Тоталитарлы саяси режим


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе.

1. Автолитарлық саяси режим.

2. Тотолитарлық саяси режим

3. Қорытынды.

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе:

Тоталитарлы саяси режим - ол мемлекеттің қоғам өмірінің барлық салаларына толықтай бақылау жасауы. «Тоталитаризм» терминін ең бірінші саяси лексиконға еңгізген итальяндық фашистер лидері Б. Муссолини. Ол 1925 жылы өз режиміне сипаттама бергенде осы терминді пайдаланған болатын. Осындай режим сондай-ақ Германияда, Испанияда, СССР-да және Руминияда т. б. елдерде болған. Әр елде өзіндік ерекшеліктерімен көрінсе де оның жалпы белгілері, мәні және мазмұны бар. Осындай белгілерге тоталитарлық режим кіреді:
- азаматтардың жаңаша ойлау және жаңа қоғам құруын жоққа шығаратын ресми идеология;
- билікке жалғыз бұқаралық партияның монополиясы, олигархиялық белгілері мен харизматикалық лидер жарияланған қоғам;
- террористік полицейлік бақылау жүйесі;
- барлық бұқаралық ақпарат құралдарына (радио, телевидение, газеты, журнал) партиялық бақылау;
- қарулы-әскери күшпен бақылау;
- экономикаға орталықтанған бақылау және экономикалық қызметті бюрократиялық басқару жүйесі;
- қоғамдық және индивидуальдық өмірдің барлық салаларына биліктің қадағалау орнатуы
- тұлғаның еркін ойлауы мен әрекеті болмайды;
- «Билік бұйырмағанның (рұқсат етпегеннің) барлығына тиым салынады» - деген принцип әрекет етеді;
Тоталитаризмнің негізгі белгілерін белгілі батыстық политологтар К. Фридрих, З. Бзежинский, Х. Арендт өз уақытында анықтаған. Белгілі Американдық зерттеуші З. Бзежинский тоталитарлық режимге келесідей «диагноз» қойды: егер елде осы аталған белгідердің бесеуі кездессе онда осы режим демократиялық жаққа көшпейді.
Тоталитарлық - ол индустриализация, модернизация дағдарысы кезеңіндегі қоғамның «реакциясы» мұндай кезеңде қоғам үлкен қиыншылыққа келеді: дәстүрлік құрылымдар бұзылады, адамдарда сезімнен айырылу, жалғыздық пайда болады.
Үстемдік жүргізетін - идеологияға соның саяси іс-әрекетінің мазмұнына әсер ететітіне қарай. Тоталитаризмді негізінен коммунизмге, фашизмге және ұлтшылды-социализмгебөледі. Жалпы түрінде 1918 жылы қалыптасқан тоталитаризмнің тарихи алғашқы түрі кеңес типіне жататын коммунизм болып табылады. Коммунистік тоталитаризм басқаларына қарағанда, яғни басқа идеологияларға тәртіптің негізгі түрін көрсетеді, өйткені ол жеке меншікті, әрбір жеке автономияны және мемлекеттің абсолюттік билігін

Авторитарлық саяси режим

Авторитарлық саяси режимнің оны тоталитаризм мен демократияның арасындағы аралық жағдайға қоятын өзіне ғана тән бірқатар ерекшелікті айырмашылықтары бар. Мысалы, тоталитаризм тәрізді авторитарлық саяси режим мемлекеттік органдардың шексіз билігімен ерекшеленеді, демократия сияқты авторитаризмге азаматтық қоғам саласының, экономикадағы жеке инициативаның, нарықтық бәсекелестіктің сақталуы тән.

Авторитарлық (латын тілінен autoritas - билік, ықпал) режим - бұл қоғамның мемлекеттік-саяси құрылымы, оның негізін қандай да бір топтың, бір адамның немесе институттың билікке деген монополиясы құрайды.

Авторитарлық саяси режим, әдетте, саяси күштердің қатал поляризациялануымен қатар жүріп, қоғамдық құрылысы ауысқан елдерде; ұзаққа созылған экономикалық және саяси дағдарыстары байқалып, оларды демократиялық құралдармен жеңу мүмкін болмайтын елдерде пайда болатынын тарихи тәжірибе көрсетіп отыр.

Авторитарлық саяси режим - тарихта кеңінен таралған құбылыс және ол алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Қазіргі әлемде авторитарлық режим Азия, Африка, Таяу және Орта Шығыс пен Латын Америкасы елдерінде неғұрлым кеңінен таралған.

Авторитарлық режимнің қазіргі елдердің көпшілігінде кеңінен таралуы және тұрақталуы авторитаризмнің қайнар көздерінің мәселелерінен гөрі, оның сақталуы мен ұдайы өндірілуінің себептері жөніндегі мәселені туындатады. Оған мыналар жатады: әлеуметтік өмір мен беделдің үйреншікті және тұрақты формаларына бағдар ұстаған қоғамның дәстүрлі типінің сақталуы; дамушы қоғамдардың әлеуметтік құрылымында клиентальды қатынастардың ұдайы өндірілуі; саяси жүйеге белсенді ықпал етуге халықтың бағыт-бағдарының жоқтығына тең басым болатын саяси мәдениеттің патриархалдық және азаматтық типтерінің сақталуы; халықтың саяси хабардарлығына діни нормалардың (ең алдымен исламның, буддизмнің, конфуциандықтың) елеулі ықпалы; экономикалық артта қалушылық; азаматтық қоғамның дамымауы; дамушы қоғамдардағы дау-жанжалдылықтың жоғары деңгейі.

Авторитарлық режимде қоғамдық өмір аз да болса еркін сипатта болатынын айта кеткен жөн. Мемлекеттің тарапынан қоғамдық өмірді басқару соншалықты жаппайлықпен жүргізілмейді, қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік, тұрмыстық-отбасылық, рухани салаларына қатал түрдегі ұйымдасқан бақылау қойылмайды, шектеулі түрде болса да оппозициялық партиялардың өмір сүруіне жол беріледі, азаматтық қоғамның әр түрлі институттары әрекет етеді. Авторитаризм қоғамға бір ғана идеологияны таңуға ұмтылмайды, саяси ойлауда, пікір айтуда және әрекет етуде шектеулі және бақылаулы плюрализмге пікір алуандылығына жол береді, оппозицияның өмір сүруіне келісім береді, әр түрлі саяси күштер режимге сәйкес келмейтін дүниетанымдық мақсаттарды ұстана алады.

Дегенмен мұндай салыстырулар авторитарлық саяси режимдердің айтарлықтай ортақ белгілері бар екендігін көрсетпейді. Авторитарлық саяси режимдерді анықтауда мемлекет, қоғам және тұлғаның қарым-қатынастарының сипаты, ортақ ерекше биліктің қалыптасуы мен оның қызмет етуінде қолданылатын әдістердің жиынтығы елеулі түрде маңызды болып табылады.

Авторитарлық саяси режимдердің ортақ ерекшелікті белгілеріне төмендегілер жатады:

Біріншіден, халықтың биліктен шеттетілуі. Бір ғана адам немесе бір топ, не болмаса мемлекеттің бір ғана органы билікті алып жүруші болып табылады. Бұл харизматикалық көшбасшы, монарх, әскери хунта, диктаторлар, популистік көшбасшылар және т. б. болуы мүмкін. Олар қоғамда шектеусіз және бақыланбайтын билік жүргізеді. Авторитарлық қоғам халық пен биліктің арасына үлкен алшақтық туындатады. Осы алшақтыққа көпір орнатудан мемлекет те, халық та қашқақтайды. Заңдар тұлғаның мүдделерін емес, көбіне-көп мемлекеттің мүдделерін қорғайды. Заң саласында «рұқсат етілмегеннің бәріне тыйым салынған» принципі әрекет етеді.

Екіншіден, бірыңғай міндетті идеология болмаса да, мемлекеттік идеология басымдық етеді. Авторитарлық көшбасшылар (тоталитарлыққа қарағанда) үлкен мақсаттарға жетудегі, мысалы, әлемді қайта құру сияқты ұмтылыстарға деген өздерінің іс-әрекеттерін дәлелдемейді. Олар қоғамның жойылу алдында тұрғандығын мәлімдеп, оны құтқарудың міндетін өз мойнына алатынын айтады, содан кейін, олар билікті беруге даярмыз деп жұртты сендіреді.

Үшіншіден, биліктің айқын бөлінуі болмайды. Мемлекеттік саясатқа бақылау жасауда парламенттің ролін және сот билігіне атқарушы биліктің ықпалын шектей отырып атқарушы билік және ішінара заң шығарушы билік мемлекет басшысының қолына айтарлықтай шоғырланады.

Төртіншіден, бағынбайтындарды көндіруге мәжбүрлеу үшін қажетті күшке сүйену. Дегенмен, аталмыш режим тоталитаризмдегі сияқты жаппай қуғын-сүргін мен террорға ұмтылмайды. Сонымен қатар, ол белсенділігі әсіресе оң нәтижелерге жеткізіп таңқалдыратындай болса, көпшілікке танымал болу ісін де пайдалана алады.

Бесіншіден, саясаттың монополиялануы. Барлық саяси іс-әрекет саяси биліктің ерекше қызметіне айналады. Соған сәйкес басқа барлық саясат субъектілерінің ымырасыздығына: ашық-агрессияшыл саяси оппозицияға, белсенді-күшті саяси партиялар мен басқа да қоғамдық ұйымдарға тыйым салынады. Жекелеген жағдайларда авторитаризмде кәсіподақтар мен оппозициялық саяси партиялардың санына шектеу қойылып, олар биліктің қатаң бақылауына алынады. Сонымен қатар, адалдықты сақтау үшін басқарушы режимге мемлекеттік саясат пен саяси қайраткерлердің кейбір кемшіліктерін сынауға рұқсат етіледі.

Алтыншыдан, қоғамға толық, жаппай бақылау орнатудан бас тарту. Авторитарлық режимнің неғұрлым дамыған түрі - «саясаттан басқаның бәріне рұқсат» принципіне негізделген. Билік жалпыға бірдей бақылауға іске аспайтын мін тағудан бас тартады және тек бірнеше мәселелерді: жеке қауіпсіздікті, ұлттық қорғанысты, қоғамдық тәртіпті, сыртқы саясатты ғана өзінің толық бақылауында қалдырады. Сондай-ақ, саяси билік әлеуметтік қамтамасыз етуді ұйымдастыруға және дамудың жалпы стратегиясын жасауға белсенді түрде араласады. Экономика, мәдениет, дін, жеке бастың өмірі мемлекеттік бақылаудан тысқары қалады.

Жетіншіден, басқарушы элитаның қалыптасуы демократиялық жолмен емес, жоғарыдан тағайындау арқылы жүреді. Нәтижесінде авторитарлық көшбасшының айналасындағылар жеке ұнамдылық пен көсемге берілгендік негізінде іріктеледі, ал олардың іскерлік сапасы мен қабілеті ескерілмейді.

Тоталитарлық саяси режим

Тоталитарлық саяси режим мемлекеттің, қоғамдық өмірдің барлық салаларына шексіз бақылау қоюға ұмтылуымен, адамның саяси билікке және үстемдік етуші идеологияға толық бағынуымен сипатталады. Мемлекет барлық қоғамды және нақты адамды жұтып жібереді. Осыған сәйкес билік, бір адам және басқарушы элита адамдарының санаулы топтары арқылы, әдетте барлық деңгейлерде жабық түрде қалыптасады. Тоталитаризм ХХ ғасырда пайда болған, ол диктатураның ерекше жаңа формасы.

Диктатура (лат. тілінен dictatura - «шексіз билік») - басқарылатындар тарапынан бақылау қойылмайтын, бір адамның немесе бір жетекші басшылық ететін адамдар тобының басқару тәртібі. Ол ертеде пайда болған және өзінің көрінуінің көптеген тарихи формалары болған. Диктатуралар іштей тұрақсыз болған режимдер, оларды тек диктатордың еркі ғана нығайтады. Диктатор құқыққа бағынбайды, халықтың алдында есеп бермейді және заңды өзінің мүддесіне қарай өзгертіп отырады.

Тоталитаризм диктатураның жаңа типі болып саналады[52], онда мемлекет пен идеология ерекше рөл атқарады.

«Тоталитаризм» ұғымы латынның «totalis» деген сөзінен шыққан, бүкіл, тұтас, толық дегенді білдіреді. Оны ХХ ғасырдың басында айналымға енгізген итальян фашизмінің идеологы Дж. Джентиле. Бұл түсінік алғаш рет 1925 ж. итальян парламентінде айтылды. Итальян фашизмінің жетекшісі Б. Муссолини оны саяси сөз қорына енгізді. Жаңа саяси режим ретінде Б. Муссолини тоталитаризмнің мәнін былайша тұжырымдады: «барлығы да мемлекетте, мемлекеттен тыс ештеңе жоқ, мемлекетке ештеңе қарсы емес». Кейінірек бұл ұғымды неміс және американ саясаттанушылары қолданды. Ф. Хайектің «Дорога к рабству» (1944), Х. Арендтің «Истоки тоталитаризма» (1951), К. Фридрихтың «Тоталитаризм» (1954), К. Фридрих пен З. Бзежинскийдің «Тоталитарная диктатура и автократия (1956), Р. Аронның «Демократия и тоталитаризм» (1958) атты еңбектерінде бұл құбылыстың тұжырымдамалық жағынан жете зерттелуіне қол жеткізілді.

Тоталитаризм тек ХХ ғасырда ғана шындыққа айналғанымен, оның идеялық қайнар көздері ежелден бастау алады. Көптеген тоталитарлық идеялар Шан Янның, Платонның, Т. Мордың, Т. Кампанелланың, Г. Бабефтың, Р. Оуэннің, А. Сен-Симонның, Ш. Фурьенің, Фихтенің, Гегельдің, Маркстің, Ницше және т. б. шығармаларында да болды. Алайда, саяси режим ретіндегі тоталитаризм идеялары тек ХХ ғасырда ғана кеңінен тарап, тәжірибеге енді. Тоталитарлық саяси режимнің пайда болуына ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы объективті процестер мүмкіндік берді. Тоталитаризмнің алғышарттары көп түрлі және қоғамдық өмірдің шаруашылық, саяси, әлеуметтік салаларынан шығады. Олардың негізінде дүниетанымдық алғышарттар мен психологиялық факторлар жатыр.

Адамзат қоғамы дамудың индустриалдық сатысына аяқ басуы жаппай көпшілік коммуникацияның тармақтанған жүйесін құруға себепші болды, тұлғаға идеологиялық және саяси бақылау жасаудың технологиялық мүмкіндіктері пайда болды. Индустриалдық еңбектің өскелең бөлінісі мен мамандандырылуы өмірдің дәстүрлі формаларын бұзды, тұлғаны нарықтың сұрапыл және бәсекелестік әлемі алдында қорғансыз етті. Әлеуметтік қатынастардың күрделенуі әмбебап реттеуіш және мүдделері сәйкес келмейтін индивидтердің өзара әрекетін ұйымдастырушы ретінде мемлекет рөлінің күшеюін талап етті. Тәжірибе көрсеткеніндей, тоталитарлық саяси режимдер, әдетте, төтенше жағдайлар: қоғамдағы үдей түскен тұрақсыздық; өмірдің барлық жақтарын қамтыған терең дағдарыс; ақырында, ел үшін өте маңызды стратегиялық міндеттердің шешілуінің қажеттігі барысында пайда болады.

Айта кеткен жөн, тоталитарлық саяси режимдер қалыптасуының объективті алғышарттары ХХ ғасырдың бірінші жартысында көптеген әлем елдерінде өмір сүрді. Бірақ, дәстүрлері берік, демократиялық мәдениеті дамыған жерлерде мемлекет тек азаматтық қоғамды ығыстыра түсті, дегенмен, оның институттары мен ұйымдарын жоймады, ол өзінің билігін монополиялауға ұмтылмады. 30-40-жылдардағы уақыттың үндеуіне терең демократиялық дәстүрлері бар қоғамның қалай жауап бергенінің жарқын мысалы АҚШ президенті Ф. Рузвельттің «жаңа бағыты» болып табылады. Қарама-қарсы реакция демократиялық дәстүрлер мен азаматтық қоғамның дамыған институттарына ие емес елдерде, Германия мен Ресейде (КСРО) болды. Нақ осы елдерде 30-40-жылдарда тоталитарлық саяси тәртіп орнықты. Тоталитарлық саяси режимнің қалыптасуы адамзатқа қайғы-қасірет әкелетіні белгілі.

Айта кету керек, тоталитарлық саяси режимнің іс жүзіндегі шарты - экономикалық және саяси биліктің арасына шек қою, индивидтің экономикалық еркіндігі болып табылатын азаматтық қоғам болмайды.

Тоталитаризмде меншік толығымен мемлекетке тиісті және оның қатал бақылауында болады. Бұл болмай қалмайтын билік монополиясын тудырады, сондай-ақ, саясат пен экономиканың тетіктері бір жерге біріктіріледі, сөйтіп, мемлекеттің мәжбүрлі жалпыға бірдей билігіне алып келеді. Тоталитарлық саяси режимнің қалған ерекше белгілерінің бәрі осыдан келіп шығады. Тарихтан белгілі дәстүрлі деспоттық режимдерге қарағанда тоталитарлық жүйе белгілі бір уақыт ағымында басқарушылар мен басқарылатындар арасында консенсус сақталатын ішкі бірлігімен ерекшеленеді.

Осыған байланысты тоталитарлық саяси режим пайда болған және дамыған елдердің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері болғанын атап айтқан жөн. Сонымен бірге, тоталитарлық саяси режимдердің барлық түрлеріне тән және оның мәнін көрсететін ортақ белгілер де бар. Олар мыналар:

1. Биліктің жоғарыда шоғырлануы, басқарушы аппараттың гипертрофиялануы, оның қоғам өмірінің барлық саңылауларына енуі. Тоталитарлық санада «билік пен қоғам» проблемасы болмайды: билік пен халық бірыңғай, бөлінбейтін тұтастық деп шамаланады. Мүлдем басқа проблемалар көкейтесті болады, нақты айтқанда: билік пен халықтың ішкі жауларға қарсы күресі, билік пен халық - дұшпандық сыртқы ортаға қарсы. Бұл қаншалықты парадоксальды болса да, тоталитарлық саяси тәртіп жағдайында биліктен шынайы қол үзген халық үкімет оның мүдделерін оның өзіне қарағанда терең әрі толық білдіреді деп сендіреді. Сөйтіп, экономикаға орталықтандырылған бақылау және экономикалық қызметті бюрократиялық басқару жүйесі жасалынады.

2. Тоталитарлық саяси режимдерге бір партиялық тән. Харизматикалық жетекші-көсем басқаратын бір ғана басқарушы партия өмір сүреді. Бұл партияның партиялық бастауыш ұйымдар желісі қоғамның барлық өндірістік-ұйымдық құрылымдарына енеді, сөйтіп бақылау жасай отырып олардың қызметін бағыттайды. Көпшілік үшін көсемге, оның ұсынған идеяларына деген соқыр сенім тән.

3. Биліктің бір қолға - автократияға барынша шоғырлануы билікті бөлу принципін жояды. Заң шығарушы және атқарушы билік бір құрылымға шоғырланады, тәуелсіз сот билігі деген мүлдем болмайды. Сот билігі партиялық-мемлекеттік машинаның мүдделеріне қызмет ететін малайдың рөліне дейін жеткізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Демократиялык саяси режим
Саяси жүйенің түрлері
Саяси режимдердің ерекшеліктері
Тоталитарлы саяси режим және авторитарлы саяси жүйе
Басқару нысаны ретінде
Саяси режим мемлекет нысаны ерекше түрі ретінде
Саяси режим түсінігі
Саяси жүйелер мен режимдердің жіктелуі
«ХХ ғасырдағы тоталитарлы саяси режимдер»
Тоталитарлы саяси жүйе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz