Туынды мағына


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ТУЫНДЫ МАҒЫНА

(мақала)

Қазақ тілі бүгінгі күні сөз байлығы жағынан дамыған тілдердің қатарына жатады. Себебі, қазақ тілінің сөздік құрамы халқымыздың басынан кешірген бүкіл тарихы мен өмірінің, шаруашылығы мен кәсібінің, материалдық байлығы мен рухани қазынасының айнасы, куәсі іспеттес замандар бойы қалыптасқан ұзақ дамуының жемісі. Сондықтан, лексиканы зерттеу сөздік құрамды тұтас бір бүтін жүйе деп қарауды міндеттейді. Сөздік қорымыздағы сөздердің мағынасын толық түсініп, оның мазмұнын ұғына білуіміз үшін ең алдымен, сөз мағынасына назар аудару қажет.

Тілдегі сөздің дыбысталуы оның материалдық сыртқы көрінісі болып табылса, ал ұғымды білдіріп, мағынаға ие болуы оның ішкі мазмұнын білдіреді. Егер белгілі бір зат туралы ұғымымыз болмаса, оның мағынасын да білмейміз. Ұғым бар жерде мағына бар. Сөз мағынасы заттық-логикалық ұғымнан басқа айтушының ақиқат дүниеге көзқарасын, әр түрлі көңіл-күйін, сезімін және сөздің грамматикалық сипатын да білдіре алады. Бұл сөз мағынасының ұғымнан кең екенін байқатады. Ал, енді ұғым мен мағынаға жеке - жеке тоқталып, қарастырып көрейік.

Ұғым дегеніміз - шындық өмірдегі зат, құбылыс, іс-әрекетке тән басты белгілердің адам санасында жинақталып, қорытылып берілген бейнесі. Заттар мен құбылыстар жайындағы біздің санамыздағы ұғымдар адамның сезім мүшелері мен түйсігі арқылы ұзақ уақыт бойы сыртқы дүние мен араласуының, оны танып білуінің нәтижесінде пайда болады.

Ал сөз мағынасы ойды ғана білдірмейді, сонымен қатар сезім мен ерікті, көңіл-күйін білдіру үшін жұмсалады. Мағына - сөздердің ұғыммен байланысты мәні, мазмұны. Сөз мағынасының қалыптасуына ұғымнан басқа да жәйттер себеп болады, ол адамның дүниеге көзқарасын, көңіл-күйін білдіреді. Сөз ұғымы тұтас, дербес болғанымен, мағынасы әлдеқайда кең әрі бірнешеу болуы мүмкін. Кез келген сөзде белгілі бір мағына болғанымен, сөздердің барлығы бірдей ұғымды білдірмейді. Мысалы, «Мына сиыр сүтті-ақ екен» деген сөйлемдегі «ақ» шылауында күшейту мағынасы бар да, «Сен ауылға бардың ба?» деген сөйлемдегі «ба» деген шылауда сұраулық мағына бар. Бірақ бұлардың ешқайсысы да ұғымды білдірмейді. Сөз мағынасының әр түрлі эмоциялық реңкі болады. Мысалы, «қаз-қаз», «тәй-тәй» (жүру), «түу, ойбай-ай» деген сөздер заттық логикалық ұғымды білдірмейді, бірақ оларда сүйіну, күйіну, өкінуді білдіре алатын эмоционалдық мағына бар. Ал ұғымда мұндай эмоциялық реңк болмайды.

Сөз мағынасын анықтауда екі түрлі жолмен баруға болады. Біріншісі онамосиологиялық жол болып саналса, екіншісі - семасиологиялық жол. Сөз мағынасын онамосиологиялық жолмен талдағанда сөздердің мағынасының объектив дүниедегі заттармен, құбылыстармен (денотаттармен) ара қатынасын, сол заттарға берілген аттың (сөздің) берілу принциптерін анықтаса, семасиологиялық жол сол мағынаның қалыптасуын және сөз не сөз тіркестерінің ішкі элементтерінде қалыптасқан (таным процесі негізінде) ұғымның қалыптасу механизмін анықтайды. Екі жолдың да мақсаты бір - сөз мағынасының құрылымдық элементтерін анықтау, қалыптасу жолын белгілеу, бірақ зерттеу әдістері басқа [1, 8] .

Сөз мағынасының лексикалық және грамматикалық түрлері бар. Тілдегі сөздердің мағынасы сол тілдің семантикалық жүйесінің бөлшегі болып табылады да, оның сөздік құрамымен, сөздердің мәтінде қолданылу ерекшелігімен, тілдің грамматикасы табиғатымен байланыста айқындалады.

Лингвистикада сөз мағынасының төмендегі типтері бар. Сөздің атауыш (номинатив) мағынасы, ол тура мағына деп аталады. Сөздің затты немесе құбылысты атап білдіретін мағынасы атауыш (номинативті) мағына деп аталады. Атауыш мағына - әр заттың өз алдына дербес мағынасы болып табылады, сол арқылы бір заттарды бір-бірінен айыра білеміз.

Мысалы: жапырақ, қағаз, дәптер, көл, тау деген заттық ұғымдар жеке - жеке аталып, бірден атауыштық мағыналарға ие болып тұр. Сөздің атауыш мағынасы заттар мен құбылыстарға жанама түрде емес, тікелей бағытталатындықтан, тура мағына деп аталады. Сөздің тура мағынасы деген ұғымға заттар мен құбылыстардың ауыс немесе басқа туынды қосымша мағыналары кірмейді.

Тіліміздегі сөздердің бәрі бірдей атауыш лексикалық мағынаны білдіріп қоймайды. Олардың ішінде бірнеше атауыш мағынаға ие болатындары аз емес. Мысалы: «көз» деген сөздің адамның немесе жан-жануардың көру мүшесін білдіретін бастапқы мағынасы болса, «күннің көзі», «терезенің көзі», «бұлақтың көзі» дегендегі «көзі» ауыспалы мағынадағы лексикалық мағыналарға жатады. Бірнеше лексикалық мағынасы бар сөздердің алғашқы, бастапқы мағыналары тура мағыналары тура емес, ауыс мағыналары болып табылады.

Егер сөз затты, оның белгілері мен іс-әрекетін дәл қалпында айқын түрде білдірсе, онда оның мағынасы нақты болып табылады. Мысалы: қағаз, қалам, барды, әкелді (сүт), ақ (мата), көк (шөп) . Егер сөз затты оның нақты белгілерінен, қасиеттерінен ажыратып, ойша дерексіздендіріп білдірсе, онда абстракт (дерексіз) мағына туады. Мысалы: адамгершілік, жақсылық, достық, игеру, басқару т. б. сөздер.

Сөздің бойындағы әр түрлі мағыналардың табиғаты бірдей емес. Тіл білімінде сөздің мағыналарын әр тұрғыдан қарастыру және осыған сәйкес, сөз мағыналарын түрліше топтастырып саралау дағдысы бар. Тарихи түрғыдан алып қарағанда, сөз мағыналары негізгі мағына жэне туынды мағына деп аталатын екі түрге бөлінеді.

Мысалы, «ер» деген сөздің

1. «ер азамат» деген мағынасы - бастапқы, негізгі мағынасы да,

2. «күйеу, жолдас, өмірлік жолдас»

3. «батыл, батыр» деген мағыналары - сөздің семантикалық жақтан дамуы барысында кейіннен пайда болған туынды мағыналар.

Туынды мағына түпкі мағынадай емес, басқа бір мағынаның қатысымен туған, пайда болу себебін (мотивін) түсіндіруге болатын, сөздің кейінгі (екінші) мағынасы болып табылады. Туынды мағына әдетте сөзжасам тәсілдерімен байланысты қарастырылады. Туынды мағына өзін тудырған сөздің мағынасымен байланысын үзбейді. Мысалы, түбір «қон» сөзінің лексикалық түпкі мағынасы «қонақ, қоныс, қонақтау, қонағуар, қонаға, қоналқа, қондырғы» сөздерінің туынды мағыналарында бір - бірінен өрбіген сөздердің екіжақты байланысы деп қарауға болады.

Туынды мағынаның қашанда тікелей түпкі мағынадан туып отыруы шарт емес. Түбір сөздің түпкі мағынасынан өрбіген туынды мағыналардың өздерінен не туынды мағыналар жасалып отырады. Мысалы, жоғарыдағы «қонақ», «қоныс» сөздері тікелей «қон» түбірінен жасалса, ал басқалары одан тікелей туып тұрған жоқ, одан туған туынды сөздерден жасалып тұр.

Мысалы, «қонақтау» сөзі «қонақта» сөзінен, ол «қонақ» сөзінен жасалса,

«қодырғы» сөзі «қондыр» сөзінен, ол «қон» сөзінен жасалған [2, 77] .

Туынды мағыналы сөздер қазақ тілінде өте мол. Әсіресе, сөзжасам жұрнақтары арқылы туған сөздердің қазақ тілінің лексикасында алатын орны ерекше. Ы. Е. Мамановтың пікірінше, қазақ тілінде сөз тудырушы қосымшалар арқылы жасалған туынды түбірлердің сан мөлшері сөздік құрамның басым көпшілігі болып табылады. Әрбір туынды сөзде туынды мағына болатынын ескерсек, одан жалпы туынды мағыналардың қазақ тілінің семасиологиясында алатын орны қандай екенін аңғару қиын емес.

Тілде сөз мағыналарының ауысу тәсілдерінің ішінде өте жиі кездесетіні және ең бастысы - метафора тәсілі. Метафора құбылысының сөздің мағынасынан орын тепкені және әбден үйреншікті болып кеткені соншалық, метафораның негізінде туған қосымша мағынаның көп жағдайда туынды, келтірінді мағына екені бірден аңғарыла бермейді. Метафораның негізінде туған келтірінді мағына, әдетте, сөздің туынды мағынасы ретінде қалыптасып орнығып кетеді. Мұндайда метафораның негізінде туған мағына сөздің сөздіктегі мағыналық мазмұнына еніп, оның туынды мағыналарының бірі ретінде қаралады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ тілі сөзжасамындағы үшіншілік туынды мағынаның жасалу жолдары
Сөзжасамның сөз жасаушы тәсілдері
Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы
Тілдің сөзжасамдылық жүйесі
Сөзжасамның жалпы түсініктері. Морфемдік талдау және орфография
Қазақ тіліндегі атаулық тіркестердің қалыптасуы мен жасалу жүйесін, модельдерін, уәжділік негізі мен семантикалық құрылымының өзіндік ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан зерттеу
«ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЕТІСТІК НЕГІЗДІ ТУЫНДЫ СӨЗДЕРДІҢ СӨЗЖАСАМЫ»
Сөзжасамдық тәсілдерін қарастыру
Сөзжасам
Сөз тіркесінің атау туғызуы туралы мәселенің зерттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz