Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан» романының тілінің стилдік ерекшелігі


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Ғ. Мүсіреповтың «Ұлпан» романының тілінің стилдік ерекшелігі
Ғылыми жетекші:
Мазмұны:
Кіріспе . . . 3-4
I. Шығарма тіліндегі фразеологизмдер.
1. 1. Ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер . . . 4
1. 2. Дөрекі-қарапайым фразеологизмдер . . . 5-6
1. 3. Соматикалық фразеологизмдер . . . 6
1. 4 Кітаби фразеологизмдер . . . 7
ІІ. Шығарма тіліндегі мақал - мәтелдер қолданысы
2. 1. Шығармадағы мақал - мәтелдер . . . 8-10
2. 2. Авторлық афоризмдер . . . 11-13
ІІІ. Шығарма тіліндегі қаламгердің тілдік қолданысы
3. 1. Қарапайым - тұрмыстық және қос сөздер . . . 14-16
3. 2. Антоним, Омоним, Синонимдер . . . 17-25
3. 3. Кірме сөздер . . . 25-27
3. 4. Көнерген сөздер . . . 27-33
3. 5. Диалектизмдер . . . 33-35
ІV. Шығармадағы көркемдегіш-бейнелеуіш тәсілдер
4. 1. Теңеу . . . 35-37
4. 2. Эпитет . . . 37-38
4. 3. Кейіптеу . . . 38-39
4. 4 Метонимия . . . 39
4. 5. Портрет . . . 39-42
Қорытынды . . . 43
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 44
Кіріспе
Лексикология - (гр. leksikos - сөз туралы, logos - ілім) сөздерінен құралған тіл білімінің сөздік құрамын, тілдің лексикасын зерттейтін сала. Сөздік құрамға байланысты лексикологияны қарастыратын тілдің негізгі бірлігі ретінде көрінетін сөз мәселесі. Қазақ тілінің лексикологиясы қазақ тілінің сөздік құрамын тексеретін ғылым. Лексикологияны жете түсіну үшін оның нысаны болып табылатын сөздік құрам тұтас бір бүтін жүйе ретінде қаралуға тиіс. Лексикология тілдегі сөз қорының мынадай жақтарын зерттейді: сөзге қатысты мәселелер; лексикалық бірліктердің түрлері; сөз қорының құрылысы; лексикалық бірліктің қызметі; сөз қорының дамуы мен толықтырылуы; Лексикология сөздердің ірі топтарын да өрісті зерттейді деп ғалым Болғанбаев көрсетіп кеткен болатын. [1, 3бет]
Жұмыстың мақсаты - «Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романы тіліндегі фразеологизмдердің стильдік қолданысын, авторлық афоризмдер мен мақал-мәтелдерді, синоним, омоним, антонимдердің қолданылу ерекшелігін, қарапайым сөздер мен диалектизмдердің қолданылу аясын, қос сөздердің стильдік ерекшелігін тереңдеп анықтау. Анықтау барысында мәліметтерді жинақтау, саралау, ғылыми негіздеу. Көркемдік тәсілдердің қолдану ерекшелігін, ақын шеберлігінің сырын ашу.
Жұмыстың нысаны - «Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романы
Жұмыстың міндеттері - аталған мақсаттарды жүзеге асыру барысында мысалдар теріп, қолданылу ерекшеліктерін көрсету.
Курстық жұмыста қолданылатын әдістер:
- Баяндау;
- Теориялық тұжырымдарға сүйену;
Жұмыстың құрылымы - кіріспеден, IV тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Шығарма тіліндегі фразеологизмдер
Ой айқындылығы - әр сөздің орын-орынымен жұмсалу, құлаққа жағымды естілуі мен көңілге әсерлігі. Ана тілінің байлығы мен әуезділігін анықтауда фразеологизмдердің алатын орны ерекше.
Тіліміздегі фразеологизмдер халықтың өзімен бірге туып, бірге жасасып келе жатқан көне дүниелер. Осындай ұзақ уақыт кемелінде фразеологизмдердің ішкі мазмұны да сыртқы құрылысыда сан түрлі өзгерістерге ұшырап отырады. Қалай десек те, өзге тілдік единицалар сияқты фразеологизмдерді де белгілі қызметіне қарай қолдану орны бар. Мынау фразеологизмнің варианты деп ауызекі тілде емін еркін сөйлеп, әдеби тілде көсіліп жаза беруге болмайды.
Фразеологизмдер тілдегі тиянақты тіркестерді тексеріп зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Тілдегі барлық фразеологизм тіл байлығының тұтас жиынтығы. Фразеологизмге жатқызу үшін басты үш белгі болуы шарт:
- даяр қалпында жұмсалуы;
- мағына тұтастығы;
- тіркес тиянақтылығы;
Бұл шығармадағы фразеологизмдерді фразеолог ғалым І. Кеңесбаевтың фразеологиялық сөздігінен шығармадағы тұрақты тіркестердің мағыналары ашылды.
Ғалым Гүлдархан Смағұлова қазақ фразеологизмдерін мынадай стильдік қабаттарға бөлді:
- Ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер;
- Кітаби фразеологизмдер;
- Бейтарап фразеологизмдер;
Қарапайым және қарапайым дөрекі фразеологизмдер; [1, 184бет]
Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» шығармасындағы қолданыс тапқан фразеологизмдер бір жағынан тіл көркемдігінің құралы болса, екіншіден, ой көркемдігінің сипаты. Қаламгер тілінің лексикалық байлығының бір қырын әр түрлі фразеологизмдер танытады.
1. 1. Ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер
Ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер дегеніміз - күнделікті тұрмыс тіршілігіміздегі, сөйлеу тілінің диалог формасында көркем әдебиетте еркін қолданылатын тұрақты тіркестер. Мысалы , іші өртену, қаны қайнау, көзден бұлбұл ұшу, жыны келу, айызын қандыру. [1, 212 бет]
Шығармадағы ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер
1. Қара нанға құл болып,
Ханына тіл тигізген (326 бет)
Тіл тигізген - балағаттады (ф. с. 294)
2. - Екі оттың арасында қалмадым ба! Ел не қылымын десе де өзі білсін. (332бет)
Екі оттың арасында қалу - айнала қиындыққа ұшырады ( ф. с. 90)
3. Батыр адам белінен қадалған оқты өз қолымен жұлып алып лақтырып жіберді де, ет қызумен шаба берді. (334бет)
Ет қызумен - алғашқы қарқын (ф. с. 37)
4 . Сонда он жастағы бала Тілеміс міз бақпай сілейіп тұрып қалған. (337 бет)
Міз бақпай - бүлк еткен жоқ, бәдірейді де қалды, шыдап бақты (ф. с. 221)
5. Арғын Назы би Орынбор, Сібір губерналарының шекарасын салысқан, Кенесеры қозғалысына қаны қас адам. (332 бет)
Қаны қас - қарсы, өштес, жау (ф. с. 176)
6. Ол жылдары қамшысынан қан сорғалаған дер кезі болса керек, қазір арпалысқа таяп қалды. (339 бет)
Қамшысынан қан сорғалаған - қаныпезер, жауыз, зорлығы, билігі жүріп тұрған ( ф. с. 173)
7. Қарындары ашқан. Аздап қамшы жеген . (352бет)
Қамшы жеген - ұрылды, таяқ астына алынды, таяқ жеді, соққы көрді (ф. с. 173)
8. Мүсіреп енді абайласа Садақ осы араға жеткенше елу қадамдай жер бауырлапты. (357бет)
Жер бауырлапты - жата қалып жылады, қатты қайғырды, уайымдады (ф. с. 111)
1. 2. Қарапайым сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер
Әдеби тіл нормасына сай келмейтін мағынасы дөрекі фразеологизмдерді қарапайып фразеологизмдер дейміз.
Алайда, бұл тұрақты тіркестер әдеби тіл нормасын бұзғанмен, тілімізде әсіресе көркем әдебиетте кейіпкер тілінде кездеседі. Осы фразеологизмдер арқылы кез - келген жазушы кейіпкердің бейнесін ашу үшін, соның ой - өрісін, мінез - құлқын, әлеуметтік жағдайын өскен ортасын көрсету мақсатында қолданылады. [1, 184 бет]
Шығармадағы қарапайым сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер
1. Кәрі Каспий қара көк көзін ашты,
Терекке жылы жүзбен амандасты (375бет)
Жылы жүз - жайдарлы, мінезі жайлы (ф. с. 123)
2. Екеуі алдарына кетіп бара жатқан Айтолқынды мазақтай бастады. Абысынымыздың өркөкіректігі - ай! - деді Ұлпан.
Өр көкірек - асқақ, бір бет, тәкаппар, намысы зор (ф. с. 241)
3. - Көңілі жарым . . . жалғысырап жүрген адам ғой . . . жарайды дедім.
Көңіл жарым - қайғылы, жарым көңіл, мұңды жан (ф. с. 154)
4. - Жер жастаңғыр балалары қандай сотқар еді!
- Ұлпан келіннің амандығын тілейік! Сазайын талай тартқызар әлі! . . . (434бет)
Жер жастаңғыр - қарғыс мағынасында (ф. с. 112)
5. Дүние есігін ашып - өзі ашып келгендей, ұлы да мардымсып, пысылдап ұйықтап жатыр. (454бет)
Дүние есігін ашып - өмірге келді, тіршілік әлеміне енді (ф. с. 85)
6. - Есеней - ау, - деді Ұлпан тұра беріп, - Есеней - ау, неше күннен бері мен осы үйдің отымен кіріп , күлімен шығып, қара жұмысында жүрмін ғой!
Отымен кіріп - бар үй бейнетін, түз бейнетін арқалады, барлық ауыр салмақты өзі көтерді (ф. с. 93)
1. 3. Соматикалық атаулар негізінде жасалған фразеологизмдер
Соматизмдер дегеніміз - адамның дене мүшелерінің атауы. Мысалы; Жүрек - жүрегі аузына тығылуы, жүрегін қолына ұстау, жүрегі тас төбесіне шығу, жүрегі ұшу, жүрегі шайлығу, жүрегін қан жуу, жүрек жарты қуаныш.
Соматикалық атаулар кездесетін шығармадағы фразеологизмдер
1. Бір қос жылқының осы арада қыстап шығарына Есенейдің көзі жетті . (346бет)
Көзі жетті - кәміл сенді, ақиқатына қанды (ф. с. 145)
2 . Көз қырыңды сала жүр , - деді Несібелі. (370бет)
Көз қырыңды сала жүр - көзінің ұшымен қарады, қарап қойды (ф. с. 143)
3. - Есеней, - деді Ұлпан. Бұрын сіз деп сөйлеуші еді, мұнысы бір табан жақындағанын аңғартқандай шықты. (373бет)
Бір табан жақын - аз да болса жуығырақ (ф. с. 76)
4. - Артеке, Ұлпанжан сіздің мал - жанға қарар қолыңыз қысқалығын айтқаны бар еді. (374бет)
Қолы қысқа - кедей, жарлы, қалтасы жұқа (ф. с. 191)
5. Шапқыншы көбейген сайын атақты «ұзын құлағымыз» да ұзара берді. (478бет)
Ұзын құлақ - әркімнің айтқан лақап сөздері (ф. с. 259)
6. Ұлпан табақты бас салды . Еркекше аузын толтыра жей бастады. (411бет)
Бас салды - олай - былайға қаратпады, бұлтартпады, шап беріп ұстай алды (ф. с. 57)
7. Ие сол екен . . . күлімдеп, іші - бауырыңа кіріп бара жатқан көз қарасы қандай әдемі еді! (386бет)
Іші - бауырыңа кірді - жылы сөзі, жақсы мінезімен баурап алды, өзіне жақын тартты, жылы сөйлеп өзіне қаратты (ф. с. 325)
8. Сол күйіктен осы күнге дейін қысы - жазы киіз үйде отырып келген Еменалы қыстау салуға бел байлады . (426бет)
Бел байлады - бір нәрсені істеуге шындап кірісті, тәуекел етті (ф. с. 63)
9. Кешірек Байдалы, Күзембай, Мүсіреп, ер мінезді, еркек пішінді жас пері атанып келе жатқан Құнияз төртеуі келіп Ұлпанға болған оқиғаның жайын айтып еді, Ұлпан тіс жармай тыңдап алды. (494бет)
Тіс жармау - үн - түнсіз қалды, үндемеді, ләм - мим демеді (ф. с. 296)
10. Бай адамның айналасы осынша кедей, көзінен сорасы аққан осынша сорлы бола ма екен?
Көзінен сорасы ағу - көзінен былшығы ағып, жасы төгіліп, бейберекеті кетті (ф. с. 145)
1. 4. Кітаби фразеологизмдер
Ғалым Ә. Болғанбаев Кітаби фразеологизмдер - стилистикалық баяу тудыратын, әртүрлі эмоционалды - экспрессивті реңк тән деп көрсетіп кетті.
Кітаби фразеологизмдер - сөйлеу тіліне салыстырмалы салтанаттылық реңк беріп көбіне әдеби тілде көрсетіледі. Мысалы; тағдыр дауылы, жаралы жүрек, от шашу. [1, 213 бет]
Шығармадағы кітаби фразеологизмдер
- Бағың ашылар, қарағым. Теңіңе кездесерсің әлі жылама . . . (325бет)
Бағың ашылар - маңдайы ашылды, ырысы тасыды (ф. с. 51)
2. Ұлпанның өз аулы да шыр бітпеген кедей - болатын. (389бет)
Шыр бітпеген кедей - жүдеді, арықтады (ф. с. 317)
- Еменалының түн ішінде келіп Мүсірептің үйінебүлк салғаныосының салдары еді. (462бет)
Бүлік салған - жанжал шығарып, лаң салды, шырық бұзды, жанжал туды, ұрыс - керіске айналды (ф. с. 74)
- - Мен бұл әйелді алты дуанға атағы жайылған ханыша бар еді ғой, сондай өркөкірек, ойына келгеннің бәрі де бойыма жараса береді деп ойлайтынала құйынтұрғысында көретін шығармын деп қауіптеніп келіп едім. (465бет)
Ала құйын - 1. Ұйытқып соққан боран
2. Жеңілтек мінезді, ұшып қонған адам туралы айтылады (ф. с. 21)
Қорыта келгенде айтарымыз, ғалым Жанар
Қоңыратбаева еңбегінде фразеологизмдердің көркем әдеби тілде қолданудың стилистика тұрғысынан үлкен мәні бар.
Фразеологизм варианттарының әдеби тілдегі семантикалық жақтарының түрлі сатыдағы өзгерістерімен орны және қызметі әр ақын, жазушының өзіндік қол таңбасымен шеберлігі арқылы анықталады. Шеберліктің түп - төркіні әлеуметтік ортадағы болып жатқан өзгерістерге, жаңалықтарға аса сезімтал көңілмен қарап, баға беруде - тіл нормасына қатысты сөзжасам процесі арқылы үлес қосатын суреткерлер еңбегі ұшан теңіз.
ІІ. Шығарма тіліндегі мақал - мәтелдер қолданысы
Қазақ тілінің байлығын, көркемдігін ашып көрсететін тілдегі сөздер тобының бірі мақал - мәтелдер. Мақал - мәтелдер әрбір халықтың көне де байырғы рухани қазынасы. Ол өз бастауын адам баласының тым ертедегі сапалы қоғам тұрағын балаң кезінен ашып, ғасырлар бойы, толассыз торығып келе жатқан жанды құбылыс, халық даналығының қорланып жиналған қоры.
Шығармадағы мақал - мәтелдер өмірдің түрлі құбылысынан өр шертіп, шығарма тілін көркемдеп, айшықтап түседі.
Ғалым Ә. Қайдар Мақал - мәтелдер - халықтың атамзаманғы өткен өмір тіршілігі мен бүгінгі болмысын болашағымен жалғастыратын «алтын арқау», олар - рухани, мәдени салт - дәстүрді жалғастырудың, адамдар санасында, қоғам жадында, тілінде, діліне сақталуының бірден - бір кепілі деп атап кеткен. Бұл қазына - байлықтан айрылған этникалық қауым - өзінің өткен өмірінен айрылды деген сөз, ондай қауымның болашағы да жоқ. [2, 7 бет]
2. 1. Шығармадағы мақал - мәтелдер
1. Солай болып шықса айып өзімде. Жүйелі сөз жүйесін табар, Жүйесіз сөз иесін табар деген бар ғой. (321бет)
Жүйелі сөз жүйесін табар, Жүйесіз сөз иесін табады « логикалық негізге сүйеніп айтылған сөз әрқашанда ойға оралымды, ақылға қонымды болса, бейберекет жүрдім - бардым айтылған сөз нысанаға доп тимей, айдалаға кетеді, не сөз айтқан адамның өзін жазалайды, әшкерелейді» [4, 333 бет]
2. Сұңғыла қыз бұларға бір ұяларлық ұпай салып кетті емес пе! Ие, «малым - жаным садағасы, жаным - арым садағасы» дейтін елдің нақылын еске алсаң, лайықты жұмыс болмапты. (323бет)
Малым - жанымның садағасы, жаным - арымның садағасы «ауыс. Қазақ қауымына тән ұлттық мораль: адам өз бойындағы ең асыл, абзал қасиеттері мен құндылықтарына ар - намысын жатқызу. Сондықтан да, ол (қазақ) жаны үшін жинап терген мал - мүлкін аямайтынын білдірсе, ар - намысы үшін сол жанын да құрбан етуге дайын екендігін аңғартып тұр. өйткені, ер азамат үшін бұл дүниеде ар - намысын берік сақтаудан артық баға жоқ деген тұжырымға барып саяды». [2, 371 бет]
3. Мені мазақтап қой күнде бір күліп аласыңдар? «Күлсең кәріге күл» деген осы да. (357бет)
Күлсең кәріге күл « ауыс. Қартаймайтын адам жоқ. Ал, қартайған адамның бойынан сан алуан кемістік, кемшілік табуға болады. Ол кемшіліктер ертең - ақ мансұқ етіп күлген жастың өз басына да келеді. Мақал « міндетті түрде басыңа келетін, қашып құтыла алмайтын нәрсеге күлгенің айып емес» дегенді аңғартады». [2, 371 бет]
4. - Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан деп тағы бірдемесін ескертіп қалды. (387бет)
Келіннің - аяғынан қойшының - таяғынан; «ауыс. қазақ салтында: жаңа түскен келін үлкен шаңырақтың босағасын оң аяғымен аттап кірген кезден бастап, үлкен - кішіні сыйлап, өнегелілік, көргенділік танытып, сол үйдің береке - бірлігінің ұйытқысы болуға тиіс. Ырымшыл халық жақсылықты да, жамандықты да, «келіннің сол аттаған аяғынан» деп түсінген. Ал, қойдың күйлі, ит - құстан, қысқы суық пен бораннан қырылып қалмай, аман болуы - қойшының өзі ісіне деген зор ықыласы мен ұстаған ақ таяғының қасиетінен» [2, 352 бет]
5. Біреудің қаңсысы біреуге таңсық деген - ау, - деді Шынар. (413бет)
Біреудің қаңсысы - біреуге таңсық « ауыс. біреуге керексіз, қанетсіз, жарамсыз болып, қоқтыққа айналып тасталған (қаңсыққа айналған) зат, екінші біреуге өте зәру, қымбатты (таңсық) зат болып көрінуі мүмкін; бұл әр нәрсенің өмірдегі шынайы бағасы, қымбат - арзандығы оның кімге және қаншалық қажеттігіне, барлығы мен жоқтығына байланысты демекші». [2, 325 бет]
6. Әсіресе, жесір қалған әйел « аға өлсе - іні мұрасы, іні өлсе - аға мұрасы» . Мұны әлі орыс заңы да өзгерте алған жоқ. (425бет)
Аға өлсе - іні мұра, іні өлсе - аға мұра « мақалда қазақ даласында кейінге кезге дейін сақталып келген әмеңгерлік салты бойынша; туыстас (ағалы - інілі т. б. жақын) адамның өлгенде артында қалған әйелі мен бала - шағасының елден кетіп, қаңғырмауы үшін «бәленшенің жесірі мен жетімі» дегізіп, көрінгенге көз түрткі қылмау үшін, тіпті ата - баба, ру - тайпа намысын сақтаудың бір түрі ретінде ағадан қалған жеңгені қайнысы, ініден қалған келінді - қайнағасы әмеңгерлікке алу дәстүрі сөз болып тұр, егер жесір өз келісімін бермесе, күйеуінің мал - мүлкіне мұрагер, бала - шағасына қамқоршы болып, сол елде тұра беруге болатындығы да белгілі. «Ерден кетсе де, елден кетпек жоқ» деген мақал содан қалған». ( Шәлкенов. Қазақ жанұясы // «Зерде», 1993, 23-25) [2, 166 бет]
7. Бұл елдердің риясыз көрсеткен қошамет - құрметтері - «жақыныңды жаттай сыйла, жат көңілінен түңілсін!» - дейтін шеңберге ғана сыйғандай еді. (478бет)
Жақыныңды жаттай сыйла, жат көңілінен түңілсін ( ауыс. жақыныңды да, жатты да сыйлап өткен қазаққа дәл осылай өсиет айтудың мәнісі - «жақын» деп сыйлаумен «жат», «бөтен - бөгде» деп сыйлаудың арасындағы парықта: жақынының өзін өліп - өшіп, асты - үстіне түсіп сыйлап отырған адамды көрген жат кісінің оған деген құрметі артып, таңғалуы заңды. Мақалдың түйіні - өзіңді, өзіңе жақын адамдарды сыйлай біл, соны көріп басқалар да сені сыйлайды; ол «өз ағаңды ағалай білмесең, ел ағасын жағалай алмайсың» [2, 307 бет]
8. Сибан сен ойланып сөйле! Байсыз қатын - баусыз оймақ. (500бет)
Байсыз қатын - баусыз оймақ « байсыз қатынның баусыз оймаққа ұқсатылуы, теңелуі: ол, қолға тұрмайтын оймақ сияқты, үйге тұрмайтын, көңілі ауған жаққа кете беретін, жеңіл мінез, жүргіштік әдетіне байланысты айтылып тұр. [2, 230 бет]
9. Қара пәле орнаған Қожықтың жазғы жайлау, қысқы қыстауларын «бүлінгеннен бүлдіргі алма» деген әз Тәукенің жосық - жорығысы бойынша қысқы - жазғы үйлерін бар мүлкімен түгел өртетіп жіберді. (496бет)
Бүлінгеннен бүлдіргі алма « себебі: онсызда өзінен - өзі бүлініп, өз ішінен бұзылып жатқан, ауызбірлігі, татулығы, ынтымағы жоқ елден болар - болмас зат алудың өзін халық «бүлігі жұғады, пәле - жаласына қаласың» деп ырымдайды; ондай елден (топтан, адамнан) алыс жүрген абзал деп кеңес береді». [2, 259 бет]
10. Байдың малы қымбат, кедейдің жаны қымбат. Тойып алыңдар . . . (398бет)
Байдың малы қымбат, кедейдің жаны қымбат « ауыс. байып, байлықтың дәмін татып, қызығын бай үшін малының амандығы, сол малды бағып, боранға шалдыққан, не ұры - қарының тонауына түсіп, барымтаға ұшырап, қауіп - қатерге душар болған малшы, қойшы - қолаң жанының амандығын артық санама, ал олардың өздері болса, байдың малы емес, өз жанының аман қалғанын көбірек күйттеген. Мақалдың мәні - әркім өз мүддесін күйттеуге бейім». [2, 223 бет]
11. - «Бүлдіршін көзін сүзбесе, буыршын бұйдасын үзбейді! » - деуші ме еді, - Болды, болды. (408бет)
Бүлдіршін көзін сүзбесе, буыршын бұйдасын үзбейді « 1. Әлі боталамаған 2-3жасар ұрғашы түйе - бүлдіршін өзі қатар еркек түйе буыршынды көргенде табиғи (жыныстық) сезімін білдірмесе, жас бура оған талпынып, бұйдасын үзіп, мазасызданбаған болар еді; 2. ауыс. адамға қатысты егер жас қыз - келіншектер өздері қатар жігіт - желеңге көз сүзе қарап, дәмелендіріп, жақындасуға қарсы емес екендігін білдіріп, белгі беріп, ұшсындырып тұрса жігіттің жігіттік жасап, оған талпынуын айыптауға болмайды.
Өйткені бұл табиғи құбылыс; осыған орай ұлттың салт - әдеті бұзылған жағдайда, еркек жағын ғана айыптап қоймай, қыздың да ол іске қатысы бар екенін білу керек деген сөз». [2, 259 бет]
12. Өлі арыстаннан тірі тышқан қорықпайды дегендей Қожық енді сенен ығыспайды. (491бет)
Өлі арыстаннан тірі тышқан қорықпайды « 1. тірісінде «ақ патшасы» атанған арыстаннан тірі тышқанның артық болатыны - өмір заңдылығына байланысты: өлген арыстанда бұрынғы әрекеттің (күш, айбар, тағылық т. б. ) бірі де жоқ, ал тірі тышқанның өзіндік тіршілігі бар . . . 2. ауыс. кезінде дәурендеген, заманында билік, өктемдік жасап дүрілдеген, біреуге қорған болған, біреуге тісін батырған лауазым иесі марқұм болып тынғанда, тірісінде көзге ілмейтін біреулердің тірі жүргендігі арқылы танылып бас көтеріп, марқұмнан өзін артық санайтыны бар». [2, 454 бет]
Қорытындылай келе, ғалым Ә. Қайдар мақал - мәтелдер дана бабаларымыздан қалған аталар сөзі деп атап кетті. Демек, бұл - ұлт даналығын араға талай ғасырлар салып, бүгінгі ұрпаққа нақыш - бояуын солғындатпай, мән - мағынасын бәсеңдетпей, көркемдігі мен бейнелілігін жоғалтпай, тұтас жеткізіп, отырған ана тіліміздің құдіретті күші. Бұл - даналықтың бір бұлағы деген сөз.
Қалай болғанда да, халық даналығының қай түрі болмасын, сөз құдіреті арқылы паш етіліп, халық арасына тарап, ел жадына сақталып бізге жетіп отыр.
«Халық даналығының» негізгі ұйытқысы мақал - мәтелдер болып табылады.
2. 2. Шығарма тіліндегі авторлық афоризмдер
Афоризмдерді мақал - мәтелдерден айыру қиын. Өйткені көптеген афоризмдер мақал - мәтелдердің қатарына қосылып, халық аузында айтылып кетеді. Шынында, афоризм дегеніміз де халық мақалы.
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент С. Қанапина еңбегінде афоризм - мақал мен мәтелдерге қарағанда, белгілі бір автордың атынан айтылады. Сонымен қатар, афоризм көбіне, жазба әдебиет тұсында пайда болатын категория.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz