«АТФ Банк» акционерлік қоғамы - коммерциялық банк



Кіріспе
1 «АТФ Банк» АҚ.на жалпы сипаттама
1.1 «АТФ Банк» АҚ.ның негізгі тарихи кезеңдері
1.2 «АТФ Банк» АҚ.ның жұмысы мен ұйымдастыру ерекшеліктері
1.3 «АТФ Банк» АҚ.ның корпоративтік басқару кодексі
2 «АТФ Банк» АҚ.ның қаржылық жағдайы мен операцияларын талдау

2.1 «АТФ Банк» АҚ.ның қызметі және қаржылық көрсеткіштерін талдау
2.2 «АТФ Банк» АҚ.ның депозиттік операцияларын талдау
2.3 «АТФ Банк» АҚ.ның несие беру қызметін талдау
3 «АТФ Банк» АҚ ішкі несиелік саясаты
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
«АТФ Банк» акционерлік қоғамы - коммерциялық банк болып табылады, заңды және жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсетуге маманданған. Банк әмбебап банкке тән түрлі қызметтер ұсынады.
Барлық ұжым әрекетінің негізгі дәлелі болып жедел және сапалы банктік қызмет ұсыну арқылы біздің республикамыздың орташа тобын көбейту жолымен халықтың өмірін жақсартуға ұмтылу – банк өзінің басты міндеті ретінде анықтайды.
Қазіргі таңда «АТФ Банк» Қазақстанның 16 қаласында өз жұмысын жасайды.
Кез-келген банктің жұмысы қызметтің негіз болатын екі түрін тірек етеді - депозиттік бағдарламалар бойынша ақша қаражатын жинау және несиелер беру. 2014 жылғы қазан «АТФБанк» АҚ үшін белгілеп қоятын ай - банк республика халқына бірнеше жаңартылған өнімдерді ұсынып, жеке тұлғаларды несиелендіруді қайта бастады. АТФбанк мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатыса, сондай-ақ нарықты өзінің қаржылық өнімдерімен толтыра отырып, корпоративтік клиенттерге де түрлі несиелер беруден шет қалып қойған жоқ.
Депозит (салым) – депозитор (салымшы) банкке ақша беріп, номиналды түрде, бірінші талап бойынша немесе қандай да бір мерзімнен кейін, біржола немесе бөліп, алдын-алы келісілген пайыздық ставкалар бойынша сыйақы сомасын қоса, депозитордың өзі немесе оның тапсырысы бойынша үшінші сенімді тұлға арқылы қайтарып алатын ақшасы.
«АТФ Банк» АҚ нарықта ірі компаниялар мен шағын және орта бизнес уәкілдерін несиелендіру бойынша өз қызметін ұсынады. Айналым капиталын толықтыру мен негізгі құрал-жабдықтарды сатып алу бойынша бір қатар несиелендіру бағдарламалары бар. Банк экономиканың нақтылы секторларының салаларын (сауда, өндіріс, ауыл шаруашылығы, т.б.) несиелендіреді, инвестициялық жобаны қаржыландырады, сондай-ақ бизнесті дамыту үшін мол таңдаудағы бағдарлама және өнімдерді ұсынады.
«АТФ Банк» АҚ – коммерциялық банк болып табылады және акционерлік қоғам формасында Қазақстан Республикасының банктік жүйе рамкаларында функцияланады.
Нағыз Ішкі Несиелік Саясат несиелендіру әрекетінің облысындағы шешімдердің жалпы приоритеттерін, стандарттарын және параметрлерін, несиелендіру рисктерін басқарудың негізгі принциптерін анықтайды.
Дипломалды тәжірибенің өзектілігі банктегі операцияларды ұйымдастырудың теориялық негізі.
Тәжірибенің негізгі мақсаты – банк қызметінің екі түрі болатын депозит және несиелеу процесін талдауды зерттеу болып табылады
Дипломалды тәжірибенің міндеті - «АТФ Банк» АҚ-ның құрылу кезінен бастап, операцияларының ұйымдастырылуын және ішкі несиелік саясатын зерттеу.
1.“Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы” ҚР-сы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы, 1995 ж. 31 тамыздағы №2444;
2. Жеке тұлғалардың депозиттері нарығына қысқаша ақпараттық шолу, 2015ж. 2-тоқсаны.
3. Жеке тұлғалардың депозиттері нарығына қысқаша ақпараттық шолу 2015ж.3-тоқсаны.
4. «АТФ Банк»АҚ-ның жылдық есеп көрсеткіштері, 2014-2016ж.ж.
5. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-шi басылым, - Алматы: ИздатМаркет, 2012. – 272 б.
6. Банки Казахстана, 2012 г. №12; “Банковские система Казахстана – крупнейший институтциональный инвестор национального фондового рынка” // Донцов С.
7. Банковское дело: Учебник под ред. В.И.Колесникова, Л.П.Кроливецкой - М., Финансы и статистика, 2012.
8. Банковское дело: Справочное пособие. Под ред. Ю.А.Бабичевой - М., Экономика, 2012.
9. Власова В.М. Первичные документы. Вып. 1. Основные кассовые документы. М., 2012.
11. Голубович А.Д., Кулагин Н.В.; Мирилеская О.М. Валютные операции в коммерческих банках. М., Менатеп - информ, 2012.
12. Ержанов М.С. Ержанова С.М. Учетная политика на казахстанском предприятии (практический аспект). Алматы, 2011.
13. Лексис Б. Кредит и банки (Экон. наследие) М., изд. Перспектива, 2010.
14. Никитин В.Н. Отчет о движении денежных средств/ Библиотека бухгалтера и предпринимателя. Алматы, 2011. № 7.
15. Нуреев Р.М. Деньги, банки, и денежно-кредитная политика,- М., Финстатинформ, 2011.
16. Роуз И.О. Банковский менеджмент. Предоставление финансовых услуг. Пер. с англ., М., Дело ЛТД, 2011.
17. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктiң делдалдық операциялары: факторинг және форфейтинг // ҚазЭУ хабаршысы. – 2012. - №2. – 70-75 бет.
18. Садвакасова Ж. «Кредитная политика коммерческого банка» // Вестник КазНУ, Серия экономическая. №2. – 2013 г.
19. С.Кабашев «Депозитная составляющая оценки кредитного развития банковского сектора республики» // Қаржы-Қаражат, №2, - 2013. 58-61 стр.
20. www.kase.kz
21.www.atfbank.kz
22.www.national.kz

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

АТФ Банк акционерлік қоғамы - коммерциялық банк болып табылады, заңды және жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсетуге маманданған. Банк әмбебап банкке тән түрлі қызметтер ұсынады.
Барлық ұжым әрекетінің негізгі дәлелі болып жедел және сапалы банктік қызмет ұсыну арқылы біздің республикамыздың орташа тобын көбейту жолымен халықтың өмірін жақсартуға ұмтылу - банк өзінің басты міндеті ретінде анықтайды.
Қазіргі таңда АТФ Банк Қазақстанның 16 қаласында өз жұмысын жасайды.
Кез-келген банктің жұмысы қызметтің негіз болатын екі түрін тірек етеді - депозиттік бағдарламалар бойынша ақша қаражатын жинау және несиелер беру. 2014 жылғы қазан АТФБанк АҚ үшін белгілеп қоятын ай - банк республика халқына бірнеше жаңартылған өнімдерді ұсынып, жеке тұлғаларды несиелендіруді қайта бастады. АТФбанк мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатыса, сондай-ақ нарықты өзінің қаржылық өнімдерімен толтыра отырып, корпоративтік клиенттерге де түрлі несиелер беруден шет қалып қойған жоқ.
Депозит (салым) - депозитор (салымшы) банкке ақша беріп, номиналды түрде, бірінші талап бойынша немесе қандай да бір мерзімнен кейін, біржола немесе бөліп, алдын-алы келісілген пайыздық ставкалар бойынша сыйақы сомасын қоса, депозитордың өзі немесе оның тапсырысы бойынша үшінші сенімді тұлға арқылы қайтарып алатын ақшасы.
АТФ Банк АҚ нарықта ірі компаниялар мен шағын және орта бизнес уәкілдерін несиелендіру бойынша өз қызметін ұсынады. Айналым капиталын толықтыру мен негізгі құрал-жабдықтарды сатып алу бойынша бір қатар несиелендіру бағдарламалары бар. Банк экономиканың нақтылы секторларының салаларын (сауда, өндіріс, ауыл шаруашылығы, т.б.) несиелендіреді, инвестициялық жобаны қаржыландырады, сондай-ақ бизнесті дамыту үшін мол таңдаудағы бағдарлама және өнімдерді ұсынады.
АТФ Банк АҚ - коммерциялық банк болып табылады және акционерлік қоғам формасында Қазақстан Республикасының банктік жүйе рамкаларында функцияланады.
Нағыз Ішкі Несиелік Саясат несиелендіру әрекетінің облысындағы шешімдердің жалпы приоритеттерін, стандарттарын және параметрлерін, несиелендіру рисктерін басқарудың негізгі принциптерін анықтайды.
Дипломалды тәжірибенің өзектілігі банктегі операцияларды ұйымдастырудың теориялық негізі.
Тәжірибенің негізгі мақсаты - банк қызметінің екі түрі болатын депозит және несиелеу процесін талдауды зерттеу болып табылады
Дипломалды тәжірибенің міндеті - АТФ Банк АҚ-ның құрылу кезінен бастап, операцияларының ұйымдастырылуын және ішкі несиелік саясатын зерттеу.

1 АТФ Банк АҚ-на жалпы сипаттама

1.1 АТФ Банк АҚ-ның негізгі тарихи кезеңдері
АТФ Банк акционерлік қоғамының негізі 1995 жылғы маусым айында, яғни ҚР Ұлттық Банкі Алматы сауда-қаржы банкі ЖАҚ тіркеген кезде қаланған. Сол жылы АТФ Банк Қазақстанның банктік заңнамасымен қарастырылған теңгедегі және шетелдік валютадағы операцияларды жүргізуге ҚР ҰБ №59 Бас лицензиясын алды. 2001 жылы Алматы сауда-қаржы банкі ашық акционерлік қоғамы тіркелді, ал 2002 жылдың маусым айында АТФ Банк ашық акционерлік қоғамы тіркелді. 2003 жылдың қазан айында АТФ Банк АҚ-на қайта тіркеу жүзеге асырылды.
АТФ Банк АҚ өзінің даму және алға қойған мақсаттарына жету барысында көптеген тарихи кезеңдерден өтті. Сол кезеңдердің ең негізгілерін атап өтсек:
1995 жыл
oo Алматы сауда-қаржы банкі ЖАҚ Қазақстанның банктік заңнамасымен қарастырылған теңгедегі және шетелдік валютадағы операцияларды жүргізуге ҚР ҰБ №59 Бас лицензиясын алды.
oo ҚР Ұлттық банкі Алматы сауда-қаржы банкін тіркеді.
1996-1999 жылдар аралығы
- ҚР Ұлттық банкі Алматы сауда- қаржы банкін халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейтін банктердің бірінші тобына енгізді.
- Visa, EuroCardMasterCard, Diners Club, JCB, American Express төлем карталарына қызмет көрсетуді бастады
2000-2001 жылдар
- Банк АТФ Банк ашық акционерлік қоғамына айналды
- көлемі USD 5 000 000 атаулы купондық облигациялардың бірінші шығарылымын табысты орналастырды
2002-2005 жылдар аралығы
- Банк Сибирь ТҚК ЖАҚ (Ресей Федерациясы) 100% акциясын иеленді
- Қырғыз Республикасының қолданыстағы Заңнамасына сәйкес АТФБанктің Энергобанк ААҚ (Қырғыз Республикасы) акцияларының жалпы алғанда 72,92% сатып алу туралы мәмілелер жасалып, осы мақсатта екі елдің де банктік қадағалау органдарының барлық қажетті рұқсаттары алынды
- банк жалпы мөлшері $62 млн құраған кезекті синдикатталған қарызды тартты. Синдикатқа 25 шетелдік банк қатысты. Қарыз алушының ұйымдастырушылары ретінде ABN AMRO Bank голланд фирмасы болды
2006 жыл
oo EUROMONEY алдыңғы қатардағы әлемдік қаржы басылымы АТФБанкке Еуропаның дамып келе жатқан елдері арасындағы корпоративтік басқару саласындағы үздік банк атағын берді.
oo АТФБанк АҚ 2016 жылға дейінгі өтеу мерзімімен 350 миллион АҚШ доллары сомасына еврооблигацияларды шығару мәмілесін сәтті аяқтады.
oo АТФБанк АҚ мен Қазақстан Рсепубликасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі АТФБанк қызметінің мөлдірлігін арттыру мәселелері бойынша Ынтымақтастық және өзара әрекеттесу туралы меморандумға қол қойды.
oo Қазақстан тұтынушыларының Ұлттық лигасы 2005 жылғы жұмыс нәтижелері бойынша Қазақстанның кіршіксіз бизнес кәсіпорындарының қауымдастығына мүше АТФБанкті Халықтық Кіршіксіз сапа таңбасымен және Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал еткені үшін сертификатымен марапаттады.
2007 жыл
oo ЮниКредит Тобының (UniCredit Group) бөлімшесі болып табылатын Кредитанштальт (ВА-СА) Австрия банкі Орталық және Шығыс Еуропадағы коммерциялық банктік операциялар үшін АТФБанк АҚ-ң шығарылған акционерлік капиталы жалпы санының 91,8% сатып алу процесін аяқтады. Мәміленің шамалас құны 2,117 млн. АҚШ долларын құрады (ағымдағы бағам бойынша шамамен 1,452 млн. евро)
oo 21 маусымда Bank Austria-Creditanstalt AG (Орталық және Шығыс Еуропадағы коммерциялық және банктік операцияларға арналған UniCredit Group бөлімшесі) мен "АТФБанк" АҚ жеке акционерлері АТФБанк акцияларының мажоритарлық пакетін сатып алу туралы келісімге қол қойды.
2010-2011 жылдар аралығында
oo UniCredit тобының активтерін басқаруды оңтайландыру үшін АТФБанк АҚ өзіне тиесілі Сибирь ТҚК ЖАҚ (Ресей Федерациясы) акциясын сатты
2013 жыл
oo 2 мамырда КазНитрогенГаз ЖШС және UniCredit Bank Austria қазақстандық АТФБанк АҚ-ның 99,75% үлесін сатып алу-сату бойынша мәміленің аяқталғандығы туралы хабарлайды. Мәміленің жалпы сомасы шамамен АТФБанк Тобының жеке капиталы мөлшерін құрады.
oo 29 наурызда мәмілені Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мақұлдады.
2014 жыл
oo 29 қазанда АТФБанк The Banker және PWM журналдарының пікірі бойынша Қазақстандағы Private banking сегментінің ең үздік банкі - Best Private Bank in Kazakhstan (Қазақстандағы Private Banking сегментінің ең үздік Банк) деп танылды.
oo Банк Өңдеуші өнеркәсіп саласында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бойынша Даму кәсіпкерлікті дамыту қорының бағдарламасы аясында 7 млрд теңге сомасында АТФ Банк АҚ-қа бекітілген лимиттің 100%-ын игерді.
2015 жыл
oo АТФ Банк АҚ үшін мерейтой жылы болды. Банк қазақстандық нарықтағы жұмысының 20-жылдығын атап өтті және бұл күнге үлкен жетістіктермен жетті. АТФ Банк бірқатар жылдан бері негізгі қаржылық көрсеткіштерінің оң динамикасы мен пайданы тұрақты түрде сақтау қабілетін көрсетіп келеді. Тұрақты түрде дамуының арқасында АТФ Банк АҚ Қазақстанның ең ірі банктерінің құрамына кіреді және активтер, кредиттік және депозиттік портфельдерінің көлеміне қарай 7-ші орынды иеленеді. Банк тұтастай бір жыл бойы операциялық тиімділік пен сервис сапасын бірқалыпты арттыра отырып, қызметтің барлық салаларында жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

1.2 АТФ Банк АҚ-ның жұмысы мен ұйымдастыру ерекшеліктері
АТФ Банк АҚ-ның негізгі мақсаты қазақстандық қоғамның қажеттіліктерін сапалы банк өнімдерінде қанағаттандыруда. Миссия Банк ұжымы қызметінің негізгі себебі ел және банктің барлық клиенттері мен әріптестері үшін пайдалы болуы тиіс екендігін белгілейді. Мұндай пайдалы болудың салдарынан Еуразиялық Банк әділ сыйақы ала алады.
Банк философиясы үйлесімділік, әділдік, бейсаясаттық, сенімділік, даму және ақылға қонымдылық қағидаттарына негізделеді. Банк ішінде де, сол сияқты қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастар үйлесімділігі әділдікті, сенімділікті және бейсаясаттықты қажет етеді.
Бейсаясаттық - кез келген саяси ағымды ұстану күнделікті міндеттерді шешуден көңілді басқа жаққа аударатындығын түсінудің нәтижесі. Қарым-қатынастардағы сенімділік пен әділдік ақыл арқылы қалыптасады. Ақыл өз кезегінде өз өзімен үнемі жұмыс істеу, АТФ Банк ағымдағы күн сайынғы дамуы арқылы қол жетеді. Келіспеушіліктер мен қайшылықтарды жоқ қылатын үйлесімді қарым-қатынастар бар жерде ғана нақты даму мүмкін болады.
Қаржы нарығының қалыптасқан жағдайларында, АТФБанк АҚ-мы тұрақты өсімді қолдауға, сондай-ақ жалпы Қазақстан Республикасында банк секторының өсу қарқынынан асып түсетін даму қарқынына қол жеткізуге бағытталған стратегияны таңдады.
Осы стратегия:
oo республика аймақтарында Банк дамуының серпінділігін арттыруды және филиалдар желісін кеңейтуді;
oo клиенттерге қызмет көрсету сапасын жақсартуды;
oo жаңа бәсекеге қабілетті банк өнімдерін әзірлеуді;
oo капиталға ірі инвестициялар салу есебінен Банктің дәйектілігі мен тұрақтылығын өсіруді және қаржылық қызметтің субъективті тәуекелдерін, соның ішінде әкімшілік, кадр және саяси тәуекелдерді жоюды;
oo бөлшек бизнесті дамытуды қамтамасыз етуге арналған.
Кез-келген банктің жұмысы қызметтің негіз болатын екі түрін тірек етеді - депозиттік бағдарламалар бойынша ақша қаражатын жинау және несиелер беру. 2014 жылғы қазан АТФБанк АҚ үшін белгілеп қоятындай - банк республика халқына бірнеше жаңартылған өнімдерді ұсынып, жеке тұлғаларды несиелендіруді қайта бастады. АТФбанк мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатыса, сондай-ақ нарықты өзінің қаржылық өнімдерімен толтыра отырып, корпоративтік клиенттерге де түрлі несиелер беруден шет қалып қойған жоқ.
Мемлекеттік бағдарламаларды игеру бойынша жеке кәсіпкерлік субьектілеріне көмекті теңдей бөлу - банктің аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта алға қойғандарды іске асыру үшін жекелеп несиелендірудің қолданыстағы өнімдері толықтырылып, жаңа өнімдер жасау. Өнім қатарына ипотекалық және тұтынушылық несиелендіру бағдарламалары кіреді. Оған: жылжымайтын мүлікті немесе автомобильді кепілге қойып несиелендіру, сондай-ақ кепілсіз несиелендіру кіреді. Бұған Жеңіл кепілсіз несиесін жатқызуға болады. Бұл өнім бастапқы немесе қайталама нарықта жылжымайтын мүлік сатып алғысы келген жеке тұлғаларға арналған.
Банк клиенттері арасында тұрғын және жылжымайтын мүлікті кепілге қоя отырып, тұтынушылық несие беру бағдарламасы ішінде ең сұраныс аз иесі - АТФ - Блиц бағдарламасы. Бұл өнімнің талаптары бойынша қарыз алушыға кепілге қойылған мүліктің бағалау құнының 50% дейінгі мөлшерінде ақша беріледі. Есептеген кезде бұған әрі несие берешегін өтеу үшін қарыз алушының расталған кірісінің жеткілікті екендігі ескеріледі.
Жасалып жатқан бағдарламалардың ішінен депозит кепілімен берілетін және кезек күттірмейтін қажеттіліктерге арналған несиелендіруді айтып өткен жөн. Клиент ақша қаражатын жоғары мөлшерлемемен банк депозиттеріне орналастыра отырып, бұл жерде ішінара алу көзделмеген, қажет болған жағдайда депозит бойынша қолданыстағы мқлшерлемелерге бар жоғы +3% төлей отырып, оларды банктің төлем карточкасына аудару арқылы несие лимиті түрінде ақша алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл кезде есептелген сыйақы және депозит сомасы өзгермейді.
Өсіп отырған сұранысқа байланысты АТФ Банк басқа ЕДБ қарыз алушылары үшін қайта қаржыландыру бағдарламасын қайта бастауға ниетті. Бұл ең алдымен көптеген ықтимал клиенттердің басқа банктерде несиелері бар екендігімен байланысты,бірақ Темірбанк клиенттерге қарыз алушының бұған дейін несие ресурсын алған банктеріне қарағанда неғұрлым қолайлы талаптарын ұсынады. Сұраныс бар, жақын уақытта АТФ Банктен ұсыныста болады.
АТФ Банктің 2015 жылғы стратегиялық мақсаттарының бірі - заңды тұлғалардың несие портфелін арттыру. Біз оған ШОБ субьектілеріне жататын,заңды тұлғаларды несиелендіру көлемін арттыру есебінен қол жеткізуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты клиенттердің қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруға қабілетті,қаржыландырудың жаңа құралдарын жасап отыр.
Әсіресі, АТФ Банк АҚ-ның экономиканың шынайы секторын қолдау үшін мемлекет іске асырып отырған бағдарламаларға белсенді түрле қатысуда. Дәл осы шаған кәсіпкерлікті қолдауының арқасында үкімет халықтың әл-ауқатын арттырудың жалпы проблемаларын шешеді, ал шағын бизнестен түскен салық-бюджетті толықтыруға айтарлықтай ықпалын тигізеді.



1.3 АТФ Банк АҚ-ның корпоративтік басқару кодексі
Корпоративтік басқару - директорлар кеңесі, банк менеджменті, акционерлер, клиенттер, жұртшылық және басқа мүдделі тұлғалар арасындағы қатынастар шеңбері ретінде түсіндіріледі.
Корпоративтік басқаруға банк мақсаттарын және оларға жету құралдарын анықтау, сонымен қатар бақылау механизмдерін әзірлеу жүйелері жатады. Тиісті корпоративтік басқару директорлар кеңесіне және менеджментке банк және акционерлер мүдделі мақсаттарға қол жеткізу үшін тиісті ынталандыруды қамтамасыз етуі қажет. Сонымен қатар корпоративтік басқару Банктің меншікті капиталын және ресурстарын тиімді пайдалануды көтермелеп, пәрменді бақылау жүргізуге қолдау көрсетуі қажет.
Банк үшін басты нәрсе - бұл акционерлер мен клиенттердің құқықтарын және заңды мүдделерін құрметтеу, ақпараттың ашықтығы, банктің тиімді қызметін қамтамасыз ету, оның өтімділігін, қаржылық тұрақтылығын және пайдалылығын қолдау.
Банктің тиімді қызметінің және инвестициялық тартымдылығының негізі корпоративтік әрекет қатысушылары арасындағы сенім болып табылады және оны құруға корпоративтік басқару және банктегі корпоративтік мінез-құлық қағидаттары бағытталған.
Корпоративтік басқару директорлар кеңесі және менеджмент тарапынан келесі мақсаттарда Банк қызметін басқару әдісін анықтайды:
oo иегерлер мен акционерлердің мүдделерін ескере отырып, корпоративтік мақсатты қалыптастыру және стратегияны анықтау;
oo ағымдағы қызметті басқару;
oo мүдделі тараптардың мүдделерін ескеру;
oo корпоративтік қызметтің және корпоративтік мінез-құлықтың сенімді банктік тәжірибе талаптарына, қолданыстағы заңнамаға және нормативтік базаға сәйкестігін қамтамасыз ету;
oo салымшылардың мүдделерін қорғау.
Банкте корпоративтік басқаруды ұйымдастыру келесі қажетті элементтердің болуын талап етеді:
oo корпоративтік құндылықтар, мінез-құлық кодекстері және тиісті мінез-құлықтың басқа стандарттары, сонымен қатар олардың сақталуын қамтамасыз ететін жүйелер;
oo жалпы банктің табысын және жеке жұмыскердің үлесін бағалауға мүмкіндік беретін нақты тұжырымдалған стратегия;
oo жеке жұмыскерлерден директорлар кеңесіне дейін шешімді қабылдаудың иерархиялық құрылымын қосқанда, міндеттер мен өкілеттіктерді нақты бөлу;
oo директорлар кеңесінің мүшелері, менеджмент және аудиторлар арасында өзара әрекет ету және ынтымақтасу механизмдері;
oo ішкі бақылау жүйесі, сонымен қатар ішкі және сыртқы аудит, бизнес бөлімшелерден тәуелсіз тәуекелдерді басқару функциялары, сондай-ақ шектеулер мен қарама-қарсылық жүйесінің басқа элементтері;
oo мүдделер қайшылығы аса маңызды болған кезде тәуекелдерге ерекше бақылау жасау, банктің аффилиирленген қарызгерлермен; ірі акционерлермен, жоғары басқару өкілдерімен не болмаса ресурстарды орналастыру бойынша шешім қабылдайтын тұлғалармен, мысалы дилерлермен іскерлік қатынастарды қосқанда;
oo нақты кадрлық саясат және ақшалай сыйақы түріндегі қаржылық және басқарушылық ынталандыру, қызмет бабы бойынша өсіру және жоғары атқарушы басшылықты, орта деңгейдегі басшыларды және қызметкерлерді белгілі бір әрекеттерге итермелейтін басқа ынталандыру жолдары; - барабар сыртқы және ішкі ақпарат ағындарының болуы.
Банк акционерлердің жалпы жиналысымен қабылданған және банк міндеттерімен және философиясымен анықталған негізгі қағидаттарға сәйкес корпоративтік басқару жүргізеді.
Банк міндеттері: Қазақстан Республикасы жұртшылығының сапалы банктік өнімдерге қажеттіліктерін қанағаттандыру. Банк ұжымының негізгі қызметі Қазақстан Республикасының азаматтарына қол жетерлік және сапалы қызметтерді көрсете отырып, банктің республика жұртшылығы үшін пайдалылығы болып табылады .
Банк қызметінің философиясы келесі ұстанымдарға негізделеді:
oo Үйлесімділік
oo Әділеттік
oo Сенім
oo Бейсаясаттық
oo Даму
oo Парасаттылық
Өзара әрекет үйлесімділігі әділеттікті, сенімді және бейсаясатты талап етеді. Әділетсіздік немесе сенімсіздік немесе бір жүйелілік болған кезде қарама-қайшылықтар үшін негіз қаланады және ол үйлесімділікке теріс әсер етеді. Қарым-қатынастағы сенім мен әділеттікке шынайылықты дұрыс түсіну, яғни парасаттылықтың арқасында қол жеткізуге болады. Парасаттылыққа үнемі жұмыс істеу, өзіңді дамыту арқылы қол жеткізуге болады. Даму үйлесімді қарым-қатынастар болған жағдайда ғана мүмкін болады. Ал үйлесімсіздік қарама-қайшылықтарды шешу үшін күш пен қаражаттарды жұмсауды қажет етеді.
Үйлесімділіктің, әділеттіктің, сенімнің, бейсаясаттықтың, парасаттылықтың және дамудың өзара қарым-қатынасы адам қоғамы дамуының терең заңдарына негізделген. Адамдардың бірлесе жұмыс істеу табыстылығы осы қызмет түрлерінің заңдарға сәйкестігіне байланысты және бұл қалыптасқан қызмет Философиясын анықтайды.
Міндет және философия банк қаржы институты және пікірлестер командасы ретінде дами отырып, аса сапалы өнімдер шығаратынын және қоғаммен біршама үйлесімді қатынастар орнататынын қарастырады, бұл қоғамның сенімін арттырады және тигізетін пайда үшін қоғам атынан әділ сыйақы береді. Қоғамнан алынған материалдық ресурстар және сенім шегін банк бизнестің, сонымен қатар банкте жұмыс істейтін адамдардың дамуының жаңа циклы ретінде дұрыс қолданады.
Ұйымдық құрылымды қалыптастыру кезінде шектеулер мен қарама-қайшылықтардың тиісті принциптерін сақтауды қамтамасыз ету үшін төрт негізгі бақылау формалары ескерілуі қажет:
oo Директорлар кеңесі тарапынан бақылау;
oo Банктің әр түрлі қызмет түрлерін күнделікті басқаруға қатыспайтын тұлғалардың тарапынан бақылау;
oo Банк қызметінің әр түрлі бағыттарын тікелей бақылау;
oo Тәуекелдерді басқарудың тәуелсіз функциялары және ішкі аудиттің болуы. Басқарушы құрам кәсіби жарамдылық және іскерлік мәртебе критерийлеріне жауап беруі қажет.
Қызметін ұйымдастыру үшін Банк стратегиялық мақсаттарды немесе корпоративтік құндылықтарды анықтауы қажет. Акционерлердің жалпы жиналысы банк қызметінің міндетін және философиясын анықтайды, банк өзінің күнделікті қызметінде басшылыққа алатын стратегияны бекітеді, директорлар кеңесі, менеджмент және банктің басқа жұмыскерлері үшін корпоративтік басқару және мінез-құлық кодексін анықтайды, сыртқы аудитордың жылдық жалпы жиналыстың жұмысына қатысуын қамтамасыз етеді. Корпоративтік мінез-құлық кодексі туындайтын проблемаларды уақытылы және ашық талқылау, банктің ішінде, сонымен қатар үшінші жақтармен жасалатын операцияларда сыбайлас жемқорлыққа тыйым салу мәселелерін ескеруі қажет.
Акционерлердің жалпы жиналысын дайындау және ұйымдастыру тәртібі заңнамамен, банк жарғысымен, банк жұмысының регламентімен және директорлар кеңесінің шешімімен анықталады.
Жалпы жиналысты ұйымдастыру және өткізу кезінде келесі жалпы ережелер сақталуы қажет:
oo акционерлер жалпы жиналыстың жуырда өткізілетіні туралы жиналыс өткізілетін күнге дейін кем дегенде отыз күнтізбелік күн бұрын, ал сырттай немесе аралас дауыс беру кезінде қырық бес күнтізбелік күннен кешіктірілмей хабардар болулары қажет, бұл акционерлерге жиналысқа қатысу үшін тиісті түрде дайындалуға мүмкіндік береді;
oo акционерлердің жалпы жиналысын өткізу күні мен уақытын жиналысқа қатысуға құқылы тұлғалардың көбісі жиналысқа қатыса алатындай етіп белгілеу қажет. Акционерлердің жалпы жиналысы Басқарма орналасқан елді мекенде өткізілуі қажет.
oo жалпы жиналысты өткізуге белгіленген мерзімнің есебі бұқаралық ақпарат құралдарында акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарламаны жариялаған күннен бастап не болмаса оны жазбаша хабарлама түрінде акционерлерге бағыттаған күннен бастап есептеледі. Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарламаны мемлекеттік және басқа тілдерде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаған жағдайда, мерзімді санау ондай жариялымдардың соңғысынан бастап есептеледі.
oo қосымша жариялау әдісі ретінде жалпы жиналысты өткізу туралы электрондық форманы қолдануға болмайды.
oo Жиналыс қатысушыларын тіркеудің аяқталу мерзімінде оған қатысу үшін Қоғамның дауыс беретін акцияларының елу немесе одан көп пайызына ие акционерлердің тізіміне енгізілген акционерлер немесе олардың өкілдері тіркелсе, акционерлердің жалпы жиналысы күн тәртібіндегі мәселелерді қарастыруға және ол бойынша шешім қабылдауға құқылы болады;
oo өткізілмеген жиналыстың орнына өткізілетін қайталама жалпы жиналыс мына жағдайларда күн тәртібіндегі мәселелерді қарастыруға және олар бойынша шешім қабылдауға құқылы болады, егер: банк жылдық жалпы жиналыстың жұмысына сыртқы аудитор өкілдерінің қатысуын қамтамасыз етуге тырысатын болады. Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу тәртібі акционер құқықтарын сақтауды қамтамасыз етуі қажет.
Акционерлер жалпы жиналысының ерекше құзыретіне жатады:
1. Банк Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу немесе оны жаңа редакцияда бекіту;
2. корпоративтік басқару кодексін, сонымен қатар оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекіту;
3. қоғамды ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату;
4. банктің жарияланған акцияларының санын ұлғайту немесе банктің орналастырылмаған жарияланған акцияларының түрін өзгерту туралы шешім қабылдау;
5. санақ комиссияның сандық құрамын, өкілеттік мерзімін анықтау, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттіктерін мерзімнен бұрын тоқтату;
6. директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін анықтау, оның мүшелерін тағайындау және мерзімнен бұрын өкілеттіктерін тоқтату, сонымен қатар директорлар кеңесі мүшелеріне төленетін сыйақылардың мөлшерін және оны төлеудің шарттарын белгілеу;
7. банктің аудитін жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау;
8. жылдық қаржылық есептілікті бекіту;
9. есеп берілетін қаржы жылы үшін қоғамның таза табысын үлестірудің тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және жыл қорытындысы бойынша қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивидендтің мөлшерін бекіту;
10. Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жағдайлар орын алған жағдайда қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдау;
11. банктің банкке тиесілі барлық активтердің жиынтығында жиырма бес және одан көп пайызын құрайтын активтердің бір бөлігін немесе бірнеше бөлігін табыстау арқылы өзге заңды тұлғаларды құруға қатысу немесе олардың қызметіне қатысу туралы шешім қабылдау;
12. акционерлердің жалпы жиналысын шақыру туралы қоғамның акционерлерге хабар беруінің түрін белгілеу және ондай хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында орнықтыру туралы шешім қабылдау;
13. заңнамаға сәйкес қоғам акцияларды сатып алатын кезде олардың құнын белгілеу әдістемесін бекіту;
14. акционерлер жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту;
15. "алтын акцияны" енгізу және жою;
16. шешім қабылдау заңнамамен және банк жарғысымен акционерлер жалпы жиналысының ерекше құзыретіне жатқызылған өзге мәселелер.
Шешім қабылдау акционерлер жалпы жиналысының ерекше құзыретіне жатқызылған мәселелерді банктің басқа органдарының, лауазымды тұлғаларының және жұмыскерлерінің құзыретіне табыстауға рұқсат етілмейді.
Акционерлердің жалпы жиналысы банктің ішкі қызметіне қатысты мәселелер бойынша Банктің өзге органдарының кез келген шешімін бұза алады.Көрсетілген мәселелер бойынша акционерлер жалпы жиналысының шешімдері банктің дауыс беретін акцияларының айқын басым көпшілігімен қабылданады.
Өзге мәселелер бойынша акционерлер жалпы жиналысының шешімдері дауыс беруге қатысып отырған Банктің дауыс беретін жалпы акциялары санының жай көпшілік дауыстарымен қабылданады.
Директорлар кеңесі жарғы ережелеріне сәйкес банкке жедел басқаруды қамтамасыз ету мақсатында алқалы атқарушы орган - банк басқармасын құрады. Басқарма төрағасы және мүшелері директорлар кеңесімен сайланады.
Банк басқармасының төрағасы басқармаға басшылық етеді және оның жұмысын басқарады. Директорлар кеңесі және акционерлер Басқарманың күнделікті жұмысына араласпайды. Басқарма құбылмалы экономикалық жағдайды ескере отырып, банк қызметінің мәселелерін тез шешеді.
Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасымен және банк жарғысымен банктің басқа органдарының және лауазымды тұлғаларының құзыретіне жатқызылмаған қоғам қызметінің кез келген мәселелері бойынша шешім қабылдауға құқылы. Басқарма акционерлер жалпы жиналысының және Директорлар кеңесінің шешімдерін орындауға міндетті. Басқарма мүшелері Банк акционерлері және оның акционерлері болып табылмайтын жұмыскерлер болуы мүмкін. Басқарма мүшесі тек Директорлар кеңесінің келісімімен ғана басқа ұйымдарда жұмыс істеуге құқылы.
Басқарма мүшесінің функциялары, құқықтары және міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Банк жарғысымен және жеке еңбек шартымен анықталады. Басқарма төрағасымен жасалатын жеке еңбек шартына банк атынан директорлар кеңесінің төрағасы немесе жалпы жиналыспен не директорлар кеңесімен өкілеттік берілген тұлға қол қояды. Басқарманың басқа мүшелерімен жасалатын жеке еңбек шартына басқарманың төрағасы қол қояды.
Басқарма акционерлер, банк клиенттері және қоғам алдындағы өз жауапкершілігін түсінеді және Банктің ұзақ уақыт бойы тұрақты дамуын және банк пайдалылығын қамтамасыз ететін банктің ағымдағы қызметін басқару бойынша міндеттерін адал және дұрыс орындауды өзінің басты мақсаты деп санайды. Басқарма мүшелері жоғары іскерлік беделге ие болуы қажет.
Басқарма жыл сайын акционерлердің жалпы жиналысына талқылау және бекіту үшін өткен жылдың жылдық қаржы есебін ұсынады және оның аудиті Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес өткізілген. Қаржы есептілігінен басқа, басқарма жалпы жиналысқа аудиторлық есепті ұсынады.

2 АТФ Банк АҚ-ның қаржылық жағдайы мен операцияларын талдау

2.1 АТФ Банк АҚ-ның қызметі және қаржылық көрсеткіштерін талдау
АТФ Банк қызметінің басты бағыты - салымдарды тарту аясында халықпен жұмыс істеу. Осы аяда банк есеп айырысу қызметтері мен жинақтарды басқару бойынша мүмкіндіктерінің тиімді үйлесімдігі арқасында орнықты жайғасымдарды иеленеді. Банктің салымшылары өз жинақтарын қорғау мен көбейтудің ең ыңғайлы тәсілін таңдай алады. Банк клиенттерге ұлттық және шетел валютасында 1 айдан 5 жылға дейінгі мерзіммен салынатын депозиттік салымдардың икемді жүйесін және ағымдағы шоттың оралымдылығы мен мерзімдік депозиттің табыстылығын біріктіруге мүмкіндік беретін арнайы депозит түрлерін ұсынады. Банктің клиенттеріне республиканың әр түрлі аймақтарында орналасқан ірі өнеркәсібтің және сауда кәсіпорындары жатады. Сонымен қатар банк шағын және орта бизнес кәсіпорындарына да көңіл аударады, оларға қатысты несиелендірудің меншікті арнайы бағдарламасы дайындалды.
Қазақстанның барлық банк жүйесі сияқты банк соңғы жылдары қарқынды дамыды. Банктің табыстары мен шығыстары банктің пайдасын қалыптастырушы факторлардың бірі болып табылады. АТФ Банкі АҚ қаржылық нәтижелерінің динамикасы келесі кестеде көрсетілген.

Кесте 1 - АТФ Банкі АҚ-ның пайдасы мен шығыны туралы шоғырландырылған есеп, млн.теңге

Көрсеткіш атауы
2014 жыл
+-
2015 жыл
+-
2016 жыл
Пайыздық табыс
58 607
11%
64 811
20%
77 923
Пайыздық шығыс
-39 893
5%
-42 050
20%
-50 300
Таза пайыздық табыс
18 714
21,6%
22 761
21%
27 624
Комиссиондық табыс
11 678
8%
12 574
-7%
11 708
Комиссиондық шығыс

-7 622
-35%
-4 984
-25,5%
-3 714
Таза комиссиондық табыс
4 056
87%
7 590
5%
7 995
Операциондық табыс
25 004
35%
33 816
58%
53 361
Құнсызданудан болған залал
-4 533
129%
-10 380
127%
-23 560
Ортақ және әкімшілік шығындар
-18 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«АТФ банк» акционерлік қоғамының қызмет нәтижелерін талдау
«АТФБанк» АҚ-ның негізгі қызметтерін ұйымдастыру
«АТФ Банк» АҚ туралы
Еңбекақы төлеуге арналған сомада - уақытша бос ақша капиталы
Диплом алдындағы тәжірибенің есебі.«АТФБанк» АҚ
АТФ банк туралы
Банктегі несиелік процестер жайлы
Қаржы мамандығы бойынша диплом алдындағы өндірістік практика
Коммерциялық банктің депозиттік саясаты депозиттік саясаттың субъекттері
Коммерциялық банктің қызметін талдау және бағалау
Пәндер