Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдірудің нарықтық механизмдері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 137 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетi

ӘОЖ: 331. 883 4 (5845) Қолжазба құқығында

КӨЛБАЕВА МЕРУЕРТ АМАНКЕЛДІҚЫЗЫ

Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдірудің нарықтық механизмдері

08. 00. 05-Экономика және халық шаруашылығын басқару

(салалар мен қызмет сфералары бойынша)

Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекшісі:

экономика ғылымдарының докторы,

профессор Исабеков Бауржан Нарзуллаұлы

Қазақстан Республикасы

Түркiстан, 2009

Мазмұны
Мазмұны:

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕРДІҢ ЖӘНЕ ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕРДІҢ

ТІЗІМІ

: 3
Мазмұны: Кіріспе
: 4
Мазмұны: 1 Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін қалыптастыру мен дамытудың ілімдік және ғылыми негіздері
:
Мазмұны: 1. 1 Инновациялық кәсіпкерліктің мәні, негізгі элементтері және оны ұйымдастыру түрлері
: 8
Мазмұны: 1. 2 Қазақстан экономикасындағы кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін дамытудың қажеттілігі мен ерекшеліктері
: 44
Мазмұны: 1. 3 Кәсіпкерліктің инновациялық іс-әрекеттерін мемлекеттік реттеу механизмдерінің тенденциялары мен тұжырымдамалары
: 53
Мазмұны:
:
Мазмұны: 2 инновациялық кәсіпкерліктің түрлерінің ұйымдастыру-экономикалық жағдайын талдау
:
Мазмұны: 2. 1 Қоғам мен бизнестің дамуындағы инновациялық кәсіпкерліктің әлуеті мен жағдайы
: 64
Мазмұны: 2. 2 Инновациялық кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың тиімділігін бағалау және көрсеткіштерін экономикалық талдау
: 82
Мазмұны: 2. 3 Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерінің дамуын талдау
: 88
Мазмұны:
:
Мазмұны: 3 Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін дамыту және жетілдірудің негізгі бағыттары
:
Мазмұны: 3. 1 Венчурлық, концессиялық, лизингттік және франчайзингілік бизнестерді қалыптастыру және дамыту бойынша механизмдерді жетілдіру
: 103
Мазмұны: 3. 2 Инновациялық іс-әрекетті ұйымдастыру және басқаруды жүзеге асыру
: 115
Мазмұны: 3. 3 Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін дамытуда Кентау Трансформатор зауытының пайдалылық деңгейін болжау
: 129
Мазмұны: Қорытынды
: 129
Мазмұны: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
: 132
Мазмұны:
:

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕРДІҢ ЖӘНЕ ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕРДІҢ ТІЗІМІ

ҚР - Қазақстан Республикасы

ХСҰ - Халықаралық стандарт ұйымы

ДСҰ - Дүниежүзлік сауда ұйымы

ЖҚҚ - Жалпы қосымша құн

ЕО - Еуропалық Одақ

ҒЗЖ - Ғылыми-зерттеу жұмыстары

ҒТБ - Ғылыми-техникалық бағдарлама

РФ - Ресей Федерациясы

ОЭК - Отын энергетикалық кешені

ҚазМемТТАИ - Қазақстан мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпараттық институты

АТП - Ақпараттық технологиялар паркі

ҒЗТКЖҚ - Ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстардың қызметтері

КТҚС - Каспий теңізінің Қазақстандық секторы

ҒТП - Ғылыми-техникалық прогресс

ИП - Инновациялық процесс

ҒЗТКЖ - Ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар

ҒТР - Ғылыми-техникалық революция

ЖІӨ - Жалпы ішкі өнім

ТМД - Тәуелсіз мемлекеттер достығы

ҰИЖ - Ұлттық инновациялық жүйе

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Индустриалдық дамыған елдерде экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен инновациялық іс-әрекеттерді жандардыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінеді. Бұл сонымен қатар, кез-келген елдегі инновациялық белсенділіктің босағалық мағынадан төмендеу фактісі ұлттық қауіпсіздіктің маңызды қауіпі ретінде түсіндіріледі.

Қазіргі кездегі дағдарыс процестерімен күшейген нарықтық реформалардың есептік қателіктері инновациялық дамуға жаңа көзқарас қалыптастыруда. Қазіргі уақытта қалыптасқан жағдай түсінушіліктің төмен деңгейімен және жаңа технологияларды, қазіргі заманғы техника мен материалдарды және отандық кәсіпорындардағы ғылым мен техниканың басқа жетістіктерін меңгерумен сипатталады. Мұндай жағдайлардың себептері келешектегі дамулардың стратегиялық міндеттеріне инновациялық өрістің барабар емес реформалануы ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТЖК) қаржылаудың елеусіз көлемдері, кәсіпорынның инновациялық енжарлығы, олардың күрделі қаржылық жағдайлары болып табылады.

Ғылыми-техникалық өнімге экономиканың мемлекеттік емес секторының кәсіпорындары жағынан да, мемлекеттік секторының кәсіпорындары жағынан да сұраныстың болмауы ҒЗТЖК қысқаруына, ғылыми-техникалық потенциалдың қысқаруына, салалық комплекстерде, ойлап тапқыштық және рациональдық іс-әрекеттердің қысқаруына әкеліп соқтырады. Инновациялық белсенділікке кедергі келтіретін себептердің қатарына - бюджет тапшылығына және инновациялық жұмыстарды қаржылау үшін қаражаттың жоқтығына байланысты мемлекеттің инновациялық іс-әрекеттер өрісінен іс жүзінде кетуі, «қымбаттығына» байланысты несиелік нарық қорларының өндірушілер үшін қол жетпестігі, инновациялық жобаларға инвестициялаулардың жоғары тәуекелдері.

ҚР экономикасының өзгеру жағдайларында инновациялық процестерді басқаруды зерттеу, инновациялық іс-әрекеттер мазмұнына талдау жасау, тәжірибелік сипаттағы нақтылы әдістемелер мен сыпаттамаларды жасап шығару әсіресе маңызды болып табылады. Инновациялық іс-әрекеттерді қалыптастырудың өз жаралу кезеңдері бар, күрделі ұйымдастырушылық-экономикалық жұмыс істеу формалары, ерекше индикаторлар, реттеуші тетіктер. Инновациялық іс-әрекеттердің теориялық және методологиялық негіздері экономикалық қатынастардың шындығында жаңа типтері бола тұрып, нарық жағдайларында енді зерттеле бастайды және тереңдете зерттеуді қажет етеді.

Бұл мәселенің күрделілігі мен көп қырлылығының ішкі құрылымның біршама жеткіліксіз зерттелумен ғана емес, сонымен қатар көптеген теориялық және тәжірибелік жағдайларға көпшілік таныған амалдың жоқтығымен де қамтамасыз етілген, бұл инновациялық процестің тиімді ұйымдастырушылық-экономикалық механизмін қалыптастыру мен қолдануда елеулі кедергі болып табылады.

Мәселенің зерттелу деңгейі. Әртүрлі ғалымдар, негізінен шетелдік ғалымдар: Н. Леончев, И. Перлаки, В. Д. Хартман, Э. Мэнсфилд, Р. Фостер, Б. Твисс, И. Шумпетер, Э. Роджерем, Ф. Никсон, Б. Санто және басқалары инновация ұғымын өздерінің зерттеу объектілері мен заттарына байланысты қолданған.

И. Шумпетер тұтас инновациялық теорияны дамытуға мүмкіндік берді, оның принципиалдық жағдайы 1970 жылдың басында 1980 жылдың аяғында Г. Менш, Х. Фримен, Р. Кумбс сияқты Батыс еуропалық зерттеушілердің жұмыстарында бұдан былай дамыған инновациялық концепциялардың негізі болды.

Инновацияның қазіргі заманғы теориясы үшін ХХ ғасырдың басқа ұлы экономисті Ф. Хайсктің идеясы өте маңызды. Ол алғашқылардың бірі болып экономикалық дамудың өзгеше ерекшеліктерін талдап шықты - мәліметтер шектеулілігі, белгісіздік, білімнің жетілмегендігі, яғни инновациялық процестерді құраушы жағдайларды қарастырды.

Инновация ұғымы зерттеушілердің ресей ғалымдарының Н. И. Лапин, Д. В. Соколов, А. Б. Титов, М. М. Шабанованың жұмыстарында принципиалды жаңа немесе модификацияланған жаңалықтарды жасау мен меңгерудің қорытынды нәтижелері инновация болып танылады.

Қазақстандық ғалым-экономист ішінде Д. Муканов, Т. Исахметов, А. Кажмухаметова, Г. Куатбаева, Д. Раисов, К. Нургалиев, Т. Нуркиянова, Н. Урузбаева, К. Айтекенов, А. Исекешев, Е. Орынбаев, Б. Н. Исабеков, С. Т. Купешова, Х. Қалқымаұлы, А. Акчурин, М. Ш. Даржанова, Э. Б. Икматова, Е. Қ. Қалдыкөзова, А. Кажымурат, А. Кравцов, Ж. Байкенова, А. К. Туленбаев, Б. Иманбекова, Г. Т. Мустапаев, А. С. Садыков еңбектерінде кәсіпкерліктің инновациялық даму мәселелері кеңінен талданады.

С. Б. Абдигаппарова өзінің «Қазақстанның инновациялық потенциалы: активтендіру механизміндері» монографиясында инновацияны анықтаудың көптеген варианттарын, әр түрлі ғалым-экономисттердің инновациялық процестерінің әр түрлі варианттарын береді, бұларда мәселелерді қараудың әр түрлі амалдары бақыланады, әр түрлі, кейде тікелей қарама-қарсы көзқарастар айтылады. Алайда барлық авторларды ортақ бір нәрсе біріктіреді - жаңа енгізу ең алдымен қоғам қажеттіктерінің және оны дамыту жағдайларының қайталанушы, тұрақты типтік реакциясын жасаумен байланысты. Бұл қажеттіктер әр түрлі әлеуметтік-экономикалық деңгейдегі елдерде түрліше қабылданады және жүзеге асырылады және инновациялық іс-әрекетті құқықтық реттеу институттарының жүйесі арқылы жаңадан өндіріледі. Әр түрлі әлеуметтік-экономикалық деңгейдегі елдердің өкілдері болып табылатын авторларды мемлекеттің функционалдық рөлінің жоқтығы біріктіреді, олармен ұсынылған анықтамаларда инновациялық процестерге мемлекеттік әсер ету шаралары олар бөлінбеген және атап көрсетілмеген.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негіздері. Диссертациялық жұмысты жазу барысында қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаулары, Парламенттің және Министрлер Кабинетінің басқа да нормативтік құжаттары, стратегиялары және бағдарламалары әдістемелік негіз болды.

Диссертациялық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты ­ Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдірудің нарықтық механизмдерін дамуы мен тиімді қызмет атқаруын қалыптастыруда теориялық-әдістемелік және тәжірибелік негізін тұжырымдау.

Аталған мақсатқа сай мына төмендегі міндеттерді шешуді қажет етеді:

  • кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін қалыптастыру мен дамытуды ілімдік негіздеу және объективті қажеттілігінің пайда болуының алғы шарттарын зерттеу;
  • Қазақстан Республикасында қалыптасқан инновациялық кәсіпкерліктің даму тенденциясын анықтау және бағалау;
  • Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдірудің нарықтық механизмдерін дамытудың мүмкіндіктерін талдау;
  • Индустриялық­инновациялық стратегияны жүзеге асыру үшін кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін қаржыландыру және қорландыру көздерін талдау;
  • кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдіру үшін маңызды инфрақұрылымды қалыптастыру бойынша іс­шаралар жиынтығын негіздеу.

Диссертациялық зерттеу нысаны Қазақстан Республикасының инновациялық кәсіпкерлікті қаржыландыру тетіктері, венчурлық, лизингтік және франчайзингтік компаниялардың мүмкіндіктері болып табылады.

Зерттеу пәні Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму тенденциясы және оны қаржыландырудың әртүрлі тетіктері мен формаларын зерттеу болып табылады.

Зерттеу жұмысының нормативтік ­ ақпараттық базасы. Ақпараттың негізгі көздері: ҚР статистика бойынша агентігінің мәліметтері және нормативтік ­анықтамалық материалдары, Министірліктер мен ведомствалардың веб парақшалары.

Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жүргізілген зерттеу қорытындысында жұмыстың ғылыми жаңалығын айқындайтын мына төменгі негізгі нәтижелерге қол жеткізілді:

  • кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін қалыптастыру мен дамытуды ілімдік негіздеуі дамытылып, дағдарыс уақытында инновациялық кәсіпкерлікті дамыту маңыздылығының алғы шарттары қарастырылды;
  • Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерліктің қазіргі кездегі даму тенденциясы анықталып және даму бағыттары мен мүмкіндіктері бағаланды;
  • Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдірудің венчурлық, концессилық, лизингтік және франчайзингтік негіздегі нарықтық механизмдері арқылы дамытудың мүмкіндіктері талданды;
  • Индустриялық­инновациялық стратегияны жүзеге асыру үшін кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін қаржыландыру және қорландыруда мемлекеттік және жеке қаржылық мүмкіндіктерді бірлікте қолдану арқылы инновациялық тәуекелділік деңгейін төмендетудің бағалау жүйесі ұсынылды;
  • кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдіру үшін маңызды инфрақұрылымды қалыптастыруда мемлекеттің ролі негізделді.

Қорғауға ұсынылған негізгі ғылыми нәтижелер:

  • кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдіруде венчурлық, концессиялық, лизингтік және франчайзингтік негіздегі нарықтық механизмдерді қолдану тетіктері дайындалды;
  • кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін қаржыландыру және қорландыруда мемлекеттік және жеке қаржылық мүмкіндіктерді бірлікте қолдану арқылы инновациялық тәуекелділік деңгейін төмендетудің бағалау жүйесі ұсынылды;
  • инновациялық кәсіпкерліктің қазіргі кездегі даму тенденциясы анықталды және болжамы жасалынды.

Жұмыстың тәжірибелік маңызы. Жүргізілген зерттеулер Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдіру ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижесінде алынған қорытындылар кәсіпорындарда инновациялық мүмкіндіктерді енгізуге пайдалану арқылы іс-тәжірибесінде қолданыла алады.

Зерттеу нәтижелерін апробациялау бірнеше халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен жорналдарда жүргізілді: «Концессиялық бизнестің қажеттілігі және оны пайдаланудың негізгі шарты» (Түркістан 2008), «Қазақстанда франчайзингті қалыптастыру және даму мүмкіншіліктері» (Түркістан 2008), «Индустрия өндірістік интенсивті дамытудың инновациялық тетіктері» (Алматы 2008), «Лизинг және лизингілік операциялар түрлері» (Шымкент 2008), «Экономикалық дағдарыс және оны шешу жолдары» (Алматы 2008) .

Диссертация материалдары «Кентау трансформатор зауыты» Акционерлік қоғамында, Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ­Түрік Университетінің факультеттеріндегі оқу процессінде пайдаланылуда. Диссертацияда қарастырылатын негізгі мәселелер, шешімдер мен ұсыныстар автордың мақалаларында көрініс тапқан.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс 139 бетте мазмұндалған кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және 19 кесте мен 3 суреттен тұрады.

1 Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін қалыптастыру мен дамытудың ілімдік және ғылыми негіздері

1. 1 Инновациялық кәсіпкерліктің мәні, негізгі элементтері және оны ұйымдастыру түрлері

«Инновация» ағылшын тілінен аударғанда - жаңалык енгізу, жаңашылдық деген ұғымды білдіреді. Яғни, жаңа өндірістік үрдісті, өнімді немесе қызметті игеру, әйтпесе жаңалықты инвестициялау деген ұғымды білдіреді. Ал, бұл термин латын тілінде жаңару, өзгеру сөздерімен баламаланып, бұдан бұрын болмаған жаңалық, қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандырудың жаңа әдісі деген түсінікті ұғындырады.

Белгілі американдық және англиялық ғалым-экономистер С. Уайетт, С. Глеизер, Э. Дж. Хэкинг және медициналық биотехнология саласының американдық мамандары капиталистік құрылымдық өзгерістерді ғылым мен технологияның инновациялық процеске қосқан үлесінің өсуі, инновацияның өндірістің ең үш жаңа ортада - микроэлектроникада және ақпараттық жүйелер, гендік инженерия және биотехнологияда жаңа материалдарды пайдалануда, біртұтастанудың және де ғылыми парктер жүйесінің кеңеюінің нәтижесі деп есептейді. Бұл көзқарас экономикалық прогрестi, соның ішінде, инвестициялық белсенділіктің өзгеруі және ресурстарды салалар арасындағы технологиялық тасқынның бағыттарын, инновациялық процестегі даму бағыттарын т. б жан-жақты зерттеуге мүмкіндік берді. С. Уайеттің айтуынша, кейбір экономистер көрсетілген үш ортадағы жетістіктерді микроэлектрониканың тарауына негізделген экономикалық белсенділіктің жаңа ұзақ мерзімдік циклінің элементi деп түсіндіреді. Бұл цикл ұзақ бола ма, жоқ па, әйтеуір, инновацияның біртұтастығы, олардың өзара әрекеттестігінен туындаған «синергиялық нәтиже» сияқты айқын факт деп танылады. Дж. К. Гэлбрейт “технологияны ғылыми және де басқа ұйымдастырылған білімдерді тәжірибе жүзіндегі міндеттерді жүйелі түрде іске асыру”-деп түсіндіреді [1] . Ғылым мен технологияның арақатынасы уақыт және салалар бойынша өзгеріп отырады. «Инновация» түсінігіне оны іске асырудың барлық сатыларын - зерттеу, дайындау, өндіріс және маркетингке ендіру мақұлданған И. Шумпетердің көзқарасы бойынша, инновацияның батыл толқындары ескі салаларды шайып кетеді, экономиканың жаңашылдары көбіне өмірмен келеді. Ол техникалық прогрестің жеделдету сипатын тірек етті, ал көптеген экономистер оның эволюциялық сипатына ерекше көңіл аударды.

Өткен ғасырдың 80-ші жылдарына дейін шағын фирмалардың үлесіне елеулі инновациялардың аз бөлігі тиетін. 80-ші жылдары шағын ең жаңа технологиялық фирмалардың санының көбеюіне байланысты олардың инновациялық үлесі де өсті.

Шағын ең жаңа технологиялық фирмалары дамыған жаңа салалар экономикадағы құрылымдық қозғалыстарды және жоғарғы дайындықты мамандарға сұраныстың өсуін қамтамасыз етті. Оларды жұмысшылармен және кәсіпкерлермен қамтамасыз етуде университеттер негізгі рөл атқарады. Уақыт оларды өнеркәсіп пен нарықтың сұранысына сай қайта құруды талап етті. Ғылыми парктердің құрылуы, осы қайта құрудың нақты дәлелі. Өңдеуші өнеркәсіптің ең жаңа (таза) сыйымдылықты өндірісінде инновация көп болғандықтан, фирманың жетістігінің шешуші факторы болып, оның көлемі емес, осы сияқты дамыған өндірістің құрамы болып табылады. Ең жаңа технологиялық фирмалардың болашағы зор, олар жұмыспен қамтамасыз етудің тез өсуіне бейімделген және де мұнда еңбектің сапалық сипаты жоғары.

Американдық жетекші ғылыми парктерді немесе инновациялық орталықтарды құруда жеке фирмалар белсенді рөль атқарған: Бостонда -«Диджитя эжвиплент», Станфорде - «Хьюлетті-Паккард» екі он жылдықта ipi халықаралық корпорация дәрежесіне дейін көтерілді. Пало Альтоның дамуында «Фэйрчайлд», Миннеаполистің - Контрол (дейта), Хьюстонның -«Тексас инструменте» шешуші рөл атқарды.

АҚШ-тың инновациялық орталықтары алғашқы кезде Ұлттық ғылыми қормен қаржыландырылды. Олар нақты зерттеу институттары мен олардың зерттеу бағдарламасына бекінді. Жалпы елде жоғарғы технология барлық деңгейде қолдау тапты. Бұл жағдай космостық және әскери ортаға мүдделікпен бірге, кәсіпкерлік пен шағын бизнеске берілген мүдделікті көрсетеді [2, 3] .

Егер біздің индустриялық - инновациялық бағдарламаға келетін болсақ, онда ол негізінен жалпы экономикалық өсуге бейімделген. Бағдарламаның мәні - мемлекеттің белсенді көмек көрсетуі арқылы жоғарғы қосымша құнды өнім өндіру және шетелге шығару, бәсекелестік қабілеті бар бейтараптандырылған өнеркәсіп құру және ұзақ мерзімдік жағдайда сервистік-технологиялық экономикаға көшудің алғы шарттарын дайындау арқылы тұрақты экономикалық дамуды қалыптастыру. Бағдарламалық міндеттердің қатарына өндіруші өнеркәсіптің жылдық орташа өсуінің 8, 4 пайыздан кем болмауын, ал аяқталу кезеңінде еңбек өнімділігін үш еседен кем емес, ішкі жалпы өнімнің энергиялық сыйымдылығын екі есеге кемітудi қамтамасыз ету жатады. Бұл үшін ішкі және сыртқы нарықтарда сұраныспен пайдаланатын бәсекелестік қабілетті өнім шығаруға жеке секторды ынталандыру бағытында қаржылық институттарда қолайлы “кәсіпкерлік” климат жасау мүмкіндіктері қарастырылған. Нарықтық қатынастарға өту кезiнде экономикалық реформаны сәттi жүзеге асыру кәсiпкерлiктi жан-жақты дамытуды ұйғарады, ол Қазақстанның 2030 стратегиясынан шығатын әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi шешуде басты рөл ойнайды. Яғни кәсiпкерлiк мәселелерiн тиiмдi жүргiзу экономиканы тұрақты дамытудың басты бағыты болып табылады. Ғылыми сыйымдылықты және жоғары технологиялық қабiлеттегi шет ел үшiн өнім шығаруға бағытталған өндіріс, елдің шет елге шығару потенциалын жоғарғы қосымша құнды тауар мен қызметтің пайдасына қарай бейтараптандыру, сапаның дүниежүзілік стандартына көшу, дүниежүзілік ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қатыса отырып аймақтық экономика және дүниежүзілік шаруашылық жүйеге қосылу.

Бағдарламаны үш кезеңде іске асыру көзделген болатын. 2003-2005 жылдарға созылатын бірінші кезеңде заңдар жиынтығы мен салалық даму бағдарламаларына өзгерістер енгізу, ғылым мен білімді қаржыландыру көлемін анықтау және жоғары дәрежедегі мамандар дайындау, бәсекелестік өнім шығаратын біртұтас өндіріс жүйесін құруға бағытталған жобаларға мемлекеттің қатысуына мүмкіндік жасайтын даму институттарын құру жоспарланған. Әр түрлі салалардағы шешуші кәсіпорындарды сүйемелдей отырып, дүниежүзілік рыноктарға шығаруға мүмкіндігі бар жоғары қосымша құнды өнім өндіруді көтермелеу.

2005-2010-шы жылдардағы екінші кезеңде жеке сектордың ынталылығын зерттеуге, жобаларды қаржыландыра алатын инвесторлар іздеуге және де басқарушы, оқытушы, инженерлік, техникалық және жұмысшы кадрларын дайындауға көңіл бөлінеді.

2011-2015 жылдардағы үшінші негізгі кезеңде ұйымдастырушылық іс-әрекетті ретке келтіру, өңдеуші өнеркәсіптің өнімдерінің бәсекелестік қабілеттілігін күшейту арқылы құрылымын өзгерту және өнімді шетелге шығаруды бейтараптандыру ұйғарылып отыр. Осы шарттарды орындаған жағдайда отандық экономиканың өсуі жылына - 9, 5 пайыздан кем болмайтынына, өндіруші өнеркәсіптің - 8, 4 пайыздан кем емес, ішкі жалпы өнімнің 2015 жылы 2000 жылмен салыстырғанда 3, 5-3, 9 есеге ұлғаятынына сенуге болады. Алдын ала есептеулерге қарағанда қойылған міндеттерді орындау үшін айтылған салаларға жеке инвестицияларды қоса отырып, жыл сайын 1, 2 млрд, доллар инвестиция жасалуы керек. Мемлекет жағынан инвестиция көлемі жылына 260 млн. доллардан кем болмауға тиіс [4, 5] . Бұл белгіленген межелерге жету оңай емес. Дүниежүзілік тәжірибе экономиканы құрылымдық қайта құру 30 жылдай уақыт алатынын көрсетіп отыр. Егер бұл мәселелерді шешуді бүгін қолға алмасақ, болашақта оларды шешу қиындай және қымбаттай түседі.

Өнімнің әр бірлігіне капитал шығынының деңгейінің жоғары болуы ғылыми және инновациялық жобаларды өндіріске енгізуге толық көлемде қаражат тартуға мүмкіндік бермейді. Мысалы, бір долларға шаққандағы ішкі жалпы өнімге электр энергиясының шығынының деңгейі бойынша біз индустриялды дамыған елдерден 10 еседен артық артта келеміз.

Белсенділік қабілеттілікті жоғарылатудың негізгі мәселелері-менеджменттің деңгейін көтеру, еңбек өнімділігін өсіру, материалдық және энергиялық сыйымдылықты төмендету. Шикізаттық конъюнктураға тәуелділік бағытқа белсенді түрде қарсы тұра алу үшін ғылыми-инновациялық жобалардың шикізаттық бағытта емес, салаларға тартуды ынталандыратын мемлекеттік саясатты жүзеге асыру қажет. Ғылыми және өндірістік потенциалды толық іске қосу үшін бағдарламада технопарктерді (ғылыми парк, технополис деп те аталады) ұйымдастырудың іс-шаралары белгіленген.

Дамыған елдерде өткен ғасырдың екінші жартысында ғылыми парктер мәселелеріне едәуір көңіл бөлінді. Көптеген ғылыми парктерді құруға жергілікті дәне аймақтық билік орындары бастаушы болды. Оларға орталық әкімшіліктер де қолдау көрсетіп отырды. Ғылыми парктердің инфрақұрылымына инвестицияның 75 пайыздан артығын мемлекеттік сектор қаржыландыруда, соның ішінде Германияда-78, Францияда-74, Бельгияда-100, Нидерландта-70, Ұлыбританияда-62 пайыз. Ғылыми парктің жақтаушыларының пікірінше, - деп көрсетеді М. Жевре, ғылыми және техникалық кадрлардың, алдыңғы қатардағы кәсіпорындар мен лабораториялардың шектелген жер көлемінде шоғырланды, “ой өндірісін” ынталандырады, ерекше әлеуметтік климат қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Француз зерттеушісі В. Гимье, Франциядағы ғылыми парк концепциясының іс-жүзінде іске асырылу тәжірибесін зерттей келе, ғылыми парктер елдің ғылыми-техникалық және өнеркәсіптік потенциалының маңызды “даму векторына” айналды деген тұжырымға келді [1] . Мұндай құрылымдардың басты принципi - ол шектелген жер шеңберінде ғылыми орталықтың айналасында ерекше инфрақұрылым қалыптасады, - деп көрсетеді М. Кенжегузин [2] . Ол жаңа технологияны өнеркәсіпке жеткізуді қамтамасыз етеді және ғылыми сыйымдылықты, негізінен, шағын кәсіпорындарды шоғырландырады. Парктер ғылым, өндіріс және кәсіпкерлік іс-әрекетті ең жақсы түрде біріктіреді. Сондықтан да технопарктер ұлттық инновациялық жүйенің түйінi болуы тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдірудің нарықтық механизмдерін дамытудың мүмкіндіктерін талдау
Венчурлік бизнестің даму мәселелері
Инновациялық басқару және кәсіпорынның инновациялық қызметі
Кәсіпкерлік және үй экономикасы
Қазақстан кәсіпорындарындағы инновациялық даму стратегиясы және «Атырау - нан» ЖШС-нің инновациялық-инвестициялық жоба капитал салымдары мен экономикалық тиімділігін анықтау
Қазақстан Республикасының аймақтарындағы шағын кәсіпкерліктің қазіргі даму жағдайы
Шағын кәсіпкерлікке макроэкономикалық механизмдердің әсері
Инновациялық гранттардың қаражаттары
Шағын кәсіпкерлікке жалпы түсінік
ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІККЕ САЛЫҚ САЛУ ЖҮЙЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz