Иондаушы сәуле шығару


Жоспар:
I Кіріспе . . . 1
II Негізгі бөлім . . . 2
1) Иондаушы сәуле шығару мен олардың адам ағзасына әсері . . . 4
2) Сәулелі аурудың даму кезеңдері мен алғашқы белгілері . . . 5
3) Ластанған аймақтағы сәулелі ауру кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету . . . 6
III Қорытынды . . . 7
IV Пайдаланылған әдебиеттер . . . 8
I Кіріспе
Адам ағзасына басты қауіптің бірі, радиоактивті заттардың адам ағзасына ауамен, су және тамақпен ішке кіруі және сыртқы сәулелендіру. Қорғау тәсілдерін сақтамаған жағдайда сәулелі ауруды туғызатын сәулелендіру көзі, атомды және сутекті бомбалардың жарылуы, рентген аппараты, циклотрондар, атомды реакторлар, радиоактивті заттар болып табылады. Түрлі сәулелену түрлері олардың ену қабілеттілігінің ерекшеліктеріне және жеңіл элементтер негізінде құралатын тірі нәрселердің ағзалары мен ұлпаларына энергияның берілу сипатына байланысты әр түрлі биологиялық тиімділігімен сипататалады сілдерін сақтамаған жағдайда сәулелі ауруды туғызатын сәулелендіру көзі, атомды және сутекті бомбалардың жарылуы, рентген аппараты, циклотрондар, атомды реакторлар, радиоактивті заттар болып табылады. Сәулелік зақымдаулар ЯҚ(ядролық қару) қолданған және ағзаның ішкі ортасына радионуклидтердің енуі мен сыртқы сәулеленудің нәтижесінде радиационды объектілерде техногенді авариялар салдары болуы мүмкін. Осы кезде туындайды:
1. Сырттан сәулелену салдарынан сәулелі зақымдалуы:
- жалпы сәулелену салдарынан зақымдалу;
- Сыртқы сәулеленуден жергілікті сәулелі зақымдалу
2. Радионуклидтермен дене бетінің сырттай зақымдалу
3. Ішкі радиоактивті зақымдалу
Сыртқы сәулелену салдарынан сәулелі зақымдалу.
Сырттан сәулелену кезінде сәулелену көзі сәулеленген объектілерден қашықтықта орналасады. Сыртқы сәулелену нәтижесінде жалпы және жергілікті сәулелі зақымдалу болып табылады. Сыртқы сәулеленуден сәулелі зақымдалудың ағымының ерекешілігі сәулелену түрі, мөлшерімен, сіңірілген мөлшерінің дене көлеміндегі таралуымен және уақытпен анықталады.
Сыртқы сәулеленуден зақымдалудың ажыратылуы
Сәулелі зақымдалудың әсер етуіне байланысты:
-Гамма немесе рентген сәулелерден
-Нейтрон сәулелерден
-Бета сәулелерден
Иондаушы сәуле шығару мен олардың адам ағзасына әсері:
Реактивті сәулеленуді қолданудың алғашқы қадамынан бастапиондаушы радиацияның тірі ағзаға әсерін білу дүние жүзілік қоғамды қызықтырды. Бұл кенеттен болған жоқ, себебі зерттеушілер басынан бастап реактивті сәулеленудің теріс әсерін байқаған. 1895 жылы рентгеннің көмекшісі В. Груббе рентген сәулелері мен жұмыс жасағанында қолдары радиациялық күйікке ұшыраған, ал Француз оқымыстысы А. Беккерель (радиоактивтілікті ашқан) радийдің сәулеленуінен терісін ауыр күйікке шалдықтырған. Әлемге белгілі Мария Складовская-Кюри сәулелік аурудан қайтыс болған, қазірге дейін оның бейіті сәуле өткізеді. 20 жылдың соңында дүние жүзіндегі мамандар халықаралық радиациялық қорғаныс комиссиясын ұйымдастырды, оның қызметі радиоактивті заттармен жұмыс істеу ережелерін өндеп дамыту. Халықаралық Радиациялық Қорғаныс комиссиясы (ХРҚ) кезеңінің ұсынысын қолдана отырып комиссия мамандары «ядролық державалық» ұлттық нормативтерді дамытты. Ультра күлгін, көрінетін және инфрақызыл сәулелер ядролық жарылыстың жарық сәулесін құрайды, табиғатында электромагниттік сәулелену болып табылады. Адам жанарының ультракүлгін және инфрақызыл сәулелерді көру қабілеті жоқтығынан жарқыл шардың өсу және сөну мерзімдерін көрмейді, алайда ол адамның көзін осы кезде де зақымдауы мүмкін. Қысқаша айтканда, адам ядролық жарылыстың басталған алғашқы сәтін біле алмайды.
Жарық сәулесі жан-жаққа түзу бағытпен тарайды, мөлдір емес заттардан өтпейді. Жарқыл шардың жарық сәуле шашу уақыты (І, с) мен бомбаның қуаты (я, кт) арасында эмпирикалық байланысы байқалады t=. Әуедегі және жер үстіндегі жарлыстардың сәуле шашу уақыты сонда: q=1 млн. т. - t=10 с; q= 10 мың. т. - t=2, 2 с. Соққы толқынымен жэне өткіш радиациямен салыстырғанда жарық сәулесі едэуір қашықтыққа әсер көрсетеді, оның негізгі көрсеткіші болып жарық күші (жарық импульсі) саналады.
Жарық күші Дж/м 2 бірлігімен өлшеніп, сәуле таралу бағытына қарама қарсы перпендикуляр күйінде жайғасқан бір шаршы метр (1м 2 ) бетіне жарқырау уақытты бойынша түскен жарық энергиясының мөлшерін көрсетеді. Оның басқаша алынған бірлік өлшемі 1 кал/см 2 , анықтау үшін 1кал/см 2 =4, 18 10 4 Дж/м 2 (1 каллория-судың 1 г мөлшерін 19, 5°С-тан 20, 5°С-қа дейін көтеру үшін қажет энергиясы) . Ауа райы ашық, ауасы мөлдір күндерде 1 млн. тонналық бомба жарылысында жарылыс орталығынан 17 км қашықтықта жарық күші шамада 240 кДж/м 2 тең (эуедегі жарылыс үшін) . 100 мың т. бомба жарылысы үшін бұл көрсеткіштер 6 км қашықта болады.
Жарықтың сәуле шығару ауқымы жарылыстың қуаты мен биіктігіне және атмосфералық жағдайларға байланысты болады, оның әсерінен қатты қирау және орташа қирау зоналарда тұтас жаппай, ал жеңіл қирау зонасында жекелеген өрт пайда болуы мүмкін. Толық қирау зонасында барлық нәрсе қирап, ұшатындары ұшырылып кеткендіктен өрт болмайды да, бірақ қатты түтіндейді. Тұтас жаппай өрт аумағында өрт дауылы көтеріледі; жанып жатқан өлкеге жан жақтан 50-60 км/сағ. жылдамдықпен ауа ұмтылып өртті одан әрі өрістетеді.
Әсіресе бүл маңайда орналасқан жанар, жағар майлардың қоймалары тағы да басқа женіл от алдыратын заттар болса, олар өртті мүлде күшейте түседі. Жекеленген өрт алған территорияда қалың түтін, көміртек қышқыл төтығы және басқа да улы газдар басып кетеді.
Жарық сәулесі адамдардың денесін күйдіріп жанарын зақымдайды. Қуаты 1 млн. т. жарылыста ауа мөлдірлігі орташадай жағдайда 7 км қашықтықта адам денесі бірінші дәрежелі күйікке шалдығады (жарық күші 3 кал/см 2 ) .
Бірінші дәрежелі күйікте терінің беті қызарып ісінеді, сыздап ауырады; екінші дәрежлі күйік шамада 6 км қашықтықта пайда болады (4-10 кал/см 2 ), тері күлдіреп, талауратады; 4-5 км қашықтықта үшінші дәрежелі күйік өзін теріні жансызданып, ойық жара пайда болуымен білдіртеді. Бұл жерде жарық күші 10-15 кал/см 2 . Бұл бірнеше секунд уақыт мерзімге сығымдалған ашық ауа райында күн сәулесі жер бетінің эр см 2 10 минут аралғында төгілген энергиясымен тең.
Көзді зақымдауда жарық сәулесі үш түрлі әсер білдіреді: бірнеше минуттай уақытша көрмей қалу - бұл жарықтың ауытпалығына байланысты, әсіресе ымырт не түнгі кезеңде - жанары орнына өздігінен қайта оралады; алыс қашықтықтағы жарылысқа тіке қараудан болатын қабақтын көз шарасының көздің торлы қабағының күюі.
Жарық сәулесінен өрістеген өрт салдарынан да адамдар әр-түрлі дәрежелі күйіктерге шалдығады.
Оған қосымша өрттер аумағында оттегі жетіспегендіктен, көміртек қышқылымен уланғандықтан және ауаның ыстығынан адамдар ауыр жағдайға ұшырайды. Аздап бұзылған қорғаныс паналарында да бұл нәрселер орын алады деп күтілуде.
Ядролық жарылыс кезеңінде атмосферада қуаты мол электромагниттік өрістері туындайды екен, олардың толқын ұзындығы 1 метрден 1000 метрге дейін болады. Аз уақыт мөлшерінде болғандықтан бүл өрістерді жалпы есебінде электромагниттік импульсі (ЭМИ) деп таниды.
Сәулелі аурудың даму кезеңдері мен алғашқы белгілері.
Сәулелі ауру - бүкіл ағзаға немесе оның бөлімдеріне радиоактивті сәулелендірудің (ішкі және сыртқы) көп мөлшерде әсер етуінен пайда болған адамдар мен жануарлардың жалпы ауруы, нервті-дистрофиялық процесстермен, көптеген симптомдармен және ауру ағымының кезеңдігімен сипатталады.
Адам денесін бірреттік сыртқы біркелкі сәулелендіру мөлшеріне байланысты жедел сәуле ауруының 4 ауырлық деңгейін ажыратады:
Жеңіл - сәулелену мөлшері 100-200 Р (1-2 Гр) .
Орташа ауырлықта - сәулелену мөлшері 200-400 Р (2-4 Гр) .
Ауыр - сәулелену мөлшері 400-600 Р (4-6 Гр) .
Өте ауыр - сәулелену мөлшері 600 Р жоғары (6 Гр) .
Жедел сәуле ауруының ағымын төрт кезеңге ажыратады:
біріншілік сәуле реакциясы;
көрінбейтін (инкубациялы) ;
айқындалған клиникалық белгілері (аурудың шыңы) ;
айығу (ауру соңы) .
Сәуле ауруы дамуының төрт кезеңі бар.
Біріншіі кезең - алғашқы реакция кезеңі - алынған сәуле дозасына байланысты орталық нерв, жүрек-қан тамыр жүйелерінің қызметтерің өзгеруімен қатар, қан құрамында уақытша ақ түйіршіктер көбейіп, СОЭ арта түседі. Өте көп иондаушы сәуленің дозасы шок туғызып, соның салдарынан адам есін жимай өліп кетуі мүмкін. Аурудың алғашқы белгісі 1-2 сағаттан соң байқалып 48 сағатқа дейін созылады. Содан соң екінші сәуле ауруы кезеңі басталады.
Екінші кезең - аурудың білінбейтін кезеңі - екі аптаға дейін созылады. Клиникалық көрініс азды-көпті жөнделіп қан құрамы қалпына келеді.
Үшінші кезең тұсында -- адамның жалпы жағдайы әлсірейді, қанталауы айқындалып, сүйек майының қан түзетін қызметі төмендейді. Ауру асқынғанда ішек-қарын жолы ағзаларының қызметі де ерекше зақымдалады: лоқсу, құсу жиіленеді. Ауыз қуыс кілегей қабығында желіну, жара және ісік пайда болады. Ішкі бездер қызметі төмендеп, ағзаның реакция туғызу қабілеті нашарлайды. Жалпы әлсіздік басталып, инфекция ошақтарының белсенділігі артады.
Төртінші кезеңде - алынған сәуле дозасы онша көп болмаса, ағза айыға бастайды. Болмаса сырқаттың созылмалы түріне ауысады.
Ластанған аймақтағы сәулелі ауру кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету.
Ластану аймағында (1200 рад, 240 рад/сағ) адамдар баспаналарда 3 тәулік болу керек, содан кейін тұрғын үйге ауысып 4 тәуліктен көп болу керек. Қатты ластану аймағында (400 рад, 80 рад/сағ) баспанада 3 тәулікке дейін болу керек, тәулігіне 3-4 сағат қажет кезде шығуға болады. Бұл кезде тері мен дем алу мүшелерін қорғайтын заттар қолдану керек. Орташа ластану аймағында (40 рад 8 рад/сағ) халық бірнеше сағатқа баспанада болады, кейін тұрғын үйлерге көшуіне болады. Үйден бірінші тәуліктерде 4 сағаттан кейін шығуға болады. Барлық жағдайда жеке қорғау заттарын қолдану керек. Радиациялық зақымданудың алдын-алу шаралары жеке дәрі-қобдишасының ішіндегі заттармен жүргізіледі. Аймақта радиация деңгейі жоғары болғанда, радиациялық зақымдану қаупі болғандықтан бірінші медициналық көмек көрсету мүмкін емес, сондықтан өз-өзіне және бір-біріне көмек көрсетудің маңызы зор. Радиоактивті заттармен ластанған аймақта су ішуге, тамақ жеуге және жерге жатуға болмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz