Психикалық бұзылыстар жіктелуі


17 Бөлім
Психикалық бұзылыстар жіктелуі
Психика бұзылыстарын жіктеу, психиатрия саласының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Жалпы объективті нақты диагностикалық мәліметтер және сана-сезім бұзылысына алып келетін себептердің тапшылығынан, жүйелендіру мәселесінде әр елдердің психиатрларының диагностикасында қайшылықтар туғызды. Сондықтан психиатриялық ауруларды нақты жіктеу ғылыми тұрғыда ауруды тануға өте қажет. Бірінші кезекте жіктеудің маңыздылығы -медицина саласының тәжірибелік сабақтарын шешу үшін: емдеудің эффективті кестесін жасауда, алдын алу іс-шаралын ұйымдастыруда, ұстап турушы және аурудың айығу кезінде, қалпына келтіру мәселелерін шешеді. Одан бөлек, медицинаның психиатрия бөлімі -аса әлеуметтік маңызға ие. Көптеген заңды, әлеуметтік қамтамасыз етуде, әскери борышты өтеуге шақыртулар кезінде адамдардың психикалық жағдайын бағалау ескерілмей қалмайды.
Психикалық бұзылыстарды жіктеу міндеттері:
- психикалық аурулар туралы жиналған білімдерді жүйелеу және қолдану;
- әр-түрлі авторлардан алынған ғылыми және статистикалық мәліметтерді анализдеу;
- денсаулық сақтау жүйесі жұмысын жоспарлау;
- емдеуді тиімді және қалпына келтіру жолдарын іздеу;
- аурудың ағымын бағалау;
- алдын-алу іс-шараларын ұйымдастыру.
17. 1 Психикалық бұзылыстарды жүйелеудің негізгі принциптері
Психиатрия дамуы барысында бірнеше кезеңнен өтті психикалық патологияның ұзақ эмпирикалық мәлімет жинаудан, ауру жайлы түсініп, психикалық аурулар ерекшелігін танудан, бүкіләлемдік ақпарат жүйесін жасаудан бұрын барлық дәрігерлер жіктеу критерийлерін қолданған.
Психикалық бұзылыстарды жүйелендіру негізгі тәсілдері:
- синдромологиялық (қазіргі кездегі басты бұзылысты анықтау) ;
- нозологиялық (ауруды, яғни бұзылыс түрін, жалпы этиологиясын, патогенезін, симпатоматикасы және ағымын анықтау) ;
- прагматикалық (статистикалық, яғни көптеген дәрігерлермен мойындалған формальды шарттарға (критерий) негізделген) .
Синдромологиялық (феноменологиялық) принцип ХІХ ғасыр соңына дейін жіктеуде жетекші орын алған. Осы принцип бойынша психиатриялық көмек көрсету ұйымдастырылған. Синдром науқас ауруханадан шыққанда және емделу кезіндегі негізгі айналым мәселесін түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен, депрессивті синдром -суицидтік жағдайлардың алдын алуға, ал кататоникалық синдром -науқастың тамақтануын қамтамасыз ету (жиі-зондты тамақтандыру), жеңіл дәрежедегі невротикалық бұзылыстар амбулаториялық деңгейде емдеуге мүмкіндік береді.
Синдромологиялық принциптің теориялық негізі - бiртұтас психоздың теориясы болды, бұл теорияны жақтаушылар психикалық бұзылыстардың барлығының себебі бір деп санады. Олардың пікірінше, психиатрия саласында тек қана бір ауру бар, бірақ дәрігерлер науқастар арасындағы айырмашылықты аурудың әр-түрлі сатысында бақылайды. Биологиялық зерттеулердің дамуы (микробиология, биохимия, патологиялық анатомия, генетика) бұл теорияны теріске шығарды. Психиатрия тәжірибесіне емдеудің жаңа әдістердің енгізілуі (маляротерапия, шокты әдіс, нейрохирургия, антибиотикотерапия) жүйелеудің жаңа әдісін талап етті, яғни нозологиялық.
ХХ ғасырда синдромологиялық принцип дәрігер-психиатрларға қайта өзекті болды, себебі негізгі психофармакологиялық дәрілік заттар психикалық бұзылыс себебіне әсер етпейді. Дәл қазір бақыланып жатқан науқасқа дәрілерді тағайындамастан бұрын аурудың симптомдары мен синдромдарды ескеру қажет. Сонымен, депрессия кезінде антидепресанттарды, сандырақ және қозу кезінде нейролептиктерді, қобалжу кезінде транквилизаторларды тағайындаймыз.
Психикалық ауруларды жіктеудің нозологиялық әдісі ХІХ ғасыр соңында дәрігерлердің жетістігінен кейін, олар аурудың себебі мен клиникалық көрінісін, ағымын және соңғы нәтижесін бақылай алды. 1822 жылы А. Л. Ж. Бейль үдемелі салдану еңбегін жазып шығарды, оны қазіргі күнге дейін психиатр дәрігерлер мойындайды. Нозологиялық бірліктің басқа мысалдары теория мен тәжірибені тығыз байланыстырған, МДП ( Байарже Ж., 1854; Фальре Ж., 1854; Крепелин Э., 1896), алкогольді полиневротикалық психоз (Корсаков С. С., 1887), dementia praecox - шизофрения ( Крепелин Э., 1898, Блейлер Е., 1911) .
Нозологиялық әдісті барлығы мойындамады. Соның нәтижесінде экзогенді тип реакциясы теориясын танымал неміс психиатрі Карл Бонгеффер дәлелдеді, яғни, әр түрлі экзогенді әсерлер бір типті психика бұзылыстарына алып келеді. Осыған сәйкес ауру симптомдары оның себебін анықтамайды, ол осы ауруға науқас ағзасының реакция ерекшелігі.
Нозологиялық тәсілдің маңызды артықшылығы, психикалық бұзылыстар динамика типтерін біркелкі бөлуде болып табылады. Аурулар даму жылдамдығы байланысты (күшеюі, үдеуі, бір қалыпты ағымы, толқын тәрізді және ұстама тәрізді кезеңдері), аурудың соңғы нәтижесі бойынша ерекшеленеді (сауығу, стабильді ақау, өлім қаупі) . Сонымен нозолгиялық әдіс тек қана емдеуді ғана емес, аурудың ағымы жайлы да ақпарат береді.
Синдромологиялық және нозологиялық әдістер бір-біріне бәсеке ретінде емес, бір-бірін орынтолтырушы болып табылады.
Клиницист ойы бойынша, диагнозда қосылуы қажет:
- нозологиялық бірлікатауы, этиотропты емдеу жоспарын құру мен патология ағымын білдіреді;
- зерттеу кезіндежетекші синдром, бұзылыс ауырлығын, емдеу деңгейін және симптоматикалық (психофармакологиялық) заттармен емдеуді қарастыруда дәрігерге қолайлы жағдай жасайды.
Прагматикалық (статистикалық) принцип мемлекеттік және халықаралық институттар ашылуымен аса маңызға ие болды. Әлемде статстикалық есепке ДДҰ жасаған ХАЖ-10 жіктеуімен қолданылады.
Психикалық бұзылыстардың қаншалықты таралғанын білмей, медициналық және әлеуметтік іс-шараларды ұйымдастыру мүмкін емес. Заң жүзінде дұрыс, нақты, уақытылы қойылған диагноз көптеген сұрақтардың шешімі болып табылады. Әлемдік ақпарат жүйесінің дамуы көптеген зерттеулерді бір мемлекетте жасауға емес, бірнеше мемлекетте жасауға мүмкіндік берді. Мұндай зерттеулердің қорытындысы психиатриялық көмекті ұйымдастырудың жаңа әдісі болып қана қоймай, маңызды теориялық білімдер жинауға, өз кезегінде сана-ауруларының табиғатын түсінуге көмектеседі.
Ресей дәрігерлер тәжірибесінде барлық әлеуметтік сұрақтар заңды ХАЖ-10 жіктеудің принциптері бойынша қолданылады.
17. 2. Нозологиялық жіктеу әдісі
Нозологиялық принцип (грек тілінен nosos- ауру) ауруларды этиологиясы, патогенезі, клиникалық ағымы бойынша (симптомдары, ағымы және соңы) бөлу. Негізгі психикалық бұзылыстардың нозологиялық сипаттамасы 17. 1. кестеде көрсетілген.
Нозологиялық жіктеме төмендегідей принциптерге негізделген.
Этиологиялық принцип бойынша:
- эндогенді;
- экзогенді (соматогенді) ;
- психогенді.
Ми құрылымы бұзылысы бойынша:
- органикалық;
- функциональді.
Типті динамика бойынша:
- ауру (процестер) -жедел, созылған, созылмалы;
- ақаулар (соңы) ;
- патологиялық даму.
Бұзылыс айқындылығы бойынша:
- психоздар;
- невроздар.
Психикалық ауруларды этиологиялық принцип бойынша бөлу қиыншылықтар туғызады. Өкінішке орай көптеген аурулардың этиологиясы анықталмаған. Тәжірибелік пікір бойынша, барлық психикалық аурулар эндогенді және экзогенді себептерден болады. Сыртқы әсерлерден биологиялық, психосоциальді факторлар психогенді ауруларды шақырады. Эндогенді аурулар спонтанды сипатқа, яғни, психиканы бұзатын ешбір сыртқы фактордың болмауы. Эндогенді аурулардың көбінесе себептері аутохтонды болып табылады, яғни аурудың ағымы сыртқы орта әсерлеріне байланыссыз (ауа-райы, тамақтану тәртібі, отбасыдағы, жұмыстағы жағдай) . Көбінесе эндогенді аурулардың дамуы тұқымқуалаушылыққа байланысты. Бұл кезде көбінесе науқаста әке-шешесінен белгілі тұқымқуалаушылық ауруға бейімділік пайда болады, уақыт өте келе кейбірінде нағыз ауру басталады.
Экзогенді бұзылыстардан дамитын кейбір аурулар сыртқы ортаның физикалық, химиялық, биологиялық факторларынан (жарақат, уланулар, гипоксия, радиоактивті сәулелену және жұқпалы аурулар) тұрады. Тәжірибелік психиатрияда бұл соматикалық аурулардан кейін дамитын (атеросклерозда, ісіктерде, коллагеноздарда, эндокринді ауруларда және т. б. ) психиканың екіншілік бұзылыстарына алып келеді. Бұл аталған аурулар кезіндегі симптомдар экзогенді факторлармен шақырылған бұзылыстардан ерекшеленбейді, себебі бас миы гипоксия мен улануға бірдей реакция береді.
Психогенді аурулар - қолайсыз психологиялық жағдайлар, эмоциональді стрессті жағдайлар, отбасылық ұрыстар және әлеуметтік проблемалар кезінде дамиды. Бұл топқа енетін аурулар қолайлы түріне жатады себебі, бұзылысқа алып келген себепті жойса, науқастың жағдайы жақсарады.
17. 1. Негізгі психикалық бұзылыстардың нозологиялық сипаттамасы
17. 1. Негізгі психикалық бұзылыстардың нозологиялық сипаттамасы
Нозологиялық жіктеме бойынша (Снежневский А. В., 1983; Тиганов А. С., 1999) .
Психикалық аурулардың жіктелуі
Эндогенді психикалық аурулар
Шизофрения
Аффективті аурулар
Аффективті психоздар (және МДП)
Циклотимия
Дистимия
Шизоаффективті психоздар
Функциональді психоздар (инволюциялық депрессия және инволюциялық параноид)
Эндогенді-органикалық аурулар
Эпилепсия
Бас миының дегенеративті (атрофиялық) процесстері
Альцгеймер типті деменция
Альцгеймер ауруы
Сенильді деменция
Жүйелі ораганикалық аурулар
Пик ауруы
Гентингтон Хореясы
Паркинсон ауруы
Кеш психоздардың ерекше формалары
Жедел психоздар
Созылмалы галлюциноздар
Бас миының тамырлық аурулары
Тұқымқуалайтын органикалық аурулар
Экзогенді -органикалық ауру
Бас миы жарақаты кезінде психикалық бұзылыстар
Бас миы ісіктері кезінде психикалық бұзылыстар
Бас миының инфекциялық органикалық түрі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz