World wide web технологиясы



1 World Wide Web технологиясы
1.1 Интернет туралы жалпы түсінік
1.2 PHP тілінің шығу тарихы
1.3 PHP тілінің негізгі ұғымдары
1.4 Мәтінді безендіру
1.5 Кесте құру
1.6 PHP.құжатында сілтемелерді қолдану
2 Практикалық бөлім
2.1 РНР бағдарламалау тілінде «Интернет дүкен» сайтын құру
2.2 MySQL көмегімен сайтта мәліметтер қорын енгізу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша А
Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған шағын компьютерлік желелерді бір – бірімен байланыстырып тұрған орасан зор компьютерлік желі, ол хаттама (протокол) деп аталатын бірыңғай стандартпен жұмыс істейді. Желідегі компьютерлерде мәтін (текст), сурет, аудио – бейнематериалдар, т.с.с. өте үлкен ақпарат көлемі сақталады.
Желіні пайдаланудың ең негізгі түрлеріне – бүкіләлемдік өрмек, электрондық пошта, желілік чат (әңгімелесу) және дискуссиялық топтар (коференциялар) жатады. Желіге қойылатын негізгі талап – байланыс арналары елеулі өзгерістерге ұшырағанмен, кез келген жағдайда информацияны бір орыннан екінші орынға сенімді түрде жеткізу қажеттілігі болып саналады.
Осындай жаңа технологиялар өте жемісті нәтиже беріп, бұл бастама 1969 жылы АҚШ – тағы бірсыпыра әскери, ғылыми және білім орталықтарын біріктірген ARPANET желісінің ұйымдастырылуына себепші болды. Содан көп ұзамай – ақ Internet (желі аралықтары) – желілерді біріктіру термині пайда болды.
Сонымен, Интернет – барлық жүйелері хаттама деп аталған (глобальды) компьтерлік желі.
Интернеттің дамуы мен таралуы оның құрамының негізгі үш бөлігі болып табылатын төмендегідей үш бағытта жүргізіліп келеді:
1) Техникалық немесе ақпараттық компонент;
2) Бағдарламалық компонент;
3) Ақпараттық компонент;
Ақпараттық компонент. Интернеттің ақпараттық компоненті компьютерлердің әр түрлі модельдері мен жүйелерінен, физикалық негізі әр түрлі болып келген байланыс арналарынан, компьтерлер мен байланыс арналары арасындағы механикалық әрі электрлік үйлесімді қамтамасыз ететін құрылғылардан тұрады.
Интернет жолдар сияқты бір жазықтықта емес, жалпы кеңістіктегі құрылымнан тұрады. Сондықтан мәлімет тасымалдау ісі байланыстың кабельдік және спутниктік арналарынан, радиорлере жүйелерінен, теледидарға арналған кабельдік арналардан тұрады (1 сурет)
Бағдарламалық компонент. Интернеттегі әртүрлі типтегі компьютерлер мен құрылғылардың үйлесімді жұмыс істеуін олардың программалары қамтамасыз етеді.
Бағдарламалар:
1) Мәліметтерді кез келген байлныс арналары арқылы тасымалдайтындай және кез келген компьютерде оларды қабылдап алуға болатындай етіп түрлендіре алады;
2) Біртектес хаттамалардың қолданылуын қадағалайды;
3) Тасымалдайтын мәліметтердің біртұтастығын қамтамасыз етеді.
Желідегі компьютерлер әр түрлі байланыс арналарымен қосылып тұрады. Желінің осы сәттегі жұмыстық қалпын бақылап, оның ішінен ақаулы аймақтар табылса немесе мәлімет көлемі тасымалданатын шамадан тыс асып кеткен аймақтарды байқаса, мәліметтер ағынын ол маңайларды айналып өтетін басқа жақтарға қарай бағыттайды.
1. Колосниченко Д.Н. Самоучитель PHP 5- СПб.: Наука и Техника, 2007. 640с., ил.
2. Валейд, Джанет PHP 5 для «чайников»., Пер. с англ. – М.: Издательский дом «Вильямс», 2005.-320с.: ил.
3. Дж. Вайскопф. Microsoft Front Page 2000:учебный курс. «ПИТЕР». Санкт-Петербург, 2000.
4. Харрис Э. PHP/MySQL для начинающих./ Пер. с анг. –М КУДИЦ-ОБРАЗ, 2005-387с.
5. Котеров Д. В., Костарев А. Ф. PHP 5. Издательство: БХВ-Петербург, 2006 г.Мягкая обложка, 1120 стр.
6. Джон Коггзол, PHP . Диалектика, 2006 г.Твердый переплет, 752 стр.
7. А. Кухарчик. PHP в примерах. Новое знание, 2004 г.240 стр.
8. А. Мазуркевич, Д. Еловой, Настольная книга программиста, BHV-Санкт-Петербург, ISBN: 5-94735-055-6. Страниц: 479
9. Дмитрий Лещев. Создание сайта . Издательство: Питер, 2003 г.544 стр.: 4000 экз.Формат: 70x100/16
10. Савельева Н.В. Основы программирования на РНР: курс лекций для ст-тов. -М.: Интернет-университет информационных технологий, 2005. -264 с.
11. Мазуркевич А. РНР: настольная книга программиста.–М.: Но¬вое знание, 2004. -479 с.
12. Джон Коггзолл. PHP5. Полное руководство. -М.: Диалектика. 2006 г.
13. Люк Веллинг, Лаура Томсон. Разработка Web-приложений с помощью PHP и MySQL. -М.: Вильямс. 2007.
14. Елена Бенкен. PHP, MySQL, XML. Программирование для Интернета. -СПб.: БХВ-Петербург. 2007.
15. Мұхамбетжанова С. Т. Компьютерлік дизайн. – Алматы, 2007.
16. Левковец, Л. Уроки компьютерной графики. Photoshop CS/, СПб.: Питер, 2005.
17. Самоучитель Adobe Photoshop 5.5 А.М. Тайц, А.А. Тайц издательство "БХВ - Санкт-Петербург" 1999.
18. Дузбаева Р.М. Основы создания HTML-документов. Уч. пособ. для студентов. –Алматы, КБТУ 2003. –82 с.
19. Б. АртановИздательство: 100 книг, 2006 г. WEB мастеринг. 336 стр.Формат: 70x100/16
20. Владимир Дронов Издательство: Dreamweaver. БХВ - Санкт-Петербург, 2006 г.Мягкая обложка, 320 стр.ISBN 5-94157-833-4тираж: 4000 экз.Формат: 70x100/16

1 World Wide Web технологиясы

1.1 Интернет туралы жалпы түсінік

Интернет - бүкіл әлемдегі миллиондаған шағын компьютерлік желелерді бір - бірімен байланыстырып тұрған орасан зор компьютерлік желі, ол хаттама (протокол) деп аталатын бірыңғай стандартпен жұмыс істейді. Желідегі компьютерлерде мәтін (текст), сурет, аудио - бейнематериалдар, т.с.с. өте үлкен ақпарат көлемі сақталады.
Желіні пайдаланудың ең негізгі түрлеріне - бүкіләлемдік өрмек, электрондық пошта, желілік чат (әңгімелесу) және дискуссиялық топтар (коференциялар) жатады. Желіге қойылатын негізгі талап - байланыс арналары елеулі өзгерістерге ұшырағанмен, кез келген жағдайда информацияны бір орыннан екінші орынға сенімді түрде жеткізу қажеттілігі болып саналады.
Осындай жаңа технологиялар өте жемісті нәтиже беріп, бұл бастама 1969 жылы АҚШ - тағы бірсыпыра әскери, ғылыми және білім орталықтарын біріктірген ARPANET желісінің ұйымдастырылуына себепші болды. Содан көп ұзамай - ақ Internet (желі аралықтары) - желілерді біріктіру термині пайда болды.
Сонымен, Интернет - барлық жүйелері хаттама деп аталған (глобальды) компьтерлік желі.
Интернеттің дамуы мен таралуы оның құрамының негізгі үш бөлігі болып табылатын төмендегідей үш бағытта жүргізіліп келеді:
1) Техникалық немесе ақпараттық компонент;
2) Бағдарламалық компонент;
3) Ақпараттық компонент;
Ақпараттық компонент. Интернеттің ақпараттық компоненті компьютерлердің әр түрлі модельдері мен жүйелерінен, физикалық негізі әр түрлі болып келген байланыс арналарынан, компьтерлер мен байланыс арналары арасындағы механикалық әрі электрлік үйлесімді қамтамасыз ететін құрылғылардан тұрады.
Интернет жолдар сияқты бір жазықтықта емес, жалпы кеңістіктегі құрылымнан тұрады. Сондықтан мәлімет тасымалдау ісі байланыстың кабельдік және спутниктік арналарынан, радиорлере жүйелерінен, теледидарға арналған кабельдік арналардан тұрады (1 сурет)
Бағдарламалық компонент. Интернеттегі әртүрлі типтегі компьютерлер мен құрылғылардың үйлесімді жұмыс істеуін олардың программалары қамтамасыз етеді.
Бағдарламалар:
1) Мәліметтерді кез келген байлныс арналары арқылы тасымалдайтындай және кез келген компьютерде оларды қабылдап алуға болатындай етіп түрлендіре алады;
2) Біртектес хаттамалардың қолданылуын қадағалайды;
3) Тасымалдайтын мәліметтердің біртұтастығын қамтамасыз етеді.
Желідегі компьютерлер әр түрлі байланыс арналарымен қосылып тұрады. Желінің осы сәттегі жұмыстық қалпын бақылап, оның ішінен ақаулы аймақтар табылса немесе мәлімет көлемі тасымалданатын шамадан тыс асып кеткен аймақтарды байқаса, мәліметтер ағынын ол маңайларды айналып өтетін басқа жақтарға қарай бағыттайды.
Сонымен, Бағдарламалық компоненттің негізгі функциялары:
1) Информацияны сақтау, іздеу, жинақтау, көру немесе тыңдау;
2) Желідегі мәлімет қауіпсіздігін сақтау;
Аппаратураның функционалдық сәйкестіктерін қамтамасыз ету істері болып табылады.
Бағдарламалық жабдықтар екі топқа бөлінеді:
а) Сервер - программалар - тұтынушылар компьютерлеріне қызмет ететін желі торабында орналасады;
б) Клиент - программалар, тұтынушы компьютерлерінде орналасып, сервердің қызметін пайдаланады.
Ақпараттық компонент. Желідегі компьютерлерде сақталатын әртүрлі құжаттар арқылы өрнектеледі. Мәліметтерді желіде орналастырудың бір ерекшелігі - олар таралған түрде сақталады, мысалы, мәтін бір компьютерде, дыбыс пен әуен - екіншісінде, ал графика - басқа желідегі, үшінші компьютерден алына береді. Желідегі құжаттар бір бірімен сілтеме адрестермен береді.
Осы құрылымға сәйкес аппараттық, Бағдарламалық және Ақпараттық қорлар да біртіндеп дамып келеді, олар құрастырылуына байланысты әр түрлі меншікте (мемелекеттік, қоғамдық, корпоративті немесе жеке меншіктерде) бола береді.
Интернеттегі қызмет түрлері көп, солардың ішіндегі ең жиі пайдаланатыны World Wide Web-желісіндегі мәліметтерді көріп керектісін алу қызметі. WWW немесе веб ортасындағы мәліметтер қызықты, әрі көрнекті және алуан түрлі болып келеді, онымен жұмыс істеу де қиын емес, қарапайым түрде кез келген адам орындай алады. WWW қызметі тұтынушыларға бір - бірімен байланысқан өте көлемді - гипермәтіндік құжаттарды көрсетуді жүзеге асырады. Құжаттар ішінде мәтіндік ақпарат, графикалық бейне-суреттер, аудио-және бейне мәліметтер, бұған қоса басқа ақпараттарға да көптеген сілтемелер бар. Осындай құжаттарға кез келген адам қалаған кезінде қол жеткізе алу үшін Web - парақтардағы мәліметтер Интернетке тұрақты қосылып тұрған Web - серверлерде сақталады. Бір тақырыпқа арналып, бір - бірімен байланысқан парақтар жиыны Web - сайт деп аталады. Жай сайт бірнеше парақтардаң тұрады, ал бірақ көлемді мәліметтері бар және жиі қаралатын сайттар құрамында жүздеген парақтар бола береді.
Web адрестері туралы. Қазіргі кезде әлемде 20 миллиондай Web серверлерде орналасқан 10 миллиардтан астам Web- парақтар бар, олардың саны күннен күнге өсіп жатыр. Оларды бір бірінен ажыратып, керек кезінде тауып алу үшін әрбір Web-параққа латын әріптерімен, цифрлардан және де басқа арнайы символдардаң тұратын, қайталанбас бірегей адрес тағайындалады.
Web - парақ адресі бірнеше бөліктен тұрады: хаттама (протокол - http:) атауы, осы парақ орналасқан Web - сервер адресі, оған баратын жол тізбегі және файл аты. Web - сервер адресі WWW символдарынан басталатын, бір-бірімен бөлінген сөз тіркестерінен тұрады. Web - парақ адресі Web- сервер адресінен қиғаш сызық арқылы бөлініп тұрады да, ол сервердегі парақтар иерархиясымен анықталады. Адрестерде нақты адрес жазылмауы да мүмкін. Көбінесе Web-сайттың жалпы адресі ғана жазылады. Мысалы, http: www.Website.kz. Web- сервер адресінде файл аты көрсетілмесе де, ол бір парақты көрсетеді. Ол парақ сайттың ең басты парағы болып саналады да, оны көбінесе индекс деп атайды (оның алғашқы файлының әдеттегі атауы - index.htm,index.htm,index.php, т.с.с.). WWW ортасындағы барлық адрестер http: символдарынан басталады, бірақ адресті тергенде , оны енгізбей-ақ,WWW.site.kz. деп енгізуге болады. Тек WWW символдары жоқ адрестер енгізілгенде ғана оларды толық теру керек. (мысалы, http: encycl.yandex.ru).
Web-парақты тексеріп тестіден өткізу. Серверге өз Web - парақтарыңызды орналастыру алдында оларды тест арқылы тексеріп алған жөн. Жасалған құжат алғашқы тексеруді, яғни "жергілікті тексеруді" өз қатты дискіңіздің аумағында өтуі тиіс. Тексеру кезінде әр түрлі браузерлерді пайдаланған абзал. Олардың бір-бірінен айырмашылығы әжептәуір болуы ықтимал.
Web - құжатты тексеруден өткізу кезінде мынадай жайттар есте болсын:
1) Қателерін тексеру. Мәтіннің жазылуын автоматты тексеру арқылы толық қарап шығуы керек (ол үшін Microsoft Word редакторын пайдалануға болады, қазақша мәтінді тексеретін мүмкіндіктер де бар ) немесе басқа қатесін тексеріп қарап шығуға шақырыңыздар;
2) Навигацияны (ауысуларды) тексеру. Әрбір парақта басқа құжаттарға, парақтарға ауысу мүмкіндіктері болуы тиіс, солардың дұрыс жұмыс істейтініне көз жеткізіңіздер;
3) Сыртқы файлдармен қатынасу тәсілдерінің дұрыстығын тексеру. Выясните, размещены ли Графикалық, дыбыстық және бейне файлдарының өз орындарында тұрғанын қарап шыққан абзал, олардың сол орындарынан дұрыс жүктелетіндігіне көз жеткізіңіздер (файлдар адрестері дұрыс жазылуы тиіс). Графикалық мүмкіндігі жоқ браузерлерге арналған ауыспалы мәтіндік хабарламалардың бар екенін қарап шыққан артық болмайды;
4) Құжаттың жүктелу уақытының шамадан тыс ұзақ болмағанына көз жеткізіңіздер;
5) Басқа кісілердің сіздер жасаған Web-парақтарды қарап шығуын қамтамасыз етіңіздер. Сіздің құжатыңызбен таныс емес адамдардың парақтарыңызды бастан аяқ тексеріп шығуын өтіну керек. Кейде өздеріңіз ешқашан да таба алмайтын қателерді сыртқы көз жылдам байқайды.
Web жүйесімен қатынас құру тәсілі. Web - жүйесімен жұмыс істеудің бірнеше тәсілі бар. UNIX операциялық ортасында сервистік қызмет көрсететін, компания жасап қойған, арнайы команда арқылы WWW браузермен оңай байланысу жолы бар. Оны іске қосу үшін www немесе linx сөздерін енгізу керек.
Егер тұрақты қызмет атқару қажет болса немесе тікелей теру арқылы байланыс орнату керек болып жатса, өз WWW браузеріңізді пайдалану мүмкіндігі де бар. Егер кейбір себептермен сіз Internet Explorer - мен жұмыс істегіңіз келмесе, онда Netscape Navigator браузеріне немесе басқасына оңай ауыса аласыз және олардағы жалпы жұмыс істеу ережелері бір- біріне ұқсас болады.
Internet Explorer аспаптар тақтасы. Көрсеткі аспаптар тақтасы - желі мәліметтерімен жұмыс жасауға арналғандықтан, оның айырмашылықтары болуы да заңды құбылыс. Дегенмен, егер көтсеткі ортасында жергілікті жаңа бума ашылса, онда оның аспаптар тақтасы сілтеуіш бағдарламасымен бірдей болады.
Көрсеткі аспаптар тақтасы бірінші тобы - басқа парақтарға ауысу ісін басқарады. Олар келесі не алдыңғы Web - парақтарына көшуді, парақ мәліметтерін жүктеуді тоқтату немесе ондағы мәліметтерді жаңарту жұмыстарын орындайды. Бұл батырмаға Ауысу меню командалары сәйкес келеді., ал оның Тоқтату, Жаңалау командалары Түр менюінен алынған.
Internet Explorer терезесінің аспаптар тақтасы батырмаларының екінші тобы көрсеткінің арнайы тақтасын ашады, олар сілтеуіштің сол жақ терезесі ролін атқарады. Бұл - тақта Интернетте мәліметті іздеуге таңдап алынған Web - парақтарын экранға шығаруды, бұрынғы қарастырылған парақтарға оралуды қамтамасыз етеді.
Көрсеткі батырмаларының соңғы тобын - арнайы қызмет ету функцияларын орындау үшін қолданылады. Олар Түр - Толық экранды режимге көшу, электрондық пошта арқылы хабар жөнелту, қаріп түрлерін алмастыру, Web - парағын қағазға шығаруды және экрандағы мәтінді Web ішкі редакторы көмегімен түзету тәрізді жұмыстарды атқара алады.

1.2 PHP тілінің шығу тарихы

20ғ. 60 жылдарында IBM компаниясы құжаттарды әр түрлі платформалар мен операциялық жүйелер арасында тасымалдаумен айналыса бастады. Олардың жұмысының нәтижесі GML (GENERAL MARKUP LANGUAGE)- жалпы белгілеу тілі болып табылды. Бұл тіл 80 ж кеңейтіліп халықаралық ұйым стандартынан өтіп, SGML (Стандартты жалпы белгілеу) тіліне айналды.. Көптеген мыңдаған құжаттарға қатынауды жеңілдету үшін тәуелсіз түрде жұмыс істей алатын әрі қарапайым әмбебап жүйе қажет болды. 80 ж басында бұл іспен Тим Бернерс-Ли айналысты. Барлық компьютерлерде барлық құжаттар бірдей орындалатындай белгілеу тілдерін өңдей бастады. Жаңа тілдің аты гипермәтінмен жұмыстың тәсілдерін қарастыратын PHP (Гипермәтінді белгілеу) тілі деп аталды.
Гипермәтін-мәтінді, графиканы және басқа да мәліметтерді ұйымдастырудың тәсілі. Бұл термин интернеттің пайда болуынан бірсыпыра уақыт бұрын Ваневар Бум, Тед Нельсондармен ойластырып табылған. 1989 жылы Бернерс-Ли құжаттардың өрмегі тәрізді сілтемелермен байланысқан ақпараттық жүйені өңдеуді ұсынған. Бірақ бұл өте баяу дамыды. Сонда Бернерс-Ли HTTP ( Гипермәтінді тасымалдау хаттамасы) деп аталатын хаттама ойлап тапты. Бұнда серверлер әртүрлі құжаттармен алмаса алатын болды және WEB серверлермен браузерлердің алғашқы бағдарламасын жазды. 1991 жылдан бастап алғашқы WEB тораптар құрыла бастады.
WWW немесе WEB-бұл интернетте тасымалдау каналдары ретінде қолданылатын гипермәтіндік ақпараттарды тарататын ауқымды жүйе. Сонымен PHP тілін (гипермәтінді бейнелеу тілін) 1989 жылы Бернерс-Ли құрады.
Интернеттің бар мәліметтерінің, яғни барлық Web - парақтарының бір ортақ қасиеті - олардың барлығы да PHP тілінде жазылған. PHP тілінде Web - парақтар жасау программалауға ұқсас болғанмен, ол қарапайым программалау тілі емес. PHP - гипермәтінді белгілеу тілі. Ол кәдімгі мәтіндерді Web - парақтар түрінде бейнелеуге арналған ережелер жиынын анықтайды.
PHP тілі World Wide Web қызмет бабымен бірге дами отырып, Web - парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану жолдарымен толықтырылып отырылды. Ол World Wide Web жүйесінің негізі болып отырып, оның өте кең тарауына себепші болды. World Wide Web сөзі қазақ тіліне кеңейтілген бүкіл әлемдік өрмек болып аударылады. PHP тілінің мағынасы мен атқаратын қызметін оның атынан анықтауға болады.

1.3 PHP тілінің негізгі ұғымдары

Гипермәтін - қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код, яғни екпінді элемент (anchor) орналасқан мәтін. Ол мәтін ішіне сурет, дыбыс енгізу, мәтінді безендіру, пішімдеу (форматтау) ісін орындайтын немесе осы құжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын белгіленген сөз. Сөзді ерекшелеп белгілеу дегеніміз - келесі көрсетілетін құжат бөлігі қалай бейнеленетінін анықтайтын айырықша кодты осы сөз ішіне енгізу. Гипермәтінді бейнелеу үшін браузер (browsers) деп аталатын арайы көрсету программалары қолданылады. Гипермәтін экранда белгіленген қарапайым сөз ретінде тұрады, егер курсорды сол сөзге жеткізіп, тышқанды шертсек (ENTER пернесін бассақ), онда сонымен байланысты (ол сілтеп тұрған) басқа құжатты оқимыз. Ол құжаттар мәліметтер ішіндегі басқа парақтарда немесе Web жүйесіндегі басқа тораптарда орналасып, бейнежазба, сурет, жазылған дыбыс күйінде болуы мүмкін.
Сонымен, мәтіндерді осылай байланыстыра отырып белгілейтін мүмкіндіктер беретін PHP тілі. Оның дұрыс нәтиже алуды қамтамасыз ететін өз заңдылықтары мен ережелері бар.
PHP тілінің бастапқы мәтінді белгілейтін командалары белгі немесе тэг (tag) деп аталады. Тэг символдар тізбігінен тұрады. Барлық тэг кіші () символынан басталады да, үлкен () символымен аяқталады. Осындай қос символ тізбегі бұрыштық жақшалар деп те аталады. Ашылатын бұрыштық жақшадан соң команда аты болып табылатын түйінді сөз - тэг орналасады.
PHP тіліндегі әрбір тэг бір арнаулы қызмет атқарады. Олардың жазылуында әріптер регитрі ешбір рөл атқармайды, бас әріпті де, кіші әріптерді де қатар қолдана беруге рұқсат етілген. Бірақ тэг атауларын жай мәтіннен айыру мақсатында оларды бас әріппен жазу қалыптасқан.
PHP тілінің бір тэгі әдетте құжаттың белгілі бір бөлігіне, мысалы бір абзацқа ғана, әсер етеді. Осыған орай екі тэг қатар қолданылады: бірі - ашады, екіншісі - жабады. Ашатын тэг белгілі бір әсер ету ісін бастайды, ал жабатын тэг - сол әсерді аяқтайды. Жабу тэгтері қиғаш сызық символымен () басталуы тиіс.
Кейбір тэгтер өз жазылу орнына қарай тек бір ғана әсерін тигізеді. Мұндайда жабу тэгі қажет болмай қалады да, ол жазылмайды. Егер тэг ретінде PHP тілінде қолданылмайтын түйінді сөз жазылып кетсе, онда оның ешбір әсері болмайды.
Браузер арқылы құжат экранда көрсетілген шақта тэгтердің өздері бейнеленбей, тек олардың құжат мәтініне тигізетін әсері ғана білініп тұрады.
PHP құжатында абзацты, тақырып, сілтеме, кесте, тізім, суреттерді және тағы басқа бейнелейтін элеметтері болады.
Элемент-бұл тегтердің жұбы және олардың символдық мәліметтер (мәтін немесе код) арасында орналасқан. Элемент үш компоненттен тұрады: 1-ашу тегі, 2-арасындағы мәлімет және 3-жабу тегі. Кейбір кезде соңғысы болмайды әсіресе жалғыз тегтерде жабу тегі болмайды. Элеметтерге мысалы: TITLE және TITLE- құжаттың атын білдіретін элемент P-абзацты білдіретін элемент.
Жоғарыдағы TITLE-тег, TITLE-жабу тегі.
Құрылымдық-элементтер класификациясы: құжатты құруға міндетті элементтер (мысалы: PHP, HEAD, Body, TITLE)
Блоктық - бүтін мәтіндік блокты құру үшін арналған элементтер:
(BLOCKQUOTE, DIV, H1, H2, H3, H4, H5, H6, P, PRE)
Мәтіндік- бүтін мәтіндік блокты құру үшін арналған элементтер (EM, STRONG, DFN, CODE, SAMP, KBD, VAR, CITE, ABBR, ACRONYM) шрифті белгілеу (I, B, U, TT, BIG, SMALL, SUB, SUP)
Арнайы - бос жолды (BR, HR, NOBR), ядролық элемент А, форма элементі (INPUT, SELECT, TEXTAREA, TABLE)

1.4 Мәтінді безендіру

Жолдарды бөлу (BR және NOBR)
Абзацтарды туралау (align атрибуты )
P align="right" мәтін P
P align="center" мәтін P
P align="left" мәтін P
Горизонталь жол қою (HR) align атрибуты арқылы туралауға болады .
Right , center, left HR align="center"
Width атрибуты арқылы енін беруге болады. Мысалы: HR width=25 ені 25 пиксель көлденең жолдың қалыңдығы size (1 ден 175 дейін) жолдың түсі color атрибуты арқылы берілeді.
HR color="red"
Шрифтармен жұмыс
BB- қою
II- курсив
U...U- асты сызылған шрифт.
Font элементі жән оның атрибуттары.
Шрифтінің құрамы көбінде Font элементімен беріледі.
Size- өлшемі (1-7)
Color- түсі
Face- қаріптің гарнитурасы
Егер 16 пунттен тұратын қызыл Arial қарпімен берілген мәтінді жазу керек болса, келесі қолданылады:
Font face="Arial" size=16pt color=red мәтін Font
Фонның түсін беретін тэг BODY тэгінің bdcolor атрибутымен беріледі.
Егер көк түсті мәтін жазу керек бoлса, BODY text="blue" қолданылады.
Маркерленген тізім (Ul элементі).
Мысалы.
BODY
UL
LI жаңалық
LI спорт
UL
body
Егер меркерленген тізімнің атрибуты берілмесе, ол қара дөңгелек болады. Type атрибуты арқылы өзгертуге болады.
LI type =square жаңалық
LI type =circle спорт
Нөмірленген тізім (OL элементі).
BODY
OL
H2 тізім H2
LI спорт
LI жаңалық
LI қаржы
OL
BODY
H2 тегі OL тегіне кіріп тұратын бұл сөйлем сол жақтан тураланып тұр.
Type=1
Type=A
Type=a
Type=I
Type=i
101-ден басталса 102, 103
OL type=A start=5; болса E әрпінен LI тегіне value атрибутына (2,3,...) мәндерін беру арқылы тізім ішіндегі нөмірлеуді өзгертуге болады.
Сілтемелерді құру (A элементі).
Қарапайым сілтеме келесі түрде құрылады:
A href=" көшу адресі"
Сілтеме мәтіні
A
Мысалы:
A href ="review.PHP" шолу A
Шолу сөзіне шерткенде review.PHP құжатына көшеді. Басқа торапқа көшу үшін BASE тегі қолданылады:
BASE href="http: имя сервера имя каталога " жазылады және де қандай да бір файлға сілтеме A тегі арқылы жүзеге асырылады.
A href =" файл аты" гиперсілтеме мәтіні A сілтемелерді безендіру үшін style атрибуттары қолданылады, келесі түрде жазылады: A href="# 5-бөлім "
Style ="font - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі WEB технологиялар
Интернеттен ақпарат iздеу
Іnternet туралы
Іnternet ұғымы. Интернет желісінің құрылымы
Интернет + компьютер
World Wіde Web туралы ақпарат
HTML тілінің негізгі тегтерінің кестесі
World Wide Web және HTML
Internet ұғымы. Гипермәтін, гиперорта
Internet-тің қызмет баптары
Пәндер