Сот медицинасы пәні. Сот медицинасының заңдық және ұйымдастыру негіздері



1. Кіріспе.
2. Сот медицинасы пәніне сипаттама.
3. Процессуальды негіздері.
4. Оқиға болған жерді сот медициналық сараптаудың маңызы.
5. Қорытынды.
Сот медицинасы пәні. Сот медицинасы құқық және сот тәжірибесінде туындайтын медициналық және биологиялык сұрақтарды қарастырып шешеді. Сот медицинасының дербес ғылым саласы ретінде пайда болуы, дамуы әрбір мемлекеттің сот және құқық саласының дамуымен тікелей байланысты, немесе сот медицинасы құкык саласынын кажеттілігінен туындаған медицина тарамы деп атауға да болады. Бұл тығыз байланыс пәннің аталуынанда көрініс тапқан. Сот медицина пәнінің медициналык білім беру жүйесінде құкықтық тәжірибе сұрақтарын шешуде атқаратын орнының маңыздылығын, сот медицинасының негізін қалаушы ғалымдар да атап көрсеткен. Сот медицинасының дамуына үлкен үлес қосқан орыстың ұлы ғалымы Мухин Е.О. сот медицинасының маңыздылығын былайша көрсетеді: «СОТ медицинасы соттар үшін жарық шам қызметін атқарады, соның көмегімен сот қызметкерлері шындықпен жалғандықты айна қатесіз шынайы түрде көре алады». Осындай үлкен жауапкершілікті атқару үшін сот медицина сарапшысына ол төмендегі талапты қояды: «Сот медицина сарапшысы өзінің жұмысын атқару үшін философ, медик. хирург, акушер және заңгер бола білуі керек; сонымен қатар өз жұмысының маңыздылығын жан дүниесімен түсіне біліп, ӘДІЛДЕ, қайсар болып, нақты тұжырым беруге тиісті...»
Сот медициналық және басқа да сараптамаларды тағайындау Қазақстан Республикасының Қылмыстық істерді жүргізу кодексінде аталып көрсетіледі. Осы кодекстің 241-бабы. Сараптаманы міндетті түрде тағайындау себептері:
1) өлімнің себептерін, денсаулыққа келтірілген зиянның сипаты мен ауырлық дәрежесін анықтау үшін;
2) іс үшін маңызды болып, бірақ жасы туралы құжаттар болмағанда
немесе күмән туғызғанда сезіктінің, айпталушынын жәбірленушінің жасын анықтау үшін;
3) ақыл-есінің дұрыстығы немесе қылмыстық іс жүргізуде өз
құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау қабілеті жөнінде
күмән туғанда сезіктінің, айыпталушының психикалық немесе тәнінің жай- күйін анықтау үшін.
Сот медициналық сараптамаға жіберілетін обьектілерге: тірі адамдар /жәбірленуші, айыпталушы, сезікті ж.т.б., зорлық өлімнің белгілері бар мәйіттер, қылмысты айғақтай тын заттар және қылмыстық іс-құжаттары жатады. Бұл объектілерді сот медициналық тексеруге бағыттау, тек тергеу орындарының құзырында. Сот медицина сарапшысының статусы, міндеттері мен құқықтары Казақстан Республикасының Қылмыстық істерді жүргізу кодексінің 83-ші бабында беріледі. Сарапшы. ... Іске мүдделі емес, арнаулы ғылыми білімі бар адам - сарапшы ретінде шақыртылуы мүмкін... Сарапшының құқықтары:
- қылмыстық іс материалдарымен танысуға;
- қосымша материалдарды беру туралы өтініш білдіруге;
- кылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсатымен тергеу
әрекеттерін жүргізуге және басқа да іс-жүргізу әрекеттеріне қатысуға
және сараптама жүргізуге қатысты сұрақтар қоюға;
- өзінің арнаулы білімінен тыс мәселелер бойынша сондай-ақ, егер
өзіне берілген материалдар қорытынды беру үшін жеткіліксіз болған
жағдайларда қорытынды беруден бас тартуға.
Сарапшының міндеттері:
- кылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша келуге;
- өз алдына қойылған мәселелер бойынша негізделген және
объективті жазбаша қорытынды беруге;
- жүргізілген зерттеулер мен берілген қорытындыға байланысты
мәселелер бойынша жауап беруге;
-сараптама жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған істің жағдайы туралы мәліметтеді және өзге де мәліметтерді жарияламауға;
Осы аталғандарды орындаудан бас тартса немесе жалған мәлімет берсе, сарапшы қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Қазақстан Республикасының ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДІ жүргізу кодексінде сараптың төмендегідей түрлері келтіріледі:
249 бап «Жеке және комиссиялы сарап» сараптаманы сарапшы немесе сарапшылар коммиссиясы жүзеге асырады.
250 бап «Кешенді сараптаманы» әртүрлі білім саласының мамандары жүргізеді.
255 бап «Қосымша және Қайталама сарап» алғаш өткізіген сарап толық болмағанда немесе қосымша мәселелерді шешуге тағайындалады.
Сарапшы зерттерулерінің нәтижесі арнайы құжатқа: «Сот медицина сарапшысының қорытындысына» түсіріледі.
Қазақстанда сот медицина ісінің негізін қалаушы, оның дамуына үлкен үлес қосқан Сидоров С. М. болып таабылады. Қазақстанда сот медицина саласы С.М. Сидоровтың ұйымдастыруымен 1934 жылдан бастап жұмыс істей бастаған. Қазіргі таңда біздің Республикамызда сот медицина ісінің құрылымы төмендегідей: Ең төменгі саты: аудандық сот медицина саласы, келесі саты облыстық сот медицина саласы, жоғарғы басқару орны Сот медицина орталығы болып табылады. Сот медицина орталығы Денсаулық сақтау
Министрлігіне қарасты.
НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТ:
1. «Сот медицинасы» Қ.Қаракөбенов. Алматы. «Жеті жарғы» 1996ж.
2. «Сот медицинасы» Ю.И.Пиголкин. М.Медицина. 2003ж.
ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТ:
1. «Сот медицинасы» В.Н.Крюков. М.Медицина. 1998ж.
2.«Сот медицинасы» И.В.Виноградов, В.В.Томилин,«Заңгерлік журнал»1991ж.
3. «Сот медицинасы» В.В.Томилин, ИНФРА-тобы баспасы. М.1996ж.
4. «Сот медицинасы» А.А.Матышев, А.Р.Деньковский, Л. «Медицина» 1985ж.
5. «Сот медицинасы» С.С.Самищенко, «Құқық және заң» 1996ж.
6. «Сот медицинасынан тәжірибелік нұсқау және тесттік бақылау» В.Н.Крюкова,
И.В.Буромский. М.Медицина 1998ж.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Медицина факультеті

Адам патологиясы кафедрасы

БЕКІТЕМІН
Кафедра меңгерушісі, доцент
------------------Н.А.Жуманазаров
хаттама №_ ”__ ” _____2016 ж.

Сот медицинасы курсы
Дәріс: №1

Тақырып: Сот медицинасы пәні. Сот медицинасының заңдық және ұйымдастыру
негіздері.

Түркістан 2016 ж.
1.Дәріс тақырыбы: СОТ МЕДИЦИНАСЫ ПӘНІ. СОТ МЕДИЦИНАЛЫҚ
ЭКСПЕРТИЗАНЫҢ ПРОЦЕССУАЛЬДІ НЕГІЗДЕРІ
2.Дәріс жоспары: 1. Кіріспе.
2. Сот медицинасы пәніне сипаттама.
3. Процессуальды негіздері.
4. Оқиға болған жерді сот медициналық
сараптаудың маңызы.
5. Қорытынды.
3. Дәрістің мақсаты: Студенттерге сот медициналық сараптаманың құрылымы мен
ұйымдастырылу принциптерін үйрету. Сот медидициналық сараптаманың
процессуальдық негіздерін білу.
4. Дәрістің мазмұны: Сот медицинасы пәні. Сот медицинасы құқық және сот
тәжірибесінде туындайтын медициналық және биологиялык сұрақтарды қарастырып
шешеді. Сот медицинасының дербес ғылым саласы ретінде пайда болуы, дамуы
әрбір мемлекеттің сот және құқық саласының дамуымен тікелей байланысты,
немесе сот медицинасы құкык саласынын кажеттілігінен туындаған медицина
тарамы деп атауға да болады. Бұл тығыз байланыс пәннің аталуынанда көрініс
тапқан. Сот медицина пәнінің медициналык білім беру жүйесінде құкықтық
тәжірибе сұрақтарын шешуде атқаратын орнының маңыздылығын, сот
медицинасының негізін қалаушы ғалымдар да атап көрсеткен. Сот медицинасының
дамуына үлкен үлес қосқан орыстың ұлы ғалымы Мухин Е.О. сот медицинасының
маңыздылығын былайша көрсетеді: Сот медицинасы соттар үшін жарық шам
қызметін атқарады, соның көмегімен сот қызметкерлері шындықпен жалғандықты
айна қатесіз шынайы түрде көре алады. Осындай үлкен жауапкершілікті атқару
үшін сот медицина сарапшысына ол төмендегі талапты қояды: Сот медицина
сарапшысы өзінің жұмысын атқару үшін философ, медик. хирург, акушер және
заңгер бола білуі керек; сонымен қатар өз жұмысының маңыздылығын жан
дүниесімен түсіне біліп, әділде, қайсар болып, нақты тұжырым беруге
тиісті...
Сот медициналық және басқа да сараптамаларды тағайындау Қазақстан
Республикасының Қылмыстық істерді жүргізу кодексінде аталып көрсетіледі.
Осы кодекстің 241-бабы. Сараптаманы міндетті түрде тағайындау себептері:
1) өлімнің себептерін, денсаулыққа келтірілген зиянның сипаты мен
ауырлық дәрежесін анықтау үшін;
2) іс үшін маңызды болып, бірақ жасы туралы құжаттар болмағанда
немесе күмән туғызғанда сезіктінің, айпталушынын жәбірленушінің жасын
анықтау үшін;
3) ақыл-есінің дұрыстығы немесе қылмыстық іс жүргізуде өз
құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау қабілеті жөнінде
күмән туғанда сезіктінің, айыпталушының психикалық немесе тәнінің жай-
күйін анықтау үшін.
Сот медициналық сараптамаға жіберілетін обьектілерге: тірі адамдар
жәбірленуші, айыпталушы, сезікті ж.т.б., зорлық өлімнің белгілері бар
мәйіттер, қылмысты айғақтай тын заттар және қылмыстық іс-құжаттары жатады.
Бұл объектілерді сот медициналық тексеруге бағыттау, тек тергеу орындарының
құзырында. Сот медицина сарапшысының статусы, міндеттері мен құқықтары
Казақстан Республикасының Қылмыстық істерді жүргізу кодексінің 83-ші
бабында беріледі. Сарапшы. ... Іске мүдделі емес, арнаулы ғылыми білімі бар
адам - сарапшы ретінде шақыртылуы мүмкін... Сарапшының құқықтары:
қылмыстық іс материалдарымен танысуға;
қосымша материалдарды беру туралы өтініш білдіруге;
кылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсатымен тергеу
әрекеттерін жүргізуге және басқа да іс-жүргізу әрекеттеріне қатысуға
және сараптама жүргізуге қатысты сұрақтар қоюға;
өзінің арнаулы білімінен тыс мәселелер бойынша сондай-ақ, егер
өзіне берілген материалдар қорытынды беру үшін жеткіліксіз болған
жағдайларда қорытынды беруден бас тартуға.
Сарапшының міндеттері:
- кылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша келуге;
өз алдына қойылған мәселелер бойынша негізделген және
объективті жазбаша қорытынды беруге;
жүргізілген зерттеулер мен берілген қорытындыға байланысты
мәселелер бойынша жауап беруге;
-сараптама жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған істің жағдайы туралы
мәліметтеді және өзге де мәліметтерді жарияламауға;
Осы аталғандарды орындаудан бас тартса немесе жалған мәлімет берсе,
сарапшы қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық істерді жүргізу кодексінде сараптың
төмендегідей түрлері келтіріледі:
249 бап Жеке және комиссиялы сарап сараптаманы сарапшы немесе
сарапшылар коммиссиясы жүзеге асырады.
250 бап Кешенді сараптаманы әртүрлі білім саласының мамандары
жүргізеді.
255 бап Қосымша және қайталама сарап алғаш өткізіген сарап толық
болмағанда немесе қосымша мәселелерді шешуге тағайындалады.
Сарапшы зерттерулерінің нәтижесі арнайы құжатқа: Сот медицина
сарапшысының қорытындысына түсіріледі.
Қазақстанда сот медицина ісінің негізін қалаушы, оның дамуына үлкен үлес
қосқан Сидоров С. М. болып таабылады. Қазақстанда сот медицина саласы С.М.
Сидоровтың ұйымдастыруымен 1934 жылдан бастап жұмыс істей бастаған. Қазіргі
таңда біздің Республикамызда сот медицина ісінің құрылымы төмендегідей: Ең
төменгі саты: аудандық сот медицина саласы, келесі саты облыстық сот
медицина саласы, жоғарғы басқару орны Сот медицина орталығы болып
табылады. Сот медицина орталығы Денсаулық сақтау
Министрлігіне қарасты.
Сот медицина мекемелері төмендегідей бөлімдерден тұрады.
• Мәйіттерді тексеру бөлімі - танатология бөлімі, мәйіттер мәйітханада
зерттеледі;
• Жәбірленушіні, айыпталушыны, сезіктіні тексеру бөлімі – сот
медициналық амбулатория;
• Қылмысты айғақтайтын биологиялық заттарды, мәйіттен, жәбірленушіден,
айыпталушыдан, сезіктіден алынатын биологиялық объектілерді зерттейтін
зертханалар бөлімі:
• ағзалардың, тіндердің кесінділерін гистологиялық тексеруге арналған сот-
гистологиялық зертхана;
ағзалардың, биологиялық сұйықтықтардың құрамындағы улы заттарды анықтауға
арналған сот-химиялық зертхана;
сот-биологиялық" зертхана;
"медициналық криминалистика" бөлімшесі.

ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДІ, СОЛ ЖЕРДЕ МӘЙІТТІ ҚАРАП ТЕКСЕРУ.
ДӘРІГЕР-МАМАННЫҢ АТҚАРАТЫН РӨЛІ.
Қылмысты оқиға болған жерді қарап тексеру - тергеу ісі болып табылады
және оны тергеуші жүргізеді. Оқиға болған жерді тексерудің мақсаты, тексеру
ережелері, қыл мысты дәлелдейтін заттарды тексеру ережелері, тексеру
нәтижесін құжаттау Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу
кодексінің 221-222-223-224, 227 баптарында айқындалған. Егер қылмыс адамның
өміріне немесе денсаулығына қарсы жасалған болса, онда болған жерді тексеру
кезінде медициналық сұрақтар туындайды. Осы сұрақтарды жауап алу үшін оқиға
болған жерді тексеруге тергеуші сот медицина сарапшысын, ол болмаған
жағдайда басқа дәрігерді шақыртады. Сот медицина сарапшысының немесе
дәрігер маманның шақыртылуы, олардың міндеттері мен құкықтары Қазақстан
Республикасының Қылмыстык іс жүргізу кодексінің 83-84 баптарында
көрсетілген. 83 бап. Сарапшы ... Іске мүдделі емес, арнаулы ғылыми білімі
бар адам - сарапшы ретінде шақыртылуы мүмкін... Сарапшының құқықтары:
- қылмыстық іс материалдарымен танысуға;
қосымша материалдарды беру туралы өтініш білдіруге;
қылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсатымен тергеу
әрекеттерін жүргізуге және басқа да іс-жүргізу әрекеттеріне қатысуға
және сараптама жүргізуге қатысты сұрақтар қоюға:
өзінің арнаулы білімінен тыс мәселелер бойынша, сондай-ақ, егер
өзіне берілген материалдар қорытынды беру үшін жеткіліксіз болған
жағдайларда қорытынды беруден бас тартуға құқықты.
Сарапшының міндеттері:
қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша келуіге
және өз алдына қойылған мәселелер бойынша негізделген және
объективті жазбаша қорытынды беруге;
жүргізілген зерттеулер мен берілген қорытындыға байланысты
мәселелер бойынша жауап беруге;
сараптама жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған істің жағдайы
туралы мәліметтерді және өзгеде мәліметтерді жарияламауға;
Қазақстан Р'еспубликасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 20
желтоқсанда Х.8751 бұйрығымен бекітілген Сот медициналық сараптама
жүргізу және ұйымдастыру ережесінің З-ші бөлімі мәйітті оқиға болған жерде
қарау ережелерін береді.
Мәйітті табылған жерінде тексеру кезінде сот-медицина сарапшысы шешетін
негізгі сұрақтар:
1) Табылған адам тірі ме, әлде өлі ме?
Егер өмір сүру мүмкіндіктері күрт төмендесе жүрек соғысы, тыныс және пульс
анықталмайды. Сонымен бірге субъективті белгілер де: дененің пассивті
қалпы, терінің бозаруы, сезімталдықтың жойылуы, көз қарашығының рефлексінің
болмауы - өлім дамығанын көрсете алмайды.
Өлімнің нақты белгілері болмай денені мәйітханаға жіберуге болмайды.
Өлімнің нақты белгілерінің алғашқылары - өлім дағы және сіресу белгілері.
2) Өлім қай кезде дамыған?
Өлім дамығаннан кейін дене неғүрлым ерте табылса, онда өлім уақытын
анықтау мүмкіндігі де көбірек Өлімнің уақыты мәйіттік құбылыстардың
көрінуімен (дененің сууы, мәйіт дақтары, сіресу, шіру белгілері және т. б.)
және олардың даму дәрежесімен анықталады. Бұл кезде мәйіттік қүбылыстардың
дамуын тежейтін немесе жылдамдататын қоршаған орта факторларын ескеру
керек.
Мәйіттегі жарақаттар сипаты?
Табылған жарақаттар толық сипатталып жазылады.
Өлім дамығаннан кейін мәйітті қоғаған белгілер жоқ па?
Теріден, киімнен денені сүйреген белгілерді қарау, мәйіт дақтарының
орнласуына көңіл аудару керек. Егер мәйітті туыстары дәрігер келгенше
қозғаса, бұл мәлімет хаттамада көрсетіледі.
5) Мәйітте, айналасында тартыс, қозғалыс болғандығын көрсететін белгілер
жоқ па?
Киімді мүқият қарау керек: жыртылуы мүмкін, түймесі жұлынуы мүмкін.
Жарақаттар сипаты, қан дақтары, іздері тексеріледі.
6) Қылмысты айғақтайтын заттарды іздеу, табу, тексеруге алу.
Сот медицина сарапшысы мәйітті табылған жерінде қарау кезінде
төмендегідей мәліметтерді хаттамаға енгізу үшін тергеушіге хабарлауы керек:
- мәйіттің қай жерде жатқандығы, айналасындағы қозғалмайтын заттарға
байланысты ара қашықтығы сипатталуы керек, яғни ол заттардан неше метр
(сантиметр) қашықтықта екендігі көрсетіледі. Егер мәйіт бөлме ішінен
табылса, бұндай қозғалмайтын заттарға қабырға, есік, терезе, ошақ және т.
б. жатады: сипаттау былай болуы мүмкін:
есіктен сол жақтағы қабырғадан мәйіттің сол қолына дейінгі аралық метр
және т. . Егер дене даладан табылса, қозғалмайтын заттар ағаш, көпір,
жолдың шеті және т. б. болуы мүмкін.
- мәйіттің қалай жатқандығы сипатталады: еденде шалқасынан жатыр. аяқ
қолдары денесіне келтіріліп созылған қалпында және т. б.
-қайтыс болған адамның киімі: киімнің размері, саласы, түсі; киімде
зақымданулар мен былғаныштар бар ма. Егер мәйіттен алшақ жатқан киім
бөлшектері болса, хаттамада көрсстілуі қажет. Оқиға болған жердс мәйіттің
киімін шешу қажеттігі жоқ, тек оны көтеріп, түймесін ағытып тексеру
жүргізуге болады.
-міндетті түрде мәйіттің айналасындағы заттар сипаттааады. Мысалы тас,
таяқ, қару, пышақ және т. б. табылуы мүмкін.
- мәйіттік құбылыстар және сыртқы жарақаттар мұқият сипатталады.
Мәйітті тек сыртқы тексеру кезінде, өлім себебі туралы қорытынды- жасауға
болмайды.
Мәйітті және айналасындағы заттарды тексеру барысында, қылмысгық іздерді
бұзбауға тырысу керек; егер жарақат оқпен алынған болса, Оқиға болған
жерден гильзаны, тығынды, қаруды іздеу керек.
Егер улануға күмән туса, оқиға болған жердегі ыдыс-аяқ, бөтелке, шүмектер
мұқият тексеріліп, қажеттік туған жағдайда лабораториялық тексеруге
жіберілуі керек.
Мәйіттің жатқан ортасын тексеру.
Мәйіт жатқан орта мұқият тексеріліп сипатталады. Бөлме іші болса ондағы
жиһаз, үй-тұрмыс құралдары, киім, ыдыс және т. б. сипатталады. Бөгде иіс
шықса, оның неден шығатынын анықтау қажет (улануға күдік туса).
Ашық далада мәйіт табылғанда, жақын орналасқан ірі заттар сипатталады,
мәйіттің айналасындағы топырақ сипаты, іздердің бар (немесе жоқ) екендігі
көрсетіледі.
Оқиға болған жерді қарап тексеруді құжаттау. Оқиға болған жерді, табылған
жеріндс мәйітті тексеру құжатқа түсіріледі, яғни, хаттама жазылады.
Хаттаманы тергеуші жазады, құжат 2 дана болып жазылады: біреуі тергеушіде
болады, екіншісі сот-медицина сарапшысына беріледі.
Дәрігер-маманның сот медицина сарапшысының мәйітті табылған жерінде
тексеру кезіндегі міндеттерін былайша түжырымдауға болады

Міндеттері
Өлім дамыған белгілерін, өлімнің уақытын, жарақаттардың сипаты мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот-медицинасының түсінігі, міндеттері
Сот медицинасы пәні және оның мазмұны
Бейбітшілік және соғыс уақыты кезіндегі төтенше жағдайларда тұрғындарға шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру
Қазақстан Республикасындағы сот-медициналық сараптаманың жүйелі құрылуы
Кейбір жағдайларда өлікті қылмыс болған жерде тексеріп қарау
Сот медицинасының түсінігі
Бейбіт және соғыс уақыты кезіндегі ТЖ тұрғындарға шұғыл медициналық көмекті ұйымдастырудың негізгі принциптері
Сот медицинасы - сот істерін жүргізу кезінде туындайтын медициналық және биологиялық мәселелерді зерттейтін медицина ғылымының бір саласы
Сот сараптамасының принциптері
Сот медицинасы
Пәндер