Банктегі валюталық операциялар
Кіріспе
1. Банктегі валюталық операциялар туралы жалпы түсінік
1.1 Валюталық операциялар ұғымы
1.2 Валюталық операциялардың жіктелуі
1.3 Инкассо және Аккредитив
2. Валюталық операциялардың нәтижелері
2.1 Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялардың жағдайы
2.2 Валюталық операциялардың нәтижесінталдау
Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Глоссарий
Тіркемелер

Валюталық нарықтарындағы валюталық операцияларды толық қарастырайық. Валюталық нарықтар өзімен бірге механизмін ұсынады, соған байланысты валюталарды сатып алушылар мен сатушылардың арасындағы өзара әрекеттестігі болады. Валютамен пайдаланған субъекті бойынша валюталық нарық банкаралық (тік және брокерлік), клиенттік және биржалық валюталық нарықтарға бөлінеді. Өз кезегінде валюталық оперпацияның жеделдігі бойынша банкаралық валюталық нарнықта 3 негізгі сегменттер белгіленеді:
1. спот- нарық немесе валюталарды жедел жеткізген сауда нарығы, оған валюталардың барлық айналымынан 65%- ға дейін келеді;
2. форвардтық нарық- немесе шұғыл нарық, ол жерде 10%- ға дейінгі валюталық операциялар іске асырылады.
3. своп нарық- «спот» және «форвард» сату- сатып алу бойынша операцияға үлестірілген нарық; одан барлық валюталық операцияларының 25%- ға дейін іске асырылады.
Валюталық спот – нарығының жалпы сипаттамасы.
Спот нарық – бұл валюталарды тез қамсыздандыру нарығы. Бұл нарықтың негізгі қатысушылары әр түрлі серіктермен спот- нарықта операциялар жүргізетін сауда банктер алға шығады:
• Клиенттермен тікелей – жеке және мемлекеттік сектордағы кәсіпорындармен;
• банкаралық валюта нарығындағы тікелей басқа сауда банктермен;
• брокерлік және дилингтік мекемелер арқылы коммерциялық банктермен және клиенттермен;
• мемлекеттердің орталық банктерімен;
Банкаралық нарықта іске асырылған шұғыл операциялардың негізгі қағидаларына форвардтық операция және своп – келісімдер жатады.

1. Қазақстан Республикасының Заңы «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы», Заң – N 7- 2005
2. Мақыш С.Б. «Валюталық операциялар және валюталық мәмілелер», Хабаршы – N 1-2004, 19 б.
3. Найманбаева С. «Валюталық құқықтың жүйесі», Заң және заман,
N 9- 2005
4. Худяков А.И. Основы теории финансового права. -Алматы, Жеті Жаргы, 1995. -С.224-225.
5. Заң газеті 2006 жыл
6. Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан (особенная часть) Алматы, НОРМА-К, 2002. -С.24.; Худяков А.И. Налоговое право Республики Казахстан (общая часть). -Алматы, НОРМА-К, 2003. -С.222.
7. Дорофеев Б.Ю., Земцов Н.Н., Пушин В.А. Валютное право России. -М., НОРМА-ИНФРА-М, 2001, с.ІХ,У1.
8. Сарсембаев К.М. Казахстанское и международное валютное право. -Алматы, Данекер, 2003. (5 томов)
9. Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан (общая часть). -Алматы, Қаржы-қаражат, 1995. -С.ПО-152; с.168-177; с.98.
10. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша. Несие. Банктер», Алматы – 2001
11.«Валютное регулирование внешнеэкономической деятельности в Казахстане», Банки Казахстана, №5, 2005г.
12. Ермилова Л.В. «Валютные кризисы: причины, формы, последствия», Вопросы гуманитарных наук, №2, 2005г.
13. Арыстанбеков К. «Экономическая политика и валютный курс», Саясат, №12, 2002г.
14. Шиликбаев С. «Совершенствование системы валютного регулирования экономики для учета влияния мировой коньюктуры», Аль-Пари, №6, 2002г.
15. Омарбаева А.К. «Ұлттық ақша өлшемінің валюталық бағамын реттеу жөніндегі валюталық саясат», ҚазҰУ хабаршысы, Экономика сериясы, №1(35), 2003ж.
16. «Ежегодный статистический журнал», Агентство Статистики Республики Казахстан, 2006г.

ЖОСПАР
Кіріспе
1. Банктегі валюталық операциялар туралы жалпы түсінік
1.1 Валюталық операциялар ұғымы
1.2 Валюталық операциялардың жіктелуі
1.3 Инкассо және Аккредитив
2. Валюталық операциялардың нәтижелері
2.1 Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялардың жағдайы
2.2 Валюталық операциялардың нәтижесінталдау
Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Глоссарий
Тіркемелер
Кіріспе
Валюталық нарықтарындағы валюталық операцияларды толық қарастырайық.
Валюталық нарықтар өзімен бірге механизмін ұсынады, соған байланысты
валюталарды сатып алушылар мен сатушылардың арасындағы өзара әрекеттестігі
болады. Валютамен пайдаланған субъекті бойынша валюталық нарық банкаралық
(тік және брокерлік), клиенттік және биржалық валюталық нарықтарға
бөлінеді. Өз кезегінде валюталық оперпацияның жеделдігі бойынша банкаралық
валюталық нарнықта 3 негізгі сегменттер белгіленеді:
1. спот- нарық немесе валюталарды жедел жеткізген сауда нарығы, оған
валюталардың барлық айналымынан 65%- ға дейін келеді;
2. форвардтық нарық- немесе шұғыл нарық, ол жерде 10%- ға дейінгі
валюталық операциялар іске асырылады.
3. своп нарық- спот және форвард сату- сатып алу бойынша операцияға
үлестірілген нарық; одан барлық валюталық операцияларының 25%- ға
дейін іске асырылады.
Валюталық спот – нарығының жалпы сипаттамасы.
Спот нарық – бұл валюталарды тез қамсыздандыру нарығы. Бұл нарықтың
негізгі қатысушылары әр түрлі серіктермен спот- нарықта операциялар
жүргізетін сауда банктер алға шығады:
• Клиенттермен тікелей – жеке және мемлекеттік сектордағы
кәсіпорындармен;
• банкаралық валюта нарығындағы тікелей басқа сауда банктермен;
• брокерлік және дилингтік мекемелер арқылы коммерциялық банктермен
және клиенттермен;
• мемлекеттердің орталық банктерімен;
Банкаралық нарықта іске асырылған шұғыл операциялардың негізгі
қағидаларына форвардтық операция және своп – келісімдер жатады. Форвардтың
валюталық келісім шарттар – бұл келешекте шетел валюталарының нақты
соммасындағы нақты бір күнінде сату немесе сатып алу бойынша банк
арасындағы келісімнің орындалуы үшін міндетті. Сонымен валюта, сома,
айырбстау бағамы және ақы төлеу күні келісімдер жасаған кезде белгіленеді.
Форвардтық келісімнің мерзімі 3 – тен 5 жылға дейін тербеліп отырады, бірақ
ең таралған келісімдерді жасағаннан күннен бастап 1, 3, 6, және 12 айдың
күндері болып табылады. Форвартық келісім шарт банктік келісім шарт
болып табылады, сондықтан ол стандартталмаған және нақтылы операцияға
сәйкес толық бол уы мүмкін.
Қазақстан Республикасында валюталық операциялар,валюталық реттеу мен
валюталық бақылау мәселелері - өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Валюталық реттеудің негізгі міндеттерінің бірі валюталық операциялар және
капитал ағындары бойынша ақпарат базасын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл
база капитал қозғалысымен байланысты тәуекелдерді орынды бағалау,
пруденциалдық және салықтық-бюджеттік реттеу тарапынан қажетті шараларды
әзірлеу және оларды ендірудің тиімділігін бағалау үшін ақпараттық негіз
болып табылады.
Жұмыс барысында қарастырылып отырған мәселелер:
- Банктегі валюталық операциялар туралы жалпы түсінік
- Валюталық операциялар ұғымы
- Валюталық операциялардың жіктелуі
- Инкассо және Аккредитив
- Валюталық операциялардың нәтижелері
- Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялардың жағдайы
- Валюталық операциялардың нәтижесінталдау

Валюталық операциялардың анықтамасын беруден бұрын "валюта" терминінің
мәніне тоқталайық.
Қазақстан Республикасының "Валюталық реттеу туралы" заңына (24.12. 1996
ж.) сәйкес, "валюта — мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданган
ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның
ішінде қымбат металдардан жасалган тиындар (айналымнан алынган немесе
алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауга жататынын
ңоса алганда) түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындагы құнның ресми
стандарттары, сондай-ақ шоттардагы, соның ішінде халықаралъқ ақша немесе
есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттары ".
Осы заңда "валюталық опертшяларга" төмендегідей түсінік берілген:
1)меншік құқығының және өзге де құқықтардың валюталық құнды-лықтарға
ауысуына байланысты операциялар, соның ішінде төлем құралы ретінде
шетел валютасын және шетел валютасындағы өзге де төлем құралдарын
пайдаланумен байланысты мәмілелер;
2) валюталық кұндылықтарды кез келген тәсілмен Қазақстан Республи-касына
әкелу және жөнелту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және
жөнелту;
Мұндағы валюталық құндылықтарга мыналар жатады:
1) шетел валютасы;
1) номиналы шетел валютасында көрсетілген бағалы қагаздар және төлем
құралдары;
2) тазартылган құйма алтын;
2) ұлттық валюта, резиденттер мен бейрезиденттер арасында олармен
операциялар жасалған жағдайда құны ұлттық валютамен көрсетілген бағалы
қағаздар жэне төлем кұжаттары.
Мүндағы резиденттерге жататындар:
* ҚР-ның тұрақты түрғыны, соның ішінде уақытша шетелде немесе
республикадан тысқары жерлерде мемлекеттік қызметте жүрген жеке түлға;
* ҚР-ның заңдылықтарына сәйкес құрылған барлық заңды тұлғалар, олардың
республика ішіндегі немесе одан тысқары жерлерде орналасқан филиалдары
мен өкілеттігі;
* ҚР-дан тысқары жердегі орналасқан дипломатиялық, сауда жэне өзге де
өкілеттіктер жатады.
Ал, бейрезидентерге резидент құрылымында көрсетілмеген ҚР-ның барлық
заңды жэне жеке түлғалары немесе одан тысқары жерлердегі олардың филиалдары
мен өкілеттіктері жатады.
Кейбір экономикалық әдебиеттерде валюталық құндылықтар қатарына багалы
металдар (алтынан басқа да) мен табиги асыл тастарды (алмаз, рубин,
изумруд, сапфир, александрит жене жемчуг) жатқызады.
Валюталық операциялар агымдыц операциялар жэне капитал қозга-лысымен
байланысты операцияларга бөлінеді.
7. Агымдық операцияларга жататындар:
* тауарлар, жұмыстар жэне қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің
мерзімін 180 күннен аспайтын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт
мэмілелері бойынша есеп айрысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;
* 180 күннен аспайтын мерзімге несиелер беру және алу;
* салымдар (депозиттер), инвестициялар, заем және өзге операциялар
бойынша дивиденттерді, сыйақыларды жэне өзге де табыстарды алу жэне
аудару;
* гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын аударымдар,
мұрагерлік соманы, жалақыны, зейнетақыны, алименттерді жэне басқа
сомаларды аудару;
* осы заңмен капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатпайтын
барлық өзге де валюталық операциялар.
2. Капитал қозгалысына байланысты операгшяларга жататындар:
* инвестицияларды жүзеге асыру;
* интеллектуалдық меншік объектілеріне ерекше кұқықты толық бе-руд!
көздейтін мэмілелер бойынша есеп айырысуларды жүргізуге арналған
аударымдар;
* мүліктік құқыққа жэне өзге де жылжымайтын мүлік қүқығына төлеуге
аударымдар;
* тауарлар, жүмыстар жэне қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің
мерзімін 180 күннен асатын мерзімге үзартуды көздейтін экспорт-импорт

* 180 күннен асатын мерзімге несиелер беру және алу;
* өздері тіркелген мемлекеттердің заңдары бойынша банк операцияларын
жүзеге асыруға қүқығы бар шетел баңкілерінде және өзге де қаржылық
үйымдарда салымдарды (депозиттерді) жүзеге асыру;
* зейнетақы активтерін жинақтауға байланысты мәмлелер бойынша халықаралық
аударымдар;
* жинақтау сипатындағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша
халықаралық аударымдар.
Валюталық операцияларды біздің елімізде шетел валютасымен банктік
операциялар жүргізуге ҚР Ұлттық банкінен алған лицензиясы бар өкілетті
банктер ғана орындай алады. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық банк валюталық
реттеуді және валюталық бақылауды жүргізеді.
Валюталық реттеу - нормативтік қүқықтық актілерді жасау және бекіту,
акпараттар жинау, валюталық заңдылықтардың орындалуына бақылау жасау,
заңмен көзделген санкцияларды қолдану шараларын білдіреді.
Валюталық заңға сәйкес, валюталық реттеу шараларына мыналар жатады:
* лицензиялау;
* тіркеу;
* хабарлау.
Тіркеу жэне лицензиялауға жататын валюталық операциялар тізімі төмендегі
кестемен берілген.
Кесте -1
Валталық операциялардың түрлері ҚР-на кіретін ҚР-на шығатын
1 180күн мерзімнен асатын Тіркелді лицензияланды
коммерциялық несиелер
2 Тікелей инвестициялар Тіркелді Тіркелді
3 Бағалы қағаздарды сатып алу Тіркелді лицензияланды
4 180 күн мерзімнен асатын қаржылық Тіркелді Тіркелді
займдар
5 Капитал қозғалысымен жасалатын Тіркелді Тіркелді
өзге операциялар
Тіркеуге жататын ең төменгі сома төмендегі кестеде берілген.
Кесте - 2
Қазақстан Республикасына келіп түскен Қазақстан Республикасынан қаражат
мүлік 300 мың АҚШ долларына асқан аудару сомасы 10 мың АҚШ долларынан
жағдайда. асса
Резиденттің бейрезидентке мүлікті Резиденттің бейрезидентке мүлікті
қайтарумен байланысты міндеттемесі қайтарумен байланысты талабы 10 мың
300 мың АҚш долларынан асқан жағдайдаАҚШ долларынан асса
Сонымен қатар заңды тұлға резиденттердің шетелдегі филиалдары мен
өкілдіктерін үстау шығыстарын каржыландырумен байланысты шетел банктерінде
шот ашуы тіркеуге алынады.
Тіркеуге жатпайтын валюталық операцияларға мыналар жатады:
* мемлекеттің сыртқы займдар, мемлекеттің кепілдігі бар мемлекеттік емес
сыртқы займдар туралы келісімдер, сондай-ақ осындай келісімдердің
төңірегінде жасалатын операциялар;
* валюталық келісімшарттың толық сомасына жасалған мәмілелік құжаты бар
тауарларды экспорттаумен (импорттаумен) байланысты коммерциялық
несиелер;
* хабарлау режимінде жасалатын банктердің меншікті операциялары;
* ҚР-да шетелдік мекемелердің жүзеге асыратын валютальщ опера-циялары;
* бейрезиденттердің ҚР-да шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып
алуы;
* бейрезиденттердің қазақстандық депозитарлық қолхаттарды сатып алуы;
* брокерлік қызмет көрсету негізінде бейрезиденттер резиденттердің бағалы
қағаздарын сатып алуы;
* өзге мемлекеттердің заңдарына сәйкес және олардың аумағында
резиденттердің шығарған бағалы қағаздарын бейрезиденттердің сатып алуы.
Валюталық операцияларды тіркеуге алу үшін қажетті құжаттар тізімі:
* тіркеуі үшін өтініш;
* валюталық келісімшарт көшірмесі (тігілген және мөр басылған);
* төл қүжатының көшірмесі (жеке түлғалар үшін);
* заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі;
* ҚР Статистика ұйымының тарапынан заңды түлғаға жеке иденти-фикациялық
кодының берілгендігін растайтын құжаттың көшірмесі;
* СТТН көшірмесі;
* Валюталық келісімшартқа сәйкес міндеттемелердің орындалуы және
аяқталуын растайтын қүжаттардың көшірмесі.
Банктердің мынадай меншікті операциялары 300 мың АҚШ долларынан асса
хабарлануға жатады:
- 180 күн мерзімнен асатын бейрезиденттерден алған коммерциялық
несиелер мен займдар;
* бейрезиденттердің банктерге жасаған тікелей инвестициялары;
* бейрезиденттердің банктердің бағалы қағаздарын сатып алу, сондай-ақ
банктердің халықаралық капитал нарығында бағалы қағаздарды алғашқы
эмиссиялауы;
* жылжымайтын мүлікке деген меншік құқығын сатып алумен бай-ланысты
жасаған бейрезиденттердің аударымдары.
1.2 Валюталық операциялардың жіктелуі
Экономикалық эдебиеттерде банктер жүргізетін валюталық операция-лардың
өзіндік белгілеріне байланысты жіктелуін көрсетеді
1. Клиенттердіц шоттарын ашу және жүргізу
Бұл операция мынадай түрлерден түрады:
* заңды жэне жеке тұлғаларға (резиденттер мен бейрезиденттерге) валюталық
шот ашу;
* шоттардағы қалдық бойынша пайыз төлеу;
* овердрафт (банктің жетекшілерінің шешімімен ерекше клиенттерге)
несиелерін беру;
* операция жасалуына қарай шоттың көшірмелерін беру;
* кез келген уақыт аралығына шот архивін рэсімдеу;
* клиенттердің тапсырмалары бойынша операцияларды орындау (кли-енттер
есебінен шетел валютасын сатып алу және сату);
* экспорттық-импорттық операцияларға бақылау жасау.
2. Сауда емес операциялар. Сауда емес операцияларға клиенттерге
тауарлар жэне қызметтер экспорты мен импорты жэне капитал қозғалысы
бойынша қызмет көрсетулер үшін есеп айрысуларға байланыссыз опе
рациялар жатады.
1-сурет. Валюталық операциялардың жіктелуі
Өкілетті банктер сауда емес сипатта мынадай операцияларды жасауы мүмкін:
* қолма-қол шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын
сатып алу және сату;
* шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын ин-
кассациялау;
* шетел банктерінің жол чектерін сатып алу (төлеу);
* ақшалай аккредитивтерді төлеу.
3. Шетел банктерімен корреспонденттік қатынас орнату.
Халықарапық есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін банктер шетел
банктерінде өздерінің корреспонденттік шоттарын ашады. Ондай шоттар екі
түрлі болып келеді:
а) НОСТРО шоты (біздің шотымыз сізде)-банк-корреспондентте ком-мерциялық
банктің атына ашылған ағымдық шот;
ә) ЛОРО шоты (сіздің шотыңыз бізде) - коммерциялық банкте банк-
корреспонденттің атына ашылған ағымдық шот.
4. Конверсиондъщ операциялар
Конверсиондық операциялар - сол елдің қолма-қол және қолма-қолсыз ұлттық
валюталарына қолма-қол және қолма-қолсыз шетел валюталарын сатып алу және
сату мәмілелері.
Конверсиондық операцияларға мынадай валюталық мәмілелер жатады:
* СПОТ мәмілесі - бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және
сатуға байланысты мәміле жасалған күннен кейінгі екінші банктік жұмыс
күніндегі валюталау күні жүргізілген операциялар.
* ФОРВАРД (мерзімді, аутрайт) мэмілесі - бір валютаға қарсы екінші
валютаны сатып алу және сатуға байланысты мәміле жасалған күннен
кейінгі 2 банктікжұмыс күніндегі валюталау күні жүргізілген
операциялар.
* СВОП мәмілесі - бір валютаға карсы екінші валютаны сатып алу және
сатуға байланысты осы валютаны болашақта қайта сатып алу және сатуға
сәйкес, яғни екі қарама-қарсы операциядан тұратын банктік мәміле.
* Аутрайтпен жасалатын мәміле - белгілі бір күнге валютамен жаб-дықтау
шартын білдіреді;
* Отшонмен жасалатын мәміле - валютамен жабдыктаудың күні белгіленбеген
шартын сипаттайды.
5. Халықаралық есеп айырысу бойынша операциялар
Сыртқы саудада есеп айырысудың мынадай формалары қолданылады:
құжатталған аккредитив, құжатталған инкассо, банктік аударым.
Құжатталган аккредитив - аккредитивте көрсетілген қүжаттарға карсы
экспортердың (бенефициарға) пайдасына өзінің бұйырушыклиентінің
(импортердің) өтініші бойынша жасайтын аккредитив ашушы банктің (эмитент-
банктің) міндеттемесін білдіреді.
Құжатталган инкассо - эмитент-банктің, сенім білдірушінің берген
қүжаттарын төлеушіге (импортерға) төлеу үшін ұсынуға немесе ақшасын алып
беруге өзіне алған міндеттемесі.
Банктік аударым - банктік аударым жасаушының жасаған тапсырмасы
негізінде барлық есеп айырысудағы валюталық түсімдердің өкілетті банктердің
шотына есепке алынуын білдіреді.
6. Валюталық қаражаттарды тарту және орналастыру операция-
лары.
Мұндай операцияларға мыналар жатады:
1) депозиттерді тарту:
* жеке түлғалардан;
* заңды тұлғалардан, соның ішінде банкаралық депозиттер;
2) несиелер беру:
* жеке түлғаларға;
* заңды түлғаларға;
3) банкаралық нарықта несиелерді орналастыру.
1.3 Инкассо және Аккредитив
Халықаралық жэне отандық банктік тәжірибеде есеп айырысудың ең көп
қолданылатын түрлеріне инкассо мен аккредитив жатады.
Инкассо - сатушы (экспортер) мен сатып алушыны (импортердің) арасында
банктің делдал қызметін атқаруымен байланысты операция. Аталған операция
инкассоның шарты көзделген қүжаттарға қарсы төлемді жасау туралы сатушы
тапсырмасы негізінде жүзеге асады. Егер қаржылық күжаттарға (аудармалы
вексель, жай вексель, чек жэне т.б ақшаны алуда пайдаланылатын қүжаттар)
қоса коммерциялық құжаттар (шот, жөнелту құжаттары, меншік құқығы туралы
құжаттар) берілген болса, онда мүндай инкассо құжатты инкассо деп аталады.
Таза инкассода қаржылық қүжаттар ғана беріледі, яғни коммерциялық қүжаттар
бірге жүрмейді.
Таза жэне құжатты инкассомен операция жүргізуде банктер 1995 жы-лы
толықтырылған Инкассомен жүмыс жасаудың ортақ ережесін бас-шылыққаалады.
Инкассомен операция жасауда банктер ешқандай да толем міндетте-месін
алмайды. Олардың міндеті инкассоның нұсқаулығына сэйкес тө-лемдерге қарсы
құжаттарды беру болып табылады.
Құжатты инкассода мынадай қатысушылар болады:
* сатушы (экспортер) - инкассо бойынша банкке тапсырма беруші;
* ремитент банк - инкассо бойынша сатушыныц тапсырма беретін банкі;
* инкассолаушы банк - инкассолау операциясына қатысушы ремитент банктен
басқа кез келген банк;
* хабарлаушы банк - төлеушіге хабарды жеткізуші банк;
* сатып алушы (төлеуші) - инкассолық тапсырмаға сәйкес хабар берілетін
тұлға.
Құжатты инкассо формасында есеп айырысу пайдалану төмендегі жағдайларда
ұсынылады:
* бірін-бірі білетін серіктестер арасында;
* сатушы сатып алушыньщ төлем қабілетіне көз жеткізген жағдайда;
* сатып алушы елдегі жағдай түрақты немесе импорттық шектеулер жоқ
болғанда.
Инкассомен есеп айырысудыц сатып алушы үшін артықшылығы, ол тауарды
жөнелткенге дейін оныц құнын төлемей, толем тек қана тауарды жөнелткендігін
растайтын қүжаттар ұсынылған жағдайда жасалады.
Соныменқатарегердеұсынылатынқұжатта ркелісімшартқасайкелмесе сатып
алушының төлемнен бас тартуға немесе аз бөлігін төлеуге қүқы бар. Өз
кезегінде сатушы үшін оның артықшылығы мынада, яғни сатып алушы төлемді
жасамайыншатауарға тиісті құжаттарды ала алмайды.
Дегенмен бүл да сатушыға тауарыныц төленетіндігіне ешқандай ке-піл
бермегенімен өзге есеп айырысу формасына, мысалы аккредитивке қарағанда өте
арзан жэне жылдам болып келеді.
Құжатты инкассомен есеп айырысу сызбасы 2-суретте берілген.
2-сурет. Құжатты инкассомен есеп айырысу сызбасы
1
8 3 2
5 6
4
5 7
1 - келісімшарт жасасу; 2 - тауарды жабдықтау және құжаттарды рәсімдеу;
3 - инкассоны беру үшін құжаттарды тапсыру; 4 - инкассога құжаттарды
жөнелту; 5-құжаттарды сатып алушыға беру; құжаттарға қарсы төлем жасау;
сатып алушының шотына қаражат есептеу.
Аккредитивпен есеп айырысу жиі қолданылмайды, бірақ ол нарық жағдайында
біршама тұрақты есеп айырысу формасы.
Аккредитив - бүл сатып алушының тапсырмасы бойынша сатып алушының
(аккредетив ашушының) банкісініц жабдықтаушынын банкісіне аккредитивте
кәрсетілген құжаттарды жабдықтаушы (бенефициар) бергеннен соң және
аккредитивтің басқа да шарттарын орындаған жағдайда төлемді төлеуге берген
шартты ақшалай міндеттемесі.
Егер де аккредитиве ашатын банк, клиенттің тапсырмасы бойынша қаражатты
жабдықтаушының банкіне аударып қойса, онда аккредитивте көрсетілген барлык
шарттардың орындалуы барысында төлемді жүзеге асыру үшін жабдықтаушының
банкінде "Аккредитив" жеке баланстық шоты ашылады.
Аккредитив аша отырып, банк төлемді төлеуге кепілгер болып табылады. Бұл
халықарылық банктің тәжірибедегі есеп айырысу формасының банктің
кепілдігімен жасалатын жалғыз түрі. Қалған есеп айырысу формаларында банк
клиенттің тапсырмасы бойынша және оның есебінен есеп айырысуға қатысады.
Жалпы аккредитивпен есеп айырысудың мынадай қатысушылары болады:
* Өтініш иесі (аппликант, бұйрық беруші, импортер, трассат, сатушы). Бұл
қатысушы банкке аккредитив ашуды тапсырады.
* Бенефициар (экспортер, сатушы, трассант). Бұл қатысушының атына
аккредитив ашылады.
* Эмитент банк, яғни клиенттің (өтініш берушінің) атынан аккредитив
ашатын банк.
* Хабарлаушы банк, яғни хатпен немесе телекспен аккредитивтің
ашылғандығын бенефициарға хабарлаушы банк. Оның басты міндеті хабарды
жеткізбестен бұрын аккредитивтің шынайлығына көз жеткізуге тиіс.
* Растаушы банк, яғни эмитент банктің сұрауы бойынша аккредитив-ке өзінің
кепілхатын қосатын банк. Растаушы банк егер де эмитент банк
міндеттемесін орындай алмаған жағдайда аккредитив бойынша төлемді
төлеуге келісім береді.
Аккредитивтің мынадай түрлері болады:
* құжатты аккредитив;
* өтелген және өтелмеген;
* қайтарылатын және қайтарылмайтын.
Құжатты аккредитив - бенефициардың төлемді алғанға дейін құ-жаттарды
беруін сипаттайды. Бұл құжаттар аккредитивте көрсетілген тау-арларды
жөнелткендігін растайды. Төлемді алу үшін барлық құжаттар аккредитивте
көрсетілген тізбекке сәйкес келуі қажет.
Өтелген (қаражат аударылган) -бұл эмитент-банктің міндеттемесінің іс-
эрекетінің барлық мерзімі ішінде төлеушінің меншікті қаражаты немесе
несиеге клиентіне берген қаражаты есебінен аударылған жабдықтаушының
банкісінде ашқан аккредитиві (3-суретте берілген).
1
5
4 6 3 8
2
7
3-сурет. Алдын ала қаражатты аудару аркылы аккредитив формасымен есеп
айырысудағы кұжат айналымының сызбасы
1 - алдын ала қаражатты аудару арқылы аккредитив формасын пай-далану
барысында есеп айырысу туралы өзара контракт жасасу; 2 - банкке аккредитив
ашуға өтінішін және оған қоса қаражатты аудару туралы төлем тапсырмасын
беру, одан соң, ол соманы сатып алушыныц шотынан шегеру; 3 қаражатты
экспортердің банкіне аудару және оны "Аккредитив" шотына есептеу; 4 -
экспортерге аккредитивтің ашылғаны туралы хабарлау; 5 - тауарды жабдықтау
немесе қызмет көрсету; 6 -келісімшартқа сәйкес тауарды жөнелткені (қызметті
көрсеткені) туралы есеп айырысу құжаттарын экспортердің банкіне жіберу және
"Аккредитив" шотынан қаражатты шегеріп, оны жабдықтаушының шотыиа есептеу;
7-есеп айырысу құжаттары сатып алушының банкіне жіберіліп, аккредитивті
пайдаланганы туралы хабардар етеді; 8 - құжаттарды сатып алушыға бере
отырып, оған аккредитивті пайдаланғаны туралы хабарды жеткізеді.
Өтелмеген (кепілденген) - бұл банктердің өзара корреспонденттік қа-
тынастар орнатуы негізінде жабдықтаушының банкіне сатып алушының банкісінің
шотынан қаражатты шегеруге құқық беру арқылы ашқан аккредитив сипаттайды.
Кепілденген аккредитиве эмитент-банк сатып алушымен келісім-шарт
негізінде, сондай-ақ басқа банкпен арадағы корреспонденттік қарым-қатынас
жағдайына байланысты ашады. Ал енді, өтелмеген аккредитив бойынша есеп
айырысу ерекшеліктерін қарастырып өтейік.
Әрбір аккредитив қайтарылатын немесе қайтарылмайтын болуға тиіс.
Ондай анықтауыш белгі болмаған жағдайда, ол аккредитив қайтарылатын болып
табылады.
Қайтарылатын аккредитив жабдықтаушының келісімінсіз эмитент-банктің
әмірімен өзгертілуі немесе күшін жоюы мүмкін. Бұл аккредитив сатып алушының
мүддесін көздейді.
Қайтарылмайтын аккредитив жабдықтаушының келісімінсіз өзгере немесе
күшін жоя алмайды. Себебі, мүндай аккредитив жабдықтаушының пайдасына
ашылған болып табылады. Қайтарылмайтын аккредитив расталмаған жэне
расталған болуы мүмкін.
Қайтарылмайтын расталмаган аккредитив - эмитент банктің хабар-лаушы банк
арқылы хабарлайтын аккредитив!. Бұл жерде хабарлаушы банк эмитент банктің
агенті ретінде қызмет етеді, бірақ ол аккредитив бойынша бенефициар алдында
ешқандайда жауапкершілік алмайды.
Аккредитивтік өтініштің үлгісі келесі бетте берілген.
Қайтарылмайтын расталган аккредитив - эмитент банктің міндет-темесіне
қоса Растаушы банктің беретін міндеттемесін білдіреді. Бүл аккредитивтің
басты артықшылығы онда қосарлы кепілдендіру бар. Егер де эмитент банк
бірінші класты банкке жатса, онда қосымша кепілдендіру қажет етілмейді. Ол
өз кезегінде аккредитив бойынша шығынды азайтады. Кей жағдайларда мүндай
аккредитивтің қосымша кепілдендірілуі бенефи-циардың қалауы бойынша іске
асады.
Халықаралық банктік тәжірибиеде аккредитивтің автоматты түрде жаңар-
тылатын, резервтік (стэнд-бай), аудармалы сияқты түрлері қолданылдады.
Аккредитивпен есеп айырысу формасы мына жағдайларда пайдаланы-лады:
* бірін бірі аз білетін немесе танымайтын серіктестер арасында келісім-
шарт жасалса;
* келісімшарт жасаушы тарап серіктесіне толық сенімсіз болса немесе
серіктесінің елінде саяси не экономикалық түрақсыздықтар орын алса.
Аккредитивтің қызмет ету мерзімі және есеп айырысу тэртібі төлеуші мен
жабдықтаушының арасында жасалатын келісімшартта көрсетіледі, сондай-ақ онда
мыналар көрсетіледі: эмитент-банктің атауы; аккредитив түрі және орындалу
тэсілі; аккредитив ашылуы тур алы жабдықтаушыға ха-барлау тәсілі;
аккредитив бойынша қаражатты алу үшін жабдықтаушының беретін қүжаттарының
толық тізімі мен нақты сипаттамасы; тауарларды жөнелткеннен кейінгі
қүжаттарды жіберу мерзімі, олардың рэсімделуіне қойылатын талаптар; басқа
да қүжаттар мен шарттар.
Аккредитив ашу туралы өтініште төлеуші мыналарды көрсетеді: аккредитив
ашылатын келісімшарттың номері; аккредитив қызмет ету мерзімі (аккредитив
жабылу күні мен айы); жабдықтаушының (эспортердың) атауы; орындаушы банктің
атауы; аккредитив орындалу орны; аккредитив бойынша толем төленетін
қүжаттардың толық және нақты атауы, олардың тап-сырылу мерзімі мен
рәсімделу тэртібі; аккредитив төленетін тауарлардың (қызметтердің) аты,
тауарларды (қызметтерді) жөнелту мерзімі; аккредитив сомасы; аккредитивті
іске асыру тэсілі.
Аккредитивтің артықшылықтары мынадай:
Сатушы (экспортер) үшін:
* аккредитивте көрсетілген барлық шарттар, яғни тауар көлеміне, са-
пасына, қаптау түріне, жеткізу мерзімі мен тэсіліне, тиеу орыны мен
мерзіміне жэне т.б. қатысты шарттар толық орындалған жағдайда төлемнің
жүзеге асырылатыны;
* тауар жартылай жөнелтілсе, онда нақты жөнелткен тауары үшін төлем
алатындығына сенімділігі;
* мәміле жасалмаған жағдайда немесе аккредитивтің мерзімі аяқталған
уақытта сатып алушының резервтеген сомасын қайтарып алы-тындығына
сенімділігі.
Сатып алушы (импортер) үшін:
* төлемнің банкпен төленетіндігі;
* егер үсынылған қүжаттар аккредитивте көрсетілген шарттарға сэйкес
келгенде ғана төлемнің жүзеге асатындығы;
* егер сатушы өндіруші емес делдал болса, онда өндірушінің атына
аккредитиве аударып жіберу мүмкіндігінің болуы.
Аккредитив бойынша келісімшарт жасасу барысында төлемді жасауға
байлансты аккредитивтің түріне мән беру қажет. Егер сіз қүжаттарды банкке
тапсырғаннан кейін төлемдерді алғыңыз келсе оны "үсынуға байланысты төлем"
("бу раутепі") деген аккредитиве таңдағаныңыз дүрыс. Себебі, мүндай форма
өте кең таралған жэне жылдам болып табылады. Бірақ та банктің 7 күн ішінде
қүжаттарды тексеруге содан соң барып төлемді жасауға қүқылы екендігін естен
шығармау керек.
Егер серіктесіңізге несиеге тауарыңызды бергіңіз келсе, онда Сізге
төлемді кешіктіріп төлеумен байланысты ("Ьу сіе&ггесі раутепі") аккредитив
қажет болады. Төлемді кешіктіру уақыты тауарды жөнелткен күннен басталуы,
қүжаттарды банкке берген күннен басталуы немесе аккредитив ашқан күннен
басталуы мүмкін. Бірақ мүндай жағдайда кешіктіріп төлеген күндер үшін
комиссиондық ақыны Бенефициардың атына төленетіндігін есте сақтау қажет.
Сонымен қатар өзара келісімшарт жасаған кезде қай тараптың банктің
шығыстарын өз мойынына алатындығын міндетті түрде көрсетуге тиіс.
Аккредитивтік есеп айырысуда пайдаланылатын қүжаттарға мыналар жатады:
Шот-фактура, яғни экспортердың жөнелткен тауары не көрсеткен қызметі
үшін импортердың төлемді талап етуге негіз болатын қаржылық қүжат. Онда
мынадай көрсеткіштер болады: жазылған күні, сатып алушы немесе импортердың
аты-жөні және мекен-жайы, шот сомасы, тауардың сипаты, бір тауар бағасы,
қосымша шығыстар, жөнелту шарты, төлеу шарты (аккредитив номері). Шот-
фактураны міндетті түрде бенефициар толтырады және оны аккредитиве ашушыға
(сатып алушыға) жібереді.
Сақтаидыру полисі - сақтандырушы мен сақтанушының арасында сақтандыру
шартының жасалғандығын куэландыратын қүжат. Онда мынадай ақпараттар
қамтылады: сақтандырушының атауы, мекен-жайы және қолы, сақтанушының атауы,
мекен-жайы жэне қолы (эдетте сақтанушы ретінде сатушы болады), сақтандыру
сомасы (сақтандыру сомасы СІР жэне СІҒ жеткізу шартына сәйкес тауар қүнының
110 % қүрайды), жөнелтілетін тауарлардың сипаты, тасымалдау түрі (көлік
түрі, жөнелту уақыты, жөнелту орыны), сақтандырылатын тэуекел сипаты,
сақтандыру сыйақысын төлеу орыны (қала немесе елдің, сақтандыру агентінің
атауы).
Көлік жүкқұжаты - тауарды тасымалдаушыға берілетін қүжат. Көлік құжатының
көлік түріне қарай теңіз коносоменті, әуе жүкқұжаты, авто жүкқүжаты,
теміржол жүкқүжаты, пошта қолхаты сияқты түрлері болады. Көлік түріне
байланыссыз жүкқүжатында мынадай мәліметтер көрсетіледі:тасымалдаушының аты-
жөні мәртебесі және қолы, жөнелтушінің аты-жөні және мекен-жайы, тауардың
сипаты, салмағы, қаптау номері мен түрі, фрахтаны төлеу туралы белгісі,
жөнелту орыны, жеткізу орыны, тиеу орыны, құжаттың толтырылған күні мен
орыны.
Аккредитивтің басты артықшылығы, оны төлеуге банктің кепілінің болуы.
Сонымен қатар, бұл есеп айырысу формасында бірқатар кемшіліктерде бар:
* аккредитивпен есеп айырысудың өзге формаларға қарағанда өте қым-бат,
сатып алушының қаражаты аккредитивтің қызмет ету мерзімінің ішінде оның
шаруашылық айналымынан шығарылып қалады;
* тауар айналымы бәсеңдейді, яғни жабдықтаушы аккредитивтің ашылғаны
туралы хабар алғанша, өзінің дайын өнімін жөнелте ал-майды жэне оның
сақталуы да қосымша шығындарды қажет етеді.

Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізу тәртібі
валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру жолы арқылы валюталық
заңнамамен реттеледі. Валюталық реттеудің өзі елдің төлем балансын
бекітуді, ұлттық валютаның тұрақтылығын, ішкі валюталық рыноктың дамуын
және оның сақталуын қамтамасыз ету мақсатында валюталық операцияларды
жүргізудің белгіленген тәртібі бойынша уәкілетті ұйымдардың қызметін
білдіреді. Валюталық бақылау мақсатына валюталық операцияларды жүргізу
кезінде Қазақстан Республикасының резиденттермен және резидент еместермен
Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету кіреді.
Мемлекеттік саясатқа ықпал ету мақсатында орнықты экономикалық өсуге және
экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жетуде маңызды рөлді валюталық
реттеу атқарады. Ұлттық банк валюталық реттеудің негізгі органы болып
табылады және мыналарды белгілейді:
1) валюталық құндылықтарды пайдаланумен байланысты қызметті резиденттермен
жүзеге асыруды талап ету;
2) резиденттер және резиденттер емеспен валюталық операцияларды жүзеге
асыру тәртібі, оның ішінде валюталық реттеу режімдері;
3) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент
еместердің валюталық операциялар мониторингін атқару тәртібі;
4) уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыретіне сәйкес олардың келісуі
бойынша барлық резиденттер мен резидент еместердің орындауы міндетті
валюталық операциялары бойынша есеп және есеп беру нысандары.
Валюталық реттеу рөлі Қазақстан Республикасының әлемдік экономикадағы одан
әрі интеграциялануына, жаһандануына және алдағы болғалы отырған
Қазақстанның БСҰ-ға кіруіне байланысты күшейе түседі.
Осыған байланысты Ұлттық банк қызметінің валюталық реттеу және валюталық
бақылау саласындағы негізгі бағыттары Қазақстандағы валюталық режімді одан
әрі ырықтандыруға, капитал қозғалысына байланысты тәуекелдерді реттейтін
жаңа тәсілдерді табуға бағытталған саясаты болып табылады.
Қазіргі уақытта республикада мақсатты валюталық ресурстарды пайдалану
тиімділігін көтеру, резиденттердің инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейту
болып отырған сыртқы экономикалық қызметті одан әрі ырықтандыруға жағдай
тудырып отыр.
Ырықтандырудан күтіліп отырған қорытынды сыртқы экономикалық қызметке
қатысушының әкімшілік шығындарын төмендету, содан кейін мониторинг және
селекторлық бақылау жүйесіне көшу болып табылады.
Республикада сыртқы экономикалық операциялар бойынша ақпараттандыру базасын
жетілдіру жолымен валюталық операцияларды жүргізудің шешімді тәртібінен
содан кейін мониторинг және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz