Аудиторлық тексеру барысындағы ішкі бақылау жүйесін бағалау маңызы және қажеттілігі



1 Қаржылық қорытынды есептілікті аудиторлық тексеру
2 Ішкі аудитор
Нарық жағдайында жекелеген ұйымдар мен фирмалар тәуелсіз өндірушілер болып табылады. Бірақ олардың қызметтерінің қаржылық нәтижелері көптеген қаржылық есептілік ақпаратын пайдаланушылардың қызығушылығын туғызады.
Тәуелсіз аудиторлық бақылауды кәсіпорындар және ұйымдармен жасалған шарт негізінде өзін өзі қаржыландыру принциптерімен аудиторлық ұйымдар (фирмалар) жүзеге асырады. Бұл кезде олардың қызметінің жағдайы, қаржылық есеп берудің қабылданған стандарттар мен есептік принциптерге сәйкестігі тексеріледі. Бақылау аудиті нәтижелері бойынша аудиторлық ұйым барлық параметрлер бойынша қаржылық есеп берудің дұрыстығы туралы қорытынды жасайды.
Аудиторлық бақылауды тәуелсіз аудиторлар, фирмалар ғана емес, мемлекеттік салық комитетінің аудиторлық бөлімшелері де жүзеге асырады. Мұндай бөлімшелердің қызметін заңды және жеке тұлғалардың салықтарды толық және уақытылы төленуін анықтау кезінде салық органдары анықтайды [1].
«Қаржылық есеп берудің реттеуші мақсаттары мен қағидалары» 200 ХАС сәйкес қаржылық есептілік аудитінің мақсаты – белгіленген талаптарға сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық есеп берудің жасалғаны немесе оған сәйкес еместігі туралы аудиторға өзінің тәуелсіз пікірін білдіруге мүмкіндік беру.
Қаржылық қорытынды есептілікті аудиторлық тексеру белгілі-бір тәртіпте құрылады. Әрбір аудитор өз жұмысының тәртібін тексерілген ұйымның ерекшеліктері мен клиентпен өзара жасалған келісім-шартқа сәйкес өзі белгілейді.
Аудит процесін ұйымдастыру орындалған жұмыстың сапасына және еңбек шығындарын басқарудың кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты, сондықтан аудиттің осы сатысына көп көңіл бөлінеді.
1. ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы (өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Заңы 15.01.2001 ж. № 139-11).
2. Халықаралық аудит стандарттары. Аудиторлар Палатасы, 2009 ж.
3. Шарипов А.Қ. Аудит: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2010 – 288 б.
4. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңы. 28.22.2007 ж.
5. Бровкина Н.Д. Контроль и ревизия: Учебное пособие/Под ред. М.В. Мельник.-М.:ИНФРА-М, 2010 – 346 с.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Аудиторлық тексеру барысындағы ішкі бақылау жүйесін бағалау маңызы
және қажеттілігі

Арыстамбаева А.З.

Нарық жағдайында жекелеген ұйымдар мен фирмалар тәуелсіз өндірушілер
болып табылады. Бірақ олардың қызметтерінің қаржылық нәтижелері көптеген
қаржылық есептілік ақпаратын пайдаланушылардың қызығушылығын туғызады.
Тәуелсіз аудиторлық бақылауды кәсіпорындар және ұйымдармен жасалған
шарт негізінде өзін өзі қаржыландыру принциптерімен аудиторлық ұйымдар
(фирмалар) жүзеге асырады. Бұл кезде олардың қызметінің жағдайы, қаржылық
есеп берудің қабылданған стандарттар мен есептік принциптерге сәйкестігі
тексеріледі. Бақылау аудиті нәтижелері бойынша аудиторлық ұйым барлық
параметрлер бойынша қаржылық есеп берудің дұрыстығы туралы қорытынды
жасайды.
Аудиторлық бақылауды тәуелсіз аудиторлар, фирмалар ғана емес,
мемлекеттік салық комитетінің аудиторлық бөлімшелері де жүзеге асырады.
Мұндай бөлімшелердің қызметін заңды және жеке тұлғалардың салықтарды толық
және уақытылы төленуін анықтау кезінде салық органдары анықтайды [1].
Қаржылық есеп берудің реттеуші мақсаттары мен қағидалары 200 ХАС
сәйкес қаржылық есептілік аудитінің мақсаты – белгіленген талаптарға сәйкес
барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық есеп берудің жасалғаны немесе
оған сәйкес еместігі туралы аудиторға өзінің тәуелсіз пікірін білдіруге
мүмкіндік беру.
Қаржылық қорытынды есептілікті аудиторлық тексеру белгілі-бір тәртіпте
құрылады. Әрбір аудитор өз жұмысының тәртібін тексерілген ұйымның
ерекшеліктері мен клиентпен өзара жасалған келісім-шартқа сәйкес өзі
белгілейді.
Аудит процесін ұйымдастыру орындалған жұмыстың сапасына және еңбек
шығындарын басқарудың кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты, сондықтан
аудиттің осы сатысына көп көңіл бөлінеді.
Аудитті жүргізудің аудиторлық әдістемесі аудиттелетін ұйымның
қажеттілігін максималды түрде қанағаттандыра алатын келесідей құрамдас
бөлшектерге негізделеді:
1) Клиент қызметіне бағытталу – өткізілген аудит тиімді және уақтылы
шешімдерді ұсыну мақсатында клиентпен жыл бойы жұмыс істеуді және маңызды
мәселелерді анықтау мүмкіндігін береді.
2) Аудиттеген ұйымның басқарушылары мен жоба бойынша жұмыс істейтін
аудиторлар тобы арасындағы үздіксіз (тұрақты) қарым-қатынас қойылған
мақсаттардың нақтылығына, қолданылған аудиторлық процедуралардың
сәйкестігіне туындаған сұрақтарға уақытылы шешім табуға және аудит процесі
кезінде кері оқиғалардың жоқтығына кепіл береді.
3) Бизнеске бағытталу – аудиторлық тексеру негізінен, ақпараттарды
жинау процесі болып табылады. Аудиторлар жиналған ақпараттарды бағалайды,
солардың ішінен ең маңыздысын таңдайды [2].
Яғни, аудиттің мақсаты – аудиторлық тексеруді сапалы және тиімді
жүргізу және контроллинг (бақылау) жүйесіне бағыттау болып табылады.
Жалпы, аудиторлық тексеруді бірнеше кезеңдерге бөлуге болады:
1) Аудиттеген тұлғаның қажеттілігін бағалау, аудитті жүргізу бойынша
топты құру және оның мақсаттарын анықтау. Аудиттеген ұйымның қажеттіліктері
мен сұраныстары туралы нақты түсінік алу және осы қажеттіліктерді
қанағаттандырудың оптималды әдістерін табу маңызды. Аудиторлық тексеруге
қатысатын басқарушы қызметкерлер (серіктестерін және бас менеджерді қоса)
аудиттеген тұлғаның сәйкес қызметкерлерімен келіссөз жүргізу жолымен осы
мақсаттардың максималды тиімді орындалуын қамтамасыз ету керек.
Осыдан басқа, аудиторлық тексерудің бірінші кезеңін орындау үшін,
сәйкес қызметкерлерін (салық салу, аудит және басқарушылық кеңес беру
бөлімінен) тарту қажет. Ұйым туралы нақты көрініс алу үшін топтың әрбір
мүшелері тексеруді жүргізгеннен кейін, сәйкес ақпаратты ұсыну керек.
2) Аудиторлық тексеру жобасын жоспарлау бойынша кеңес жүргізу.
Аудиттелген ұйымның қажеттілігі мен сұраныстары сәйкес келетін және оның
шаруашылық тәуекелін есепке алатын жалпы аудиторлық стратегиясын құрастыру
қажет. Бір уақытта, мұндай стратегия аудиторлық тәуекелді және аудиторлық
тексерудің экономикалық аспектілерін есепке алу керек. Кеңесте сәйкес
аудиттелген ұйымның қызметкерлері қатысуы керек және кеңес соңында олар
графиктері, аудиттің соңғы мерзімі мен нәтижелері, өздерінің
міндеттемелері, жасалған қорытындылары туралы бір түсінікке келуі тиіс.
Барлық жағдайларында мұндай кеңес бас менеджерлердің және серіктестің
қатысуымен өткізілуі тиіс (аудиттеген ұйымның кезеңдерін жүзеге асырылуына
дейін және есепті кезеңнің аяқталуына дейін), ал оның қорытындысы
аудитордың жұмыс құжаттарында құжатталуы тиіс.
3) Нарық конъюктурасы, іскерлік ортасын және т.б. туралы көрінісін
алу. Аудиттеген ұйымның шаруашылық тәуекеліне әсерін тигізетін
акционерлері, бизнес мақсаттары, іскерлік ортасы, нарық конъюктурасы туралы
ақпарат алу қажет.
4) Ішкі бақылаудың маңызды процедураларын бағалау. Аудиттеген ұйымның
ішкі бақылаудың маңызды процедуралары туралы ақпарат алуы қажет, сонымен
қатар, қаржылық есептіліктің маңызды шоттарына (баптарына) әсер ететін
бақылау процедураларын анықтау қажет. Минималды шығындармен құжаттамасын,
сонымен қатар, барлық маңызды процедуралар үшін үздіксіз талдауын дайындау
қажет.
5) Тәуекелдікті бағалау ішкі бақылаудың маңызды процедураларында
анықталған бақылау құралдарының тиімділігін, сонымен қатар көлемді бақылау
құралдарына сұрыптамалық тексеруді жүргізу қажет.
6) Маңызды және жалпы аудиторлық процедуралар. Болашақта аудиторлық
тәуекелді қажетті деңгейге дейін төмендету үшін қалған аудиторлық
процедураларын жүзеге асыру қажет. Бұл процедуралар детальді мәліметтердің
сұрыптамалық тексеруден немесе, егер бастапқы есептік мәліметер сенімді деп
бағаланған болса, онда талдамалық процедуралардан тұруы мүмкін.
7) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыртқы және ішкі аудит
Аудиторлық қызметтің теориялық негіздері
Бухгалтерлiк есеп және оның ақпаратты аудит мәлiметiнiң көзi
Аудиторлық қызметтің негіздер
Аудит қызметінің этикасы
Мердігерлік жұмыстардың бағалау көлемін анықтау
Бухгалтерлік есеп және аудит
Ішкі және сыртқы аудит
Коммерциялық банк қызметіндегі аудиттің рөлі
АУДИТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер