Неке құруға студенттердің көзқарасы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.
I. Зерттеу бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4.
1.1. Мәселенің тұжырымдалуы мен негізделуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4.
1.2. Зерттеудің объектісі мен пәнін белгілеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.
1.3. Зерттеудің мақсаты мен міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5.
1.4. Зерттеу гипотезасын тұжырымдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6.
а) негізгі түсініктерді талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6.
б) бастапқы гипотеза ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6.
в) қосымша гипотезалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6.
1.5. Сұрыптау жиынтығын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7.
1.6. Зерттеу жұмысының жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7.

II. Зерттеу нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8.
2.1. Анықтама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9.
2.2. Бір өлшемді бөлудің гистограммасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9.

III. Қолданылды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12.
3.1. Анкета ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12.

IV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
Қазір уақытта жастар отбасын құру мәселесіне толыққанды ой жүгіртпей, некелесуге асығады. Көбісі, неке куәлігін алған сәттен, өзің ересек санайды және ата-анасына тәуелді болғысы келмей, өмірді өз ережелерімен өмір сүргісі келеді. Жастардың көбісі кәмелетке толмай үйленіп, арты ажырасуға қалай барғанын білмей қалады.
Сол себептен отбасын құрмас бұрын екі жас бірін-бірі толық біліп алғаны жөн және өз санасында отбасының негізгі құндылықтарын игеруі қажет. Отбасының негізгі құндылықтарын қайдан алады? Әрине, өзі тәрбиеленіп шыққан ұядан, әке мен шешенің бір – біріне деген сыйластығы, қарым-қатынасы, қандай жағдай болса да, бірге көнетіндігінен, бақытты өмір сүруге деген үміттен алады. Осындай отбасылық қасиеттерді адам бойына игере отырып, ол өзінің отбасысының құндылықтарын қалыптастырады.
Отбасы құндылықтары және қоғамдағы орнын отбасы социологиясын оқи отыра білуге болады. Жалпы отбасы ұғымы – философия, психология, социология, этика,демография салаларында кеңінен қолданылады. Отбасы әлеуметтануы— отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттейтін социологиядағы негізгі бағыттардың бірі. Негізгі мәселелері отбасылардың өз қызметін орындау сипатын, әр түрлі типтегі отбасылардың өмірін, ажырасу себептері мен салдарын және т.б зерттеу болып табылады.
2015 жылы 148 769 неке тіркелсе, 2014 жылы 159 328, 2013 жылы – 168 417, 2012 жылы – 164 681, 2011 жылы – 160 494, 2010 жылы – 146 443, 2009 жылы – 140 386, 2008 жылы – 135 280, ал 2007 жылы – 146 379 неке тіркеуге алынған.
Сонымен қатар ажырасқан отбасыларға қатысты статистика былай сайрайды: 2015 жылы – 53 293, 2014 жылы – 52 673, 2013 жылы – 51 482, 2012 жылы – 48 513, 2011 жылы – 44 862, 2010 жылы – 41 617, 2009 жылы – 39 257, 2008 жылы – 35 852, ал 2007 жылы – 36 107 ажырасу дерегі тіркелген.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Қоғамдық гуманитарлық пәндер кафедрасы

Әлеуметтанулық зерттеу

Тақырыбы: Неке құруға студенттердің көзқарасы

Орындаған: Бесимбаева А.М.
Қабылдаған: Иманбаева С.Ж.

Алматы, 2017 жыл

Мазмұны.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.
Зерттеу бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4.
Мәселенің тұжырымдалуы мен негізделуі ... ... ... ... ... ... . ... ... ...4.
Зерттеудің объектісі мен пәнін белгілеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5.
Зерттеу гипотезасын тұжырымдау ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .6.
а) негізгі түсініктерді талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6.
б) бастапқы гипотеза ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6.
в) қосымша гипотезалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6.
Сұрыптау жиынтығын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7.
Зерттеу жұмысының жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7.

Зерттеу нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8.
Анықтама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9.
Бір өлшемді бөлудің гистограммасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..9.

Қолданылды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12.
Анкета ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12.

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

Кіріспе.
Зерттеу типі: теориялық-эксперименттік
Генеральды жиынтық: Қазақ мемлекеттік қыздар университетінің студенттері.
Сұрыптаудың жалпы көлемі: 30 адам.
Сұрыптау типі: Ұялы сұрыптау
Мәлімет алудың әлеуметтанулық әдісі: Респонденттер толтырған анкета.
Мәліметтерді талдауда қолданылған әдіс: статистикалық талдау.
Зерттеу мақсаты: Жастардың отбасын құруға деген қарым - қатынасы мен олардың отбасылық құндылықтарға қатысты көзқарастарын анықтау.
Зерттеу міндеті:
Бүгінгі жастардың отбасын құрудағы ең маңызды мотивтерін анықтау.
Жастардан қай жас аралығында құрған отбасының берік екенін сұрау.
Студент жастардың отбасылық өмірдің құндылықтарына көзқарасы.
Отбасындағы сатқындықтан (басқа адаммен жүру) және лидерлік мәселесінен туындайтын проблемаларға жастардың ойы, пікірі.

Зерттеу нәтижелері бойынша есеп.
Қоғам адамзат өркениетінің біліміне, адамгершілік-этикалық нормаларына тікелей қатысты дамиды. Қоғамда жастарды тәрбиелеудің мазмұны мен әдістемесін анықтауда, некелік отбасылық қатынаста тұлғаның қалыптасуын және дамуын талап етеді. Отбасы - адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі - бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі.

Зерттеу бағдарламасы
Мәселенің тұжырымдалуы мен негізделуі
Қазір уақытта жастар отбасын құру мәселесіне толыққанды ой жүгіртпей, некелесуге асығады. Көбісі, неке куәлігін алған сәттен, өзің ересек санайды және ата-анасына тәуелді болғысы келмей, өмірді өз ережелерімен өмір сүргісі келеді. Жастардың көбісі кәмелетке толмай үйленіп, арты ажырасуға қалай барғанын білмей қалады.
Сол себептен отбасын құрмас бұрын екі жас бірін-бірі толық біліп алғаны жөн және өз санасында отбасының негізгі құндылықтарын игеруі қажет. Отбасының негізгі құндылықтарын қайдан алады? Әрине, өзі тәрбиеленіп шыққан ұядан, әке мен шешенің бір - біріне деген сыйластығы, қарым-қатынасы, қандай жағдай болса да, бірге көнетіндігінен, бақытты өмір сүруге деген үміттен алады. Осындай отбасылық қасиеттерді адам бойына игере отырып, ол өзінің отбасысының құндылықтарын қалыптастырады.
Отбасы құндылықтары және қоғамдағы орнын отбасы социологиясын оқи отыра білуге болады. Жалпы отбасы ұғымы - философия, психология, социология, этика,демография салаларында кеңінен қолданылады. Отбасы әлеуметтануы -- отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттейтін социологиядағы негізгі бағыттардың бірі. Негізгі мәселелері отбасылардың өз қызметін орындау сипатын, әр түрлі типтегі отбасылардың өмірін, ажырасу себептері мен салдарын және т.б зерттеу болып табылады.
2015 жылы 148 769 неке тіркелсе, 2014 жылы 159 328, 2013 жылы - 168 417, 2012 жылы - 164 681, 2011 жылы - 160 494, 2010 жылы - 146 443, 2009 жылы - 140 386, 2008 жылы - 135 280, ал 2007 жылы - 146 379 неке тіркеуге алынған.
Сонымен қатар ажырасқан отбасыларға қатысты статистика былай сайрайды: 2015 жылы - 53 293, 2014 жылы - 52 673, 2013 жылы - 51 482, 2012 жылы - 48 513, 2011 жылы - 44 862, 2010 жылы - 41 617, 2009 жылы - 39 257, 2008 жылы - 35 852, ал 2007 жылы - 36 107 ажырасу дерегі тіркелген.
Отбасын құруда жастардың, болашақ ерлі - зайыптылардың бір - бірін толық танып, бір - бірімен жақсы түсіністік қарым - қатынаста болу өте маңызды. Отбасының берік болуына -- болашақ ерлі - зайыптылардың отбасында болатын қиыншылықтарды алдын - ала біліп, саналы түрде сол қадамды нық басып, отбасының жақсы және берік болуына үлесін қосуға бел буу қажет. Кез - келген отбасында, жас ерлі - зайыптылар арасында түрлі экономикалық, әлеуметтік және жеке тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты түрлі мәселелер болады. Сол мәселе салдарынан отбасында ұрыс - керіс, қақтығыс, дау - жанжал болып, оның аяғы отбасының ыдырауына әкеп соғады.
Қоғамда жастарды тәрбиелеудің мазмұны мен әдістемесін анықтауда, некелік отбасылық қатынаста тұлғаның қалыптасуын және дамуын талап етеді. Жастар отбасын құрғанда, ең алдымен материалдық және тұрғын үй мәселелерін қарастырады. Бірақ көптеген психологиялық зерттеулер бойынша, материалдық ауқаттылық және тұрғын үймен қамтамасыз болу факторлары отбасы тұрақтылығына елеулі әсерін тигізбейді. Отбасы өміріне мотивациялық дайындық махаббат сезімін отбасы құрудағы негізгі түрткі ретінде санайды. Бұл сезім дербестікке дайындық, құрылатын отбасына жауапкершілік сезімі, нәрестелі болуға және баланы тәрбиелеуге дайындық.
Сонымен отбасы құрудың негізгі себептері, жастардың оған көзқарасы, олар отбасы құруға дайынба және отбасылық құндылықтарды меңгергендігіне толық сенімдіме, осы сұрақтар жауабын зерттеу жұмысынан тауып көрейік.

Зерттеудің объектісі мен пәнін белгілеу
Объект: Менің зерттеу жұмысымның объектісі - студент жастар. Жастар отбасын құруға жауапкершілікпен қарамағандықтан, қоғамдағы ажырасуға жиі алып келеді деген түсінік бар.

Пән: Отбасын құруға студенттердің көзқарасы.

Зерттеудің мақсаты мен міндеті
Зерттеудің мақсаты: Қоғамдағы жиі болатын ажырасу мен некенің одан әрі жалғасын таппау себебін анықтау.
Зерттеу міндеті:
Некеге отырудағы негізгі себеп;
Жігіт пен қыз тарапынан некеге қарым-қатынасын анықтау;
Некенің бұзылуының себептерін алдын ала болжау.

Зерттеу гипотезасын тұжырымдау.
а) негізгі түсініктерді талдау
Неке - отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты - неке деп түсінуіміз қажет. Егер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады.
Некелік шарт - біздің тұрмысымызға салыстырмалы түрде жақында енген ұғым. Некелік шарт деп - некеге тұратын адамдардың немесе ерлі-зайыптылардың некеде тұрғандағы немесе оны бұзған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісімдері танылады. Некелік шарт міндетті түрде жазбаша жасалуы және нотариуспен куәландырылуы қажет. Некелік шартты некеге отыратын адамдардың тікелей өздері, сондай-ақ адвокат не нотариус толтыруы мүмкін екендігін айырықша атап көрсету қажет. Некелік шартты нотариалды куәландыру үшін жекеменшік немесе мемлекеттік нотариусқа жүгіну керек. Некелік шартты некені тіркегенге дейін, сондай-ақ некеде тұрған кез келген уақытта жасасуға болады. Некелік шарттың субъектілері не ерлі-зайыптылар, не некеге енді тұруға әзірленіп жатқан адамдар болуы мүмкін (күйеу мен қалыңдық).
Некені бұзу,ажырасу.
Ерлі-зайыптылардың көзі тірі кезінде неке олар ажырасса ғана тоқтатылады. Ажырасу арқылы некенің тоқтатылуы АХАТ органдары немесе сотта заңда белгіленген тәртіп бойынша іске асырылуы мүмкін. Некені бұзу АХАТ органдарында ерлі-зайыптылардың біріккен және жекелеген ерекше жағдайларында жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіледі. Ал сотта некені бұзу ерлі-зайыптылардың екеуінің бірлескен, сондай-ақ жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіле береді. Некені бұзу үшін мынадай үш шарттың болуы қажет:
АХАТ органдарында ерлі-зайыптылардың некені бұзу жөніндегі өзара келісімі;
кәмелетке толмаған балаларының болмауы;
бір-біріне мүліктік және өзге де талаптарының болмауы.
Некені бұзу АХАТ органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуді қажет етеді. Тіркеу некені бұзу жөніндегі өтініш берілген күннен бастап бір ай өткенде жүзеге асырылады. Бір ай мерзім ерлі-зайыптыларға қабылдаған шешім туралы тағы да әбден ойланып-толғану үшін беріледі. Татуластыру - мақсат емес, отбасын сақтаудың амалы ғана. Сондықтан да бұл міндетті орындау мүмкін болмаса және балаларды не жұбайларды қорғау мүдделеріне қайшы келетін болса, онда сот некені бұзады. Егер сот неке біржолата бұзылмаған деген қорытындыға келген жағдайда, ол істі кейінге қарауға қалдырып, ерлі-зайыптыларға татуласу үшін 3 айлық мерзім тағайындай алады. Бірақ сот нақты мерзімді әрбір істің жағдайына қарай бегілейді. Егер ерлі-зайыптыларды татуластыру шаралары нәтиже бермей және жұбайлардың біреуі некенің бұзылуын қасарыса талап ететін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық жағдайында этностық құндылықтар арқылы студенттерді отбасылық өмірге психологиялық дайындау
Жоғары оқу орындарында студенттерді болашақ отбасылық өмірге даярлаудың педагогикалық негіздерін анықтау, студенттерді отбасылық өмірге дайындау әдістемесін жасау
СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫ БОЛАШАҚ ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ДАЯРЛАУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жас отбасының негізгі ерекшеліктері
Жастардың отбасылық өмірге дайындық мәселесін зерттеу
Отбасы тәрбиесінің басымдылығын мойындау
Болашақ мұғалімдердің қыз баласын тәрбиелеуде даярлау мәселесі
Әлеуметтік қызметкер және отбасы
Отбасылық тәрбие стилдері
Отбасылық қатынастардың негізі - неке
Пәндер