Мектепте информатика пәнін оқыту әдістемесі



МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ: КІРІСПЕ
3
МАЗМҰНЫ:
  1. ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІ.
МАЗМҰНЫ:
  1. . 1 Информатика ғылымы және орта мектептегі информатика пәні….
МАЗМҰНЫ:
  1. Мемлекеттік білім беру стандартындағы информатика пәнінің мазмұны мен құрылымын талдау
МАЗМҰНЫ:

1. 3 Орта мектепте информатика пәнін оқытудың мақсаттары мен міндеттері. .

МАЗМҰНЫ:
  1. Оқушылардың компьютерлік сауаттылығы және ақпараттық мәдениетін қалыптастыру
МАЗМҰНЫ: 2 МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ……
МАЗМҰНЫ:

2. 1 Информатиканы оқыту әдістеріне шолу

МАЗМҰНЫ:

2. 2 Информатикадағы теория, практика және бақылау.

МАЗМҰНЫ:

2. 3 Алгоритм құру және өңдеу тәсілдерін оқыту әдістері.

МАЗМҰНЫ:

2. 4 Информатиканы оқыту формаларының әртүрлілігі. .

МАЗМҰНЫ:

2. 5 Информатикадан факультатив сабақтарды жүргізу әдістемесі . . .

МАЗМҰНЫ:
  1. Информатикалық үйірме
МАЗМҰНЫ:

3 МЕКТЕПТЕГІ ИНФОРМАТИКА КУРСЫНДА MICROSOFT FRONTPAGE РЕДАКТОРЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ. .

  1. Frontpag курсының мазмұны
МАЗМҰНЫ:
  1. Microsoft Office FrontPage редакторын жалпы шолу
МАЗМҰНЫ:
  1. Курсты электронды оқу құралымен бағдарламалық жабдықтау
  2. Электронды оқу құралын қолдану . . .

Қорытынды . . .

МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: Қолданылған әдебиеттер . . .


КІРІСПЕ

XXI ғасыр-адамзат дамуының жаңа сатыларының бірі компьютерлік қоғамға өтумен сипатталады. Қоғам талаптарына байланысты жаңа бағдарламалар тасқыны адамдарға кәсіптік-ақпараттық технология құралдарын жоғары дәрежеде білу қажеттілігін туғызып отыр. Қоғамның қарқынды ақпараттану дәуірінде адамның жан-жақты дамуы үшін ақпаратты жинақтай білу, болжамдар мен қорытындылар жасай білу және жаңа ақпараттық технологияларды қолдануына қазіргі кезеңде өте көп назар бөлінуде. Осы орайда, ең алдымен, «Информатика» пәнін оқытудың алатын орны ерекше. “Информатика” пәні бойынша орта жалпы міндетті мемлекеттік стандартында ұсынылғандай информатикалық білім мазмұны теориялық иинформатика, ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технология, әлеуметтік информатика бөлімдерін қамтиды [1] .

Қазіргі таңда информатика әлемдік ғылымының бірден-бір болашағы бар ғылым саласы болып табылады. Оның айналасында ғылыми зерттеулердің бірнеше жаңа бағыттары қалыптасуда, атап айтқанда: әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, биологиялық, информатика және т. б.

Қазақстанда Информатика пәнінің мектепте оқытылу проблемесының зерттелуі, Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында педагогика ғылымдар институты құрамындағы “Физика-математика циклындағы пәндерді оқыту әдістемесі” лабораториясында ф-м. ғ. к., доцент Ж. Қараевтың жетекшілігімен 1990-шы жылдардан бастап жүзеге асырыла бастады. 1990-жылдардан бастап информатика пәнін ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету мәселесін Ж. Қараев, С. Рах, К. Халикова, Ж. Ешеева, М. Кенжебаева, М. Құрманбаев, Қ. Аганина және т. б. мамандар айналысты. Осы уақытта мектептерде профессор Ж. Қараев басшылығымен, авторлар тобы дайындаған информатикадан жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдары кеңінен пайдаланылуда. Дегенмен, білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолданып оқыту әдістемесінің өзгертуіне байланысты информатиканы мектепте оқыту сапасын әлі де жетілдіру, информатика оқулықтары мен оқыту-әдістемелік құралдарына қойылатын дидактикалық талаптарды нақтылау, осы материалдарды даярлау өзекті мәселелердің бірі. Осы өзекті сұрақтарға байланысты біздің тақырыптың өзектілігі заманымызға сай техниканың даму қарқынына байланысты, сервистік, жүйелік, қолданбалы, офистік және т. б. бағдарламаларға өзгеріс енгізіліп немесе бағдарламалардың жаңа түрлері пайда болуда. Осыған орай информатика пәнін мектепте оқыту сапасын жетілдіру үшін оқулықтар мен оқыту әдістемелік құралдарын дайындау және олардың оқыту әдістемесін жасау маңызды мәселе.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: техниканың қарқынды дамуына сай информатика ғылымы да жылдам дамуда, осыған орай информатика пәнін оқытуда Microsoft Offiсe пакетінің жаңа нұсқасы Microsoft Offiссe FrontPage редакторын оқыту әдістемесін дайындау.

Жұмыстын мақсатына жету үшін келесі есептерді шешу қажет болды:

  1. Осы бөлім бойынша әдебиеттерді қарастыру.
  2. Жалпы білім беретін орта мектепке арналған информатиканы оқыту курсының бағдарламасын меңгеру.
  3. Тақырыптар бойынша теориялық материалдарды жүйелеу.

Бұл зерттеу келесі әдістер арқылы іске асырылды:

  1. Информатиканы оқыту әдістемесінен ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді қарастыру.
  2. Жалпыға мемлекеттік білім беру стандарттарын талдап талқылау.
  3. Теориялық және практикалық сабақ беру әдістемелерін жасау.
  4. мектептегі информатика пәнінде microsoft offiссe пакетіндегі FrontPage редакторы бойынша оқыту сабақтарын жасау.

Дипломдық жұмыстың болжамы -құрастырылған сабақтар бойынша оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, информатикадан білімдері мен біліктері жоғарылайды, егер информатиканы оқытуда ұсынылып отырған сабақтар қолданылса, FrontPage бағдарламасын меңгеру тиімді болады.

Зерттеу нысаны - мектепте информатика пәнін оқыту әдістемесі.

Зерттеу пәні - информатика пәнінде FrontPage бағдарламасын оқыту.

Теориялық және практикалық маңызы FrontPage бағдарламасы бойынша оқыту әдістемесі бір жүйеге біріктіріліп, теориялық және практикалық сабаққа қолдануға әдістемелік нұсқау мен тапсырмалар информатика мұғалімінің практикалық қызметінде қолдануға арналған құрал бола алады.

1ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІ

  1. Информатика ғылымы және орта мектептегі информатика пәні

Орта білім беру жүйесіндегі информатиканың рөлі қазіргі ақпараттық қоғамдағы ақпараттық мәдениеттің негізін құрайтын ақпараттық және коммуникациялық технология пайдалану дағдыларын қалыптастырудағы ақпараттық білімнің мәнімен қамтамассыз етіледі.

Информатика ғылымының дамуына, дүние жүзінде жаһандану процесінің қарқынды жүруіне байланысты әр азамат компьютерді білуі тиіс. Компьютерді меңгеруді мектеп қабырғасынан бастау керек.

Қазір барлығымыз бүкіл дүние жүзіндегі ауқымды саяси және экономикалық өзгерістердің куәгері болып отырмыз. Бүгінгі таңда болып жатқан істердің бір жарқын көрінісі-біздің және басқа елдерге жаңа компьютерлік технологиялардың енуі. Қазіргі компьютерлер біздің өміріміздің барлық салаларын, оның ішінде білім беру саласына да енеді. Бұған дәлел, 1997 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің «Орта білім беру жүйесін ақпараттандыру» мемлекеттік бағдарламасы.

Қалыпты орта мектептер аумағында компьютерлік сауаттылықты меңгеру біздің қоғамымызды әлемдік стандарттарға тартудың түйінді мәселесі болып табылады. Информатика пәнін 7-ші, тіпті 1-сыныптан бастап оқытуды қарастыратын оқу курсының бағдарламалары әзірленген және әлі де жалғасын табуда. Оқулықтардың бірқатар нұсқалары және әртүрлі әдістемелік құралдар баспадан шығарылды. Алайда бұған қарамастан, орта мектеп бағдарламасына бағдарламалау тілдерін оқытуды енгізуге бола ма және оның қайсысын оқыту керектігі туралы сұрақтар әлі де пікірталас тудыруда. Бүгінгі күнде байқап отырғанымыздай, дайын бағдарламалық жабдықтардың молшылығы кезінде компьютерлік сауаттылық негіздерін меңгерумен шектеліп, негізгі көңілді стандартты офистік жиынды немесе нақты кәсәптік бағытпен байланысты курсты оқытуға бөлуге, ал бағдарламалауды оқытуда арнайы оқу орындарына -колледждер мен институттарға ұсынсақ болар еді. Бірақ мұндай көзқарас бір қарапайым, бірақ өте маңызды нәрсені - компьютерлік технологиядағы ең ауқымды шығармашылық потенциялдың бағдарламалауда жатқанын ескермейді[2] .

Мұнымен есептеу-оқушыны жаңа, көпқырлы қызмет түрінде өзінің шығармашылық қабілеттерін дамыту мүмкіндігінен айырмау деген сөз (бұл кезде оқушы бұған әбден бейім) . Оның үстіне сөз бағдарламалау тілін кәсіби меңгеру туралы емес, бағдарламалау негіздерін оқып-үйрену туралы болып отыр, бұл оқушыларға осы қызмет түрімен танысуға, тіпті оны өзінің бұдан әрі жоғары білім алу жолын таңдауға мүмкіндік береді.

Информатиканың пайда болуы мен пән ретінде қалыптасуы өткен ғасырдың екінші жартысына келеді. Информатиканың қызығушылық облысы бұл - ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттері және ақпаратты іздеу, жинау, сақтау, түрлендіру, алмастыру және қолданудың адам әрекетінің әр түрлі салаларында қарастыру сұрақтары. Үлкен көлемдегі ақпаратты автоматтандырусыз және қатынас жүйелерінсіз өңдеу мүмкін емес, сондықтан ЭЕМ-дер және қазіргі кездегі ақпараттық және қатынастық технологиялар информатиканың фундаментальді негізі және мәліметтік негізі болып табылады. Қазіргі кезде информатиканың жалпыға бірдей анықтамасы жоқ.

ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін табиғаттың әр түрлі жүйелеріндегі - табиғи, биологиялық, әлеуметтік, басқару мен байланыстар туралы кибернетика ғылымы дамыды.

«Кибернетиканың» пайда болуын 1948 жылы Норберт Виннердің «Кибернетика или Управление и связь в животном и машине » кітабының шығумен байланыстырады. Бұл жұмыста басқарудың жалпы теориясын жасау жолдары және бір бағыттағы әр түрлі жүйелердің байланыстары мен басқару мәселелерін қарастырудың негізгі мәселелері ЭЕМ - мен бірге дамып, кибернетика жалпы ғылым бола бастады, ол - ақпаратты түрлендіру туралы ғылым болды. Ақпарат - деп кибернетикада кейбір жүйелердің қоршаған ортаны қабылдауы, қоршаған орта беретін және өзінде сақтайтын мағлұматтар немесе әсер етулер, сигналдар жиынын айтады[3] .

Кибернетиканың дамуы біздің елде драмалық периодын бастан кешірді. 60-жылдары академик А. И. Берг былай жазған: « . . . 1955-1957 жылдарда және кейін кибернетиканың мүмкіндігі мен мәнін бағалауда әдебиеттерде қателіктер көп кездеседі. Ғылымдардың дамуына кері әсерін тигізді, көптеген теориялық материалдың, тіпті есептеуіш машиналарды дайындауға кедергі болды». Оған дәлел ретінде «Қысқаша философиялық сөздіктің» төртінші басылымындағы анықтаманы келтіруге болады: «Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ-та пайда болған және басқа елдерді дамыған реакциялық жалған ғылым; қазіргі заман механизмінің түрі». Бұл ең біріншіден ғылымды дұрыс бағаламаудан, екіншіден ғалымдардың бос сөзге көп көңіл бөлгендіктерінен туындап отыр.

Бірақ кибернетиканы ғылым деп жариялаудан кейін де қиындықтар азайған жоқ. Ол кибернетиканың дамуы мемлекеттің ірі жобаларының іске аспауы мен қатар дамуы мен де байланысты болады. 80-жылдардағы жағдайға қысқаша шолу жасайық.

Кибернетиканың халық шаруашылығында қолдану перспективалары метематикалық модельдерді және ЭЕМ-ді ауқымды жоспарлау мен басқару мақсаттарына ұсыныстар тудырды. Ғалымдармен жасалған бұл ұсынымдар партия және үкімет шешімдерінде көрініс тапты. Халық шаруашылығының барлық бөлімдерде басқарудың автоматтандырылған жүйелерін (БАЖ) жасау мемлекеттік жоспарлау бағдарламасына енді. БАЖ халық шаруашылығын басқарудың құрылымын қайта жасау негізі болуы керек еді: БАЖ-бен қатар технологиялық процестерді басқаратын автоматтандырылған жүйе (ТПБАЖ) болу керек еді, БАЖ-ға жоспарлық есептердің автоматтандырылған жүйелері (ЖЕАЖ) жасалу керек еді. Барлық автоматтандырылған жүйелерді есептеу орталықтарының жалпы мемлекеттік жүйесінде жүзеге асыру керек болды. Бірақ кейбір себептермен тек басқару жүйесінің жеке бөліктері ғана жүзеге асты, басқару өзінің ауқымды мақсатына жетпеді.

Ресей білім Академиясында ғылыми бағыт шегінде жалпы білім мазмұнына негіздік кибернетикалық білімді анықтау және қамсыздандыруға көп көңіл бөлінеді. Бұл негіздік кибернетикалық білім, көптеген ғалымдардың ойынша мектеп информатикасы пәнінің негізін құру керек. Жалпы білім беретін мектептерге мұндай білім мазмұнын енгізгеннен кейін, информатика пәніне келесі мақсаттар қойылады:

  1. Ғылыми дүниетанымның негізін қалыптастыру. Мұнда ақпаратты ғылымның негізгі үш ұғымының бірі ретінде ой түйсіндіру керек.
  2. Ақпаратпен жұмыстың жалпы білім және жалпы мәдени іскерлігін қалыптастыру. Мұнда ақпарат көздерімен дұрыс пайдалана білу, ақпарат нақтылығының негізі, ақпарат пен білім қатынасы, ақпараттық үрдісті дұрыс ұйымдастыра білу, ақпараттық қауіпсіздікті бағалау қарастырады.
  3. Оқушыларды келешек мамандық әрекетінің өзгеруіне және экономикадағы ақпараттық сектордың өсуіне байланысты оқушыларды ақпаратты өңдеумен айналысатын әрекеттің әр түрлеріне дайындау қажет. Бұл ақпараттық құралдар мен ақпараттық технологияларды меңгеру болып табылады.
  4. Үздіксіз білім беру жүйесіне өтудің шарты ретінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды меңгеру.

Мұндай дайындықтың қажеттілігі үздіксіз білім берудің ерекшеліктерінен шығады.

70-жылдардың ортасына қарай АЖЖ (автоматтандырылған жоспарлау жүйесі) құруға мақсат қойылды; АЖЖ шегінде конструкторлардың, ғылыми жұмыскерлердің және т. б. автоматтандырлыған жұмыс орындары (АЖО) туралы ой-пікір дамыды[3] .

Киберентика негізінде терминологиялық көзқарастан информатиканың құрылуы туралы сұраққа келейік. «Кибернетика» термині пайда болғаннан кейін әлем ғылымында мынадай ұғым пайда болды: «Computer Scence» (компьютерлік ғылым) ; ол ұғым компьютерлік және телекомуникациялық жүйелердің көмегімен ақпаратты өңдеу, сақтау және алмасу процестерін зерттейтін ғылым, сонымен қатар оқу пәндерінің атауы ретінде АҚШ, Канада және т. б. бірқатар елдерінде қолданылады.

60-70-жылдарда француздар «informatione” (теминін) ендірді, ол француздың екі сөзінен - “informatione” (информация) және “avtomatique” (автоматика) құрылған. Жаңа термин СССР-да және Батыс Европада даму тапты. Үлкен Совет энциклопедиясында информатикаға берілген анықтама: «Ғылыми ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін зерттейтін, сонымен қатар оны құрудың заңдылықтары, түрлендіру, алмастыру және адам әрекетінің басқа сфераларда қолдануы туралы пән». Бұл анықтама информатиканы кітапханамен, библиографиямен, ақпаратты іздестіру әдістерімен байланыстырады. Бұл мақсатпен 1952 жылы ғылыми ақпарат институты АН СССР құрылды, кейін ол ғылыми және техникалық ақпараттың Бүкілодақтық Институтына - ҒТАБИ - айналды.

Бұл бағытпен қатар «информатика» терминінің басқа анықтамасы жүрді, ол А. П. Ершов ойынша, 70 - жылдардың екінші жартысынан бастап нақтылана бастады. А. П. Ершов «Информатика» терминінің мағынасын түсіндіргенде, ол орыс тіліне « . . . Ақпаратты өңдеу және беру процесін зерттейтін фундаментальді жаратылыстану ғылымы ретінде» енеді деген [3] .

Бұл анықтамаға түсініктеме бере келе А. П. Ершов былай деген: «Ғылымды жаратылыстану және қоғамдық деп бөлгенде, информатиканы біз жаратылыстану ғылымдарына жатқызамыз. Информатиканы фундаментальді ғылымға жатқызу ақпараттың жалпы ғылыми белгілерін және оны өңдеу процесін сипаттайды. Информатика ғылым ретінде тек зерттелетін үзінді үшін ақпараттық модель құрылған жағдайда қалыптасады. Ақпараттық модельдердің құрылымының жалпы әдістемелік принципі информатика пәні болуы мүмкін, ақпараттық модельдің құрылымы мен негізі жеке ғылымның мақсаты болып табылады».

Академик Н. Н. Моисеев келесідей айтқан: «Кибернетика, информатика - басқару процестері ғылымдарынан пайда болып, біздің көзімізше ақпарат пен табиғат қоғамындағы ақпараттық процестер туралы фундаментальді жаратылыстану ғылымына айналды». Сол арада отандық ғалымдардың арасында информатикаға ортақ анықтама берілген жоқ.

В. С. Михайлевич, Ю. М. Каныгин, В. И. Греценконың «Ставление информатики» кітабында былай деген: «Информатика - ақпаратты өңдеу, жобалау, жасау, бағалау, қайта өңдеу жүйесінің машиналық функцияны зерттейтін комплексті ғылым және инженерлік пән». Бұл тұжырымнан информатиканың пайда болуы компьютерлік техниканың дамуымен байланысты, сонымен қатар информатика - ЭЕМ дамуының мәні екендігін көрсетеді.

Информатиканы оқытудың негізгі мақсаты-оқушыларды белсенді, әрі толыққанды өмірге және ақпаратлық қоғам ортасындағы жұмысқа дайындау болып табылады. Бірақ мұндай қоғамда ақпарат көлемінің өсуі (әр 2 жылда екі есе артады) практикалық әрекеттермен шындалып отыруы тиіс, мұнда оқытудың тек мәлемет беретін түсіндіру-көрсету технологиясымен шектелуге болмайды. Қазіргі жаңа ақпараттық қоғам түрлі мәлеметтермен жұмыс істеп, қойылған мақсатқа жету жолында алдыңғы қатарлы информатикалық мәдинеті бар, яғни компьютерлік ақпаратлық технологияларды, жаңа техникалық құралдар мен тәсілдерді пайдаланатын мамандарды керек етеді. Бұл кезенде кез келген жеке тұлға өз қызметінің нәтижелерінің ойдағыдай болуына көп көңіл бөлуі тиіс.

Алғаш информатика курсының мазмұны-«компьютерлік сауаттылық» ұғымымен тығыз байланысты болды. Компьютерлік сауаттылық ұғымының алғашқы түйіні-алгоритм мен нақты бағдарламалау тілін оқып үйрену болды. Осы бағыт алғаш рет «Информатика мен есептеуіш техникасы негіздері» курсына енген болатын. А. П. Ершов, В. М. Монаховтардың редакциялауымен шыққан алғашқы оқулықтан бастап мектеп информатикасы жаңа пән ретінде қалыптасты

Мектеп информатикасының курсы информатика ғылымын түгелдей қамти алмайды. Сонымен қатар ол оқушыларға ең негізгі білімді жеткізе білуі керек, сонымен қатар жас ұрпақты ақпараттық қоғамға бейімдеуі керек.

Қазіргі кездегі дидактика жалпы білім берудің мазмұнының қалыптасуы принциптерінен оқу пәні мен ғылыми логикасының бірлігі мен қарама-қайшылық принципін бөліп алады. Б. Т. Лихачев бұл жөнінде былай деген: «Кез-келген ғылым қарама-қайшылықта дамиды. Ол өзіне жол іздейді, алға жүреді, бір орында тұрады».

Сонымен қатар мұғалімдер оқушылардың жас ерекшелігіне және тақырыпты қабылдау ерекшелігіне назар аудару керек, білім беруді нақтыға немесе керісінше етіп ұйымдастырады. Мектептегі информатика курсының мазмұнын анықтау өте қиын. Оны анықтау үшін көптеген жұмыс атқарылады.

Теориялық және тәжірибелік зерттеу нәтижесінде 60-жылдардың басында кибернетика білімнің фундаментальді негіздері жалпы білім беру жүйесіне кіру керектігі және бұл сұрақты шешу үшін мектеп пәндеріне жаңа арнайы пән енуі керектігін түсінеді.

Ең басында В. С. Леднев жаңа пәннің атауы ретінде «кибернетика» терминін қолданды, бірақ ол принципке сай болмады.

Кибернетиканың ақпараттық процестердің жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылымы ретінде пайда болуы қоршаған ортаны тануда үлкен қадам болды. Математикалық жүйелердің осы екі типіне - физика және кибернетика байланыстырады. В. С. Леднев ғылымның екі қатарын талдайды:

  • материяның заттай-энергетикалық ұйымдасуын зерттейтін ғылымдар (химия, космология, физика) ;
  • сатерияның кибернетикалық (антиэтропиялы) ұйымдасуын зерттейтін ғылымдар (киберентика, биология, комплекс, антропологиялық ғылымдар, қоғамтану, техникатану) ;

Сонымен қатар физика және киберенетика аспектілі ғылымдар категориясына жатады, яғни нақтылықтың жалпы заңдылықтарын, заттай-энергеитикалық және киберентикалық заңдылықтарын зерттейтін ғылымдар. Бұның негізінде жалпы білім берудің ортақ қағидасы құрылады. Бұл қағида негізінде қоршаған ортаны зерттейтін жалпы білім беру пәндері екі топқа бөлінеді: заттай-энергетикалық және кибернетика-ақпараттық. Осы әрбір топта жүйе құраушы элементтері болады. Заттай-энергетикалық топта бұл - физика, кибернетика-ақпараттық топта -кибернетика (информатика) .

Жоғарыда келтірілген қағидаға және негізгі оқу пәндері екі фактор мен - әрекеттің жалпы құрылымының және зерттеу объектісінің құрылымы мен анықталатындықтан, В. С. Леднев кибернетиканы негізгі оқу пәндеріне енуі керек деген тұжырым жасайды. Кибернетика пәні ХХ ғасырда пайда болған жалғыз жаңа пән, қалғаны ХІХ ғасырда пайда болған.

Одан кейін мынадай сұрақ туады: информатиканы білім беру жүйесіне жеке пән ретінде ме немесе басқа бір пәнге ендіру керек пе? В. С. Леднев информатиканы жеке курс ретінде келесі аргументтерді берген:

«Егер кибернетиканы басқа ғылымға енгізсек, ол өзінің негізін жоғалтып алады. Бұл оқушылардың кибернетика туралы білімін таяздатады. Сондықтан кибернетиканы жеке оқу курсы ретінде енгізу керек. Кибернетика туралы білімді басқа пәндерді де жалғастыруға болады».

Информатиканың негізгі ұғымдарына кіріспес бұрын информатиканың өзінің және информатика пәнінің не екендігін және оның құрылымын анықтап алған жөн.

Қазіргі информатика курсы дүниежүзілік педагогика ісінде теңдесі жоқ құбылыс саналады. Әдетте, ғылыми пәннің пайда болуынан бастап оның жалпыілімдік мәнін ұғынуға немесе оның негіздерін мектептің білім беру жүйесіне енгізуге дейін кемінде бірнеше он жыл, қала берді бірнеше жүз жыл кетеді. Осы уақыт аралығында ғылыми ақпарат тұрақтандырылады, әдістаным анықталады, жалпы әдістемелік жолдар қалыптасады, яғни берілген пәнге әлде бір жүйелі көзқарас орнықтырылады.

Бірақ пәнге деген жүйелі көзқарастың болмауы, оған үзіп-жұлып қарауы қазіргі кезде информатиканы оқытудағы басты мәселе болып табылады. Егер оқу пәнінің жалпы сүлбесіне жүгінер болсақ, толық қажетті оқу пәні болуы үшін оған не жетіспейтіндігін түсінуге болады:

  • Пән саласының айқын сипаттамасы;
  • Информатикаға ғана тән қызметтің жалпыланған түрлерінің тұжырымдамасы.

Информатика туралы бүгінге дейінгі түсінігімізді жалпылай келе, мынадай жұмыстық анықтаманы тиянақтауға болады: информатика дегеніміз табиғаты әртүрлі жүйелердегі ақпараттық үрдістер ағымының заңдылықтары туралы, ақпараттық үрдістерді автоматтындыру әдістері, құралдары мен технологиялары туралы ақпараттық жүйелердің жасалуы мен жұмыс істеу заңдылықтары туралы ғылым.

Соңғы он шақты жыл ішінде информатика негіздері мен есептеу техникасы, бағдарламалау курстарын оқу үрдісіне енгізудің алғашқы қадамдарынан бастап оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі мәселелеріне дейін шешілуде, оларға байланысты ғылыми-әдістемелік тұжырымдар жасалуда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатиканы оқытудың нақты мақсаттарын анықтау
Сыныптарда информатика пәнін оқытудың оқу бағдарламасының тұжырымдамалық негізі
Информатиканы орта мектепте оқытудың теориялық-әдістемелік негіздері жайлы
Жалпы білім беретін орта мектепте информатика пәнін кәсіптік оқыту
Информатиканы оқыту әдістемесі (ИОӘ)
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ Бастауышты оқытудың әдістемесі мен педагогикасы мамандығы үшін
Информатиканы оқыту әдістері
Информатиканы дербес оқыту әдістемесі
Математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау
Информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың мақсаттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz