Банктің қызметтері және түрлері
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... .6
1 БАНКТІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ ... ... ..8
1.1 Банктерді ашу және олардың қызметін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2 Банк қызметін пруденциялық реттеу ... ... ...12
1.3 Банк қызметін рейтингтік бағалау және Camel жүйесі ... ... ... ... ... ... ... 16
2 БАНК ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ... 19
2.1 Банк операцияларының құрылымы ... ... ... ...19
2.2 Халық банктің депозиттік қызметінің ұйымдастырылуын талдау ... ... .22
2.3 Банктің депозиттік операциясының тиімділігін жетілдіру жолдары ... ..25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ...30
ГЛОССАРИЙ ... ... ... ... ... ...32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ..33
ТІРКЕМЕЛЕР ... ... ... ...34

Қазақстанның қаржы жүйесінің тұрақты дамуы бірінші кезекте ұзақ мерзімді қайта құрудан өткен банктік мекемелердің дамуынан көрініс табады. Осыған байланысты еліміздің депозит нарығының соңғы жылдардағы даму қарқыны банктердегі салымдар көлемінің ұлғаюынан және халықтың банк жүйесіне деген сенімділігінің артуынан байқалады. Банктердегі жеке тұлғалар шоты бойынша банктік құпия туралы заңды актілерді қабылдау және жеке тұлғалардың мерзімді депозиттерін кепілдендіру жүйесі жүзеге асқаннан бері халықтың бос ақшаларын тартуда экономикамызда оңтайлы шаралар жүргізілуде. Халық салымдарын сақтандыру жүйесі Қазақстан Республикасында банк саласындағы ең маңызды жетістіктердің бірі, өйткені басқа ТМД елдерінде мұндай жүйе жоқ.
Сондықтан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банк жүйесінің тұрақтылығын сақтауда және банк мекемелеріне деген халық сенімділігін арттыруда өзінің негізгі міндеттерін оңтайлы орындауда. Мұндай жағдайда халық тарапынан депозит салымдарынан түсетін пайда жайлы және қызмет көрсету сапысна байланысты сұрақтар пайда болады. Негізінен нарық жағдайында халықты толғандыратын мәселе – капиталды (жеке жинақтар) қалай қауіпсіз түрде көбейтуге болады, өткені пайда көлемі тәуекел көлеміне тура пропорционалды, яғни нарықта жоғары пайданы жоғары тәуекелділік бар жерде ұсынады. Бірінші кезекте бұл Қазақстанның әр түрлі аймағындағы біресе бар, біресе жоқ болатын қаржы пирамидаларына негізделген. Сондықтан Ұлттық Банк басқармасы мұндай мекемелердің қызмет жасауы заңды емес және қаржы пирамидаларына ақша салмастан бұрын ойлану керектігін айтады. Шындығында, халық біртіндеп келе ақша қаражаттарын тұрақты пайыз мөлшерлемесімен банк депозиттеріне салу керектігін түсінді.
Бірақ, салымшы депозит түрін таңдағанда дұрыс шешім қабылдай алмайды.

1. «Қаржылық лизинг туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 05.07.2000 №78- II;
2. Банковское дело : Оқулық (ред. О.И. Лаврушин – М.: «Финансы и статистика» 1999 , 576с
3. Банковское кредитование: ред А.И. Ольшанный., - М.: « Русская деловая литература», 1998 ж.
4. Банковское дело: Оқулық / ред. О.И.Лаврушин – М: «Финансы и статистика» 2003.
5. Деньги, кредит,банки: Оқулық / ред. проф. Алматы: «Экономика» 1996-364с
6. Саниев М.С. Ақша. Несие,банктер.Алматы 2000 ж.
7. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие, Алматы, 2004ж.
8. Ақша, несие, банктер. Ғ.С. Сейітқасымовтың редакциялығымен. — Алматы: Экономика, 2001ж.
9. Б.А.Көшенова. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары. Алматы:
Экономика, 2000ж.
10. Қалығұлова Р.Ж, Ғұмар Н.А.Банктегі бухгалтерлік есеп және есеп беру. Алматы:Арыс, 2000 ж.
11. Мақыш С.Б. Банк ісі: Оқулық – Алматы: Жеті жарғы, 2009 – 552 бет
12. http://www.halykbank.kz/kaz/articles/view/2

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1 БАНКТІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.1 Банктерді ашу және олардың қызметін
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2 Банк қызметін пруденциялық
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 12
1.3 Банк қызметін рейтингтік бағалау және Camel
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... 1 6
2 БАНК ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ
ЖЕТІЛДІРУ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..19
2.1 Банк операцияларының
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.2 Халық банктің депозиттік қызметінің ұйымдастырылуын талдау ... ... .22
2.3 Банктің депозиттік операциясының тиімділігін жетілдіру жолдары ... ..25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ..3 0
ГЛОССАРИЙ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... 33
ТІРКЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... .34
КІРІСПЕ
Қазақстанның қаржы жүйесінің тұрақты дамуы бірінші кезекте ұзақ
мерзімді қайта құрудан өткен банктік мекемелердің дамуынан көрініс табады.
Осыған байланысты еліміздің депозит нарығының соңғы жылдардағы даму қарқыны
банктердегі салымдар көлемінің ұлғаюынан және халықтың банк жүйесіне деген
сенімділігінің артуынан байқалады. Банктердегі жеке тұлғалар шоты бойынша
банктік құпия туралы заңды актілерді қабылдау және жеке тұлғалардың
мерзімді депозиттерін кепілдендіру жүйесі жүзеге асқаннан бері халықтың бос
ақшаларын тартуда экономикамызда оңтайлы шаралар жүргізілуде. Халық
салымдарын сақтандыру жүйесі Қазақстан Республикасында банк саласындағы ең
маңызды жетістіктердің бірі, өйткені басқа ТМД елдерінде мұндай жүйе жоқ.
Сондықтан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банк жүйесінің
тұрақтылығын сақтауда және банк мекемелеріне деген халық сенімділігін
арттыруда өзінің негізгі міндеттерін оңтайлы орындауда. Мұндай жағдайда
халық тарапынан депозит салымдарынан түсетін пайда жайлы және қызмет
көрсету сапысна байланысты сұрақтар пайда болады. Негізінен нарық
жағдайында халықты толғандыратын мәселе – капиталды (жеке жинақтар) қалай
қауіпсіз түрде көбейтуге болады, өткені пайда көлемі тәуекел көлеміне тура
пропорционалды, яғни нарықта жоғары пайданы жоғары тәуекелділік бар жерде
ұсынады. Бірінші кезекте бұл Қазақстанның әр түрлі аймағындағы біресе бар,
біресе жоқ болатын қаржы пирамидаларына негізделген. Сондықтан Ұлттық Банк
басқармасы мұндай мекемелердің қызмет жасауы заңды емес және қаржы
пирамидаларына ақша салмастан бұрын ойлану керектігін айтады. Шындығында,
халық біртіндеп келе ақша қаражаттарын тұрақты пайыз мөлшерлемесімен банк
депозиттеріне салу керектігін түсінді.
Бірақ, салымшы депозит түрін таңдағанда дұрыс шешім қабылдай алмайды.
Сондықтан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мұндай салымшыларға дұрыс
банк таңдау және депозит ашуға көмек ертінде 1997 жылы екінші деңгейлі банк
салымшыларына арналған ұсыныснамалар шығарып, баспаларды жариялады. Бұл
ұсыныснамалар салымшыларға жарияланған банктік есеп берулерінің негізінде
банктің қаржы жағдайын бағалауға мүмкіндік береді.
Содан бері, еліміздің банк жүйесі бір шама тұрақтанды және қызмет
көрсету сапасы өсті. Бүгінгі таңда Отандық банктер клиенттерге дәстүрлі
және дәстүрлі емес қызмет түрлерін көрсетуде. Сонымен қатар, қаржы
нарығында банктік емес мекемелердің қызмет етуі қарқынды дамуда, бұл қаржы
жүйесінің әр түрлі субъектілерінің арасында бәсекелестіктің жоғарылауына
алып келді. Мұндай жағдайда банктер қаржы қызмет саласындағы баланстық
тұрақтылыққа жету үшін клиенттерге деген сапалы саясат жүргізуі және өзінің
қызметтері мен тауарларын белсенді жарнамалауы қажет.
Қазіргі таңда қазақстандық кәсіпорындарының алдында тұрған
мәселелердің бірі – ұзақ мерзімді инвестицияларды (бір іске, кәсіпке
капитал салынуы) өнеркәсіптің дамуын табу және оны енгізу, жаңа құралдарды
сатып алу, жаңа технологияны пайдалану. Санақ бойынша, Қазақстандағы 70
пайыздан астам құралдар он жылдың көлемінде пайдаланылған. Кәсіпорындардағы
жаңа құрал-жабдықтардың пайызы 1990 жылмен салыстырғанда 29% 2000 ж 5%
түскен. Банк жүйесінің нашар дамығандығынан инвестициялық несие алу
мүмкіндігі шектеулі, әрине осы тұрғыдан лизинг әдісі өте қолайлы және
қаржылық әдістің өнеркәсіпті жаңартудың ең тиімді тәсілі.
Өнеркәсіпті дамытуда және жаңа кейіпке енуінде, ең бастысы
қаржыландырудың бастапқы қайнар көзін табу, әрине, өздігінше жаңа
жабдықтарды сатып алуға және оны үйлестіруге болады, бірақ кейбір
кәсіпорындарды бұл қатарға жатқыза алмаймыз. Жаңа заманның талабына сай
құралдарды сатып алу үшін де кіріс салығын төлеу қажет.
Қаржыландырудың басқа жолы – несие. Алайда қазіргі несие берушілердің
инвестициялық жобаларды қаржыландыруда ақша қорын ескерсек, несие берушілер
қаржымен қамтамасу етуалдында қатаң талаптар қояды. Мысалы, жылжымайтын
мүлік салу (бұны несиеалушылардың барлығының қалтасы көтермейді).
Бұл мәселені шешудің үшінші әдісі бар, яғни қаржылық жалға
беру (лизинг). Бұл жалға беру түрі қазіргі халықаралық әдістерде көп
пайдаланылуда. АҚШ бүкіл инвестициялық лизингі 31 пайыз, Ұлыбритания 24
пайыз, Швеция және Франция 15 пайыз, Испания 14 пайыз. Қазақстанда лизингке
үлкен назар аударуда. Мемлекеттік тұрғыдан бірнеше қаулылардың қабылдауына
байланысты, біздің елімізде кең етек жаюда.
1БАНКТІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
1. Банктерді ашу және олардың қызметін ұйымдастыру
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995
жылы 30 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және
1995 жылдың 31 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасындағы банктер
және банктік қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа
алады.
Коммерциялық банктер – банктік жүйенің екінші деңгейін немесе екінші
деңгейдегі банктерді білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра
отырып, заңды және жеке тұлғаларға кең көлемде банктік операциялар мен
қаржылық қызметтерді жүзеге асырады. Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі
1990 жылдың аяғынан бастап қалыптасты, яғни отандық банктік жүйенің небәрі
18 жылдық тарихы бар.
Қазақстан Республикасындағы банктік сектордың құрылымы 1-кесте
Банктік сектордың құрылымы 2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006 2007
Екінші деңгейдегі банктердің саны, о.і: 55 47 44 35 34 35 34 33
мемлекеттік 1 1 2 2 2 1 1 1 шетел капиталының қатысуымен
22 16 16 16 16 15 15 15 ЕДБ-дің филиалдарының саны 426 418
400 368 355 385 418 324 Есеп айырысу кассалық бөлімшелер саны
1065 964 1020 1005 1023 1106 1312 1489 ЕДБ-дің шетелдегі
өкілдіктерінің саны 2 5 7 9 10 11 17 22 ҚР-ғы бейрезидент-
банктердің өкілдіктерінің саны 17 15 12 13 20 18 18 23 Жеке
тұлғалардың салымдарын міндетті ұжымдық кепілдендіру жүйесінің қатысушы
банктерінің саны 12 18 19 22 29 34 33 32 Кастодиандық қызметті
жүргізуге арналған лицензиясы бар банктер саны 10 10 10 10 10 9 11
9
90 жылдың басында банктердің саны 200-ден асты, әрине бұл, олардың
экстенсивті жағынан дамуын сипаттаса, сол жылдың орта кезінен бастап, күні
бүгінге дейін банктеріміздің саны біртіндеп азаюда, әрине бұл құбылысты,
олардың интенсивтік немесе сапалық өсуімен байланыстыруға болады. 2007
жылдың 1 қаңтарына Қазақстандағы жұмыс жасайтын банктер саны 33 құрады,
соның ішінде Алматы қаласында 30 банк, 31 филиал және 284 есеп-айырысу
кассалық бөлімдер қызмет етеді. Жалпы банктердің 90 % бір ірі қалада болуы
банк капиталының республиканың өзге аймақтарында дұрыс бөлінбеуіне ықпал
етуін көрсетеді. Банктердің тек Алматы қаласында шоғырлануы, оның бұрынғы
астана, қазіргі қаржы орталығына айналу себебіне байланысты болып отыр.
2004 жылдың қаңтар айынан бастап, Қазақстан Республикасы екінші
деңгейдегі банктері қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу және
қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің (Қаржылық қадағалау
агенттігі) лицензиясы негізінде қызмет етеді. Қазақстан Республикасындағы
екінші деңгейдегі банктер банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын
лицензиядан басқа валюталық операцияларды жүргізу үшін арнайы лицензия
алады. Мұндай лицензия оларға өз қызметін жүзеге асыруы үшін қажетті
саналатын банктер қатарымен корреспонденттік қатынастар орнатуға, сондай-ақ
дамыған шетелдерде өз филиалдары мен өкілеттігін ашуға құқық береді.
1995 жылдың 31 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасындағы
банктер және банктік қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес
Қазақстан Республикасында банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру
мынадай үш кезеңнен тұрады:
1. Банк ашуға рұқсат алу;
2. Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;
3. Банк операцияларын жүргізуге лицензия алу.
Аталған заңға сәйкес, банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер өз
қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ-
кассаларын, сондай-ақ еншілес банктерін аша алады.
Банктің филиалы – филиал туралы ережеде немесе лицензияда көрсетілетін
банктік операцияларды жүзеге асыруға құқылы және өзінің дербес бухгалтерлік
балансы бар, заңды тұлға болып табылмайтын банктік мекеме. Шетелдік
банктердің Қазақстан Республикасы аумағында филиалдарын ашуға заңмен тыйым
салынады. Заңға сәйкес, банктер өздерінің филиалын ашу үшін Қаржылық
қадағалау агенттігінің келісімін алуға тиіс. Ол үшін мынадай құжаттарды
тапсырады:
- Филиал ашуға рұқсат алу өтініші;
- Банк операцияларының тізімі көрсетілген банк филиалы туралы ереже;
- Бірінші жетекші және бас бухгалтер қызметіне кандидаттар туралы
мәліметтер.
Банктің өкілдігі – банктік операцияларды жүзеге асырмайтын, яғни
банктің тапсырмасымен және оның атынан әрекет ететін банктің орналасқан
жерінен тыс орналасқан, заңды тұлға болып табылмайтын банктің құрылымдық
бөлімшесі. Банктің өкілдігі де Қаржылық қадағалау агенттігінің келісімімен
ашылады. Шетелдік банктер өкілдіктерін ашу үшін мынадай құжаттарын
тапсырады:
- өкілдік ашуға рұқсат алу өтініші;
- өтініш жасаушы банктің құрылтайшылық құжаттары;
- Қазақстан Республикасы аумағында өкілдік ашу туралы өтініш жасаушы
банктің шешімі;
- өтініш жасаушы банктің банктік қызметті жүргізуге арналған лицензиясының
барлығын растайтын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органының жазбаша
расталымы;
- аудиторлық ұйым куәландырған өтініш жасаушы банктің соңғы қаржылық жылға
жасалған жылдық есебі;
- өтініш жасаушы банктің Қазақстан Республикасы аумағында өкілдігін ашуға
қарсы еместігін куәландыратын сол мемлекеттегі банктік қадағалау
органының жазбаша хабарламасы;
- өкілдікте жұмыс жасайтын қызметкерлердің саны және жетекшісі туралы
мәліметтер.
Еншілес банк – жарғылық капиталдың елу пайыздан астамы бас банкке
тиесілі және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар заңды тұлға.
Есеп айырысу-кассалық бөлімі (жинақ кассасы) – Қазақстан Республикасы
аумағында банктік операциялардың жекелеген түрлерін орындайтын, филиал
немесе өкілеттік мәртебесі жоқ, заңды тұлға емес, Қазақстан Республикасы
Қаржылық қадағалау агенттігінің келісімі негізінде құрылатын банктің
аумақтық бөлімшесі.
Қазақстан Республикасы Қаржылық қадағалау агенттігінің екінші
деңгейдегі банктерді ашуға берген рұқсаты мынадай негіздерге байланысты
қайтарып алуы мүмкін:
- банк тарапынан өз еркімен қайта құрылу немесе таралуы туралы шешім
қабылдау;
- банк қызметінің тоқтатылуы туралы сот шешімінің қабылдануы;
- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылдан ішінде банк
қызметіне байлансты жалған мәліметтердің болуы;
- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылдан астам уақытқа дейін
банк операцияларын жүргізу лицензиясын алмаған жағдайда;
Қазақстандық тәжірибеде басқа дамыған шетелдік тәжірибелер сияқты
жарияланған жарғылық капиталдың төленген жарғылық капиталдан айырмашылығы
болады. Қазақстандағы банктік заңдарға сәйкес банкті тіркеуге алу үшін
жарияланған жарғылық қордың 50%-дан кем емес бөлігі акция, облигация,
ақшалай қаражат, бағалы металдар немесе басқа да материялды құндылықтармен
(ғимарат, техникалар, автокөлік) төленуге тиіс. Ал қалған сомасы, яғни 50%-
ға жуығы жыл бойына салынуға тиіс.
1.2 Банк қызметін пруденциялық реттеу
Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу
тетігінің тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі
банктердің қызметін реттеу және қадағалау бойынша нормативтік құқықтық
актілермен анықталады. 1995 жылы 31 тамызда қабылданған Банктер және
банктік қызмет туралы Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабына сәйкес,
Қазақстан Республикасы Қаржылық қадағалау агенттігі екінші деңгейдегі
банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында аталған
банктердің қызметін реттеуді мынадай жолдармен жүзеге асырады:
- пруденциялық нормативтер белгілеу;
- банктердің орындауына міндетті нормативтік құқықтық актілер шығару;
- банктердің қызметін тексеру;
- банктің қаржылық жағдайын сауықтандыруға байланысты ұсыныстар беру;
- банктерге ықпал ететін шектеу шараларын қолдану;
- банктерге немесе олардың лауазымды тұлғаларына санкциялар беру.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі халықаралық банктік тәжірибеде
қолданылатын пруденциялық нормативтер мен орындауға міндетті басқа да
нормалар мен лимиттерді белгілеуге құқылы. Ол, сонымен қатар банктердің
пруденциялық нормативтерді және орындауға міндетті басқа да нормалар мен
міндеттерді бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілейді. Банк қызметін реттеу
шараларының ішіндегі ең маңыздысы пруденциялық нормативтер. 2005 жылы 30
қыркүйектегі Қаржылық қадағалау агенттігінің Басқармасының № 358 қаулысымен
бекітілген Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық нормативтерді
есептеу әдістемесі және нормативтік мәндері туралы нұсқаулыққа сәйкес
оларға мыналар жатады:
1. жарғылық қордың ең төменгі мөлшері;
2. меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті;
3. бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері;
4. өтімділік коэффициенті;
5. ашық валюталық ұстаным лимиті;
6. негізгі қорларға және басқа қаржылай емес активтерге жұмсалынған
банк инвестициясының ең жоғары мөлшерінің коэффициенті;
7. мөлшердеҚазақстан Республикасының бейрезиденттерінің алдындағы
міндеттемелерге қатысты банктердің капиталдануы.
1.Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері. Банктің жарғылық
капиталының ең төменгі мөлшерін Ұлттық Банк басқармасы бекітеді. Банк
акционерлерден өзінің акцияларының номиналдық бағадан төменгі деңгейде
ғана, сондай-ақ ондай сатып алу кез келген пруденциялық нормативтер мен
орындауға міндетті басқа да нормалар және лимиттерді бұзбаған жағдайда ғана
сатып ала алады.
2. Меншікті капитал (К) бұл І деңгейлі капитал мен ІІ деңгейлі капитал
(І деңгейлі капиталдан аспайтын мөлшерде) және ІІІ деңгейлі капиталдардың
қосындысынан банктің инвестицияларын шегеру арқылы есептеледі. Банк
инвестициясы бұл заңды тұлғаның акцияларына жұмсалымдары (жарғылық
капиталда қатысу үлесі), сондай-ақ жиынтық мөлшері бірінші деңгейлі капитал
мен екінші деңгейлі капиталдың 10 %-нан асатын көлемдегі заңды тұлғаның
субординирленген қарызы.
Бірінші деңгейлі капитал (КІ) мыналардан құралады:
- сатып алынған акциялардың сомасын шегергенде қалатын төленген жарғылық
капитал;
- қосымша капитал;
- өткен жылдардағы бөлінбеген таза табыс;
- мерзімсіз келісімшарттар нәтижесінде туындайтын қаржылық активтер мен
қаржылық міндеттемелер;
- материялдық емес активтер;
- өткен жылдардағы зиян;
- ағымдық жылдағы шығыстардың ағымдық жылдағы табыстардан артық сомасы.
Екінші деңгейлі капитал (КІІ) мыналардан құралады:
- ағымдық жылдағы табыстардан ағымдық жылдағы шығыстардың артық сомасы;
- бағалы қағаздар мен негізгі құралдарды қайта бағалау мөлшері,
- тәуекелді есепке алып өлшенген активтер сомасының 1,25 %-нан аспайтын
сомадағы жалпы резервтер мөлшері;
- бірінші деңгейлі капитал сомасының 50 %-нан аспайтын сомадағы банктің
субординарлық қарызы.
Банктің екінші деңгейлі субординарлық қарызы бұл банктің меншікті
капиталына жататын қайтару мерзімі 5 жылдан асатын қамтамасыз етілмеген
міндеттеме.Банктің субординарлық қарызы меншікті капитал ретінде есепке
алынады және бес жыл ішінде мынадай мөлшерде қалып, қалғаны қайтарылады:
1-жылы – субординарлық қарыздың 100 % сомасы;
2-жылы - субординарлық қарыздың 80% сомасы;
3-жылы - субординарлық қарыздың 60% сомасы;
4-жылы - субординарлық қарыздың 40% сомасы;
5-жылы - субординарлық қарыздың 20% сомасы.
Үшінші деңгейлі капитал (К ІІІ) үшінші деңгейлі субординирленген
қарызды білдіреді және мынадай шартқа сай болуға тиіс:
- қамтамасыз етілмейді;
- депозит немесе ұсынылатын міндеттеме болып табылады;
- нұсқаулыққа сәйкес нормативтерді орындаған жағдайда банкпен алдын ала
өтлеуі мүмкін;
- бастапқы қайтару мерзімі екі жылдан жоғары болуға тиіс.
3.Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің жоғарғы мөлшері. Бір қарыз
алушы – Қазақстан Республикасы заңдарында немесе жасалған келісімшартта
көзделген негізде қарыз алушы немес үшінші бір тұлғаның алдында алдағы 2
айдың ішінде не белгісіз мерзімге несиелік тәуекелге баратын банк тарапынан
туындайтын талаптары бар әрбір жеке және заңды тұлға.
4. Ағымдағы өтімділік коэффициенті. Өтімділікті бақылап отыру
мақсатында банк ағымдағы өтімділік коэффициенттерінің есебін береді.
Өтімділік коэффициенті мынадай коэффициенттер және лимиттер көмегімен
анықталады:
- банктің ағымдағы өтімділік коэффицинті (к4);
- банктің қысқа мерзімді өтімділігінің коэффициенті (к5);
- ағымдағы валюталық өтімділік лимиті (к 7.1);
- қысқа мерзімді валюталық өтімділік лимиті (к 7.2);
- орта мерзімді валюталық өтімділік лимиті (к 7.3).
5.Ашық валюталық ұстаным лимиті. Ашық валюталық ұстаным – осы
уақыттарда жекелеген валюталарда қаражат алу талабы мен беру міндеттемесін
бейнелейтін, сол валюталардағы сандық жағынан сәйкес келмейтін активтер мен
міндеттемелердің арасындағы шетел валютасындағы қаражаттар қалдықтарының
айырмасы. Ұзын валюталық ұстаным – белгілі бір шетел валютасында
бейнеленетін міндеттемелер мен баланстан тыс міндеттемелердің, активтер мен
баланстан тыс талаптардан артық болып келетін сол шетел валютасындағы ашық
валюталық ұстанымы. Қысқа валюталық ұстаным – белгілі бір шетел валютасында
бейнеленетін активтер мен баланстан тыс талаптардың міндеттемелер мен
баланстан тыс міндеттемелерден артық болып келетін сол шетел валютасындағы
ашық валюталық ұстанымы.
6. Негізгі қорларға және басқа қаржылай емес активтерге жұмсалған банк
инвестициясының жоғарғы мөлшерінің коэффициенті. Негізгі қорларға және
басқа да қаржылай емес активтерге жұмсалынған банк инвестициясының
мөлшерінің меншікті капиталға қатынасының мәні 0.5-тен аспауы тиіс.
1.3 Банк қызметін рейтингтік бағалау және Camel жүйесі
Жалпы қаржылық жағдайды анықтауда банктің негізгі көрсеткіштерін және
капиталдың сәйкестілігін, активтердің сапасын, басқаруды (менеджмент),
табыстылығы мен өтімділігін бағалайтын Camel жүйесі қолданылады. Банктің
қаржылық жағдайын жан-жақты тексерулер барысында мынадай сұрақтар
қамтылады:
а) банктің қаржылық жағдайымен жүргізілетін операциялардың саласын
анықтау;
ә) басқару сапасын бағалау, олар төмендегілерді қамтиды:
- операторлар жағынан басшылықтың бақылауын бағалау;
- банк басшылығына берілген құзыреттер мен олардың жүзеге асу тәртібін
зерттеу;
- қызметкерлердің қызметке сәйкестігін және қайта дайындау тәртібі;
- иерархиялық құрылым мен екі жақты бақылау.
б) заңдар мен инструкцияларды сақтауына бақылау жасау;
в) бухгалтерлік есеп беруді жүргізудің дәлдігі
г) активтердің сапасын тексеру.
д) банктің төлем қабілеттілігін бағалау
Тексерушілер сондай-ақ банктің қызметін АҚШ-тың Федералды резервтер
жүйесімен жасалған Camel жүйесіне сәйкес бағалайды. Camel рейтинг жүйесі
– қаржылық есеп беру мәліметтері мен инспекциялық тексерулердің нәтижесі
бойынша банктің жағдайына баға беруге болатын банкті қаржылық талдаудың
әдісі. Рейтинг жүйесінің Camel атауы талданатын компоненттердің алғашқы
әріптерінен құрылған:
C – (capital adequacy) – капиталдың жеткіліктілігі;
A – (asset quality) – активтердің сапасы;
M – (management) – менеджмент;
E – (earnings) – табыстылығы (пайдалылығы);
L – (liquidity) – өтімділік.
Camel жүйесінің компоненттерін бағалау Ұлттық Банкке берілетін
қаржылық есеп берулердің мәліметтері бойынша жүргізіледі. Бірақ та оларды
нақтырақ бағалау үшін инспекциялық тексерулерді жүргізу қажет. Бұл жүйе
бойынша банкті бағалау үздіксіз процесс болып табылады. Camel жүйесінің бес
компоненттерінің әрқайсысын: капиталдың жеткіліктілігі, активтердің
сапасын, басқару, табыстылығын және өтімділігін бағалауды жүргізгенде
мынадай қағидаттары мен тәртіптерді ескеруі қажет:
1-рейтинг (тұрақты):
- өте жақсы нәтижелер мен қаржылық тұрақтылық;
- бағалануы өте жоғары немесе басқа банктерге қарағанда жоғары.
2-рейтинг (қанағаттанарлық):
- қызметінің нәтижелері қанағаттанарлық (күрделі мәселелер табылған
жоқ);
- қызметінің нәтижелері орташадан жоғары немесе орташа деңгейде;
- қаржы операцияларының қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету
үшін қажетті жағдайлар жасалған.
3-рейтинг (орташа):
- қызметінің нәтижелері қанағаттанарлықсыз;
- бағалануы орташа немесе қанағаттанарлықтан төмен;
- сапасы орташадан төмен.
4-рейтинг (шекті):
- орындалуы орташа деңгейден төмен;
- банк қызметіндегі кемшіліктері болашақта банк қызметіне қауіп
төндіретіні анық көрініп тұр.
5-рейтинг (қанағаттанарлықсыз):
- қызметінің нәтижелері сөзсіз нашар;
- мәселелері асқынған және тез арада шаралар қолдануды талап етеді;
2 БАНК ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ
2.1 Банк операцияларының құрылымы
Қазақстан Халық Банкі АҚ - өз клиенттерінің игілігі үшін 87 жыл
табысты қызмет етіп келе жатқан Қазақстан Республикасындағы аса ірі әмбебап
коммерциялық банк, еліміздегі ең сенімді әрі қызметі барынша сараланған
қаржылық құрылымдардың бірі. Қазақстан Халық Банкі акционерлік қоғамы
бұрынғы Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің негізінде қайта құрылды және
біраз жылдар бойы ҚР Үкіметінің зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жөніндегі
агенті болып келді. 2001 жылы жүргізілген Халық банкін жекешелендіру рәсімі
нәтижесінде Банк өз клиенттеріне кең ауқымды және барынша сапалы қызметтер
спектрін ұсыну мүмкіндігін беретін бизнес құрылымын жасауға қол жеткізді.
Банк Visa International және MasterCard International төлем жүйесінің
карточкаларын шығарады және қазақстандық пластикалық карточкалар рыногының
тұрақты көшбасшысы болып келеді. Банктің эалпы шығарылған карточкаларының
саны 2,7 млн. бірліктен асып түсті, ал екінші деңгейдегі банктер арасындағы
Банктің бұл көрсеткіш бойынша үлесі 40 пайыздан асады. Банк операцияларын
жүргізуге берілген №10, 2008 жылғы 6 тамыздағы Бас лицензиясы бар.
Халық банкі қоғам дамуы және әлеуметтік мәселелерді шешу кезінде
белсенді ат салысып, жауапты корпоративтік азамат болуға тырысады. Банк
құндылықтарының бірі (қызметкерлерінің алдында болсын, жалпы қоғам алдында
болсын) әлеуметтік жауапкершілік болып табылады. Халық банкі 2008 жылы
демеушілік көмек және қайырымдылық көрсетудің бекітілген бағдарламасына
сәйкес басты үш бағыт: компьютерге оқыту, спорт және жоғары білім бойынша
жобаларды іске асыруын жалғастырды. 2009 жылы Балаларға арналған халық
технологиялары бағдарламасы аясында қамқорлыққа алынған балалар
мекемелерін компьютерлік техникамен жабдықтау жалғастырылды. Бүкіл
республика бойынша балаларды компьютерлік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz