Асептика және антисептика. Хирургиялық инфекция
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
2.1.Асептикаға және антисептикаға жалпы түсінік
2.2. Асептикалық және антисептикалық препараттар
2.3.Аспаптарды стерилдеу
2.4.Малды операцияға дайындау
2.5.Қолдарды операцияға дайындау
ІІІ.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Инфекция деген ималдың организіміне патогендік микробтар еніп, инфекциялық ауруларды дамытатын күрделі құбылыс. Инфекция қоздырушылары организмге әртүрлі жолдармен енеді, оның бірі операциялық жара арқылы болуы мүмкін. Сондықтан хирургиялық ем жасау нәтижесі, операциялық жараны микробтардың түсуінен қандай дәрежеде қорғаланылатынына, сонымен қатар микробтардың көбейтпеу шараларын қамдауына тәуелді сәтті болады. Операция қандай жақсы ұйымжастырылған болса да жараға микробтар ену мүмкіндігі шектелмейді. Мына оқиғада ең үлкен қауіп-қатерлі іріңді және іріңді-шірігеннің қоздырушыларынан болады. Бұл инфекциялық микроорганизмдерді, көп санды әртүрлі заттарда, хирургиялық аспаптарда, ауада, суда, және мал мен адамның терісінде, шырышты қабықтарда мекендейді.
Бірақ организмге енген патогендік микробтардың барлығы инфекциялық құбылысты дамытып өндірмейді, себебі малдың қорғау жүйесінің механизмдері арқылы, патогендік микробтардың бірталайы жойлады. Қорғау механизмдері орталық жүйке және эндокриндік жүйемен үйлестіріліп реттелінеді.

1. Белоусов Ю.Б. Клиническая фармакология и фармакотерапия : руководство / Ю. Б. Белоусов. - 3-е изд., испр. и доп. - М. : МИА, 2010. – 872б
2. Вебер В.Р. Клиническая фармакология : учеб. пособие / В. Р. Вебер. - М. : Медицина, 2009.
3. Айтжанов Б.Д., Өтенов Ә.М., Заманбеков Н.А., Көбдікова Н.К., Фармакология - Алматы, 2006 жыл- КазНАУ, «Агроуниверситет»баспасы
4. Қосымша мәліметтер ғаламтордан алынды
5. Б.К. Ілиясов. Алғашқы ветеринариялық жәрдем. (Оқу құралы). Алматы. 2011 жыл.
6. К Ілиясов. «Ветеринариялық хирургия». (Оқу құралы). Алматы. 2008 жыл.
7. С.В. Тимофеев. «Общая хирургия животных». (Учебник для ВУЗ). Москва. «Зоомедлит». 2007 б
8. Евсеев М.А. Уход за больными в хирургической клинике:Учеб. пос. для вузов.- М.:ГЭОТАР-Медиа,2008.-192с
9. Фроленко С. Справочник по антисептике и асептике для медицинских сестер.- Ростов на Д.:Феникс, 2001.-188б
10. К.Қ.Мүрәлініов «Оперативтік хирургия» 42-50 б

Асептика және антисептика
Жоспар:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
2.1.Асептикаға және антисептикаға жалпы түсінік
2.2. Асептикалық және антисептикалық препараттар
2.3.Аспаптарды стерилдеу
2.4.Малды операцияға дайындау
2.5.Қолдарды операцияға дайындау
ІІІ.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
І.Кіріспе
Хирургиялық инфекциядан сақтандыру
Хирургиялық инфекция туралы түсінік
Инфекция деген ималдың организіміне патогендік микробтар еніп, инфекциялық ауруларды дамытатын күрделі құбылыс. Инфекция қоздырушылары организмге әртүрлі жолдармен енеді, оның бірі операциялық жара арқылы болуы мүмкін. Сондықтан хирургиялық ем жасау нәтижесі, операциялық жараны микробтардың түсуінен қандай дәрежеде қорғаланылатынына, сонымен қатар микробтардың көбейтпеу шараларын қамдауына тәуелді сәтті болады. Операция қандай жақсы ұйымжастырылған болса да жараға микробтар ену мүмкіндігі шектелмейді. Мына оқиғада ең үлкен қауіп-қатерлі іріңді және іріңді-шірігеннің қоздырушыларынан болады. Бұл инфекциялық микроорганизмдерді, көп санды әртүрлі заттарда, хирургиялық аспаптарда, ауада, суда, және мал мен адамның терісінде, шырышты қабықтарда мекендейді.
Бірақ организмге енген патогендік микробтардың барлығы инфекциялық құбылысты дамытып өндірмейді, себебі малдың қорғау жүйесінің механизмдері арқылы, патогендік микробтардың бірталайы жойлады. Қорғау механизмдері орталық жүйке және эндокриндік жүйемен үйлестіріліп реттелінеді.
Организмнің қауіптілігі оны қоршаған ортаға зор дәрежеде тәуелді болады, неғұрлым малдың азықтандыруы мен күтімі қолайлы болса қорғау күштері нығайа береді. Керісінше, малды нашар азықтандыру және күту, шамадан тыс тоңазыту, шаршату және басқа қолайсыз жағдайлар организмнің қорғау күштерін әлсіретеді және инфекция тууына мүмкіншілік жасайды. Жара инфекцияларына профилактикалық шараларды жүзеге асыруда алдымен аталған шарттарды еске ала отырып реттемесе ешқандай тиімді нәтиже шықпайды.
Микробтардың операциялық жараға ену жолдары
Операциялық жараның инфекцияланатын экзогендік және эндогендік себептері бар. Бірінші оқиғада микробтар сыртқы ортадан кіреді, екінші оқиғада организмнің ұлпаларынан операцияның орнында (мысалы, фурункулезде), және көбінде олар алыс жатқан аумақтардан жараға қанмен (гематогендық жол) немесе лимфамен (лимфогендік жолмен) енеді. Тәжірбиеде инфекция болуына бірінші себеп маңызды болып келеді, өйткені сыртқы ортада микробтардың әр түрлі және ең көпшілігі мекендейді. Әсіресе олар малдың сыртқы жамылғыларда, және де тері беттеріне, қатар эпидермис қабатында, сонымен қатар май жне тері бездерінің ағыстарында көп болады.
Операция уақытына микробтар жараға ену себептері:
а) хирург ластанған қолдары, аспаптар,
таңатын және тігіс заттар шектесуде (түйісу жұғымталдық жолы)
б) операция мезгілінде сұйықтық тамшыларымен, сілекейдің, шырыштың, тердің, жөтелгенде және сол уақыттағы әңгіме жанында жараға түседі, (тамшылық жұғымталық жолы); ауадағы шаңның жараға шөгуі (әуе жұғымталдық жолы)
Операцияларды инфекциядан сақтандыру
Жаралық инфекция операциялық және кездейсоқ жараларда хирургияға әр қашанда тұрақты шиелінісіп жара құбылыстарын асқындырып көп жағдайда өлтіруге себеп болатын. ХІХ ғасырдың жартысына дейін хирургияда жараның асқынулар туралы дұрыс мән болған. Бірақ шынымен, сол уақытта жаралардың инфекция себебі сыртқы ортада орнына және қоршаған ауада болғанын бірталай ғалымдар болжаған.
Венгр дәрігері И.Земмельвейс әйелдер туу мезгілінде асқынуға себеп келтіретінін дәрігердің ластанған қолдары екені бірінші көрсетті. Сондықтан ол туу жолдардың зерттеу істің алдында қолдарын хлор ерітіндімен жууға ұсынған еді. Мынамен аурулардың өлім-жітімі пайызы және асқынулар төмендетулерге бірталай сәті түскен. Сол уақытта танымалы орыс хирургі Н.И.Пирогов жаралардың емдеуіне хлор ерітіндісін, йод спиртпен жасалған ерітіндіні және басқада препараттарды тиімді нәтижемен қолданған. Бірақ барлық бұл эмпримиздік әрекеттері жаралардың асқынуын сақтандырудың және жоюын негізін түсіндірмеді. Тек қана Л.Пастер ХІх ғасырдың 50-60 жылдардың арасында белоктық денелердің ашудың және шіру барысын зерттеулерінің арқасында, микробтардың осы құбылыстағы мағынасы анықталды.
Л.Пастер ашулары негізінде ағылшын хирургі Листер жаралардың инфекциясымен күрестің әдістер өңдеді. Ол жараны, жарамен шектесуші заттарды, аспаптарды және қолды 5% карболдың қышқыл ерітіндісін жуу, оның өзін операциялық бөлмеге шашуын ұсынды. Олар және ерекше көп қабатты өткізгішсіз таңғыш ұсынылған. Ресейде мына тәсілді П.П.Палехин алғашқы рет қолданған болатын оны бірталай жақтайтындар табылды.
Осы ашулардан керемет нәтиже шығып, олар асептика (шіруге қарсы) әдісіне арналған негізгі бастапқы болды, оның маңызы химиялық заттарды инфекцияға қарсы жарада және оның сыртында қолдану болды.
ІІ. Негізгі бөлім
Асептика және антисептикаға жалпы түсінік
Антисептика-инфекциялармен күресу, оны жараға түсірмеу және дамуына қарсы кешенді әдістер. Қолданған әдістерге тәуелді механикалық, физикалық, химиялық және биологиялық антисептиканың әжістерін ажыратады. Аталған әдістерді тәжірбиеде қатар қолданғанда олар бөлінбей тар шырмалады.
Антисептика деп микробтардың жарада немесе адам мүшелерінде өсіп-өнуіне кедергі жасайтын әдіс, оларды жоюға бағытталған ем, алдын алу шараларының жиынтығы. Ағылшын хирургі Д.Листер Л.Пастердің ғылыми еңбектеріне сүйене отырып, 1867 жылы операцияға пайдаланатын құрал-саймандар, хирургтің, операция мейіркешінің қолдары жәнет.б. микробтан таза болуы керектігін дәлелдеп еңбек жазып шығарды. Микробтардың өсіп-өнбенуіне ол ғалым карболқышқылын ұсынды. Сондықтан микробтардың өсуіне мүмкіншілік бермейтін химиялық заттарды-антисептикалық заттар деп атайды. Бұл әдісті пайдаланған хирургтар карболқышқылы адамның клеткаларына зиянын тигізетіндігін, науқасты уландырып, кейде өлімге ұшырататындығын, ал хирургтардың және олардың көмекшілерінің уланып, тістерінен айырылатандығын анықтады. Сондықтан карболқышқылы орнына сумела, салицилқышқылы, бор қышқылы, көмірқышқылды натрий (сода) және т.б. химиялық заттар пайдаланыла бастады. Антисептика-жараға түскен микробтарды жоюға арналған іс шаралар жиынтығы. Емдеу сауықтыру мекемесіндегі санитарлық эпидемияға қарсы тәртіпті қамтамасыз ететін әс шаралардың бірі зарарсыздандыру және залалсыздандыру арқылы жүзеге асатын асептика мен антисептика талаптарының орындалуын жүйелі бақылау және қатаң түрде сақтау.Антисептика- жараға түскен бактерияларды, микроорганизмдерді өлтірентін немесе олардың тіршілігін әлсірететін антибиотиктерді химиялық және биологиялық заттарды қолдану жолымен жою. Антисептиктер ретінде хлорамин ерітіндісі, йод тұнбасы, спирт сутегі қолданылады. Тек ауа жоқ кезде дамитын микробтардың жарада көбеюі (анаэробтар) анаэробтық немесе газдық инфекция аса қауіпті. Жараға топырақпен бірге сіріспені тудыратын анаэробтық микробтардың түрлері енуі мүмкін. Механикалық антисептика жараны алғашқы хиррургиялық емдеу кезінде жүргізіледі.
Антисептиканың 2 түрі бар:
* Профилактикалық антисептика
* Емдік антисептика
Профилактикалық антисептика микроорганизмдердің жараға немесе ағзаға түсірмеу мақсатында жүргізіледі. Емдік антисептиканың мынадай тәсілдері бар: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық. Антисептикалық заттар: 1)Микробқа қарсы қолданылатын заттар (мыс., бор қышқылы, марганецті қышқыл калий, бриллиантты көк дәрі т.б. ерітінділер). Оларды теріге, кілегей қабыршаққа жағады не жарақаттарды жуады. 2)Ағашты, пластмассаларды, тоқыма бұйымдарды, былғарыдан жасалатын заттарды, сондай-ақ азық-түлікті микроорганизмдердің бұзуынан қорғау үшін қолданылатын химиялық заттар (мыс., фенолдар мен олардың туындылары, креозот, бензой қышқылы т.б.). Олар қорғалатын материалдарға сіңіріледі, бетіне жағылады немесе олардың құрамына қосылады. Антисептиканың әдістері: химиялық, физикалық, механикалық және биологиялық болып бөлінеді. Механикалық антисептика - жараның біріншілік және екіншілік хирургиялық өңдеуден немесе жараны жуудан тұрады. Жараны өңдеудің түрі жарақат алудың уақытына байланысты. Операционды бөлмеден тыс болған жаралардың барлығы шартты инфицирленген болып есептеледі. Микроорганизмедер жарақаттан кейінгі 6-8 сағат ішінде жара беткейінде, ал содан соң лимфа тамырлары бойымен сау ұлпаларға тарайды. Сондықтан алғашқы 6-8 сағат ішінде біріншілік хирургиялық өңдеу жасау керек. Ол жараның шеттерін кесіп, қан тоқтатып, жараны антисептикалық ерітінділермен жіып, тігіс салудан тұрады. Іріңденген жараларда өліктенген ұлпаларды антисептиктермен жуады. Бұндай жараларға тігіс салуға болмайды. Олар өздігінен грануляцияланып жарылады немесе жара тазарғаннан соң екіншілік хирургиялық өңдеу жасалады. Алған жарақаттардың бәрі ластанып, әр түрлі заттар: ағаш, топырақ т.б. және олармен бірге жараға микробтар да түседі. Сондықтан бұндай жарақаттарды микробты (септикалық) жарақат деп атайды. Хирургтар жараны бірінші хирургиялық өңдеу (БХО) деп атап, оған түскен бөгде заттармен бірге микробтарды дер кезінде (6-12 сағат, мойында,баста 12-18 сағат мөлшерінде) алып, жараның іріңдемей жылдам жазылып, науқастың өміріне қатер тудырмайтындығын тәжірибеде дәлелдеп отыр.
Физикалық антисептика - физикалық әсер ету арқылы микроорганизмдердің дамуына қолайсыз жағдай жасау, яғни оларды өлтіру. Физикалық антисептиканың негізгі мақсаттарының бірі жарадан бөліністердің ағып кетуін қамтамасыз ету. Ол үшін марлілі салфеткалар, әртүрлі дренаждар қолданылады. Сондай ақ, физикалық антисептикада құрғату, ультрафиалет шамдарымы, кварц шамдары т.с.с қолданады. Бұл емнің негізгі мақсаты жараға пайдаланған салфетка 10 процент тұз ерітіндісіне малынып салынса, онда тереңде жатқан іріңнің сыртқа жылдамырақ ағуына, шығуына көмектеседі. Кейдеіш, көкірек қуыстарына жасалған операциялардан кейін жара іріңдемей жазылуы үшін жіңішке резеңке түтік (микроирригатор) қойылып, ол арқылы тәулігіне бір ретантибиотиктер жіберіліп отырады. Химиялық антисептика дегеніміз - ағзадағы және жарадағы микроорганизмдерді химиялық заттармен жою. Химиялық антисептиктерді жергілікті, энтеральды және парентеральды қолдануға болады. Биологиялық антисептика - бұл биологиялық заттар арқылы микроорганизмдерді жою, немесе олардың өсіп өнуіне қолайсыз жағдай жасау.Кейбір биологиялық заттар микроорганизмге кері әсер етсе, басқалары организмнің оларға қарсы тұруын күшейтеді, ал үшіншілері жарақаттанған ұлпаларға әсер етіп, оларды ерітіп, жараның тазаруын жылдамдатады (сары сулар, вакциналар, витамин, ферменттер). Микробтарды биологиялық тәсілмен жоюдың түрлеріне бактериофактарды, антитоксиндерді, емдік сарысуды, ағзаның күш-қуатын күшейтетін дәрі-дәрмектерді, белоктарды ажырататын ферменттерді және антибиотиктерді пайдалану жатады. Науқастың иммунитетін көтеру үшін қан, ваксина, плазма, иммуногобулин дәрілері беріледі. Протеолитикалық ферменттер (трипсин, химотрипсин, рибонуклеаза, эластаза т.б.) іріп-шіріген тканьдардыерітіп жібереді. Жараның олардан жылдам тазалануына үлкен көмек береді және антибиотиктердің күшін ұлғайтып, ал микробтардың ұрық шашып, өсіп-өнуіне кедергі келтіреді.
Антибиотик дәрісімен емдегендегі негізгі ережелер:
А) кезектігін қатаң белгілеу
Б) ағзадағы микробтардың сезімталдығын білу
В) көп уақыт емдегенде, әрьір апта сайын антибиотиктердің түрін ауыстырып тұру
Г) бактерияларға қарсы күшін көтеру үшін, басқа дәрі - дәрмектерді қосып беру
Е) антибиотикпен емдегенде оның жеткілікті және жалпы түрін білу керек.
Сурет-1. Асептика және антисептика шараларын сақтауға көмектесетін препараттар; а) йод ерітіндісі ә) сутегі асқын тотығы, хлоргексидин
2.2 Асептикаға сипаттама
Асептика-жараны микробтардың зақымдануынан қорғау әдісі. Бұл үшін жарамен түйісетін затта микроб болмауы тиіс. Мүлдем микроб жоқ материалдар мен заттар тазартушы деп аталады. Материалдар мен аспаптардағы, басқа заттардағы таңғыштың микробтарын толық жою тазартқыш деп аталады.Жараны көп жағдайда іріңдетуші микробтар зақымдайды, одан кейін жара іріңдеп, ісінеді. Микробтар сәл тамырларына, сөл арқылы сөл жолдарына түсуі мүмкін. Бұл жағдайда тері ісініп қызарады және қатты ауырады. Егер іріңді инфекция қанға өтсе, қан бұзылып сепцис дамиды. Асептика - манипуляциялық диагностикасында, адам ағзасының емделу барысында қоршаған ортадан микроорганиздердің енуін ескерту, сонымен бірге зерттеу материалы микроорганизмдердің культурасымен қоректік ортасына лабораториялық зерттеу жүргізілуді ұйымдастыру жүйесі. Асептика ғылымын ең бірінші рет неміс ғалымы Бергман 1890 жылы ұсынды. Асептикасыз хирургия жоқ. Микробтарды және олардың спораларын жоқ ету тәсілін стерилизация деп атайды. Стерилизацияның түрлері: күйдіру, қыздыру, қайнату, автоклавқа салу, химиялық тазалау арқылы жүргізіледі. Сұйық затты қысым күшімен жылытуға арналған жабық қазанды автоклав деп аталады. Асептика - жараны микробтардың зақымдануынан қөрғау шаралары. Олар алдын ала жасалынады. Микробтар жараға ауа, кір қол, жарамен түйісетін заттармен түседі, сондықтан ауаны тазарту, еденді хлор қосылған сумен жуу, ауаны үльтра күлгін сәулемен заласыздандыру, бөлмені жиі желдету, қолды жақсы жуып спиртпен тазарту, тырнақтың шетін йодпен өңдеу, шприцті, бинтті, мақтаны, дәкені, инструментті залалсыздандыру шаралары жатады.Асептика -- микробиология, вирусология, медицина саласындағы және өндірістік жұмыстары кезіндегі сақтық шаралардың жинағы. Адам және жануарларды зақымдайтын бөтен микроорганизмдердің жұғуына немесе қоректік орталардың, материалдың және құрал-саймандардың ластануына қарсы бағытталған әдіс. Асептикаға: тазалау, зарарсыздандыру, антисептика, дезинфекция, дезинсекция, лас ауа кірместей жабу (герметизация), оңашалау (изоляция) кіреді.Зарарсыздандыру әдістері:
* бу қысымы (іш);
* қайнаған (кесу қосымша металл құралдары,);
* Құрғақ-әуе шкафтары (сіз жалын астам құралын күйдіріп жіберуі мүмкін);
* суық зарарсыздандыру (хлорамин резеңке қолғап тиелген);
* 96% этанол (30 мин.). Жараға немесе жалпы ағзаға микроорганизмнің енуін алдын - алуға бағытталған шаралар жиынтығының 2 негізі мақсаты бар:
1. Жараңа сыртқы ортадан бактериялардың түсуін сақтау;
2. Аурухана ішілік инфекция көзі болатын заттарды немесе жарамен тікелей қатынасатын материялдарды механикалық, химиялық, физикалық, биологиялық жолдармен залалсыздандыру.
Профилактикалық кезеңінің әкімшілік медико-санитарлық шаралар, инфекциялық таралудың жоғарлауын жасамау. Ең негізгі орныдалулары. Қоздырғыштың таралуы мен патологиялық ошақтары құрамына дезинфекция, дезинсекция, дератизация, іс-шараларын қолдану. Дезенфекциялық -- сыртқы орта объектілерінде қоздырғыштардың жоюға бағытталған комплексті жинақ. Дезинфекцияның негізгі бағыты -- инфекцияның берілу механизмі үзу болып табылады. Дезинсекция - инфекция және паразитарлық аурудың туғызатын қоздырғыштарды тасымалдайтын тасымалдайтын буын-аяқты кенелер, жоюға бағытталған қойылатын шаралар. Дератизация - инфекциялық және паразитарлық аурулардың қоздырғыштарын тасымалдауын кеміргіштерді жоюға бағытталған іс-шаралар. Инфекциялық аурулармен күресудің келесі жолы - қабылдағыш организмге жүргізілген іс-шаралар. Организмнің инфекциялық ауруларға қарсы профилактикасы, жасанды иммунитет қалыптастыру арқылы жүргізеді. Активті жасанда иммунитет қалыптастырудың вакцинаны қолдану, ал жасанды пассивті иммунитеті қалыптастыру үшін сарысуларды қолданады. Салауатты өмір салтын қорғау - еңбек гегиенасы, демалыс гегиенасы, жеке бас гегиенасы, денешынықтырумен айналысу, спорт туризм, зиянды әдеттермен күресу, шынығу, дұрыс тамақтану маңызды орын алады. Ішкі инфекция - жараға ағзаның өзіндегі қоздырғыштардың өсіп-өнуіне байланысты түседі. Инфекцияның көзі тері мен кілегейлі қабық (сыздауық, іріңді жаралар, терідегі жарықтар, сызаттар, күстер, коньюктивит, ринит, т.б.) болып табылады. Сонымен бірге қоздырғыштар операциялық жараға одан қашықта орналасқан аймақтардан ығысып түсуі де мүмкін. Олар қан арқылы немесе лимфа жүйесі бойынша түсуі мүмкін.Мысал ретінде, шіріген тістегі, ЛОР - мүшесіндегі, ас қорыту, зәр шығару жүйелеріндегі инфекцияны айтуға болады. Кез-келген операция ағзаға және жүйке жүйесіне үлкен физикалық салмақ түсіреді. Әсіресе жүйке жүйесіне үлкен күш түседі.
2.2.Антисептикалық және асептикалық препараттар
Жұқпалы аурулар организмге әртүрлі патогенді қоздырғыштардың енуі нәтижесінде пайда болады. Қоздырғыштардың түрлеріне қарай: жұқпалы аурулар, протозойлы аурулар, гельминтоздық аурулар, экотопаразитарлық аурулар т.б.
Бұл ауруларға қарсы шаралардың бірі оларда жою болып табылады. Аурудың қоздырғыштарын сыртқы ортада жою -дезинфекция, ал дезинфекциялау үшін қолданылатын заттарды дезинфекциялаушы заттар деп атайды.
Қоздырғыштарды жануарлардың сыртқы бөліктерінде жоюды антисептика, ал сол үшін қолданылатын заттарды антисептикалық , организмде жоюды химиотерапия, сол үшін қолданылатын заттарды химиотерапевтік заттар дейді. Әртүрлі дәрілік заттардың микробтарға және паразиттерге қарсы әсер ету механизмі де әрқалай келеді. Олар препараттардың физикалық және химиялық қасиеттеріне , қоздырғыштардың биологиялық ерекшеліктеріне және олардың даму ортасына байланысты болады. Микробтарға қарсы қолданылатын дәрілік заттардың жалпы заңдылықтарын ескере отырып, оларды үш топқа бөлуге болады. Олардың ішінде кейбіреулері бейорганикалық қышқылдар, ерітінділер, хлор препараттары органикалық және бейорганикалық қосылыстарды, сонымен бірге микроорганизмдерді ыдыратады.
Мұндай заттар сыртқы ортаны дезинфекциялау үшін кеңінен қолданылғанымен , антисептикалық мақсаттар үшін қолданылуы шектеулі келеді. Екінші топтың препараттары органикалы, заттарды ыдыратпайды және бейорганикалық қосылыстармен де байланыспайды. Олар тек торша цитоплазмазының тіршілігін бәсеңдетеді ,(фенолдар, крезолдар және басқалары), бірақ торшаға қарағанда аурудың қоздырғыштарына әсері күштірек болады. Белгілі бір деңгейде олар жарақат болған жермен кілегейлі қабықтарға жайсыз әсер етеді, ал сіңірілгеннен кейін кейбір ұлпалар үшін оның әсері қолайсыз. Сондықтанда бұл топтың заттарын микробтарға қарсы қолданғанмен , яғни антисептикалық және дезинфекциялау мақсатымен, химиотерапевтік мақсаттар үшін қолданылмайды.
Хирургиялық тәжірибеде іріңді асқынуға қарсы күрес ретінде әк, ауыр металл тұздарын және спиртті қолдану өткен ғасырдың бірінші жартысындағы эмпирикалық мүмкіндікке жатқызылады. Хирургияда антисептиктерді ғылыми жұмыста қолдануға үлкен үлес қосқан ағылшын хирургі Джозеф Листер. Ол клиникалық тәжірибеге хирургтің қолын, операциялық алаңды, жараны және аспаптарды фенол ерітіндісімен өңдеуді енгізді. Осы сәт антимикробты заттарды іздеуге кең жол ашты.
Жарты ғасыр өткен соң химиотерапевтті заттар ашылды. Жаңа қосылыстардың медицинада ашылуы антисептиктердің емдік және профилактикалық қолдануына кедергі жасамады.
Адам ағзасынан тысқары орталардың микроорганизмдеріне микробқа қарсы заттар таңдамалы әсер етеді.
Олар екі топқа бөлінеді:
* Залалсыздандырғыш заттар
* Антисептиктер
Залалсыздандырғыш заттарды ішкі ортадағы микроорганизмдерді жою үшін қолданады. Оларға макро- және микромүшелердің жасушаларына әсер ететін және ақуызды денатурациялауға ұшырататын дәрілік препараттар жатады. Олар адам үшін өте улы.
Антисептиктер дәрілік заттар дене беткейіндегі микроорганизмдерді тежейді. Оларды беткей тері, шырышты және қуыстарды өңдеу үшін қолданады.
Антисептиктер - микробқа қарсы әсері бар, механизмдері әркелкі үлкен топты қосылыс, ол бактериоцидті әсер көрсетеді. Олардың көбі ақуызды денетурацияға ұшыратады немесе микроағзаларға ешқандай таңдамалы әсер етпейді.
Антисептиктерді қолданған кезде олар ұлпаларды тітіркендірмеу керек. Бұл заттарды кеңінен стоматологияда ауыз қуысының шырышты қабығына, карриозды қуысқа, тіс пульпасына, офтальмологияда (тамшы ретінде жуу үшін), хирургияда (жараны жуып залалсыздандыру үшін, қолды, операциялық алаңды өңдеу үшін) қолданады. Антисептиктердің ерітінді, мазь және суспензия күйіндегі түрлері бар.
Антисептикалық заттардың әсер ету механизмі.
Антисептиктер жалпы жасушалық улар болып есептеледі, олар физика-химиялық қасиеттеріне байланысты микроағзаларға әртүрлі әсер етеді.
Көптеген араматты қосылыстар липофильді заттар болғандықтан клетка мембранасынаеніп, протоплазма ақуыздарын тудырады.
Галоидтар микроағзаның өлуін олардың протоплазмасын денатурациялау арқылы іске асырады.
Тотықтырғыштар. Микроағзалардың протоплазмасын тотықтыру арқылы оттегіні бөледі.
Бояғыштар. Микроағзалар жасушаларының қосымша бөліктерімен сәйкес келеді.
Ауыр металдардың тұздары бактериалды жасушалардың сульфгидрилді топтарымен қосылып, бактериалды жасушалардың өмірге қажетті ферменттерді тежейді.
Қышқыл мен негіздердің антимикробты әсері олардың гидролитикалық қасиетіне байланысты, ал қышқыл мен сілтінің антисептикалық активтілігі олардың диссоциация деңгейіне байланысты.
Микроағзаларға ұқсас әсер ететін алифатикалық қатардың қосылыстары микроағза жасушасы протоплазмасын ыдырытып, коагуляциясын тудырады.
Антисептиктерді тағам өндірісінде консервант ретінде қолданады және дәрілік түрлерді (ерітінді, май) реттейді. Антисептикалық заттар концентрациясы мен тереңдігіне байланысты іріңді және бактериялық жараларға еніп, бактериостатикалық немесе бактреиоцидтік әсер (төменгі концентрацияда бактериостатикалық активтілік, ал жоғрағы концентрацияда бактериоцидті) көрсетеді.
Антисептиктерге келесі механизм тән:
Кей заттар микробты клетканың ақуызын денатурацияға ұшыратады, басқалары олардың қабығының түзілуін тежейді немесе қабықшаның өткізгіштігін жоғарлатады, кейбіреулері микроағза жүйесінің ферментативті активтілігін төмендетеді.
Олардың антимикробты белсенділігі төмен, 1:100, 1:1000 қатынаста сұйылтады.
Кең спектрлі, химиотерапевтік заттардан айырмашылығы - таңдау активтілігінің болмауында. Ағза үшін токсигенділігі өте жоғары. Жергілікті қолданғанда тек резобтивті әсер етеді. Микробтардың бейімделуі сирек байқалады.
Кесте-1. Антисептикалық дәрілік заттардың қолданылуы
Антисептикалық дәрілік заттарды қолданылуы бойынша: теріге, тыныс алу және азық қорыту жолдарының кілегейлі қабаттарына қолданады.
Кесте-2. Антисептикалық қосылыстардың қызметін анықтайтын жағдай.
Антисептикалық қосылыстардың қызметін анықтайтын жағдай.
1.
Антисептиктердің әсер ету механизмі химиялық құрылымға және физика-химиялық қасиеттерге байланысты.
2.
Диссоциациялану дәрежесі және концентрациясыжоғары болған сайын антисептиктің әсері жоғары болады. Ерітіндіде диссоцияланатын антисептиктердің деңгейі олардың диссоциациялануына байланысты.
3.
Микроағза антисептиктердің әсер ету уақыты. Экспозицияның уақыты үлкейген кезде антисептиктердің әсер ету әсері жоғарлайды.
4.
Антисептиктердің әсер етуі температураға байланысты. Температура жоғарлағанда антисептикалық әсер күшейеді.
5.
Микроағзаның түрі және спора түзу қасиеті.
6.
Микробты ағзалардың саны.
7.
Ақуыздар өздерінде антисептиктерді адсорбциялайды, яғни антисептиктердің активтілігін төмендетеді.
Кесте-3. Антисептикалық препараттардың жіктелуі
Жіктелуі.
1. Ароматты қатардың қосылыстары: фенол дериванттары, иоксибензол, деготь.
2. Галогентуынды қосылыстар.
3. Тотықтырғыштар: сутегінің асқын тотығы, калий перманганаты.
4. Бояғыштар: бриллиант жасылы, метилен көгі этакредин лактаты.
5. Ауыр металдардың тұздары
6. Қышқылдар мен негіздер
7. Алифатикалық қосылыстардың қатары: этилен спирті, формальдегид.
8. Детергенттер
Аромат қатарлы қосылыстар.
Фенол - жүз жыл бұрын тас-көмір дегьттен алынған және карбон қышқылы деп аталды. Ол бірінші антисептик болып есептеледі.
Фенол - жалпы протолазмалық у, ол клетканың әртүрлі түрі мен типтерін ыдыратады. Оның микробқа қарсы қасиеті әртүрлі себептерге байланысты. Негізгі ролі еріткіш қасиеті. Су ерітінділерінде активтілігі жоғары, спирт және май ерітінділері аз активті. Температура жоғарылаған кезде микробқа қарсы қасиеті артады. Әлсіз концентрацияда (1:400-1:800) фенол бактериостатикалық қасиет көрсетеді. 1-5% ерітінді - бактериоцидті. Фенолға спораның сезімталдығы төмен. Микробқа қарсы әсері ақуызы бар жерде байқалмайды, ол басқа микробқа қарсы заттардан ерекшелігі болып келеді.
Фенол ұлпаға әсер еткен кезде жергілікті қозуды тудырады, концентарциясы жоғарылап некроз дамуы мүмкін. Алдымен жедел ауырсыну ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz