Банктердің ішкі тәуекелі туралы



КІРІСПЕ
1. Тәуекел мәні, мазмұны және түрлері
2. Банктің ішкі тәуекелі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ГЛОССАРИЙ
Нарықтық экономика жағдайында тәуекел – бұл кәсіпкерліктің маңызды элементі. Тәуекел адамдардың кабылдайтын шешімдерінің дұрыс нәтижелілігіне әсер ететін көптеген шарттар және факторлармен байланысты қызметтердің кез келген түрлеріне тән. Тарихи тәжірибе көзделген нәтижелерге жетпеу тәуекелі тауарлы-ақшалай қатынастар және шаруашылық айналым қатысушыларының бәсекелестігі жалпылылығында көрінетіндігін көрсетеді. Сондықтан капиталдық қатынастардың пайда болуы және дамуымен байланысты тәуекелдің түрлі теориялары пайда болады, ал экономикалық теорияның классиктері шаруашылық қызметтегі тәуекел мәселелерін зерттеуге көп көңіл бөледі.
Тәуекелсіз кәсіпкерлік болмайды. Ең көп табысты жоғары тәуекелді нарықтық операциялар әкеледі. Алайда барлық жерде шек керек. Тәуекел міндетті түрде максималды жіберілетін шекке дейін есептелуі тиіс.
Өз нарықтық қызметте қате жіберуден қорықпау өте маңызды, өйткені олардан ешкім сақтандырылмаған, ең маңыздысы - қателіктерді қайталамау. Менеджер міндеті нарықта тік бұрылыстарды жұмсарту үшін қосымша мүмкіндіктерді алдын ала ескеруге бағытталады. Менеджменттің басты мақсаты, әсіресе Қазақстанның бүгінгі жағдайында, ең қиын жағдайларда табыстың тек аз ғана төмендеуі болуы мүмкін, бірақ банкрот туралы сөз болмауы тиіс. Сондықтан әрқашан тәуекелді басқаруды әрқашан жетілдіруге ерекше назар аударылады, яғни тәуекел-менеджментін жетілдіру.
Нарықтық экономика жағдайында өндірушілер, сатушылар және сатып алушылар бәсекелестік жағдайында өздері, яғни өз үрей және тәуекел жағдайында қызмет етеді. Сондықтан олардың қаржылық болашағы көбінесе аз болжанады. Тәуекел-менеджменті тәуекелді бағалау, бизнесте пайда болатын қаржылық қатынастар және тәуекелді басқару жүйесі болып табылады. Белгілі бір дәрежеде тәуекел жағдайы болуын болжамдауға және тәуекел дәрежесін уақытылы төмендету шараларын қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі тәсілдер қолдана отырып, тәуекелді басқаруға болады.
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
2. Балабанов И.Т. Риск-менеджмент. – М.: Финансы и статистика, 1996.
3. Бланк И.А. Стратегия и тактика управления финансами. – Киев: ИТЕМлтд, АДЕФ-Украина, 1996.
4. Алимухамбетов Н.Е. Как защищены средства вкладчиков и кто несет ответственность за их сохранность // Банк №6 2000ж
5. Ауезов О. Когда деньги работают //ДН №23 2000ж
6. Банки и банкоское дело / Под ред. Балабанова. Алматы 2001ж
7. Банковские операции . оқу құралы под ред. Лаврушина О.И. 1995ж
8. Делан Э.Дж. Кэмпбелл Р.Дж. «Деньги банковское дело и денежно – кредитная политика» литература 1991ж
9. Жакыпова Ф.П. Некоторые аспекты депозитной политики казахстанских банков //Вестник КазГУ №2 2000ж.
10. Жакыпова Ф.П. Развитие депозитного рынка в Республике Казахстан: Основные тенденции и перспиктивы// Вестник КазГУ №2 2001ж
11. Интернет – сайт ОАО «Народный Банк Казахстана»// www .hsbk .rz.
12. Ильясов К.К. Финансово – кредитные проблемы развития экономики Казахстана//под ред. – Алматы: Білім 1995ж
13. Көшенова Б.А. «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары» оқу құралы, Алматы. 2001ж.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
БАНКТЕРДІҢ ІШКІ ТӘУЕКЕЛІ

КІРІСПЕ
1. Тәуекел мәні, мазмұны және түрлері
2. Банктің ішкі тәуекелі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ГЛОССАРИЙ

КІРІСПЕ
Нарықтық экономика жағдайында тәуекел - бұл кәсіпкерліктің маңызды элементі. Тәуекел адамдардың кабылдайтын шешімдерінің дұрыс нәтижелілігіне әсер ететін көптеген шарттар және факторлармен байланысты қызметтердің кез келген түрлеріне тән. Тарихи тәжірибе көзделген нәтижелерге жетпеу тәуекелі тауарлы-ақшалай қатынастар және шаруашылық айналым қатысушыларының бәсекелестігі жалпылылығында көрінетіндігін көрсетеді. Сондықтан капиталдық қатынастардың пайда болуы және дамуымен байланысты тәуекелдің түрлі теориялары пайда болады, ал экономикалық теорияның классиктері шаруашылық қызметтегі тәуекел мәселелерін зерттеуге көп көңіл бөледі.
Тәуекелсіз кәсіпкерлік болмайды. Ең көп табысты жоғары тәуекелді нарықтық операциялар әкеледі. Алайда барлық жерде шек керек. Тәуекел міндетті түрде максималды жіберілетін шекке дейін есептелуі тиіс.
Өз нарықтық қызметте қате жіберуден қорықпау өте маңызды, өйткені олардан ешкім сақтандырылмаған, ең маңыздысы - қателіктерді қайталамау. Менеджер міндеті нарықта тік бұрылыстарды жұмсарту үшін қосымша мүмкіндіктерді алдын ала ескеруге бағытталады. Менеджменттің басты мақсаты, әсіресе Қазақстанның бүгінгі жағдайында, ең қиын жағдайларда табыстың тек аз ғана төмендеуі болуы мүмкін, бірақ банкрот туралы сөз болмауы тиіс. Сондықтан әрқашан тәуекелді басқаруды әрқашан жетілдіруге ерекше назар аударылады, яғни тәуекел-менеджментін жетілдіру.
Нарықтық экономика жағдайында өндірушілер, сатушылар және сатып алушылар бәсекелестік жағдайында өздері, яғни өз үрей және тәуекел жағдайында қызмет етеді. Сондықтан олардың қаржылық болашағы көбінесе аз болжанады. Тәуекел-менеджменті тәуекелді бағалау, бизнесте пайда болатын қаржылық қатынастар және тәуекелді басқару жүйесі болып табылады. Белгілі бір дәрежеде тәуекел жағдайы болуын болжамдауға және тәуекел дәрежесін уақытылы төмендету шараларын қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі тәсілдер қолдана отырып, тәуекелді басқаруға болады.
Тәуекел мөлшеріне және дәрежесіне стратегия және қаржылық менеджмент әдістерімен жүзеге асырылатын қаржылық механизм арқылы нақты әсер етуге болады. Бұл тәуекелді басқарудың өзіндік механизмі тәуекел-менеджменті болып табылады. Тәуекел-менеджментінің негізі тәуекелді анықтау және төмендету бойынша ұйымдастырушылық жұмыстар болып табылады.

1. Тәуекел - кез келген өндірушінің , соның ішінде банктің болжаусыз қолайсыз жағдайлардың салдарынан зиян шегуін сипаттайды.
Тәуекел банктің берген несиелері бойынша төлемсіздік туындаған жағдайлаарда, ресурстық базасы жеткіліксіз болғанда, жалпы міндеттемелері бойынша жауап беру мүмкіндігі азайған жағдайларда пайдасынан айырылып қалу ықтималдығын бейнелейді.
Тәуекел табиғаттың түрлі құбылыстары және қоғамның қызмет түрлерінің ерекшелігінен туындайтын мүмкін болатын жоғалтулар қаупімен түсіндіріледі.
Экономикалық категория ретінде тәуекел өзімен бірге болуы мүмкін немесе болмауы да мүмкін жағдайларды ұсынады. Мұндай жағдайдың туындауы салдарынан келесідей үш экономикалық нәтиже болуы мүмкін: жағымсыз (ұтылыс, зиян, шығын), нольдік, жағымды (ұтыс, пайда, табыс).
Тәуекелді басқаруға болады, яғни тәуекелдік жағдай туындауын белгілі бір шекте болжамдау және тәуекел дәрежесін төмендету үшін шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі шаралар қолдануға болады.
Көбінесе тәуекелді басқаруды ұйымдастыру тиімділігі тәуекелдің сыныптамасына тәуелді.
Мүмкін болатын нәтижеге (тәуекелдік жағдайдың нәтижесіне) байланысты тәуекелдер екі үлкен топқа бөлуге болады: таза және спекулятивтік.
Таза тәуекелдер жағымсыз немесе нольдік нәтиже алуға мүмкіндік береді. Бұл тәуекел түрлеріне келесілер жатады: табиғи, экологиялық, саясаттық, транспорттық және коммерциялық тәуекелдер бөлімі (мүліктік, өндірістік, саудалық).
Қаржы тәуекелі кәсіпорын қаржылық институттармен (банктер, қаржылық, инвестициялық, сақтандыру компаниялары, биржалар және т.б.) қатынасы процесінде пайда болады.
Қаржы тәуекелінің туындау себептері - инфляциялық факторлар, банктің есептік мөлшерлемелерінің өсуі, бағалы қағаздар құнының төмендеуі және т.б.
Қаржы тәуекелдері екі түрге бөлінеді:
1) ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдер;
2) капитал салымдарымен байланысты тәуекелдер (инвестициялық тәуекелдер).
Ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдерге тәуекелдердің келесі түрлері жатады: инфляциялық және дефляциялық тәуекелдер, валюталық тәуекелдер, өтімділік тәуекелі.
Инфляциялық тәуекел - инфляция өсімі кезінде нақты сатып алу қабілеттілігі көзқарасынан өсуден көрі алынатын ақшалай табыстар тез құнсыздануындағы тәуекел. Мұндай жағдайда кәсіпкер нақты шығыстарға тап болады.
Дефляциялық тәуекел - дефляция өсімі кезінде бағалар деңгейі төмендейді, кәсіпкерліктің экономикалық жағдайы нашарлайды табыс төмендейді.
Валюталық тәуекелдер сыртқы экономикалық, несиелік және басқа да валюталық операцияларды жүргізу кезінде бір шетелдік валюта бағамының басқа валюта бағамына қатынасының өзгеруімен байланысты валюталық жоғалту қаупімен түсіндіріледі.
Өтімділік тәуекелі - тұтынушылық құнының және сапалық бағаның өзгерісі себебінен бағалы қағаздар немесе басқа да тауарларды өткізу кезіндегі мүмкін болатын жоғалтулармен байланысты тәуекелдер.
Инвестициялық тәуекелдер келесі ішкі жүйелік тәуекелдерді қамтиды:
1) жіберіліп қойған пайда тәуекелі;
2) табыстылықтың төмендеу тәуекелі;
3) тікелей қаржылық жоғалтулар тәуекелі.
Жіберіліп қойған пайда тәуекелі - белгілі бір шараларды (мысалы, сақтандыру, хеджирлеу, инвестициялау т.с.с.) іске асырмау нәтижесінде жанама (қосымша) қаржылық зиянның (алынбаған табыс) туындау тәуекелі.
Табыстылықтың төмендеу тәуекелі портфельдік инвестициялар, салымдар және несиелер бойынша дивидендтер және пайыздар мөлшерінің төмендеу нәтижесінде туындауы мүмкін.
Табыстылықтың төмендеу тәуекелі келесідей тәуекел түрлерінен тұрады: пайыздық тәуекелдер және несиелік тәуекелдер.
Пайыздық тәуекелдерге тартылған қаражаттар бойынша төленетін пайыздық мөлшерлемелер ұсынылған несиелер бойынша мөлшерлемелерден жоғары болып кетуі нәтижесіндегі коммерциялық банктердің, несиелік мекемелердің, инвестициялық институтардың жоғалту қауіптері жатады. Пайыздық тәуекелдерге сонымен қатар акциялар бойынша дивидендтердің, облигациялар, сертификаттар және басқа бағалы қағаздар нарығындағы пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісімен байланысты инвесторлар жоғалтулар тәуекелі жатады.
Пайыздың нарықтық мөлшерлемесінің өсімі бағалы қағаздардың бағамдық құнының төмендеуіне алып келеді, әсіресе тұрақты пайызды облигацияларға қатысты. Пайыздың жоғарылауы салдарынан төмен тұрақты пайыз бойынша шығарылған және шығару шарттары бойынша эмитент жедел қайта қабылданатын бағалы қағаздардың массалық алынып тасталуының басталуы мүмкін. Тұрақтандырылған дәрежемен салыстырғанда орташа нарықтық пайыздың өсуі кезінде тұрақты пайыздық орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға өз қаражатын салған инвестор пайыздық тәуекелге ұшырауы мүмкін. Басқаша айтқанда, инвестор пайыздың жоғарылауы есебінен табыстар өсімін ала алатын еді, бірақ жоғарыда көрсетілгендерге салынған өз қаражаттарын босата алмайды.
Тұрақтандырылған деңгеймен салыстырғандағы орташа нарықтық пайыздың төмендеуі кезінде тұрақты пайызды орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарды айналысқа шығарған эмитент пайыздық тәуекелге ұшырауы мүмкін. Басқаша айтқанда, эмитент нарықтан төмен пайызды қаражаттар тарта алатын еді, бірақ ол өзі шығарған бағалы қағаздармен байланысты.
Тәуекелдің бұл түрі инфляция жағдайында пайыздық мөлшерлемелердің тез өсуі кезінде қысқа мерзімді бағалы қағаздар үшін де мән береді.

2. Әсер ету мен қызмет ету аясына байланысты банктік тәуекелдер сыртқы және ішкі деп бөлінеді. Сыртқы тәуекелдерге банктік қызметіне байланыссыз туындайтын тәуекелдер жатқызылады. Олар экономикалық, құқықтық,қаржылық және басқадай факторлардан пайда болады.
Саяси- бұл мемлекет құрылу ерекшелігімен байланысты, мемлекеттік билік органдары қызметтерінің тұрақсыздығы, үкіметтің экономикалық және басқа да саясаттарды дұрыс жүргізбеуі, этникалық және аймақтық мәселелер, әлеуметтік топ мүшелерінің поляризациясы және т.б.
Құқықтық- банк қызметіне қатысты заңдық және басқа да нормативтік шектеулер.
Экономикалық:
- жалпы экономикалық тәуекелдер
- қаржылық тәуекелдер.
Банктің өзінің қызметіне байланысты тәуекелдер ішкі тәуекелдер деп аталады. Ішкі тәуекелдер келесідей бөлінеді:
oo Банк активтерімен байланысты (несиелік, валюталық, нарықтық, лизингтік, кассалық, есеп айырушылық, факторингтік, корреспонденттік шот бойынша,қаржылық және инвестициялы тәуекел және т.б.);
oo Банк пассивімен байланысты (салым және депозит бойынша, банкаралық несиелерді тарту тәуекелдері және диверсификация тәуекелі);
oo Банк өзінің активтері мен пассивтерін басқару сапасымен байланысты (пайыздық тәуекел, өтімділік тәуекелі, төлем қабілетсіздігі, капитал құрылымы тәуекелі, банк капиталының жеткіліксіздік тәуекелі);
oo Қаржылық қызмет жүзеге асыру тәуекелімен байланысты (операцциондық, технологиялық тәуекелдік, жаңа енгізулер тәуекелдігі, стратегиялық, бухгалтерлік, әкімшілік тәуекелдігі, қауіпсіздік тәуекелі).
Банк операциялар есебінің сипаттамасы тәуекелдерді мынадай түрлерге жіктеуді ұсынады: баланстық және баланстан тыс операциялар бойынша, активтік және пассивтік операциялар бойынша тәуекелдер.
Банктік баланс тәуекеліне келесілер жатады:
oo Несиелік тәуекел (негізгі ссуда бойыншаа қарыздың қайтарылмау тәуекелі);
oo Пайыздық тәуекел (берілген ссуда бойынша пайыздың алынбау тәуекелі);
oo Өтімділік тәуекелі (банктің өз міндеттемелерін уақытында орындамау тәуекелі, өтімділік нормативтерін бұзу тәуекелі);
oo Капитал құрылымының тәуекелі.
Баланстан тыс тәуекелдер банктің келесідей жағдайларда қызмет көрсете алмау мүмкіндігі:
oo Берілген кепілдер бойынша
oo Несиелік міндеттемелер бойынша
oo Валюталық мәмлеге отыру бойынша
oo Шығарылған бағалы қағаздар, бағалы қағаздармен жасалған келісімшарт бойынша.
Несиелік тәуекел-бұл қарыз алушының қаржылық жағдайының төмендеуімен немесе банкроттылығымен және несиенің толық немесе бір бөлігін, олар бойынша пайыздар сомасын қайтара алмаумен байланысты тәуекел. Ішкі ортаның әсеріне қатысты бұл банк қызметкерлерінің клиенттің нәтижелерінің қаржылық және нарықтық көрсеткіштерін және қызметтің болшағын дұрыс бағаламау салдарынан потенциалды несие қабілеттілігі жоқ клиентке несие беру. Шетел несиелері бойынша тәуекелдіктер - дамушы елдердің қарыз алушылардың несиелер бойынша жаппай төлем төлеуіне байланысты 70- жылдарда анықталды. Бұл АҚШ - тың бірқатар ірі банктерінің банкротқа ұшырауына себеп болды.
Соңғы уақытта шетелдік банктік тәжірбиеде қарыз алушыны баллдық баға беру арқылы негізделген әдіс кеңірек қолданылуда. Ол клиенттің рейтингін жасауды ұсынады.
Қазіргі кезде, банк секторында несие тәуекелдігінің деңгейі артуда.Атап айтқанда, отандық банктердің шетел нарықтарына экспансиясы ел тәуекелінің едәуір өсуіне әкеліп соқтырады.
Пайыздық тәуекелдерге тартылған қаражаттар бойынша төленетін пайыздық мөлшерлемелер ұсынылған несиелер бойынша мөлшерлемелерден жоғары болып кетуі нәтижесіндегі коммерциялық банктердің, несиелік мекемелердің, инвестициялық институтардың жоғалту қауіптері жатады. Пайыздық тәуекелдерге сонымен қатар акциялар бойынша дивидендтердің, облигациялар, сертификаттар және басқа бағалы қағаздар нарығындағы пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісімен байланысты инвесторлар жоғалтулар тәуекелі жатады.
Пайыздың нарықтық мөлшерлемесінің өсімі бағалы қағаздардың бағамдық құнының төмендеуіне алып келеді, әсіресе тұрақты пайызды облигацияларға қатысты. Пайыздың жоғарылауы салдарынан төмен тұрақты пайыз бойынша шығарылған және шығару шарттары бойынша эмитент жедел қайта қабылданатын бағалы қағаздардың массалық алынып тасталуының басталуы мүмкін. Тұрақтандырылған дәрежемен салыстырғанда орташа нарықтық пайыздың өсуі кезінде тұрақты пайыздық орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға өз қаражатын салған инвестор пайыздық тәуекелге ұшырауы мүмкін. Басқаша айтқанда, инвестор пайыздың жоғарылауы есебінен табыстар өсімін ала алатын еді, бірақ жоғарыда көрсетілгендерге салынған өз қаражаттарын босата алмайды.
Тұрақтандырылған деңгеймен салыстырғандағы орташа нарықтық пайыздың төмендеуі кезінде тұрақты пайызды орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарды айналысқа шығарған эмитент пайыздық тәуекелге ұшырауы мүмкін. Басқаша айтқанда, эмитент нарықтан төмен пайызды қаражаттар тарта алатын еді, бірақ ол өзі шығарған бағалы қағаздармен байланысты.
Тәуекелдің бұл түрі инфляция жағдайында пайыздық мөлшерлемелердің тез өсуі кезінде қысқа мерзімді бағалы қағаздар үшін де мән береді.
Пайыз тәуекелі және оны азайту жолдары:
Банктер өз пайыздық саясаттарын өздерінің пайдасын негізге ала отырып, және нарық принциптеріне сәйкес жүргізеді. Кредиттердің пайыздық ставкалық деңгейіне көптеген факторлар әсер етеді.
Ең бастысы, бұл -халықаралық нарық капиталдарындағы тенденциялар, елдегі құнсыздану деңгейі, ұлттық валютаның айырбас бағамы және қорландыру құны, яғни тартылып отырған депозиттер мен банктердің басқа да қарыздары бойынша ставкалары. Сонымен қатар, банк кредит құнына (кредиттің пайыздық ставкасы) тәуекелдер мен операциялық шығыстарды жабатын шығындарды, сондай-ақ өз пайдасын қамтамасыз ету үшін белгілі бір пайызды (маржа) қосады.
Сонымен қатар, нарықтық экономика талаптары бойынша тауарлар мен қызмет көрсету бағасы сұраныс мен ұсыныс негізінде қалыптасады.
Осыған байланысты, коммерциялық банктің кредит бойынша ставкаларының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы банктік сақтандырудың қазіргі жағдайын талдау
«ҚР-ның екінші деңгейлі банктерінде тәуекелдерді басқару жүйесі (банк мысалында)»
Қарыз алушының несиелік тәуекелін басқару әдістері
Екінші деңгейлі банктердің пайыздық тәуекелін басқару
Қазақстан Республикасының ІІ-ші деңгейлі банктерінің банктік тәуекеліндерін басқару
Банктік тәуекел түрлері. Функционалдық тәуекел: стратегиялық, технологиялық
Банк тәуекелдері туралы
Депозиттік операциялар есебі
Банк тәуекелі. Банк тәуекелінің жіктелуі
Қаржылық тәуекел
Пәндер