Механикалық жарақаттардың сот-медициналық сипаты



Медициналық көзқарас тұрғысынан травма нсмесс жарақат деп, сырткы орта факторларының әсерінен анатомиялық бүтіндіктің бұзылуы немесе ағзалар мен тіндердіқ физиологиялық қызметінің бұзылуын атайды. Сыртқы орта факторлары былай бөлінеді:
1) Физикалық факторлар:
• Механикалық факторлар (доғал және өткір заттар әсері, ок, әсері)
• Жоғары және төменгі температура
• Электр тогы
• Сәулелі энергия
• Атмосфералық қысым әсері
2) Химиядық факторлар (улы қосылыстар әсері)
3) Биолопіялық факторлар (микроб, токсиндер әсері)
4) Психикалық факторлар (стресс, қатты қорқу және т. б.).
Сот-медицина тәжірибесінде жиі кездесетін жарақаттар механикалық факторлар
әсерінен алынған зақымданулар болып келеді.
Механикалық факторлар әсерінен алынған жарақаттар механикалық жарақаттар немесе зақымданулар деп аталады.
Барлық механикалық жарақаттар морфологиялық және функционалды болып табылады.
Морфояогиялық жарақаттар - тіндердід, ағзалардын морфологиялық өзгерісімен көрінеді. Морфологиялық жаракаттар -сызат, қанталау, жаралар, сынықтар, буынның шығуы, ішкі ағзадардың жұлынып кетуі немесе ағзанық капсуласының жарылын кетуі, ішкі ағзаларға қан құйылуы немесе дененің бөлшектенуі (қолы жұлынып кетуі және т. б.) түрінде болуы мүмкін.
Функционалды жарақаттар: жарақат әсерінен дамыған шок, бас миының, жұлынның шайқалуы, тыныстың бұзылуы және т. б. түрінде көрінуі мүмкін.
Механикалық жарақат түсірегіндер доғал заттар (қарулар, құралдар), өткір заттар (қарулар, құралдар) және оқ болып табылады.
Доғал заттар деп (дәлірек айтқанда, денеге әсер ететін беті доғал зат деп) - беті жұмыр, біртегіс немесе кедір-бұдырлы, бірақ өткір жүзі және сүйір ұшы болмайтын заттарды атайды. Доғал заттар домалақ жұмыр болуы мүмкін (жұмыртас), тегіс бетті болып қырлы жақтаулары болуы мүмкін (тақтай), цилиндр формалы болуы мүмкін. Бұл заттардық әсер ету беті шағын шекіеулі түрде немесе аумағы көл емді үлкен болуы мүмкін. Егер заттың жарақаттаушы беті жарақат түсірген дене аймағынан кіші болса, онда бұл зат шектеулі шағын бетті зат деп аталады. Егер заттың жарақаттаушы беті жарақат түскен дене аймағынан ауқымды болса, бұл зат көлемді бетті болып табылады. Заттың бетініқ шағын шектеулі болуы немесе аумағы көлемді болуы салыстырмалы түрде болып келеді. Бір зат шағын бетті деп те, аумақты бетті деп те аталуы мүмкін. Мысалы: ені 20-25см ұзындығы 30-35см тақтайша адамның басына тисе, ол бастың көлемінен үлкен болғандықтан, аумағы көлемді зат болып табылады. Егер сол тақтайша адамның арқасына тисе, ол шағын көлемді зат болып табылады.
Доғал заттар денеге тиген кезде сол жердегі тіндер соққы алады немесе бүкіл дене сілкініске ұшыруы мүмкін, тіндер сығымдалып жаншылады. Доғал заттар денеге жаңай сүйкеп тигеніне, тік бұрыш жасап тиіп тіндерді жаншып сығымдауына, соққы беруіне байланысты-терінің еқ беткейлі қабаты эпидермистен бастап барлық тері қабаттары, терең орналасқан тіндер мен ағзалар сүйек жарақаттануы байқалады.
Доғал заттардын, әсерінен пайда болған морфологиялық жарақаттар: сызат, қанталау, жаншылған немесе соғылған жаралар, сүйек сынықтары, буынның шығуы, ішкі ағзалардың жарақаттануы, дененің жаншылып-мыжылуы түрінде болуы мумкін.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Такырыбы: Механикалық жарақаттардың сот-медициналық сипаты

Медициналық көзқарас тұрғысынан травма нсмесс жарақат деп, сырткы орта факторларының әсерінен анатомиялық бүтіндіктің бұзылуы немесе ағзалар мен тіндердіқ физиологиялық қызметінің бұзылуын атайды. Сыртқы орта факторлары былай бөлінеді:
1) Физикалық факторлар:
:: Механикалық факторлар (доғал және өткір заттар әсері, ок, әсері)
:: Жоғары және төменгі температура
:: Электр тогы
:: Сәулелі энергия
:: Атмосфералық қысым әсері
2) Химиядық факторлар (улы қосылыстар әсері)
3) Биолопіялық факторлар (микроб, токсиндер әсері)
4) Психикалық факторлар (стресс, қатты қорқу және т. б.).
Сот-медицина тәжірибесінде жиі кездесетін жарақаттар механикалық факторлар
әсерінен алынған зақымданулар болып келеді.
Механикалық факторлар әсерінен алынған жарақаттар механикалық жарақаттар немесе зақымданулар деп аталады.
Барлық механикалық жарақаттар морфологиялық және функционалды болып табылады.
Морфояогиялық жарақаттар - тіндердід, ағзалардын морфологиялық өзгерісімен көрінеді. Морфологиялық жаракаттар -сызат, қанталау, жаралар, сынықтар, буынның шығуы, ішкі ағзадардың жұлынып кетуі немесе ағзанық капсуласының жарылын кетуі, ішкі ағзаларға қан құйылуы немесе дененің бөлшектенуі (қолы жұлынып кетуі және т. б.) түрінде болуы мүмкін.
Функционалды жарақаттар: жарақат әсерінен дамыған шок, бас миының, жұлынның шайқалуы, тыныстың бұзылуы және т. б. түрінде көрінуі мүмкін.
Механикалық жарақат түсірегіндер доғал заттар (қарулар, құралдар), өткір заттар (қарулар, құралдар) және оқ болып табылады.
Доғал заттар деп (дәлірек айтқанда, денеге әсер ететін беті доғал зат деп) - беті жұмыр, біртегіс немесе кедір-бұдырлы, бірақ өткір жүзі және сүйір ұшы болмайтын заттарды атайды. Доғал заттар домалақ жұмыр болуы мүмкін (жұмыртас), тегіс бетті болып қырлы жақтаулары болуы мүмкін (тақтай), цилиндр формалы болуы мүмкін. Бұл заттардық әсер ету беті шағын шекіеулі түрде немесе аумағы көл емді үлкен болуы мүмкін. Егер заттың жарақаттаушы беті жарақат түсірген дене аймағынан кіші болса, онда бұл зат шектеулі шағын бетті зат деп аталады. Егер заттың жарақаттаушы беті жарақат түскен дене аймағынан ауқымды болса, бұл зат көлемді бетті болып табылады. Заттың бетініқ шағын шектеулі болуы немесе аумағы көлемді болуы салыстырмалы түрде болып келеді. Бір зат шағын бетті деп те, аумақты бетті деп те аталуы мүмкін. Мысалы: ені 20-25см ұзындығы 30-35см тақтайша адамның басына тисе, ол бастың көлемінен үлкен болғандықтан, аумағы көлемді зат болып табылады. Егер сол тақтайша адамның арқасына тисе, ол шағын көлемді зат болып табылады.
Доғал заттар денеге тиген кезде сол жердегі тіндер соққы алады немесе бүкіл дене сілкініске ұшыруы мүмкін, тіндер сығымдалып жаншылады. Доғал заттар денеге жаңай сүйкеп тигеніне, тік бұрыш жасап тиіп тіндерді жаншып сығымдауына, соққы беруіне байланысты-терінің еқ беткейлі қабаты эпидермистен бастап барлық тері қабаттары, терең орналасқан тіндер мен ағзалар сүйек жарақаттануы байқалады.
Доғал заттардын, әсерінен пайда болған морфологиялық жарақаттар: сызат, қанталау, жаншылған немесе соғылған жаралар, сүйек сынықтары, буынның шығуы, ішкі ағзалардың жарақаттануы, дененің жаншылып-мыжылуы түрінде болуы мумкін.
Сызат-доғал заттың әсерінен пайда болатын эиидермистің және шырышты қабаттардын, эпителиінің бүтіндігінің бұзылуы. Сызат жазылу барысында қабыршақ пайда болады. Тыртықтың түзілуі сызатқа тән емес. Сызаттың жазылуы сатылы түрде өтеді.
:: алғашқы сағаттарда сызаттың түсі ашык қызыл болады. Сызаттың беті сулы болып айналасындағы зақымдалмаған тері деңгейінен төмен орналасады;
:: сосын сызаттың беті кеуіп қабыршақтанады және қоршаған зақымдалмаған тері деңгейімен деңгейлесіп, содан кейін сызат қабығы қалындап кетеріледі;
:: уақыт өткен сайын сызаттың бетіндегі қабыршақ астында эпителизация жүреді, қабыршақ шетінен бастап, бірте-бірте түсе бастайды;
:: қабыршақ түскеннен кейін біраз уақытқа дейін сызаттың орнында қызғылт дақ болады. Сосын ол дақ жойылып тері қалыпты түсіне енеді, яғни, сызат толық жазылады. Мәйітті тасымалдау кезінде, немесе басқа себептерден мәйітте де эпидермис сырылып кетуі мүмкін. Өлгеннен кейінгі пайда болған сырылу белгілері - пергамент дақтары деп аталады. Тірі кезінде алынған сызаттың пергамент дақтарынан айырмашылығы - сызаттың жазылу белгілерінің болуы және жұмсақ тіндерге қан құйылу.
Сызаттың сот-медициналық маңызы.
:: Адамның денесіндегі сызат- механикалық күш көрсетілгендіктің накты айғағы.
:: Сызат бойынша жарақаттың алынған уақытын анықтауға болады.
:: Күштің түскен орнын көрсетеді. Мысалы, қолмен буындырған кезде мойнында жарты ай тәріздес сызат қалады.
:: Жарақат түсірген зат (қару, құрал) туралы жорамал пікір айтуға болады.
:: Эпидермистің жалбыршағы бойынша әсер еткен заттың бағытын білуге болады.
:: Сызаттың тірі кезінде немесе өлгеннен кейін пайда болғанын анықтауға болады.
Қанталау - доғал затпен соққы берілгенде, дене доғал затқа ұрылғанда, дене ауыр затпен жаншылғанда пайда болады. Бұл кезде қантамырлары жарылып тері астына және терең жатқан тіндерге қан құйылады. Қанталаулар терең және беткейлі болады. Терең қанталаулар механикалық әсерден кейін 2-3 күнде ғана теріде көрінуі мүмкін. Беткейлі қанталаулар соққыдан кейін 20-30 минут ішінде теріде байқалады. Қанталаудың түсінің өзгеруі гемоглобиннің төмендегі туындыларынын пайда болуымен түсіндіріледі:
:: тотықсызданған гемоглобин, метгемоглобин, вердгемоглобин, биливердин,бидарубин
:: алғашқы күндерде қанталау қою қызыл немесе көк түсті болады
:: 4-7 күнде сия көк және жасыл өңді бола бастайды
:: 7-10 күнде сарғыш болады
:: 12-14 күнде терінің түсі қалыпты түріне енеді. Шырышты қабаттардағы қанталаулар тусін езгертпейді.
Механикалық әсерден пайда болған жара дегеніміз - терінің барлық қабатының, шырышты қабаттардың және тереқ орналасқан тіндердіқ зақымдануы. Доғал заттармен алынған жаралар - соғылған немесе мыжылған жаралар деп аталады.
Соғылған (мыжылған) жаралардың формалары сан алуан түрлі болып келеді: жұлдызшаланған, жарықша түрінде, доға тәрізді және т.б. Жаранық шеттері тегіс емес сырылған, жалбыраган, ісінген, қанталаған күйінде болады. Жараның түбінде оның екі қабырғасын жалғастыратын дәнекер тінніқ жіпшелері болады. Жараның түбіндегі тіндер езілген, мыжылған күйінде көрінеді.
Сүйек сынықтары.
Сынықтардың формасы, көлемі әсер етуші доғал заттың сипатына (әсер ету бетінің көлемі, формасы, қырының болуы, бетінің тегіс немесе кедір-бұдырлы болуы) және әсер ету күшіне, сүйекке жанасу бұрышына тікелей байланысты.
Жалпақ сүйектер (бас күмбезі, түбі) көбінесе қатты доғал зат әсерінен майысып сығымдалудан сынады. Сүйектер сығымдап майысуға төзімдірек келеді, ал керу кезінде тез сынады.
Қыры бар доғал заттармен жалпақ сүйектерге соққы берілсе, сол заттық қыры сүйекке еніп жарықшақтанған сынық п. б.
Көлемі шағын (әсер ету беті шағын) доғал заттармен соққы тиген кезде, көлемі шағын шектеулі сынықтар пайда болып, сүйек сынықтары бас қорабының ішіне ығысады. 1-ші сурет. Көлемі бастан ауқымды заттармен соққы берілген кезде, немесе бас осындай заттарға соғылған кезде, сызаттанған көптеген сынықтар пайда болады. Егер соққы күші жоғары болса, сызықты сызаттар бастың шүйде бөлігін және түбін толық қамтиды-сынық өрмекші торына ұксас болады. Егер доғал затбастың бір бөлігімен ғана жанасса, сызатты сынықтар сол соққы берілген жерден тарайды. Мыс: соққы шүйде аймағына тисе, шүйде сүйегінің сызаттанған сьшықтары арттан төбе сүйегі және бастүбі аркылы алдыға қарай бағытталады.
Жалпы соққыға, сығымдалып жаншылуға бастың шүйде бөлігі бас түбінің сүйектеріне қарағанда төзімдірек келеді.
Қабырғалардың сынуы. 2-ші сурет.
Қабырғалар соққы әсерінен соққы тиген жерде сынуы мүмкін. Сынықтың пайда болу механизмі: соқкы тиген кезде қабырғаның сыртқы беті сығымдалып ішке қарай майысады, ал ішкі беті керіліп созылады, сондықтан сүйектің ішкі беті шытынап сынып, сьшық сүйектің сыртқы бетіне тарайды. Соққы берілген жердегі сынықтар тікелей соққыдан алынған сынық деп аталады. Кеуде клеткасы жаншылып сығымдалған кезде, мысалы: егер горизонтальді қалыптағы адамнық төс сүйегі түсынан ауыр зат басып жаншыса, қабырға доғасы жалпайып майысып, қабырғалар қолтық сызықтары бойымен іштен сыртқа қарай сынады. Мұндай сынықтар шалғайдағы жанама сынықтар деп аталады.
Қабырға суйегшің екі қабаты да сынса, толық сынық болып табылады, немесе бір қабаты сынып жартылай скнық күйіндекөрінеді.
Жатбас суйектерінщ сынуы барлық сынықтардьщ 5-10% қүрайды көбінесе көлік апаты кезінде немесе адам биіктіктен қүлаганда пайда болады.
18
і
Я суйектерінің қурылысы күрделі болуы, сынықтардың өр ^урлі сшатта болуына әкеледі. 3-ші сурет.
Егер жамбас суйектерініқ алдықғы бегінен соққы тисе, онда қасага суйектерінщ сынуы жиі байқалады, ал соққы бір бүйірден тисе, онда жамбас ойығы айналасы, мықын сүйегі жиі сьшады.
Егер жамбас сүйектері екі жағьшан қысылса, онда сынықтар көбінесе көдденең орналасады.
Омыртцаяардың сыну ерекшеяіктері.
Доғал затпен алынғ ан соққыдан көбінесе омыртқалардың көлденең және қанаттәрізді өсінділері сьшады. Бул өсшділердің сьшуы компрессия әсерінен де байқалады. Көлік апаты кезінде, адам денесін ауыр заттар басьш қалған кезде, омыртқа аралық дискілердің үзілуі, мыжылуы болуы мүмкін.
Тутікті суйектердіц сынуы. 4-ші сурет. Сүйек соққы тиген жерінде жаншылып майысады, сүйектің екінші беті керіледі. Сынык сызаты бірінші сүйектіқ керілген бетінде пайда болып, иіліп майысқан бетіне қарай шытынап тарайды. Түтікті сүйектер ротация әсерінен де сынады: егер аяқ немесе қол ауыр затпен қысылып қалып, дене өз осі бойымен айналса, тутік суйектерде бүрамалы сынықтар пайда болады.
Өткір заттармен алынатын жарақаттар. Өткір заттар деп - еткір жүзі бар немесе суйір үшы бар заттарды ч.„ируларды, қуралдарды) атайды.
Тек кесетін жүзі бар, бірақ сүйір ушы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот медицинасы - сот істерін жүргізу кезінде туындайтын медициналық және биологиялық мәселелерді зерттейтін медицина ғылымының бір саласы
Сот медицинасы пәні және оның мазмұны
Доғал заттармен салынатын жарақаттар және олардың жалпы сипаттамасы
Механикалық жарақаттанудың түрлері
Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері туралы ақпарат
Кейбір жағдайларда өлікті қылмыс болған жерде тексеріп қарау
Өндірістік жарақаттардың негізгі себептері
Жаралану кезіндегі алғашқы медициналық көмек
Оқ тигендегі жарақаттар
Қазақстан Республикасындағы сот-медициналық сараптаманың жүйелі құрылуы
Пәндер