Адамның биологиялық және әлеуметтік жағдайы



1. Адамның биологиялық және әлеуметтік жағдайы.
2. Тұлганың әлеуметтік мәртебесі мен рөлі және
ол туралы тұжырымдамалар
3. Тұлғаның әлеуметтенуі.
Тұлғаның әлеуметтік құрылымы және түрлері
Тұлға — әлеуметтік өмірдің субъектісі мен объектісі
Адам — биологиялық индивид, жердегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, күрделі және үзаққа созылған биологиялық эволюцияның жемісі, эволюциялық мәдениепің алғышарты және субъектісі. Биологиялық эволюция 2,5 млн жылға созылды. Адамның биологиялық дамуы 40 мың жыл бұрын тоқтады. Осыған дейін бүгінде адамды өзге жануарлар дүниесінен ерекшелейтін іргелі белгілері қалыптасты: тік жүруі, миының үлкендігі, екінші сигналдық жүйесінің болуы, ойлаудың, тілдің және сананың болуы, балалық шақтың ұзаққа созылуы, еңбек құралдарын және отты меңгеруі және т.б.
Бұлар биологиялықтан мәдени эволюцияға өтудің жағдайы болып саналады. Адамның соңғы 40 мың жылда қол жеткізгенінің бәрі биологиямен байланысы жоқ, керісінше, мәдениетпен, қоғаммен байланысты. Басқаша айтқанда, табиғи жолмен емес, керісінше, мәні әлеуметтік қатынастар жүйесінде айқындалған қолдан жасалған ортамен байланысты. Адам биологиялық тіршілік иесі болғанымен, осыдан бастап оның индивидуалдығы қалыптасады, кейін ол тұлғаға айналады.
Тұлға ретінде адам туралы түсініктің дамуы бірнеше кезеңді қамтиды. Ежелгі Қытайдағы (б.з.д- VI—I ғғ.) даосизмде қараңғылық пен жарықты, еркектік пен әйелдікті, белсенділік пен ең жарлықты, қаталдық пен ізгілікті, тыныштық пен қозғалысты өз бойына жинап, үйлестірген адам — дүниеде кіндік орынға қойылды. Ол өткенге бет бұрып қарап, ал болашаққа ту сыртын берген қалыпта еді. Дүние адам үшін жаратылмаған, адам дүние дамуының соңғы буыны. Адам құдаймен индивид ретінде қатынас жасамайды, рулық әрі ұрпақ ретінде қатынаста болады. Адам өзінің тұлғалық шекарасын сезбейді. Ежелгі Үндістандағы (б.з.д. VII—IV ғғ.) буддизм адамдардың өзіндік индивидуалдығын жоққа шығарды. Бұған дара тұлға идеясы, индивидуалды бірегей өмірдің өлгеннен кейін қайтып оралмайтыны белгісіз болды. Буддизм түсінігі бойынша, өлгеннен кейін адам денесі мен санасы көптеген элементтерге бөлініп, басқа жерге барып орнығады. Бірақ индивидуалдық емес, тек ғарыштық жан ғана басқаға қонады. Ал мұндай жаңда индивидуалдық болмайды. Ерік туралы ойды терістеген буддизм адамда жан болады деген идеяға да салқын қарады. Ежелгі Грецияның (б.з.д. VI—IV ғғ.) философтары бірінші болып өмірдің құндылығы оның қайталанбастығында екенін түсінді. Олар индивидті ғарыштан бөліп, маңызды қадам жасады. Сократ антропологиялық тақырыпта төңкеріс жасады, оны адам философиясының іргетасын қалаушы дейді. Атақты "Өзіңді өзің таны" нақылы бойынша әрбір адамда ішкі "Мен" болады, оның орталығы сана мен ойлау болып табылады. Адам өмірде ұтымдылықты көздейді: ол өзіне мақсаттар қояды және оларға жетеді, олар үшін жауапкершілікті мойнына алады. Адамның жетілуі — оның қызметі мен тәрбиесінің нәтижесі.
Пайдаланған әдебиет
1. http://kitaphana.kz/
2. http://www.wikipedia.
3. Габдуллина К.Р., Раисов Е.Р. Социология. Алматы, 2008.Орынбекова Д.С..
4. Антов Н.А. Основы социологии. –Алматы, 1997.
5. Аитов Н.А., Бикенов К.У. Социология –Алматы, 2002.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
1. Адамның биологиялық және әлеуметтік жағдайы.
Тұлға -- әлеуметтік өмірдің субъектісі мен объектісі
Адам -- биологиялық индивид, жердегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, күрделі және үзаққа созылған биологиялық эволюцияның жемісі, эволюциялық мәдениепің алғышарты және субъектісі. Биологиялық эволюция 2,5 млн жылға созылды. Адамның биологиялық дамуы 40 мың жыл бұрын тоқтады. Осыған дейін бүгінде адамды өзге жануарлар дүниесінен ерекшелейтін іргелі белгілері қалыптасты: тік жүруі, миының үлкендігі, екінші сигналдық жүйесінің болуы, ойлаудың, тілдің және сананың болуы, балалық шақтың ұзаққа созылуы, еңбек құралдарын және отты меңгеруі және т.б.
Бұлар биологиялықтан мәдени эволюцияға өтудің жағдайы болып саналады. Адамның соңғы 40 мың жылда қол жеткізгенінің бәрі биологиямен байланысы жоқ, керісінше, мәдениетпен, қоғаммен байланысты. Басқаша айтқанда, табиғи жолмен емес, керісінше, мәні әлеуметтік қатынастар жүйесінде айқындалған қолдан жасалған ортамен байланысты. Адам биологиялық тіршілік иесі болғанымен, осыдан бастап оның индивидуалдығы қалыптасады, кейін ол тұлғаға айналады.
Тұлға ретінде адам туралы түсініктің дамуы бірнеше кезеңді қамтиды. Ежелгі Қытайдағы (б.з.д- VI -- I ғғ.) даосизмде қараңғылық пен жарықты, еркектік пен әйелдікті, белсенділік пен ең жарлықты, қаталдық пен ізгілікті, тыныштық пен қозғалысты өз бойына жинап, үйлестірген адам -- дүниеде кіндік орынға қойылды. Ол өткенге бет бұрып қарап, ал болашаққа ту сыртын берген қалыпта еді. Дүние адам үшін жаратылмаған, адам дүние дамуының соңғы буыны. Адам құдаймен индивид ретінде қатынас жасамайды, рулық әрі ұрпақ ретінде қатынаста болады. Адам өзінің тұлғалық шекарасын сезбейді. Ежелгі Үндістандағы (б.з.д. VII -- IV ғғ.) буддизм адамдардың өзіндік индивидуалдығын жоққа шығарды. Бұған дара тұлға идеясы, индивидуалды бірегей өмірдің өлгеннен кейін қайтып оралмайтыны белгісіз болды. Буддизм түсінігі бойынша, өлгеннен кейін адам денесі мен санасы көптеген элементтерге бөлініп, басқа жерге барып орнығады. Бірақ индивидуалдық емес, тек ғарыштық жан ғана басқаға қонады. Ал мұндай жаңда индивидуалдық болмайды. Ерік туралы ойды терістеген буддизм адамда жан болады деген идеяға да салқын қарады. Ежелгі Грецияның (б.з.д. VI -- IV ғғ.) философтары бірінші болып өмірдің құндылығы оның қайталанбастығында екенін түсінді. Олар индивидті ғарыштан бөліп, маңызды қадам жасады. Сократ антропологиялық тақырыпта төңкеріс жасады, оны адам философиясының іргетасын қалаушы дейді. Атақты "Өзіңді өзің таны" нақылы бойынша әрбір адамда ішкі "Мен" болады, оның орталығы сана мен ойлау болып табылады. Адам өмірде ұтымдылықты көздейді: ол өзіне мақсаттар қояды және оларға жетеді, олар үшін жауапкершілікті мойнына алады. Адамның жетілуі -- оның қызметі мен тәрбиесінің нәтижесі.
Адам өзін-өзі танып қана қоймайды, сонымен бірге табиғат және әлеуметтік заттардын өлшеуіші де болады. Гректер адам іспетті, бейнелі құдайлар құрметіне храмдар тұрғызды, онымен адамның түйсінуі мен ойлауының өлшемін бейнеледі. Бұдан кейін адамның құнды өлшеуіш екендігі жөніндегі түсінікті Демократ пен Платон дамытты. Нәтижесінде антропологизм гректерде антропоцентризмге айналды.
Орта ғасырларда (б.з. IV -- XIV ғғ.) христиандық адамға принципті жана тұрғыда қарауды ұсынды, ол гуманизм ілімінен көрініс тапты. Ежелгі Қытай, үнді және грек өркениеттерін тұлғага дейінгі мәдениетке жатқызады. Христиандық адамды дүние жаратылысының дәл ортасына қойды. Адам -- бұл храм, ол құдай сиякты жаратылған. Адамда тұлғаның абсолюттік жасампаздығы бар.
Қайта өрлеу дәуірінде (ХIV-ХVІ ғғ.) антикалық дүние мен христиандықтың адамға деген ең оң көзқарастары теріп алынып, гуманизм іліміне сіңірілді. Бұл дәуірдің ойшылдары, рухтың алыптары -Леонардо да Винчи, Микеланджело, Данте - адам тұлғасының бостандығы мен егемендігін жариялады. Адам тұлғасын олар дене мен рухтың, ақыл-парасат пен сезімнің, жердегі мен көктегінің үйлесімі деп түсінді. Қайта өрлеу дәстүрлі қоғамнан қазіргі қоғамға өтуімен, капитализмнің алғашқы көріністерінің байқалуымен де ерекшеленді. Ал капитализм әлеуметтік және экономикалық құбылыс ретінде индивиді жок жерде орнай алмайды, ол үшін еркін кәсіпкер, саудагер, қолөнерші, жалдамалы жұмыскер болуы шарт, олар өз алдына жеке экономикалық агентер деп бағалады.
Ренессанстык сана толык мағынада айтқанда, "иңцивид" ұғымынан "индивидуалдық" түсінігіне қарай ойысты. Қайта өрлеуді "ақыл-парасат ғасыры" деп те атайды, өйткені ол сананы адамның ең жоғары жетістігі деп жариялады. Сөйтіп, қайта өрлеу антикада пайда болған ұтымдылықты жалғастырып, оны жоғары деңгейге жеткізді.
Ағартушылық (XVII -- XVIII ғғ.) Қайта өрлеу доуірінде басталған "акыл-парасат патшалығы" адамның саяси бостандығы мен азаматтық құқығын орнату күресін одан әрі жалғастырды. Ағартушылық дәуір соңы екі маңызды құбылыспен есте қалды: 1) ұлы өндіріс революциясы, бұл капитализм шабуылының тоқтаусыздығын толық нығайтты және 2) ұлы француз революциясы (1789 ж.), бұл төңкеріс қазіргі демократияның негізін қалаған саяси бостандық пен саяси әдет-ғұрыпты жариялады. Бұл дәуір үлы географиялық және ғылыми ашылымдардың, заңды еркіндікті жеңіп алудың, буржуазияның билік үшін күресінің заманы болды, соның нәтижесінде жабық, дәстүрлі енжар коғам ашық, қазіргі ғалымды қоғаммен ауыстырылды.
Бостандық, ақыл-парасат, қозғалысты өмір салты, индивидуализм және кәсіпкерлік рух -- қалыптасу үстіндегі тұлғаның басты көрсеткіштері. Тарихшылардың пікірінше, "индивидуалдық" сөзінің өзі "тұлға" ұғымы ретінде бүдан 200 -- 300 жыл бұрын, яғни ағартушылық дәуірде пайда болған.
Қазіргі философияның пайымдауынша, мәңгілік дүниедегі адам мәнгілік құндылықтарды жалғастырушы. Уақыт ішіндегі адам тек фи-зикалық құбылыс; ол туады және өледі. Уақыт ішінде өмір сүру -- бұл біздің қоғам азаматы ретіндегі болмысымыз. Уақытпен біз ас ішеміз және ұйықтаймыз, билік үшін күресеміз және бала өсіреміз, табыстарға жетеміз және жеңілістерге ұшыраймыз. Қоғамда өмір сүргендіктен әлеуметтік тіршілік иесі ретінде біз қоғамнан тыс бола алмаймыз. Өйткені біздер отбасының, ұжымның, мамандықтың және таптың бірлігінің көрінісіміз. Алайда, адамның мәні басқада -- ол адами мәңгілікте және адамдық еркіндікте.
Біздің өмір сүруіміз уақыт пен мәңгіліктің арасындағы қайшылықта болады. Адам болмысы әр түрлі екі өлшемде жатыр, сондықтан адам әрдайым қарама-қайшылықты. Уақыт ішінде өмірді бақылауға болады, ал мәңгілікті тек елестетуге болады. Философтар қарастырған адам болмысының екі тұрғысы осылар.
Жаратылыстанушы ғалымдар адам жөнінде басқаша көзқараста бо-лады. XIX ғасырда биологияның озық ойшылдары тұлғаға жұмыртқа ішінде толық қалыптасқан тіршілік иесі сияқты қарады. Индивидтің тұлғалық белгілері ұзақ уақыт бойы тұқым қуалаушылыққа танылды. Адамның отбасы, тұқым-тұқияны және қанының қасиеті оның ұлы тұлға болуын, асқан мақтаншақ түзелмес қылмыскер немесе қайырымды әсері болуына негіз салады делінді.
XX ғасырдың бірінші жартысында жиналған сан алуан жаңа фактілер адамның мәні туралы бастапқы көзқарастарды қайта қарауга мәжбүр етті. Сөйтіп, туа біткен ұлылық адамнан автоматты түрде ұлы тұлғаны қалыптастыруға кепілдік бермейтіні белгілі болды. Дәл сол сияқты тектік жарақат, ауру немесе басқа да жағымсыз биологиялық алғышарттар адамның толыққанды қоғам мүшесі болу мүмкіндігін жоққа шығара алмады. Бұл жерде басты рөлді әлеуметтік орта атқарады, адам туғаннан кейін осы ортаға түседі.
2. Тұлганың әлеуметтік мәртебесі мен рөлі және
ол туралы тұжырымдамалар
Әрбір тұлға коғамда белгілі бір орынды иемденеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құқықтары мен міндеттері, яғни белгілі бір әлеуметтік мәртебесі болады. Жалпы мәртебені әлеуметтік және жеке статус деп бөледі. Әлеуметтік мәртебе адамның үлкен әлеуметтік топтың өкілі ретінде (мамандық, тап, ұлт, жыныс, жас мөлшері, дін) қоғамдағы орны. Жеке мәртебе деп индивидтің шағың топтағы орнын айтады, бұл индивидті осы топ мүшелерінің (таныстары, туыстары) бағалауы мен қабылдауына байланысты болады. Таныстары мен туыстарының оны қабылдауы индивидтің жеке сапаларына орай болады. Әлеуметтік мәртебе индивидтің жағдайын жан-жақты сипаттайды: мамандығын, кәсібін, біліктілігін, нақты атқаратын жұмысының сипатын, қызмет-лауазымын, материалдық жай-күйін, саяси ықпалын, партия мен кәсіподаққа мүшелігін, іскерлік байланысын, ұлтын, дінін, жас мөлшерін, отбасылық жағдайын, туыстық байланыстарын және т.б. қамтиды. Бұлардың бәрін Р. Мертон "мәртебелік жиынтық" деп атаған. Әлеуметтік мәртебе өз кезегінде адамның дүниеге келген сәтінен белгіленген, яғни субъектіден тәуелсіз, туғаннан сақталатын мәртебе: нәсілі, жынысы, ұлты және қол жеткен, яғни индивидтің өз күшімен жеткен мәртебесі болып бөлінеді. Кейде индивидтің аралас мәртебесі де болады. Ол жоғарыда аталған мәртебелердің екі белгісінен тұрады. Әдетте бір тұлғаның өзіңде бірнеше мәртебе болады. Тұлға екі немесе одан да көп әлеуметтік топтардың, институттардың, қауымдастықтардың, ұйымдардың, т.б. субъектісі больш табылады. Мысалы, тұлға: еркек, әке, күйеу, бала, оқытушы, профессор, ғылым докторы, редколлегия мүшесі, т.б. Бір адам әр түрлі адамдарға қатынасына сәйкес қарама-қарсы мәртебені де иеленеді, айталық тұлға өзінің балалары үшін -- әке, ал өзінің анасы үшін ол -- ұлы болады. Бірақ сол мәртебелердің бірі адамның қоғамдағы ахуалын анықтайтын негізгі, басты мәртебе болып саналады. Мұндай мәртебе көбіне-көп негізгі жұмыс орнындағы қызметпен байланысты болады. Мысалы, ер адам үшін негізгі жұмыс орнымен анықталады: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке адам дамуы мен қалыптасуы жөніндегі теориялық көзқарастар
Ауыл мектеп оқушыларының денсаулық жағдайын бағалау
Биологиялық қауіпті улардың организмге әсері
Қылмыскердің жеке тұлғасы
Адамды қоршаған орта және олардың түрлері
Валеология - денсаулық туралы ғылым ретінде
Экологияның төрт заңы. Адам экологиясы
Валеология – денсаулық туралы ғылым туралы ақпарат
Көбею және даму. Адам онтогенезінің ерекшеліктерін оқыту(8-сынып) тарауын өткізу әдістемесі
Қылмыскердің әлеуметтік позицияларын және әректің зерделеу
Пәндер