Қазақстанда шөлдену мәселесі


«Қазақстан экологиясы» пәні бойынша

«Қазақстанда шөлдену мәселесі» тақырыбына

Курстық жұмыс

Орындаған:

Эко к тобының

студенті

Қабылдаған:

Ғылыми жетекші:

х. ғ. к., доцент

Қарағанды 2017

КІРІСПЕ
КІРІСПЕ:

1. ШӨЛДЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК . . .

1. 1. Шөлдердің түзілуі мен таралу заңдылықтар . . .

1. 2. Шөлдердің жіктелуі . . .

1. 3. Шөлдердің географиялық ерекшеліктері . . .

2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШӨЛДЕНУ ПРОЦЕСІ . . .

2. 1. Шөлдену процесінің негізгі себептер . . .

2. 2. Қазақстандағы шөлді аймақтар . . .

2. 3. Шөлдену процесімен күресу жолдары . . .

3. ШӨЛ ЖӘНЕ АДАМ . . .

3. 1. Шөл және адам мәселесінің экологиялық-географиялық және экономикалық аспектілері . . .

3. 2. Шөлді игеру игеру мәселесі . . .

3. 3. Шөлдену және табиғатты қорғау мәселесі . . .

КІРІСПЕ:

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .

:
КІРІСПЕ:

КІРІСПЕ

Курстық жұмстың өзектілігі: Жалпы Қазақстанның жері Солтүстік және Батыс жақтан Шығыс пен Оңтүстік-Шығысқа қарай биіктей береді. Республиканың негізгі бөлігін құмды шөлдер алып жатыр. Қазақстан қоңыржай белдеудің оңтүстігінде орналасқан. Оның Еуразиялық ішкі аймақтарында орналасуы мұхиттардан, әсіресе Атлант мұхитынан алыс болуы, климаттық щұғыл континентальді болуына әсер етеді. Бұл ауа температурасының кенет өзгеруіне, ауаның өте құрғақ, жауын-шашын мөлшерінің өте аз түсуімен сипатталады. Республикадағы шөлейттену процесіне жер бедерінің әр тектілігі де әсер етуде. Шөлейт шөлейтті дала климаттың белдем, немесе қуаң дала Қазақстанның Орта бөлігіндегі жазық өңірді алып жатыр. Жылдық жауын-шашын мөлшері оңтүстікке қарай 279 метрден 153 метрге дейін кемиді, оның 43-27 % жылдың суық маусымында түседі. Шөл клиамттық белдемі Қазақстанның жазық өңірінің көп бөлігін қамтиды. Ол 3 типке ажыратылады: сазды шөл, құмды шөл және тасты шөл. Орташа жылдық температурасы 3-13°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 81-84 мм. Қазақстан жазықтарының оңтүстік бөлігінің барлығын шөл даласы (құмдауытты, саздаулы, тастақты және сортаңды шөлдер) алып жатыр. Құмдауытты шөлдерде жусанның бірнеше түрі, сол сияқты қияқ, бидайық, елелек, изен сияқты өсімдіктердің бірнеше түрі және аласа бұталар жұзім, теріскей, қылша. таспа өседі. Шөл даласында жатқан жоңғар алатауы мен Тянь-Шань тауларының тау беткейлік жазықтары шөлге ұқсас Шөлейи далада дала мен шөл жануарлары кездеседі. Шөл даласының жануарлар дүниесі өзгеше. Мақсаты: Қазақстанда құрғақшылық пен шөлденуге қарсы күресу бағдарламасын ескере отырып, биологиялық әртүрлікті сақтау мақсатында биоәртүрлік обьектілерінің жай - күйін бағалау және түйіндеу, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының жиелілігін ұлғайту, қазіргі табиғат және антропогендік процесетерді ескере отырып, оларды жасанды-бұзылған аумақтарды қалпына келтіру жолымен табиғат популяциялардың сирек түрлерін сақтау

1. ШӨЛДЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

1. 1. Шөлдердің түзілуі мен таралу заңдылықтары

Шөлдердің жер бетіндегі қалыптасуының басты «механизмі» алдымен жердегі жылу мен ылғалдың біркелкі таралмауына, біздің ғаламшардағы географиялық қабықтың зоналдылығына тәуелді. Ауа температурасы мен атмосфералық қысымның зональды таралуы желдердің негізі бағытын, жалпы атмосфералық циркуляцияны анықтайды. Экватордың жоғары бөлігінде, мұнда құрлық пен су анағұрлым қызып, ауаның қозғалысы үдемелілігі артады. Мұнда әлсіз ауыспалы желдердің облысы түзеді. Экватордан жоғары көтерілген жылы ауа біршама салқындап, тропикалық жаңбыр (нөсер) түрінде жауатын үлкен мөлшерде ылғалдылығын жоғалтады. Содан кейін атмосфераның жоғары қабатында ауа солтүстікке және оңтүстікке тропиктер жаққа қарай қозғалады. Бұл ауа ағындарын антипассаттар деп атайды. Жердің айналуының әсерінен солтүстік жарты шарда антипассаттар оңтүстікке шегінсе, оңтүстік жарты шарда солтүстікке шегінеді. 30-40 0 С ендік үстінде (субтропиктерде) олардың шегіну бұрышы 90 0 С құрайды, және олар ендік параллельдер бойынша орналаса бастайды. Осы ендіктерде ауа массалары қызған жер бетіне түседі, ол жерде одан астам қызады. Осыған орай тропиктерде жыл бойы жоғары атмосфералық қысым, ал экваторда, керсінше жоғары атмосфералық қысым қалыптасқан. Сондықтан, жер бетінде үнемі ауа массалары (пассатар) субторпиктерден экваторға қарай қозғалып отырады. Экваторлық-тропиктік ендіктерде пасссаттар атмосфераның тұрақты стратификациясын анықтайды, бұлттардың түзуімен, жауын-шашын түсуіне әсер ететін тік қозғалысынан кедергі келтіреді. Сондықтан бұл ендіктерде бұттылық өте сирек байқалады, ал күн радиациясының ағыны өте жоғары. Осыған байланысты бұл аймақтарда ауа өте құрғақ болады (салыстырмалы ылғалдылық жазғы уақыттарда орташа шамамен 30%-ды құрайды) және жазғы айларда температура өте жоғары болады. Тропиктік белдеудегі құрлықтарда ортша ауа температурасы 30-35 0 С-қа жетеді; мұнда жер шарындағы ең жоғары ауа температурасы +58 0 С. Орташа жылдық ауа температурасының амплитудасы - 20 0 С, ал тәуліктік 50 0 С, топырақ беті кейде 80 0 С-қа жетеді. Жауын-шашын өте сирек түседі, нөсер түрінде. Қоңыржай белдеуінде шөлдердің қалыптасуы үшін қажетті жағдай ішкі құрлықтық аудандарда болады. Онда жауын-шашын 200 мм-ден аз түседі. Мысалы, Орталық Азияға циклондар мен муссондардың өтуіне таулы көтерілімдер кедергі жасайды, бұл жерде жазда барикалық депрессия орнайды. Ауа өте құрғақтылығымен ерекшеленеді, температура өте жоғары (40 0 С және одан да жоғары) және өте шаңды. Мұнда Арктикадан және мұхиттардан енген циклонды ауа массалары тез қызып, құрғап кетеді. Сонымен, атмосфера циркуляциясының жалпы сипаты ғалымшарлық ерекшілктерге негізделген және жергілікті географиялық жағдайлар солтүстікке қарай және экватордан оңтүстікке қарай, 15 және 45 0 С ендіктер аралығында шөл зонасын қалыптастыратын өзіндік климаттық орта туғызады. Оған тропиктік ендіктердегі суық ағыстар әсер етуі қосылады (Перу, Бенгаль, Батыс-Австралия, Канар және Калифорния ағыстары) . Аридтіліктің (шөлді) деңгейі бойынша көптеген аумақтардың құрғақтылығы бірдей емес. Осыған байланысты біз аридті жерлерді экстрааридті, аридті және шөлейтті немесе өте құрғақ, құрғақ және жартылай құрғақ деп бөлеміз. Эстрааридті облыстарға тұрақты құрғақтылық -100%, аридті облыстарда - 50-75% және шөлейтті аудандарда - 20-40%. М. П. Петров бойынша (1975ж), шөлдерге өте құрғақ климатты аумақтар жатады. Онда жауын-шашын шөлдерінің түсуі жылына 250 мм-ден аз, Булану мөлшері жауын-шашын мөлшерінен бірнеше есе көп. Шөлдер жазғы жоғары температурамен, аз жауын-шашын мөлшерімен (100-200 мм) ерекшеленді. Мұнда эолды үрдістер жиі байқалады және жер беті сулары, топырақ құрамында тұз мөлшері жоғары және бірелкі емес. Шөлдердік таралуының басты ерекшелігі -аралдық, олардың географиялық орналасуының локальды сипаты. Бірде-бір материкте шөлді жерлер тұтас жолақты болып жатпайды. Бұл жағдайда шөлдер толығымен зоналдылық заңдылығына бағынбайды. Солтүстік жарыт шарды Африка континентінде шөлді аумақтар 15 0 С және 30 0 С с. е. аралығында орналасқан, онда дүние жүзіндегіең ірі шөл - Сахара орналасқан. Оңтүстік жарты шарда олар 6 және 33 0 С о. е. аралығында орналасқан. Оған Калахари, Намиб и Карру, және де Сомали және Эфиопия аумақтарындағы шөлдер кіреді. Солтүстік Америкада шөлдер континенттің оңтүстік-батысында 22 және 24 0 С с. е. аралығында орналасқан, олар Сонора, Мохаве, Хила және т. б. шөлдерді қамтиды. Оңтүстік Америкада шөлдер 5 және 30 0 С о. е. аралықтарын қамтиды. Мұнда Сечура, Пампа-дель-Тамаругаль, Атакама шөлдері орналасқан. Азияда шөлдер 15 және 48-50 0 С с. е. аралығында орналасқан және оған мынандай ірі шөлдер жатады, Арабия түбегіндегі Руб-эль-Хали, Үлкен Нефуд, Эль-Хаса; Иран мен Ауғанстандағы Деште-Кевир, Деште-Лут, Дашти-Марго, Регистан, Харан; Түркменстандағы Карақұм; Өзбекстандағы Қызылкқұм; Қазақстандағы Мойынқұм; Индияда Тар; Пәкістанда Тхал; Монғолия мен Қытайда Гоби; Қытайда Такла-Макан, Алашань, Бейшань, Цайдаси. Австралияда шөлдер үлкен аумақты алып жатыр, 20 және 34 0 С о. е. аралығын қамтиды, оған Үлкен Виктория, Симпсон, Гибсона және Үлкен Құмдақ шөлдері кіреді. Мейгл бойынша дүние жүзіндегі шөлді аумақтардың жалпы ауданы 48810 мың шаршы шақырымды құрайды (кесте 1), яғни құрлықтың 33, 6%-ын алып жатыр экстрааридтердің көлемі - 4%, аридтер - 15 және шөлейттер - 14, 6%. Кестеге сәйкес, типтік шөлдердің шөлейттерді қоспағанда аумағы 28 млн. шаршы шақырымды құрайды, яғни жер шары аумағының 19%-ын алып жатыр.

Кесте 1 . Континенттер бойынша аридті аумақтардың ауданы, млн. шаршы шақырым (Мейгл бойынша) .

Континенттер
Экстра-ридті
Арид-ті
Шөлейтті
Континенттің ауданы санына аридті және шөлейтті жерлердің салыстырмалы ауданы, % есебінде
Барлығы
Континенттер: 1. Австралия
Экстра-ридті: -
Арид-ті: 3, 86
Шөлейтті: 2, 52
Континенттің ауданы санына аридті және шөлейтті жерлердің салыстырмалы ауданы, % есебінде: 83
Барлығы: 6, 38
Континенттер: 2. Африка
Экстра-ридті: 4, 56
Арид-ті: 7, 30
Шөлейтті: 6, 10
Континенттің ауданы санына аридті және шөлейтті жерлердің салыстырмалы ауданы, % есебінде: 59
Барлығы: 17, 96
Континенттер: 3. Азия
Экстра-ридті: 1, 05
Арид-ті: 7, 91
Шөлейтті: 7, 51
Континенттің ауданы санына аридті және шөлейтті жерлердің салыстырмалы ауданы, % есебінде: 38
Барлығы: 16, 74
Континенттер: 4. Солтүстік және Орталық Америка
Экстра-ридті: 0, 03
Арид-ті: 1, 28
Шөлейтті: 2, 66
Континенттің ауданы санына аридті және шөлейтті жерлердің салыстырмалы ауданы, % есебінде: 10
Барлығы: 3, 97
Континенттер: 5. Оңтүстік Америка
Экстра-ридті: 0, 17
Арид-ті: 1, 22
Шөлейтті: 1, 63
Континенттің ауданы санына аридті және шөлейтті жерлердің салыстырмалы ауданы, % есебінде: 8
Барлығы: 3, 02
Континенттер: 6. Еуропа
Экстра-ридті: -
Арид-ті: 0, 17
Шөлейтті: 0, 84
Континенттің ауданы санына аридті және шөлейтті жерлердің салыстырмалы ауданы, % есебінде: 1
Барлығы: 1, 01
Континенттер: Жер шарында
Экстра-ридті: 5, 18
Арид-ті: 21, 74
Шөлейтті: 21, 26
Континенттің ауданы санына аридті және шөлейтті жерлердің салыстырмалы ауданы, % есебінде: 199
Барлығы: 48, 81

1977 жылы ЮНЕСКО бойынша дүние жүзіндегі аридті аудандардың нақты аумақтары, шекаралары белгіленген 1 : 25 масштабтағы карта құрастырылды. Картада төрт биоклиматтық зоналар белгіленді[1] .

Экстрааридті зона. Жауын-шашын мөлшері 100 мм шамасында немесе одан да аз; өсімдік жамылғысы жоқ, тек кей жерлерде эфемерлер мен бұталар кездеседі. Мал шаруашылығына жарамсыз. Бұл зона анық белгіленген.

Аридті зона. Жауын-шашын мөлшері 100-200 мм. Өсмідіктер жамылығысы өте кедей, мұнда көпжылдық және бір жылдық өсімдіктер кездеседі. Көшпенді мал шаруашылығының зонасы.

Шөлейт зонасы. Жауын-шашын мөлшері 200-400 мм. Бұталы өсімдіктер, шөп жамылғысы қалыптасқан. Ауыл шаруашылығына, соның ішінде егнішілік пен мал шаруашылығына жарамды.

Осы картаға сай әлемдегі аридті ауамқтардың ауданы 48 млн. шаршы шақырым, ол барлық құрлықтың тура 1/3 алып жатыр. [2]

1. 2. Шөлдердің жіктелуі

Шөлді аумақтар біркелкі болып көрінгендерімен, олардың табиғатының өзіндік ерекшеліктері болады. Жер бедері бірдей болғанымен, топырақтары әртүрлі болады; егер топырақтары бірдей болса, су режимдері әртүрлі; егер су режимдері бірдей болса, өсмідіктер дүнинесі әркелкі болып келеді және т. б. Осыған орай, шөлді аумақтардың табиғат жағдайлары өзара байланысты факторлардың тұтас кешеніне байланысты, шөлдерің түрлерін жіктеу және аудандастыру - өте күрделі іс. Кеңестік және шетелдік әдебиеттерде шөлдердің жітелуіне көптеген жұмыстар арналған. Өкінішке орай ешқайсысында бұл сұрақты шешетін біртұтас тәсіл-әдіс жоқ. Кейбіреулері климаттық көрсеткіштерді негізге алса, екіншісі - топырақты, үшіншісі - флоралық құрылымын негізге алып жіктейді[4] .

М. П. Петров өзінің «Жер шарындағы шөлдер» деген кітабында (1973 ж. ) жер шары шөлдері үшін он литоэдафикалық түрден тұратын көп сатылы жіктеуді ұсынады:

* ежелгі аллювиальды жазықтың құмдақты қопсылған жыныстары;

* төрттік дәуірдегі гипстелген құрылымды жазықтар мен тау алды жазықтардағы құмдақтар мен ұсақ тасты жыныстар;

* төрттік дәуірдегі жазықтардағы ұсақ тасты, гипстелген жыныстар;

* тау маңы жазықтардағы ұсақ тасты жыныстар;

* аласа таулар мен ұсақ шоқылардағы тастақты жыныстар;

* жазықтардағы аз карбонатты ұнтақталған құмдар;

* тау маңы жазықтарындағы лессті жыныстар;

* аласа таулардағы батпақтар;

* тұздақты депрессиялық сортаңдар және теңіздік жағалаулар бойынша.

Жер шарындағы және жеке континенттерде шөлді аумақтардың түрлерін жіктеу шетелдік әдебиеттерде де кездеседі. Олардың көбі климаттық көрсеткіштерге негізделіп жасалған. Салыстырмалы басқа табиғат орталарының басқа элементтері бойынша жіктеулер аз. (жер бедері, өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесі және т. б. ) [3]

1964 жылы К. Троль зональды климаттық жіктеуді ұсынды. Жіктеу:

  • Солтүстік жарты шар.
  • Солтүстікамерика тобы:
  • Суық тип:
  • Үлкен Бассейн
  • Әйгілі жазықтар
  • Мохаве шөлі
  • Жылы тип:
  • Сонора шөлі
  • Оңтүстік Калифорния шөлі
  • Чиуауа.
  • Афро-азиаттық тобы:
  • Жылы тип:
  • Солтүстікафрика подгруппасы:
  • Солтүстікафрикалық дала
  • Сахара
  • Шығыс Сахара (Ливия-Египеттік шөл)
  • Сахель даласы
  • Африканского ауданы;
  • Сирия-Аравия подгруппасы:
  • Аравия
  • Руб-эль-Хали;
  • Иран-Индия подгруппасы:
  • Иран жазығы
  • Деште-Кевир
  • Деште-Лут
  • Белуджистан
  • Ауғанстан
  • Тар шөлі
  • Арал-каспий подгруппасы:
  • Түркістан (Қарақұм, Қызылқұм)
  • Суық тип:
  • Арал-каспий даласы (Қазақстан, Үстірт және т. б. ) ;
  • Ортылқ Азиялық подгруппа:
  • Жоңғария
  • Такла-Макан
  • Гоби
  • Бейшань
  • Алашань
  • Ордос
  • Цайдам
  • Тибет жазығы.
  • Оңтсүтік жарты шар .
  • Оңтүстікамерикандық топ:
  • Перу жағалауы
  • Атакама
  • Андылық биік таулы өлке
  • Гран-Чако
  • Аргентина таулары
  • Патагония
  • Солтүстік-Батыс Бразилия
  • Венесуэла жағалауы .
  • Оңтүстікафрикалық топ:
  • Намиб
  • Калахари
  • Карру
  • Оңтүстік-батыс Мадагаскар.
  • Австралиялық топ:
  • Симпсон шөлі
  • Үлкен Виктория шөлі
  • Гибсон шөлі
  • Үлкен Құмдақты шөл
  • Полярлы шөлдер[4]

Кесте 2 . Дүние жүзіндегі шөлдердің негізгі географиялық сипаттары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аридтену үрдісінің Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы топырақтардың шөлденуіне әсері
Сырдарияның төменгі ағысындағы және Аралдың жалаңаштанған тағандарындағы топырақтардың өзгеру процестері
Теориялық экология
Шөлденумен құрғақшылықпен күрес
Шөлдену – ғаламдық экологиялық мәселе
Cu, Pb, Ni, Cr ауыр металдарының күріш алқаптарындағы топырақтардағы сандық және сапалық құбылымдары (Қызылорда облысы, Шиелі ауданының мысалында)
Қазақстанның экологиялық мәселелері туралы
Дүниежүзілік су әлемінің ластануы
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІСІ
Шөлдену және оған қарсы күрес шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz