М.ШАХАНОВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ «РУХ» КОНЦЕПТІСІ


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

М. ШАХАНОВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ «РУХ» КОНЦЕПТІСІ

(курстық жұмыс)

Жоғарғы адамгершідіктің өлшемі - ашық-жарқын рух, мораль - біздің ақыл-парасатымыздың ішкі бастауы делінеді Шиллерде. Бірақ жоғарғы моральдық жеңіс жан арпалысымен ғана келеді. Адам баласы ішкі жан дүниенің ерекше ырғағын, сұлу қозғалысын тудыруы керек (оны Шиллер көне гректерден алып, грация деп атады) . Грация - рухани тылсым түйсіктердің көрінісін беретін қозғалыс. Әрбір тылсым түйсігі адам бойында адами болмыспен көрінбек. Бейнешілдердің дыбыстан сурет жасап, сол арқылы сөзге жан бітірген архитектоникалық құрылымы осы грациядан туған (ішкі жан дүниенің ерекше ырғақ-ритмінен, қозғалысынан туған) . Грация бара-бара архитектоникалық сұлулыққа айналуы керек (бейнешілдердің табынған мәндерінің бірі - сұлулық, өнердегі көркемдік) . «В конце концов дух формирует даже свое тело» дейді Шиллер. Алайда адамның кез келген қимыл-қозғалысында грация болмайды. Тән шын мәніндегі ерікке жеткенде ғана сұлу қозғалысқа ие болады. Әрекетшіл рух түптің түбінде тәннің бүкіл қимыл-қозғалысын бағындыратыны анық. Тылсым түйсіктер - рух туғызып отырған еркін бастаудан келеді, оған адам алдымен өз бойындағы жау түйсіктерді бұзып-жарып шығып жетеді. Сөйтіп, өз бойында табиғаттан тыс болмыстардың тұрқын оятады.

«Поэтизм» дегеніміз - бейнелі, көркем, әсерлі сөз. Поэтизмдердің шоғырланып жұмсалуы шығарма жанрына қатысты. Әдетте поэтикалық сөздер мен тіркестер, яғни сөз-образдар өлең тіліне көбірек тән болады» деп Рәбиға Сыздықова сөз-образдардың орнын зерделеген. Поэтика дүниесі - образ халықтың ұлттық бейнесін, дүниетанымын таныта алады. Образ жасауда, әрине, ең басты терең ұғымдар, қазіргі кеңістікпен айтқанда терең «концептілер» маңызды рөл атқарады. Мысалы, «ұлт», «рух» - «халық» макроконцептісінің бөліктері ақындық тұлғаны танытуда шынайылықты көрсете алады, яғни ақын қолданған концептілер арқылы белгілі бір халықты тануға болады. «Шыңғыс ханның қателігі немесе жеңілген жеңімпаз хақындағы Отырар дастаны» атты М. Шахановтың поэмасындағы «рух» концептісінің қолданылу аясынан, терең мағынасынан, сындарлы ұғымынан-ақ жоғарғы пікірді нықтауға болады.

Рухы - өр,

Тәні - бекем,

Бұл бір қайсар халық екен

Тірліктен де артық қойған бірлікті - деп Шағатайдың әкесі Шыңғыс ханға айтқан сөзіндегі «рух» - қазақ халқын танытудағы дәл табылған тілдік құрал, көркемдік әдіс - өр сезім бейнесінде беріледі. Болмаса, Шыңғыс ханның Қайыр ханға айтқандағы сөзінен де концептілік қызметті қарастыруға болады.

Рух - ердің өзегі ғой қайда-да.

Ең әрісі

Жеңілістің өзін де,

Шешкің келіп тұр өзіңнің пайдаңа.

Жігіттерім рухыңа қармақты

Салмақ болып,

Тәніңді әбден қорлапты.

Батырлықтан бағың бірақ жанған, ә,

Маған қарап күліп тұрсың сонда да.

Олар сенің жеңгенімен тәніңді,

Амал нешік,

Жеңе алмапты жаныңды. Шынымен де, қайсар халық - қазақ ұлтының өр, батыр, биік рухы бар екені тарихқа аян. Сол тарих астарынан сыр шертер, ұлттық идея мен танымының көрінісіндегі осынау концептінің мәні неде?

Концепт - когнитивтік лингвистика ғылымының басты категориясы. Концепт мәселесіне түбегейлі зерттеу жұмысын жүргізген ғалымдар - Д. Личачев., А. Вежбицкая., В. Колесов. Бүгінгі таңда қазақстандық ғалымдар да танымның көрінісі - концептіге кешенді зерттеу жүргізуде. Зерттеу негізінде концепт термині мынадай екі аспектінің шеңберінде қарастырылады. Біріншіден, концепт рухани мәдениеттегі тірек сөздер деп танылса, екіншіден, ол психоментальды құбылыс, алғашқы түсінік деген тұжырымдарды қамтиды. Л. Г. Крысиннің түсіндірме кітабында «Концепция - система взглядов, то или иное понимание явлений действительности. 2. Единый, определяющий замысел, ведущая мысль какого-нибудь произведения, научного труда» деген анықтама беріледі. Тіл арқылы танылатын концептілерді сол этностың дүниетанымының көрсеткіші деуге болады. Ғаламның концептуалдық бейнесі әрбір ақынның санасында әр түрлі дәрежеде орын алып, тілінде түрліше көрініс табады. Ақынның танымы мен ұлттық ерекшелігі концептілердің негізін құрайды. Концепт арқылы жеке тұлғаға, ұлтқа, қоғамға тән құндылықтар сипатталады. Ол - тіл, дін, діл, рух. Ұлттық этностың болмысын танытатын күрделі лингвофилософиялық категория - «Рух» концептісі. Руханилық - адам танымы мен дүниеге көзқарасының адамаралық қарым-қатынастағы биік адамгершілік қағидасы. Руханилық мәдениеттің құнарлана түсуіне, іргетасы бекуіне ықпал етеді. Руханилықтан алшақ мәдениеттер мен өркениеттер іштей құрылымдық ыдырауға ұшырайды. Сондықтан руханилық жеке адамға да, үлкен әлеуметтік топтарға да ауадай қажет құбылыс ретінде кез келген мәдениетті жаңғырта түсетін, болашаққа жылжуына іргетас болатын ішкі мәндік заңдылықтар жиынтығы. Әр түрлі салаларда кәсіби деңгейі жоғары кез келген шебердің туындысы руханилық негізде жасалуы жалпы қоғамның әлеуметтік дамуы мен рухани жетілу жолына түсу үшін қажет. Ондай іс-әрекеттің нәтижелері қомақты дүниелерге айналып, рухани мұра ретінде қызмет атқарады. Сол үлкен мұраның бірі - М. Шахановтың рух тақырыбына қалам тербеткен туындылары. Өлең жүйесін қарастырғанда ақынның әр үшінші өлеңі рух, рухани өмір төңірегінде ой қозғайды.

Кейде албырт Батырлық та Тасырлықтан кетпекке

Оймен, мұңмен көз тастайды Рух атты мектепке.

Ол мектептің түсі жадау, терезесі қираған,

Ішіне даңқ сыйғанымен, даңқы байлық жимаған.

Содан оған жұрттың көбі құлықты емес баруға,

Шу менен Бу дес бермейді мектеп парқын тануға.

Сол мектептің ұстазы едік, нәпсіге бас имеген,

Аңқау, сенгіш адамдығын қайсарлығы сүйреген.

Күллі рухсыз биіктердің парқы, даңқы сұйықтау,

Біз шыққан тау - Шындық тауы, барлық таудан биік тау! атты «Рух мектебіндегі мұң» жырында рух ұғымының қасиетін терең түсіндіреді. Адамдардың қоғам өміріндегі мәдени қызметінің нәтижесі - рухани мәдениет болып саналады. Өнер, дін, фольклор, философия, ғылым, құқық, саясат, мораль т. б. құбылыстар рухани мәдениеттің өзегі. Рухани мәдениет материалдық мәдениетпен астаса дамиды және олар тарихи дамуда көрініс берген жалпы мәдениеттің құрылымын түзейді. Ғасырлар бойы мәдени мұра ретінде қалыптасатын рухани мәдениеттілік кез келген қоғамның өркениеттік деңгейін білдіреді және сапалық сипатын танытады. Ол бір-бірімен тығыз байланысты екі формада өмір сүреді дейді «Түсіндірме сөздікте» С. Нұрмұратов. Біріншіден, рухани өмірді туындатуды мақсат еткен жеке адамдардың іс-әрекеттері мен олардың дараланған рухани әлемі түрінде, екіншіден, сол өнімдердің рухани құндылықтар деңгейінде бағалануы, яғни олардың әлеуметтенуі жатады. Адамзаттың рухани өндірісінде рухани мәдениет үлгісі боларлық биікке көтерілген дүниелер тарихи кезеңдерге сыймай, әлеуметтік-этникалық кеңістік аясынан шығып, жалпыхалықтық асыл қазынаға айналып отырған. Сондықтан рухани мәдениет әлеуметтік немесе тарихи топтар үшін ғана емес, жер бетіндегі тұтастай адамзат үшін, халықтарды біріктіру мен ынтымақтастыра түсу үшін жасалған. «Жаңа қазақтар немесе рухани байлықсыз да мемлекет құруға болады деп ойлайтын жас бизнесменге хат» өлеңінде:

Рухани байлыққа да тас аттың.

Аудандағы жалғыз кітап дүкенін

Сатып алып, сырахана жасаттың.

Тамырсыз жан жұрт мұңына саңырау

Деген пікір рас па еді, тәңір-ау?

Неге болдық рухсызға қоңырау?

Рухынан артық қойған қарынды

Шын безбүйрек болып шықтың алымды.

Сорласа жұрт рухсыздан сорлайды.

Рухсыздың, қайырсыздың баюы,

Бәлкім, ертең ұлтымызға зор қайғы.

Ешкім рух байлығынан бөлініп,

Шын бақытқа жеткен емес, жарқыным! - дейді. Осынау бір жырдың түбегейлі үлкен ұғымын беріп отырған - «рух» концептісі халықтың «халық» болуына, бұл дүниеге ие болған халық - нағыз шын бай халық болатындығына арқау болудағы негізгі түйінге тұғыр.

Бекқожа Жылқыбайұлы өлеңдегі лирикалық тұлға - ақынның ақындық ары мен рухының негізгі бейнесі екендігін айтады, яғни өлеңнің толық тұлғасы - ақын рухының бейнесі. Себебі, ақын шынайы өмірден тұжырымдаған танымдық әрекетін өлең жолдарында қозғайды. Араб тілінде адамның сезімдері рух ретінде саналады. Бұдан түйін ұлтқа, туған жерге деген сүйіспеншілік сезім - «рух» концептісінің астарында кең өзектеледі. Рухани негіздерін дамытпаған адам табиғи түйсіктер деңгейінде қалып қояды және ол өзімшілдіктің шеңберінен шыға алмайды. Ал қоғамдағы пендешіліктің түпнегізі де осы процестердің сана мен ділде барынша тереңдеп кетуіне байланысты. Төменде ақынның бірқатар өлеңдерінен іріктеліп алынған жыр шумақтары ұсынылып отыр. Барлық жыр негізі, берер ұғымы - рух дүниесін сомдау.

Рухсыз бен ұлтсыздың бағы жанған заманда

Басымды ием, дәл осы іске цемент тапқан адамға!

«Цемент - С. Сейтжановқа»

Қазіргі бақ қайсар рухты ерді емес,

Арын сатқан жағымпазды ескерер.

Тек күні үшін жалбаң қағып иілген

Пәс кеудеге асқақ рух түнер ме?

«ТЖ-лар»

Алғаш рет сен қозғалдың ұлт намысы дегенде,

Халқымыздың ұлы рухын алып ұштың көп елге.

«Біз, қазақтың екі ақыны, біргеміз -

Олжас Сүлейменовке»

Отырардың еңкеймеген рухын

Әр қазаққа ән арқылы жалғаған.

«Қалдаяқов өзені»

Бәйшешектің ғұмырындай тағдыр кешкен мәрт батыр,

Өлеңінде ешбір ғасыр өшіре алмас өрт жатыр,

Намысыңды дәуіріңе еткізбедің қақпақыл.

Міне, содан, ұлтымызды рухсыздан күзетіп,

Сенің жырың шекарада әлі күнге сапта тұр.

Ұлт рухы қай кезде де қанаттыға астана,

Айбергенов шыңын көрсең, атыңнан түс, жас бала!

«Айбергенов шыңы»

Ой қуатын жарқыраттым талай көңіл көгінде,

Бәлкім, мені рухымен палуан болсын дедің бе?

Қазақтың бас бұлшық еті, құлагер төс, піл табан,

Қара күште әлі ешкім жоқ сенше биік шырқаған.

Өнерге де өзгелерден жақын ең ғой бір табан,

Рух қашып бара жатыр өзің өскен қырқадан . . .

«Қазақтың бас бұлшық еті -

Қажымұқан қабірі басындағы ой»

Рухани байлығына арқа сүйемеген ел

Басқа өлкенің боданына айналады еріксіз.

Рухсыз ел тауыққа ұқсас, шыға алмайды самғауға

Сену қауіп терең тамыр жая алмаған талғамға,

Мазмұнынан айырылған,

Рух қанаты қайырылған

Елден сорлы бар ма екен жалғанда?!

Ұлы баба!

Тағдыры ойнамалы,

Арыстың ай доғалы сағасында.

Бұрымы бұлаң қаққан,

Сәулетін, сәнін бұзбай сылаң қаққан.

Анамыз - сұлу Сырдың жағасында,

Дәуіріне өзгертпеген рухының сағатын

Және ешкімге тежетпеген өр мінезін, тағатын,

Он бір ғасыр арасында,

Отырарда туылыппыз екі ақын.

«Құрметсіз, шыншыл тұлғалар

немесе түрік қағанатының құлауы»

Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер . . .

Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел,

Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер.

. . . Дүниені дүр сілкінткен жас толқынның саналы

Даңқын ешкім, ешкім бүркей алмас. Оны да еске салады.

Желтоқсанның бас алаңы, қайсар рух алаңы.

«Желтоқсан алаңы»

Техникалық түйсігі мен қарынының қадамы бір

Ұлы рухын сыртқа тепкен орташа ойдың заманы бұл.

Ғасыр арсыз болған соң ба Ұят, Намыс жүр киімсіз,

Ал, рухты жалаңаштау қоғам үшін тым тиімсіз.

Жалаң аяқ қалай жүрмек, жолда сансыз шеге жатыр,

Неге оған болыспайды қайсар сана, кемел ақыл.

Ағатай, сәл сақтаналық, рухсыз күш неге батыл?

Баспен емес, қарынымен ойлайтын топ келе жатыр.

«Ұлылар мен орташалар»

Махаббатта «Гүл болып ашылмағанның тілегін кім бар жақтаған?

Рухы қосылмағанның сезімі шаттық таппаған.

Рухы қосылмағандар - жалынсыз, сәнсіз, жақұтсыз,

Сондықтан мына жалғанда екеудің бірі - бақытсыз».

Жұбайың дос болды ма самғатқан сенім шырайын,

Нақ сондай ұлы бақытты берді ме саған құдайым?

Ойнай ма оның көзінде сезім мен рух жарқылы,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқына тән ұлттың рухтың катеориялары
Қазақ поэзиясының ұлттық сипаты
Ұлт және ұлттық идея ұғымдары
Мұхтар Шаханов поэзиясының қалыптасуы мен даму жолы
СОЛТҮСТІК ӨҢІРІНІҢ АҚЫН-ЖЫРАУЛАР ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ТІЛДІК- КӨРКЕМДІК ҚЫРЛАРЫ
Жазғызбадың есті өлең
Ұлттық идея және оның тарихи орны
Бүкіл әлем даму біз үшін ұшы қиырсыз мәселе
Ақын Мұхтар Шаханов
Мұхтар Шаханов поэзиясындағы рухани-адамгершілік құндылықтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz