Құнды қағаздардың мәні



ЖОСПАР:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Құнды қағаздардың мәні, түрлері, қызметтері және пайда болу тарихы ... ..4
1.1. Бағалы қағаздардың пайда болу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Құнды қағаздардың мәні, түрлері және қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2. Қазақстандық құнды қағаздар нарығының қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.1. Бағалы қағаздар нарығының мәні, функциалары мен қатысушылары ... .16
3. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі ... 21

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
КІРІСПЕ

Бағалы қағаз - жеке-дара, сондай - ақ мемлекеттер үшін қаражат көзі болып табылады. Ал, инвесторлар пайда табамын деп ақша шығарғанымен, оны қайтарып алуына, өсім түсуіне ешкім кепілдік бере алмайды, көп ретте пайда табудың орнына тақыр жерге отырып қалуы да мүмкін. Сондықтан мұның табысынан тәуекелі басым. Әрине тәуекелге кез-келген бара бермейді, барған өкінбейді.
Түптеп келгенде, бағалы қағаз саудасынан эмитентке сауда-саттыққа араласқан басқаларға да түсер пайда көп. Тұтас алғанда бұл экономиканы көтерудің бір жолы, өйткені, бағалы қағаздан түскен қаржыны көзін тауып, өндіріске жұмсай білсе, бұдан бүкіл Қазақстан ұтады, жұмыссыздық саны азайып, халықтың тұрмыс жағдайы да жақсара түспек. Бағалы қағаз саудасы биржа қоры аркылы жүргізіледі оның, құнды қағаз жөніндегі Ұлттық комиссия бекіткен өз талаптары бар. Ол тараптар биржа аралық қатынастың сенімділігіне, қаржы мәселесіне тіреледі. Биржа арқылы құнды қағазын өткізген әрбір кәсіпорын көпшілік хабардар болып отыруы үшін, өзінің қаржы жағдайын экономикалық ахуалы, басқарма органдары, алдағы жоспары хақында ақпар беріп тұруға міндетті.
Үкімет облигацияларын шығаратын Қаржы министрлігі, болмаса ресми мекемелердің бірі, ал корпорацияның облигациялары инвесторлары қолма-қол немесе коммерциялық банктердің брокері арқылы тартылады.
Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген кәсіпорындары акционерлік қоғамға айналып жатыр. Өздерінің купонын инвестициялық жекешелендіру қорына өткізу арқылы азаматтар олардың акцияларын алуына болады. Инвестициялық жекешелендіру қоры — акционерлік қоғам мен азаматтар арасындағы дәнекер десек те, делдал десек те болады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995ж. 30 тамыз
2. Назарбаев Н.Ә «Қазақстан 2030» стратегиясы 1998 ж.
3. Назарбаев Н.Ә Қазақстан халқына жолдау «Дағдарыстан –дамуға» 2010 ж.
4. «Бағалы қағаздар айналымы және қор биржасы туралы» заң жинағы 1995 ж. 21 сәуір
5. Алексеев И.А. Ценные бумаги:Опыт Германии. – Иркутск:Издательство Иркутской государственной экономической академии. 2010 г.
6. Б. Көшенова «Ақша Несие Банктер.Валюта қатынастары». Алматы «Экономика» 2008 ж.
7. Б. Көшенова «Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі» Алматы «Экономика» 2008ж.
8. Ешкив Г. «Басты бағдар сенімге ие болу». Қаржы-қаражат 2009ж. №7,10,5.
9. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы желтоқсан №1424 қаулы Ресми газет 2009 ж. 25 қаңтар.
10. Мұқаметтей М. «Акция бізге береді» Алматы ақшамы 2007 ж. 7 маусым.
11. Мықбаев С. «Экономикаға қызмет еткен құнды қағаз» Қаржы-қаражыт, 2009 ж. №6.
12. Оразбекұлы Б., Оразбекова М.Б. «Бағалы қағаздар нарығындағы биржалық операциялардың ерекшіліктері» Алматы, «Экономика» 2008 ж.
13. Сейтқасымов «Ақша, Несие, Банктер» Алматы «экономика» 2008 ж.
14. Шалғынбаева Г. «Құндв қағаздар нарығының Қазақстандағы даму деңгейі», «Егемен Қазақстан» 2010 ж. 20 мамыр.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

Құнды қағаздардың мәні, түрлері, қызметтері және пайда болу
тарихы ... ..4

1.1. Бағалы қағаздардың пайда болу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...4
1.2. Құнды қағаздардың мәні, түрлері және
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .5
2. Қазақстандық құнды қағаздар нарығының
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ...13
2.1. Бағалы қағаздар нарығының мәні, функциалары мен қатысушылары ... .16

3. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі ... 21

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .28

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..29

КІРІСПЕ

Бағалы қағаз - жеке-дара, сондай - ақ мемлекеттер үшін қаражат көзі
болып табылады. Ал, инвесторлар пайда табамын деп ақша шығарғанымен, оны
қайтарып алуына, өсім түсуіне ешкім кепілдік бере алмайды, көп ретте пайда
табудың орнына тақыр жерге отырып қалуы да мүмкін. Сондықтан мұның
табысынан тәуекелі басым. Әрине тәуекелге кез-келген бара бермейді, барған
өкінбейді.
Түптеп келгенде, бағалы қағаз саудасынан эмитентке сауда-саттыққа
араласқан басқаларға да түсер пайда көп. Тұтас алғанда бұл экономиканы
көтерудің бір жолы, өйткені, бағалы қағаздан түскен қаржыны көзін тауып,
өндіріске жұмсай білсе, бұдан бүкіл Қазақстан ұтады, жұмыссыздық саны
азайып, халықтың тұрмыс жағдайы да жақсара түспек. Бағалы қағаз саудасы
биржа қоры аркылы жүргізіледі оның, құнды қағаз жөніндегі Ұлттық комиссия
бекіткен өз талаптары бар. Ол тараптар биржа аралық қатынастың
сенімділігіне, қаржы мәселесіне тіреледі. Биржа арқылы құнды қағазын
өткізген әрбір кәсіпорын көпшілік хабардар болып отыруы үшін, өзінің қаржы
жағдайын экономикалық ахуалы, басқарма органдары, алдағы жоспары хақында
ақпар беріп тұруға міндетті.
Үкімет облигацияларын шығаратын Қаржы министрлігі, болмаса ресми
мекемелердің бірі, ал корпорацияның облигациялары инвесторлары қолма-қол
немесе коммерциялық банктердің брокері арқылы тартылады.
Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген кәсіпорындары акционерлік
қоғамға айналып жатыр. Өздерінің купонын инвестициялық жекешелендіру
қорына өткізу арқылы азаматтар олардың акцияларын алуына болады.
Инвестициялық жекешелендіру қоры — акционерлік қоғам мен азаматтар
арасындағы дәнекер десек те, делдал десек те болады.

1. Құнды қағаздардың мәні, түрлері, қызметтері және пайда болу тарихы

1.1. Бағалы қағаздардың пайда болу тарихы
Нарық – бұл күрделі, әрі жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық
қатынастар жиынтығы болғандықтан, ол бір жағынан тауар және көрсетілген
қызмет нарығын қамтыса, екінші жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Соңғысы,
өз кезегінде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлік нарығынан тұрады. Осы
аталған нарықтардың өзара байланысты ұлттық экономикалық механизмді
құрайды. Ал бұл механизм несиеге негізделген, басқаша айтқанда, нарыққа
қатысушылардың басым көпшілігі іскерлік шартқа қол қойып, өздеріне бағалы
қағаз түрінде міндеттеме алады. Кәсіпкерлердің өзара жасаған дәл осы
міндеттемелері – экономикалық механизмнің тұрақтылығының кепілі.
Бағалы қағаз нарығы субъектілерінің қатынастары экономикалық –
құқықтық механизмге негізделеді. Бұл бағалы қағаздардың материалдық түрі
ретінде оның маңызын дәлелдейді. Бірақ бағалы қағаздардың маңызы онымен
шетеліп қоймайды. Бағалы қағаздар кез-келген мемлекеттің төлем айналымында
маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі
жүзеге асырылыды. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық
шаруашылығының ен тиімді саласына жіберіледі, яғни оларды нарық жүйесіндегі
ең өміршең субъектәлер ғана ала алады.
Өзінің ұйымдық және құрылымдық ерекшеліктеріне орай бағалы
қағаздар каржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтін құқықтық
ережелерімен қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды.
Мұндай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру
қажеттілігі туындаған кезде, яғни 90 – шы жылдардың басында құрыла бастады.

1990 жылдың басынан экономикалық тәжірбиесі дәлелдегеніндей
шаруашылықты жетілдірудің нарықтық әдістерін қалпына келтірудің және оны
одан әрі дамытудың басты құралы - бағалы қағаздар екені талассыз ақиқат.
Бағалы қағаздар ақша түріндегі капиталға да, заттай капиталға да меншік
құқын бекітіп, тек бағалы қағаздар арқылы ғана мемлекеттік меншікті
акционерлік қоғамдардың, яғни жекеменшік иелері–халықтың меншігіне
айналдыру мүмкін. Бағалы қағаздар нарығында өзіне тән қаржы институттары
жүйесі қалыптасып, оларда экономикалық өрістеудің қаржы көздері шоғырланып
және инвестициялық қорларды бөлу қатынастары жүзеге асады. Қазіргі
өндірістің жалпы құлдырап, қысқаруы кезінде мемлекеттік жалпы ұлттық
өнімдегі өндірістік инвестицияның үлесін арттыру бағалы қағаздар нарығының
потенциалды қорларын пайдаланбай іске асуы мүмкін емес.

1.2. Құнды қағаздардың мәні, түрлері және қызметтері
Бағалы қағаздар – ең алдымен мүлікті иемденуге құқық беретін
ақшалы құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыз
міндеттемесі. Сондай - ақ мемлекеттер үшін қаражат көзі болып табылады.
Құнды қағаздарға жататындар: компаниялардың акциялары және адамдардың
облигациялары, мемлекеттік облигациялар, банктердің сертификаттары,
казначейлік вексельдер. Құнды кағаздар ортақ қазанға ақша төленген соң,
пайдаға ортақтасуға және корпарация капиталын бөлісуге қақалақ беретін
куәлік. Олар әуелде ақша қорын жасау мақсатымен мемлекеттік және жеке-дара
мекемелер арқылы сатылады.Сондай-ақ құнды қағазды шығарушылардың да,
инвесторлардың да (пайда табу үшін құнды қағазга ақша құйған жеке адамдар)
сатуына болады. Оның нарықтық бағасын анықтайтын соны шығарған кәсіпорындар
мен инвесторлар, ал ол қағаздың болошақ өтілуіне байланысты. Бағалы
қағаздың бағасы қымбаттауы кәсіпорындардың экономикалық, жетістігіне
тәуелді, мәселен, зауыт пайданы неғұрлым көп түсірсе инвестордың алатын
үлесі де өсе түспек. Егер эмитент (құнды қағаз шығарушылар) шығынға оотырып
қалса, оның акциясының құны да арзандап, акцияны сатып алған жұрттың да
пайдадан құр алақан қалуы мүмкін. Сондықтан акцияны шығарған
кәсіпорындардың экономикалық өндірістік жағдайы жолында әрқашан хабардар
болып акционерлердің қалт жібермейтін тірлігінің бір саласы.
Акция – үлесті немесе меншікті құнды қағаз. Ол иемденушісіне
компанияның капиталының, мүлігінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде
меншік құқын береді. Компания қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша
уақыт қолданылады. Бірақ, осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өгреруі
мүмкін. Акционердің акцияны шығаратын компанияға қайтаруға құқығы жоқ.
Акционерлік капитал бөлінбейді. Акционер оны тек екінші нарықты сатуына
болады.
Акцияны шығару мына жағдайда болады. Егер:
• меншікті акцияландырғанда, яғни акционерлік қоғам құрып, оның
жарғылық капиталын қалыптастырғанда;
• бар компанияны акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;
• жарғылық капиталды қосымша молайтқанда.
Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның капиталын ұлғайтуға
және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден-
бір түрі. Акция компанияның акционерлік алдындағы қарыз міндеттемесі.
Компанияның өз акциясын қайтып сатып алатын құқы бар. Бірақ, бірсыпыра
елдердің заңында, егер корпорацияның төлем қабілеті жоқ болса, онда ол
акциясын қайта сатып алатын құқықта айырылады деген де ереже бар. Дәл осы
жағдай, егер қайта сатып алу корпорацияның төлем қабілетіннашарлататын
болса да қаралған. Заң жүзінде акцияны бөлуге де болады. Айналымдағы әрбір
акцияны бірнеше бөлікке бөлуге болады.
Акция бірнеше түрге жүктелінеді. Бір жағынан, бір акционерден басқа
біреуге беру тәсіл бойынша: атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінсе,
екінші жағынан, корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша жай және
артықшылықты акция деп екіге бөлінеді. Корпорация тек өзінің жарғысында
бекітілген акцияларды ғана шығара алады.
• Атаулы акция - міндетті түрде акция корпорацияның реестірнде тіркелуге
тиіс. Акционерлер кітабында қанша және қай уақытта алғандағы туралы
жазылған акция иесі ғана акционер деп есептеледі.
• Ұсынушыға арналған акция - иесінің аты-жөні корпорация кітабында
тіркелмеген акция. Кітапта ұсынушыға жалпы арнап шығарылған ацияның
жалпы саны ғана көрсетіледі.
Кейбір акционерлердің қолында шоғырланған, олардың бұл мемлекеттен
кеткенін реттеп және бақылап отырыруға мүмкіндік береді. Акцияның екі түрін
жүзеге асыру жолында әр түрлі.

АКЦИЯЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ

Корпоративтік кұнды қағаздар — кәсіпорындар мен ұйымдардың заң күшіне
сүйене отырып өзінің жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе шаруашылық
қызметін жүзеге асыру үшін шығаратын кұнды (бағалы) қағаздарын
корпоративтік құнды (бағалы) қағаздар деп атайды. Құнды (бағалы)
қағаздардың бұл түрін көп жағдайларда акционерлік коғамдар шығарып және
олар эмитент ретінде тіркеледі.
Акция нарығынан басқа, корпоративтік бағалы қағаздарға облигациялар да
жатады. ҚР-да акция нарығына қарағанда облигация шығарылымы аз көлемде
шығарылады.

Сурет-1 Акция және облигация шығарылымдарын салыстыру
Акцияға қарағанда облигация шығарылымы 5 есе төмен. Облигацияны
шығару эмитентке акцияны шығаруға қарағанда тиімсіз. Оның себептеріне –
облигацияның өтелуін, міндетті түрде сыйақыны төлеуін жатқызамыз.
Преференционалды акция дауыс құқын бермейді. Ол дауыссыз бағалы
қағаз. Оған байланысты артықшылық дауыс құқын жоқтығының орнына төлеу
ретінде жүреді.
Мысалға: АҚ Астана-Финанс және АҚ NOMAD акцияларының табыстылық
ықтималдылығын салыстыратын болсақ:
Кесте 1 – АҚ Астана-Финанс және АҚ NOMAD акцияларының табыстылық
ықтималдылығын салыстыру

Экономика жағдайы АҚ NOMAD АҚ Астана-ФинансЫқтималдылық
акциясының акциясының
табыстылығы, табыстылығы,
% түрінде % түрінде
Өсу 50 30 0,20
Тұрақты 10 40 0,60
Құлдырау 30 -10 0,20
Ескерту – компания акцияларының негізінде жасалған

Кестеден байқағанымыздай, ықтималдылық көрсеткіші екі компанияда
бірдей, бірақ табыстылықтың ауытқу деңгейі АҚ NOMAD компаниясында жоғары.
Егер экономика өсу кезеңінде болса, онда АҚ NOMAD компаниясының акция
ұстаушылары 50 %-дық табыстылықты, ал АҚ Астана-Финанс компаниясының
акция ұстаушылары 30 %-дық табыстылықты алады. Сонымен қатар, экономикалық
жағдай төмендесе, онда АҚ NOMAD компаниясының акция табыстылығы - 30%-
ға, ал АҚ Астана-Финанс компаниясының акциялары тек қана -10%-ға
төмендейді. Қорытындылай келе, АҚ NOMAD компаниясының акцияларына
инвестиция табыстылығы өзгеру мүмкіндігі жоғары, яғни олардың тәуекелі де
жоғары болып келеді.

Р

0,6

0,4

0,2

-30 -20 -10 0 10 20
30 40 50 Табыстылық (%)

Сурет 2 – АҚ Астана-Финанс және АҚ NOMAD акциялары бойынша
табыстылықтың ықтималдылығын салыстыру
______________- АҚ Астана-Финанс
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _- АҚ NOMAD
Облигация деп - эмитенттің белгілі бір шартты орындауға, яғни
алған ақша сомасын қайтаруды және белгіленген сыйықты төлеуді міндеттеген
жазбаша қарыз құжатын айтады. Ол корпорацияның активіне қайшы келеді.
Облигация арқылы тартылған капитал акционерлік капитал деп есептелмейді.
Облигация шығару-қосымша капитал тартудың бір нысаны. Эмитенттің
жалпы шығыны облигацияны шығаруға және оларды орналастыруға жұмсаған жылдық
шығынға тең болады.
Облигация мерзімдік қарыз міндеттемесі болғандықтан, оның кепілі
болып эмитенттің жалпы кепілдігі саналады. Ол кепілділік эмитенттің
банкротқа ұшырап, өз міндеттемесін орындай алмаған кезінде корпорация
мүлігінің бір бөлігін иемденуге облигация ұстаушының құқы. Облигация да
акция сияқты корпорацияны инвестициялаудың ең маңызды көзі
Облигация иемденуші корпорацияға несие беруші болып есептелінеді. Ал,
облигация корпорацияны несиелендірушінің куәлігі. Облигация иесінің дауыс
беру құқығы жоқ. Ол акционерлер жиналысында, сонымен қатар корпорация
басқаруға да қатыспайды.
Облигация бойынша мезгіл-мезгіл төленетін сый-ақы түріндегі пайда
купонға алмастырылады.
Купон деп - облигациядан жыртылып алынатын талонды айтады. Онда сый-
ақы мөлшері көрсетілген. Төленген сый-ақысының орнына облигациядан купонды
жыртып алады. Облигацияда бірсыпыра элементтер көрсетіледі.
Номинал деп - облигацияның бетінде көрсетілген ақша саласын айтады.
Оны облигация иесі өтелу мерзімі келгенде айтады.
Облигацияның рейтінгі – олардың инвестициялық сапасын арнаулы
фирмалардың бағаланбай, тек екінші нарықта кең көлемде сұранысқа ие
болатындары ғана бағаланады.
Облигациялардың да номиналы және нарықтық бағасы болады. Оның
номиналына байланысты процентпен көрсетілген нарықтық баға облигациясының
курсы деп есептелінеді. Егер нарықтық бағасы номиналынан жоғары болса, онда
облигация сыйлықпен сатылады деп айтылады. Егер номиналынан бағасы төмен
болса, онда облигацияның жаңа иесі оны дисконтпен, яғни бағасын төмендетіп
сатып алады. Облигацияның нарықтық бағасы қандай болса, сый-ақы оның
номиналына байланысты есептеледі.
Вексель - қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген әлем міндеттемесі. Ол
бағалы қағаздың бір түрі. Вексельді борышкер, яғни вексельді беруші тауарды
несиеге алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді. Вексельдің
мәні несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде ткелісіммен
жерде өтеу үшін тауар сатып алушының сатушыға берген қарыз міндеттемесі
вексель шығарып және оны пайдалануды дамыту ертеден несие-қаржы қызметін
көрсету нарығының басты бағыттарының бірі болып келеді. Себебі Вексельдің
мәні тек қарызды қайтару кепілі ғана емес. Сонымен бірге саудалық қарым-
қатынас қайтару кепілі ғана емес, саудалық қарым-қатынастардың тиімділігін
арттыру мақсатында осы төмен міндеттемесін белсенді пайдалану арқылы
ресурстардың айналымын жеделдету Вексельді банк сатып алады.
Вексель тауар-ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытуда
ертеден келе жатқан ең бір басты қаржылық құрал.
Вексель төлем дағдарысын реттеп, заттық қорлардың айналысқа түсуін
жеделдететін кәсіпорындағы тауар-зат кұндылықтырының қорын азайтып және
халық шаруашылығындағы есептерді тездетеді.
Вексель нарығының қызметі қысқа мерзімді несие беру арқылы қысқа мерзімді
несие беру арқылы ақша қаражатын бөлу. Вексель айналымының негізгі
серіктері – бірін-бірі бақылауымен жасалатын несиелік келісім Вексельді
шығару оны айналымға түсіруге келісімнің мәні және оны маңызы зор.
Вексель иемденушінің болашақтағы қаржы мүмкіншілігін болашақтағы қаржы
мүмкіншілігін де бақылайды.
Вексель міндеттемелерінің үш түрлі айырмашылығы бар.
• вексельдің дерексіздігі, яғни қарызды қандай жағдайға, не мақсатқа
алғандығы көрсетілмейді;
• оның дауыссыздығы, яғни қарызды қандай жағдайға алғандығына
қарамастан міндетті түрде өтеу керек.
Бұл ерекшелігі вексельді айналыс қаржысы ретінде қолма-қол ақшаның
орны пайдалануға мүмкіндік береді. Сол себепті вексельді сауда ақшасы деп
те атайды.
Қолдану өрісіне қарай жай және аудармалы вексель тратта болып екіге болып
бөлінеді. Жай вексельді төлеуші, яғни вексельді беруші жазады.

Сурет 3 - Жай вексельдің айналысы

Аудармалы вексель деп - несие берушінің қарыз алушыға вексельде
көрсетілген саланы үшінші кісіге төлеу жөніндегі берген жазбаша үкімін
айтады. Прассат траттқа бойынша акцепт берген жағдайда ғана қарыздар болып
есептеледі.

Сурет 4 - Аудармалы вексельдің айналысы

Акцепт дегеніміз – есеп айырысуда төлеушінің өз қарызын төлеуге жазбаша
берген келісімі. Демек, акцепт есеп айырысудың бір түрі.

Вексельдің қолдану аясына қарай келісім және олардың тауарларымен
немесе акциямен қамтамассыз етілуіне байланысты коммерциялық қаржылық және
жалған вексельдер болып та бөлінеді.
Коммерциялық вексель тауарларды сату және сатып алу келісімдерінің
негіздеріне айналысқа түседі.
Қазыналық вексель деп - мемлекеттік қысқа мерзімді қаржылық
міндеттемелерді айтады.
2. Қазақстандық құнды қағаздар нарығының қалыптасуы
Қазақстан жан-жақты қамтылған жүйелі де мақсаты және белсенді қаржы
саясатын ұстанып отыр.
Мүлікті мемлекет иелігінен алып жекешелендіруге байланысты
мемлекеттік кәсіпорындар акционерлік қоғамдарға айналдырылып қайта құрылды.
Орташа кәсіпорындар қорының 30% акциялары мемлекет меншігінде
қалдырылып, қалғандары жеке меншікке үлестіріледі. Ірі кәсіпорындардың 50%
акциялар пакеті мемлекет иелігінде қалдырылады, қалғаны жеке меншікке
айналдырылады.
Жекешелендірілген өндіріс орындарының 5% дейінгі акциялары
инвестициялық қорлар арқылы Қазақстанның барлық тұрғындарына үлестірілген
жекешелендіру купондарына айырбасталады.
Бұл іс-шаралар құнды қағаздар нарығын қалыптастырудағы Қазақстанның
бірінші қадамы.
Жекешелендіру мен акционерлердің нарық жүйесіне көшудің ең негізгі
алғышарты болғанымен, нарықтық қызмет атқару механизімін қалыптастыра
алады.
Қазақстан жағдайында өндіріс орындарының тиімді қызмет атқаруы, олардың
сыртқы әлем нарығына шығып, орын алуына тіркеліп отыр. Қазақстан
экономикасының өндірістік құрылымы тарихи түрде сыртқы әлемдік шаруашылық
қажеттіліктеріне бағытталып қалыптасқан.
Қазақстан өндірілетін өнімдердің 80-90% экспортқа арналған, ал
Қазақстанға қажетті дайын өнімдердің 80-90% шетелдерден желінеді. Соңғы 2-3
жылда (1998-2000) әлемдегі қаржы валюта дағдарысына байланысты Қазақстан
Үкіметі қысқа (2000 жылға дейін) және орта мерзімдік (1999-2000 жыл) Ұлттық
өндіріс Бағдарламаларын жасап ішкі өндіріс пен Ұлттық нарық жүйесін
қалыптастыру саясатын қолға алған.
Ұлттық экономиканың тарихи жағдайда қалыптасқан құрылымын қайта құру,
жетілдіру үшін ауқымды инвестициялар қажет болып отыр. Мамандардың
пікірінше, Қазақстанға жыл сайын 3 миллиард доллар инвестиция қажет екен.
Сонымен, Қазақстанда құнды қағаздар нарығын қалыптастыру саясаты ұлттық
кәсіпкерлікті қолдау, ішкі және сыртқы инвестициялардың өндіріске тарту
экономика салаларын әлсіз де тиімсіз шаруашылық құрылымдарынан тазарту
экономиканы асқындап кеткен төлем дағдарыстан шығару және басқа да
экономикалық ұйымдастыру құқықтың іс-шаралар жүйесінде жүргізіледі.
Қазақстанда 1991-1994 жыл қаржы нарығы, оның құрамында құнды қағаздар
нарығының негізгі секторлары ретінде мыналарды айтуға болады:
1. Мемлекеттің ішкі және сыртқы міндеттемелік қағаздары тұрақты
түрде айналымға шығарылып келеді.
2. Ірі коммерциялық бөлшектердің акциялары және басқа да қаржы
қағаздары соңғы жылдары ұжымды түрде сыртқы әлемдік және ішкі
ұлттық нарық жүйесінде орналастырыла бастады.
3. Мұнай-газ, энергетика, қара және түсті металлургия
компаниялары шығарған акциялар Қазақстанның және Орталық Азия
қор биржаларында тіркеліп, бағаланып келеді.
4. “Қазақтелеком”, “КЕГОМ”, “Kazakhoil” сияқты жаңаша құрылған
компаниялардың акцияларына сұраным жоғары қалыптасқан.
Республикада құнды қағаздар нарығына қатысушылардың Ұлттық қауымдастығы
құрылды. Құнды қағаздар нарығын реттейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулылары басқа да көптеген құжаттар пакеті қабылданды, қолданылып келген
заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Қазақстан Үкіметі
Батыс елдерінің бірқатар қарсы инвестициялық құрылымдарын келісімге келіп,
өзінің орта мерзімдік облигацияларын Еуропада орналастырды.
Соңғы 1-2 жылда экспорттан импорт көлемі артты, Қазақстанда теріс сауда
балансы пайда болды. Қазақстан теріс сауда балансын жабудың бір ғана жолы
бар активтерді шетке сату әдісі. Активтерді шетке сату мемлекет
меншігіндегі корпорациялардың акцияларын әлем нарығына орналастыру деген
сөз.
Қазақстанда құнды қағаздар нарығын толық қалыптастыру үшін ұлттық
өндіріс пен ішкі ұлттық нарық жүйесін қалыптастырып тереңдету керек.
Қазақстан экономикасының өндірістік құрылымын қайта құрып жетілдіру
мәселесі тұрғандардың қолындағы сақталған қаржы ресурстарын жұмылдырып,
экономиканың реалды секторына жұмсауды қажет етеді. Соңғы кездері
Қазақстандағы ең ірі коммерциялық банктер келісімге келіп банкаралық
сақтандыру қаржысы қорын құру саясатын іске асырмақшы. Банк басқармасы
тұрғындардың салымдарын сақтап, олардың тұрақты түрде өсімін қамтамассыз
ету мақсатында, Қазақстанда тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар
акцияларын сатып алу құқығын алуға ниет білдіріп, қажетті құжаттар
дайындап, оларды заңдастыруға күш салып отыр.
Құнды қағаздар нарығын жасақтау республикамыздың қаржы саласын
тұрақтандыру бағытындағы міндеттермен тікелей байланысты.
1996 жылдың мамыр айында 1996-1998 жылдар аралығындағы құнды қағаздар
нарығын дамыту Бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаның осы кездегі негізгі
бағыты рыноктық тиімділігі ілкімді қызмет етуі үшін инфраструктура жасау
болып табылады.
1997 жылдың 1 маусымында 3758 акционерлік қоғам акциялар шығарылымын
тіркеуден өткізді. Олардың басым бөлігі акционерлік қоғамы айналған бұрынғы
мемлекеттік кәсіпорындар.
Корпаративті құнды қағаздар нарығында талдау жасағанда қайтара
шығарылым кәсіпорынның қор нарығы арқылы инвестиция алуға дайындығы бар
екендігін білдіретін елеулі фактор ретінде аталады. Құнды қағаздар нарығы
руталы заңға сәйкес бірінші шығарылымы құрылтайшылар арасында жабық
орналастырады.
1997 жылдың наурызында бірқатар негізгі заңдар мен нормативтер,
құжаттар қабылданды. Олардың қатарында “құнды қағаздардың нарығы туралы
заң”, “құнды қағаздарды тіркеу туралы заң”, “инвестициялар туралы заң” және
т.б. бар.
Құнды қағаздар нарығының бүгінгі ахуалы төңірігіндегі әңгімені
қорытындылай келе корпоративті қағаздар рыногына қарағанда мемлекеттік
құнды қағаздар нарығы қай тарапта болмасын жүзеге асырылуы үстінде
екендігін атап айтамыз.

2.1. Бағалы қағаздар нарығының мәні, функциялары және
қатысушылары
Бағалы қағаздар нарығын, олардың шығуы мен бағалы қағаздар нарығына
қатысушылар арасындағы экономикалық қатынастарының жиынтығы ретінде
анықтауға болады. Бұл тұрғыдан алғанда ол кез келген басқа тауар нарығының
анықтамасынан ерекшеленбейді. Зерттелетін нарық нысанын жеке салыстырғанда
ғана айырмашылық пайда болады. Бағалы қағаздар нарығының номенклатурасы
қандай да бір жеке тауар нарығына емес, тұтас тауар нарығына сәйкес келеді,
әрі кез келген елдің қаржы нарығының құрамдық бөлігі болып табылады. Бағалы
қағаздар нарығының негізін тауар нарығы, ақша және ақшалай капитал құрайды.
Бұл нарық түрлерінің жіктеліуі бағалы қағаз түрлерінің жіктелінуіне
ұқсайды және былайша ажыратылады:
• халықаралық және ұлттық бағалы қағаздар нарығы;
• ұлттық және аймақтық (аумақтық) нарықтар;
• нақты бағалы қағаз түрлерінің нарықтары (акция, облигация);
• мемлекеттік және корпоративтік (мемлекеттік емес) бағалы қағаздар
нарығы;
• алғашқы және туынды бағалы қағаздар нарығы.
Бағалы қағаздар нарығының функциясын шартты түрде екі топқа бөлуге
болады:
• жалпы нарықтық;
• өзіндік ерекшелігі бар функция.
Функцияның бірінші тобына мыналарды жатқызуға болады:
• коммерциялық - осы нарықтағы операциялардан пайда табу функциясы;
• мақсатты - нарықтық бағаны қалыптастыратын процесті, олардың ұдайы
қозғалысын және т.б. қамтамасыз етеді;
• ақпараттық - яғни, нарық өз қатысушыларына сауда нысандары мен оның
қатысушылары туралы нарықтық ақпараттарды жеткізеді;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағалы қағаздардың түрлері, қызметі және мәні
Құнды қағаздар рыногі жайлы
Бағалы қағаздар ұғымы және қызметі
Нарықтық құнды қағаздар
Құнды қағаздар нарығының құрылымын, мемлекет тарапынан реттеуін, және оның бағыттары мен мақсаттарын қарастыру
Құнды қағаздар нарығы
Құнды қағаздар рыногі
Құнды қағаздар нарығының құқықтық ретеуі жалпы бөлімі
Құнды қағаздар нарығының даму ерекшеліктері
Бағалы қағаздардың азаматтық құқықтың объектісі ретіндегі орны
Пәндер