Діни туризм


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Туризм экономиканың әр түрлі салаларына әркелкі ықпалын жасауда, алайда оның жұмыс жасауы басқа да шаруашылық салаларына «салмақ салмай» экономиканың дамуына мүмкіншілік береді. Туризмнін толыққанды жұмыс жасауы үшін туризм индустриясын қамтамасыз ететін материалдық-техникалық негіз қажет. Туризм индустриясы оған демеу болатын көптеген кіші кәсіпкерлік өндірістерін қамтиды. Туризмнен түскен түсім қабылдаушы аумақтағы халықтың көптегенн бөліктеріне бөлінеді, осыған орай барлық қоғам экономикалық пайдаға кенеледі. Туризм индустриясының дамуы тұрғындардың тіршілік деңгейінін жоғарылауына зор септігін тигізеді.

Туризм индустриясын әдеттегідей, тағам, үлестіру, көлік өнеркәсіптері. сақтандыру компаниялары, туристтік жабдықтар мен инвентарларды, туристік әдебиеттерді және карталарды ендіру жөніндегі кәсіпорындар, туристік мамандарды дайындау жөніндегі мекемелер, жарнамалық агенттіктер, ғылыми-зерттеу орталықтары, туристік фирмалар құрайды. Туризм индустриясы тікелей табыс көзі бола отырып, туризмге кеткен шығындар экономиканың көптеген салаларын, тек қана жанама түрде ғана емес, сонымен бірге тікелей қамтуға тиісті жағдай жасайды. Сондай-ақ ол мемлекеттік бюджетті толықтыра отырып, шетелдік валютаның түсіміне жағдай жасап, кіші және орта кәсіпкерлікке көмек көрсетеді, қолөнер өндірісінің дамуына септігін тигізеді, тұтыну нарығындағы тауарлар мен қызмет көрсетуді кенейтіп, ешқандай сауда-саттыұ немесе өндіріс базасын көздемеген экономикалық даму аймақтарына дем береді. Дамушы елдерде өндірістердің қайта қалпына келуі үшіп көптеген инвестициялар қажет, ал туризм болса кайта калпына кслетін ресурстармен жұмыс жасаГггындыкган. көп шығындарды талап етпейді.

Казіргі таңда мінәжат етуді дамыту құралы ретінде діни туризмге көп көңіл бөлінуде. Діни туризм халықаралық байланыстың кеңею, ұлттык мәдениеттің даму және басқа да халықтардың мәденнетімен танысу құралы болып табылады.

Негізгі бөлім

Діни туризмнің формалары және оның мағынасы. Қазіргі таңда әлемдегі әр түрлі мемлекетердің құқықтық жүйесінде «туризм» түсінігі барынша кең таралған. 1993 жылы БҰҰ Статистикалық комиссиясы туризмді статистикалау мақсатында (туризм статистикасын анықтау және жіктеу концепциялары) бүкілоәлемдік туристтік ұйымның туризм статистикасы бойынша тағылымдамада қисындалған. Аталған құжаттың мәліметтеріне сәйкес, туризм бұл демалу, іскерлік жәнс басқа мақсаттарда қатарынан бір жыл мерзімнен аспайтын кезең барысында өзі бейімделген ортаның шегінен тысқары орналасқан жерлерде іссапарда немесе саяхатта болатын тұлғалардың қызметтер жиынтығын құрайды.

Осыған орай, туризм - бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының, шет ел азаматтарының немесе азаматтығы жоқ тұлғалардың өздерінің тұрғылықты жерлерінен емделуге, танымдық, кәсіби-іскерлік, спорттық, діни және басқа да мақсаттарда уақытша мекендеу елінде (орнында) төленетін кызмет керсетусіз уақытша сапарлары (саяхаттары) .

2001 жылғы 13 маусымдагы №211-ІІ «Қазақстан Республикасындағы туристтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (ҚР 2002 жылғы 22 ақпандағы №296-11 және 2003 жылғы 4 желтоқсандағы №503-11 Заңдарымен енгізілген толықтырулармен) сәйкес, туризм жеке тұлғалардың жиырма төрт сағаттан бір жылға дейінгі немесе жиырма төрт сағаттан аз мерзімге, сондай-ақ қона отырып уақытша мекендеу елінде (орнында) төленетін қызмет керсетусіз уақытша саяхаттар.

Адамның тұрақты баратын орындары, егер олар оның тұрғылықты орындарынан салыстырмалы түрде алыс болса да оның әдеттегі ортасының әлементтері болып табылады. Бұған адамның тұрғылықты орнына жақын орналасқан нысандарды (мәселен, белгілі бір мұражай немесе қалада орналасқан ғибадатхана) жатқызуға болады. Әдетте олар күнделікті әлементтер ретінде қабылданады. Діни туризмде белгілі бір алыстау қалага немесе әлдебір киелі жерге ниет етіп бару, мәдени-көпшілік іс-шараларға катысу, сондай-ақ мұражайларға, көрмелерге барудың өзі әдеттегі ортаның шегінен шығу болып есептеледі. Өмір сүрудің әдеттегі ортасының тұжырымдамасы бойынша адам турист болып есептелуі үшін әлдебір орындарға қанша рет баруы керек немесе қаншалықты ұзақ жүруі керек деген мәселе мамандар арасында келіспеушіліктер туындатады. Әдетте орта түсінігі елдер бойынша өзгешеленеді және адамдардың әр түрлі мобильдігіне сондай-ақ мүліктік жағдайына, дүниетануына және сапардың себептеріне байланысты өзгешеленуі мүмкін.

Сонымен біз турист деп діни мақсаттарда саяхаттайтын, әдеттегі ортасының шегінен бір жылдан аспайтын мерзімге қасиетті жерлерге және діни орталықтарға баратын адамды айтамыз. Діни туризм түсінігі бұл адамдардың әдеттегі өмір сүру ортасынан тыс жерлерде орналасқан қасиетті жерлер мен діни орталықтарға баратын туристтердің қажетгіліктерін канағаттандыратын қызмет түрлерін ұсынумен байланысты қызмет екендігі деп түсіну керек.

Діни туризм - бұл туризмнің дербес түрі. Оның басқа да түрлері сияқты мінәжат ету туризмі және экскурсияға бағытталған діни туризм атты түрлері бap.

Діни туризмнін формалары ұйымның ерекшеліктеріне, қатысушылардың санына, сапардың ұзақтығына, көлік құралдарына байланысты ерекшеленетін түрлерге бөлінеді. Діни туризм түрі мен санаттары бойынша аумақтық, елдік ерекшеліктерге байланысты түрленеді. Бұл туризмнің ішкі, кіретін және шығатын санаттары.

Біздің зерттеуіміздегі діни туризмге қонақ үйлердің және басқа да орналасу кұралдарының, көлік құралдарының, қоғамдық тамақтану нысандарының, әр түрлі діни нысандарының, сондай-ақ экскурсиялық және гидаудармашы қызметтерін ұсынатын ұйымдардың жиынтығын жатқызуға болады. Діни туризм индустриясы туризм индустриясының біртұтас құрамды бөлігі болып табылады. Діни туризм индустриясында келесідей төрт секторды атап өтуге болады.

«Орналасу» секторы. Бүл қонақ үйлердің, кемпингтердің, жатақханалардың жәнс тағы басқалардың орналасу құралдарының жиынтығы.

«Тамақтану» секторы мейрамханалар, асханалар, кафе, көліктегі тамақтану кэсіпорындары т. б.

«Көлік» секторы көлік кәсіпорыны және көліктің әр түрлі қызметтерін ұсыну.

«Діни нысандар» секторы. Бұл секторға төмендегілер жатқызылады:

діни имараттар - монастырлер, ғибадатханалар, шіркеулер және шіркеулік кешендер, капеллалар, кіші шіркеулер;

табиғи нысандар - қасиетті бұлақтар, құдықтар, таулар, суаттар (өзендер, тоғандар), тоғайлар;

кішігірім діни нысандар - жол бойындағы кресттер, жол шетіндегі құдайлардың мехраптары т. б.

Бұл нысандар бірге орналасу мүмкін екендігін есепке алу қажет. Мысалы, қасиетті бұлақ православ шіркеуінде немесе бөлек орналасуы мүмкін. Синтоизмнін коптеген ғибадатханалары діни ғимараттарды және табиғи нысандарды (судын қасындағы қасиетті тоғайда орналасқан шіркеу) құрайды. Оқу құралында діндердің қасиетті орындары мен діни орталықтары туралы мәесле қарастырылады. Бұл түсініктер бір-бірімен үндеседі. Қасиетгі орындар деп - белгілі бір діни конфессияның өкілдеріне үлкен маңызға ие діни немесе басқа да іс-шараларға көптеген мінәжат етушілердің жиналатын орны деп айтуымызға болады. Мұндай орындарда ғажап иконы бар храм, мәселен, белгілі әулие, діни мұғалім (гуру) аскет немесе тарихи діни жағдайлар орын алған. Діни орталық түсінігі «қасиетті орын» түсінігіне қарағанда кен таралған. Бұған аса құрметті білім беру мекемелері және діни ұйымдардың әкімшілік органдары кіреді. Бүкіләлемдік туристтік ұйым (БТҰ) орналасу құралдарының екі тобын этап көрсетеді: ұжымдық және жеке. Орналасудың ұжымдық кұралдары үш топқа бөлінеді:

Қонақ үйлер және оған ұқсас орындар (мотелдер, тұруға арналған клубтар, жиһаздалған бөлмелер т. б. ) ;

Орналасудың арнаулы құралдары (кемпингтер, орналасу құралдарына арналып қайта жабдықталған жер бетіндегі және су көліктері т. б. ) ;

Орналасудың басқа да түрлері (үй кешендері, бунгалолар. мінәжат етуге келгендерге арналған палаткалы қалашықтар, шіркеулік, ашрамдық жәнс басқа да жатақханалар т. б. ) .

Н. А. Юркина қонақ үй түсінігіне мынадай анықтама береді. Қонақ үй - бұл белгілі бір шектерден асатын (7 - 10) номерлерден кұралған нысан. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес, әр түрлі қонақжай қызметтерін ұсынатын және бірегей басшылық жасалынатын қонақ үйлер сыныптарға, санаттарға бөлінеді. Қонақ үйдін негізгі белгісі болып онда номерлердің болуын атап өтуге болады. Жіктелудің әр түрлі белгісіне қарай қонақ үйлер бірнеше түрлерге жіктеледі. Корсетілетін қызметтің саны мен сапасына қарай француздық немесе жұлдызды (* жұлдыздан жұлдызға дейін) жүйе кейінен таралған. Бүкіләлемдік туристік ұйымның мәліметтеріне қарағанда, 1997 жылы бүкіләлемде 29 млн. қонақжайлар саналған.

Орналасудың жеке құралдарына жалға берілетін пәтерлер, пәтердегі бөлмелер, үйлер, коттеждер т. б. жатқызылады.

Қасиетті орындарға және діни орталықтарға сапар шегетін туристер қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының кызметтерін қолданады. Ол мыналар болуы мүмкін:

  1. Мейрамханалар, кафе, кішігірім асханалар тағы сол сияқтылар. Діни орталықтарда қасиетті орындарда қажылыққа барғандар менэкскурсанттар аталған мекемелердің қызметтерін қолдана алады жәнеқандай да бір тағамды таңдау мүмкіншілігіне ие болады.
  2. Шіркеулік, ашрамдық және басқа да асханаларда қонақтар үшінтағам дайындалады. Бұл жердегі тағамның түрі басқа мейрамханалар менкафедегілерден ерекшеленеді. Атап айтатын болсақ, кейбір тағамныңтүрлері көбінесе жай тағам, православ оразасында жеңіл, индиялықашрамда вегетариандық (өткір немссе өткір емес) тағамдар болып бөлінеді. Мінәжат етуге келгендерге тағам көбінесе белгілі бір уақытта, тағамдытаңдау мүмкіншілігіне беріледі.

Мінәжат етуге немссе саяхаттық сапарға аттанатын туристер орналасу (пунктеріне) пунктіне жету үшін әр түрлі көлік құралдарын қолдану қажет. Қолданылатын көліктерге

1) авиация

2) темір жол

3) автомобиль (автобустық)

4) су (өзендік, теңіздік) көліктері

5) оның басқа да түрлері.

Діни турізмде бір пунктен келесіге дейін белгілі бір бағыттың бөлігін жаяу жүріп өту тәжірибесі қолданылады. Бұл бір жағынан өзіне түсетін қиындықтарды өз еркімен мойнына алуға, ал келесі жағынан көптеген нысандарға (қасиетті таудың шыңдары, үңгірлер) олардың көпшілігі қол жеткізе бермейді.

Бағыттар бірнеше белгілер бойынша жіктеледі.

Жыл бойы - жыл барысында белгілі бір діни мінәжат жасау нысанына баратын көпгтеген саяхаттық және қажылық мақсаттар. Мысалы, бұл Сергиев үштігіне, Мәскеу маңындағы лаврға немесе Түркістандағы және Қазақстандағы басқа да аумақтардағы мешіттерге бару

Мезгілдік - табиғаттың немесе басқа да факторлары әсер ететін жерлерге саяхаттау және қажылыққа бару. Мысалы, Тибет пен Гималайда қасиетті жерлерге жылына бірнеше айларда қажылыққа баратындарға және саяхаттаушыларға арналған қажылық мезгілі. Исламның қасиеттері жерлеріне мұсылман күнтізбесі бойынша саяхаттау және қажылыққа бару.

Бір реттік (жағдайлық) - белгілі бір шіркеулік мерекені, жергілікті жерде қасиетті саналатын әулиеті ұлықтау күнін тойлаута арналған мерекелерге мінәжат ету сапарлары. Бұл Ватикандағы рим папасының гибадаттарына қатысу үшін мінәжат етушілердің көбеюінен көрінеді. Бұған жылына бір рет 2 миллионға жуық адамдардың қажылыққа баратын орны Меккені жатқызуға болады. Сондай-ақ саяхаттау мен қажылыққа бару сапарлары карнавалдарға, рәсімдеулерге және бірқатар мерекелерге қатысу үшін жүзеге асырылады. Мәселен, тамыз айында Кандиге, Шри-Ланкадағы Эсала Пе-рахера мерекесіне арналған іс-шараларға қатысу үшін сапарлау.

Трассалардың кұрылуы бойыншаа бағыттар шеңберлік, түзулік, радиалды, аралас түрлері бар.

Шеңберлі бағыт - бағытын бір басы (А) мен аяғына (Б) жүрілетін жолдың сәйкестігі. Мысалы, туристердін Ченнай (Үндістан) қаласына келіп. мемлекеттің онтүстітіндегі - Канчипурам, Чидамбарам, Танджавур, Мадурай. Рамеш-варам, Махабалипурам шіркеулік қалаларын саяхаттап, Ченнай қаласына қайта келулері.

Түзулік бағыт - бағыттың бір басы (А) мен аяғына (Б) жүрілетін жолдың сәйкестігі. Айталық Мәскеулік православ мінәжат етушілері украиндық Терно-поль қаласына келіп, Почаевадакы Лаврды көріп. Киевке қарай кетті, соңынан үйлеріне оралған.

Радиалдық бағыт - бағыттың бір басы (А) мен аяғына (Б) жүрілетін жол сәйкес келеді, алайда туристер мұндаа басқа да пунктерге ауысып, соңынан бастапқы пунктіге оралады. Мысалы, мінәжат етушілер мен саяхатшылар Мәскеуге келіп, ондағы қалаларға, қала маңына (Сергиев лаврының үштігіне, Саввин-Сторожев. Жаңа Иерусалим шіркеулеріне) бір күндік сапар жасап, кешқұрым қону үшін Мәскеуге қайта оралады.

Аралас бағыт - шеңберлі, түзулік және радиалдық бағыттардың элементтерін құрайтын бірнеше бағыттарға бару жолы.

Туроператорлар - турөнім құру жөніндегі қызметпен айналысатын туристік кәсіпорындар. Олардың басты қызметі - сапарларды тәжірибелік ұйымдастыру. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызметтің негіздері туралы» Заңында туроператорылық қызметтің анықтамасы берілген.

Туроператорлық қызмет - бұл осындай қызметті жүзеге асыратын лицензиясы бар жеке кәсіпкер немесе занды тұлға.

Туристік өнімді тұтынушыға жеткізумен турагент айналысады. Заңға сәйкес, турагенттік қызмет ретінде жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның лицензиясының негізінде жүзеге асырылатын және туристік өнімді өткізу мен оның айналымына бағытталған қызмет тусініледі.

Турагенттік қызметі мыналарды құрайды:

Клиенттерге толық және сенімді ақпаратты ұғыну. Туристің өзі қай жерге сапар шегу, қандай қонақ үйлерге бару таңдауының қиындаған сәтінде оған кеңес беру. Бұл жағдайда турагенттіктің қызметкерлері өздерінде бар ақпараттардың негізінде оған шешім қабылдауға көмек көрсететін және кеңес беретін сарапшылар солып табылады. Бұл діни сапарларға бағыт алған саяхатшы-туристер үшін маңызды. Мінәжат етуге баратындар әдетте өздері барғысы келетін қасиетті жерлер, діни мерекелердің, фестивальдердің өтілетін мерзімдері туралы мағлұматтарды біледі.

Қызметтердің ілгерілеулері бұл жарнама, сатуға деген қызығушылықтар т. с. с. маркетинітік байланысты қолдану. Діни туризмде жарнамалау тұжырымдамасы өте маңызды. Діни орталықтар мен қасиетті орындарға бару адамдардың оның ішінде мінэжат етуге барушылардың терең сезімдері мен қажуларына байланысты. Сондықтан діни тақырыпағы турларды жарнамалауда әдет стандарттары маңызды. Ақпарат сенушілердің сезімдеріне қаяу түсірмей барынша қысқа да нұсқа гүрде берілуі керек. Олар беделді басылым беттерінде ориаласулары қажет. Әр түрлі экономикалық субъектілердің арасындағы қалыптасқан қарым-қатынас жүйесі, нарықтық экономикасы қалыптасқан мемлекеттерде діни тақырыптар бойынша турларды құруға мамандандырылған туроператорлар меи оларды тұтынушыларға сататын турагенттер пайда болды.

Әр түрлі конфессияларға қатысы бар адамдарды (мінәжат етушілерді) бірнеше мемлекеттерге мінәжат сту сапарларына және қасиетті орыидарға жібере алатын туроператорлар да бар.

Қазақстандағы діни туризмнің дамуы. Адам өркениетінің даму тарихы бізге мәдени ескерткіштер, әдет-ғұрыптар, діндер, ғылыми жетістіктер ретінде өз қызметін бірнеше куәліктерін көптеген санын қалдырады. Сондай-ақ бұрынғы өркениет пен мәдениеттің әртүрлі қалдықтары олардың қызметі, көшіп-қону жолдары, қршаған әлемді тану тәсілдері, сонумен бірге өткен өмірдегі табиғи ресурстар жиынтығының бірі ретінде көрініс табады. Қазақстан аумағында мінәжат ету бағыттарына қосуға болатын туризмнің бірнеше тарихи-архитектуралық және табиғи нысандары бар. Әсіресе олар Жібек жолының қазақстандық бөлігіндегі жол бойында орналасқан.

Жібек жолы дегеніміз не?

Ұлы Жібек жолы бұл ежелгі және ортағасырлардағы кезеңде сауда байланыстары мен Шығыс пен Батыстың мәдени қарым-қатынасын жүзеге асыру үшін қызмет еткен Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қиып өткен керуен жолдарының жүйесі. Жібек жолының ең ұзақ бөлігінің бірі Орта Азия мен Қазақстан аумағы арқылы өткен. Алғашқы байланыстармен алмасу және қарым-қатынас жасау жаңа заманға дейінгі ІІІ-II мыңжылдыктың уақыттарына тура келеді. Бұл қарым-қатынастар Бадахшан тауыңдағы лазуриттің және Хотан (Шығыс Түркістан) аумағындағы Яркентдария өзенінің жоғарғы ағысында нифрит кен орындарының табылуымен байланысты. Б. з. д. I мынжылдықтын орта шеңінде «далалық жол» айырығы қызмет ете бастады. Оның бір бөлігі қазіргі Қазақстан аумағы бойынша етеді. Бұл жол арқылы жібек, тері, былғары, кілем т. б. тарады. Бұған дейін жібекті өңдеу мен сату б. з. д. 1 мыңжылдыққа жатады деп есептелген. Алайда қытай археологтары Гайху өзені маңындағы Чжецзян провинциясында қазба жұмыстарын жүргізу барысында неолит кезеңіне жататын жібек матаны, белбеуді және жүннен өндірілген жіпті тапқан болатын. Матаның жасы б. з. д. 2750±100 жыл. Матаны сараптау барысында бұған бес мың жыл бұрын жібек өңдеу ашарлықтай жоғары денгейде болғандығын дәлелдейді. Б. з. д. V-VI ғ. ғ. қытай жібегі Батысты қоса алғанда басқа да елдерге шығарылды. Б. з. д. V ғасырға жататын Феникс суреті салынған жібек папоны Алтайдағы Пазырақ «патша» қорғандарына қазба жұмыстарын жүргізгенде табылды. Былғары бұйымдарына тігілген жібек мата мен шашақ Оңтүстік және Батыс Еуропа аудандарында б. з. д. V-VI ғ. ғ. жерленгендер жерінде табылды. Алайда Жібек жолы тұрақты дипломатиялық және сауда күретамыры ретінде өз қызметін б. з. д. ІІ ғ. ортасында бастады. Мұның бәрі 138 жылы Хань астанасынан Батыс елдеріне Уди императордың жіберген елшісі Чжан-Цзянь 13 жылдан кейін оралып, өзінің саяхатын қайта бастаған. Ол қазіргі Ауғаныстан аудандарына дейін жетіп, Қытайдың ішкі аудандары арқылы тіке жолмен Орта Азияға брінші болып жетеді. Оның артынша бұл жол бойынша Батысқа жібек артқан керуендер, ал Қытайға Жерорта теңізінен. Таяу және Орта Шығысқа тауарлар етті. Біздің заманымыздың VI-VII ғ. ғ. анағұрлым жанданған жыл Қытайдан Батысқа, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтті.

Бұл мынадай себептермен түсіңдіріледі:

Жетісуда Орта Азия арқылы тауар жолдарын бақылауға алған түрік қағандарының бас ордалары болған . Екіншіден мамандардың айтуынша VII ғасырда Ферғана арқылы жол өзара қырқысудан қауіпті бола бастады.
Сондай-ақ бай түрік қағандары мен олардың айналасындағылар теңіздің
аяғы жағынан келетін тауарлардың ірі тұтынушылары болды. Дәл осы
уақтты Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қалалык мәдениетінің дамуына
маңызды рөл аткарған Жібек жолының Қазақстандык бөлігі жандана
бастады. Жетісуда ол бірқатар қала орталықггарының пайда болуына
серпіліс беріп, ал Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалардың қарқынды
өсуіне септігін тигізді. Жетісу және Оңтүстік Қазақстан арқылы өткен Жібек жолы өзара қырқыстар мен соғыстардың қала мәдениетінің құлдырауына алып келмейінше, XIV ғасырға дейін өз қызметін атқарды. Соңғы серпіліс онымен сауда және дипломатиялық елшіліктер Қарақорымнан моңғол империясының астанасына XIII ғасырдың ортасында жүріп етуінен байқалады. Дәл осы уақытқа италяндық Плано-Карпини мен француз Гильома де Рубруктың сапарлары жатады. Ал соңғы рет онан 1338-1357 жылдары Джованни Мариньоло миссиясы өтті. 1424 жылы Мин династиясынан шыққан император Юнле Қытайдың солтүстік-батыс шекараларын жабуға бұйрық береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДІНИ ТУРИЗМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Діни туризм (2 нұсақасы)
Діни туризмнің даму тарихы
Қазақстандағы қажылық туризмнің болашақта даму жолдарын болжау
Қазақстандағы діни туризм объектілері
Қазақстан Республикасында зиярат ету діни туризмнің дамуы
Туризмнің негізгі түрлері
Діни туризм туралы
Халықаралық туризм: анықтамасы, негізгі түсініктері және атау сөздері
Қазақстанда діни тақырыптағы экскурсиялық туризмді дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz