Жаһандық жылыну



ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Жаһандық жылынудың қоршаған ортаға әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2 Жаһандық жылыну себеп салдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
3 Ғаламдық жылынудың әсерлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
4 Озон қабатының бұзылуы .ғаламдық экологиялық проблема ... ... ... ... ... 13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
КІРІСПЕ
Адамзат баласы мен Табиғат-ананың айқасы жанайқай шегіне жетіп қалған сияқты. “Табиғатты бағындыру” қағидасы ұранға айналған ХХ ғасырдағы адам әрекеті қоршаған ортаның табиғи тепе-теңдігінің іргетасын шайқалтты. Тіршілік атаулы табиғатпен үйлесімді әрекеті арқылы ғана дами алатындығын, өзі де сол Табиғат-ананың бір баласы екенін жиі естен шығаратын адамзат тойымсыз тәбетін табиғатты тұқырту тәсілімен қанағаттандыру жолына түскен еді.
Өзін “адамзат рухының құлдырау ке¬зеңінде туғаныма өкінемін” деп санаған атақты неміс-француз ойшылы, әйгілі гуманист Альберт Швейцер “Малына қорек үшін шабындықтағы мыңдаған өсімдіктерді отайтын шаруа, еріккеннің ермегі үшін жол жиегінде өсіп тұрған бір тал гүлді жұлуға тиісті емес, себебі бұл жағдайда ол, ешқан¬дай қажеттіліктен тумаған, табиғатқа қарсы қылмыс жасайды”, деген екен. Себепсіз бір тал гүл жұлмақ түгілі, тұтас ормандарды отап, те¬ңіз¬дерді құрғатқан адам¬заттың “Асау та¬биғаттың бермегенін тартып алайық!” деп даурыға ұрандағанын да білеміз. Әлі де “ат¬тан¬дап” келеді. Қан¬ша жомарт болса да Жер жарықтық тойымсыз¬дықтан тұншықты, қанша төзімді болса да Табиғат-ананың тынысы тарылды.
Тарылғаны сол емес пе, ХХІ ғасыр бас¬тауы табиғи апаттар мен сілкіністерден ес жи¬ғызбай барады. Мәңгі жасыл құрылық¬тар¬ды жаз ортасында қар басып, Гренландия¬ның мұз құрсаулырының жыл сайын 250 млрд. тоннасы еріп, бу мен суға айналып жатыр.
Ғалымдық жылынуға мызғымайтындай көрінген Гренландия аралында пайда болған сөгінді-жарық ұлғайып келеді. Арктика мұздары көлемiнiң кiшiреюi де бұл қауіптің басы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сараптамасы бойынша, климаттың ғаламдық өзгеруінен бүгінде 150 мыңнан астам адам көз жұмған. Бүгінде әлемнің барлық жерінде ауа райының жаһандық жылыну үрдісі байқалып, бұл әлемдік экологтардың дабыл қағуына түрткі болып отыр. Естеріңізге сала кетейік, халықаралық қауымдастық 1980 жылдан бастап ғаламдық жылыну мәселесіне назар аудара бастаған болатын.
Қолданылған әдебиеттер
1. Тонкопий М.С. Экономика природопользования — А. 1998. Б. 96
2. К.Н.Дьяконов, А.В. Дончева. Экологическое проектирование и экспертиза. Учебник Аспект пресс. Москва2002 г.
3. Сармурзина А.Г., Ашкеева Р.К., Дубовиченко А.Э. Химия воды, Алматы, «Қазақ университеті», 1997. — 71 с.
4. Акимова Г.А., Кузьмин А.П., Хаскин В.В. Экология, природа — человек. Техника, М. Юнити, 2001. — 343 с.
5. Шилов И.А. Экология, М., Высшая школа 2010.
6. Ақмырзаева, М. Н. Экологиялық білім негіздері// Экологическое образование в Казахстане.- 2006.- №2.- 17-21 б.
7. Бейсенова, Ә. Экологиялық кодекстің қоршаған ортаны қорғаудағы маңызы : Ғалым трибунасы// Атамекен.- 2007.- 12 қараша.- 2 б.
8. Берікбол, М. Басты мақсат-экологияны жақсарту// Жас Алаш.- 2011.- 2 қараша.- 6 б.

ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Жаһандық жылынудың қоршаған ортаға әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .4
2 Жаһандық жылыну себеп салдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
3 Ғаламдық жылынудың әсерлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
4 Озон қабатының бұзылуы -ғаламдық экологиялық проблема ... ... ... ... ... 13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

КІРІСПЕ
Адамзат баласы мен Табиғат-ананың айқасы жанайқай шегіне жетіп қалған сияқты. "Табиғатты бағындыру" қағидасы ұранға айналған ХХ ғасырдағы адам әрекеті қоршаған ортаның табиғи тепе-теңдігінің іргетасын шайқалтты. Тіршілік атаулы табиғатпен үйлесімді әрекеті арқылы ғана дами алатындығын, өзі де сол Табиғат-ананың бір баласы екенін жиі естен шығаратын адамзат тойымсыз тәбетін табиғатты тұқырту тәсілімен қанағаттандыру жолына түскен еді.
Өзін "адамзат рухының құлдырау ке - зеңінде туғаныма өкінемін" деп санаған атақты неміс-француз ойшылы, әйгілі гуманист Альберт Швейцер "Малына қорек үшін шабындықтағы мыңдаған өсімдіктерді отайтын шаруа, еріккеннің ермегі үшін жол жиегінде өсіп тұрған бір тал гүлді жұлуға тиісті емес, себебі бұл жағдайда ол, ешқан - дай қажеттіліктен тумаған, табиғатқа қарсы қылмыс жасайды", деген екен. Себепсіз бір тал гүл жұлмақ түгілі, тұтас ормандарды отап, те - ңіз - дерді құрғатқан адам - заттың "Асау та - биғаттың бермегенін тартып алайық!" деп даурыға ұрандағанын да білеміз. Әлі де "ат - тан - дап" келеді. Қан - ша жомарт болса да Жер жарықтық тойымсыз - дықтан тұншықты, қанша төзімді болса да Табиғат-ананың тынысы тарылды.
Тарылғаны сол емес пе, ХХІ ғасыр бас - тауы табиғи апаттар мен сілкіністерден ес жи - ғызбай барады. Мәңгі жасыл құрылық - тар - ды жаз ортасында қар басып, Гренландия - ның мұз құрсаулырының жыл сайын 250 млрд. тоннасы еріп, бу мен суға айналып жатыр.
Ғалымдық жылынуға мызғымайтындай көрінген Гренландия аралында пайда болған сөгінді-жарық ұлғайып келеді. Арктика мұздары көлемiнiң кiшiреюi де бұл қауіптің басы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сараптамасы бойынша, климаттың ғаламдық өзгеруінен бүгінде 150 мыңнан астам адам көз жұмған. Бүгінде әлемнің барлық жерінде ауа райының жаһандық жылыну үрдісі байқалып, бұл әлемдік экологтардың дабыл қағуына түрткі болып отыр. Естеріңізге сала кетейік, халықаралық қауымдастық 1980 жылдан бастап ғаламдық жылыну мәселесіне назар аудара бастаған болатын.

1. Жаһандық жылынудың қоршаған ортаға әсері
Иә, жаһандық жылыну аңыздан ақиқатқа айналды. Қазіргі таңда жаһандық жылыну үрдісінің қоршаған ортаға орасан зор қауіп төндіріп келе жатқанына ешқандай күдік қалмады. Жер шары қызып барады. Өткен ғасырда ауаның температурасы бүкіл дүние жүзінде Цельсия бойынша 0,7 градусқа жы - лынған. Соның салдарынан Килиманджаро шыңдарын ғасырлар бойы құрсаған қарлар еріп, теңіз түбіндегі маржанды жартастар ізсіз жоғалуда. Сонымен "жаһандық жылыну қатері" дегеніміз не?
Климаттың өзгеру қаупі туралы ең алғаш 1975 жылы сөз қозғалды. 1975 жылы 8 та - мызда "Scіence" атты журналда америкалық климатолог Уоллес Брокер ауа райының күрт өзгере бастағанын алға тартып, алғаш рет "жаһандық жылыну" терминін өмірге әкелді. Ауа райының өзгеру құбылысын екі мың жылға тарта тарихы бар климатология ғы - лы - мы зерттеп келеді. Алайда өткен ғасыр - дың соңына дейін бұл ғылымның ізденістеріне адамзат қауымдастығы тарапынан аса бір қызығушылық таныла қойған жоқ. Тіпті өткен ғасырдың 60-шы жылдарында, ең алғаш, климаттың күрт жылынып бара жат - қан - дығы туралы дабыл қағып, жердің жоғары қабатының қызуы артқанын байқаған белгілі кеңестік климатолог А. Будьконың болжам - дарын басқалар түгілі, кейбір ғалымдардың өзі жүре тыңдады. Міне, енді төрткүл дүние - нің төрт бұрышында да жердің жоғарғы қаба - тының қызуы жоғарылап кеткендігі талас тудырмайтын шындыққа айналды. Ғалымдар арасындағы талас енді жаһандық жылыну шындық па, әлде жалған ба деген тұрғыда емес, бұл проблеманың төркіні ерте ме, кеш пе жылыну үрдісі климаттың күрт төмен - деуіне әкеліп соғатын табиғи құбылыс па, әлде қоршаған ортаға жаһандық ауқымда кесірін тигізген адамзаттың техногендік әрек - ет - терінің салдары ма деген тұрғыда өрбіп жатыр.
Жаһандық жылыну дүркін-дүркін қайта - ланып тұратын қалыпты табиғи құбылыс деп дәлелдейтіндер не дейді? Олардың айтуын - ша, соңғы екі мың жыл ішінде Жер шарын мекендейтін тіршілік атаулы үш рет жаһан - дық жылыну кезеңін, үш рет жаһандық суы - ған кезеңді бастан өткерген. Температураның соңғы төмендеу кезеңі ХІХ ғасырдың бірінші жартысында аяқталыпты. ХІХ ғасырдың екінші жартысында ауа райы қалпына келіп, ХХ ғасырда қайтадан жаһандық жылыну кезеңі басталып, сол ғасырдың соңында 0,7-0,8 градусқа жеткен. Сондықтан, дейді та - биғи тәсілді жақтаушылар, бүгінгі жаһандық жылыну кезеңі ұзамай ауа температурасының төмендеу кезеңіне ауысады. Оның Жер ор - битасы параметрлерінің өзгеруіне байланыс - ты Күн қызуының құбылуы сияқты астро - номиялық, Гольфстрим атты мұхиттар ағысы қуатының әлсіреуі сияқты табиғи себептері бар көрінеді.
Енді жаһандық жылынуды адам факто - рымен байланыстыратындардың дәлелін сараптап көрейік. Біріншіден, олардың айтуынша, ауа температурасының мұндай жылдамдықпен жылынуы бұрын-соңды болмаған құбылыс көрінеді. Бар болғаны соңғы жүз жылға жетер-жетпес кезеңде ауаның орташа температурасы 0,7-0,8 градусқа ысуы мың жылда да болмаған. Тіпті соңғы 15 жыл ішінде ғана ауа температурасы жылынуының жылдамдығы 0,3-0,4 градусқа артқан. Қалыпты табиғи факторлар мұндай жылдамдықпен атмосфераны жылыта алмаса керек. Бұған сөзсіз адам әрекеті себеп болып отыр. Екіншіден, техногендік дәуірде ауаға бөлінген көмірқышқыл газы мен метанның көлемі шектен тыс асып кеткен. Қазіргі кезде қуат өндіретін стансалардан, өнеркәсіп орындарынан шығатын көмірқышқыл газы атмосфералық қабатқа өтетін газдың 13 бөлігін құрайды. Осыған байланысты ға - лым - дар қазіргі жаһан - дық жы - лыну үрдісіне се - беп болып отырған ке - са - паттың 90 пайызы адам қо - - лымен жасалып отыр деген тұжырымға тоқ - та - ған.
Бүкіләлемдік климат - тық конференцияда сөй - леген сөзінде БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун "Арктикадағы жы - лы - ну үрдісі Жер шары - ның басқа өңірлеріне қа - рағанда тым жылдам бе - лең алып барады. Осылай бара беретін болса, 2030 жылға таман ондағы мұз қалқанының мүлде жойылып кету қаупі бар. Арктикадағы бүгінгі болып жатқан өзгерістер климаттың жаһандық жылынуын жылдамдата түспек", деп атап көрсетті.
Сөйтіп, жер бетіндегі мәңгі мұздардың күрт еруі басталды. Бүгінгі таңда біздің планетамызда атмосфера тепе-теңдігін сақтап тұрған екі алып мұздақ бар. Оның бірі Грен - ландияда, бұл мұз қабатының қалыңдығы 2 шақырымнан асады. Екіншісі, Антарктика - ның мұз қабатының қалыңдығы 4 шақырымға жетеді. Сонымен бірге Солтүстік Мұзды мұхиттың көп жылдық мұз қабаттары 4 метрқалыңдыққа дейін қатады. Одан басқа құрлықтардағы биік таулардың мәңгі мұз құрсанған шыңдары бар. Қорыта айтқанда, жер бетінде жаһандық жылыну салдарынан күрт еритін қаупі бар мұздақтар жеткілікті. Міне, ғалымдарды ерекше алаңдатып отыр - ған күрделі қауіп те осы мәңгі мұздақтардың күрт еруіне байланысты болғалы тұр.

2 .Жаһандық жылыну себеп салдары
Күн райы қырық құбылатын болды. Бүгiн-ақ сұп-суық жел есiп, жаңбыр жауса, ертесiне күн қызып, жер бетiн 39-40 градус қайнаған ыстыққа орай салады. Әсiресе, соңғы жылдардағы ауа райының өзгеруi адамдарды таңқалдырып отыр. Неге? Себеп көп. Әлем ғалымдары бас шайқап мұның себебiн ғаламдық жылыну салдарынан iздейдi. БҰҰ жанын-дағы Әлемдiк метеорология ұйымының мәлiмдеуiнше, биылғы мамыр айы ауа райының тым құбылмалылық танытқан айы боп, рекорд жасалды. Бiр қызығы мұндай өзгерiстер маусым, шiлде айларында да орын алды.
Ғалымдардың пiкiрiнше, ауа райының бұлайша өзгеруi климаттағы құбылыстың әсерiнен. Яки, олардың тiлiмен айтсақ, бұл -- ғаламдық жылыну.
Қазақстандық қоғамның дамуына ауа райының ғаламдық өзгерiстерi қаншалықты әсер етпек? Климаттағы өзгерiстер, ғаламдық жылыну қазiр бүкiл дүниежүзi бойынша ең талқыланатын тақырыптың бiрi. Президент Н. Назарбаевтың Жолдауында айтылған экологиялық мәселелердiң бәрiн халықаралық стандартқа сәйкестендiру мәселесi де осы ғаламдық жылынуға байланысты. Қазақстанда өткен жылы Экологиялық кодекс қабылданды. Сонымен қатар, Киот хаттамасына сәйкес, қазiрдiң өзiнде бiрқатар жобалар iске асырылды. Мұның бәрi экологияның жақсаруына оң әсер етедi.
Климаттың өзгеруi -- ядролық қаруды қолдану немесе соғыстар емес. Ол одан да алапат қауiп. Мұндайда қазақ Алла зiлзаладан, топан судан сақтасын дейдi. Бiрақ осы өзгерiстердiң ауқымы мен олардың салдарлары қалай болатынын әлi күнге дейiн дәлме-дәл тап басып айту қиын. Температураның өзгеруi -- бұл жаңалық емес, осы өзгерiстiң жылдамдығы қандай болмақ? Мiне, жаңалық осы.
Қазiр жер шары бұрынғыға қарағанда 1,1 градусқа жылыған. Егер жер шары 3-4 градусқа қызса, онда апат болатынын, мамандар шiмiрiкпей-ақ айтып жүр. Шынында да алдағы жүзжылдықта адам баласының салғырттығынан жердегi тiршiлiк иелерiнiң жартысы жойылып кетпек пе? Әлемдiк экологияның өзгеруiне бiрден-бiр себеп -- мұздықтардың еруi. Жер шарының екi полюсi де мұздықтарға оранып жатқанымен, табиғаттың бұл тылсымдығы бұзылудың аз-ақ алдында тұр.
Қазiр әлем ғалымдары күннiң шамадан тыс қызуы салдарынан полюстiк мұздардың тез ерiп бара жатқандығын айтумен келедi. Мәселен, Арктиканың мұздықтары еруiн жарты ғасыр бұрын бастаған.
Жаһандық жылыну бүкiл планетаға ортақ қауiп болғандықтан дүниежүзi елдерiнiң ғалымдары жиi бас қосып, осы мәселенi шешудiң жолдарын қарастыруда. Ең бастысы -- мұздықтардың еру процесiн тоқтату. Грендландия мұздары ерiп кетсе, мұхит деңгейi 7 метрге көтерiледi. Мұндай жағдай орын алғанда Мальдив сияқты теңiз деңгейiнен бiр метрге ғана жоғары орналасқан елдер су астында қалары сөзсiз. Ал Антарктида мен Арктика мұздығы ерiсе мұхит суы 60-70 метрге жоғарылайды. Бұл кезде атом бомбасының зардаптары түкке тұрғысыз болып қалады. Егер осы апат болып жатса жер бетiнiң өсiмдiктер мен жануарлар әлемi түгелдей өзгерiп, су тапшылығынан 3 млрд. адамның өмiрi қыл үстiнде қалады. Жаһандық жылыну - дүниежүзi елдерiнiң басына төнген қатерлi қауiп. Бұл сұрапыл апаттың алғашқы белгiлерi айқындала бастады.
Мұзарттарды қалай аман сақтаймыз?
Ал Қазақстан кәрi құрлықтың қақ ортасында орналасқан, ендеше бiзге келер ешбiр қатер жоқ дей алмаймыз. Бiздiң елiмiздегi ауа температурасы да бiрте-бiрте көтерiлiп келедi. Онсыз да шөлейттi аймақ баябан шөлге, ал суы мол ылғалды жерлер шөлейтке айнала бастайды. Соңғы он жыл шамасында Iле Алатауының солтүстiк беткейiндегi мұздықтардың жартысына жуығы ерiп кеткен. Сондай-ақ, Алатау сiлемдерiнiң жылдам еруiне Арал теңiзiнен ұшып келген тұздар да әсер етiп жатыр. Бұдан былай да мұздықтардың еру процесi бұрынғыдан жылдамдай түспек. Эколог-климатологтардың айтуынша, ХХI ғасырда асқақтаған Алатауымызда адам көзiн сүйсiндiрер мұздық қалмайды. Бұл деректер "2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан экологиясы" атты мемлекеттiк бағдарламада көрсетiлген. Мың жылдан берi қатталған мұздықтар ерiсе, тау шыңдарының ойыстарында алып көлдер пайда болып, тасқындар көбейедi. Мәселен, 1963 жылы Iле Алатауындағы мұздықтардың еруi салдарынан Есiк көлiнен алапат сел басталып, етектегi елдiң есiн алған. Бұл оқиғадан кейiн тау басында мұздықтардан пайда болған "Ақкөл" көлi қалды. Ендi мұздықтар ери қалған жағдайда Ақкөлдi арнасынан асырады, өз кезегiнде ол Есiк көлiне тағы бiр сарқуы мүмкiн. Жаһандық жылыну процесiнен Iле Алатауынан бастау алатын өзендердiң суы соңғы жылдары 16%-ға кемiптi.
Қазақстанда су тапшы. Елiмiз шетелден келетiн тұщы су көздерiнiң есебiнен өмiр сүрiп келедi, яғни Қытай, Қырғызстан, Түркiменстаннан бастау алатын өзен суларын пайдаланамыз. Жалпы алғанда, Қазақстан халқы ерiген мұздықтардан құралған өзендердiң суын асқа жаратып отыр, ал елiмiздiң территориясының басым көпшiлiгi шөлейттi зонаға жатады.
Әлде де болса дүниежүзiнiң эколог ғалымдарының бас қатырып жүргенi бiр ғана сауал -- жылыну процесiн қалай тоқтату керек?
Болашақ қауiптiң алдын алуға жанталасқан Швейцарияда қазiр Альпi тауларының мыңжылдық мұздықтарының еру процесiн баяулату үшiн мұз бетiн полиэтилендi жабындымен жаппай қаптап, адам ойына келмейтiн iстердi атқаруда.
Бiз қайтемiз?! Ұшар басындағы ақ қар, көк мұздары жылдам ерiп, күн өткен сайын аласарып бара жатқан мұзарттарымызды аман сақтау үшiн сиқырлы жабындылармен жабамыз ба? Алапаттың алдын алу үшiн өсiмдiк әлемiн мейлiнше көбейте түсу керек дейдi мамандар. 2020 жылға дейiн ауаны ластайтын парниктi газдардың шамасын 40 пайызға кемiтсе жетiп жатыр. Иә, айтар ауызға оңай болғанымен, өркениет дамыған сайын, Жер-ананың бауыры ластана бермек.
Қазақстанда астық өндiрiсi, ауыл шаруашылығы, өнеркәсiп сияқты салаларды ауа райының ғаламдық өзгерiстерiне бейiмдеу механизмдерi жасалуда. Мәселен, суды үнемдеу, күн сәулесiн пайдаланатын электр көздерiн дамыту, ауыл шаруашылығы саласында ыстыққа шыдамды дақылдарды өсiру, өсiмдiк түрлерiн аудандастыру қажет болады. Айтпақшы, шағын электростансалар парниктiк газдардың азаюына әсер етедi. Бес шағын электростанса жылына 3,5 тонна СО2 қалдығын азайтуға мүмкiндiк бередi екен. Оңтүстiк Қазақстан облысында қазiр 5 фермерлiк шаруашылық фотоэлектрлi қондырғыны пайдалану жобасына қатысуда.
Жалпы, ғаламдық жылыну - 40 жылдан берi қозғалып отырған мәселе. Қазақстанда да бұл - бұрыннан бар проблема. Өйткенi, таудағы мұздықтардың 40 пайызы ерiп кеткен. Ендi қалған мұздықтар бұдан да тез еруi мүмкiн. Бiздегi таулардың мұздықтары ғана емес, дүние жүзiндегi мұздықтардың барлығы дерлiк ерiп жатыр. Гималай, Кавказ, Альпi, Памир, Тянь-Шань, Анд тауларында да мұздықтар азайып барады. Сондықтан болашақта миллиондаған адам ауызсусыз қалуы мүмкiн. Бiр ғана Гималай тауынан бастау алатын өзендер Қытай мен Үндiстанды ауызсумен қамтамасыз етiп отыр. Сол сияқты елiмiз де мұздықтардан айырылса, ауызсусыз қалады. Бұл - бiр. Екiншiден, сел қаупi төнедi. Қалада жаңбыр жауса, тауға қар түседi. Ал егер мұздықтар ерiп кетсе, бiрден сел ағады. Онда Алматыны су шайып кетедi.
Соңғы 200 жыл iшiнде өндiрiс қатты дамыды. Мұнай, көмiр, ағаш өртелiп жатыр. Амазониядағы ағаштар қырқылды. Ал Гольстрим сол жақтан бастау алады. Ол басқа жаққа бұрылып кетсе, Еуропада мұздық пайда болады. Мұнай, көмiр жерастында миллиондаған жылдар бойы жиналады. Мұнай, көмiр өртелiп, ауаға СО2 көмiрқышқыл газы ретiнде таралды. Бұдан бөлек метан газы да бөлiнедi. Бұның зардабы көмiрқышқыл газынан да зор. Сол парниктiк газдар жер бетiн қыздырып жатыр.
- Тығырықтан шығудың жолы бар ма?
- Бар, улы газдарды тек планктондар мен өсiмдiктер ғана сiңiре алады. Осы себептi әрбiр тал шөп, әрбiр ағашты сақтау қажет. Елiмiзде оттегi газын жинап жатқан ешкiм жоқ. Көмiр жағуды қою қажет. Мұнай өртеудi доғару керек. Содан кейiн энергетиканың балама көздерiн пайдалануды жолға қоюға тиiспiз. Мәселен, шетелде күннiң сәулесi мен желдiң күшiн пайдалану жағын қарастырып жатыр.
Әр адам қолынан келгенше экологияның жақсаруына үлес қоса алады. Бұл жұмысты қарапайым ғана ағаш егуден бастау керек. Екiншiден, мұздықтарды сақтап қалуға да әркiм атсалыса алады. Iле Алатауын әкпен ақтау туралы айтқаным бар. Бiрақ, мен тауды ақтаңдар деп тұрғаным жоқ. Сол мұздықтардың астындағы тастарды ақтау керек деген пiкiр бiлдiрдiм. Сонда күннiң сәулесi қайтадан ауаға таралады. Өйткенi, мұздықтардың астындағы қара тастар күн сәулесiнiң әсерiнен қатты қызады да, мұздықтар содан еридi.

Улы газ жылынуға жол ашты
Ғалымдардың пiкiрiнше, өнеркәсiптерден бөлiнетiн улы газдар ғаламдық жылынуға жол ашты. Ауа райын зерттеушi ғалымдардың көбi климаттың жиi өзгеруiне атмосферада парниктi газ концентраттарының артуын себеп санайды. Сондай-ақ, электростанциялардың, қоғамдық көлiктердiң көбеюi мен зауыттар түтiнi де себепкер дейдi олар.
Жалпы, ауаның ластануына кез келген адам өз үлесiн қосып келедi десек өтiрiк емес. Мысалы, Google.com сайтынан екi сауалға жауап алудың өзiнен ауаға жеткiлiктi мөлшерде көмiр қышқыл газы бөлiнедi екен. Демек, адам баласы түйiнiн шешуге тиiс тағы бiр мәселе -- қалдықтарды тиiмдi пайдалану. ХХ ғасырға дейiнгi кезеңде тек органикалық қалдықтар ғана болған. loopy.by сайтының мәлiмдеуiнше, бүгiнде жер бетiн мекендеген адам баласының өзi жылына 2,1 трлн. тоннға жуық қалдық өндiредi. Оның 40 пайызы бөтелке, пакет, қорап, қалта сияқты тұрмыстық қалдықтардан тұрады.
Қоқыс дағдарысына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғаламдық жылыну жағдайындағы Батыс Қазақстан климатының өзгеруі
Климаттың жаһандық өзгеруі
Табиғи фактардың климат өзгерісіне әсері
Климаттың өзгеруі жайында
Ғаламдық жылынуды болжау әдістері
Климат өзгеруінің басты әсерлері
Алматы және Астана қалаларының физика географиялық сипаттамасы
Қазақстан және Киото хаттамасы
Киото хаттамасы
Климаттың жаһандық жылынуы
Пәндер