Бірыңғай бюджеттік жіктеу
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1 БІРЫҢҒАЙ БЮДЖЕТТІК ЖІКТЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Бюджеттік жіктелудің рөлі мен мәні және кұрамы. Бюджеттік жіктелуді құрудың жалпы принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Бюджеттік бағдарламаларды және олардыц әкімшіліктерін анықтау. Бюджеттік бағдарламалардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 БЮДЖЕТТІК СЫНЫПТАМА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Бірыңғай бюджет сыныптамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Мемлекет кірістерінің сыныптамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Мемлекеттік шығыс сыныптамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.4 Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1 Бірыңғай бюджеттік жіктеу
1.1 Бюджеттік жіктелудің рөлі мен мәні және кұрамы. Бюджеттік жіктелуді құрудың жалпы принциптері
Бюджеттерді кұрастыру мен атқару олардың нысанды тағайындауына сәйкес болуы үшін кірістердің қайнар көздерін регламентациялауы және бюджеттік қаражаттарды бюджетте қарастырылған шығындар көлемі мен бағыттарына сәйкес жұмсалуы тиіс. Кірістердің қайнар көздері мен бюджеттік ақша болу бағыттарын регламенттеу - ол бюджет құрастыру мен атқарудың міндетті шарты. Бұл шарт кірістер мен шығындарды топтау арқылы, яғни кірістерді формалар мен түрлері бойынша, ал шығындарды шаралар мен нысанды тағайындары бойынша біріктіру жолымен іске асырылады. Мүндай кірістер мен шығындарды топтастыру бюджеттік жіктеу деп аталады. Бюджеттік жіктеу бюджеттен нысанды қаржыландыру, бюджеттік қаражаттар пайдалануына қаржылық бақылау және бюджеттік тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіншілік береді.
Бюджеттік жіктеудің негізі болып әлеуметті-экономикалық, ведомствалық және аумақтық белгілері бойынша кірістердің қалыптастыру мен құжаттардың жұмсалатын бағыттары және олардың құрамы мен құрылымын көрсететін көрсеткіштер топтауы табылады. Бюджеттің кірістері мен шығындарының, оныц тапшылығын өтейтін кайнар коздерінің мүндай топтастыруы бюджетті құрастыру мен атқаруда пайдаланады, барлық деңгейдегі бюджеттер корсеткіштерінің салыстырмалығын қамтамасыз етеді және бюджеттік процеске акпараттық технологиялар енгізуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында бюджеттік процесс бюджеттердің барлық деңгейлеріне бірдей және міндетті бірыңғай бюджеттік жіктеу негізінде іске асырылады. Бюджеттік кодексте берілген анықтамаға сәйкес бірыңғай бюджеттік жіктеу - ол бюджеттің кірістері мен шығындарының функционалды, ведомствалық және экономикалық сипаттамалар бойынша және бюджеттің жіктеу объектілеріне анықтамалық атаулар мен топтастырулық код бекітілген міндеттілік топтастыру. Бірыңгай бюджеттік жіктеу бюджет түсімдерінің жіктеуі мен бюджет шығындарының функционалдык және экономикалық жіктеуінен тұрады.
Бюджет жіктеуін құру принциптері бюджеттің кірістері мен шығындарының экономикалық мазмұны, ұлттық экономиканың құрылымы мен басқару жүйемен дәлелденеді. Кірістердің қайнар көздерін топтастыру мен бюджет шығындарының мақсаттарын анықтаудың негізгі мәні ең алдымен мұндай реттемелеу барлық бюджеттік процестің әрекеті мен тиімділігінің және қаржылық бақылаудың міндетті шарты арқылы қорытылады. Осыған байла-нысты бюджеттік жіктеу айқын және анық болуға және де кірістердің экономикалық, ведомствалық, аумақтық қалыптасуы мен бюджеттік құжаттарды пайдалану бағыттары, олардың құрамы мен құрылымы жөнінде толық түсінік беруге тиісті.
Бюджеттің кірістері мен шығындарын детализациялау бюджетке кіретін мәліметтерді тексеру мен салыстыруын, ведомстволар мен мекемелер бойынша түсімдер мен шығындардың динамикасы мен құрылымын анықтауын қамтамасыз етеді. Жіктеу бюд-жеттердің жалпы жиынтығын құруға, оларды талдауға, бюджетті атқаруы мен нысанды пайдалануын және қаржылық тәртіпті сақ-тауды бақылауға мүмкіншілік береді. Түтас айтқанда бюджеттік жіктеу бюджеттердің барлық түрлерін қүру мен атқарудың бірік-кен әдістемелік негізі болып табылады.
Басқарудың жүйесі мен әдістерінің дамуына байланысты бюд-жеттік жіктеу де өзгереді және жетілдіріледі. Мысалы, Қазақстан Республикасында 2002 жылдан бастап бюджет ағымдағы бюджет (ағымдағы шығындар) және даму бюджетіне (күрделі шығындар) бөлінеді. Бюджеттің мүндай формаларда болуы заңнамалармен мемлекетке жүктелген функциялардың орындауының нақты құнын бағалауға, елдің әлеуметті-экономикалық дамуына жүмсалған инвестиция көлемін анықтауға және бюджеттік бағдарламалар-ды бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, осы бюджеттер түрлері бойынша анықталған мәліметтерді басқару жүйесінде пайдалану бюджеттік ақша қаражаттарының нақты қозгалысын бағалауға және әлеуметті-экономикалық процестерді іске асыруға уақытымен әсер етуге, бюджеттік ресурстарды қалыптастыру мен жұмсау жөнінде дәлелді қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.
Бюджет түсімдерін жіктеу
Түсімдерді жіктеу - ол Бюджеттік кодекс пен басқа да заңнамалық актілермен анықталған кірістерді қалыптастыратын қайнар көздерін белгілейтін барлық деңгейдегі бюджеттер кірістерінің топтастыруы. Белгілі сипаттар бойынша барлық деңгейдегі бюджеттердің барлық түсімдері санаттарға (категориялар), сыныптарға, ішкі сыныптарға және ерекшеліктерге жіктеледі. Экономикалық белгілерге байланысты түсімдер санаттар бойынша топтасады, түсімдердің түрлері мен қайнар көздеріне байланысты сыныптар мен ішкі сыныптарға бөлінеді, төлем немесе түсімнің түрлеріне байланысты ерекшеліктер топтарын құрады.
Түсімдердің осы жіктеу топтарына алты таңбадан тұратын топтасулық код беріледі. Бірінші таңба түсімдердің төлету әдісі бойынша бөлінетін белгісі арқылы олардың санатын көрсетеді. Мысалы, 1 деген цифр осы бөлімде салықтың түсімдерге жататын барлық төлем түрлері, 2 - салықтық емес түсімдер, 3 - негізгі капитал сатудан түскен түсімдер, 4 - ресми трансферт түсімдері, 5 - берілген бюджеттік несиелер өтеу мен қаржылық активтер сатудан түскен түсімдер және үкіметтік займдар бар екенінің белгілері.
Келесі екі цифр түсімдердің түрлеріне байланысты сыныптарға бөлінгенін көрсетеді. Мысалы, 01 - ол табыс салығы, 05 - ол тауарлар, қызметтер мен жұмыстар бойынша ішкі салықтар және басқалары. Содан кейін төлемнің нақты түріне байланысты ішкі сыныпты көрсететін бір цифр келеді. Мысалы, 1 - ол корпоративтік табыс салығы, 2 - акциздер, 3 - табиғаттық және басқа ресурстарды пайдалану жөніндегі түсімдер мен тағы

1 БІРЫҢҒАЙ БЮДЖЕТТІК
ЖІКТЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Бюджеттік жіктелудің рөлі мен мәні және кұрамы. Бюджеттік жіктелуді
құрудың жалпы
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .
2.2 Бюджеттік бағдарламаларды және олардыц әкімшіліктерін анықтау.
Бюджеттік бағдарламалардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
2 БЮДЖЕТТІК СЫНЫПТАМА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Бірыңғай бюджет
сыныптамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Мемлекет кірістерінің
сыныптамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Мемлекеттік шығыс сыныптамасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.4 Шығыстардың экономикалық
сыныптамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 Бірыңғай бюджеттік жіктеу
1.1 Бюджеттік жіктелудің рөлі мен мәні және кұрамы. Бюджеттік
жіктелуді құрудың жалпы принциптері
Бюджеттерді кұрастыру мен атқару олардың нысанды тағайындауына сәйкес
болуы үшін кірістердің қайнар көздерін регламентациялауы және бюджеттік
қаражаттарды бюджетте қарастырылған шығындар көлемі мен бағыттарына сәйкес
жұмсалуы тиіс. Кірістердің қайнар көздері мен бюджеттік ақша болу
бағыттарын регламенттеу - ол бюджет құрастыру мен атқарудың міндетті шарты.
Бұл шарт кірістер мен шығындарды топтау арқылы, яғни кірістерді формалар
мен түрлері бойынша, ал шығындарды шаралар мен нысанды тағайындары бойынша
біріктіру жолымен іске асырылады. Мүндай кірістер мен шығындарды топтастыру
бюджеттік жіктеу деп аталады. Бюджеттік жіктеу бюджеттен нысанды
қаржыландыру, бюджеттік қаражаттар пайдалануына қаржылық бақылау және
бюджеттік тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіншілік береді.
Бюджеттік жіктеудің негізі болып әлеуметті-экономикалық, ведомствалық
және аумақтық белгілері бойынша кірістердің қалыптастыру мен құжаттардың
жұмсалатын бағыттары және олардың құрамы мен құрылымын көрсететін
көрсеткіштер топтауы табылады. Бюджеттің кірістері мен шығындарының, оныц
тапшылығын өтейтін кайнар коздерінің мүндай топтастыруы бюджетті құрастыру
мен атқаруда пайдаланады, барлық деңгейдегі бюджеттер корсеткіштерінің
салыстырмалығын қамтамасыз етеді және бюджеттік процеске акпараттық
технологиялар енгізуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында бюджеттік процесс бюджеттердің барлық
деңгейлеріне бірдей және міндетті бірыңғай бюджеттік жіктеу негізінде іске
асырылады. Бюджеттік кодексте берілген анықтамаға сәйкес бірыңғай бюджеттік
жіктеу - ол бюджеттің кірістері мен шығындарының функционалды, ведомствалық
және экономикалық сипаттамалар бойынша және бюджеттің жіктеу объектілеріне
анықтамалық атаулар мен топтастырулық код бекітілген міндеттілік
топтастыру. Бірыңгай бюджеттік жіктеу бюджет түсімдерінің жіктеуі мен
бюджет шығындарының функционалдык және экономикалық жіктеуінен тұрады.
Бюджет жіктеуін құру принциптері бюджеттің кірістері мен шығындарының
экономикалық мазмұны, ұлттық экономиканың құрылымы мен басқару жүйемен
дәлелденеді. Кірістердің қайнар көздерін топтастыру мен бюджет шығындарының
мақсаттарын анықтаудың негізгі мәні ең алдымен мұндай реттемелеу барлық
бюджеттік процестің әрекеті мен тиімділігінің және қаржылық бақылаудың
міндетті шарты арқылы қорытылады. Осыған байла-нысты бюджеттік жіктеу айқын
және анық болуға және де кірістердің экономикалық, ведомствалық, аумақтық
қалыптасуы мен бюджеттік құжаттарды пайдалану бағыттары, олардың құрамы мен
құрылымы жөнінде толық түсінік беруге тиісті.
Бюджеттің кірістері мен шығындарын детализациялау бюджетке кіретін
мәліметтерді тексеру мен салыстыруын, ведомстволар мен мекемелер бойынша
түсімдер мен шығындардың динамикасы мен құрылымын анықтауын қамтамасыз
етеді. Жіктеу бюд-жеттердің жалпы жиынтығын құруға, оларды талдауға,
бюджетті атқаруы мен нысанды пайдалануын және қаржылық тәртіпті сақ-тауды
бақылауға мүмкіншілік береді. Түтас айтқанда бюджеттік жіктеу бюджеттердің
барлық түрлерін қүру мен атқарудың бірік-кен әдістемелік негізі болып
табылады.
Басқарудың жүйесі мен әдістерінің дамуына байланысты бюд-жеттік жіктеу
де өзгереді және жетілдіріледі. Мысалы, Қазақстан Республикасында 2002
жылдан бастап бюджет ағымдағы бюджет (ағымдағы шығындар) және даму
бюджетіне (күрделі шығындар) бөлінеді. Бюджеттің мүндай формаларда болуы
заңнамалармен мемлекетке жүктелген функциялардың орындауының нақты құнын
бағалауға, елдің әлеуметті-экономикалық дамуына жүмсалған инвестиция
көлемін анықтауға және бюджеттік бағдарламалар-ды бақылауға мүмкіндік
береді. Сонымен бірге, осы бюджеттер түрлері бойынша анықталған
мәліметтерді басқару жүйесінде пайдалану бюджеттік ақша қаражаттарының
нақты қозгалысын бағалауға және әлеуметті-экономикалық процестерді іске
асыруға уақытымен әсер етуге, бюджеттік ресурстарды қалыптастыру мен жұмсау
жөнінде дәлелді қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.
Бюджет түсімдерін жіктеу
Түсімдерді жіктеу - ол Бюджеттік кодекс пен басқа да заңнамалық
актілермен анықталған кірістерді қалыптастыратын қайнар көздерін
белгілейтін барлық деңгейдегі бюджеттер кірістерінің топтастыруы. Белгілі
сипаттар бойынша барлық деңгейдегі бюджеттердің барлық түсімдері санаттарға
(категориялар), сыныптарға, ішкі сыныптарға және ерекшеліктерге жіктеледі.
Экономикалық белгілерге байланысты түсімдер санаттар бойынша топтасады,
түсімдердің түрлері мен қайнар көздеріне байланысты сыныптар мен ішкі
сыныптарға бөлінеді, төлем немесе түсімнің түрлеріне байланысты
ерекшеліктер топтарын құрады.
Түсімдердің осы жіктеу топтарына алты таңбадан тұратын топтасулық код
беріледі. Бірінші таңба түсімдердің төлету әдісі бойынша бөлінетін белгісі
арқылы олардың санатын көрсетеді. Мысалы, 1 деген цифр осы бөлімде салықтың
түсімдерге жататын барлық төлем түрлері, 2 - салықтық емес түсімдер, 3 -
негізгі капитал сатудан түскен түсімдер, 4 - ресми трансферт түсімдері, 5 -
берілген бюджеттік несиелер өтеу мен қаржылық активтер сатудан түскен
түсімдер және үкіметтік займдар бар екенінің белгілері.
Келесі екі цифр түсімдердің түрлеріне байланысты сыныптарға бөлінгенін
көрсетеді. Мысалы, 01 - ол табыс салығы, 05 - ол тауарлар, қызметтер мен
жұмыстар бойынша ішкі салықтар және басқалары. Содан кейін төлемнің нақты
түріне байланысты ішкі сыныпты көрсететін бір цифр келеді. Мысалы, 1 - ол
корпоративтік табыс салығы, 2 - акциздер, 3 - табиғаттық және басқа
ресурстарды пайдалану жөніндегі түсімдер мен тағы басқалары. Соңғы екі цифр
төлемнің қайнар көзі мен сол төлемнің нақты төлеушісін көрсететін ерекшелік
белгісі. Мысалы, 01 - ол резиденттер - заңды тұлғалардан корпоративтік
табыс салағы, 02 - ол резидент емес - заңды түлғалардан корпоративтік табыс
салығы және т.б.
Барлық түсімдер бюджеттер деңгейлері арасында кірістер жіктеуіне
сәйкес бөлінеді. Сондықтан Бюджеттік кодексте бюджеттін әрбір деңгейі
бойынша сәйкестік түсімдер анықталып бекітілген. Мысалы, республикалық
бюджет кірістерінің 1 санаты Салықтық түсімдер бойынша тағайындалған:
01 сынып - Табыс салығы;
1 ішкі сынып - Корпоративтік табыс салығы;
01 ерекшелік - Резиденттер - заңды түлғалардан корпоративтік табыс
салығы (код 101101);
02 ерекшелік - Резидент емес - заңцы тұлғалардан корпора-тивтік табыс
салығы (код 101102) және осылай жалғаса береді;
05 сынып - Тауарлар, жүмыстар және қызметтер бойынша ішкі салықтар;
1 ішкі сынып - Қосымша құнға салық;
01 ерекшелік - Қазақстан Республикасыныц аумағында өндірілген
тауарлар, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер бойынша қосымша
құнға салық (105101);
02 ерекшелік - Ресей Федерация аумағынан шыққан және импортталған
тауарлардан басқа Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар
бойынша қосымша құнға салық (код 105102);
04 ерекшелік - Резидент емес үшін қосымша құнға салық (код 105104)
және осылай жалғаса береді;
2 ішкі сынып - Акциздер;
29 ерекшелік - Қазақстан Республикасыныц аумағында өндірілген газ
конденсатын қоса шикі мұнай (код 105229);
41 ерекшелік - Қазақстан Республикасының аумағына импортталған
спирттің барлық түрі (код 105241) және осылай жалғаса береді;
3 ішкі сынып - Табиғаттың және басқа да ресурстарды пайдаланғаннан
түскен түсімдер;
02 ерекшелік - Үстеме пайдаға сальшатын салық (код 105302);
05 ерекшелік - Бонустар (код 105305);
06 ерекшелік - Роялти (код 105306) және осылай жалғаса береді;
06 сынып – Халықаралық сауда мен сыртқы операциялар бойынша
салықтар;
1 ішкі сынып - Кедендік төлемдер;
02 ерекшелік - Сырттан енгізілетін тауарлар бойынша кедендік баж
(код 106102) және осылай жалғаса береді;
07 сынып - Басқа да салықтар;
1 ішкі сынып - Басқа да салықтар (код 107109 республикалық бюджет
түсімдері, код 107110 жергілікті бюджет түсімдері).
Бюджеттік жіктеуде осы жоғарыда келтірілген мысалға сәйкес басқа да
түсімдер санаттары бөлінген.
Бюджет шығыстарын жіктеу
Бюджеттік шығындарды ашықтан-ашық белгілер бойынша жіктеу олардың
экономикалық процестердегі рөлі мен мәнін айқындалуына себепші болады.
Теория мен тәжірибеде бюджет шығындарын жіктеу бірнеше белгілер арқылы іске
асырылады. Ең алдымен бюджеттік қаражаттарды мемлекеттік басқару деңгейлері
бойынша бөлуіне байланысты шығындардың аумақтық жіктеуін айырады
(республикалық, облыс және аудан бюджеттерінің шығындары).
Бюджет шығындарын экономикалық жіктеуі бюджеттік қаражаттарды
жоспарлау мен пайдалануда маңызды мәні бар, себебі мұндай жіктеу бюджеттен
экономиканың дамуы мен ұлғаймалы қайта өндіріске қаражаттар бөлінуіне
байланысты. Бұл белгі бойынша ағымдағы шығындар (ағымдағы бюджет) және
іргелі шығындар (даму бюджеті) жекеленеді.
Ағымдағы шығындар болып мемлекеттік билік органдары, жергілікті өзін-
өзі басқару органдары мен бюджеттік мекемелердің іс-әрекетін, трансферт
формалар арқылы басқа бюджеттер мен экономика салаларына мемлекеттік жәрдем
көрсетуді қамтамасыз етуге арналған бюджет шығындарының бір бөлігі
табылады. Тұрақты сипатта болатын мұндай шығындар көлеміне мемлекеттік
тұтынуға жұмсалатын шығындар сомалары кіреді, яғни экономикалық және
әлеуметтік инфрақұрылым мен экономиканың мемлекеттік салаларын ұстауға,
азаматтық және әскери сипаттағы тауарлар мен қызметтерді сатып алуға,
мемлекетгік мекемелердің ағымдағы шығындарын өтеуге.
Бюджеттің іргелі шығындары - ол инновациалық және инвестициялық іс-
әрекетті қаржыландырумен байланысты мемлекеттің ақша қаражат шығындары.
Олардың құрамына бекітілген инвестициялық бағдарламаларға сәйкес бөлінетін
шығындар, бюджеттік несие ретінде берілетін инвестициялық мақсаттағы
қаражаттар, құрылыс пен инфрақұрылым дамуына арналған шығындар, ғылым,
адамша капитал және ақпараттық жүйе құру мен дамуына салынатын
инвестициялар кіреді.
Бюджет шығындарын жіктеудің келесі маңызды белгісі - ол бюджет
қаражаттарын функционалдық және ведомстволық бағыттар бойынша бөлу.
Бюджеттік кодексте келтірілген анықтама бойынша бюджет шығындарын
функционалдық жіктеуі маңында республикада мемлекеттік саясатты іске асыру
мен мемлекет функцияларын орындауын көрсететін функционалдық және
ведомствалық белгілер арқылы бюджет қаражаттарын жұмсау бағыттарын
анықтайтын деңгейдегі бюджетгер шығындарын топтастыру айтылады.
Бюджеттік кодекске сәйкес шығындар функционалдық топ, функционалдық
ішкі топ (ішкі функция), әкімші, бағдарлама және кіші бағдарламаларға
бөлінеді. Түсімдер жіктеуі секілді бюджет шығындарының жіктеу деңгейлеріне
де он үш белгіден тұратын код тағайындалған. Бюджеттік жіктеуде барлық
шығындар салалық белгілер мен функционалдық бағыттарына байланысты 13
функционалдық топқа бірлестірілген және оларға екі цифрден тұратын код
тағайындалған. Мысалы, 01 - ол жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер, 02 -
қорғаныс, 03 - қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік, 04 - білім беру, 05 -
денсаулық сақтау және т.б.
Келесі екі цифрдан тұратын код әрбір функционалдық топ ішіндегі
бюджеттік қаражаттарды жұмсайтын нақты бағыттарды көрсететін функционалдық
ішкі топ болады. Мысалға, 01 функционалдық топ (жалпы сипаттағы мемлекеттік
қызметтер) келесі ішкі топтарға бөлінген: 01 - ол мемлекеттік басқарудың
жалпы функцияларын орындайтын өкілдік, атқарушы және басқа органдары; 02 -
қаржылық іс-әрекет; 03 - сыртқы саясаттық іс-әрекет және т.б. Функционалдық
02 топ (қорғаныс) құрамына 01 - әскери мұқтаждар, 02 - төтенше жағдайлар
бойынша жұмыстар ұйымдастыру және т.б. ішкі топтар кіреді.
Бюджетгік бағдарламаларды жоспарлау, негіздеу мен іске асыруына
жауапты мемлекеттік органдар сол бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болады
және оларға үш цифрдан тұратын код тағайындалады. Мысалға, 01 функционалдық
топ, 01 ішкі топ бойынша келесі әкімшілер бөлінеді: 101 - ҚР Президентінің
әкімшілігі: 102 - ҚР Парламентінің Шаруашылық басқармасы; 104 - ҚР Премьер-
министрінің кеңсесі және т.б. 02 функционалдық топтың 01 ішкі тобы 208 - ҚР
Қорғаныс министрлігі, 678 - ҚР Республикалық гвардиясы; 02 ішкі тобы 308 -
Төтенше жағдайлар бойынша ҚР Агентігінің әкімгерлеріне бөлінеді.
Негізінде, әр түрлі министрліктерге, ведомстволарға, мемлекеттік
мекемелерге, басқа да заңды тұлғаларға бюджеттік ақша бөлумен байланысты
бюджет шығындарын бірлестіру шығындарды ведомстволық жіктеу болып табылады.
Мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекеттік саясатты іске асыруға
арналған бюджет шығындары негізінде бюджеттік бағдарламалар болып табылады
және жіктеуде олар топтастырулық код бойынша үш цифрмен белгіленеді.
Басқаша айтқанда, бұл арада шығындар нысанды тағайындау бойынша жіктеледі,
яғни ол бюджет қаражаттарын шығындардың нақты түрлерін өтеуге бөлінгеніне
байланысты. Мысалға, 102 ҚР Парламент Шаруашылық басқармасының
әкімгерлігіне 001 ҚР Парламенттінің іс-әрекетін қамтамасыз ету бюджеттік
бағдарлама, ал 104 ҚР Премьер-министр кеңсе әкімгерлігіне 001 ҚР Премьер-
министрінің іс-әрекетін қамтамасыз ету бюджеттік бағдарлама бар.
Бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржы бөлудің анықты және нақты
бағыттарын көрсететін бюджеттік кіші бағдарламаларға жіктеуде топтастырулық
код ішінде үш цифрлі белгі берілген. Мысалы, 102 әкімшілігінің 001
бюджеттік бағдарламасында келесі кіші бағдарламалар бар: 001 - ол орталық
орган аппараты; 007 - ол мемлекеттік қызметкерлерінің біліктілігін
жоғарылату; 009 - мемлекеттік органдарды материалды - техникалық жабдықтау.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде бюджет шығындарының
экономикалық жіктеуіне анықтама берілген. Соған сәйкес, шығындардың
экономикалық жіктеу маңында бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі
мемлекеттік мекемелердің операцияларын көрсететін бюджет шығындарының
экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыруы көрсетіледі. Осы
топтастыруға сәйкес бюджет шығындары санаттарға (кате-горияларға),
сыныптарға, ішкі сыныптарға және ерекшеліктерге бөлінеді. Санат шығындарды
олардың экономикалық белгілірі бойынша ағымдағы және іргелі шығындарға
бірлестіреді. Негізгі операциялар түрлері бойынша шығындар сыныптарға
бірлеседі, мысалы, мемлекеттік қызметкерлер еңбекақысы, тауарлар сатып алу
мен қызметтерді өтеу және басқалар. Сыныптар ез алдына ішкі сыныптарға
бөлінеді, мысалы, тауарлар сатып алу мен қызметтерді өтеу сыныбы бойынша
тауарлар сатып алу ішкі сынып, қызметтер сатып алу ішкі сынып және
басқалары көрсетіледі. Әрбір ішкі сынып бойынша бюджеттік бағдарламаны іске
асыру үшін мемлекеттік мекемелер жүргізетін операциялардың нақты түрін
анықтайтын шығындар ерекшеліктері бар.
Бюджет шығындарын экономикалық жіктеуінің ерекшеліктерінің түсінігі
негізінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығындарды нақты бағыттарға
бөлуін көрсетеді. Мысалы, ағымдағы шығындар бойынша 110 Еңбекақы атты ішкі
сынып арқылы 111 ерекшелік негізгі еңбекақы төлемін көрсетеді. Ол дегеніміз
мемлекеттік мекемелер жұмыскерлеріне өздерінің қызметтік міндеттерін атқару
үшін және біліктілік санаттарын есепке алумен бірге төлейтін ақшалай
төлемдер. Бұл ерекшелік бойынша тұрақты сипатта болатын және заңнамалармен
тағайындалған қызметтік айлыққа қосатын үстемелер есептеледі. Мұндай
шығындар тізіміне олардың келесі түрлері кіреді: қызметтік айлық (тарифтік
мөлшері); ғылыми дәреже, біліктілік сынып, мамандардың сыныптылығы,
сыныптық мәртебе мен әскери дәрежеге қосымша төлемдер және тағы басқалар.
1.2 Бюджеттік бағдарламаларды және олардыц әкімшіліктерін анықтау.
Бюджеттік бағдарламалардың түрлері
Нәтижесі ашықтан-ашық шекті түрде болатын, айкын, шынайы және қол
жететін мақсаты бар бюджеттік бағдарлама маңында мемлекеттік саясат пен
мемлекеттік баскару функцияларын іске асыру жөніндегі бюджет шығындары
қарастырылады. Олар шығындар бағыттарын нақтылау мақсатымен бюджеттік ішкі
бағдарламаларға бөлінуі мүмкін. Бюджеттік бағдарламалар елдің заңдары мен
басқа да нормативтік актілерімен қарастырылған мемлекеттік функцияларды
ғана іске асырмайды, оған мемлекеттік, салалық және аймақтық
бағдарламалармен анықталған әлеуметті-экономикалық даму мақсаттарын
атқаруды қосады.
Бюджеттік бағдарламалар экономикалық нәтижелерге байланысты ағымдағы
немесе даму бюджеттік бағдарламалар болуы мүмкін. Ағымдағы бюджеттік
бағдарламалар өз алды мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекеттің
міндеттемелерін атқаруды қамтамасыз етуге арналған бюджеттің тұрақты
шығындарын көрсетеді. Бюджеттік даму бағдарламалар негізінде іргелі
сипаттағы ұзақ мерзімді жобаларды іске асыруға бағытталған бюджеттік
инвестициялар болып табылады.
Бюджеттік бағдарламалар мемлекеттік басқару мен бюджеттік жүйе
деңгейлері бойынша бекітуіне байланысты республикалық және жергілікті
бюджеттік бағдарламалар болып бөлінеді. Өз алдына жергілікті бюджеттік
бағдарламалар облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық,
аудандық бюджеттік бағдарламаларға бөлінеді.
Бюджеттік бағдарламалар әкімгері болып оларды жоспарлау, негіздеу мен
іске асыруына жауапты және соларға жүктелген функциялар мен өкілдік арқылы
анықталған мемлекеттік органдар табылады. Олар бюджеттік қаражаттарды
бюджеттік бағдарламалар паспорттарына сәйкес өздігінен пайдаланады және сол
қаражаттарды нысанды және тиімді пайдалануына жауапты болады.
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімгері ретінде орталық
мемлекеттік атқарушы органдар тағайындалады, бірақ олардың құрылымдық және
аумақтық бөлімдері әкімші бола алмайды. Жергілікті бюджеттік
бағдарламалардың әкімгері ретінде ҚР Үкіметі бекіткен жергілікті
мемлекеттік басқарудың типтік құрылымына сәйкес анықталатын атқарушы
органдар болады.
31-бап. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі
1. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік бағдарламаларды
жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге
жауапты мемлекеттік орган болып табылады. Бюджеттік бағдарламалардың
әкімшісі өзіне жіктелген функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес айқындалады.
2. Егер бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бір мезгілде бюджеттік
бағдарламаның әкімшісі және мемлекеттік мекеме болып табылса, ол бюджет
қаражатын дербес пайдаланады.
3. Облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері болып табылатын,
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ішкі істер органдарын
қоспағанда, мемлекеттік органдардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелері
бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бола алмайды.
4. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар
республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып табылады.
5. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан
Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгілік
құрылымы негізге алына отырып айқындалады.
6. Әкімдердің және облыстық мәслихаттардың, республикалық маңызы бар
қала, астана мәслихаттарының аппараттары, облыстардың, республикалық маңызы
бар қаланың, астананың әкімдіктері уәкілеттік берген атқарушы органдар мен
облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ішкі істер
органдары облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар
қала, астана бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері болып табылады.
7. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің және мәслихатының
аппараттары, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі уәкілеттік берген
атқарушы органдар аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері
болып табылады.
8. Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың
(селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламаларының
әкімшілері осы әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің аппараттары болып
табылады.
32-бап. Бюджеттік бағдарламалар
1. Бюджеттік бағдарлама нәтиже көрсеткіштері және бюджет шығыстарын
қаржыландыру көлемі бар мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында
айқындалған стратегиялық бағыттармен, мақсаттармен, міндеттермен, нәтижелер
көрсеткіштерімен өзара байланысқан бюджет шығыстарының бағытын айқындайды.
2. Бюджеттік бағдарламаларды бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі
әзірлейді және мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының құрамында
бекітіледі.
3. Бюджеттік бағдарламалар стратегиялық жоспарда тұжырымдалған
мақсаттар мен міндеттерді шешу үшін қажеттілік пен жеткіліктілік
принциптеріне негізделе отырып әзірленеді. Бағдарламалар өзінің мазмұны
бойынша мемлекеттік функциялармен, уәкілеттіктермен және мемлекеттік
қызметтер көрсетумен немесе бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қызметінің
бағыттарымен біртекті топталуға тиіс.
4. Бюджеттік бағдарламада оны іске асыруды бағалау үшін тікелей және
түпкілікті нәтижелердің көрсеткіштері болуы тиіс, сондай-ақ бюджеттік
бағдарламада сапа мен тиімділік көрсеткіштерінің болуы мүмкін. Сапа
көрсеткіштері көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің оны алушылардың
талабына және мемлекеттік қызметтер көрсету стандартына сәйкестігінің
деңгейін көрсетеді. Тиімділік көрсеткіштері бюджет қаражатының бекітілген
көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей нәтижеге қол жеткізуді немесе
бюджет қаражатының аз көлемін пайдалана отырып, тікелей нәтижеге қол
жеткізуді көрсетеді.
5. Бюджеттік бағдарлама бюджеттік кіші бағдарламалар үшін де бюджеттік
бағдарламаларға арналған нәтиже көрсеткіштерін қолдану шартымен бюджет
қаражатын жұмсаудың бағыттары нақтыланған кіші бағдарламаларға бөлінуі
мүмкін.
6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік
бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу тәртібін және олардың
мазмұнына қойылатын талаптарды айқындайды.
2 БЮДЖЕТТІК СЫНЫПТАМА
2.1 Бірыңғай бюджет сыныптамасы
Бюджет шығыстары лимиттерiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне
және бюджеттiк даму бағдарламаларына арналған шығыстар лимиттерiн бюджеттiк
инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iрiктеу үшiн экономикалық
жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға жеткiзудi бюджеттiк жоспарлау
жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Бюджеттiк бағдарламалар
әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдер жасауы келесідей:
- Бюджеттiк өтiнiм бюджетті әзiрлеу кезiнде бюджеттiк бағдарламалардың
қажеттiгiн негiздеу және оларды қаржыландыру сомаларын айқындау үшiн алдағы
қаржы жылына және үш жылдық кезеңге арнап бюджеттік бағдарламалардың
әкiмшiлерi жыл сайын жасап, табыс ететiн құжаттар жиынтығы болып табылады.
- Бюджеттiк өтiнiм: бiрыңғай бюджет сыныптамасы; бюджет шығыстарының
лимиттерi; өткен қаржы жылы бюджеттiк комиссия мақұлдаған үш жылдық кезеңге
арналған бюджеттiк өтiнiм; республиканың немесе аймақтың орта мерзiмдi
әлеуметтiк-экономикалық даму жоспары және орта мерзiмдi фискалдық саясат;
басым бюджеттiк инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тiзбесi негiзiнде
жасалады. Осы Кодексте көзделген бюджеттi нақтылау жағдайларын қоспағанда,
бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi жыл сайын бiр ғана бюджеттiк өтiнiм жасайды.
- Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бюджеттiк өтiнiмi:
бюджеттiк бағдарламалардың (iшкi бағдарламалардың) тiзбесiн және олар
бойынша шығыстар сомасын; бюджеттiк бағдарламаға түсiндiрме жазбаны;
бюджеттiк өтiнiмге енгiзiлген бюджеттiк бағдарлама (iшкi бағдарлама)
паспортының жобасын; кредиторлық берешектiң жалпы сомасын оның пайда
болуының негiзгi себептерiн көрсетiп, жылдар бойынша мiндеттi түрде бөле
отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша кредиторлық
берешек туралы ақпаратты; дебиторлық берешектiң жалпы сомасын оның пайда

отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша дебиторлық
берешек туралы ақпаратты; байланысты гранттар сомасын жұмсалу бағыттары
бойынша мiндеттi түрде бөле отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы
жағдай бойынша алынған және пайдаланылған байланысты гранттар туралы
ақпаратты; бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындаған
тәртiппен, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынған
және пайдаланылған байланысты емес гранттар туралы ақпаратты; бюджеттiк
өтiнiмге енгiзiлген бюджеттiк бағдарлама (iшкi бағдарлама) бойынша шығыстар
есептерiн; басқа да ақпаратты қамтиды.
Мемлекеттiк мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн
қызметтердi) сатудан түскен өздерiнiң иелiгiнде қалатын ақша түсiмдерi мен
шығыстарының тиiстi қаржы жылына арналған болжамы бюджеттiк жоспарлау
жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша жасалып,
бюджеттiк өтiнiммен бiрге табыс етiледi.
Бюджеттiк бағдарламалардың (iшкi бағдарламалардың) тiзбесi белгiленген
нысанда өткен жылғы есептiлiк деректерiн, ағымдағы жылға арналған жоспарлы
көрсеткiштердi және алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды
көрсеткiштердi көрсете отырып, алдағы үш жылдық кезеңге әкiмшi жоспарлайтын
бюджеттiк бағдарламаларды айқындайды.
Бюджеттiк бағдарламаға түсiндiрме жазба жоспарланып отырған бюджеттiк
бадарламаның қысқаша сипаттамасын айқындайды, оның мәнiн, республиканың
немесе аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуына қажеттiгi мен рөлiн ашып
көрсетедi, өткен жылғы бюджеттiк өтiнiмнен ауытқу себептерiн көрсетедi.
Бюджеттiк бағдарлама (iшкi бағдарлама) паспортының жобасы бюджеттiк
бағдарламаның мақсаттарын, мiндеттерiн, нормативтiк-құқықтық негiздемесiн,
күтiлетiн нәтижелерiн, iс-шараларын, жауапты орындаушыларын, орындау
мерзiмдерiн, ұлттық валютамен көрсетiлген құнын, қаржыландыру көздерiн
айқындайтын құжат болып табылады. Бюджеттiк бағдарлама (iшкi бағдарлама)
бойынша шығыстардың есебi бекiтiлген заттай нормалар ескерiле отырып
айқындалатын бюджеттiк бағдарламалардың сандық және құндық көрсеткiштерiн
ашып көрсетедi.
26-бап. Бірынғай бюджеттік сыныптаманың анықтамасы
1. Бірынғай бюджеттік сыныптама объектілерге топтамалық кодтар бере
отырып, бюджет түсімдері мен шығыстарын функционалдық, ведомстволық және
экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыру болып табылады.
2. Бюджет процесі бірынғай бюджеттік сыныптама негізінде жүзеге
асырылады.
3. Бірынғай бюджеттік сыныптама мемлекеттік жоспарлау жөніндегі
орталық уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен Қазақстан Республикасының
заңнамалық актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары негізінде жасалады.
4. Бірынғай бюджеттік сыныптаманы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі
орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
27-бап. Бірынғай бюджеттік сыныптаманың құрамы
Бірынғай бюджеттік сыныптама:
1) бюджет түсімдерінің сыныптамасын;
2) бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасын;
3) бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын қамтиды.
2.2 Мемлекет кірістерінің сыныптамасы
Мемлекеттің кірістерін сыныптау олардың экономикалық мағынасын, құрамы
мен мақсатгы бағыттылығын, қалыптасу қағидаттарын, яғни мемлекет
кірістерінің бүкіл жүйесін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Меншік нысаңдарын ұйымдық-құқықтық ресімдеуге қарай мемлекеттің
кірістері мыналардан тұрады:
1) мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың табыстарынан;
2) жеке кәсіпкерлік сектордың салық түсімдерінен;
3) халықтың салық төлемдерінен;
4) кооперативтік және ұжымдық кәсіпорындардың салық түсімдерінен;
5) қоғамдық ұжымдардың салық түсімдерінен.
Жасалу сфераларына байланысты мемлекеттің кірістері: материалдық
өндіріс сферасыңда қалыптасатын кірістер;
өңдірістік емес сферада жасалатын кірістер болып жіктеледі.
Қаржылық мазмұны бойынша мемлекеттің кірістері:
салықтық;
салыққа жатпайтын болып бөлінеді (мемлекет иелігінен алудан және
жекешелендіруден түсетін қаражаттар, ақшалай-заттай лотереялардан түсетін
табыстар жене т.т.)
Салықтық кірістерді жұмылдыру жағдайында меншік нысандарының ауысымы
болуы мүмкін.
Жұмылдыру әдістері бойынша кірістер орталықтаңдырылған және
орталықтандырылмаған болып жіктеледі.
Жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыс құнының жеке құрамды бөлігі үкіметтің
де, сондай-ақ мемлекетке қарасты шаруашылық құрылымдардың да мемлекеттің
кірістері мен қаржы ресурстарының жүйесін қалыптастырады. Олардың арасында
негізгі орынды мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы, қосылған құнға
салынатын салық, акциздер, сыртқы экономикалық қызметтен түсетін табыстар,
әлеуметтік қажеттерге (зейнетақы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz