Еңбек қорғаудың нормативті – құқықты заңнама актілері


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:
орындарында соған лайықты шарттар қолдану тиіс.
Еңбекті қорғау еңбек қорғаудың заңдылықтарын, өндірістік санитарияны, қауіпсіздік техникасын және өрт қауіпсіздігін қамтиды.
Еңбекті қорғау - еңбек ету процесінде оқытушының өмір қауіпсіздігін, денсаулығын және жұмыс қабілеттілігін сақтау жүйесін зерттейтін, соған қатысты құқықтық, әлуметтік-экономикалық, ұйымдық, техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу және басқа шаралар мен құралдарды қарастыратын ғылым.
- Еңбек қорғаудың нормативті - құқықты заңнама актілері
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15 - бабының 3 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулысында беріліп отырған Тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау ережесі бекітілді.
Тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау ережесі:
Жалпы ережелер
Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 13) тармақшасына және 319-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
Ереже тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тәртібін белгілейді.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге қойылатын негізгі талаптар.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:
а) өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының басымдығын белгілеу;
б) қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келетін еңбек жағдайларына құқықтарын қамтамасыз ету;
в) қызметкерлердің еңбек қызметі үдерісінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді қамту;
г) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы бірыңғай
талаптарды белгілеу;
д) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қызметкерлер, лауазымды тұлғалар және ұйым басшысы арасындағы құқықтар мен міндеттердің аражігін ажырату;
е) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, жұмыс берушілердің және қызметкерлердің өкілдері арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы келісілген іс-қимылдарды қамтамасыз ету;
ж) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнамалық және басқа да жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілерге, оның ішінде Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес болу.
1) Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтықактілердің мазмұны;
2) Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер қызметкерлердің еңбек қызметі үдерісінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастыру, техникалық, технологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық, медициналық және өзге де нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді белгілейді.
3) Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер:
4) еңбек қауіпсіздігінің жалпы талаптарын;
5) жұмыс басталар алдындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптарын;
6) жұмыс уақытындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптарын;
7) авариялық жағдайлардағы еңбек қауіпсіздігінің талаптарын;
8) жұмыс аяғындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптарын;
9) өндірістік (технологиялық) үдерістерге қойылатын талаптарды;
10) өндірістік үй-жайларға қойылатын талаптарды;
11) өндірістік алаңдарға (өндірістік үй-жайлардан тыс жерлерде атқарылатын
үдерістер үшін) қойылатын талаптарды;
12) бастапқы материалдарға, дайындамалар мен шала өнімдерге қойылатын талаптарды;
13) өндірістік жабдықтарға қойылатын талаптарды;
14) өндірістік жабдықтардың орналастырылуына және жұмыс орындарының ұйымдастырылуына қойылатын талаптарды;
15) бастапқы материалдарды, дайындамаларды, шала өнімдерді, дайын
өнімдер мен өндіріс қалдықтарын сақтау және тасымалдау тәсілдеріне қойылатын талаптарды;
16) өндірісте жұмыс істейтіндердің еңбек ету және демалу режимін;
17) қызметкерлерді кәсіптік іріктеуге және олардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімін тексеруге қойылатын талаптарды; өндірісте жұмыс істейтіндерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке және (немесе) ұжымдық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды;
18) қорғаныс құралдарын қолдануға қойылатын талаптарды;
- Оқытушының жұмыс орнын ұйымдастыру
Оқытушының жұмыс орны - ақпарат көрсету құрылғылары, басқару құралдары мен қосымша құрылғылармен жабдықталған. Оқытушының жұмыс орнындағы ыңғайлы еңбек және жоғары өнімділік негізгі технологиялық құрылғыларға да байланысты болады. Оқытушының күйін таңдау кезінде мыналар есепке алынуы керек:
- жұмыстың физикалық ауырлығы;
- жұмыс аймағының ауданы;
- жұмыс барысында жұмысшының қозғалуы;
- технологиялық процесстердің ерекшеліктері;
- шаршауды төмендетуге бағытталған іс - шаралар.
Жұмыс орнындағы еңбек шарты ыңғайлы және жоғары өнімділікті болуына қосымша құрылғылар мен организационды техникалық орнықтыру да әсер етеді.
Монитордың орналасуы, жарықтандыру, креслоның биіктігі көзге маңызды әсер етеді. Компьютермен жұмыс кезінде жарықтандыру тым қатты болмауы қажет, бірақ аз болуы да тиіс емес, ең жақсы вариант-шашыранды көмескілеу жарық.
Сурет 6 - Компьютердің алдында отыру тәсілдері
Столды орналастырғанда терезе жұмыс істеушінің қарсы алдында болмауы қажет. Айтылғандарды орындау үшін қалың терезе перде немесе жалюздер болу керек, олар сәулені кесіп береді.
Артқа иілген, сан формасына сәйкес, иілген ыңғайлы орындық болады. Арқасы иілген формада, белді орайтын болуы керек. Оның ұзындығы 0, 3 м, кеңдігі 0, 11м, иілім радиусы 0, 3-0, 35 м.
Оқытушының қозғалысы-оның бұлшық ет топтарына жүктеме бірыңғай түсу керек, ретсіз қозғалыстар шеттетіледі.
Қалыпты еңбек жағдайын қалыптастыру үшін бір оқытушыға өндірістік алаң 15 м²-тан 4, 5 м²- кем болмау керек.
Экранның ортасы шамамен көзге сәйкес келуі тиіс немесе біраз төмен.
Басты үнемі тік ұстап отыру керек, жүйелі түрде біраз секундқа көзді жұмып, көзге демалыс беріп отырған жөн.
Қолайлы жұмыс жағдайында оқытушының денсаулығын нашарлатпайтын және қызметкердің жағдайының бұзылуын болдырмауы керек. Бұл кезде өзгеріссіз бірқалыпты жағдайдағы жұмыс қызметіне назар аудару керек, қатты шаршау, соның әсерінен көз, қол және омыртқаға күш түсуі, ол тірек - қимыл аппаратының ауруларына және көрудің бұзылуына әкеледі; одан басқа ақпараттың көрінуінің арнайылығы электромагниттік сәулелену жұмыс істеушіге технологиялық қондырғыны дұрыс таңдауды және шаршауды төмендету және зиянды әсерлерді төмендететін шараларды талап етеді.
Жүйелі басқару үшін қолданатын дисплеймен жұмыс істеуде қауіпсіздікті
қамтамасыз ететін негізгі ережелер төменде көрсетіледі.
Бәрінен бұрын оқытушылардың қорғайтын механикалық экрандар мен фильтрлер қарастырылады, олар:
- жақын қашықтықтан потенциалдық әсер етуі;
- экран бетінде иондалған шаңның жиналуы және оның жұмыс істеуінің терісіне және тыныс жолдарына түсуі;
- көру алаңындағы жарық ұшқындарынан және суреттің бөлшектер контрастылығын және түстік қабылдауды жақсартушы.
Мұндай қасиеттерге жерлеуші түссіз поляризациялық сүзгілер, дисплей экраны үшін арнайы жапқыштар, поляризациялаушы көзілдіріктер ие.
Әйнек сүзгілердің қолданылуы қарапайым, көру алаңында жұмыс істеушіге кедергі келтірмейді және қосымша зиянды және қауіпті әсерлердің көзі болып табылмайды.
Оқытушының өндірістік еңбегі үшін табиғи жағдаймен басқару заттарының ыңғайлы орналасуын ескеретін ыңғайлы қоршаған орта ұйымдастыру керек. Жұмыс орнының микроклиматы-оқытушының шаршататын, тітіркендіретін, кедергі болатын факторды аластату керек, яғни-қалыптандырылған жарық, жылу, желдету, қалып, шу, түстік және архитектуралық интерьер болу керек. Қызмет көрсетушілердің қалыпты еңбек жағдайын қалыптастыру мақсатында өндірістік микроклимат нормалары құрылды.
- Техника қауіпсіздігінің жалпы талаптары
Техника қауіпсіздігі - жұмыс істеушілерге қауіпті өндірістік фактор-лардың әсерін алдын алатын ұйымдастырушылық және техникалық шаралар мен құралдар жүйесі.
Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пунктгерге бөлуге болады:
- Жалпы;
- ДК-де жұмысты бастау алдында;
- Жұмыс істеу кезінде;
- Авариялық жағдайларда;
- Жұмысты аяқтағанда.
Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегідей:
- Компьютерді токқа қосатын сымдарға, қос тілді розеткілерге, штеккерлерге тиісуге тыйым салынады;
- Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды;
- Пернелік тақтаның үстіне артық заттар қоюға болмайды;
- Компьютер тұрған жерде жүгіруге, ойнауға, жынандағы әріптестерді алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.
Әрбір компьютерде жұмыс атқарып жатқан маман міндетті түрде техника
қауіпсіздігін сақтауы керек. Жұмыс кезінде монитордың жарық шығаратын құбыры жоғары кенеуде болады. Аппаратураны, сым жүйелері мен мониторды дұрыс қолданбасаңыз, электр тоғынан қатты зақымдануға және аппаратураның күйіп кетуіне әкеп соғады.
Тыйым салынатын жағдайлар:
- байланыстағы сым жүйелерінің айырғыштарына тиіспеу;
- экранға қол тигізбеу және монитор мен пернетақтаның сыртқы жағын қолмен ұстамау;
- аппаратураны оқытушының рұқсатынсыз қоспау және сөндірмеу;
- дәптерлер мен кітаптарды монитор мен пернетақтаның үстіне қоймау;
- су қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істемеу.
- Жұмыс істегенде:
- 60-70 см қашықтықта бүкшімей, еңкеймей, денені тік ұстап, жұмыс істеу қажет, үнемі көзілдірік киіп жүретіндерге көзілдірікпен ғана жұмыс істеу керек.
- Дисплейде 20 минут жұмыс істеген соң, 5 минут демалған жөн.
- Жұмыс уақытында: аппаратураның дұрыстығын тексеру керек, ал егер төтенше дыбыстар естіле бастаса немесе пернетақтаның өзінен-өзі сөніп қалу жағдайы болса, жұмысты дереу тоқтатып, оқытушыны алдын-ала ескертіңіз;
- Пернетақтаны ақырын басып, қауырт соққылардың болмауын қадағалау;
- Пернетақтада жұмыс істегенде қолыңыз таза болсын;
13) Аппаратураның жұмыс кезінде шығып жатқан ақауларын өздігінен дұрыстауға тырыспаңыз.
- Статистикалық электрленуді болдырмау жолдары
Электр қондырғылардың бірнеше түрі мен жұмыс істеген кезде ереже бұзып, немесе ток жүретін қондырғының ашық жеріне тиіп кеткен жағдайда оқытушының өміріне қауіп төнуі мүмкін. Оқытушының ағзасына ток тиген кезде, есінен танып қалуы, демалу органдары жұмыс істемеуі және жүйке жүйелерінің бүлінуі мүмкін. Бұдан басқа электр тогы оқытушының денесінің ашық жерлерін күйдіруі мүмкін және күюдің ауырлық жағдайы токтың шамасына байланысты болады.
Оқытушы ағзасының өтіп жатқан тоққа кедергісі бірнеше факторларға байланысты, тұрақты ток па жоқ ауыспалы ток па? Оқытушы шаршаған болса, қанша көлемде ток тартқан ауыспалы токтың соғуына теріс байланысты. Оқытушы ағзасынан ток қанша көлемде өтсе, ток тарту сонша көлемде өтеді. Оқытушы ток тартқан кезде, 30 секундта денесі 25% төтеп береді, ал 90 секундта - 70% күйіп қалады. Оқытушы ағзасы үшін тұрақты ток та ауыспалы ток та қауіпті, бірақ тұрақты токтың қауіпсіздігі 3-5 рет аз, ауыспалы тоқтан. Тұрақты ток 50МА-ге
дейін, ал ауыспалы ток ІОМА-ге дейін қауіпті.
Ток күші 0, 05А болса, оқытушыға қауіпті, ал 0, 1 А - оқытушы өмірін қияды.
Ток өткізудің екі түрі бар:
- электрлік соғулар - олар оқытушының ішкі ағзасын жарақаттайды, жүйке жүйелерін, көкірек клеткаларын жарақаттайды.
- электрлік жарақаттар - олар оқытушының сыртқы терілерін жарақаттайды.
- Электр қауіпсіздігінің техникалық ұйымдастыру шаралары 3-ке бөлінеді. Бұларды орындайтын оқытушы электр қондырғыларын іске қосқанда өте білімді жауапты маман болуы тиіс.
- оперативтік персонал - кезекші электротехникалық персонал - бүкіл қарамасындағы электр қондырғыларын қосып және соған жауап береді.
- жөндейтін персонал- бүлар электр қондырғыларын жөндеу, реттеу, монтаждау сияқты жұмыстарға жауап береді.
- оперативтік жөндеу персоналы - бұлар әрі жөндеу, реттеу, монтаждау мен қоса бүкіл электр қондырғыларын іске қосып, әрі жауап береді.
Электр қондырғыларын жөндейтін, әрі іске қосатын жұмысшылар,
денсаулықтары мықты, ешқандай науқас емес және білікті, білімді болуы керек, әрбір оқытушы электрлік жұмысқа барар кезде электр қауіпсіздігі туралы емтихан тапсырып, білімін тексереді. Электр қауіпсіздігі жөнінде курстық сабақтар өтіп, жұмыс орнында квалификациялық комиссиялар жұмысшыларды тексереді.
Комиссия оқытушының біліміне қарай оқу дәрежесін жоғарылатады, сөйтіп білімін жэне дәрежесін көрсететін куәлік беріледі.
Жұмыс орнын ұйымдастыру электротехникалық жабдықтарды қолданарда техникалық қауіпсіздікті сақтау екі түрге бөлінеді:
1) оперативтік электр қондырғыларды іске қосып тексеру, жеңіл
жұмыстар істеу, қорғаныс жабдықтарын ереже бойынша қарап шығу, қауіпсіздігін қарау, еңбекті қорғау;
2) электр қондырғыларында өндірістік жұмыс істеу дегеніміз - жөндеу,
монтаждау, құрылыс жүмыстарын және т. б. жүмыстарды орындау -электр қондырғыларында. Пайдалынылатын электр қондырғыларын еңбек қауіпсіздігі шараларымен қамтамасыз ету.
Электр қондырғыларының еңбек қауіпсіздігі шаралары немесе электртоғынан қорғану шаралары:
- ток өткізгіш бөліктерді қауіпсіз жерге орналастыру;
- изоляцияны бақылау (ашық қалған жерлері болмау) ;
- қорғаныстық жерге қосқыш;
- қорғаныстық нөлдік сым;
- автоматтық ажыратқыш;
Қорғану құралдары 2 түрге бөлінеді:
- Негізгі құралдар: изоляцияланған өлшем штанглері, кернеу көрсеткіштері изоляцияланған құрылғылар, сатылар монтерлық құрал-жабдықтар изоляцияланған ұстатқыштары бар траптар, алаңдар.
- Қосымша қорғаныс құралдарына 1000 В кернеулік электр құрылғыларда: диэлектрикалық қолғаптар, дорожкалар және де изоляцияланған подставкалар, резина фартуктар. Қоршаулы қорғаныстарға: щиттар уақытына қорғаныстық жерге қосқыш, уақытша алып жүретін жерге қосқыштар, сосын қорғаныс плакаттары. Қорғаныс құралдары жұмысшыларға қорғаныс көзілдірігі арнайы қолғаптар жанбайтын матадан жасалған қорғайтын монтерлық белдіктер, қорғаныс халаттары жэне т. б. Жоғарыдан түсу үшін монтерлық белдіктер, тырнақшалар, ременьмен телескоптық қондырғылар, сатылар.
- Дербес компьютермен жұмыс істеуде адамға әсер ететін негізгі қауіпті және өндірістік факторлар
Негізінен, компьютердің алдында отырып, жұмыс істейтіндердің шағымданатын сырқат белгілері екі топқа бөлінеді:
- Көздің көру қабілетінің нәшарлауы.
- Бастың желке тұсының (қарақұсының), мойын мен иық, жауырын, білектің ауыруы.
Көру қабілетінің нашарлауы оның бұлдырап, анық көрмеуі, өзіне түскен салмақтан күйген тәрізді ашып, қызаруы. Көздің барлық көру қабілеті белгілерін біріктіріп, мамандар оны компьютерлік көру қабілетінің синдромы деп атайды. Дәрігерлердің айтуынша, компьютерлік көру қабілетінің синдромдары уақытша рефракцияның нашарлауына немесе күшеюіне, аккомодация көлемінің кішіреюіне, қарама-қарсылық сезімталдығының, сезіну қабілетінің әлсіреуіне әкеліп соқтырады.
Жалпы, бейне монитордың, жазу столының, отыратын орындықтың, тағы да басқаларының орналастырылуы дұрыс болуға тиісті. Орындықтың биіктігін, арқалығының дұрыс тұруын, клавиатураның тұрған орнын, дисплейдің көлемін, экранмен ара қашықтықта жұмыс істейтін адамның өзіне ыңғайластырып қойғаны абзал. Өмір тәжірибесі көрсеткеніндей, көп жағдайда дисплей өте жоғары тұрады, жүйелік блоктың үстіне қойылады. Соның салдарынан, басты үнемі көтеріп отыруға тура келеді де, мойын омыртқа тұсы ауыратын болады.
Компьютерден шығатын электромагниттік сәуленің оқытушының ағзасына зиянды екендігі жөнінде көптен бері айтылып келеді. Алайда бұл барлық компьютерлерге тән емес. Қазіргі компьютерлерге қарағанда ертеректе шыққандары қауіпті. Олардың арасындағы айырмашылық өте үлкен. Кейінгі жылдары шығарылған компьютерлер өз құрылысына қарай үш түрге бөлініп келді: «ақ», «сары», «қызыл» болып. «Ақ» құрылысты компьютерлер АҚШ-та, Жапонияда және Батыс Еуропа ердерінде шығарылғаны. Олар сапалы да қауіпсіз. «Сары» құрылысты компьютерлер Азия елдерінде (Гонконг, Тайвань) жасалынғаны. Сапасы өте жоғары емес. «Қызыл» құрылысты компьютерлер өзіміздің шеберлердің құрастырғандары. Зиянды сәулені көбірек бөлетіні де
осылар.
Бұрындары көбінесе монитор өте зиянды дейтін. Мамандар клавиатураның одан да қауіптірек екенін айтады. Себебі, клавиатурадағы төмен диапозаннан тарайтын электромагниттік сәулелер саусақ арқылы ағзаға әсер ететін көрінеді. Нәтижесінде, компьютермен көп жұмыс істеген оқытушы жүйке ауруына ұшырайды. Және де компьютердің алдында көп отырғандар саусақ ауруларына да шалдығады.
- Дербес компьютерді, бейне терминалды, көшіріп - көбейту аспаптарын пайдалануда қойылатын санитарлық - эпидемиологиялық талаптар
Жұмыс зонасының ауасына қойылатын жалпы санитарлық-гигиеналық талаптар: МЕСТ 12. 1. 005-02 құжаты кәсіпорындағы жұмыс зонасының ауасына қойылатын талаптарды бекітеді. Бұл стандарт микроклимат көрсеткіштеріне қойылатын жалпы санитарлық-гигиеналық талаптар мен жұмыс зонасының ауасының зиянды заттарының шегін бекітеді. Жұмыс зона ауасының зиянды заттарының шегі жұмыс орнының қайда орналасқандығына тәуелсіз орнатылады.
Микроклиматқа қойылатын талаптар жер асты және кен орындары, транспорттық құралдарда, жануар мен құстар орналасқан орындарда, ауылшаруашылық бұйымдарын сақтау орындары мен складтарға қатысы жоқ.
Стандарттың радиоактивті залалдану кезінде жұмыс орнының ауасына қатысы болмайды.
Жұмыс орындарындағы микроклиматтың оптимальді және шекті көрсеткіштері
Микроклиматты сипаттайтын көрсеткіштер:
- ауа температурасы;
- ауаның салыстымалы ылғалдығы;
- ауа қозғалысының жылдамдығы;
- жылулықтың интенсивтілігі;
Оптимальді көрсеткіштер жұмыс зонасының микроклиматына орындалады, ал шекті көрсеткіштер тұрақты және тұрақсыз жұмыс орындарына дифференциалды түрде таратылады. Өнеркәсіптік жердегі жұмыс орнының температураның оптимальды және шекті көрсеткіштері, салыстармалы ылғалдылық пен ауа қозғалысының деңгейі кесте-1 сәйкес болуы керек.
Микроклиматтың шекті көрсеткіштері, жұмыс орнында технологиялық талаптар оптимальді нормаға сәйкес кез келген жағдайда ғана орнатылады.
Кабинеттерде, пульттер мен технологиялық процестерді басқару посттарында, есептеу техникасы залдарында міндетті түрде ауа температурасы 22 - 24 0С, салыстырмалы ылғалдылық 60 - 40 % және ауа қозғалысының жылдамдығы 0, 1 м/с-тан аспауы керек. Басқа жұмыс орындарында микроклиматтың оптимальді нормалары белгіленген тәртіп бойынша салалық
құжаттамаларға сәйкес болуы керек.
- Оқытушының жұмыс орнын жарықтандыру
Жасанды жарықтандыру.
Қазіргі жарық техникасының негізгі тапсырмаларының бірі - еңбек ету ортасына қолайлы жарықтандырумен қамтамасыз ету . Сонымен қатар жоғары еңбек нәтижесін беру және технологиялық процесстерде электр энергиясын рационалды негізде қолдану, яғни жарықтама құрылғыларын пайдалану және құрылу шығындарын төмендету .
Өнеркәсіптерде жасанды жарықтандыру - көру жұмыс қабілетіне, адамдардың физикалық және моральдық күйлеріне, еңбек өнімділігін 10-15% көбейтуге үлкен мүмкіндік береді. Өнімдердің сапасын жоғарылатып, өндірістік жарақаттар және кәсіби аурулардың деңгейін төмендетеді.
Сызықты - аппарат цехтерінде (САЦ) жарықтандыру аспаптарын
орналастырғанда келесі шарттар орындалуы тиіс: үнемді, нормаланған жарықтандыру шамдарын ( неондық шамдар) қолдану, жарықтандыру сапасына сай болу; қызмет етуге қауіпсіз және ыңғайлығы; топтық желілерді құрастыру қолайлығы; бекіту сенімділігі.
Сызықты-аппарат цехындағы (САЦ) жалпы жарықтануды есептеу.
Берілген мәліметтер: көру жұмысындағы разряд - 5. Шағылысысу коэффициенті:
- төбе ртөб=70 %
- қабырғар рқаб= 50 %
- еденред=30%Нормаланған жарықтану - 150 лк
САЦ -та жалпы сегіз люминесцентті II топты шамдар, қуаты 40 Вт және жарық ағыны Фл = 2340 лм.
Есептеу:
салпыншақ биіктігі (һ)
электр шамының жоғарғы іліну биіктгі (а) -1, 5 м
электр шамының түсу биіктігі (в) - 0, 1 м
САЦ өлшемдері: ұзындығы (А) -10м ені (В) - 4 м биіктігі (С) - 3, 5 м
һ = с-(а + 2>) = 3, 3-(1, 5 + 0, 1) = 1, 7 м
Шырақтар арасындағы тиімді қашықтықты анықтаймыз:
L=
λ - көршілес шырақтар арасындағы қашықтық 1, 2 м
Бөлме көрсеткіштерін (индекс) келесі формуламен анықтаймыз:
Қолдану коэффициенті
= 61 % (2. 5 кесте)
Қор. коэффициенті Кқ= 1, 5
Электр шамының жарық ағынын анықтаймыз:
Ф=(Е*К
3
*S*Z) /(N*
)
мұндағы Е - берілген минималды жарықтандыру; Z - бірқалыпсыз
жарықтандыру коэффициенті (
=1, 1) ; N - шамдар саны
Жалпы жарық ағынын анықтаймыз:
ЕФ=(Е*Кз*S*Z) /ті=(150*1, 5*40*1, 1) /0, 61=16230лм
К=(^Ф) /Фл=16230/2340=8 шам
Табиғи жарықтандыру.
Табиғи жарықтандыру өзінің спектрлік құрамына байланысты ерекше қолайлы. Табиғи жарықтандыру - құрылуы жағынан бүйірлік, төбелік, араласқан болып бөлінеді.
Бүйірлік жарықтандыру сыртқы қабырға терезелері арқылы жарықтандыру; төбелік жарықтандыру төбесаңылаулары арқылы; араласқан - бүйірлік және төбелік табиғи жарықтандырулар. Табиғи жарықтандыру табиғи жарықтандыру коэффицентімен (ТЖК) сипатталады. ТЖК - табиғи жарықтану бөлме ішіндегі кейбір нүктелерде берілген жазықтығына қатысты.
Бүйірлік табиғи жарықтану ТЖК минималды мәнімен нормаланады, төбелік және араласқан жарықтандыру ТЖК орташа мәнімен нормаланады .
Егерде технологиялық процесстерге байланысты бөлменің әрбір бөліміне әртүрлі жарықтандыру дәрежесімен қамтамасыз ету қажет болса, онда бөлмені әрбір бөлімге бөліп, әр бөлімнің табиғи жарықтануын бөлек-бөлек есептейміз.
- Жұмыс орнындағы діріл мен шудың деңгейі
Шу - амплитудасы және жиілігі әртүрлі болған тербелісті айтамыз. Шу дегеніміз адам организміне механикалық тербелістің әсер етуі, тербелістің жиілігіне, интенсивтілігіне және берілу ортасына байланысты болады. Шудың адам организміне күнділікті әсер етуі кәсіби ауруларға әкеледі. Сонымен бірге, жүйке, жүрек, қан тамыры жүйесіне, қан тамыры қысымына, көздің көруіне әсер етеді. Шудың адам организміне ұзақ уақыт әсер етуі, бірнеше қолайсыз жағдайлардың пайда болуына әкеледі: көру, есту мүшелерінің жұмысы төмендеп қан қысымы көтеріледі.
Шумен күресудегі ең негізгі шаралары бұл - үш негізгі бағытта жүзеге асырылатын техникалық шаралар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz