Механикалық асфиксия


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: МЕХАНИКАЛЫҚ АСФИКСИЯ

Қалыпты жағдайда адам минутына 16-20 рет тыныс алады. Әрбір тыныс алған сайын организмге 500 см куб ауа түседі, ол 8-10 литрді құрайды, онда 1600-2000 см куб отгегі бар.

Шығарылатын ауа 20%-ға аз, яғни 300400 см куб отгегі организмде қалады.

Механикалық асфиксия - механикалық себептерден шақырылатын тыныстың қиындауы немесе организмге оттегініқ түсуінің тоқтап, көмірқышқыл газының жиналып, сыртқы тыныстың бұзылуы.

Механикалық асфиксия мойын мүшелерінің жіппен немесе қолмен қысылу әсерінен (странгуляциялық-асфиксия), көкірек клеткасы және іш мүшелерінің, қысылуынан (компрессионды асфиксия), тыныс тесіктері мен жолдарыньщ жабылуынан (обтурациялық асфиксия), шектелген жабық кеңістікте болғанда туындауы мүмкін.

Механикалық асфиксияның жуйленуі

Механикалық асфиксняның жүеленуі Кесте 1.

Жіпке асылу
Кеуде және іштің ауыр затпен жаншылуы
Мұрын және ауыз қуысының сырттан жабылуы
Жіпке асылу: Жіппен буындыру
Кеуде және іштің ауыр затпен жаншылуы: Кеуденің ауыр затпен жаншылуы
Мұрын және ауыз қуысының сырттан жабылуы: Тыныс тесігінің бітелуі
Жіпке асылу: Қолмен буындыру
Кеуде және іштің ауыр затпен жаншылуы:
Мұрын және ауыз қуысының сырттан жабылуы:
Бегде заттармел
Бегде заттармел: Ас тағамдарымен, кұсықпен
Бегде заттармел: Сүйықтықпен

Асылу - адамның өз денесінің ауырлығымен мойын ағзаларының жіппен қысылуынан болатын странгуляциялық асфиксия түрі. Мойынға салынған жіп мойынның барлық бетімен жанасатын болса, онда странгуляциялық жүлге тұйықталған болады. Егер жіп тек мойынның 1, 2 беткейімен (алдыңғы беті, бір бүйірі) немесе 3 беткейімен (алдыңғы беті, екі бүйірі) жанасса жүлге тұйықталмаған ашық болады.

Жіппен буындыру - мойынды жіппен біркелкі және тығыз буындырғанда пайда болатын странгуляциялық асфиксияның түрін айтады.

Колмен буындыру - қолдың саусактары немесе иық, білекпен мойын мүшелерін буындырғанда пайда болатын странгуляциялық асфиксия түрін айтады.

Көкіректің және іштің қысылуы - өкпенің тыныс экскурсиясының шектеліп, ішті және көкіректі көлемді ауыр зат басуынан қан айналымнын бірден бұзылуы болатын компрессионды механикалық асфиксиянық түрі.

Мұрын мен ауыздың - қолмен немесе жұмсақ затпен ауыз және мұрын тесігінің жабылуы нәтижесінде пайда болған асфиксияның, обтурациялық түрі.

Тыныс жолдарының жабылуы - бөгде зат, жартылай сұйық заттармен сыртқы тыныстың бұзылуы немесе толық тоқтауы әсерінен болатын асфиксияның обтурациялық түрі.

Қоршаған ортамен байланысы шектелген кеңістіктегі өлім - механикалық асфиксияның сирек кездесетін түрі. Ол батып кеткен кеме бөлімдерінде, противогаз кигенде, полиэтиленді қапшықты басқа кептеп кигізгенде дамуы мүмкін.

Сыртқы тыныс қиындағанда немесе тоқтағанда алдымен асфиксия алды жағдайы туындайды, ол орын толтыру, бейімделу реакциясынын іске қосылуымен сипатталады. Бірақ та, организмге көмірқышқыл газының жиналуы тоқтамағандықтан бейімделу реакциясы үзіліп, асфиксия дамиды. Оның, ағымы 5 кезеқнен тұрады:

• инспираторлы ентігу

• экспираторлы ентігу

• тыныстың уақытша тоқтауы

• терминальды тыныс

• тыныстың тұрақты тоқтауы.

Өліммен аяқталатын асфиксияда жалпы асфиксиялық деп аталатын бір қатар морфологиялық белгілері бар:

• беттін цианозы

• қабақтың конъютивасына нүктелі қан құйылу (өтпелі қатпарда жиі орналасады)

• шартсыз бөлінділер бөліну (зәр және нәжіс бөліну)

• қанның сұйық күйінде болуы

• ішкі мүшелердің венозды қанға толуы

• висцеральды плевра мен эпикардтың астына майда ошақты қан құйылуы (Тардье дағы)

• интенсивті, түсі қаның көптеген мәйіт дақтары көрінеді.

Вертикальды тұрғыда асылған кезде көбінесе аяқ сүйенішке тимейді. Егер дене сүйенішке тиіп түрса, онда вертикальды тұрғыда асылу аяғын бүгу, отыру, жартылай жату және жату жағдайында болады. Мойын мүшелері қысылып асфиксия дамуы үшін бастың салмағы да жеткілікті.

Асылу кезінде танатогенездің бірқатар ерекшеліктері бар. Тыныстың бұзылуы немесе тоқтауы өлім дамуына маңызды себеп болады. Және сонымен қатар мойынның көктамырлары қысылып қанның, мидан қайтауы шектеледі немесе мүлдем тоқтайды, бұл митамырларындағы қан толуға бас-ми ішілік қан қысымының көтерілуіне әкеледі. Осымен бірге танатогенез ерекшелігі болып ұйқы артерияларының қысылуы саналады. Бірақ бұл өте мадызды себепке жатпайды, өйткені бас миына қан омыртқа артериялары арқылы да жеткізіледі. Жіп кезеген, жоғары кеңірдекті, симпатикалық нервтерді және синокаротидті түйінді тітіркендірсе жүректің рефлекторлы тоқтауы байкалуы мүмкін.

Асылудың диагностикасында странгуляциялық жүлгені тексеру маңызды болып табылады.

Асылу кезіндегі странгуляциялық жүлгенің ерекшеліктері:

• жүлге мойында қиғаш орналасады, мойыннын, барлық бетімен беттеспей, жүлгенің екі

үшы түйіспеген күйде көрінеді

• қалқанша шеміршегінен жоғары деңгейде орналасады

• терендігі барлық жерде бірдей емес

• жүлгенің жоғары жиегі бойында көптеген терішілік қан құйылулар болады.

Асылу белгілеріне мойының созылу белгілері жатады: жалпы ұйқы артерияларының интимасынын, көлденең жыртылуы (Амюссе симптомы), осы тамырларлардың адвентициясына (Мартин белгісі) және төс-бұғана-емізік тәрізді бұлшық етінің медиалды аяқшаларына қан құйылуы. Мәйіт вертикальды түрде ұзақ асылып тұрса, онда мәйіттегі өлік дақтары аяқтарында және қолдарында орналасады. Өлікгі де жіпке асуға болады, сондықтан асылу тірі кезінде немесе өлгеннен кейін екендігін анықтау қажет. Жіптіқ мойынға адам тірі кезде салынғандығының белгілері:

• странгуляциялық жүлге бойымен терішілік қан құйылулар, қанталаған тері сырылулары болады.

• странгуляциялық жүлге бойымен тері асты май қабатына және мойын бұлшық еттеріне қан қүйылу.

• ұйқы артериясының интимасынық жарылған жеріне және төстік бұлшық еттің аяқшаларына қан құйылулар

• қан құйылу аймағыңдағы реактивті өзгерулер, терініқ тинкториадды қасиетінің өзгеруі, қысым болған жердегі ферменттердің активтілігі бұзылады және бұлшық ет талшықтарының некробиотикалық өзгеруі болады. Бұл өзгерістер гистологиялық және гистохимиялық әдістерімен тексергенде көрінеді.

Жіппен қылқындыру . Бұл кездегі странгуляцияның жүлге:

• жүлге мойында горизонтальды бағытта орналасады, мойынның барлық бетімен беттесіп, жүлгенің екі үшы түйіседі

• тереңдігі барлық жерінде біркелкі болып келеді

• қалқанша шеміршектің деңгейінде немесе одан төменірек орналасады.

Жіппен қылқындыру кезінде странгуляциялық жүлгенің бойымен тіндерде қан құйылулар байқалады және тіл асты сүйегі мен көмей шеміршегінің сынулары байқалады.

Қолмен қылқындыру. Колдың әсерінен теріде дөңгелек немесе овал тәрізді қанталау ошақтары көрінеді: қанталау жанындатырнақтан қалған доғатәрізді сызаттар болады.

Қолмен буындырғанда ішкі зақымдалу сыртқы зақымдалуға қарағанда айқын. Массивті қан құйылулар еңешті, трахеяны, мойын тамырларын муфта тәрізді қаптап жатады. Кейде көмей шеміршекгерінщ, трахеяньщ, тілтасты сүйегінін, сыныгы кездеседі. Егер мойын мен қолдық арасына жұмсақ зат қойылса сыртқы зақымдалу мүлдем көрінбеуі де мүмкін.

Кеуде мен іішіқ басылып қалу асфиксиясының танатогенезі. Тыныс алу, тыныс шығару бұзылу нәтижесінен жалпы қан айналу бұзылады, үлкен қан айналым шеңберіне артериялық қан түсу тоқталады, ал веналық қаннық өкпеге келуі тежеледі. Сондықтан өкпе оттегісі бар қанға толады да, тамыр өтгізгіштігі жоғарылайды, өлім баяу түссе өкпе ісінеді. Бұны морфологиялық көрінісіне байланысты карминді өкпе ісігі дейді. Яремді венада қан толуына байланысты беттің және кеуденің жоғарғы бөлігінде айқын цианоз болып, осы жерде көптеген нүктелі қанқұйылулар көрінеді, оны "экхиматикалық масқа" дейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асфиксияның себептері
Механикалық асфиксия кезіндегі ағзадағы патологиялық өзгерістер
Механикалық асфиксия түрлерінің дифференциалды диагностикасы
Көмей қызметі
Механикалық асфиксияның жіктелуі мен белгілері
Гипоксия мен туы жарақаттарының себептері. Асфиксиямен туылған нәрестелерге көрсетілетін негізгі шұғыл көмек шаралары.
Клиникалық өлім жағдайындағы (шок, коллапс, талу, тұншығу, күн өту, ыстық өту) жануарларға алғашқы ветеринариялық көмек көрсету
Балалар аурулары туралы
Жаңа туған сәби өлігіне сот-медициналық сараптама
Сот медицинасының түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz