Оралхан Бөкейдің “Қар қызы” повесінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Қазақ және орыс филологиясы факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Оралхан Бөкейдің “Қар қызы” повесінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Ғылыми жетекші:
Қостанай 2015 жыл
Мазмұны:
Кіріспе . . . 3-4
I. Шығарма тілінің лексика-фразеологиялық ерекшелігі.
1. 1 Шығарма тіліндегі фразеологизмдердің стильдік қызметі . . . 5-16
1. 2 Шығармадағы мақал-мәтелдердің қолданысы . . . 16-23
1. 3 Шығармадағы қос сөздер, кірме сөздер . . . 24-34
1. 4 Антоним, синонимдердің қолданысы . . . 35-42
II. Шығармадағы көркемдегіш-бейнелегіш тәсілдердің қолданысы.
2. 1 Шығармадағы портрет, суреттеудің қолданысы . . . 43-45
2. 2 Шығармадағы эпитет, синекдоха, теңеу, кейіптеудің қолданылу тәсілі . . . 46-53
Қорытынды . . . 55
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 55-56
Кіріспе
Халықтың әлем туралы ой-тұжырым, дүниетанымынан туындайтын, өзіндік төл мәдениетімен ұштасып, этнос болмысының тікелей көрінісі болатын қымбат дүниесі - оның тіл әлемі, тіл байлығы . Тілдің мемлекеттік мәртебесін нығайтудың қазіргі таңдағы маңызды бір мүмкіндігі - оның осы танымдық қызметін неғұрлым толық ашып көрсету, сол арқылы ежелгі елдік атрибуттарды, халықтық қалыпты, рухани тамырды тереңірек зерттеп, жете тану. Тіл мен танымды жіктеп қарамай, оны құбылыс ретінде сабақтастыра қарау академик Ә. Т. Қайдаров ұсынған “тіл мен ұлт біртұтас” немесе “адамды тіл әлемі арқылы тану” деген қағидаларға сүйенетін қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттың қалыптасуына әкелді. Этнолингвистиканың ғылыми-теориялық негізі Ә. Қайдаров, Е. Жанпейісов, М. Копыленко, Р. Сыздықова, Б. Қалиев, Н. Уәлиев, Ж. Манкеева, Г. Смағұлова, Р. Шойбеков, А. Жылқыбаева т. б. ғалымдардың еңбектерінде қаланды. Соңғы уақытта қазақ тіл білімі лингвомәдениеттану, когнитивтік тіл білімі сияқты тілдік салалармен толығып, өз жемісін бере бастады [1, 3 бет] . Бүгінгі таңда халқымыздың алтын тұғыры, рухани-мәдени қазынасы болып табылатын тілімізді зерттеудің ауқымы кеңейіп, өркені өсіп отыр. Тіл табиғатын терең бойлап, жан-жақты қарастыру, тілдік бірліктердің сипатын айқындау лингвистика, этнолингвистика, т. б. ғылым салаларының зерттеу нысанына айналды. Әдеби тіл- жалпыхалықтық тілдің құнды, дамыған, барлық халыққа түсінікті, стильдік жағынан сараланған түрі. Әдеби тіліміздің үнемі дамып отыруы қаламгерлеріміздің еңбектерінің әсеріне де тікелей байланысты. Көркем шығарманың тілі, жазушының өзіндік жеке сөз қолдану стилі, сөз қолдану зергерлігі мен шеберлігі- қазақ әдеби тілінің дамуына серпін беретін ерекше сала [2, 3 бет] .
Тіл ─ адамзаттың баға жетпес құндылықтарының бірі. Ол ─ адамзат арасындағы қарым-қатынас пен болмысты танудың басты құралы ғана емес, қоғамдағы саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани, тарихи өзгерістердің куәсі және сол ақпараттарды бойында сақтай отырып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші құрал [3, 3 бет] .
Қазақ тіл білімінің лексикология саласы 1950 жылдан бастап зерттеліп, осы салада көптеген ғылыми еңбектер жарық көрді. Қазақ лексикасының диахронды-синхронды жай-күйі қазақ тіл білімінде тілші ғалымдар І. Кеңесбаев, Н. Сауранбаев, С. Аманжолов, Ғ. Мұсабаев, К. Аханов, Ә. Болғанбаев, Р. Сыздық, Т. Жанұзақов, Ғ. Қалиев, Б. Хасанов, К. Хұсайын, Б. Қалиев, Н. Уәлиев, Ф. Оразбаева, Ж. Манкеева тағы басқа ғалымдардың еңбектеріне негіз болғандығы белгілі.
Зерттеу жұмыстың мақсаты: Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» повесінің лексика - фразеологиялық ерекшелігін және шығармада қолданған көркемдегіш - бейнелеуіш тәсілдерді анықтап, мысалдар теру. Бұл ерекшеліктерді анықтау үшін мынадай міндеттер қойылады:
- Фразеологизмдердің стильдік қызметін анықтап, толықтыру;
- Шығарма тіліндегі мақал-мәтелдер мен авторлық афоризмдердің топталуы, мағыналық-стильдік қызметін шығару;
- Кірме сөздер, диалект мағыналық реңкіне тоқталу;
- Антоним, синоним, омоним сөздер мен эпитет, теңеу, кейіптеу, т. б. көркемдік тәсілдердің стильдік қызметтеріне тоқталу.
Зерттеу жұмыстың міндеті: О. Бөкей шығармасын оқу барысында ізденіс жасап, суреткердің сөз қаруларын қолданудағы мақсатын айқындау.
Зерттеу жұмыстың нысаны: О. Бөкейдің «Қар қызы» повесінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктерін зерттеу - зерттеу жұмыстың нысаны болып табылады.
Зерттеу жұмыста қолданылған әдістер. Көркем шығарманың лексика-фразеологиялық ерекшеліктерін анықтау барысында мынадай әдістер қолданылды. Шығарманың лексика-фразеологиялық ерекшеліктерін талдау арқылы сөйлемге сипаттама беру, сипаттама берілген тілдік элементтерге анықтама беру. Көбіне сөздікпен жұмыс жасау әдісі қолданылды.
Зерттеу жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан тұрады: біріншісі - шығарма тілінің лексика-фразеологиялық, екіншісі - шығармадағы көркемдегіш-бейнелеуіш тәсілдердің қолданысы, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- Шығарма тілінің лексика-фразеологиялық ерекшелегі. Шығарма тіліндегі фразеологизмдердің стильдік қолданысы
Тіл білімінде фразеология мәселесі көп зерттеліп келеді десек те, әрбір әдеби тіл кезең ерекшелігін ашатын оның бай фразеологиялық қоры мен құрамы туралы арнайы зерттеулер жүргізілген емес. Әдеби тіл дамуының ұлттық кезең сипатын танытатын алғашқы көркем қазақ прозасы тіліндегі фразеологизмдер ғылыми тұрғыдан зерттеу нысаны болған емес. Бұл - бір. Екіншіден, ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасы тілі әр түрлі себептермен толыққанды зерттелмей келеді. Бұның үстіне осы кезең қазақ жазушылары шығармаларының аттары аталмай келгендері де болды. Шындығында, әдеби тілдің ілгері дамуына азды - көпті үлес қосқан ірілі - ұсақты кез келген қаламгердің аты аталып, шығармалары тілі жағынан да ғылыми айналымға енуі тиіс деген филологиядағы пікірлерді ескеріп, алға тартар болсақ, зерттеу нысанының өзектілігі де осыдан анық көрінетіні сөзсіз.
Тілдегі фразеологизмдер - тілдік бірліктердің ішінде аккумулятивтік қызметі ерекше байқалатын, бірнеше мыңжылдықтарбойына пайда болып, дамып, қалыптасқан әдеби тіл дамуы кезеңдерінің өзіндік ерекшелігін айқындайтын тілдің ажырамас бір бөлігі. Әр жазушы өз өрісіне қарай тілдің фразеологиялық қорынан қажетін алады да, өз кезегінде әдеби тілдің дамуына үлесін қосып отырады.
Фразеология термині белгілі бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас тілдегі деген мағынамен қатар, тіл білімінің фразеологизмдерді зерттейтін саласы деген ұғымда да қолданылады. І. Кеңесбаевтың авторлығымен шыққан «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» қазақ фразеологиясына ғана емес, қазақ тіл біліміне де қосылған елеулі үлес. І. Кеңесбаев аталған сөздіктегі қазақ тілінің фразеологизмдері туралы жазған мақаласында фразеология туралы: «Тіл-тілдің өзіне тән ұлттық қасиеті оның барлық тарауларынан (ярустарынан) байқалатыны мәлім. Сол қасиет, әрине, тиянақты сөз тіркестерінен де анық көрінеді. Тіл байлығын сөз еткенде сөз байлығы (лексикалық қор) деген топқа осы сөздікте қамтылған алуан түрлі фразеологизмдерді жай, жалпылай жатқыза салуға болмайды. Басқаша айтқанда сөз байлығын тексеретін тіл білімі саласын л е к с и к о л о г и я деп атайтын болсақ, фразеологизм байлығын тексеретін тіл білімі саласын ф р а з е о л о г и я деп атау әбден орынды», - деп жазады [1, 589 б] .
Г. Смағұлова: «Тұрақты тіркестер қазақ лексикасының ең өнімді бай қабатын құрайды. Осындай ұлан-ғайыр тілдік қордың ішінде кездесетін фразеологиялық факторлар табиғи тіл дамуының ажырамас көрсеткіші болуы керек. …Жалпы фразеологизмдердің пайда болуы, жасалуы туралы сөз қозғалғанда осындай образдылықтың адамның жан-дүниесіне әсері, одан шығатын эмоциялық қорытынды үнемі тұрақты сөз тіркестерінің ерекшеліктерін айқындайтын талаптар екенін ескерсек, онда синоним фразеологизмдердің қатарларының өсуі мен кемуінің себептерін те іздеген жөн», - деп жазады [2, 93 б] .
Фразеологизмдер көркем әдебиет тілінің қажеттілігін өтеуде халықтың эстетикалық талғамын танытатын ең күшті тілдік құралдардың бірі болып есептеледі. Тілдің әдебилігінің сипаттарының бірін, әдеби тілдің даму кезеңдерінің көркемдік ерекшеліктерінің бірін фразеологизмдер танытады. Ж. Қоңыратбаеваның зерттеу жұмысында ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасы тіліндегі фразеологизмдердің жалпы сипаты, тақырыптық-семантикалық, кезеңдік-құрылымдық, стилистикалық қолданыс ерекшеліктері қарастырылады. Автор ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасы тіліндегі фразеологизмдерді жалпы мағынасына қарай және ұйытқы болатын сөздерге қарай тақырыптық топтарға жіктейді. Фразеологизмдерді жалпы мағынасына қарай: 1) Адамды сипаттайтын фразеологизмдер; 2) Алғыс және қарғыс мәнді фразеологизмдер; 3) Қоғамдық-әлеуметтік факторға байланысты туындаған фразеологизмдер; 4) Діни наным-сенімге, салт-дәстүрге байланысты туындаған фразеологизмдер; 5) Өлшемдік ұғымдарды білдіретін фразеологизмдер; 6) Табиғат құбылыстарына байланысты фразеологизмдер деп бөле отырып, кейбір фразелогизмдер мағынасы жағынан бірнеше топқа қатысты болатындықтан, оларды мұндай тақырыптық топтарға бөлудің шартты екендігін ескертеді. Дегенмен де белгілі бір топтағы сөздердің мағыналық жағынан іргелес екенін де жоққа шығаруға болмайды. Автор фразеологизмдердің бейнелі, синонимді табиғатын көркем шығарма тілінің стильдік, стилистикалық сипатымен байланысты қарастырады. Еңбекте адам эмоциясына қатысты фразеологизмдер бөлек аталып, арнайы қарастырылмағанымен, адам сезімдерін, ішкі психологиялық халін, әсерлері мен ойларын нақтыландыру амалы ретінде қолданылған әзірейіл шеңгелі тигендей, ұжмақтың отына жылынғандай, у жеген қасқырдай фразеологизмдеріне талдау жасалады.
Көркем проза тілінде кейбір сөйлемдердің өлең жолдарындағыдай ұйқасып келетін ерекшелігі туралы «Қазақ прозасының тілі» еңбегінде Е. Жанпейісов, «Қазақтың халық прозасы» атты еңбегінде С. Қасқабасов арнайы тоқталады. С. Қасқабасовтың пікірінше «ешбір жанр саф алтындай таза күйінде болмайды. Өйткені ол жападан-жалғыз өмір сүрмейді, ұзақ көркемделу процесінде жанрлар бір-бірімен тығыз байланысқа түседі, олар бір-біріне ықпал жасап кірігеді» [3, 22 б] .
Ғалым Г. Смағұлова қазақ фразеологизмдерін мынадай стильдік қабаттарға бөлді:
1. Кітаби фразеологизмдер;
2. Бейтарап (стильаралық) фразеологизмдер;
3. Ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер;
4. Қарапайым сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер;
5. Дөрекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер [4, 184 бет] .
Ғалым Р. Авакова фразеологизмдерді ішкі формаларының туындау көздеріне байланысты шартты түрде төмендегідей топтастырады:
• Адамның анатомиялық атаулары (соматизмдер) мен қимыл қозғалыстарына байланысты туған фразеологизмдер;
• Жануарлар (зооморфтық фразеологизмдер) әлемі;
• Өсімдіктер (флора) әлемі;
• Табиғат құбылыстары;
• Өлшем бірлік (метеорология) ;
• Сандық (нумеративтік) фразеологизмдер;
• Түр - түстік және сындық;
• Алғыс және қарғыс мәнді;
• Мифтік және діни;
• Тарихи кезеңдермен және тұлғалармен байланысты туған фразеологизмдер және т. б. [5, 68 бет] .
Жазушы О. Бөкейдің “Қар қызы” шығармасындағы фразеологизмдердің қолданыс ерекшелігі
Ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер
Ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер күнделікті тұрмыс-тіршілігім ркінқолданылатын тұрақты тіркестер.
- Көрдім . . . мойныңа қоржын асып, мәгәзіннің алдындақайыр тілеп отырекенсің, көшеден шөлмек жинап, арақ іздеп жүр екенсің (12 бет) .
Қайыр сұрады [тіледі] - садаға жинады; сұрамсақтыққа салынды [ҚТФС, 398 бет] .
- Өзім де өлейін десем қолым тимей, етегіме сүрініп жүрмін(12 бет) .
Етегіне сүрініп жатты - шаруа басып, қолы босамады [ҚТФС, 221 бет] .
- Жан-жақтан қамалап келіп, миын шанышқылаған алуан түрлі ойлар таң атқаншамаза бермеген(16 бет) .
Маза бермеді - тыныштық көрсетпеді, көңілді алаң қылды; ығыр етті [ҚТФС, 503 бет] .
- Ит жығыспен жеңісе алмай, діңкесі құруға тақағанда, сөз жоқ, сол екі ұғым өкпеге қиса да өлімге қимас туыстықпен аймаласып, бірінің көріне бірі топырақ салар еді (16 бет) .
Діңкеге тиді [діңкені құртты] - титығына жетті, тұралады, болдырды [ҚТФС, 199 бет] .
- Қанша батпаққа батып, мөңки алмай дымы құрып, үстіндегі қара домалақ қазақтыңырқына көнуші еді(20 бет) .
Ырқына көнді - айтқанымен, ыңғайымен жүріп-тұратын болды [ҚТФС, 779 бет] .
- Мал десеішкен асын жерге қоятын-ақжігіт, амал не, жолы болмай жүр (20 бет) .
Ішкен асын жерге қояды - бұл жерде бәйек болды, көңілі алаңдады деген мағынада [ҚТФС, 788 бет] .
- Шалдың жүзі ала құйынданып кеткенін көрген Орынбай: - Қымыз ішіңіз, - депқұрақ ұшты(21 бет) .
Құрақ ұшты - тік тұрып қызмет етті асты-үстіне түсіп бәйек болды [ҚТФС, 478 бет] .
- Ебін тапсақоздайды, аға (22 бет) .
Ебін тапты - амалын келтірді, істің жөнін, қисынын келтірді [ҚТФС, 199 бет] .
- Ақанның ұлын жұмыстан шығарып, Алматыда соңынан ит салып, қуып жіберіпті деп, етегін ашып күлсеқайтеміз (23 бет) .
Етегін ашып күлді - масқара етіп, мазақтап күлді; кектеніп кекесінмен күлді [ҚТФС, 220 бет] .
- Үш жылдай тұрған соң, екіқұрсақ көтердім(32 бет) .
Құрсақ көтерді - бойына бала бітті, екі қабат болды [ҚТФС, 480 бет] .
- Бар ауыртпалық маған түсті, колхоз басқармасы қайда жұмсаса - сонда, екі етекті түріп алыпшапқылаймын да жүремін (34 бет) .
Екі етегін түрінді 1. Бел шешіп кірісті, білегін сыланды. 2. Жолға түсті [ ҚТФС, 202 бет] .
- Жалғыз қарағайдың бүгінде ақтаңлақ болып, сортаңы шығып жатқан даласын қаражондап, таспадай тіліп тастаған әйелдер, қарға адымжердегіүйіне бара алмай, қос басында түнейтін (34 бет) .
Қарға адым халықтық өлшем. Өте жақын деген мағынада [ҚТФС, 427 бет] .
- «Мен, Алмамын ғой», «Түузәрем ұшып . . . Нартай екен деп . . . » (36 бет) .
Зәресі ұшты - қатты қорықты, жүрегі ұшты, үрейі қашты, көзі тас төбесіне шықты [ҚТФС, 294бет] .
- Ондайжұлдызы оңынан туғандардыңбақытына қызыға да, қызғана қарап, шығарып саламыз, - деп, Ақан ақсақал әңгімесін одан ары жалғастырды (38 бет) .
Жұлдызы оңынан [соңынан] туды - бағы ашылды; жолы болды [ҚТФС, 272 бет] .
- Күн батып, әбденқас қарайғандағана екінші кезектегілер келеді (41 бет) .
Қас қарайды - кешқұрым қараңғы түсу мезеті туралы айтылады [ҚТФС, 433 бет] .
- Хаттың ішінен жүз сом ақша шыққандатөбеміз көкке жеткендейқуандық (42 бет) .
Төбесі көкке жетті - қатты қуанды, шаттанды, қуанышын тасытты [ҚТФС, 687 бет] .
- Мен келіскенмен, ата-енемат-тонын ала қашады(49 бет) .
Ат-тонын ала қашты - азар да безер болды, басын алып қашты [ҚТФС, 77 бет] .
- Міне, осынаукөкейді тескенсауалды бес жыл бойы арқалап жүрдік (28 бет) .
Көкейін тесті - жан-тәнімен арман етті, тым құмартты [ҚТФС, 341 бет] .
Кітаби фразеологизмдер
Кітаби фразеологизмдерге жоғарғы стилистикалық бояу тудыратын әр түрлі эмоционалды-экспрессивті реңк тән. Кітаби фразеологизмдер - негізінен жазба тілде:
1) нормаланған әдеби тілде
2) публицистикада
3) ғылыми шығармаларда
4) көркем әдебиет тілінде қолданылады.
1. Өз-өзінен ерігіп тұрған Құмырай дау-дамайын жалғастырар адам таппағанына өкінді ме, шаптыққан дауыспен әйеліне зікір салды (11 бет) .
Зікір айтты [салды] діни. 1. Бақсы мен дәруіштердің «иллауһа-иллауһа» деп, Аллаға, тәңірге жалынып, жалбарынып айтар сарыны. 2. Ауыс мағынада үкі мен көгершінге де айтады [ҚТФС, 298 бет] .
2. Жатса да, тұрса да салақтап кеудесінде жүретін жалғыз медалі сол орнында - кір басып, әбден тозығы жеткен, жаға-жеңі қырқылған гимнастеркасында ырғаң-ырғаң етеді (11 бет) .
Тозығы жетті [асты] - әбден ескірді, көнерді [ҚТФС, 680 бет] .
3. Құмырай тұтыға тіл қатып еді, әйелі бастырмалатып, бет қаратпай қойды (12 бет) .
Тіл қатты - Бірдеңе деді, сөйледі [ҚТФС, 717 бет] .
4. Алғашында оның суыт жүрісінен секем ала тіксініп қалған (15 бет) .
Суыт жүрді - асығыс, тоқтаусыз беймезгіл жүрді [ҚТФС, 634 бет] .
5. Жалғыз ұлынан айырылған аналар, ерінен айырылған жесірлер мен әкесінен айырылған жетімдер қаншама дейсіз жер бетінде, бірақ солардың қай-қайсысы да Құмырай құсап ел үстіне әңгір таяқ ойната берсе не болар еді, - деп ойлайтын Ақан (19 бет) .
Әңгір таяқ ойнатты - билеп-төстеді, үстемдік етті, әлекке түсірді [ҚТФС, 106 бет] .
6. Иненің жасуындай қорлыққа шыдамайтын, басынан сөз асырмайтын өткір де өр көкіректеу (32 бет) .
Иненің жасуындай - бір мысқал, азғантай, зәредей [ҚТФС, 303 бет] .
7. Қаймақ тобан аяқ болып, түзге әрең шығар ғана халі бар, жарты ай жатты (39 бет) .
Тобан аяқтанды - жай қимылдады деген мағынада айтылып тұр [ҚТФС, 679бет] .
Шығарма тіліндегі соматикалық атауларға байланысты фразеологизмдер
- Айғай-шуға елеңдеген көрші-қолаң әрқайсысы өз үйінің есік-тесіктерінен сығалап, қызықтайқұлақ түріп тұреді (13 бет) .
Құлағын түрді [салды, тосты тікті, қойды] - көңіл қойып тыңдады, зейін қойды, елеңдеді, құлағына құйып алды [ҚТФС, 471 бет] .
- Қызық: көрмегенді көріп, көн тулақты киіп жүріп, алға, анадай тұстан бұлаңдап қол бұлғаған бақытқаөкпең өшіп, өзегің талғанша ұмтыласың; енді жеттім-ау, қызығын көрейін деген шағында не жан тапсырасың, не болмаса қартайып, алжып қаласың (24 бет) .
Өкпесі өшті - демікті, тынысы тарылды [ҚТФС, 569 бет] .
- Ала барқын тартқан бөлменің іші беймезгіл айтылар әңгіме, әдібін ашып сырласар шыншыл сұқбатқа әдейі арнап жасалғандай: жым-жырт, ұядай жылы, көз құртынжыбырлатар сұлулықтан ада, жұпыны да жарасымды ( «Қар қызы», 28 бет) .
Көздің құрты - кісі ынтығы [ҚТФС, 328 бет] .
- Үйінен келген посылкада ет, қоспа бар екен депұзын құлақтанестігенбіз(40 бет) .
Ұзын құлақ, ұзын құлақтан есіткен әңгіме [сөз, хабар] - әркімнің айтқан лақап сөздері [ҚТФС, 729 бет] .
- - Атаңның аузын ұрайын, аман-есен елге оралайық, көзіне көк басқа қой (40 бет) .
Көзіне көк шыбын үймелетті - қорлады, азапқа түсірді [ҚТФС, 336 бет] .
- Қимыл-әрекетімізге, мұрнымызға су жетпейістеген жұмысымызға қарап, қандай қайсар жандар деп ойлауға болар еді (42 бет) .
Мұрнынан су кетіп жүр - жұмыстан бір сәт босамады, қолы тимеді [ҚТФС, 521 бет] .
- Екі иығына екі кісі мінгендей, еңгезердей жігіт беліне белбеу байлап, мықынын таяна ортада тұрды (43 бет) .
Екі иығына екі кісі мінгендей - еңгезердей, өте тұлғалы [ҚТФС, 202 бет] .
- Екеулеп жүріп наубайханаға ауыстырды, мен дегендетөбе шашы тіктұратынбастықты көндіріпті (52 бет) .
Төбе шашы тік тұрды - шошытты, қорқытты, үрейлендірді; шошыды, тұла бойы түршікті, зәресі ұшты [ҚТФС, 687 бет] .
- Содан түні бойыкөз іле алмады(16 бет) .
Көз ілмеді - ұйқы көрмеді, ұйқтамады [ҚТФС, 340 бет] .
Зооморфтық фраземалар
Адамзат өміріне жануарлар әлемі өте етене таныс, жақындығы өркениеттің тарихи дамуы үрдісімен байланысты. Зооморфтық фразеологизмдер дегеніміз - жан - жануарлар атаулары негізінде жасалған фразеологизмдер [9, 80 бет] .
- Енді міне . . . көрінгеннен сөз естіп . . . әсіресеқой аузынан шөп алмас, момын әйелінің тілі тотяйын болып тигені жанға батады да (14 бет) .
Қой аузынан шөп алмайды - момын; жуас адам [ҚТФС, 442 бет] .
- - Шал, елмен көрген ұлы тойға біз детышқан мұрнын қанаталық(14 бет) .
Тышқан мұрнын қанатпады - мал соймады [ҚТФС, 710 бет] .
- Жағыңа жылан жұмыртқаласын(15 бет) .
Жағыңа жылан жұмыртқаласын! Қарғыс. Жайсыз хабар, жаман сөз айтқан кісіге айтылады [ҚТФС, 225 бет] .
- Отыз жыл бойы тілің кесілгендей, үндемеп едің, отыз жылдан бері маған әзірлеген сыбағаң осы ма . . . ішіңде ит өліп жатырекен-ау (12 бет) .
Ішіңде ит [мысық] өліп жатыр - еш сырын шашпады, оның пікірі ішінде, ойында не барын ешкім білмеді [ҚТФС, 794 бет] .
- Келген соң, бойыңдашыбын жаныңшырқырап тұрғанда тәуекел жасап кетіп көр (17 бет) .
Шыбын жан көне. Өмір, тірлік мағынасында [ҚТФС, 769 бет] .
- Әсіресе, Құмырайдыңит жыны келетін(18 бет) .
Ит жын келді - ашуланды, тоңмойындық көрсетті [ҚТФС, 306 бет] .
- Аяғынан айырылмағанның барлығы - ақымақ,, қоян жүрекқорқақ па екен, тәңірім-ау (19 бет) .
Қоян жүрек - қорқақ, ынжық [ҚТФС, 459 бет] .
- Нағызқой үстіне бозторғай жұмыртқалағанзаман, бейбіт те берекелі, баяны ұзақ өмір дегеніміз осы емес пе (28 бет) .
Қой үстіне бозторғай жұмыртқалады - тыныштық, бейбіт заман орнады [ҚТФС, 444 бет] .
- Бас салып құшақтап, басымды бауырыма тығыпботадай боздап жылапжібердім (32 бет) .
Ботадай боздады [боздап жылады] - еңіреді, ағыл-тегіл көзінің жасын бұлады [ҚТФС, 160 бет] .
- Таң құланиектене берген елең-алаңнанқұстай ұшыпЖалғызқарағайға қайтып оралдым (38 бет) .
Құстай ұшты - жүрісіне көз ілеспеді, зымырады [ҚТФС, 482 бет] .
Жазушы О. Бөкейдің шығармасындағы фразеологизмдердің тізімі:
- Есік алдындағы тақтай табалдырықта тұрып, аузын арандай ашаесінеді (11 бет)
Аузын арандай ашты 1. Жалмап жұтып қоярдай төнді, ашқарақтанды; 2. Аузын кең ашты [ҚТФС, 85 бет] .
- Келімді-кетімділерден жүз грамм дәметкіш көңіл, пайғамбар жасынакелгенқарт солдаттың беделін түсіріп-ақ жүр (11 бет) .
Пайғамбар жасына келген кісі, пайғамбар жасында діни - шашына ақ кіріп қартая бастаған кісі [ҚТФС, 584бет]
- Көбініңсырты бүтінболғанмен, іші түтін(12 бет) .
Сырты бүтін, іші түтін - көңілі жарым, іш құса [ҚТФС, 647 бет] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz