Қазақ зиялылары



1.Махамбет Өтемісұлы
2.Шортанбай Қанайұлы
3. Сүйінбай Аронұлы
4.Шоқан Уәлиханов
5.Ыбырай Алтынсарин
Махамбет Өтемісұлы – (1804-1846), қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, көтерілісші. Бай-ұлы ішінен Беріш руынан шыққан. Бала кезінен мұ-сылманша, орысша оқыған. Әкесі Өтеміс елге ықпалды би болған. Ол өзінің туып өскен жерінің Қамбар батыр, Асанқайғы, Ер Тарғын сияқты тұлғаларының мұрасын көкірегіне тоқып өсті. Өзі заманының ағы-мына жүйрік, көзі ашық, көкірегі ояу, білімді адам болған. Махамбет Жәңгір ханның қудалауымен екі жыл түрмеде отырып, 1831 ж. қашып шыққан.1834 ж. Исатай батырмен бірігеді. 1836-38 жылы И.Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісінің жыршысы болған. 1941 жылы 4 наурызда Тілекеев дегеннің үйінде тұткындалып, 7 шілдеде босатылды. 1946 ж. Қараой өңірінде қаза табады.
Атадан туған аруақты ер,Жауды көрсе, жапырар,
Үдей соққан дауылдай. Жамандарға қарасаң,
Малын көрер жанындай. Жүйрік аттың белгісі,
Тұрады құйрық-жалында-ай. Айтып-айтпай немене,
Халық қозғалса, Тұра алмайды хан тағында-ай!

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
1. Махамбет Өтемісұлы - (1804-1846), қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, көтерілісші. Бай-ұлы ішінен Беріш руынан шыққан. Бала кезінен мұ-сылманша, орысша оқыған. Әкесі Өтеміс елге ықпалды би болған. Ол өзінің туып өскен жерінің Қамбар батыр, Асанқайғы, Ер Тарғын сияқты тұлғаларының мұрасын көкірегіне тоқып өсті. Өзі заманының ағы-мына жүйрік, көзі ашық, көкірегі ояу, білімді адам болған. Махамбет Жәңгір ханның қудалауымен екі жыл түрмеде отырып, 1831 ж. қашып шыққан. 1834 ж. Исатай батырмен бірігеді. 1836-38 жылы И.Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісінің жыршысы болған. 1941 жылы 4 наурызда Тілекеев дегеннің үйінде тұткындалып, 7 шілдеде босатылды. 1946 ж. Қараой өңірінде қаза табады.
Атадан туған аруақты ер, Жауды көрсе, жапырар,
Үдей соққан дауылдай. Жамандарға қарасаң,
Малын көрер жанындай. Жүйрік аттың белгісі,
Тұрады құйрық-жалында-ай. Айтып-айтпай немене,
Халық қозғалса, Тұра алмайды хан тағында-ай!
2. Шортанбай Қанайұлы - (1818-1881), ақын, діни қайраткер. Ол Түркістан жерінде шаруа Қанайдың отбасында дүниеге келген. Жастайынан мұсыл-манша оқып, білім алған. Көзі ашық, сауатты, білім-ге құштар, көкі-регі ояу адам болған. Жігіт жасын-дағы Шортанбай мешіт ашып, жұмыс атқарады. 19 ғ. Ресей отаршылдығының зорлығын көзімен көріп, Зар заман, Бала зары, Тар заман, т.б. толғау-ларын шығарады. 1882 ж. Опасыз жалған, Байды құдай атқаны, Өсиет - насихат сөздер, Асан қожаға жинақтары жарық көреді.
Зар заман, зар заман, Зарлап өткен бір заман. Сөздің басы -- бисміллаһ, Біз айталық, сіз тыңда Мұсылманның тарихын: Төрт аяқты хайуан -- Бұ дүниенің жарығы. Бағасы кеткен жігіттің Бетінен алар зайыбы. Бір алладан басқаның Көпті қылған айыбы. Кесапаттың кесірі, Келе ме деп керт басқа, Сол себептен қорқамын! Әуелгі қорлар зор болды, Сондай зорлар қор болды, Әуелгі барлар жоқ болды, Сондай жоқтар тоқ болды, Жөн білмеген жамандар, Ел билеген бек болды.
3. Сүйінбай Аронұлы - (1815-1898), айтыс ақыны. Жасынан жыраулығы-мен елге танылған. Жамбыл ақын "Менің пірім - Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйын-бай" деп оны ұстаз тұтқан. Арғы атасы Күсеп Жиенқұлұлы - жау-ынгер ақын, жыршы, күйші, қобызшы болған. "Өтеген батыр" жырын шығарып, "Мың бір түн", "Шаһнама" дастандарын жырлаған. Тарихи деректерде Қоқан хандығы шапқыншылығы-ның әсерінен бытырап, қазақ ру-ларының басын біріктіруде Сүйінбай мен Сарыбай бидің ықпалы зор болған. 1840-60 ж. "Өтеген батыр", "Саурық ба-тыр", "Сұраншы батыр", "Жабай батыр", "Қа-расай батыр" сияқты толғаулар шығарды. 1929 ж. алғаш рет "Жаңа әдебиет" журналында ақынның "Апырмау, мынау жатқан Сарыбай ма?" деген өлеңі басылды. 1935 жылы ақынның бір топ шығар-масы Сүйінбай ақын деген атпен тұңғыш рет жарық көрді. 1939-44ж. 8 сынып хрестоматиясына Сүйінбайдың бірнеше өлеңі енгізілді.
Бөрілі байрақ астында, Бөгеліп көрген жан емен! Бөрідей жортып кеткенде, Бөлініп қалған жан емен! Бөрілі найза ұстаса, Түйремей кеткен жан емен! Бөрілі байрақ құласа, Күйремей кеткен жан емен! Жау тисе жапан далада, Бөрілі найза аламыз, Қарасайлап шабамыз, Қызыл қанға батамыз.
4.Шоқан Уәлиханов - (1835-1865), қазақтын ұлы ғалымы, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде Шықаным деп еркелеткен. Шоқан атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Әжесі Айғаным тұратын хан ордасында балдәурен күндерін өткізген. Ол жастайынан дана-гөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең-жыр-ларын зор ықыласпен тыңдап өсті. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні-мен танысты. Шоқан бастауыш мектепте оқып жү-ріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үй-реніп алды. Бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған. 1847 ж. 12 жасар Шоқанды әкесі Сібір кадеті корпусына оқуға орна-ластырады. Кадет корпусына түскенде Шоқан орыс тілін білмесе де өзінің зерек-тігімен тілді тез үйренді. Пушкин, Гоголь, Лермон-тов сияқты орыс классиктерінің шығармаларын үзбей оқып, саналы азаматының бірі болған. 17 жа-сында кадет корпусын бітіріп, Батыс-Сібір генерал губернаторының кеңсесінде қалдырылады. Осы қыз-метті атқарып, ол Орта Азия халықтарының тари-хын, географиясын зерттеуге белсене араласады.
5. Ыбырай Алтынсарин - (1841-1889), қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. Әкесінен ерте айырылып, атасы Балқожа бидің қолында тәрбие-ленді. Ыбырай бала кезінен білімге бейім екенін байқатты. Білімге құштар жас, бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Мінез-құлқы қарапайым әрі еңбексүйгіш. Ы. Алтынсарин сауатын мұсыл-манша ашып, ауылда молдадан хат таниды. 1850 ж. Орынборда ашылған қазақ - орыс мектебіне түседі. Мектеп сабағы орыс, татар тілдерінде жүреді. 1857 ж. мектепті үздік бітіріп шығады, өз елінде тілмаш болып қызмет етеді. 1860 ж. Оралдың қазақтарына арнап 4-сыныптық мектеп ашу туралы шешім шыққанда өзі сұранып, мұғалім болды. Ы.Алтын-сариннің шығармалары алғаш рет 1879 ж. Орынбор қаласында Киргизская хрестоматия деген атпен жарияланды. Кейін Махтубат делініп 1889, 1896, 1899 жылдары арабша басылып шықты. 1906 ж. А.Васильевтің редакциясымен жарық көрді. Совет жылдарында жеке кітап боп 1935, 1948, 1955 жылдары сан рет басылды.
Кел, балалар, оқылық ,
Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық..
Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан Іздемей-ақ табылар.
Сиса көйлек үстіңде, Тоқуменен табылған.. . Сауысқанның тамағы, Шоқуменен табылған.. .
Өнер-білім бәрі де, Оқуменен табылған.
6. Абай Құнанбаев - (1845-1904), ақын, ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси кайраткер. Тобықты руынан шыққан. Әкесі Құнанбай өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Шешесі Ұлжан Абай деп еркелеткен. Шын аты Ибраһим. Абай Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Ол ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы және дін сабағы жүргізі-летін. Үздік шәкірт атанады. Медресенің 3-ші жылында Абай Семей қаласындағы Приходская школаға да қосымша түсіп, орыс сауатын ашады. 3 жылдан соң мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады. Құнанбай оны өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ болады. Ақын саяси қызметі үшін Семейге келген Михаэлиспен танысады. Абай Пушкиннің өзінен, Белинский, Салтыков-Щедриннің мұраларын оқып, те-рең тәрбие алды. Абай осылайша Европаның Гете, Байрон, Дарвин сияқты ғұламалардың туындыларын оқыды. 1891 ж. Абай басына ауыртпалық түсіп, інісі Оспан дүниеден өтеді. Одан кейін әскери білімі бар, үлкен үміт күткен баласы Әбдірахманнан айырылады. Сөйтіп жүргенде соңғы тірені-шіндей болған дарынды ақын баласы Мағауия да қайтыс болды. Шығармалары: 10 жасында Кім екен деп келіп ем түйе қуған..., 1870-80 ж. Йузи-рәушән, Физули, Шәмси, Сап, сап, көңілім, Шәріпке, Абралы-ға, Жақсылыққа. 1882 ж. үлкен шығармасы Қансонарда жазылды.
Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң, арқалан. Сен де - бір кірпіш, дүниеге, Кетігін тап та, бар қалан! Қайрат пен ақыл жол табар, Қашқанға да, қуғанға. Әділет, шапқат кімде бар, Сол жарасар туғанға. Бастапқы екеу соңғысыз, Біте қалса қазаққа, Алдың - жалын, артың - мұз, Барар едің қай жаққа? Пайданы көрсең бас ұрып, Мақтанды іздеп, қайғы алма. Мініңді ұрлап жасырып, Майданға түспей бәйгі алма.
7.
8.Шәкәрім Құдайбердіұлы - (1858-1931), ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасынан сауат ашып, он жеті жасына дейін оқиды. Жеті жасында әкеден жетім қалған, Абайдың тәрбиесінде болады. Араб, парсы, түрік, орыс тіл-дерін жетік білді. Шығармалары: Өмір, Сәнқой-лар, Құмарлық, Қалжыңбас, Шын сырым, Жастарға, Қалқаман-Мамыр, Еңлік-Кебек, т.б.
Жастарға
Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік
Бір білімді данышпан жан табалық.
Ал, енді, олай болса, кімді алалық?
Қазақта қай жақсы бар көз саларлық?
Шын іздесек, табармыз шыны ғалым,
Күнде күйлей бермелік бозбалалық.
Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық!
Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық!
Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан,
Жалыналық Абайға, жүр, баралық!
9. Еңлік-Кебек дастаны
Еңлік-Кебек - екі жастың махаббатын жыр ететін шығарма. Еңлік пен Кебек туралы хикаялар оқиға болған 18 ғасырдан бастап ел арасына кең тараған. Бүгінде жыр түрінде жеткен Еңлік - Кебек дастанының екі нұсқасы белгілі. Оның біріншісі - 1912 ж. Семейдегі Жәрдем баспасынан жеке кітап болып жарық көрген, Абай ұс-ынған тақырып бойынша Шәкәрім жазған Жол-сыз жаза яки кез болған іс деген шығарма да, екіншісі - Мағауия Абайұлы жазған Еңлік - Кебек дастаны. Шәкәрім нұсқасы 1988 жылы қайта жарық көрді.
Сатылай кешенді талдау:
1.Басталуы. Кебектің Нысан абызға бал аштыруы. 2.Байланысуы. Кебектің аңға шығып, адасып, Еңлік үйіне түсуі. 3.Дамуы. Кебек пен Еңліктің бір-біріне сөз беруі. Қара жартаста кездесуі. 4.Шиеленісуі. Еңлік пен Кебектің елден қашып кетуі. 5.Шарықтау шегі. Көбейдің Кеңгірбай жұмбағын шешуі. Кеңгірбайдың қатал үкімі. 6.Шешімі. Еңлік пен Кебекті ат құйрығына байлап өлтіруі. Бесікте шырылдаған Баласының қа-луы.
Кейіпкерлері: Кебек - бас кейіпкер, Тобықтының батыры, уәдеге берік, ержүрек батыр. Еңлік - Матай руынан, бай Сыбанның ынжық баласына айттырыл-ған, батыл. Нысан абыз - балгер. Кеңгірбай - То-бықтының биі, ақылды, әділ би, дала заңына бағынып, қатал үкім шығарушы. Көбей - Жүзбенбет деген таптан шыққан кісі, әрқашан Кеңгірбай бидің жұмбақ сөзін сол шешкен.
Идеясы - феодалдық әдет-салт заңының құрбаны болған Еңлік пен Кебектің тағдыры арқылы сол кезеңдегі ең негізгі тартысты ашу.
10. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы - (1858-1931), ұлы ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ әдебиетінің белгілі тұлғасы. Мәшһүр-Жүсіп араб және парсы тілдерін жетік білгенімен қоймай, көп тілді білген ғұлама. 10-15 жасынан бастап-ақ өлең жазып, хат жазарлық болғаннан-ақ Мәшһүр Жүсіп халық әдебиетін ел ау - зы - нан да, қағаз бетінен де жинау - мен айналысады. Шығармашылығы: Мәшһүрдiң өзiн таныстыруы, Ит дүние, Бес қымбат, Қиянат, Анама хат, Жарты нан, Ғибратнама, т.б.
Ғибратнама
Япырмай, кессем бе екен мен тілімді,
Үйрендім қайдан өнер, көп білімді.
Өткіздім қасірет пен қапалықта
Қызықты ойнап-күлер мезгілімді.
Болдым ғой өнерімді тауысқандай,
Мерт бодым айға шауып арыстандай.
Сұңқардай биік шыңды мекен қылмай,
Шықылдап көзге түстім сауысқандай.
Сөйлеуден тыйылмаған қызыл тілім,
Өттің бе зарлауменен, қайран күнім?!
Түлкінің қызылдығы өзіне сор
Болғандай болдың маған, өнер-білім!
11. Біржан сал Қожағұлұлы - (1834-1897), қазақтың әйгілі ақыны, сазгер. Бозбала кезінен әнші-ақындардың қасына еріп, той-думанның сәніне айналады. Шөже, Салғара, Толыбай, Сегізсері тәрізді өнер иелері - Біржан салдың ұстаздары. 1865 ж. Абаймен кездесуі Біржан салдың композитор-лық, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне үлкен әсер етті. Біржан сал қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз ән-өлеңдерімен толықтырған ірі тұлға. Жаяу Мұса, Ақан сері сияқты атақты ақын-әншілер Біржан салдың мектебінен өнеге алып, оның компо-зиторлық өнерін жалғастырған өнерпаздар. Біржан-ның үлкен әкесі - Қожағұл, өз әкесі Тұрлыбай қарапайым шаруа болған. Біржан сал әндері өзі өмір кешкен заманның окиғаларын толғап, сезім күйлерін лирикалық әсем сазға бөлейді. Біржанның алғашқы әндерінің бірі -- Біржан сал әні. Айтбай, Ақ-тентек, Алтын балдақ, Бірлен, Ғашығым, Мәті-Дәулен сияқты әндер Біржан сал шығарма-шылығындағы шоқтығы биік, сыршыл шығармалар.
Жанбота
Жанбота, осы ме еді өлген жерім,
Көкшетау боқтығына көмген жерің ?
Кісісін бір болыстың біреу сабап,
Бар ма еді статьяда көрген жерің ?
Жанбота, өзің - болыс, әкең - Қарпық.
Ішінде сегіз болыс шенің артық.
Өзіңдей Азнабайдың поштабайы,
Қолымнан домбырамды алды тартып.
Тартса да, домбырамды бергенім жоқ,
Есерді поштабайдай көргенім жоқ.
Қамшымен топ ішінде ұрып еді,
Намыстан, уа, дариға, өлгенім жоқ.
12. Ақан сері Қорамсаұлы - (1843-1913), ақын, әнші, композитор. Әкесі - Қорамса, шешесі - Жаңыл. Ақан сері жас кезінен өнерімен көзге түсіп сері атанған. Әуелі ауылда, сосын Қызылжардағы Уәли молдадан оқыған. 16-17 жасынан өнер жолына түскен. Ақан серінің 1-ші әйелі Бәтимадан туған жалғыз ұлы Ыбын. Оған Ақан сері жазу-сызу үйреткен. Бәтима өлген соң Үрқия атты қызға үйленіп, онымен ұзақ отаспаған. Ақан сері өз кезінде Біржан сал, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса сияқты ақын-әншілермен бастас болып, халықтың мәдени-рухани өміріне айрықша ықпал еткен. Ақан серінің шығар-малары ырғағы жағынан қазақтың классикалық өнерінің үздігі болып табылады. Шығармалары: Қараторғай, Балқадиша, Тер қатқан, Құлагер, Ақтоқты, Мақпал, Сырымбет, Майда қоңыр, т.б.
Құлагер
Жел соқса, қамыс басы майда деймін,
Атыңды, ат айдаушы, айда деймін.
Алдыңғы ат баран болмай, қылаң болды,
Жығылмаса Құлагер, қайда деймін?!
Түбінен дәйекшенің тұрдым тосып,
Алушы едім бәйгеңді талай қосып.
Отыз ат уәделі өтіп кетті,
Сол жерде тұра алмадым, денем шошып.
13. Ахмет Байтұрсынов - (1872-1937), қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, пуб-лицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері, Алаш Орданың мүшесі. Атасы Шошақ немересі туғанда ауыл ақсалдарынан бата алып, азан шақы-рып атын қойған. Әкесінің інісі Ерғазы Ахметті 2 сыныптық мектепке береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4-жылдық мектепке түседі. 1895-1909 ж. Ақтөбе, Қостанай уезіндегі орыс-қазақ мектеп-терінде мұғалімдік атқарады. Ол өте кемеңгер, білімді тұлғаның бірі болған. 1913-1918 ж. Орынбор-да Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлымен бірігіп, жалпыұлт-тық Қазақ газетін шығарды. 1918-1919 ж. Алашорда құрамында болды. 1937ж. қазанда А.Бай-тұрсынов қамауға алынып, желтоқсанда Халық жауы деп атылған. Шығармалары: Қырық мысал өлеңдер жинағы 1909, Маса 1911, Қазақ салты, Қазақ қалпы, Досыма хат, Бақ, т.б.
Қазақ қалпы
Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған,
Сахара көлге қонып салқындаған.
Бір өртке қаудан шыққан душар болып,
Не қалды тәнімізде шарпылмаған?!
Алаштың адамының бәрі мәлім:
Кім қалды таразыға тартылмаған?
Дегендер мен жақсымын толып жатыр,
Жақсылық өз басынан артылмаған.
Тақылдап, құр пысықсып сөйлейтін көп,
Екпіндеп, ұшқыр атша қарқындаған.
Бос белбеу, босаң туған бозбала кеп
Киіздей шала басып, қарпылмаған.
14. Міржақып Дулатов - (1885-1935), қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазу-шы, жалынды көркемсөз шебері. Әкесі-Дулат аты шыққан шебер кісі, шешесі-Дәмеш әнші кісі болған. Әкесі жастайынан балаларды оқуға береді. Міржа-қып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. 1897-1902ж. ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Міржақып анасынан 2 жасында, әкесінен 12 жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. 1906ж. Петер-бургке барып, ақын болып оралады. 1909ж. Петер-бургте Оян, қазақ! атты өлеңдер жинағы жарық көреді. 1913ж. А.Байтұрсыновпен бірігіп, Қазақ газетін шығарады. 1920ж. Ақ жол газетінде қыз-мет атқарады. 1928ж. қазақ зиялыларымен бірге қамауға алынып, 1935ж. тұтқында қайтыс болады. Шығармалары: Оян, қазақ! жинағы, Азамат 1913, Терме 1915, Бақытсыз Жамал романы 1910, Балқия 1922.
Бақытсыз Жамал.
Идеясы: теңсіздік, тарихи-әлеуметтік жағдай.
Романның бас кейіпкері - Жамал, әкесі - Сәрсенбай, шешесі - Шолпан, айттырған күйеуі - Жұман (топас, нашар, оқымаған), дала шонжары - Байжан және сүйген жігіті - Ғали. Роман екі сюжетте көрініс таба-ды. Бірінші - Жамал мен Ғалидың кездескен сәтте-рін, сырласып, бір-біріне берік сенісіп, бір-бірін тең тұтып, бағалап, сүйіп қосылмақ болған жандар еке-нін, өздерінің бақыты үшін күреске бел байлап жол-ға шыққан тұстарын М.Дулатұлы жылы сезіммен тебірене жазғандығы. Екіншісі - Ғалидың кенеттен ауруынан бастап, ғашығынан айырыларын сезінген Жамалдың көзінен қанды жастар төгіліп, ас ішпей, кірпік қақпай зор қасіретке кірісуі суреттелген.
15. Жүсіпбек Аймауытов - (1889-1931), қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып өскен жері қазіргі Павлодар обл. Жүсіпбек Аймауытов ауылы. Әкесі-Аймауыт, кедей болғанымен, арғы аталары-Дәндебай, Қуан атақты, бай кісілер болған. Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907ж. Баянауылдағы орыс-қазақ мекте-бінде 2 жыл, Керекудегі ауыл-шаруашылық мекте-бінде оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады. 1911-1914 ж. мұғалім болып істейді. 1914-1918 ж. Семей семинариясына қабылданады. Семей-де Сәтбаевпен, Әуезовпен танысады. 1919 ж. Алаш-ордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өте-ді. 1921 ж. Семей губерниялық оқу бөлімінің меңге-рушісі, Қазақ тілі газетінің редакторы болып қызмет атқарады. Шығармалары: Нұр күйі поэма-сы, Рәбиға, Ел қорғаны, Қартқожа мен Ақ-білек романы, Күнікейдің жазығы повесі, т.б.
Қартқожа романы.
Идеясы: әлеуметтік, теңсіздік мәселесі. Романдағы оқиғалар бас кейіпкер Қартқожаның басынан өткен нақты жағдайларға негізделген. Сол арқылы жазушы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының басталуы мен оның патшаны тақтан құлатқан 1917 жылғы ақпан төңкерісіне ұласуы, қазақ азаматтарының ел ішіндегі әлеуметтік тартысқа араласуы, алаш қозғалысының өмірге келуі, ақтар мен қызылдардың соғысы, қазан төңкерісі, азамат соғысы тұсындағы жайларды баяндайды.
16. Мағжан Жұмабаев - (1893-1938), Алаш қозға-лысының кайраткері, ақын. Атасы-Жұмабай қажы. Әкесі-Бекен саудамен айналысқан адам. Шешесі-Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын аш-ып, 1905-1910 ж. Қызылжардағы татар зиялысы М.Бегишевтің медресесінде оқиты. Онда Шығыс тарихын, қазақ, татар әдебиетін үйренеді. 1910-1913 ж. Уфадағы Ғалия медресесінде білім алады. Онда Б.Майлинмен танысады. 1913-1916 ж. Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды. 1929 ж. Алқа ұйымын құрғаны үшін Мәскеудегі түрмеге қамалып, 1936 ж. бостандық алып, Қазақстанға қайтады. 1938 ж. қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді. Шығарма-лары: Жазғы таң, Балалық шақ, Қазағым, Жас келін, Күншығыс, Жаралы жан, т.б.
Толқын
Толқыннан толқын туады, Толқынды толқын қуады, Толқынмен толқын жарысад. Күңіренісіп кеңеспен, Бітпейтің бір егеспен, Жарысып жарға барысад. Толқын мен толқын сырласып, Сырларын ептеп ұрласып, Толқынға толқын еркелеп,
Меруерт көбікке оранып, Жыландай жүзге бұралып, Жарға жетер ентелеп.
17. Сұлтанмахмұт Торайғыров - (1893-1920), ақын, ағартушы. 2 жасын-да шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесі тәрбиелеген. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіді. Торайғыров әкесінен хат танып, 13 жасынан Мұқан молдадан дәріс алады. Мұқан молда ақынның өлеңге үйірлігінің қалыпта-суына әсер болғанмен, Әбдірахман молданың қатал-дығы, теріс көзқарасының қалыптасуына негіз бол-ған. 1912 ж. Троицкідегі медресеге түседі. 1916 ж. Қатонқарағайда, Зайсанда болып, орыс тілін үйренеді. 1916-17ж. Тосмкіде орысша оқиды. Шы-ғармалары: Оқып жүрген жастарға, Досыма хат, Түсімде, Қымыз, Қыз сүю, Туған елі-ме, Гүлайым, Жас жүрек, Адасқан өмір, т.б.
Қамар сұлу. Тақырыбы: Әлеуметтік теңсіздік, әйел теңсіздігі. Идеясы: Қазақ жастарының бас бостандығы, қыздарды қалың малды сатуды әшке-релеу. Негізгі кейіп.: Қамар, Ахмет, Омар, Нұрым. Кейіпкерлер: Қалтан, Оспан, Қасен, Жәуке, Жұма-бай, Бәтек молда. Шығарма құрылысы: Басталуы: Қамарды суреттеуі, Қамар мен Ахметтің кездесуі; Дамуы: Ғашықтық сезім, хаттарға берілген жауап; Шиеленісуі: Олардың әлеуметтік жағынан сәйкес келмеуі, күндестікке толы ауылдағы өсек, қудалан-ған Ахметтің оқуға кетуі Оқиғаның байланысы. Нұрымның әйелі қайтыс болуы, Нұрымның Қамарға кісі жіберуі; Шарықтау шегі: Қамардың зорлықпен ұзатылуы, науқастануы; Шешімі: Ахметпен кездесуі, өлімі.
18.Сәкен Сейфуллин - (1894-1939), ақын, жазушы, қоғам, мемлекет қайраткері. Әкесі-Сейфолла, орта шаруалы, өз еңбегімен күн көрген адам. Сәкен жасынан жыршылардың, әншілердің өлең-жырла-рын қызыға тыңдап, өскен. Сәкен әуелі ауыл молда-сынан оқып хат таныды. 1905 ж. ол НілдіМысҚо-рыту зауытында жұмыс істеп, орысша үйренеді. 1906 ж. орыс-қазақ мектебінде 2 жыл оқиды. 1908 ж. Ақмолаға барып, Приходская школасына түсіп, 2 жыл оқиды. Кейін 3 сыныптық училищеге түседі. Оны 1913 ж. бітіреді. Сәкен орыс білімін жетілдіріп, орыс әдебетімен таны-сады. Шығармашылығы: 1914 ж. Омбыда Өткен күндер өлеңдер жинағы шыға-ды. Тол-қулар(1916), Бір асығыс жиналдық, Жас қазақ, Тіршідік(1917), т.б.
Көкшетау
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы.
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.
Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен-сауын.
Сексен көл Көкшетаудын саясында,
Әрқайсы алтын кесе аясында.
Ауасы дертке дауа, жұпар иісті
Көкірек канша жұтса, тоясың ба?
Ырғалған көкке бойлап қарағайы,
Қасында көк желекті әппақ қайың,
Жібектей желмен шарпып төңіректі,
Балқытып мас қылады иіс майы.
Қарағай биік шыңды қиялаған.
19.Бейімбет Майлин - (1894-1938), жазушы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Торғай обл., Ақтөбе жерінде туған. 2 жасында әкеден жетім қалған Бейімбет, бір байдың сауыншысы болып жүрген ансының қолында тәрбиеленеді. 7-ге келген соң байдың қозысын бағады. Майлин алғаш рет ауыл молдасынан сауат ашып, хат таниды. Содан соң байдың үйіндегі Әбдірахман деген татар мұғалімнен дәріс алады. 1913-1914 ж. Троицкідегі Уазифа мектебінде, кейін Уфадағы Ғалия медресесінде оқиды. Медреседе окып, Садақ журналын шығарысады. 1915 ж. дәрігерге көрінбек болып, Ғалия оқуын тоқтатып, Троицк қ. барады. Онда С.Торайғыровпен, М.Сералинмен танысады. 1916-1919 ж. өз ауылында ұстаздық етеді. Шығар-малары: Қанды тұман, Қазаққа, Еңбекші қазақ, Байдың қызы, Шұғаның белгісі хикаяты.
Шұғаның белгісі. Повесте ескі қазақ қоғамын-дағы ең өткір мәселе-әйел теңсіздігі сөз болған. Шығармада бірінбірі сүйген екі жастың Шұға мен Әбдірахманның арманына жете алмаған трагедия-лық жай айтылады. Шұғаның әкесі қызын кедей жігіті Әбдірахманға бергісі келмей, түрлі жаламен Әбдірахманды жер аудартады. Осындай зорлыққа душар болған Шұға қайғыдан, күйіктен қайтыс болады. Жазушының негізгі мақсаты - жастардың бас бостандығына ерік бермей, қасіретке ұшыратқан ескі дәстүрлерді сынау. Жастардың бас азаттығын көксеу, бұған ке-дергі келтіретін әдеттерді батыл таңбалау ХХ ғасыр басындағы демократиялық қазақ әдебие-тіндегі басты сарындардың бірі еді.
20.Ілияс Жансүгіров - (1894-1938), ақын, қоғам қайраткері. Алғашында өз әкесінен, ауыл молдала-рынан сауат ашқан. 1919 ж. Ташкенттегі 2 жылдық мұғалімдік курсқа түседі, кейін Тілші газетінде қызмет атқарады. 1928 ж. Сығанақ деген тұңғыш кітабы шығады. 1934-35 ж. Қазақ Жазушылар Одағының төрағасы болады. КСРО жазушыларының 1 съезіне қатысады. 1937 ж. жалған саяси айыппен тұтқындалып, 1938 ж. ату жазасына кесілген. Шығармалары: Балдырған, Қызыл жалау, Сарыарқаға, Тілек, Мерген Бөкен әңгімесі, Күйші поэмасы.
Күйші поэмасы. Жоспар: 1.Сезім тұтқынында; 2.Оқыс жайт; 3.Есінен танған күйші; 4.Қыз ашуы; 5.Күйшінің жалалы болуы; 6.Қыздың ара түсуі; 7.Кінәлінің табылуы; 8.Ашулы бұйрық. Қысқаша мазмұны: Күй әсеріне жігіт пен қыз қатар арбалады. Біреу келіп ханшаны оятпақ болады. Біреулер күйшіден көрмек болады. Күйші де осы істі жасаған өзім шығар деп ойланады. Бірақ Қыз Әлімқұлдың Сапағы екенін айтады.
21.Мұхтар Әуезов - (1897-1961), қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі, фило-логия ғылымдарының докторы, профессор. М.Ауе-зов көшпелі қазақ отбасында дүниеге келген. Әкесі-Омархан мен атасы-Әуез сауатты кісілер болған. Атасы Мұхтардың алғаш сауатын ашушы. Семей қаласында медреседе, онан соң бес кластық орыс мектебінде, ал 1915-1919 ж. мұғалімдер семинария-сында білім алған. 1917 ж. семинарияда Еңлік-Кебек пьесасын жазады. Мұхтар Әуезов 20-жыл-дарда көптеген әңгімелер "Қорғансыздың күні", "Жетім", "Жуандык", "Ескілік көленкесінде", "Кім кінәлі", "Бартыма" т. б. жазады. 1921 ж. бір қыс бойы Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік универ-ситетінде, төрт жыл Ленинград университетінде оқып, филология факультетін бітіреді. 1930 жылы идеялық көзқарасы үшін тұтқынға алынады. Ол 1961 ж. 27 маусымда Мәскеу қаласындағы Кремль ауру-ханасында операция кезінде қайтыс болды.
22. Абай жолы роман-эпопеясы М.Әуезовтың басты кітабы. Ол өзінің осынау ұлы шығармасын жазып, үлгеріп кетті. Оның суреткер ретіндегі бақыты да осында еді. Абай жолы романының 1-ші кітабы 1942 ж., 2-ші кітабы 1947 ж. жарыққа шыққан. 1949 ж. диалогияға, КСРО-ның мемле-кеттік сыйлығы берілді. Ұлы ақын және оның халқы туралы тарихи романдар тоқтамын одан әрі жалғастырған Абай жолы да, екі кітап - диа-логия: 1-ші кітабы 1952 жылы, 2-ші кітабы 1956 жылы басылып шықты. Абай жолы - Халық жолы. Абай туралы романдар Абайдың ел жұрты, қоғам-дық ортасы, әлеуметтік қоршауы, дәуірі, заманы туралы романдар. Абай, Әуезов қолындағы шам-шырақ. Әуезов сол шамшырақты қолына ұстап көшпелі феодализмнің небір меңіреу түкпірлері мен қараңғы қапастарын аралап кетеді. Зорлық-зомбы-лық, қатал жауыздық көз алдыңа келеді. І.Омаров Абай жолы деген кітап өзара тұтасқан-тетрология. 1959 ж. Лениндік сыйлыққа ие болды. Абай жолы-ның бас кейіпкері Абай. Абай - ұлы ақын, фило-соф, ағартушы-демократ, композитор, халық жақтау-шысы. Абай, халқы үшін ауыр уақытта өмір сүр-ді. Абай - бай әрі дүниеқор феодал Құнанбайдың ұлы. Ол туған ауылына оралғанда, әкесі оны өзінің ісіне баулымаққа ұмтылды. Құнанбайдың елшісі ретінде Абай ауыл-ауылды аралап, әкесінің жарлы-ғын орындады. Осы көріністе Абайдың әкесі сияқты аты шыққан бай боларлық келешегі байқалады, бірақ Құнанбай күткендей және талап еткендей болмады. Өйткені Абайды билік те, байлық та қызықтырмайды, ол жеке басының амандығы мен игілігін әділдік пен шындыққа құрбан етеді. Абайдың осындай әділдік пен шындықтың құрбаны болуына оқуға деген махаббаты түрткі болғаны сөзсіз. Абайдың көзқарасының қалыптасуына оның әжесі Зере мен шешесі Ұлжанның ықпалы да зор болды. Олар бала Абайды жақсы көріп, жағымды жаққа тәрбиелеп, оның беделді азамат болуын қалады. Абай өзінің халқына зор сүйіспеншілікпен қарады. Ол заңсыздық пен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлт зиялыларының ұлттық мемлекет құру жолындағы іс-әрекеттері
Алаш мүддесі
Алаш партиясы туралы
Алаш партиясының бағдарламасындағы ерекше мәселелер жайында
Алаш партиясының бағдарламалық жобасының маңызы
Қазақ зиялылары саяси партия құру жолында
Қазақ зиялылары туралы қысқаша түсініктеме
Алаштың аруағы
Ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру жолындағы саяси элитаның қызметі (ХХ ғ. алғашқы ширегі)
Алаш зиялыларының ұлт тарихы мен руханиятқа қосқан үлесі
Пәндер