Зоопсихология пәні


Жоспары:
Негізгі бөлім
1. Зоопсихология пәні жайлы түсінік.
2. Зоопсихологияның міндеттері мен маңызы.
3. Зоопсихологияның ғылым ретінде дамуындағы ғалымдардың рөлі.
4. Зоопсихологияның әдістері мен қазіргі кезеңдегі маңызы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Зоопсихология жалпы психологияның саласы. Жануарлардың психологиялық әрекетінің онтогенезі мен даму заңдарын, функциясын зерттейтін ғылым саласы . Зоопсихология психиканың басқа формаларының салыстырмалы мәліметтерін жинақтайды. Зоопсихология өзінің ғылыми зерттеу объектісімен дараланады: зерттеу объектісі жануарлар әрекетінің психикалық ерекшелігі мен мінез-құлқының ерекшелігі.
Зерттеу пәні: жануарларда қоршаған орта туралы түсініктерінің психикада бейнеленуі. Психика өзінің даму ерекшеліктеріне қарай бірнеше формаларға бөлінеді. Жануарлар психикасында қоршаған орта мен заттардың бейнеленуі. Ортаға байланысты бейнелеудің ерекшелігі мен жануарлардың тіршілікке қажетті қылық әрекеті қалыптады. Кез келген жануарлардың қылық әрекеті оның психикасының көрінісі.
Жануарлар тәртібі мен психикасының даму деңгейінің стадиялары.
(А. Н. Леонтьев, К. Э. Фабри бойынша. )
Кесте 2
Жануарлар психикасының ерекшеліктері эволюцияда қалыптасқан тума (инстинктік. әрект-қылығымен, олардың жеке ауыспалы немесе дағдылы әрекет формаларыжәне интеллекттік әрекет-қылыққа байланысты анықталады. Зоопсихология жануарлардың психикасы пайда болғанға дейінгі эволюциялық дамуын зерттейді. Зоопсихология жалпы психологияның бір бөлімі. Зоопсихология-ға дейінгі қызығушылықтың өсуі әсіресе соңғы кезінде жан-жануарлар-ға экспериментік тәжірибенде мен зерттеу жұмыстары мен творчестволық ойлаудың дамуына байланысты. Зерттеушілер жан-жануарлардың тәртібін зерттеумен қоса зоологиялық таксондарды амеба мен шимпанзені жатқызды. Зоопсихологияның міндеті адамның санасы қалыптасуын түсіну үшін сол сананың қайдан бастаудан белгілеу. Оны білу үшін жануарлардың әр кезіндегі психикасының қалыптасуын оқу керек, оның эволюциясын, тегін т. б. білу керек. Зоопсихология адам психикасына қалыптасуын дамуына негіз болды. Психикалық процестің эволюциялық дамуын ғылыми түрде айтылып көрсетіледі. Жетілу кезеңдері бір клеткалы жабайы организм көп жасушыға дейін олардың ерекшелітері қарастырылады. Нерв жануар адам жүйесінде орналасу ерекшеліктері қызметі. Жануарлар психикасының дамуы онтегенздеген.
Зоопсихология пәні әр түрлі топтардағы жануарлардың нейробиологиялық механизмін, спецификалық ерекшеліктерін және белсенділігін қарастырады. Соның ішінде психиканың эволюциялық даму заңдылықтарын, әртүрлі биологиялық түрлердегі бейнеленудің ерекшеліктерін салыстыру. Этология пәні жануарлар әрекетінің координацияланған сыртқы белсенділігін зерттейді.
Эпикур, Лукреций жануарларда «жанның бастауы» бар деді. Жанның бастауы материалитсік деді. Сократ: жануарлар мен адамда универсалды «ақыл парасат» бар. Жан тән мен қосылып сезімдікке әсер етеді де өздерінің қимыл әрекеттерінде еліктеумен құмарлыққа бағыттанған. Платон жануарлар тәртібі мен қимыл қозғалысы еліктеумен анықталады, бұл инстинкке анықтамаған алғаш қадам. Аристотель өлмейтін «ақыл парасатты» жаны дегенді енгізді. Ерекше құдай тәріздсе жанға енеді. Аристотель жануарларды бақылау арқылы қорытынды жасайды. Мысалы: құмырсқалардың белсенділігі сыртқы факторларға байланыстылығын анықтайды. Аристотельдің еңбегінде тұңғыш рет жануарлар тәртібінде мінез-құлқы туралы нұсқаулар кездеседі. Мысалы: жаңа туған баланың анадан ажырауы кезіндегі жылауы бөлек. Содан шыққан қортынды өлең айтуға (дауыс шығару, жылау) деген қабілеттілік табиғат сиы, дербес үйрету мен есте сақтаумен байланысты.
ХVІІІ ғ. жан-жақты дамуына көзқарас. Ж. О. Ламеттри жануарлар инстинкт арқасында қимыл-қозғалыстарды өзінің тәжірибесінде ойлауына байлыныссыз қолданады деген. Тітіркену барлық тірі организмге тән құбылыс. Объективті заттың организмде бейнелуі үшін сол заттың қасиеті болу керек. Бейнелену организм қажетіне байланысты. Психика дамуының негізгі сатысы сезгіштік «сенсорлық» . Тітіркену бейтарап, тітіркендіргіш барлық организмде бірдей, пайдалы және пайдасыз болады. Жоғарғы сатылы айырықша орналасқан қимылға тән биотикалық организм. Тітіркену сыртқы ортаға жауап береді.
Зоопсихологияның негізгі міндеттері:
- Әр түрлі сатыдағы жануарлардың (амебалардан приматтарға дейін) психикалық әрекетін зерттеу. Барлық тіршілік иелеріне жан тән, түйсік психологиялық құбылыстың төменгі деңгейі, ал интеллект жоғарғы деңгейі болып табылады.
- Жануарлар психологиялық әрекетінің онтогенездік даму ерекшеліктерін зерттейді. Жануарлардың психологиялық әрекетін зерттеу үшін олардың даму деңгейін «кезеңін» анықтап алған жөн.
Жануарлардың даму кезеңдері:
- эмбрионалдық немесе пренатальдық, құрсақтағы даму кезеңі;
- поснатальдық немесе постэмбриондық туғаннан бастап жануарлардағы эмбриондық дамудың өзіндік ерекшелігі, яғни туа біткен тану құбылысы;
- импритинг - яғни көргенін есте сақтау, бейнелеу (Лоренцтің пікірінше бұл саланы «этологизм» немесе жануарлар тәртібін, мінез-қылығын зерттеу деп атайды) ;
- ювенилдік - ойын функциялары, ойын процестерінде туа біткен және жүре пайда болатын ерекшеліктердің қатнасы.
Жануарлармен адамның психикалық әрекетін салыстыру. (Ойлау, қарым-қатынас, тілдік қауымдастық ерекшеліктерін салыстыру) .
Зоопсихологияның негізгі мәселелері
1. жануарлар түрінің сан жағынан көптігі
2. жануарлардың экологиялық қоректену ортасына қарай ерекшеліктері
3. сан жағынан бағалау күрделілігі;
4. жануарлар мінез-қылық ерекшеліктерін жете зерттеу саналы мінез-құлық әрекеттері мен дағдыларының қалыптасу ерекшеліктері ашып білу.
Зоопсихология көптеген ғылымдармен тығыз байланысты және ғылымдар саласында алатын орны бар:
-салыстырмалы психологияда - Ярошевскийдің анықтауы бойынша жануарлар психикасының даму кезеңін салыстыру адам мен жануарлардың психикалық дамуы мен заңдардың негізін көрсете білу;
-этология - жануарлардың мінез-құлық ерекшеліктерін және жалпы биологиялық негіздерді көрете білу. Этологтар жануарлардың мінез-құлқын зерттейді. Сондай-ақ генетикалық ерекшеліктерді қалыптастырудағы тұрақтығын көрсетеді. Жануарлардың мінез-құлық ерекшеліктері қалыпты табиғи бейнеленген ортасында зерттеледі. Жоғарғы жүйке әрекетінің физиологиясы, яғни жануарлар әрекетіндегі жүйке процесімен жұлын мен бас мидың физиологиясын жете меңгеруде.
Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Бұлармен қатар жүйке жүйесі түрлі дене мүшелерінің, ұлталардың, клеткалардың қызметін, зат алмасу мен қан айналысын басқарып, сыртқы ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына оларды бейімдеп, үйлесітіріп отырады.
Зоопсихологияның қолданылатын салалары және маңызы
1. Жас кезеңдік психологияда зоопсихологиялық зерттеулер балалар психикасы дамуының биологиялық негізін анықтауға көмектеседі. Балалардың мінез-құлқы әсіресе нәрестелік кезеңде негізгі тітіркендіргіштер арқылы қалыптасады.
2. Педагогикалық психологияда зоопсихологияның жетістіктері тәрбиелік маңызын айқындайды, жануарлармен қарым-қатынасқа түсе отырып, әсіресе балалық шақта мінез-құлқы адамгершілік қасиеттері, ақыл-ойы қалыптасады.
3. Антропологияда адамзаттың қалыптасып дамуында антропогенездік қалыптастырылатындығы биологиялық заңдылықтар туралы білімнің қажеттігі.
4. Медицина ғылымында денсаулығы нашар сырқатталған адамдарды емдеуге жануарлар психикасының өзгерістерімен салыстыра отырып, емдеуге қолданылады. Кез-келген химиялық препараттың психикаға әсерін жануарлар психикасына эксперимент жүргізе отырып, тиімділігін қолданады.
5. Ауылшаруашылығында ірі қара малдардың қауымдастықғын білуде, жабайы жануарлардың құрылымын, адамдардың қарым-қатынасы, балық шаруашылығын арттыруда (ихтипсихология) . Жануарларды қолға үйрету мекен-жайларын өзгерту; пайдалы жануарларды көбейту (қолға үйрету) ; жабайы жануарлардың урбанизация мәселесін шешуге зоопсихология ғылымының жетістіктері өте қажет.
Зоопсихологияның зерттеу әдістеріне қойылатын талаптар:
- Жануарларды зерттеу міндеті алдын ала ойластырылуы керек. Жүргізілетін тәжірибелер барысында жануарлардың қимыл қозғалысы арқылы психикалық сапасын дәл анықтайтындай маңызда болу керек.
- Жүргізілетін әдістер мен сыртқы шарт физиологиялық жағдай және сыртқы шарттар есептелуі керек.
- Жануарлардың мінез-құлқын анықтауда сандық бағаланудың болуы.
- Бақылау жүргізушінің байқампаздығының жоғарылығы.
- Өткізілетін әдістермен тәжірибенің биологиялық шарттарға сәйкестілігі.
Зоопсихологияның ғылыми зерттеу әдістері
(Жануарлардың психикасын, мінез-құлық әрекетін анықтауда қолданылатын) :
Лабиринт әдісі жануарлардың негізгі міндеті: алдына қойған белгіленбеген мақсатқа жол табу, жол іздеу барысында ауытқушылық туындаса жазалауды жазалау. Жол табу алдайтын элементтерді (приманка) қолдану. Бұл әдіс барысында мақсатқа жетудегі жануарлардың шапшаңдығы, жіберген қателердің саны тіркеледі.
«Жолды айланып өту» әдісі . Жануарлардың мақсаты алдына қойған мақсатқа жету үшін бірінші кедергілерді меңгеру (приманка қолданылады) . Бұл әдіс барысында да алдайтын элементтерді іздей отырып, жануарлардың іздену барысындағы шапшандығымен қозғалыс траекториясы тіркеледі. Зерттеуші Крушинский осы әдісті электрополяция тәсілімен алмастырады, яғни Алдауға қолданылатын элементтерді іздестіру негізінде егер де оларды қолданбаса.
Дифференциялық жаттықтыру (дефференциация - жай бөлшектерге бөлу немесе дресировка) негізгі мақсат: бір мезгілде бірнеше объектілер мен олардың белгілеріне қарай жүйелі түрде ажырата білу. Мысалы: жануарларға үлгі ретінде затты көрсету және басқа заттардың ішінен дәл осындай затты табу. Мұндай әдіс приматтарға жиі қолданады.
Проблемалық клетка әдісі - жануарларға арналған «приманканы» тордың ішінен алу, яғни оған жол табу ашу, кіру. Ол жануар үшін оңай емес.
Психикалық пайда болу мәселелері 2 аспектілік бағытта қарастырылады.
1. Психикалық материяның даму деңгейі бойынша қалыптасу аспектісі.
2. Ең алғашқы психика формасының пайда болуы немесе психиканың критериясына қандай негіз болды деген аспекті.
Психиканың дамуы мен қалыптасуын және шығу себептерін зерттеген бірінші бағыттылығы зерттеулер бірнеше көзқарастар деңгейінде дамиды. Олар мынандай көзқарастар:
1. панпсихизм психика барлығында бар;
2. антропропсихизм : психика тек қана адамға тән;
3. биопсихизм: барлық тірі материяда психика болады;
4. фитопсихизм: психика тек қана өсімдіктер мен барлық тірілерде бар;
5. нейропсихизм: психика жүйке жүйесі барларда болады;
6. анималпсихизм: психика барлық жануарларға тән;
7. өсімдіктегі психиканың критерийлары: өсімдіктерге электрлік құбылыстың арасында өсуімен қозғала білу қабілеті.
Өсімдіктер психикасына тән критерийлер мынандай болып бөлінеді (көзқарастың негізінде өсімдіктің қозғалыс түрлері алынады) :
тропизм - өсімдікке бағытталған ықпалдарға қозғалысы;
настия - өсімдіктердің қозғалысы оған ықпал етуші факторалрмен сәйкес келуі. Настияның мынандай түрі бар:
- термонастия - (қызғалдақтардың жылы жерде ашылуы) ;
- ейсмонастия - (сыртқы вибрациялық қозғалыстардан мимоза жапырақтары жиырылады) ;
- хемонастия (өсімдіктің белоктік табиғатқа әсері)
Психика дамуы критериялар мәселелерін көптеген ойшылдар қарастырып, әртүрлі пікірлер қалыптасқан. А. Н. Леонтьев психиканың критерийіне түйсік жатады (ықпал ету түйсігі жатады), бірақ ықпал ету түйсігі биологиялық тіршілік негізі деген пікірде. А. Н. Леонтьевтің айтуынша мұндай түйсіктер сигналдар деп аталады. Мұндай сигналдар төніп келе жатқан қауіп қатерді немесе жағымсыз биологиялық объектілердің пайда болуын хабарлайды (мыс. жыртқыштың жақындап келе жатқанын білдіретін вибрациялық жағдайлар, жануарлар үшін дыбыс, иіс) .
Платоновтың пікірінше эмоция және уайымдай білу организмге өте қажет. Егер сыртқы эмоцияны білдіретін ерекшеліктер болса, оның да психикасы болғаны. Яғни психика барлық жануарларға тән.
Ал Гальперин - психиканың қалыптасу негізін эволюциялық процесс барысында түйсіне білу қабілетімен қабылдай білу байланыстылығы негізінде түсіндіреді. Яғни түйсік пен қабылдау бір қалыпта, бір мезгілде болатынын айтқан. Ал жақсы жаман ықпалдарды эмоция арқылы білдіру жеткізу жануарларға да тән.
Симонов - Гальпериннің көзқарасын қолдай отырып, түйсіктің эмоционалдық ерекшелігін енгізген.
Бернштейн мен Вилюнас: жануарлар психикасының ерекшелігін зерттей келе белгілі бір туындаған жағдайға байланысты бағытталған іс-шараның ерекшелігін атайды. Жоғарыда көрсетілгендей психиканың критериялық мәселелері көптеген ойшылдардың көзқарасында орын тауып, зоопсихиканың ғылым ретінде қалыптасуына ықпалын тигізіп отырды. Психиканың даму қалыптасуының критерилары әртүрлі боғанымен, барлығы психикалық бейнелену мәселелерін қарастырады. Жануарлар психикасының даму деңгейі олардың қоршаған ортамен қарым-қатынас деңгейімен тығыз байланысты. Өйткені жануарлардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы өте маңызды. Ғалымның пікірінше жануарлардың қоршаған ортамен тығыз байланыстылығы мынандай топқа бөлінеді:
1. жануарлардың тұрған мекен-тұрағымен байланыстылығы (туған аймағымен байланысты) (ең негізгі сферасы), яғни, тіршілік ету териториясы және оның құрамы;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz