалық әдіс тілдік және тілдік емес
әрекеттердің барлығын басқарып, кейде жадыда сақтау, қабылдау және
эмоциялық құрылымдарда көрініс табады. Сондықтан да, тіл ғылымында
когнитивтік әдіс еркін қолданылады. Оның айқын дәлелін мәтінді
интерпретациялау барысында, оның дұрысбұрыстығын ажыратып, өңдеу
барысында байқауға болады. Себебі, когнитивтік лингвистика тілдік санада
дүниенің бейнесін тұтас құруға, тілдік сананың құрылымын модельдеуге
бағытталады. Соның нәтижесіндегі дүние туралы тұтас (концептуалды)
түсініктің қалыптасуы үш деңгейдегі психикалық көріністің өзара
қатынасынан туындаған нәтижеге байланысты деп анықталған. Олар – сезімдік
қабылдау деңгейі, түсінік қалыптастыру деңгейі, ойдың тілдік көрінісі.
Санада жүретін бұл әрекеттердің нәтижесі, белгілі бір ақпараттардың
жиынтығын тудырады да, сол ақпараттар концепт жүйесін қалыптастырады.
Тіл мен адамның ойлау сабақтастығы арқылы тану әрекеттерін зерттейтін
когнитивтік ғылым негізі, яғни қазіргі тіл ғылымын концептуалды сипатта
қарау бағыты тілдің модельденуін, белгілі бір контекстегі ойдың
модельденуін көздейді.
Когнитивтік ғылымның басты мәселесі – адамның білімін жүйелеу.
Сондықтан да, осы мәселені шешетін фактор ретінде ішкі құрылымдарды
тереңінен басқаратын ойлау әрекеті негізгі қызмет атқарады.
Концепт дегеніміз – ұлттық дүниетанымның ықшам да, терең мағыналы
дүниетаным құндылықтарын айқындайтын тілде көрініс тапқан күрделі бірлік.
Әр ұлттың концептілер жүйесін дүниетаным құндылықтары құрайды. Концептілер
бір-бірімен тығыз байланыста болып, бір-бірінен туындап отырады. Әр
қоғамның даму кезеңдерге сәйкес тіл мен мәдениет иелерінің абстрактілі
концептілерді танып түсінуінде өзгерістер болғанымен, негізгі мәдени,
дүниетанымдық мәні өзгеріссіз ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады, концепт –
бұл ақиқат әлемі туралы адамның мәдени-шартты түсінігін бейнелейтін
идеалды әлемнің объектісі, концептіні мәдени категориялардың әсерінен
туған вербалды ұғым ретінде түсінеді, концепт – бұл адамзаттың ақыл-ой
жемісі және ондағы құбылыстар мен болмыстар идеалды. Ол тек тілге ғана
емес, адам санасына тікелей қатысты , концепт – адам санасында танылған,
бейнеленген білімді айқындайды
Тілімізде Әйелдің аты – әйел деген қалыптасқан тіркес бар. Аталған
тіркесті қазақ халқы бір жақты ұғынбайды.
Біріншіден, әйел – әлем жаратылысындағы тіршіліктің алғашқы
бастауы, өмір әкелуші, ұрпақ жалғастырушы, дәстүрлі құндылықтарды
өндіреді, соған орай әйел– ана, әйел – әдемілік, әйел – нәзіктік, әйел
– сұлулық, әйел – сезімталдық, әйел – сыпайылық, әйел – әдеп, әйел –
үйлесім, әйел – жарасым... деп танимыз. Мысалы: Қыз күнінде бәрі жақсы,
жаман қатын қайдан шығады? - деп неге айтты десең бұрынғылар. Қыз, әйел
атаулының жаны нәзік, сезімі тұрлаулы, мінезі жұмсақ, пейілі ақ, көңілі
пәк, қылығы назды, ақылы салмақты боп келсе ғой, шіркін! [1,109]
- Қыз деген сұлулықтың символы ғой. Қарап тұрсам, қыздар мен
гүлдердің тіршілігі бірдей сияқты боп көрінеді, мысалы, маған... [1,124]

Екіншіден, әйел – төменгі әлемнің, күнәның, опасыздық пен
жамандықтың, ретсіздіктің символы. Орыс тілінде әйел сөзінің жағымсыз
түптөркіні бар, себебі онда щина жұрнағынан жасалған сөздердің бәрі көзге
ілмеу, менсінбеу, жек көру сияқты жағымсыз бағаға, коннотацияға ие.
Мысалы, женщина, деревенщина, казенщина, групповщина, чертовщина,
обломовщина т.б. Қазақ мәдениетінде де әйелге қатысты жағымсыз
коннотациядағы ассоциациялар кездеседі. Әйелге байланысты әсіресе ауызекі
тілде көп қолданылатын шүйкебас, төмен етекті, шөпжелке, ұрғашы сияқты
кемсіту мағынасындағы сөздер бар. Мысалы: Сұр жылан сияқты өзінде жөнді
ұсқын да жоқ, әшейін жабы құрсақ, көбелек көңіл көп ұрғашының бірі екен
ғой... Қызықққанға қисық аяқ та сұлу боп көрінеді деген осы-ау?! Қит
етсе көзіне жас келе қалады екен, өзінің. Аяр әйел жылап қорқытады деген
рас білем. Мұнан өткен долыны көрсем бұйырмасын. Осындай періге жұғысып
жүрген өзім де... [1,293]
Әке-шешесі берсе, қыз кімге қатын болмайды деп кете бардым. Осының
айықпас дерт сияқты ауыр азабын күні бүгінге шейін тартумен келе жатқан
жоқпын ба? [1,290]
Қазақ тіліндегі әйел бейнесін танытатын тұрақты тіркестерді
концептілік тұрғыда қарастырғанда әйел жанының тазалығын, әдемілігін,
көркін, ажарын сипаттайтын тілдік бірліктер сұлулық символын білдіретін
метафизикалық концепт төңірегіне топтасады.
Лингвомәдениеттанымдық аспектіде, концепт – ақиқат дүниенің санадағы
мәдени, рухани, этикалық, әлеуметтік танымын айқындайтын бірлік ретінде
танылады. Демек, лингвомәдени танымын айқындайтын бірлік арқылы біз ондағы
ертеден сақталған мәдени ақпараттардың мәнін анықтай аламыз. Бұл
ақпараттар мәдени сема, мәдени концепт, коннотация, мәдени стереотиптер
түрінде сақталады. Стереотип – дүние туралы таным-түсініктің қайталануынан
тұрақталған әрекеттер мен құлықтар шаблоны. Мысал ретінде шығармадан
көрсететін болсақ, Сосын жары есебінде ай десе – аузы, күн десе – көзі
бар жас сұлу, асқан аруды құшып өткісі келмейтін жас жан жоқ болар
[1,101] Мұнда ай десе – аузы, күн десе – көзі бар (асқан сұлу), Күйеуінің
өлі денесін ауыл адамдары үйіне кіргізгенде, әйелі байғұс, жан ұшыра
шырылдап, бетін жыртып, қос қолдап шашын жұлып, босағаға басын ұрып
ойбайлады да қалды... [1,11] Мұнда, бетін жыртып, қос қолдап шашын жұлып,
босағаға басын ұрып ойбайлау ( қайғы-қасіретке душар болған әйелдер жалын
жұлып зар шегеді, яғни қайғылы, шерлі, күйікті, мұңды, зарлы бақытсыз
әйелдердің ісі), Ұрғашы боп туған соң алдыңа қазан асарсың, бауырыңа
бесік басарсың... Қай қыз ерте ме, кеш пе – ұясын тастап, бөтен жерге
кетпеген. [1,25] Мұнда да қазан асып,, бауырыңа бесік басу (қыз баласының
тұрмыс құрып, ана болуы), Әкесінің аруағы алдында Гүлнұрдың атқарған бір
қызметі: шешесі, ауылдың жас қатындары көңіл айтушылар келсе-ақ болды,
бастарына қара жолақ шаршы орамалды жамылып алып сарнап тұрып жоқтау
бастағанда, оған өзі де ылғи қатысып отырды; бір рет те тыс қалған емес.
[1,12] жоқтау айту (қайғылы жағдай болған кезде әйел жыныстағылар өлген
кісіні жоқтап, жоқтау айту салты).
Стереотипке тән ерекшелік – тұрақтылығы. Мұндай тұрақтылық дүниенің
маңызды жағдайларының санада жиі қайталанып, автоматты түрде дағдылы
түсінікке айналуынан жүзеге асады. Мысалы, әйелдер – эмоционалды, нәзік,
шындығында, әйелдер ерлерге қарағанда, физиологиялық жағынан нәзік, әлсіз,
көп сөзге бейім, тым эмоционалды, әсершіл болғанымен, оларда руханилық
басым, олар кемшілігін тез түсініп, бастапқы райынан тез қайтады, ер
кісілер – мықты, салмақты деп тану стереотиптің мысалы бола алады.
Ендеше, қоғамда қалыптасқан таптаурын, яғни стереотиптер кестесі:
әйел
ана
жар
үй шаруашылығындағы әйел
ошақ қамқоршысы
қызметкер
Әйелге қатысты Өтебай Қанахинның Құдірет романынан сұлулық, қыз,
әйел концептілері қарастырылды.
Әйел концептісін білдіретін тілдік бірліктер ұлттық психологияның
негізі болып саналатын ұлттық салт-дәстүр, ұлттық таным, ұлттық
мәдениеттің тілдік көрінісі әдеби шығармаларда метафоралар, фразеологиялық
бірліктер, мақал-мәтелдер арқылы жиі беріледі. Әр халықтың ұлттық мәдени
ерекшеліктері оның ғасырлар бойы жасалған тілінен көрінеді. Кейде сол
ұлттың тілінде ұлттың әлде бір қасиеттерін өзгелерден оқшау етіп
бағалайтын, анықтайтын тіркестер қалыптасады.
Ислам дінінде әйелге, әсіресе әйел анаға деген көзқарас өзгеше. Бұған
"Жұмақ ананың табанының астында", "Алдымен анаңды, анаңды, тағы да анаңды,
одан соң әкеңді сыйла", "Ең қайырлы болғаныңыз, әйелдерге ең жақсы мәміле
жасағандарыңыз болмақ", "Балаларды махаббат пен сүйіспеншілікпен бағу,
әйелдерге жақсы мәміле жасау - Исламның бармақпен басып көрсеткен ахлақ
ережесі" т.с.с. ислам қағидалары дәлел.
Осыған байланысты романнан келтірсек, мысалы:
Бұл жалғанда сұлулық зердесінен сиқырлы да құдіретті ештеңе жоқ
білем. Хас сұлу стіл байлайды деген осы-дағы... [1,82]
Сұлулыққа сүйсіне білудің өзі эстетикалық ләззаттың шапағаты бір
сиқыры емес пе!.. [1,83]
Сұлу – сұлу емес, сүйген - сұлу деп қазақ біліп айтқан. Жасылға
қызықпа, асылға қызық. [1,107]
Тіршілікте өзім табынатын екі-ақ нәрсе бар: бірі – тамылжыған табиғат
тылсымы, көркі, екінші – әйел сымбаты, сұлулығы. [1,127]
Сұлулық сұқтануға емес, сүйсіну үшін жаралады. [1,127]
Айлы түнде Гүлнұрдың топ-толық келген құймақ ерні әсем көмкеріліп,
ақсия күлгенде аппақ та салалы күрек тісі жарқырап көрінеді екен. [1,140]
... Ұясын тапқан балапандай құшағына еркелей еніп, қыздан бетер
қылымсыған сәттері... Дариға, қылықты әйелдің көңіл ықыласына не жетсін!
[1,177]
Тік біткен әсем бойы, кіршіксіз де ақ борық уыз тәні, көзге толымды
балғын пішін, оқтаудай жұп-жұмыр, сымға тартқандай түп-түзу тұлға
сүйкімділігі көрген адамды сұқтанбасына қоймас... Нағыз сұлу тіл
байлайды... әлемдегі әсемдік атаулыны тал бойына жиған-ақ екен, ақ
сәулем! [1,188]
Тал бойынан тарыдай мін табылсайшы! [1,188]
Сұлуды сүйген сауап деген бар емес пе? [1,266]
Қазақ әйелінің бағасы мен сипатын, қадір-қасиетін дәл тауып, оны
өзінің даналық сөздері, мақал-мәтелдері арқылы өрнектеп, ұрпақтарына мирас
етуші халқымыздың бітім-болмысы, тұрмыс-тіршілігі, асылы мен жасығы туралы
көзқарасы аталған теңдессіз мұраларында айқын көрініс тапқан.
Әйел жақсы болмайды көркіменен, мінезіне көз жетпей көңіл бөлме, -
деп данышпан Абай біліп айтқан емес пе? [1,265]
Қыздан қыздың несі артық: мінез, қылық, ісі артық деген аталарымыз.
Әйелдің сұлу болуы бәс емес, бірақ сүйкімді де қылықты болуы шарт.
[1,109]
Әдепті әйел қашан да әдемі деу содан шығар? [1,265]
Жігіт сәні – алымы мен шалымы болса, әйел сәні - сымбаты мен
сүйкімділігі деп білетіндер де бар ғой? [1,266]
Сөз жоқ, сұлу әйел - көздің құрты. Әрине, қыз біткеннің сылқылдақ,
келіншек біткеннің былқылдақ келгеніне не жетсін! [1,266]
Сұлу әйел - көздің құрты мақалы әйелдің өзіне қызықтырып,
еліктіргіштігін білдіріп тұр.
Қырмызыдай құлпырған он бестегі ажар-көркіме мәз, күнәдан пәк
қызғалдақ кезім... [1,328]
Қазақта қыз баланың, жалпы әйел затының бойынан төменшектік,
именшектік, ұялшақтықтан гөрі өжеттік, еркіндік, ақыл, парасат сияқты
қасиеттерді жоғары бағалайды.
"Жақсы әйел" және "жаман әйел" концептілік өрісінің көрінісін автор
шығармашылығынан да көруге болады:
Бірақ әйелдің жаман жағы да жетерлік. Солары: сөз құмарлығы,
ашуланшақ келетіні, тіпті көк долылығы, өсекшілдігі, кейде ызаланғаны
қайсы, жақсы көргені қайсы екенін айыра, ажырата алмай басыңды даң
қылатыны... [1,264]
Көк долылығы, сөз құмарлығы, ашуланшақ, өсекшілдігі –кейбір әйелдердің
бойынан табылатын бірқатар мінез-құлық белгілері, шуланса жаманшылық
істеуден тартынбайтын жаман мінез
Әйел затының жүрегіңді толқытқан, сезіміңді шалқытқан назына не
жетсін! Әйел заты қылығымен сүйдіре де біледі, күйдіре де біледі...
[1,270]
Әйел де бір – алпыс айлалы түлкі де бір. Ал оның сезімі сол түлкінің
бұлаң құйрығынан бір де аумайды. Ежелден ұрғашыға шайтан әуес... [1,270]
Жалаң құмарту жүрген жерде жеріну болмай тұрмайды. Ашынаң -
бүлінгенше, қосағың – өленіңше. Бұл әсіресе еркектерге тән қасиет [1,271]
Қазақ жалпы тілмен: Қатын – шайтанның тұзағы, - деп те атайды.
Бірақ бұл өмірде біздер, еркектер үшін әйелден артық адал да сенімді
достың табылуы қиын-ақ. [1,271]
Қандай сылқым болғанмен, отыздан, әрі десе отыз бестен асқан соң әйел
атаулының шау тартып, сары қарын боп шыға келетіні баршаға аян. [1,272]
Жемісі жоқ қақиған қу ағаш кімге керек? Баласы жоқ әйелдің бағасы
жоқ деп неге айтты дейсің бұрынғылар. Әркімнің бір жайлап кеткен жұртына
барып қонғаным азамат басыма лайық болмас. [1,281]
Сұр жылан сияқты өзінде жөнді ұсқын да жоқ, әшейін жабы құрсақ,
көбелек көңіл көп ұрғашының бірі екен ғой... Қызықққанға қисық аяқ та
сұлу боп көрінеді деген осы-ау?! Қит етсе көзіне жас келе қалады екен,
өзінің. Аяр әйел жылап қорқытады деген рас білем. Мұнан өткен долыны
көрсем бұйырмасын. Осындай періге жұғысып жүрген өзім де... [1,293]
Ат – үстіндегі батырымен, әйел – қойнындағы ерімен қадірлі, көрікті
деген ғой бұрынғылар. Өмірдің бар қызығы сүйген жармен жарасты тұрмыс емес
пе? [1,310]
Қыз күнінде бәрі жақсы, жаман қатын қайдан шығады? - деп неге айтты
десең бұрынғылар. Қыз, әйел атаулының жаны нәзік, сезімі тұрлаулы, мінезі
жұмсақ, пейілі ақ, көңілі пәк, қылығы назды, ақылы салмақты боп келсе ғой,
шіркін! [1,109]
Қазақ халқының әйелге байланысты ұғым-түсініктері, қалыптасқан
көзқарасы ғасырлар бойғы өмір тәжірибесінде түйінделіп, елеп-екшеліп,
сұрыпталудан өткен халық даналығының мәйегі - мақал-мәтелдерде сақталған.
" Әйел" концептісінің көрінісін мына мақал-мәтелдер аңғартады:
Қыздың өзі – үйде, қылығы – түзде деп тегін айтпаған ғой: жасамыстау
профессордың өзіне ерекше бір ықыласпен қарайтынын бұрын да сезетін;
сезетін де өз-өзінен толқитын, сезіктенетін... [1,24]
Аталарымыз: Қой мен қыздың бармайтын жері жоқ деп тегін айтпаған
ғой. Сүйгенге бергісіз сыйластық та болады... [1,25]
Қызға – қырық үйден тыйымды жастайынан көріп, көніп әбден бой басты,
бұйығы боп өскенг ол, айналасындағыларға сын көзбен қарау дегеннің не
екенін де әдепкі жылдары білмей жүрді. [1,42]
Ия, қыз демекші, халқымызда: Жігітті жұрт мақтаған қыз жақтаған
деген де мақал бар емес пе? [1,75]
- Бәсе! Сенің талғамды жігіт екеніңді білемін ғой. Жігіт – мұрынды,
қыз – бұрымды келсін деп те айтады. Әжептеуір мұрның да бар өзіңнің...
[1,108]
Алғаным ару, тигенім арыс болса екен деп қай жас арман етпеген...
Мұндайда ашылмай-шашылмай сүйгеніне абыройлы барған қыздың, әрине, орны
бөлек, яғни, ұсталмаған затқа не жетсін. [1,108]
Абыройлы барған қыз – қыздың пәк күйінде босаға аттауы
Ұсталмаған зат – бұл жерде қыздың пәк те таза кезін ұсталмаған затпен
ауыстырып қолданған.
Бұл өзі ең бір таңдаулы санаторий көрінеді. Менікі, әрине, біреу қыз
ала қашады, біреу қызығына қашадының кебі ғой... [1,226]
Қыздың қырық жаны бар деп бекер айтпаған ғой. Сенің ешқашан сырқатқа
ұшырамағаныңды тілеймін [1,236]
Қыздың қырық жаны бар – әйел баласының барлық жағдайдағы шыдамдылығы
мен сабырлығына байланысты айтылады.
Ләззат балына кім құмартпас. Қыз дегенде ашылмас көз ашылар.
Әйелден ер адамның ең алдымен іздейтіні осы ғой. [1,270]
Сосын есік көргенді алма, бесік көргенді ал деген емес пе
аталарымыз? Ақылды да ажарлы жігітсің, атағың тағы бар... [1,276]
Есік көргенді алма, бесік көргенді ал – бұл мақал да қыздарға
байланысты айтылған. Босаға аттаған қызды алма, бесік көрген, яғни тәлімі
мен тәрбиесі жақсы қызды таңда деген мағынада жазған.
Қыздың қызығы – қырық күн, - дейді жұрт. Бұл – әйел. [1,279]
Әке-шешесі берсе, қыз кімге қатын болмайды деп кете бардым. Осының
айықпас дерт сияқты ауыр азабын күні бүгінге шейін тартумен келе жатқан
жоқпын ба? [1,290]
Әке-шешесі берсе, қыз кімге қатын болмайды – үлкеннің сөзін екі
етпейтін қыздар ата-анасының айтқанына көніп, олар қалаған жерге баратын
болған.
Қызыққанға қисық аяқ та сұлу боп көрінеді деген осы-ау?! Қит ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ романдарындағы ғашықтық сарын
Ақ боз үй трилогиясындағы тарихи шындық
Табиғаттың бір үлкен бөлшегі
Жаңа ғасырдағы әдеби ағымдар
«Қазақ прозасындағы ислам әуендері»
Бір ауылдың байы
Б.Майлин әңгімелерінің негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары
ӘЙЕЛ ДЕГЕН ӘЛЕМ БАР
Нұртазин және Мұқановтану ілімі мәселелері
Дулат Исабеков – роман жазушы, суреткер. Жазушының Қарғын романының көркемдік құрылымы
Пәндер