Металдардың жемірілуі



1.Жемірілу
1.1. Химиялық жемірілу
1.2. Электрохимиялық жемірілу
2.Металдарды жемірілуден қорғау
2.1. Ортаның құрамын өзгерту
2.2.Металдарды әр түрлі затпен қаптау
3.Техникада қолданылатын металлдар
4.Электрохимиялық қорғау
Жемірілу деп металдардың өзін қоршаған ортамен химиялық немесе электрохимиялық жолмен әрекеттесуі нәтижесінде бұзылуын айтады. Жемірілу гетерогенді тотығу-тотықсыздану реакциясынажатады.
Қоршаған ортаға металдардың әсеріне қарай жемірілу химиялық және электрохимиялық деп екі топқа бөледі.
Химиялық жемірілу Жүйеде электр тогы түзілмей металдардың бұзылуын химиялық жемірілу дейді. Химиялық жемірілу кезінде металдар өзін қоршаған әр түрлі газдармен, электролиттермен әрекеттесіп бұзылады.Металдардың бұзылуына химиялық жемірілудің бір түрі – газ жемірілуі, яғни металдардың ауадағы оттегімен тотығуы көп зиян келтіреді. Егер металдардың бетіндегі оксид қабығы мықты, берік және тұтас болса, ол оны ары қарай бұзылудан сақтайды. Мысалы, алюминийдің, бериллийдің, танталдың бетінде түзілетін оксидтер тығыз болады да оларды ары қарай тотығудан – бұзылудан сақтайды. Бірақ көптеген металдардыңбетіндегі оксидтер тығыз берік болмайды да, оларды ары қарай тотығудан сақтай алмайды. Жоғары температура металдардың тотығып бұзылуын, әсіресе тездетеді. Мысалы, темірді 300-600°с дейін қыздырғанда бетінде оксидтер қабаты пайда болады. Бұл оксидтер борпылдақ және олардың көптеген тесіктері мен жарықшақтары болатындықтан темірдің тотығуы температураның жоғарылауына сәйкес (800°С дейін) арта береді. Металдардың бейэлектролиттерде бұзылуы сұйық отын пайдаланатын техника салаларында жиі кездеседі. Мысалы, отын ретінде сұйық көмірсутектерін пайдаланатын іштен жанатын двигательдердің бұзылуы жиі кездеседі. Металды сұйық көмірсутектері бұзбағанымен олардың құрамында кездесетін қоспалар жанғанда түзілетін күкірт оксидтері т.б. газдар оксидтерін жеміріленеді.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Металдардың жемірілуі
Жоспар:
1.Жемірілу
1.1. Химиялық жемірілу
1.2. Электрохимиялық жемірілу
2.Металдарды жемірілуден қорғау
2.1. Ортаның құрамын өзгерту
2.2. Металдарды әр түрлі затпен қаптау
3.Техникада қолданылатын металлдар
4.Электрохимиялық қорғау
Жемірілу деп металдардың өзін қоршаған ортамен химиялық немесе электрохимиялық жолмен әрекеттесуі нәтижесінде бұзылуын айтады. Жемірілу гетерогенді тотығу-тотықсыздану реакциясына жатады.
Қоршаған ортаға металдардың әсеріне қарай жемірілу химиялық және электрохимиялық деп екі топқа бөледі.
Химиялық жемірілу Жүйеде электр тогы түзілмей металдардың бұзылуын химиялық жемірілу дейді. Химиялық жемірілу кезінде металдар өзін қоршаған әр түрлі газдармен, электролиттермен әрекеттесіп бұзылады. Металдардың бұзылуына химиялық жемірілудің бір түрі - газ жемірілуі, яғни металдардың ауадағы оттегімен тотығуы көп зиян келтіреді. Егер металдардың бетіндегі оксид қабығы мықты, берік және тұтас болса, ол оны ары қарай бұзылудан сақтайды. Мысалы, алюминийдің, бериллийдің, танталдың бетінде түзілетін оксидтер тығыз болады да оларды ары қарай тотығудан - бұзылудан сақтайды. Бірақ көптеген металдардың бетіндегі оксидтер тығыз берік болмайды да, оларды ары қарай тотығудан сақтай алмайды. Жоғары температура металдардың тотығып бұзылуын, әсіресе тездетеді. Мысалы, темірді 300-600°с дейін қыздырғанда бетінде оксидтер қабаты пайда болады. Бұл оксидтер борпылдақ және олардың көптеген тесіктері мен жарықшақтары болатындықтан темірдің тотығуы температураның жоғарылауына сәйкес (800°С дейін) арта береді. Металдардың бейэлектролиттерде бұзылуы сұйық отын пайдаланатын техника салаларында жиі кездеседі. Мысалы, отын ретінде сұйық көмірсутектерін пайдаланатын іштен жанатын двигательдердің бұзылуы жиі кездеседі. Металды сұйық көмірсутектері бұзбағанымен олардың құрамында кездесетін қоспалар жанғанда түзілетін күкірт оксидтері т.б. газдар оксидтерін жеміріленеді.
Электрохимиялық жемірілу деп - жүйенің ішінде электр тогы түзілу арқылы электролиттерде металдардың бұзылуын айтады. Бұл жемірілу дымқыл ауадан немесе электролиттермен жанасатын металдарда жүреді.
Техникада қолданылатын металдарда әр уақытта қоспалар болады. Сондықтан мұндай металдар электролитпен жанасқанда көптеген микрогальваникалық элементтер жұмыс істеп активті металл электрондарын беріп бұзылады. Мысал ретінде мыспен жанасқан темірдің дымқыл ауада электрохимиялық жемірілу арқылы бүлінуін қарастырайық. Дымқыл ауада болатын әр түрлі оксидтер, мысалы СО2, SО2, SО3 т.б. сумен әрекеттесіп, мыспен жанасқан темірдің бетінде электролиттер түзуі мүмкін. Бұл жағдайда мынадай сызба-нұсқамен көрсетілетін гальваникалық элемент түзіледі: ( - ) Ғе (электролит) Сu (+) Осындай гальваникалық элементтің жұмыс істеуі нәтижесінде активті металл - темір еріп тотығады:
Ғе - 2ē = Ғе2+
Темірдің электрондары мысқа қарай ауысып оның бетінде электролитте еріген оттегін тотықсыздандырады. О2 + 2Н2О + ē = 4ОН- Темір (ІІ) иондары гидроксид иондарымен әрекеттесіп темір (ІІ) гидроксидін түзеді. Ғе2 + 2ОН- = Ғе(ОН)2 Түзілген темір (ІІ) гидроксиді ауадағы оттегімен тотығып темір (ІІІ) гидроксидіне айналады: 4Ғе(ОН)2 + О2 + 2H2O = 4Ғе(ОН)3
Егер металмен жанасқан электролиттің қышқылдық қасиеті басым болса онда катодта (мысал, мыста) оттектің орнына сутегі иондары тотықсызданады: 2Н+ + 2ē = Н2 Сонымен бірге бір металдың өзі де электролитпен жанасқанда көптеген микрогальваникалық элементтердің жұмыс істеуі нәтижесінде электрохимиялық жемірілуге ұшырайды. Өйткені металл анод қызметін атқарып ериді, ал қоспалар потенциалы оң болғандықтан катод қызметін атқарып, оның бетінде не сутегі иондары немесе оттегі тотықсызданады. Бұған мысал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Модифицирленген дифосфаттардың ингибиторлық қасиетін зерттеу
Модульдік оқыту технологиясын пайдаланып оқушылардың танымдық қабілетін дамыту
Электр өлшеу құралдары
Металдардың жалпы физикалық қасиеттері
Орта мектеп химия курсындағы металдардың жалпы қасиеттерін оқып үйретудің әдістемесі
КЕУЕКТІ КРЕМНИЙДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ, ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ҚАСИЕТТЕРІ
Металдардың электрхимиялық коррозиясы
Химия пәні бойынша элективті курстар арқылы оқушыларды бейімін, бағдарын таңдауға дайындаудың теориялық негіздері және оқыту
Қышқылдардың химиялық қасиеттерін зерттеу
Қара құрдым ұғымы
Пәндер