Екі секциялы, екі қабатты, 12-пәтерлік кірпішті тұрғын үй



Кіріспе
1 Жалпы мәлімет 5 бет
2 Жобаланатын үйдің құрылымдары
3 Іргетастар7 бет
4 Қабырғалар
5 Аражабындар
6 Едендер
7 Аралық қабырғалар
8 Терезелер
9 Есіктер
10 Шатырлар
11 Сатылар
12 Инженерлік жабдық
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша А
Екі секциялы, екі қабатты, 12-пәтерлік кірпіштен жасалған тұрғын үй.
Мақсаты:экономикалық талаптарға жауап беретін,қазіргі XXI ғасыр талабына сай жабдықталған,техникалық, сәулеттік,табиғат қорғау талаптарына сай келетін тұрғын үйдің жоспарын салу.
Міндеті:құрылыс материалының физикалық,химиялық,механикалық қасиеттеріне сай болуы,барынша шығын түрі мен жұмыс күшінің аздығы міндеттеледі.
2012 жылғы желтоқсанның 14-де Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты мәжілісте "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын ұсынды«100 нақты қадам» – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары.«100 нақты қадам» елімізге «2050-Стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап беретін болады.
Жоспардың негізгі мақсаты «Аурулардың сыртқы белгілерін» сылап-сипап қою емес, оларды «жүйелі емдеу» болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды.
Рұқсат алуды оңтайландыру. Құрылысқа рұқсат алудың үш сатылы («30-20-10») қағидаты енгізіледі. Бірінші саты – архитектуралық жобалау тапсырмасын беру өтініш берілген күннен кейін 30 күн ішінде жүзеге асырылады. Екінші – эскиз жобаны (дизайн-жобаны) мақұлдау – 20 күнге дейін, үшінші – рұқсаттың өзі – 10 күн ішінде.
Жобалау-сметалық және жобалау құжаттарын сараптамадан өткізуге байланысты мемлекеттік монополиядан біртіндеп бас тарту. Жобаларды сараптауды бәсекелесті ортаға тапсыру.
1. Азаматтық ғимараттардың конструкциялары:Оқулық.Т.Г. Маклакова,С.М. Нанасов,Е.Д. Бородай,В.П. Житковтардың оқу құралы.;Т.Г. Маклакованың редакциясынан. – М:құрылысбасп,
1986, - 135.:ил..
2. Сыртқы қоршауды жылутехникалық есептеуге нұсқау әдістемелік Савушкина О.А...Лпк, 1997.
3. Ғимарат және ғимараттарды тұрғызудың технологиясы:Оқулық.В.И.Теличенко, А.А.Лапидус,о.М. Терентьев жоғары оқу орны және тағы басқалар үшін.; - М: Высш.шк..;
2001. – 320. ил.
4. Ғимарат конструкциялары – Розақов.
5. https://kk.wikipedia.org/wiki/ ақпарттық порталы.
6. Құрылыс конструкциялары – Біржанов Р.Т.

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды облысының білім басқармасы
ҚММ Қарағанды көлік - технологиялық колледжі

ЦӘК ПО және ДЭАС

Курстық жұмыс
Үйлер мен ғимараттардың құрылымдары пәні бойынша
Тақырыбы: Екі секциялы, екі қабатты, 12-пәтерлік кірпішті тұрғын үй.

Жетекші:арнайы
пәндер оқытушысы
Ахметов Бейбіт Бакиевич

(қолы) (күні)

Оқушы:9КПО - 14-1
Джанкеева Нұрай Саламатовна

(қолы) (күні)

Қарағанды
2017
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды облысының білім басқармасы
ҚММ Қарағанды көлік - технологиялық колледжі

ЦӘК отырысында қарастырылған
ЦӘК төрайымы
Коровина Н.Н.
2017 ж.

0104000 Кәсіптік оқыту (сала бойынша) мамандығының 3 курсының 11КПО-14-1 тобының оқушысына Үйлер мен ғимараттардың құрылымдары пәні бойынша курстық жобаға
тапсырма
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Курстық жұмыс тақырыбы :

Негізгі мәліметтер
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Берілген тақырып бойынша курстық жоба келесі көлемде орындалады:

Түсініктеме жазба
1 Бастапқы бет
2 Курстық жоба бойынша тапсырма
3 Мазмұны
4 Кіріспе
5 Жалпы мәлімет
6 Конструктивтік шешімдер
7 Қорытынды
8 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
II Графикалық бөлім

Тапсырма берілген күн 2017 ж.
Аяқталу уақыты 2017 ж.
№ 1 бөлім меңгерушісі Жексенбина А.З.
Курстық жобаның жетекшісі Ахметов Б.Б.
Тапсырманы қабылдады
(қолы) (күні)

Мазмұны:

Кіріспе
1 Жалпы мәлімет 5 бет
2 Жобаланатын үйдің құрылымдары 6-7 бет
3 Іргетастар 7 бет
4 Қабырғалар 7-10 бет
5 Аражабындар 10-12 бет
6 Едендер 12бет
7 Аралық қабырғалар 12-13 бет
8 Терезелер 13-15 бет
9 Есіктер 15-16 бет
10 Шатырлар 16-18 бет
11 Сатылар 18-21 бет
12 Инженерлік жабдық 21 бет
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша А

Кіріспе

Екі секциялы, екі қабатты, 12-пәтерлік кірпіштен жасалған тұрғын үй.
Мақсаты:экономикалық талаптарға жауап беретін,қазіргі XXI ғасыр талабына сай жабдықталған,техникалық, сәулеттік,табиғат қорғау талаптарына сай келетін тұрғын үйдің жоспарын салу.
Міндеті:құрылыс материалының физикалық,химиялық,механикалық қасиеттеріне сай болуы,барынша шығын түрі мен жұмыс күшінің аздығы міндеттеледі.
2012 жылғы желтоқсанның 14-де Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты мәжілісте "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын ұсынды 100 нақты қадам - бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары. 100 нақты қадам елімізге 2050-Стратегиясын жүзеге асыру мен Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап беретін болады.
Жоспардың негізгі мақсаты Аурулардың сыртқы белгілерін сылап-сипап қою емес, оларды жүйелі емдеу болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды.
Рұқсат алуды оңтайландыру. Құрылысқа рұқсат алудың үш сатылы (30-20-10) қағидаты енгізіледі. Бірінші саты - архитектуралық жобалау тапсырмасын беру өтініш берілген күннен кейін 30 күн ішінде жүзеге асырылады. Екінші - эскиз жобаны (дизайн-жобаны) мақұлдау - 20 күнге дейін, үшінші - рұқсаттың өзі - 10 күн ішінде.
Жобалау-сметалық және жобалау құжаттарын сараптамадан өткізуге байланысты мемлекеттік монополиядан біртіндеп бас тарту. Жобаларды сараптауды бәсекелесті ортаға тапсыру.
Құрылыстың сметалық құнын анықтаудың ресурстық әдісін енгізу. Құрылыста баға қалыптастырудың жаңа әдісін енгізу материалдардың, бұйымдардың, жабдықтардың және еңбекақының қолданыстағы бағаға сәйкес нақты нарықтық бағасына байланысты құрылыстың сметалық құнын анықтауға мүмкіндік береді, сонымен бірге жаңа материалдармен, жабдықтармен және технологиямен сметалық-нормативтік базаны жедел жаңартуды қамтамасыз етеді.
Кеңестік кезеңнен бері қолданылып келе жатқан құрылыстың ескірген нормалары мен ережелерінің орнына еурокодтар жүйесін енгізу. Жаңа нормативтерді қабылдау инновациялық технологиялар мен материалдарды қолдануға, құрылыс қызметі нарығындағы қазақстандық мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сонымен бірге құрылыс саласындағы шетелдік қызмет нарығына қазақстандық компаниялардың шығуына мүмкіндік береді.

Жалпы мәлімет
Бұл 2 этажды тұрғын үй он екі отбасыға арналған.Тұрғын үйдің 45-50адам тұруға арналған,барлығынша адамдар тұруға қолайлы болып келеді.Тұрғын үй жоба бойынша әр пәтерде бір жатын бөлме,асхана,дәліз және қонақ бөлме бар.Сыртқа шығуға раналған бір ортақ баспалдақ,жиырма терезесі бар.
Алматы облысы -- Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 224,0 мың км2. Облыс аумағында 16 аудан және 3 облыстық бағыныстағы қала (Қапшағай, Талдықорған, Текелі) бар. Тұрғыны 1631,7 мың адам (1998). Әкімшілік орталығы -- Талдықорған қаласы. Алматы облысы батысында Жамбыл, солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Қарағанды, солтүстік-шығысында Шығыс Қазақстан облыстарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен шектеседі.
Алматы облысының климаты негізінен континенттік. Қысы қоңыржай салқын. Қаңтар айындағы орташа температура солт. жазық бөлігінде -- 10-16°С, оңтүстікте -- 4-9°С. Жазы ыстық және қуаң. Шілде айының орташа температурасы солтүстігінде 25°С, оңтүстігінде 27°С. Бұл жазық өңірлерде жауын-шашынның орташа жылдық мөлш. 110-250 мм. Тау бөктерінің климаттық жағдайы жұмсақ. Қаңтар айының орташа температурасы -- 5-90С, жылымық жиі болып тұрады. Шілде айының орташа температурасы тау бөктерінде 21-230С, тау аңғарларында 19-220С. Жауын-шашын тау бөктерінде 400-600 мм, тау аңғарларында 700-1000 мм. Үй салуға өте қолайлы аймақ және іргетасы - таспалы іргетастар,ол іргетас уақытты үнемдейді және өте тиімді болып келеді.Қабырғасын ауа - райына байланысты 510 мм қылып аламыз.

2 Жобаланатын үйдің құрылымдары

Барлық басқа жерүсті, сондай-ақ жерасты және суасты құрылымдары инженерлік, яғни арнайы техникалық мақсаттарды орындауға арналған құрылымдарға (көпір, теледидарлық мачта, туннель, метро, резервуар, жолдар) жатады.
Ғимараттың ішкі кеңістігі бөлек бөлмелерге бөлінеді.
Бөлме - бөлімшесі жоқ, ғимарат ішіндегі барлық жағынан қоршалған кеңістік (тұрғындық бөлме, аудитория, коридор, цех).
Бір деңгейде орналасқан бөлмелер қабатты құрайды. Қабаттар аралық жабындармен бөлінеді.
Барлық ғимараттар келесі үш үлкен топты құрайтын, бөлек бір-бірімен өзара байланысқан бөліктер мен элементтерден тұрады:
- көлемдік-жоспарлық элементтер, яғни ғимараттың барлық көлемін бөлетін ірі бөліктер (қабат, бөлек бөлмелер, оны бөлшектейтін негізгі қабырғалар арасындағы ғимарат бөлігі);
- конструкциялық элементтер - ғимараттың құрылымын анықтайды (іргетас, қабырғалар, аралық жабындар, шатыр);
- құрылыс бұйымдары - конструкциялық элементтер құрылатын салыстырмалы ұсақ бөлшектер (әрлеу тастары, панельдер, плиталар, баспалдақтар).

1 - сурет. Ғимараттардың конструкциялық элементтері:
1 - іргетастар; 2 - қабырғалар (сыртқы және ішкі); 3 - жертөле үсті жабын; 4 - қабатаралық жабын; 5 - аралық қабырға; 6 - шатырсыз төбе (нұсқа); 7 - шатырлы төбе; 8 - саты; 9 - терезелер; 10 - есік.
Іргетас - жоғарыда жатқан конструкциялардан күштерді қабылдайтын және оларды топыраққа беретін ғимараттың жерасты бөлігі.
Қабырғалар - қоршаған орта әсерлерінен бөлмелерді қорғайтын және бір бөлмені екіншісінен бөлетін вертикальды қоршаулар.
Бөлек тіректер - жоғарыда орналасқан элементтерден іргетасқа күштерді беретін көтеруші вертикальды элементтер (ұстындар, кірпіштік бағаналар).
Аражабындар - ғимаратты қабаттарға бөлетін және қабырғалар мен бөлек тіректерге күштерді беретін горизонтальды көтеруші конструкциялар.
Ригельдер - аражабыннан күштерді қабылдайтын және оларды ұстынға беретін горизонтальды конструкциялық элементтер.
Аралық қабырғалар - қатарлас бөлмелерді бөлетін, ішкі көтеруші емес қабырғалар.
Сатылар - қабаттар арасын қосуға, сонымен қатар ғимараттан адамдарды шығаруға арналған конструкциялар.
Шатырлар - сыртқы ортаның әсерінен ғимараттың бөлмелері мен конструкцияларын қорғайтын ғимараттың ақырғы бөлігі.
Терезелер - бөлмелерді жарықтандыруға және желдетуге арналған жарық өткізгіш қоршаулар.
Есіктер - бөлмелер арасын қосу үшін жылжымалы қоршаулар.
Ғимараттың конструкциялық элементтеріне кейбір қосымша: эркерлер, лоджиялар, балкондар, верандалар, приямкалар және т.б. конструкциялар жатады.
Қажетті пайдалану және санитарлы - гигиеналық шарттарды қамтамасыз ету үшін азаматтық ғимараттар санитарлы-техникалық және инженерлік қондырғылармен жабдықталады. Оларға жылу, сумен жабдықтау, суды алып кету, желдеткіш, қоқыс өткізгіш, газификация, телефонизация және т.б. жатады.

Екі секциялы, екі қабатты, 12-пәтерлік кірпіштен жасалған тұрғын үйдің іргетасы.

Іргетастар ғимараттың жер үсті бөлігінен күштерді қабылдайтын және оларды топыраққа беретін ғимараттың маңызды конструкциялық элементі болып табылады. Ғимараттар іргетастары берік, іргетастың табанының жазықтығында құлауға және жылжуға тұрақты, ұзақ мерзімді, экономикалық үнемді және индустриалды болуы тиіс.
Ғимараттың жер үсті бөлігі орналасатын іргетастың жоғарғы жазықтығы іргетас беті, ал топырақпен түйісетін оның төменгі жазықтығы іргетас табаны деп аталады. Топырақтың жоспарланған бетінен табан деңгейіне дейінгі арақашықтықты іргетастың орналасу тереңдігі деп атайды. Ғимараттың тағайындалуы, онда жертөленің болуы, қату тереңдігі, топырақ суларының деңгейі - осының бәрі іргетастың орналасу тереңдігіне әсер етеді. Егер негіз ылғалды ұсақ дақылды топырақтан (ұсақ, шаңды топырақтан, сары топырақтан, саздан) құрылса, онда іргетас табанын топырақтың қату деңгейінен биік емес етіп орналастырады. Ісінбейтін топырақтарда (ірі кесекті, қиыршық тасты, ірі және орташа ірі топырақты) іргетастың орналасу тереңдігі қату тереңдігіне байланысты емес, бірақ ол жоспарланған жер деңгейінен 0,5 м кем емес болуы қажет.
Жылытылатын ғимараттардың ішкі қабырғалары және бағаналары асты іргетастың орналасу тереңдігі топырақтың қату тереңдігіне тәуелді емес қабылданады, оны 0,5 м кем емес етіп тағайындайды. Біркелкі емес шөгулерді болдыртпау үшін ішкі және сыртқы қабырғалар іргетастары біртекті топыраққа сүйенуі тиіс.
Бұл тұрғын үйдің іргетасы - таспалы іргетастар.Таспалы іргетас - үстіне орналасқан кірпішті, блокты, ірі панельді қабаырғалардан түскен күш жүктемелерін бірқалыпты қабылдап тұратын үзіліссіз орнатылған жер асты құрылымдары.
Көлденең қимасында таспалы іргетастар көбіне тікбұрышты болып келеді,оның ені қабырға енінен екі жағына қарай 50-ден 150 мм-ге дейін кеңейтіліп жасалады.
Топыраққа түсетін қысымды беру және оның көтергіштік қабілетін қамтамасыз ету үшін іргетас табанының ауданы оның енін кеңейту арқылы орнатылады.Іргетас шойынды бетоннан жасалған уақытта 27-33 градусқа дейін,ал бетоннан жасалған іргетас үшін 45 градусқа тең етіп алынды.Сатылы түрде жасалған іргетас өлшемі ені 20-25 см,биіктігі 40-50 см тең болатындай етіп қабылданады.

Екі секциялы, екі қабатты, 12-пәтерлік кірпіштен жасалған тұрғын үйдің қабырғасы.

Қабырғалар ғимараттардың маңызды конструкциялық элементтері болып табылады. Қабырғалар келесі талаптарды қанағаттандыруы керек: берік және орнықты болуы; ғимараттың өртке тұрақтылық дәрежесіне сәйкес болуы; жану тобы мен өртке тұрақтылық шегі нормадан төмен болуы; бөлмелердегі қажетті температуралы-ылғалдылық режимді ұстауды қамтамасыз ету; жеткілікті дыбысизоляциялық қасиеттерінің болуы; экономикалық үнемді, яғни материалдар шығыны мен аудын бірлігінің салмағының, еңбек пен жабдықтардың шығындарының аз болуы; сәулеттік-суреттік шешімдеріне жауап беруі керек.
Қабырғалар келесі белгілері бойынша топталады: орналасуы бойынша: сыртқы және ішкі; жұмыс сипаты бойынша: сүйенетін жабу немесе жабын конструкцияларынан күштерді қабылдайтын көтеруші; жоғарыда орналасқан қабырғалардан күштерді қабылдайтын өзін көтеруші; тек қана қорғау функциясын орындайтын ілмелі; конструкциясы және тұрғызу әдісі бойынша қабырғалар төрт топқа бөлінеді: ұсақ түйірлі элементтерден (кірпіштен), ірі тастардан (блоктардан), тұтас, іріпанельді; қолданылатын материалдар тегі бойынша: тасты, ағашты, синтетикалық материалдардан.
Кірпішті қабырғалар керамикалық және силикатты кірпіштен орындалады. Стандартты кірпіштің өлшемдері 120х65х250, мм. Сонымен қатар биіктігі 88 мм кірпіште қолданылады ( 2-сурет).

2-сурет. Кірпішті қабырғада кірпіштердің орналасуы:
а - стандартты кірпіш; б - жанды қатар; в - бүйірлі қатар; 1 - бүйірі, 2 - төсенді; 3 - жаны.
Өлшемдері 120 х 65, мм немесе 120 х 88 мм, кірпіштің бүйірлік беті бүйірі деп аталады. Осы беттермен төселінген кірпіштер қатары бүйірлік деп аталады. Өлшемдері 65 х 250 мм, кірпіш беті жаны деп аталады. Осы беттермен төселінген кірпіштер қатары жандық деп аталады. Өлшемдері 250 х 120 мм, кірпіш беті төсенді деп аталады.
Қалау қалыңдығы жылутехникалық есептеумен анықталады. Қабырға қалаулары тұтас және жеңілдетілген болып бөлінеді. Қабырғаның тұтас қалауы толық біртекті материалдан тұрады. Тұтас қалаудан жасалған қабырғалар ауыр, еңбек сиымдылықты және жылутехникалық сапасы төмен болып табылады.
Қалау қалыңдығы әрқашанда кірпіш жартысының тақ және жұп санына қысқыруы керек. Кірпіштік қабырғалардың қалыңдығы 120, 250, 380, 510, 640,770 мм және одан жоғары болады және 12, 1, , 2, және одан көп кірпішке сәйкес келеді. Кірпіштің 65 мм биіктігінде горизонтальды жіктерді қалыңдығы 10-12 мм етіп орындайды; әр 4 қатар 300 мм, ал 88 мм биіктікте қалау қатары 100 мм құрайды.
Қалаудың қасбетті бетіне шығатын қатарлары алдыңғы (сыртқы) беті, ал ішкі жағына қарағандары - ішкі беті деп аталады. Ішкі және сыртқы қатарлар арасындағы қалаулар қатары таса беті деп аталады.
Қалаудағы тастарды төсеудің анықталған реті байлау жүйесі болып табылады (6-сурет). Шынжырлы қалауда бүйірлік қатары жандықпен кезектеседі. Көпқатарлы қалауда бірнеше жандық қатарларды бір бүйірлікпен жабады. Биіктігі h = 65 мм кірпіштен қалауда әр 5 жандық қатарлар, ал h = 88 мм-де 4 немесе 3 жандық қатарлар бір бүйірлікпен жабылады. Көпқатарлы қалау екіқатарлыға қарағанда қарапайым, сондықтан тас қалаушылардың еңбек өнімділігі осы жүйеде жоғары.

3 - сурет. Кірпішті қалаудың байлау жүйесі:
а -- шынжырлы (бірқатарлы); б -- көпқатарлы; 1 -- бүйірлік қатар кірпіші;
2 -- жандық қатар кірпіші .
Жылу - техникалық есептеу
Бастапқы деректер:
Құрылыстың ауданы - қаласы
Дымқылдықтың - нормалы
Есепті қысқы температура, өте суық бес күндіктің температурасына тең : t = - 26 БЖ
Ішкі ауаның есепті температурасы: =18 БЖ.
Ауаның шартты ылғалдылығы:= 60%.
Бөлмелердің ылғалдық тәртібі - қалыпты.
Дымқылдық қалыпты аймағындағыдай пайдалану деңгейі: Б
Ішкі қабырғалар үшін жылу берудің коэффициенті ав =8,7 Вт\м2 * С
Қысқы шарттардағы сыртқы қабырғалары үшін жылу берудің
коэффициенті ан =8,7 Вт\м2* С
Сыртқы ауа жағдайына байланысты қоршаушы құрылымдардың сыртқы бетінің коэффициенті : П = 1.
Ішкі ауаның температурасы және қоршаушы құралымдарды ішкі бетінің температурасының аралығындағы нормативтік температуралық
құламасы tн = 6 С.
Қабырға жіктерден тұрады:
Цемент - құмды сылақ: r =1800 кг\м3; I =0,93 S=11,091.
Кірпіш силикат шалқыған: r =1800 кг\м3; I =0,81 S=10,92.
Цемент - құмды сылақ: r =1800 кг\м3; I =0,93 S=11,091.
Қабатты қалаудың жуандығын d=0,64 м-тең кірпіштен анықтаймыз.
Формула бойынша оны тексереміз:
Rn = dnln=R1S1+R2S2+...RnSn Д
Д= 0,0161х11,091+0,79х10,92+0,0215х11, 091 = 9,04
Д7 шартын қанағаттандырады.
Қабырғаның жуандығы бұдан:
d=d1+d2+d3=0,015+0,64+0,02=0,675 м болады
Кірпіш қалау жуандығын 640 - мм тең қылып біржола қабылдаймыз.

Екі секциялы, екі қабатты, 12-пәтерлік кірпіштен жасалған тұрғын үйдің аражабындары
Аражабындар ғимараттардың жалпы орнықтылығын қамтамасыз етуде үлкен роль атқарады және олардың элементтерінің қабырғалармен немесе бөлек тіректермен қосылу жүйесіне байланысты соңғыларының көтеруші қабілетіне ықпал етеді.
Аражабындар келесі белгілері бойынша топталады: ғимаратта орналасу орны бойынша: жертөле үсті, қабат аралық, шатырлы; конструкциясы бойынша: негізгі элементі төсенгіштер мен жабынның басқа элементтері төселінетін арқалықтары болып табылатын арқалықты; ғимараттың вертикальды көтеруші тіректеріне немесе ригельдерге және арқауларға сүйенетін көтеруші плиталардан немесе төсеніштерден тұратын плиталы; көтеруші капительді вертикальды тірекпен байланысқан плитадан тұратын арқалықсыз: материалы бойынша: құрама темірбетонды, тұтас құймалы темірбетонды, ағаш және болат арқалықтар бойынша аражабындар.
Аражабындар беріктік, яғни оларға әсер ететін тұрақты және уақытша күштерді қауіпсіз қабылдау, талаптарын қанағаттандыруы қажет.
Аражабындардың пайдалану сапаларын анықтайтын маңызды талабы қатаңдық деп аталады. Қатаңдық нормалармен тағайындалған шектерден асатын жылжуларды болдыртпайды.
Аражабындардың жеткілікті дыбыс изоляциясы болуы қажет. Осыған байланысты әртүрлі дыбыс изоляциялық қасиетті аражабындардың қабатты конструкциялары қолданылады.
Жылуқорғау талаптары шатырлы және жертөле үсті аражабындар үшін қойылады. Аражабындардың көтеруші қабырғаларға түйіскен жерлеріндегі конструкциясына ерекше назар аудару қажет, себебі қолайсыз жағдайларға ұшыратуы мүмкін, қабырғаларда суық жолақтары пайда болуы мумкін.
Аражабындар өртке қарсы талаптарды қанағаттандыруы қажет.
Бөлмелердің тағайындалуына байланысты аражабындарға арнайы талаптар да қойылуы мүмкін: су өткізбеуі (санитарлық түйіндердің, душтардың, моншалардың аражабындар үшін); жанбауы (өртке қауіпті бөлмелерде), ауа өткізбеуі (төменгі қабаттарда зертханалар, қазандықтар орналасқанда).
Ғимаратта орналасу орнына байланысты емес, аражабындар орнатқанда индустриалды, ал олардың конструкциялық шешімдері экономикалық және технологиялық негізделген болуы қажет.
Темірбетонды аражабындар өте сенімді және ұзақ мерзімді болып табылады. Орнату тәсілдері бойынша олар құрама, тұтас құймалы, құрама-тұтас құймалы болып бөлінеді.
Темірбетонды плиталардан құрама аражабындар. Көпқуысты темірбетонды плиталардың ұзындығы 2,4 - 6,3 м (300 мм-ге қысқарумен), ені 1; 1,2; 1,5; 1,8 м, қалыңдығы 220 мм (4 - сурет) және В15, В25 класты бетоннан орындалады.
Тұтас жазық темірбетонды плиталардың ұзындығы 3,6 - 6,3 м, ені 2,4 - 7,2 м, қалыңдығы 120 және 160мм. Төселінген плиталарды сыртқы қабырғалармен және өзара болат байланыстармен анкерлейді.

4- сурет. Аражабындардың көпқуысты плиталары:
а - шеңберлі қуыстармен; б - бетондайтын комбайнды қондырғыларда орындалатын плиталар; в - сопақ қуысты плиталар;
1 - жоғарғы қабат;
- ортаңғы қабат; 3 - төменгі қабат

6 Екі секциялы, екі қабатты, 12-пәтерлік кірпіштен жасалған тұрғын үйдің едендері

Еден - келесі элементтерден тұратын, көп қабатты конструкция: жабындысы (таза еден) - пайдалану әсерлеріне ұшырайтын еденнің жоғарғы қабаты; төсенгіш қабаты (дайындау) - таза еденнің тұрақтылығын қамтамасыз етеді және негізгі күштерді тең бөледі: дайындау қабаты мен таза еден арасына аралық қабат орналасқан - жабынды мен тегістегіш қабаттары арасындағы аралық байланыстырғыш қабат; тегістегіш қабаты - төсенгіш қабатының бетін тегістеуге арналған, сонымен қатар жабындыға қажетті еңісті беретін қабат.
Еденге негіз ретінде қабат аралық жабындар немесе табиғи топырақ қызмет етеді.
Аражабындар бойынша едендерде төсеніш қабаты болмайды. Едендер конструкциясында қосымша - жылу - және дыбысизоляциялық қабаттары болуы мүмкін.
Едендер конструкцияларының топталуы: орнату орны бойынша - аражабынға немесе топыраққа төселінген (топырақ жертөлелерде немесе жертөлесіз ғимараттардың бірінші қабаттарында болуы мүмкін); жабындысының материалы бойынша - ағаш, бетонды, керамикалық, синтетикалық материалдан; жабындысының түрі бойынша - тұтас (жіксіз), түйірлі; рулонды; еден асты конструкциясы бойынша - негіз бен таза еден арасындағы желдетілетін саңылауымен қуысты, еден асты кеңістігі жоқ қуыссыз.
Ғимараттардың тағайындалуына және бөлмелерде өтетін функционалды процестің сипатына байланысты едендер келесі талаптарды қанағаттандыру қажет: берік болуы, яғни сыртқы әсерлерге (қажуға және соққыларға) жақсы қарсыласа алуы; сырғанамайтын және жүргенде дыбыссыз болуы; аз жылу сіңіруінің болуы; гигиеналық, яғни жеңіл тазалануы, пайдалануда ыңгайлылығы (шаң жинамауы, женіл жөнделуі); сәндігі - ғимараттың ішкі әрленуімен үйлесуі; индустриалды - тұрғызғанда өте үлкен еңбек шығындарын талап етпеуі; экономикалық үнемді - аз құнымен, еңбек сиымдылығымен, пайдаланудың ұзақ мерзімімен ерекшеленуі. Бөлмелердің тағайындалуы мен сипатына байланысты едендер дымқыл бөлмелерде су өткізбейтін, өртке қауіптілерде - жанбайтын болуы қажет.

Екі секциялы, екі қабатты, 12-пәтерлік кірпіштен жасалған тұрғын үйдің аралық қабырғалары

Аралық қабырғалар. Аралық қабырғалардың топталуы: тағайындалуы бойынша: бөлмелер аралық, пәтерлер аралық, ас бөлмелері үшін, сантүйіндер үшін; функциялары бойынша: түйық, есік және терезе ойықтарымен, толық емес, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Екі секциялы, екі қабатты, он екі пәтерлі кірпіштен салынған тұрғын үй»
Екі қабатты үш секциялы тұрғын үй
Екі қабатты пансионатты тұрғын үй ғимараты
Қазіргі заманғы сәулет
Құрылыс құралымдарын құрастыруға арналған нұсқаулар
Аз қабатты ғимараттар
Павлодар қаласындағы элиталық жаңа үлгідегі 6 қабатты қонақ үй
Көлемдік - жоспарлау шешімі
Көп қабатты құрылыс
Ғимараттардың құрылыс технологиясы
Пәндер