Мектепке оқуға дайындықтың психологиялық негізі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік - гуманитарлық коледжі
Педагогика пәнінен курстық жұмыс
Мектепке оқуға дайындықтың психологиялық негізі
Орындаған :
Жетекші :
педагогика пәнінің оқытушысы
2016 жыл
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
- Мектепке дейінгі балалардың психикалық дамуыБалаларды мектеп оқуына дайындаудың психологиялық мәселелері . . . 5
1. 2 Баланы мектептегі оқуға дайындаудың психологиялық бағыттары . . . 9
1. 3 Баланы мектепке психологиялық жағынан дайындаудың маңызы . . . 14
2 . Балалардың мектептегі оқу барысында танымдық процестерінің
даму деңгейі
- Балалардың ерік сапаларының қалыптасуы мен эмоционалдық даярлығы . . . 19
- Бала психологиясының жас ерекшелігіне сай даму деңгейі . . . 22
3. Балаларды мектепке дайындаудың психологиялық аспектілері
- Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық үдірістерінің даму деңгейі . . . 25
- Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу әдістері . . . 28
- Баланың оқуға психологиялық дайындығының диагностикасы мен әдістері . . . 34
Қорытынды . . . 40
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 42
Қосымша 1 . . . 43
Қосымша 2 . . . 44
Кіріспе
Қазіргі кезеңде білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігінен орын алуға және де ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар, тәуелсіздік алып, егеменді ел болуымыздың арқасында қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген ертеңгі қоғам иегері боларлық азамат тәрбиелеп өсіру, отбасының, бала бақшаның, мектептің, барша жұртшылықтың ауқымды міндеті екені айдай анық.
Қазіргі кезде балалар психологиясы ғылымында, мектеп оқуына дайындықтың мазмұны тек бала білімімен, демек интеллектуалдық дайындығымен тұжырымдалмай, оның психикасының сапалы ерекшелігімен, яғни белгілі психикалық құрылымдардың қалыптасуымен негізделеді. Бұл көзқарастың негізін Л. С. Выготский мектепке дейінгі балалардың психологиялық жаңа құрылымы ретінде «интеллектуализация аффекта» яғни
«жан күйзелісі зияттылығы» - деген түсінікті енгізуімен қалаған. Бұл жаңа құрылымның бір көрінісі ретінде баланың тәлім-тәрбиесінің қоғамда қолданған талапқа бағыну бағытымен өзгеру деп санайды.
Баланың мектепке баруын қай кезде болмасын педагогтар және психологтар қауымы бала өмірінің жаңа бастауы ретінде, оның әлеуметтік ортада жаңа орын алуы деп қараған. Баланың оқу әрекетіне дайындығын Л. И. Божович, оның әлеуметті маңызы және әлеуметті бағаланатын қажеттілігінің өсуімен байланыстырады.
Мектеп оқуына балалардың психологиялық дайындығын зерттеуге мектеп оқуын, ойдағыдай меңгеру үшін сол оқу процесіне психологиялық бейімделуін зерттеуге арналған. Біздің ойымызша баланың мектеп оқуын негізгі әрекет ретінде қабылдап әрі қарай меңгеріп кетуі үшін осы күрделі оқу әрекетіне алдын-ала бейімдеу керек. Балалардың мектеп өміріне мейлінше аз уақытта бейімделуіне қажетті оқу әрекетін қабылдау сапасын көтеретін арнайы диагностикалық және дамытушы эксперимент құрастыру арқылы балаларды мектепке бейімдеу және өз әрекетін жетілдіруге ұмтылуын дамыту керек. Мектепте жүйелі түрде оқуға психологиялық даярлық - мектепке дейінгі балалық шақтағы бала дамуының қорытынды нәтижесі. Ол бірте - бірте қалыптасады және ағзаның даму жағдайларына байланысты.
Мектепте оқуға даярлық ақыл - ой дамуының белгілі бір деңгейін, сонымен қатар қажетті тұлғалық сапалардың қалыптасуын қамтамасыз етеді. Баланың оқу әрекетіне жеке басының дайындығын психологтар, оның өз психикалық процестерін басқара білуімен байланыстырады, демек бала импульсивтілік (жедел) эмоциясынан құтылып, әрекет барысында ерік-жігер қасиеттері орын ала бастап, бала жинақтылық, белсенділік, тәртіптілік және оқуға ынтасын көрсетеді.
Балаларды мектеп өміріне ойдағыдай бейімдеу үшін қажетті оқу компоненттерін (оқу тапсырмаларын қабылдауы және оқуға ынтасы) қалыптастыру қажет. Балада оқу тапсырмасын орындау ынтасы оқу әрекетінде ғана қалыптасуға мүмкіндігі бар деген тезисті негіз ретінде қолдана отырып оқу әрекетінің қалыптасуы барысында баланың оқуға, үйренуге, жаттығуға ынтасы көтеріліп, мектеп өміріне мейлінше тез бейімделуге қажетті сапа - оқу, үйрену, жаттығу мүмкіндігін барынша қолдану қажеттілігі артады.
Мектепке баратын балалардың оқу процесі жүйелі болуы үшін, баланың оқуға бейімділігі, қабылдайтын білімі, оқу міндетін орындауы, түзету жұмыстары, психологиялық тиімді жолға қойылса, онда білім өзінің мәні мен маңыздылығында көріне алады. Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін реформалау барысында әрбір баланы мектептегі оқу және әлеуметтік ортаға еркін бейімделе алатындай жағдай жасау аса маңызды міндет. Демек, қазіргі талап бойынша мектептің бірінші сыныбына келетін балалардың физиологиялық жағынан мықты, адамгершілік, мәдениеттілік, еңбексүйгіштік қасиеттері мол, ерік-жігері күшті, жұмыс қабілеттеріне ие, білімге қызығушылық сипаттары мол болуы қажет. Сондықтан да мектеп пен мектепке дейінгі мекеменің, ата-аналардың басты міндеті - баланы мектептегі оқуға, мектеп өміріне даярлау.
Курстық жұмыстың мақсаты : мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық тұрғыда дамуы мен танымдық процестерінің дамуын анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері :
- мектеп жасына дейінгі балаларды психологиялық тұрғыда дайындаудың маңызы мен оның аспектілерін айқындау;
- мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық үрдістерінің дамуын деңгейін қарастыру;
- мектепке дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу.
Курстық жұмыстың өзектілігі : мектеп жасына дейінгі балаларды оқуға психологиялық тұрғыда зерттеудің негізгі диагностикасы мен әдістерін қарастыра отырып, зерттеу әдістерін айқындауында.
- Мектепке дейінгі балалардың психикалық дамуыБалаларды мектеп оқуына дайындаудың психологиялық мәселелері
Мектепте оқуға психологиялық даярлық баланың негізгі психологиялық сфераларының қалыптасқандығынан көрінеді: ықыластанушылық (мотивациялық), адамгершілік, еріктік, ақыл-ой және бұлар оқу материалын табысты меңгеруді қамтамасыз етеді. Баланың мектепте оқуға психологиялық
даярлығы оның мектепке түсу мезетінде мектеп оқушысына сай психологиялық белгілер құрылатындығында емес. Олар тек мектепте оқу барысында қалыптасады. Баланың мектепке баруын қай кезде болмасын педагогтар және психологтар қауымы бала өмірінің жаңа бастауы ретінде, оның әлеуметтік ортада жаңа орын алуы деп қараған. Баланың оқу әрекетіне дайындығын Л. И. Божович, оның әлеуметті маңызы әлеуметті бағаланатын қажеттілігіннің өсуімен байланыстырады.
Баланың мектеп оқуына дайындығы бірнеше компоненттен тұрады : интеллектуалды, жеке дайындығы, коммуникациялық, дене дайындығы. Интеллектуалды дайындық - баланың аналитикалық қабілеттілігіннің, әрекеттің жалпы принциптерін көре білуін, әртүрлі ой операцияларын шеше білуін және қоршаған ақиқатқа танымдық көзқараспен қарай білуін болжайды. Мысалы, И. В. Дубровинаның айтуы бойынша, білімге балалардың көзқарасының әртүрлі болу, білімді бәрі бірдей ойдағыдай қабылдамауы бірінші сынып оқушыларының әрекетінің нәтижесінде көрініс беріп отырады, ал көп жағдайда тіпті олардың оқу әрекетінің кейінгі кезеңдеріне де әсерін тигізеді. Баланың мектептегі оқуға даярлығын анықтаған кезде мектеп жағынан талаптарды белгілеп, қисынын мазмұндап және осы талаптарға байланысты баланың білімі сәйкес келуіне қорытынды жасалады. Осы міндеттерді шешу барысында ғалымдар келешекте баланың мектептегі оқуға даярлығын түрлі аспектілерде қарау керек екенін ұсынды [1] .
Мектепке дейінгі балалық шақта бала дамуының қорытындысы тек осы
белгілердің алғы шарттары болып табылады. Олар баланың мектеп жағдайына
бейімделуіне, жүйелі оқуға кірісуіне жеткілікті болуы қажет. Мұндай алғы шарттарға ең алдымен оқушы болғысы келу, маңызды іс - әрекетті орындау,
оқығысы келу талап тілегі жатады. Ол психологиялық жағынан ойыннан «өсіп кетеді» және мектеп оқушысы жағдайы ол үшін «есеюге» баспалдақ, ал мектептегі оқу - барлығы да құрметпен қарайтын жауапты іс.
Танымдық іс - әрекеттің еркіндігіне келетін болсақ, ол мектепке дейінгі
ересек жаста қалыптасса да, бірақ мектепке түсу кезінде әлі де толық даму деңгейіне жетпейді. Балаға ұзақ уақыт бойы тұрақты ырықты зейінді сақтау қиын, көлемі бойынша бірталай материалды жаттау т. б. Бастауыш сыныпта оқыту балалардың осы ерекшеліктерін ескереді. Олардың танымдық іс-әрекетінің еркіндігіне қойылатын талаптар, оқу процесінің өзінде оны жетілдіру қалай орындалатынына қарай бірте - бірте өседі. Баланың мектепке даярлығының ақыл - ой дамуы саласында бірнеше өзара байланысты жағдайларды қамтиды. Бірінші сыныпқа түскен балаға айналадағы әлем туралы белгілі білім қоры қажет - заттар мен олардың қасиеттері туралы, өлі және тірі табиғат құбылыстары туралы адамдар олардың еңбектері және қоғамдық өмірдің басқа да құбылыстары туралы «жақсы деген немене, жаман деген немене» яғни әдептілік туралы және т. б.
Бірақ бұл білімдердің қаншалықты көлемі емес, соншалықты олардың сапасы - мектеп жасына дейінгі шақта қалыптасқан түсінігінің дұрыстық, нақтылық және жинақтау деңгейі өте маңызды. Мектепке психологиялық даярлықта дәстүрлі түрде «мектептік» болып саналатын арнайы білім мен дағдыны игеруі - сауаттылығы, санай білуі, арифметикалық есептер шығара алуы ерекше орын алады. Алайда бастауыш мектеп ешқандай арнайы дайындық алмаған балаларға арналған да, сауат ашу мен математикаға басынан бастап үйрете бастайды. Сондықтан да осыған сәйкес білім және дағдыларды баланы мектепке оқытуға даярлықтың міндетті құрамдас бөлігі деп есептеуге болмайды.
Мектеп жасына дейінгі жоғарғы топ балаларының жеке басының дамуына маңызды әсер ететін әрекеттің құрамындағы оқу мотивтері негізгі орын алатынына зеттеулер арқылы қорытындылар туып отыр. Бұл мотивтердің алдын-ала пайда болуына себепкер болып отырғаны, бір жағынан мектеп жасына дейінгі кезеңнің соңында жалпы бейімділігінің қалыптасуы, оқушы атануы және ақыл ойының белсенді дамуы. Бейімделу қажеттілігінің пайда болуы, мектеп жасына дейінгі балалардың мотивациялық аясындағы сапалы жаңалықтың пайда болуы.
Сонымен, бүгінгі таңда мектепте оқытуға даярлық - кешенді психологиялық зерттеуді талап ететін көп компонентті білім беру екендігі практика жүзінде қашаннан мәлім нәрсе. Психологиялық даярлық құрылымында төмендегідей компоненттерді бөліп қарау қабылданған.
Тұлғалық даярлығы . Баланың жаңа әлеуметтік позиция - мектеп оқушысы статусын қабылдауға, оның құқығын біліп, міндеттерін орындауға дайындығын қалыптастыру. Бұл тұлғалық дайындық баланың мектепке, оқу іс-әрекетіне, мұғалімдерге, өзіне қатынастардан байқалады. Тұлғалық дайындыққа мотивациялық сфераның белгілі бір даму деңгейі де кіреді. Тұлғалық даярлық, сонымен бірге баланың эмоциональды сферасының даму
деңгейін де қарастырады. Бала мектептік оқытудың басында, оқу іс-әрекетінің
дамуы және өтуіне жағдай туғызатын салыстырмалы түрде жақсы эмоциональдық тұрақтылыққа жетуі қажет.
Интеллектуальды даярлығы . Даярлықтың бұл компоненті балада ой - өрісінің, нақты білімдер қорының болуын қарастырады. Сонымен бірге, интеллектуальдық даярлық балада оқу іс - әрекет саласында бастапқы біліктіліктерін, жекелей алғанда, оқу міндетін бөліп алу және оны өзіндік іс-әрекетінің мақсатына айналдыру біліктіліктерін қалыптастыруды қарастырады.
Мектепте оқытуға интеллектуальдық даярлықты дамыту мынадай жағдайларды қарастырады деуге болады:
- таңдамалы қабылдау;
- аналитикалық ойлау (құбылыстар арасындағы негізгі белгілер мен
байланыстарды танып білу қабілеті, үлгіні қайталай алу қабілеті) ;
- қоршаған ортаға нақты көзқарас (қиялдау, фантазия) ролінің әлсіреуі;
- логикалық есте сақтау;
- білімге, қосымша күш салу есебінен оны алу процесіне қызығушылық;
- естіп қабылдау арқылы сөйлеу тілін меңгеруі және символдарды
түсінуге және қолдануға қабілеті.
Әлеуметтік-психологиялық дайындық . Дайындықтың бұл компоненті балада басқа балалармен, мұғаліммен қарым-қатынас жасай алатын сапаларды қалыптастыруды көздейді. Бала топ болып бірге жасап жатқан жұмыс үстінен түседі. Осы кезде балада өзін ортаға бейімдеу қабілеті өте қажет болады. Ол үшін балалармен араласып кетуге, олармен бірге әрекет етуге, олардың қызығушылығына ортақтасуынан, оқу процесіндегі түрлі жағдайларға икемделуіне ықпал ету керек.
Физиологиялық дайындық . Бұл дайындық бала ағзасының қызметі мен денсаулық жағдайының даму деңгейімен анықталады. Баланың мектепке дайындығын дәрігерлер арнайы өлшемдермен белгілейді. Баланың мектепте оқуға психологиялық және физиологиялық дайындығын анықтау кезінде денсаулық жағдайы басты назарда болуы шарт. Өйткені білімді игеруге, оқуға
деген қызығушылығы басым болғандығымен денсаулығы сәйкес келмеуі мүмкін. Ондай балалар жай қатардағы мектептерде оқығаны жөн. Баланың жүйке жүйесінің дамуында функционалдық және оганикалық түрлі ауытқулар
болуы мүмкін. Оқу жылының басындағы оқу-тәрбие процесінде балаға ерекше салмақ түседі. Жүйелі оқу жұмысы, көлемді ақпарат, орындықта ұзақ отыру, күнделікті күн тәртібінің өзгеруі, мектеп ұжымының ортасы кішкентай мектеп оқушысын ақыл-ойы жағынан да, физиологиялық жағынан да шаршатады. Әр баланың дамуы түрліше болатынын естен шығармау керек. Олардың жасы биологиялық дамуымен сәйкес келе бермейді.
Психологиялық даярлықты, балалардың жалпы даму деңгейінің жетістіктерін және дағдыларының қалыптасуын, балалардың мектептегі жетістікке жету мүмкіншілігінің қандай да бұл үйлесімділігін жасау немесе мотивациялық, зияттылық, жеке бастық және қатынастық даярлығын, сонымен бірге оқу әрекетіне алдын ала қалыптастыруды ойластырды.
Психологтың міндеті психодиагностиканың әдістемелерін қолдану арқылы және зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, 6 жастағы баланың оқуға дайындығын анықтайды. Яғни, баланың оқуға дайын немесе әлі дайын еместігі жайлы қорытынды жасалынып, оқуға дайын емес балалармен таным үрдістерін дамыту мақсатында индивидуалдық және топтық сабақтар ұйымдастырылады. Сонымен бірге коррекциялық - дамыту жұмыстарын жүзеге асыруда бағдарлама құрылады. Ал педагогтарды оқу жылдың басында болашақ бірінші сыныптағы балалардың мектептегі оқуға психологиялық зерттеуде алынған нәтижелермен таныстырады. Әсіресе мектептегі оқуға дайын емес балалардың жағдайларына ерекше көңіл бөліп, қандай оқушылармен жұмыс істеу керектігін жайлы ақпарат алып және оқу-тәрбие үрдісінде жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін өзбетімен немесе психологтың көмегімен таңдауға болады [2] .
Мектепке дайын емес балаларды оқытуда оқушыларды жиі мадақтап, оқуда баланың табысқа жетудің жағдайларын тудыру керек. Сабақ барысында оқушылар бір орында отырудан әбден жалығады. Оларға эмоциялық бәсеңдеу қажет болған соң айғалайды. Сондықтан сабақта қозғалыс ойындарды тиімді қолданып және сергіту сәттерін жиі өткізіп тұрған дұрыс. Егер баланың сабақта көп қозғалуына мүмкіндік жасаса, ағзаның барлық жүйесінің қызметін және физиологиялық күш қуатын жақсартуға мүмкіндік жасайды. Бұл сабақты тез игеруіне көмектесіп, баланың жұмысқа қабілеттілігі жоғарылайды.
Кез-келген ата-ана баласының өсіп-жетілуінде, рухани күшті етіп тәрбиелеу жолында алуан түрлі қуаныш пен қиыншылықтарды бастарынан өткізе отырып, оның рухани және ақыл-ойы мен дене құрлысы жағынан жан-жақты даму дәрежесіне жеткізуге баулиды. Мұғалім баланы оқуға дайындауда ата-анасымен бірлесе отыра жүргізеді. Оларға іс-әрекеттің мазмұны өзгерген кезде баланың мінез-құлқы да, ішкі психикалық өмірі де өзгеретінін және осы кезде баласына аса қажет екендігі түсіндірілуі керек.
1. 2 Баланы мектептегі оқуға дайындаудың психологиялық бағыттары
Мектепке алғаш бару - бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға көшуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы. Баланы мектепке дайындау дегенде көптеген ата-аналар балаға әріптерді және санауды үйретумен ғана шектеледі. Әрине баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының даярлығымен ғана шектеліп қоймай, оның оқуға психологиялық жағынан даярлауды қарастыру қажет. Яғни, бұл баланың мотивациялық-қажеттілік және психикалық үрдістерінің дамуы оқуда, қарым-қатынаста қиындыққа кезікпеуіне мүмкіндік береді. Бұл қауырт кезеңде мектеп бірінші күннен бастап оқушыға бірнеше талаптар қойып және баланы ұқыптылық пен зейінділікке тәрбиелейді. Сондықтан да балалар оқу ісіне машықтануға, қимыл-әрекетерінің ықтиярлы басқарылуы қабілетін, ақыл-ой еңбегін, мақсаткерлігін, дағдысын қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді.
Бүгінгі күнде «мектептегі оқуға дайындық» ұғымы комплексті және баланың барлық өмірінің сферасын қамтиды. Мектепке дейінгі баланың өмірінде әлеуметтік, психологиялық жағынан және физиологиялық жағынан да қиын кезең. Бұл кезеңде мектеп өмірімен танысады, әлеуметтік ортасы өзгеріп және оқушының жаңа әлеуметтік рөлін меңгере бастайды. Белгілі орыс психологтары А. Н. Леонтьев, А. В. Запорожец, А. А. Люблинская мектепке даярлау ұғымына баланың оқу тапсырмаларын түсінуін, әрекеттерді орындау тәсілдерін меңгеруін, ерік қасиеттерінің дамуын, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау дағдыларын, мұғалімді тыңдау, материалды еске сақтау біліктілігін жатқызады. Е. Е. Кравцова мектептегі оқуға психологиялық даярлығы бұл баланың дамуында «қарым-қатынас» негізгі ролді атқарады деген тұжырымға келді. Ал Л. И. Божович мектепке келетін баланың таным қызығушылықтары дамыған, әлеуметтік ортаға ене алу біліктілігі және оқуға деген ынтасы болу қажет деген пікірге келді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дайындаудың психологиялық бағыттары төмендегідей:
Бірінші бағыт - балаларды мектептегі оқуға қажетті нақты іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру;
Екінші бағыт - мектеп жасына дейінгі кезеңнің аяғында байқалатын жаңа құрылымдар мен бала психикасындағы өзгерістерді зерттеу;
Үшінші бағыт - оқу әрекеттерінің алғы шарттары;
Төртінші бағыт - баланың берілген ережелер мен ересектер талабына саналы түрде бағыну іскерлігі.
Демек, баланы мектепке психологиялық жағынан даярлау тақырыбын зерттеп жүрген психологтар даярлықтың төменгі бағыттарын бөліп көрсетті:
Баланың мектепте табысқа жетуінде бұл бағыттар аса маңызды болғандықтан, әрбір бағыт жайлы ақпаратпен қамтамасыз етуді жөн көрдік.
Ақыл-ойының дайындығы. Бұл мектепке дейінгі баланың білімі және біліктілігі. Кез-келген бала жазып және санаумен ғана шектеліп қана қоймай, ең маңыздысы салыстыра білуді, талдауды, ойлай білуді, өздігінен қорытынды жасай білуі тиіс. Көрнекі - әрекеттік ойлау қабілеттілігі жоғары бала көрнекі үлгімен жұмыс істегенде, заттардың кейпімен, мөлшерін ұйқастырғанда, қойылған міндеттерді шешуде тиімді әрекеттердің барлық түрін орындап шығады. Сонымен бірге баланың сөйлеу тілінде кемістіктің болмауы және өзіне сөйлеген сөздің мағынасын түсініп, өзінің ойын жеткізе алуы қажет. Бала өзбетімен сөйлем құрастырып, ұқсас дыбыс тіркестерін анық айта алуы маңызды. Әрбір бала әңгімені құрастырумен қатар әрі бала заттарды, суреттерді, әрекетттерді бейнелеп және оның мазмұнын айтып беруі қажет. Яғни, баланың сөздік қорының мөлшері, таным үрдістерінің даму деңгейі, логикалық операцияларды орындай алуы, баланың оқуда білімді табысты меңгеруінің негізі болып табылады.
Ақыл-ой дайындығының көрсеткіштері
Биологиялық кемелденуі. Мектептегі оқу әрекеті - бұл ағзаның барлық жүйелерінің қатты жұмыс істеуін қажет ететін үрдіс. Баланың ағзасында жаңа ережелер мен іс-әрекеттерге үйрену өзгерістер туғызады. Оқушы мектептің талаптарын орындап, жаңа күн режиміне, сабақтарда тәртіп сақтап отыруыға дағдылануы қажет. Алайда кез-келген баланың денсаулық жағдайы мұндай өзгерістерге бірден бейімделе алмайды. Сондықтан баланың денсаулық жағдайы (дене салмағы, бойының ұзындығы т. б. ) нормадағы 6-7 жасар баланың дене көрсеткіштеріне сәйкес болуы тиіс. Сонымен бірге көру, есту, моторикасының дамуы және жүйке жүесінің физиологиялық жағдайын жатқызуға болады.
Жеке басының қалыптасуы мен әлеуметтік даярлығы. Мектепке келген бала оқимын деген ниетпен мектеп табалдырығын аттайды. Бірақ кейде бала оқуға барғым келеді дегенмен, оның мотиві әртүрлі болады. Біреуі мектепте көп бала бар және онда көңілді десе, біреуі партаға отырғысы келгендіктен мектепке баруы мүмкін. Алайда мұндай ықыласпен мектепке келген балалар, біраз уақыттан кейін мектептің қатал тәртібіне және күнделікті оқу сабақтарына шыдай алмайды. Жалпы, бала оқу үрдісінің өзіне қызығуы қажет. Сонда ғана бұл баланың таным қызығушылықтарының дамуына, жаңа білім алуына мүмкіндік жасайды. Сонымен бірге бала мұғалімдермен, балалармен қарым-қатынас жасау үшін қажетті қасиеттердің қалыптасуы аса маңызды. Яғни, оқу әрекеті ұжымдық сипат болғандықтан, әрбір бала құрдастарымен қарым-қатынас жасай алуға, бірге жұмыс істеуге дағдылануы керек. Кейбір балалар жаңа ұжымға тез еніп, балалармен тез тіл табысып кетеді. Ал кейбіреулері көпке дейін құрбыларымен тез тіл табыса алмағандықтан, ұжымнан тыс қалып, жалғыз жүреді. Сондықтан баланың ұжымда өзіне тиісті орын алуы, оның қарым-қатынасына әсер етеді. Сөйтіп берілген құраушылар баланың басқалармен қарым-қатынас арқылы мектепте оқытуға, мектеп оқушысының рөлі арқылы балалар тобымен ойлау дайындығын дамытады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz